Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет67/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129
388-қосымшасында талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3663. Электр жабдықты сығылған газдарға арналған құбырлар, баллондарға және мұнай өнімдерінің цистерналарына жерлендіруге тыйым салынады.

3664. Көтергіш басқарушы рубканың корпусы басқарушы рубкаға келтіретін қалған сымдардан бөлек төселген иілмелі мыс сымдарға қондырылуы тиіс. Егер найзағай ұстағыш басқарушы рубкада қондырылса, бұл қорғаушы жерлендіргіш бір жолы найзағай қайтарғыш құрылғының құрамды бөлігі болуы мүмкін.

3665. Жерлендіруді статикалық электрді алу үшін көлденең қажет.



 

 

355. Кеменің радиоқабылдағыш құрылғыларын электр кедергілерден қорғау



 

3666. Электр құралдар тудыратын кедергілер кеме корпусы сыртындағы аймақта таралуы немесе радиожабдық қорек тізбегіне туралауы мүмкін болса, онда бұл құрылғылар осындай кедергілердің оның шығысының осы Қағиданың 389-қосымшасында көмегімен анықталатын мәнге дейін кернеуді азайтатын қорғаушы құралдармен жабдықталуы тиіс.

3667. Кемелік, радиобайланыс және радионавигация құрылғыларының жабдықтары қондырылған бөлмелерде, сондай-ақ металды палуба мен қондырма антенналарынан бөлінген жоғарғы палубалар мен қондырмалар үзілмейтін аралық оплеткалары болуы тиіс. Тілдесу байланыстарының барлық телефонды және басқа кабельдері, бөлек телефондардың соңғы тізбектерінен басқалары аралықты болуы тиіс.

3668. Магнитті компастарға жақын салынған кабельдер оларға әсер етуі және магнитті компастар көрсеткіштерінің бұрмалауы болмауы тиіс.

3669. Тоқ пен кернеудің барлық импульстерін келтіретін кабельдер (мысалы, эхолоттар тізбегінің кабельдері және с.с.) металды түтіктерде басқа кабельдерден бөлек салынуы тиіс.

 

 

356. Электр жабдықты орналастыру



 

3670. Электр жабдық басқару органдары мен қызмет көрсету, жөндеу және ауыстырудың барлық бөліктеріне ыңғайлы рұқсат етілуді қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы тиіс.

3671. Электр жабдық, электр жабдық рұқсат етілген температурадан жоғары қыздырылуы тиіс жылу көзіне жақын орнатылмауы тиіс.

3672. Ауамен салқындатылатын электр жабдық салқындатқыш ауасы ауасы оқшаулауға зиянды әсер ететін заттармен ластануы мүмкін льялдан немесе басқа орындардан шықпайтындай етіп орналасуы тиіс.

3673. Дірілдер мен солқылдаулардан зақымданған орындарда орнатылған электр жабдықта осы жағдайларда оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін конструкциясы болуы және амортизаторларда орнатылуы тиіс.

3674. Электр жабдық бекіту тәсілі палуба, аралық беріктілігін төмендетпейтіндей етіп және олардың өткізбеушілігін бұзбайтындай етіп бекітілуі тиіс.

3675. Кернеу астында жатқан электр жабдықтың ашық бөліктері қорғалмаған жанатын материалдардан горизанталь бойынша 300 мм және тік 1200 мм жақын орналаспауы тиіс.

3676. Кернеуі 500 В аса электр жабдық арнайы электр бөлмелерде орнатуы тиіс. Негізделген жағдайларда, кернеуі 500 В аса электр жабдықты тек кернеу алынып тасталған кезде тоқ жүргізгіш бөліктерге кіруін қамтамасыз ету немесе арнайы құралды қолдану шартымен арнайы электр бөлмелерден тыс бөлмелерде орнатылуы мүмкін. Кернеуі 500 В аса электрлі бөлмелердің есіктері және электр жабдықтың қақпақтары кернеу мәнін көрсететін сақтандыру жазуларымен жабдықталуы тиіс.

3677. Электр жабдықты тікелей жанатын сұйықтықтардың цистерналарының қабырғаларына бекіту рұқсат етілмейді.



Сигнал беру мен автоматтандыру датчиктері (деңгей, қысым және с.с.) тікелей цистернаға орнатылуы мүмкін.

 

 

357. Арнайы электр үй-жайлары



 

3678. Арнайы электр бөлмелердің есіктері құлыпқа құлыптануы тиіс. Осы есіктер сыртқа ашылуы немесе жылжымалы болуы тиіс.

Бөлме ішінде есіктер кілтсіз ашылуы тиіс. Есіктерде сақтандыратын жазулары болуы тиіс.

3679. Арнайы электр бөлмелер жанатын сұйықтықтардың цистерналарымен аралас болмауы тиіс.

3680. Өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтарға арнайы электр бөлмелерден ашылатын иллюминаторлар және басқа саңылаулары бар шығуларын орнату рұқсат етілмейді.

3681. Арнайы электр бөлмелерінде ашық жасалатын электр жабдықтың қызмет ету орындары оқшауланған материалдардан жасалған тұтқалармен қоршалуы тиіс.



 

 

358. Өрттен қорғалған электр жабдығы



 

3682. Осы тарау талаптары кемелерде бу, газ және шаңның ауамен аралас өртке қауіпті қоспалары пайда болуы мүмкін жабық және жартылай жабық бөлмелерде және аумақтарда орнатылатын жабдықтарды қамтиды.

Осындай бөлмелер мен аумақтарға малярлы, фонарлы (май фонарьлары үшін), аккумуляторлы және бу тұтану температурасы 60оС төмен жанатын сұйықтықтардың цистерналары, сорғылары және құбырлары, өртке қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кемелер трюмдары, аммиакты мұздатқыш қондырғылары бар бөлмелер жатады.

Мұнай құйғыш кемелердегі электр жабдыққа қойылатын қосымша талаптар 441-тарауда, трюмдары және темір жол және автомобильді цистерналардың жанатын сұйықтықтарының бактарында отыны бар көліктік құрылғыларды тасымалдауға арналған басқа бөлмелері бар кемелерде электр жабдықты орнатудың талаптары 442-тарауда көрсетілген.

3683. Осы Қағиданың 3682-тармағында көрсетілген өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтарда категориясына және едәуір аса қауіпті топқа сәйкес өрттен сақтану деңгейімен тек өрттен қорғайтын электр жабдық орнатылуы тиіс.

Аккумуляторлы бөлмелердегі электр жабдықты орнату орнату осы Қағиданың 402-тараудың талаптарына сәйкес болуы тиіс.



Эхолоттардың герметикалық жабық дірілдеуіштерінің кабельдеріне басты палубадан қажетті биіктікте тығыздалуына сәйкес коффедрамдарда болатты су өткізбейтін түтіктерде салыну керек.

Авариялық желдеткіштің сорып шығаратын желдеткіштердің электр қозғалтқыштары және қосалқы жарықтандыру шамдары (осы Қағиданың 439-бөлімі) ПВТЗ (осы Қағиданың 390-қосымшасы) төмен емес категория мен топты өртке қауіпті сұйықтықтар үшін өрт өткізбейтін қабыршағы болуы тиіс.

3684. Шаң немесе талшық ауасы бар өртке қауіп тудыруы мүмкін бөлмелерде қорғау дәрежесі IP65 төмен емес электр жабдық орнатылуы тиіс.

Егер өртке қауіпті шаң-талшықты сұйықтықтардың пайда болуы уақытша жұмыс істейтін технологиялық құрылғылардың зақымдану немесе борпастығы немесе желдеткіш әрекеті тоқтауы мүмкін болса, онда осындай жағдайларда қорғау деңгейі IP55 электр жабдықты орнатылуы мүмкін.

Осындай бөлмелерде орнатылған электр жабдықта оның жоғарғы горизантальды немесе горизантальға 60о бұрышқа элементтерге дейін ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу жағдайындағы температура осы бөлмеде бар шаңның (шіру температурасын қалыңдығы 5 мм шаң қабаты үшін анықтау қажет) шіру температурасынан кем болмайтындай етіп қаптамасы болуы тиіс.

3685. Өрттен қорғалған шамдар бекіту орнынан басқа оның айналасында кемінде 100 мм бос аумақ қалатындай етіп орнатылуы тиіс.

3686. Өртке қауіпті бөлмелерде және аумақтарда орнатылған өрт туралы хабар бергіштен басқа, кез-келген электр жабдықта тоқ жүргізгіш жіптерді ажырататын немесе өртке қауіпті емес бөлмелер мен аумақтарда қауіпсіз орындарда орнатылған ажыратқышы болуы тиіс.

3687. Бу мен газдардың өртке қауіпті сұйықтықтары пайда болмайтын, бірақ өртке қауіпті бөлмелерге келтіретін саңылаулары бар жабық және жартылай жабық бөлмелерде өрттен қорғайтын электр жабдық орнатылуы тиіс.

3688. Контейнерлерде өртке қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған трюмдарда электр жабдықты және кабельдерді орнатуға болмайды. Электр жабдықты орнату қажет болғанда:

1) «Ұшқынға қауіпсіз электр тізбесі» (Exi);

2) Артық қысым астындағы қабықпен (Ехр);

3) өрттен қорғанысымен, өрт өткізбейтін қаптамасымен (Exd);

4) жарылысқа қарсы беріктілігі жоғары (Ехе) өртке қарсы қорғанышы болуы тиіс.

3689. Өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтарда, осы бөлмелер мен аумақтарда орнатыылған тек электр жабдыққа арналған кабельдер салынуы тиіс.

Транзитті кабельдерді айтылған бөлмелер мен аумақтар арқылы салу Қағиданың 3690-3692-тармақтарының талаптарын орындау шартымен ғана рұқсат етіледі.

3690. Өртке қауіпті зоналарда салынатын барлық кабельдер оплеткамен үйлестірілетін өткізбейтін металды емес немесе басқа металды төсемдерімен жабатын болуы тиіс.



Өртке қауіпті зоналарда қолданылуы мүмкін:

1) резеңкелі және поливинил-хлоридті оқшаулауы бар өткізгіштермен;

2) резеңкелі, поливинил хлоридті оқшаулауы бар резеңкелі, поливинилхлоридті және металды қаптамаларда.

Алюминийлі қаптамасы бар, сондай-ақ полиэтиленді оқшаулауы бар немесе қаптамасы бар өткізгіштер мен кабельдерді қолдану рұқсат етілмейді.

3691. Өртке қауіпті бөлмелер мен аумақтардан өтетін кабельдерді механикалық жабдықтардан қорғау қажет.



Аккумуляторларға келтіретін жергілікті кабельдер ашық түрде салынуы мүмкін.

3692. Өртке қауіпті бөлмелерден немесе аумақтардан өтетін немесе жабдықтарға келтіретін кабельдердің барлық металды қаптамалары осындай зоналарда екі жақта да жерленуі тиіс.

3693. Өрттен «ұшқынға қауіпсіз электр тізбегі» қорғанысы түрі бар электр жабдыққа қосылатын кабельдер мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1) ұшқынға қауіпсіз тізбектер басқа тізбектерден бөлінуі тиіс;

2) бір және дәл сол кабельдерді ұшқынға қауіпсіз және ұшқынға қауіпті тізбектерді қолдану рұқсат етілмейді;

3) ұшқынға қауіпсіз тізбектердің кабельдер жіптерін оқшаулау ерекшелейтін көк түсі болуы тиіс. Көк түспен тек жіптердің соңын таңбалау рұқсат етіледі;

4) ұшқынға қауіпсіз тізбектер кабельдерінің жіптері олардың ұшқын қауіпсіздігін бұзатын сілтеулерден сақталуы тиіс.

 

 

359. Малярлы бөлмелерде электр жабдықтарды орнатуға қойылатын қосымша талаптар



 

3694. Осы бөлмелерде қызмет ететін малярлы бөлмелері мен желдеткіш каналдарда, осы бөлмелерде қызмет етуге қажет тек электр жабдық орнату рұқсат етіледі.

Бұл электр жабдық өрттен қорғалған болуы тиіс.

3695. Өрттен қорғау деңгейі бойынша электр жабдыққа қойылатын минималды талаптар ПВ газ сұйықтық категориясына және ТЗ газ сұйықтық тобына сәйкес болуы тиіс (осы Қағиданың 390-қосымшасы).

3696. 358-тарауда көрсетілген сырлау бөлмелерде және аймақтарда салынатын кабельдер (транзитті, жергілікті) осы Қағиданың 3691-тармақ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3697. Ағынды және сорып алатын табиғи желдеткіш саңылауларын шамамен 1 м немесе жасанды сорып алатын желдеткіштің сыртқы тесігінен шамамен 3 м ашық палуба аумақтарында осы Қағиданың 3694-тармаққа сәйкес өрттен қорғалған электр жабдық орнатылуы тиіс.



 

 

51-бөлім. Электр энергиясының негізгі көздері



 

360. Электр энергияның негізгі көзінің саны және қуаты

 

3698. Электр энергияның негізгі көздерінің саны мен қуатын анықтау кеменің мынадай жұмыс режимін ескере отырып жүргізілуі тиіс:

1) жүрістегі режимде;

2) маневрлердің;

3) кеме жүзу жағдайының қауіпсіздігіне әсер ететін корпус немесе басқа саңылауларының жануы кезінде;

4) тұрақты;

5) кеме тағайымына сәйкес басқа режимдерді.

3699. Әрбір өздігінен жүретін кемеде кемінде екі энергия көзі қарастырылуы тиіс. Егер осы көздер генераторлар болып келсе, онда кемінде біреуінде өзінің тәуелсіз жетегі болуы тиіс.

3700. Электр энергияның негізгі көзінің қуаты кез-келген көздің істен шығуы кезінде қалғаны жауапты құрылғылардың осы Қағиданың 3698-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кеме жұмысы режимінде қоректену мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

Талаптар қызмет етіп жатқан кемеде өртті сөндіру режимінде жанатын заттар мен тұтанатын сұйықтықтарды тасымалдайтын кемелермен жұмыс істеуге арналған сүйреткіштер пен итергіштерге таралмауы мүмкін (осы Қағиданың 3698-тармағы 3-тармақшасы).

3701. Электр энергия көздер қуатының қалыпты жұмыс істеу кезінде ең қуатты қозғалтқышты іске қосу үшін жеткілікті болуы тиіс, бірақ сонымен бірге басқа істегі электр қозғалтқыштардың өздігінен ажырауы болмауы тиіс.



 

 

361. Электр энергияның негізгі көзі ретіндегі алынатын аккумуляторлы батарея



 

3702. Аккумулятор батареясы кемеде орнатылған оның электр энергия көзінің зарядтау мүмкіндігі болу жағдайында ғана электр энергияның негізгі көзі болып саналады.

3703. Егер аккумуляторлы батарея зарядтау агрегатымен паралель жұмыс істейтін болса, онда кемеде электр энергияның негізгі көзі бар деп саналады.



Бұл жағдайда қоректенудің әрбір көзі тұтынушы тізбегі мен өз қорғанысы болуы тиіс.

3704. Егер аккумулятор батареясы зарядтау агрегатымен паралель жұмыс істейтін болса, онда оның сыйымдылығы генератордың істен шығуы кезінде ол тоқпен электр желіні қоректендіретіндей етіп, сондай-ақ жауапты құрылғылар «М» және «О» сыныпты кемелерде 6 с бойы, «Р» және «Л» сыныпты кемелерде 3 с бойы жұмыс істей алатындай болуы тиіс.

3705. Электр энергияның негізгі көзі ретінде тек аккумулятор батареясы болатын кемелерде, оның сыйымдылығы кеменің жүрістегі және авариялық режимдерде Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген уақыт бойы жұмыс істеудің қозғалысы мен қауіпсіздігіне қажет жүйелердің қоректену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы қажет.

3706. Генератор және аккумулятор батареясы жұмысының паралель режимі кезінде аккумулятор батареясының зарядты тоқ мәні рұқсат етілгеннен асуын алдын алатын кернеуді автоматты түрде реттеуішпен жабдықталуы тиіс.

3707. Аккумулятор батареясымен паралельді режимде жұмыс істейтін генератор қуаты (түзеткіш) кемені қалыпты жағдайда пайдалану кезінде қоректпен барлық жауапты тұтынушылар қамтамасыз етілетіндей етіп және аккумулятор батареясының заряды қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.

 

 

362. Генератор жетектері



 

3708. Генераторлардың жетектеріне арналған қозғалтқыштар осы Қағиданың 27-бөлімі және осы тарауда айтылған қосымша талаптарды қамтуы тиіс.

3709. Дизель генераторлар үзілмейтін жұмысқа есептелінуі тиіс.

3710. Жиілігі өзгеріп жұмыс істейтін реверсивті емес басты қозғалтқыштардан генераторлардың жетектері номиналды мәнінен 85—105% шегінде, ал жиілігі диапазонында 45—52,5 Гц кернеуді реттеуін қамтамасыз ету шартымен рұқсат етіледі.

Егер көрсетілген төменгі деңгейіне жету кезінде білік генераторлар жиілігі (кернеу) төмендеуді жалғасуы болады, жүрістегі режимді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұтынушылар (осы Қағиданың 392-қосымшасы) оларды 15 мин бойы қоректенуіне есептелген аккумулятор батареясына ауысуы тиіс. Осымен бірге, ретімен электр станцияны доңғалақтарға ажыратумен және жүктемені қабылдауды қоса дизель-генераторлардың бірі автоматты түрде қосылуы тиіс.



Қоректенуде үзілістер болмайтын, сондай-ақ кернеу және жиілік ауытқуы көрсетілген шектен жоғары тұтынушылары бар кемелерде білік генераторларды қолдану білік генератор мен дизель генератордың паралель жұмысы кезінде ғана рұқсат етіледі.

 

 

363. Ауыспалы тоқ генераторларының кернеуін реттеу



 

3711. Ауыспалы тоқтың әрбір генераторы кернеуді автоматты түрде реттеу үшін бөлек тәуелсіз жүйесі болуы тиіс.

3712. Ауыспалы тоқ агрегаттары қатысты кемдігі 2,5 % (авариялық агрегаттар үшін 3,5 % дейін) номиналды кернеуді ұсталынатындай етіп қуаттылықтың номиналды коэффициентінде жүктеме бос жүрістен номиналға дейін өзгеруі кезінде жетек қозғалтқыштардың реттеу сипаттамасына сәйкес алынған кернеуді реттеу жүйесі болуы тиіс.

3713. Ауыспалы тоқтың генераторлары генератордың номиналының 150 % тең, және 0,6 тең қуаттылық коэффициентіне генератордың тоқтың аса жоғарылауы кезінде номиналды кернеудің 10 % нақтылығымен 2 мин бойы ұстау үшін қосалқы жоғарылауы жеткілікті болуы тиіс.

3714. Номиналды айналу жиілігі мен кернеуінде жұмыс істейтін генератордың симметриялы жүктемесінің аяқ астынан өзгеруі номиналды кернеуді 85 % кем төмендеуі және 120 % аса жоғарылауына келтірмеу керек. Осыдан кейін генератордың кернеуі 1,5 кем с + 3 % аспайтын ауытқумен номиналға дейін қалыптасуы керек.



Авариялық генераторлар үшін бұл мәндер уақыт бойынша 5 с дейін және кернеу ауытқуы бойынша + 4% дейін асуы мүмкін.

Генератордың бар жүктемесін қоса аяқ астынан жүктеудің максималды мәні туралы нақты мәліметтері болмаған кезде бос кезде және сосын қуаттылық коэффициенті 0,4 және кем 60 % тең номиналды тоқты қосатын жүктемені қабылдау қажет.

 

 

364. Тұрақты тоқ генераторларының кернеуін реттеу



 

3715. Паралельді ауытқуы бар тұрақты тоқ генераторлары кернеуді автоматты түрде реттегіштері болуы тиіс.

3716. Аралас ауытқу генераторлары қуаттылығы 100 кВт генераторлар үшін 1 % нақтылығы бар және қуаттылығы 100 кВт жоғары генераторлары үшін 0,5 % дейін кернеуді реттеуге арналған тәуелсіз құралдары болуы тиіс.



Көрсетілген реттеу шегі салқын, және қыздырылған күйде, сондай-ақ генераторлардың жұмыс жүктемесі шегінде кез-келген жүктемеде ұсталуы қажет.

3717. Аралас қозғалыс генераторларының кернеу реттегіштері салқын күйде бос жүрістің алғашқы қозғалтқыштардың айналу жиілігі өсуін ескере отырып генератордың номиналды кернеуінен кемінде 10% төмен бос жүрістегі кернеудің төмендеу мүмкіндігін салқын күйін қамтамасыз етуі тиіс.

3718. Кернеудің қолмен реттегіштері олардың басқару органдарымен сағат бағдары бойынша кернеу жоғарылауына келтіретіндей етіп бұрылыс жасау қажет.

3719. Паралель ауытқитын генераторлардың кернеуін реттегіштері қозғалысты алу кезінде қозғалыс орамы қысқаша тұйықталатындай етіп жасалуы тиіс.

3720. Аралас қозғалысты генераторлары бар тұрақты тоқ генераторлары номиналды мәнге орнатылған қыздырылған генераторлардың кернеуі ішкі сипаттамасы 20 % жүктемеде 1 % нақтылыққа дейін қуаты 50 кВт немесе аса генераторлар үшін 1,5 % аса және қуаты кем генераторлардың 2,5 % толық жүктемеде өзгермейтіндей болуы тиіс.

Аралас қозғалыс генераторларының номиналды жүктемесі 20-дан және 100 % арасында кернеудің өзгеруі мынадай мәндерден аспауы тиіс:

3 % қуаты 50 кВт және аса генераторлары үшін;

4 % қуаты 15 кВт аса, бірақ 50 кВт кем генераторлары үшін;

5 % қуаты 15 кВт және одан кем генераторлар үшін.

3721. Қозғалысы паралель генераторлары бар тұрақты тоқ агрегаттары бос жүрістен толық жүктемеге дейін кернеудің 2,5 % қатысты кемдігі сақталатындай етіп жүктеменің өзгеруі кезінде генераторлардың ішкі сипаттамасы және осындай кернеуді автоматты түрде реттегіштері болуы тиіс.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет