Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»



бет1/6
Дата12.06.2016
өлшемі4.28 Mb.
#130605
  1   2   3   4   5   6
Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 Бұйрығы

 

«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағы 15 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса берілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Қилыбай Н.И.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

 

 


Министр

Б. Камалиев

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің

2011 жылғы 18 сәуірдегі

№ 209 бұйрығымен

бекітілген

 

 



Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы

нұсқаулық

 

 



1. Жалпы ереже

 

§ 1. Кіріспе

 

1. Осы Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар бұйрықтар мен нұсқауларды беруге қажет, көрінетін сигналдарды және дыбыстық сигналдарды, сондай-ақ ол сигналдар берілетін сигналдық аспаптардың түрлерін белгілейді.



2. Сигнализация туралы нұсқаулықпен белгіленген сигналдар талаптарын орындау поездар қозғалысының және маневрлік жұмыстың үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

3. Темір жол көлігіндегі сигнализацияға жататын барлық нұсқаулықтар мен басқа нұсқаулар осы Нұсқаулықтың талаптарына қатаң сәйкес келуі керек.

 

 

§ 2. Сигналдар



 

4. Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ поездар қозғалысын және маневрлік жұмысты мүлтіксіз ұйымдастыру үшін қызмет етеді.

5. Қабылдау тәсілі бойынша сигналдар көрінетін және дыбыстық болып бөлінеді.

 

 



§ 3. Көрінетін сигналдар

 

6. Көрінетін сигналдар сигналдық көрсеткіштердің түсімен, формасымен, жай-күйімен және санымен белгіленеді. Бағдаршамдар, дискілер, қалқандар, фонарлар, жалаушалар, сигналдық көрсеткіштер мен сигналдық белгілер көрінетін сигналдарды беру үшін қызмет етеді.



7. Көрінетін сигналдар оларды қолдану уақыты бойынша мыналарға бөлінеді:

1) тәуліктің жарық уақытында берілетін күндізгі сигналдар: мұндай сигналдарды беру үшін дискілер, қалқандар, жалаушалар, сигналдық көрсеткіштер (бағыттамалық, жолды бөгеу, лақтырып тастау құрылғылары мен гидравликалық бағандар) пайдаланылады;

2) тәуліктің қараңғы уақытында берілетін түнгі сигналдар: мұндай сигналдар ретінде қол және поезд фонарларында орнатылған түрлі-түсті оттар, сырықтарға бекітілген фонарлар мен сигналдық көрсеткіштер пайдаланылады;

түнгі сигналдар күндізгі уақытта күндізгі тоқтату сигналдарының көрінуі 1000 м-ден, жылдамдықты төмендету сигналдарының көрінуі - 400 м-ден, маневрлік сигналдардың көрінуі - 200 м-ден кем болатын тұман, боран және басқа қолайсыз ауа райында қолданылуы тиіс;

3) тәулік бойы, тәуліктің жарық уақытында, қараңғы уақытында бірдей қолданылатын сигналдар; мұндай сигналдар ретінде түрлі-түсті бағдаршамдардың оттары, маршруттық және басқа жарықтық сигналдар, көрсеткіштер, жылдамдықтың кемуін көрсететін тұрақты дискілер, сары түсті (сырт жағы жасыл түс), квадрат қалқаншалар жүк поезының соңын көрсетуге арналған жарық шағылдырғышы бар қызыл дискілер, сигналдық көрсеткіштер және белгілер.

4) тоннельдерде тек түнгі немесе тәуліктік сигналдар қолданылады.

 

 

§ 4. Дыбыс сигналдары



 

8. Дыбыс сигналдары дыбыстар санымен және ұзақтығы әртүрлі дыбыстар қосылысымен беріледі. Олардың күндізгі және түнгі мәні бірдей.

9. Дыбыс сигналдарын беру үшін локомотивтердің, моторвагонды поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ысқырықтары, қол ысқырықтары, үрлеу сырнайлары, сиреналар, гуілдер, петардалар қолданылады.

10. Петарданың жарылысы кідіріссіз тоқтауды талап етеді.

 

 

2. Бағдаршамдар



 

§ 1. Бағдаршамдардың түрлері

 

11. Бағдаршамдар мақсаты бойынша былай бөлінеді:



1) кіру - поезға аралықтан станцияға кіру үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

2) шығу - поезға станциядан аралыққа аттану үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

3) дөңестік - вагондарды дөңестен тарату үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

4) бөгегіш - темір жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылыстарда және опырылатын жерлерде қозғалыс үшін қауіп туған жағдайда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды қарау және жөндеу үшін құрамдарды қоршау кезінде тоқтатуды талап етуге арналған;

5) локомотивтік - поезға аралық бойынша бір блок - учаскеден екінші блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткіші туралы ескертуге арналған;

6) маневрлік - маневрлерді жүргізу үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

7) маршруттық - поезға станцияның бір ауданынан екінші ауданына жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

8) қайталағыш - шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететін көрсеткіші және дөңестік бағдаршамның көрсеткіші туралы хабарлау үшін, жергілікті жағдайлар бойынша негізгі бағдаршамның көрсетуі қамтамасыз етілмеген жағдайда;

9) ескерту - (кіру, шығу, бөгегіш және бүркемелеу) негізгі бағдаршамның көрсеткіші туралы ескертуге арналған;

10) бүркемелеу - теміржол жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен қиылысу орындарын, ажыратылатын көпірлерді, жолсерікпен өтілетін учаскелерді қоршауға арналған;

11) өту - поезға бір блок-учаскеден екіншісіне (қосын арасындағы аралыққа) жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

Бір бағдаршам бірнеше міндетті (кіру және шығу, шығу және маневрлік, шығу және маршруттық және бөгегіш) қоса атқаруы мүмкін.

12. Бағдаршамдар мынадай болып бөлінеді: осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес линзалық және прожекторлық, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес олар діңгектік, аласа болып бөлінеді және мінбелер мен консольдарға орнатылады.

Бағдаршамдарда мынадай сигнальдық оттар қолданылады: бірқалыпты жанатын, бірқалыпты жанбайтын, жыпықтамайтын және жыпықтайтын (периодты түрде жанатын және өшетін).

Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамының бірқалыпты жанбайтын сигналдық оттары жылжымалы құрам блок - учаскеге кірген кезде жанады да, жылжымалы құрам бұл блок - учаскеден шыққаннан кейін сөнеді.

Автобұғаттаудың өту бағдаршамдары цифрлармен, қалғандары әріптермен немесе әріп және цифрлармен белгіленеді.

13. Бағдаршамдармен (орнатылған жеріне және олардың мақсаттарына байланыссыз) берілетін сигналдардың негізгі мәндері мынадай:

бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі»,

бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам ашық және ол кеміген жылдамдықпен жүруді талап етеді»;

бір сары от - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық»;

екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - «Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады; келесі бағдаршам ашық»;

екі сары от - «Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен және келесі бағдаршамда тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады»;

бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүріп өтуге тыйым салынады».

 

 



§ 2. Кіру бағдаршамдары

 

14. Кіру бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:



1) бір жасыл от - «Поезға белгіленген жылдамдықпен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық осы нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес;

2) бір сары жыпықтайтын от - «Поезға белгіленген жылдамдықпен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оның кеміген жылдамдықпен жүруін талап етеді» осы нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес;

3) бір сары от - «Поезға тоқтауға дайындығымен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық» осы нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес;

4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - «Поезға бүйірлік жолмен кеміген жылдамдықпен станцияға қарай жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық» осы нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес;

5) екі сары от - «Поезға кеміген жылдамдықпен және тоқтау дайындығымен бүйірлік жолға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес;

6) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес;

Екі жолды (көп жолды) аралықтың дұрыс емес жолынан поездарды станцияға қабылдау үшін кіру бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

екі сары от - «Поезға кеміген жылдамдықпен және келесі шығу (маршруттық) бағдаршамында немесе шектік бағаншада тоқтау дайындығымен станцияға жүруге рұқсат етіледі;

бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады».

15. Көлбеу маркалы айқаспалары бар бағыттамалы бұрмалар бойынша бүйірлік жолға поездарды қабылдау кезінде кіру және маршруттық бағдаршамдарда мынадай сигналдар қолданылады:

1) бір жасыл жыпықтайтын және бір сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - «Поезға станцияның бүйірлік жолына 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуды талап етіледі» осы нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес;

2) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды және бір жасыл жарқырайтын жолақ - «Поезға станцияның бүйірлік жолымен 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кеміген жылдамдықпен қозғалуды талап етеді осы нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес, екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - «Поезға станцияның бүйірлік жолымен, 60 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен, тоқтауға дайындықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес.

Кіру және маршруттық бағдаршамдарда бір жасыл жыпықтайтын от сигналы қолданылуы мүмкін - «Поезға станцияның басты жолы бойынша белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және 60 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуды талап етеді осы нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес;

3) екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - «Поезға 120 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен станцияның бүйірлік жолымен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам ашық және оны белгіленген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етеді» осы нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес;

Жекелеген станцияларда кіру және маршруттық бағдаршамдарда үш сары от сигналы қолданылуы мүмкін - «Моторвагонды поезға, жеке локомотивке, мототартқышқа, дрезинаға қызыл от жанып тұрған маршруттық бағдаршамға дейін жолдың бос учаскесіне ерекше мұқияттылықпен және 20 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі»; бір жыпықтайтын және бір сары от пен екі жасыл жарқырайтын жолақтар қолданылуы мүмкін - «Поезға станцияның бүйірлік жолымен 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кеміген жылдамдықпен қозғалуды талап етеді осы нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес.

 

 



§ 3. Шақыру сигналы

 

16. Шақыру сигналы - ай тәрізді ақ, жыпықтайтын от, ол ерекше мұқияттылықпен 20 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен және егер ары қарай қозғалуға кедергі кездескен жағдайда, дереу тоқтау дайындығымен поезға қызыл от жанып тұрған (немесе сөнген) бағдаршам арқылы жүріп өтуге және келесі бағдаршамға (немесе шығу бағдаршамы жоқ жолға қабылдағанда, шектік бағанға дейін) дейін жүруге рұқсат етеді осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес. Бұл сигнал кіру, сондай-ақ маршруттық және шығу бағдаршамдарында (топтықтан басқа) қолданылады.



17. Автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды аралықтың дұрыс жолы бойынша ғана шығу бағдаршамының шақыру сигналы бойынша жөнелуге рұқсат етіледі.

 

 



§ 4. Шығу және маршруттық бағдаршамдары

 

18. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:



1) бір жасыл от - «Поезға станциядан аттануға және белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; алда екі немесе одан көп блок-учаскелер бос» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес;

2) бір сары от - «Поезға станциядан аттануға және тоқтау дайындығымен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес;

4) екі сары от - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес;.

5) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес;

19. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен көлбеу маркалы айқаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша ауытқуы бар поездарды жөнелту кезінде мынадай сигналдар беріледі:

1) жыпықтайтын бір жасыл және бір сары от пен бір жасыл жарқырайтын жолақ - «Поезға станциядан 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам ашық» осы нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес;

2) екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - «Поезға станциядан 60 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес.

20. Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

1) бір жасыл от - «Поезға станциядан белгіленген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық ашық» осы нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес;

2) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес;

3) екі сары от - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос» осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;

4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос, келесі станцияның кіру бағдаршамы ашық» осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес;

21. Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

1) бір жасыл және ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда екі немесе одан аса блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес;

2) бір сары және ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда бір блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес;

3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;

22. Жолдық бұғаттаумен жабдықталған тармақталу болған жағдайда, жолдық бұғаттаумен жабдықталған көп жолды учаскелердегі және екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды учаскелердегі поезд жөнелтілетін жолды көрсету үшін шығу бағдаршамының оттары қажет жағдайларда маршруттық көрсеткіштің тиісті көрсетуімен толықтырылады.

Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде дұрыс емес жол бойынша жөнелту кезінде маршруттық көрсеткіштерді немесе екі жасыл от сигналын қолдану міндетті.

Маршруттық көрсеткіш жоқ болған жағдайда, поезды тармаққа немесе екі жақты автобұғаттау кезінде дұрыс емес жол бойынша аттануға рұқсат ету шығу бағдаршамындағы екі жасыл от сигналымен берілуі мүмкін, ол автобұғаттау кезінде кемінде екі блок-учаскенің бос екендігін көрсетеді, ал жартылай автобұғаттау кезінде - аралықтың келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос екендігін көрсетеді 21-қосымшасына сәйкес.

Дұрыс жол бойынша қозғалыс автобұғаттау сигналдары бойынша, ал дұрыс емес жол бойынша қозғалыс локомотивтік бағдаршам көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылатын екі жолды учаскелерде, сондай-ақ сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған екі жолды учаскелерде станциядан дұрыс емес жолға жөнелтілер кезінде мынадай сигналдар беріледі:

бір сары жыпықтайтын және бір ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан 40 км/сағ-тан аспайтын кеміген жылдамдықпен аттануға және ары қарай локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша дұрыс емес жол бойынша жүруге рұқсат етеді» осы нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес.

23. Шығу бағдаршамдары бар станцияларда жолдық бұғаттаумен жабдықталмаған тармақталған жолдар болған жағдайда, жөнелту маршрутының тармақталуға дайындығы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ отымен көрсетіледі; поездар машинистке асатаяқ немесе жолдық жазба беру арқылы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ оты және сөндірілген қызыл оты кезінде тармақталған жолға аттанады осы нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес.

24. Маршруттық бағдаршамдармен олардың орнатылу орындарына байланысты мынадай сигналдар беріледі:

1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»;

2) бір сары от - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық»;

3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;

4) бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді»;

5) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайтын - «Кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»;

6) екі сары от - «Станцияда тоқтау дайындығымен және кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық»;

 

 

§ 5. Өту бағдаршамдары



 

25. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; алда екі немесе одан көп блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес;

2) бір сары от - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етеді; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес;

3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 26-қосымшасына сәйкес;

26. Төрт мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде басты жол бойынша өту, кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

1) бір жасыл от - «алда үш немесе одан көп блок-учаске бос»;

2) бір сары және бір жасыл от - «алда екі блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 27-қосымшасына сәйкес;

3) бір сары от - «алда бір блок-учаске бос»;

4) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;

27. Үш мәнді немесе төрт мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде кіру (кіру алдында) бағдаршамдарының алдында орналасқан өту бағдаршамдарында бұдан басқа мынадай сигналдар беріледі:

1) бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады» осы нұсқаулықтың 28-қосымшасына сәйкес;

2) бір жасыл жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады» осы нұсқаулықтың 28-қосымшасына сәйкес.

Станцияның бүйірлік жолына 120 км/сағ жылдамдықпен жүруге рұқсат беретін бағыттамалы бұрма арқылы жүргенде, кіру алдындағы бағдаршамда да бір жасыл жыпықтайтын от беріледі» осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес;

Кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршам діңгегінде шағылдырғышы бар хабарландыру тақтайшасы орнатылады осы нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес.

Локомотивтік бағдаршам сигналдары бойынша қозғалыс жүзеге асырылатын дұрыс емес жол бойындағы кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршам үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршамдар беретін сигналдарды береді.

28. Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос»

бір қызыл от - осы нұсқаулықтың 30-қосымшасына сәйкес «Сигналды басып өту рұқсат етілмейді».

29. Басты жолдағы ұзындығы талап етілетін тежегіш жолдан кіші блок-учаскені бөгейтін, үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі бағдаршамда (кіру, маршруттық, шығу немесе өту) екі вертикаль жебе түріндегі ақ түсті жарық көрсеткіш орнатылады осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес, ал ол бағдаршамға ескертетін бағдаршамда - бір жебе түріндегі сондай көрсеткіш орнатылады осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес.

 

 

§ 6. Бүркемелегіш және бөгегіш бағдаршамдар



 

30. Бүркемелегіш бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі:

1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беріледі.;

2) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»;

31. Бөгегіш бағдаршамдармен бір қызыл от сигналы беріледі:

«Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 31-қосымшасына сәйкес.

Бөгегіш бағдаршамдардың алдындағы ескерту бағдаршамдарымен бір сары от сигналы беріледі: «Тоқтау дайындығымен қозғалысқа рұқсат беріледі, негізгі бөгегіш бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 31-қосымшасына сәйкес.

Бөгегіш бағдаршамдардың және оған ескерту бағдаршамдарының қалыпты сигналдары жанбайды осы нұсқаулықтың 31-қосымшасына сәйкес және бұл жағдайда бағдаршамдардың сигналдық мәні болмайды. Бұл бағдаршамдардың діңгектерінің ерекшелік түсі болады - кезектесіп келетін қара және ақ еңіс жолақтар.

Жылжымалы құрамның шығуын басқаратын құрал сигналдық белгісі - бір қызыл от өту немесе кіру бағдаршамындағы қызыл отпен бір уақытта - «Поездың бірқалыпты тоқтауы үшін қызметтік тежеуіне тез арада шара қабылдау» осы нұсқаулықтың 32-қосымшасына сәйкес.

Өту немесе кіру бағдаршамындағы мачталарында ромб пішіндес формада орнатылады. Бөгегіш қалпақшаның қалыпты сигналдық оты жанбайды және бұл қалпында сигналдық маңызы жоқ.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет