3769-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарын орындамауға болады.
3774. Егер бірнеше кемелерде электр энегрияны жалпы көзі болса, онда әрбір кеме жалпы көзден ажыратуға арналған құрылғысы болуы тиіс.
54-бөлім. Таратқыш құрылғылар, электр аппараттары, трансформаторлар
376. Таратқыш қалқандардың конструкциясы
3775. Каркастар, оң жақты панельдер және басты, авариялық, секциялы және топтық таратқыш қалқандар қаптамалары металдан немесе басқа мықты жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.
Егер генератор қуаты 100 кВт асатын болса, басты таратқыш құрылғының генераторлы секциясы жанасатын секциядан ұшқындар мен жалын таралуын болдырмайтын жанбайтын материалдан жасалған қоршаумен бөлінуі тиіс.
3776. Бөгде кісілерге көрінетін орындарда орнатуға арналған таратқыш қалқандардың алмалы - салмалы немесе ашылатын бөліктері кемеде барлық таратқыш қалқандарда бірдей арнайы кілтпен құлыптануы тиіс. Есіктер ашық күйде қалуы тиіс.
3777. Басты және авариялық таратқыш қалқандар, басқару пульты олардың оң жағында орналасқан тұтқалармен жабдықталуы тиіс. Артқы жағынан жолы бар таратқыш қалқандар, сондай-ақ қалқан артында орналасқан горизантальды тұтқалармен жабдықталуы тиіс.
Тұтқалар материалы ретінде оқшаулау материалдар, соның ішінде ағаштың қатты түрі қолданылуы тиіс.
3778. Басты және авариялық таратқыш қалқандардың генераторлы секция панельдері генератор ажыратқышының алдында генераторға сәйкес жағынан қорек алатын шамдармен жарықтандырылуы тиіс.
Таратқыш панельдер секциялары шиналардан қорек алатын шамдармен жарықтандырылуы тиіс.
Шамдар тізбектерінде коммутациялық аппараттар қарастырылмауы тиіс.
3779. Таратқыш қалқандар панельдерінің оң жағын жарықтандыру құралдарды қадағалауға кедергі болмай және соқыр қылатын әрекет келтірмейтіндей етіп орындалуы тиіс.
3780. Қадағалау мен қызмет көрсетуді қажет ететін аппаратура, құралдар және құрылғылар таратқыш қалқанда 2 м аса биіктікте орналасуы тиіс.
3781. Кернеу 127 В және жоғары коммутациялық және қорғаушы аппаратурасы бар әрбір таратқыш құрылғы шиналарда кернеу болуын көрсететін құрылғы орнатылуы тиіс.
3782. Басқарудың электр аппаратурасы және өлшеуіш құралдар орналасқан ашылатын панельдер мен есіктер кемінде бір иілімді маңдайшамен мықты жерленуі болуы тиіс.
3783. Таратқыш қалқандарда шиналар және оқшауланбаған өткізгіштер тізбектің тиісті орындарында пайда болатын қысқа матасу тоғы өту кезінде динамикалық және термиялық орнықтылығы болуы тиіс.
Шиналар мен оқшауланбаған өткізгіштерде қысқа матасу кезінде пайда болатын электр күштері стандарттар бойынша анықталуы тиіс.
3784. Түрлі полюстарға жататын шиналар және оқшауланбаған өткізгіштер мынадай ерекшеленетін түстерге боялуы тиіс:
1) қызыл - оң полюс үшін;
2) көк - теріс полюс үшін;
3) қара немесе сары-жасыл - жерлендіретін өткізгіштер үшін;
4) аспан көк - орташа өткізгіш үшін.
Теңдеткіш өткізгіш ол орналасқан полюс түсіне және оған қоса ақ көлденең белдеулермен боялуы тиіс.
3785. Түрлі фазаларға жататын шиналар және оқшауланбаған өткізгіштер мынадай ерекшелейтін түстермен белгіленуі тиіс:
1) сары - 1 фаза үшін;
2) жасыл - 2 фазы үшін;
3) күлгін - 3 фаза үшін;
4) аспан көк - бейтарап өткізгіш үшін;
5) жасыл-сары (көлденең жолақтар) - жерлендіргіш өткізгіштер үшін.
3786. Бөлек фазалар немесе полюстар шиналары мен оқшауланбаған өткізгіштердің өзара орналасуы қалқан шегінде бірдей болуы тиіс.
3787. Теңдеткіш шиналар кемінде басты таратқыш қалқанға қосылатын едәуір аса генератордың номиналды тоқ жартысына есептелінуі тиіс.
3788. Шиналар мен оқшауланбаған өткізгіштердің максималды рұқсат етілген жүктемелі осы Қағиданың 394-қосымшасында көрсетілген
Шиналар мен оқшауланбаған өткізгіштер үшін рұқсат етілген температура 90оС аспауы тиіс.
Осы Қағиданың 394-қосымшасында мәліметтері мына жағдайларға қарап, қоршаған ортаның 40оС температурасы үшін есептелінуі тиіс:
1) шиналар арасындағы өзара арақашықтық шиналар қалыңдығына тең;
2) байлам тек ішкі қабаты ғана боялуы тиіс.
Егер қоршаған орта температурасы 40оС ерекшеленсе және қима ауданы осы Қағиданың 394-қосымшасында көрсетілмеген шиналар қолданылатын болса, онда максималды рұқсат етілген жүктеме қайта саналуы тиіс.
3789. Шиналар жалғаулары, оларды жалғау орындарында коррозия пайда болу мүмкіндігі болмайтындай етіп орындалуы тиіс.
3790. Таратқыш қалқандарда, пульттардағы кемелік техника объектілерінің күйі жайлы алуан түсті сигнал беру үшін Қағиданың 395-қосымшасында сәйкес линза немесе лампа түсті жарық сигналды арматура қолданылуы тиіс.
377. Электр аппараттары. Жалпы талаптар
3791. Ауыспалы байланыстары бар ажыратқыштардың конструкциясы соңғы ажыратқыштарды оларды және олардың негізгі түйіндердің жөндеусіз қарапайым құрал-саймандармен орындалатындай болуы тиіс.
3792. Барлық қосқыштар және ажыратқыштар оператормен аппарат іске қосылатын орында орналасқан байланыстарды қосудың механикалық немесе электр индикатор күйімен жабдықталуы тиіс.
3793. Барабандар бақылаушысы мен топ бақылаушысының күйі нақты белгіленуі тиіс, сонымен бірге нөлдік күйі басқаларына қарағанда аса нақты белгіленуі тиіс.
Бақылаушы мен топ бақылаушы барабандарында шкаласы мен көрсеткіштері немесе қосу күйін көрсететін құрылғысы болуы тиіс.
3794. Коммутациялық немесе қосуды реттейтін аппараттарды қолдан басқару органдарының қозғалыс бағыты маховик тұтқасы сағат бағдары бойынша айналуы немесе тұтқаның (тұтқа) жоғары немесе алға ауысуы аппарат қосылуына, электр қозғалтқыштың қосылуын, айналу жиілігінің артуы, кернеу жоғарылауына және с.с сәйкес болатындай болуы тиіс.
Көтеру немесе түсіретін құрылғылармен басқару кезінде тұтқаны (маховик) сағат бағдары бойынша айналдыру немесе тұтқаны өзіне қарай бұруы көтеруіне сәйкес, ал сағат бағдарына қарама-қарсы айналу немесе өзінен жылжыту - түсіруіне сәйкес болуы тиіс.
3795. Резисторлар басқа құрылғыларды рұқсат етілген температурадан аса қыздырмайтындай етіп орналасуы және салқындатылуы тиіс.
3796. Бақылау лампалары, сондай-ақ өлшеуіш және тіркейтін құралдар қысқа матасу тоқтардан қорғануы немесе қысқа матасу тоқтарды шектейтін құрылғылары болуы тиіс.
Бақылау лампаларда қысқа матасудан өзіндік қорғаудан немесе оларды шектейтін құрылғылары болмауы тиіс, егер:
1) лампалар құрылғының қаптамасында орналасқан;
2) лампалар қоректі құрылғының қаптамасы ішінде орналасқан тізбектерден алады;
3) тізбекте лампа зақымдану жауапты құрылғының жұмысында үзіліс болдырмауы тиіс;
4) құрылғы тізбегінің қорғануы 25 А дан аспайтын тоққа есептелінген.
3797. Аппараттар мен басқару құрылғылардың кернеу орауыштарында қысқа матасу тоқтардан қорғау құрылғылары болуы тиіс; бірақ оларды өзіндік қорғауы болмауы мүмкін, егер:
1) орауыштар құрылғының жалпы қаптамасында орналасқан, жалпы қорғанышы бар және бір құрылғының басқару жүйесіне жатады;
2) орауыштар қоректі қорғанышы кемінде 25 А тоққа есептелінген құрылғы тізбегінен алады.
3798. Электр аппарат орауышында орамға сымдарды немесе ұштықтарды бекіту жалғанған аппарат үлесі орауыш айналымына жетпейтіндей етіп орындалуы тиіс. Кернеу орауыштарының бұрулары байланыс зажимдары тікелей орауыш корпусында бекітілген кездегі жағдайлардан басқа, иілімді көп сымды өткізгіштерден жасалуы тиіс.
3799. Орауыштар олардың текхникалық мәліметтері жазылған зауыттық тақтайшалары болуы тиіс.
3800. Таратқыш қалқандардың басты және авариялық тізбектерінде, генератор тізбектерінде, орнатылатын радио кедергіден қорғау конденсаторлары, сондай-ақ жауапты міндетті электр құрылғыларда қысқа матасудан қорғанышы болуы тиіс.
378. Машиналық жетектері бар электр аппараттары
3801. Ажыратқыштардың жетекті механизмдері машиналық жетекті қоректендіретін энергияның жойылуы кезінде ажыратқыш байланыстары тек қосылған немесе тек өшірілген күйде қалатындай етіп құрастырылуы тиіс.
3802. Электр жетек басқару кернеудің номиналдан 85-110 % шектен шықпайтын, ал ауыспалы тоқта - және номиналды жиілік мәнінде жүктеменің барлық жүктемесінде ажыратқышты дұрыс қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
3803. Номиналды жетектен басқару кернеудің кемінде 85 % мәнінде номиналды тоқ кезінде ажыратқыштардың дұрыс қосылуын қоршаған ортаны 40 оС температурасын және жетектің қыздырылған орауын қосуды қамтамасыз етуі тиіс.
3804. Кернеуді номиналды басқарудан кернеудің 70 % дейін қоршаған ортаның +40оС температурасында және қыздырылған жетек орауына қажеттен минималдыдан төмен жылжымалы байланыстардың қысқыштарының өшуі мүмкін немесе төмендеуі болмауы тиіс.
3805. Конструкциямен машиналық жетегі бар ажыратқыштарды қолмен басқару мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
379. Электр аппараттарды таңдау
3806. Электр аппараттар жұмыстың қалыпты жағдайларында олардың номиналды кернеулері, номиналды жүктемелері және рұқсат етілген температуралары аспайтындай етіп таңдалуы тиіс. Осы аппараттар зақымданусыз және ауыспалы режимдерде шамадан артуы қарастырылған қауіпті мәнге дейін температура жоғарылауына төзу қажет.
3807. Қысқа матасу тоқтарының ажырауына арналған электр аппараттардың номиналды ажырау қасиеті ажырау сәтін орнату орындарында күткен қысқа матасудан кем емес болуы тиіс.
3808. Автоматты ажыратқыштар мен қысқа матасқан тізбектердің қосылуы мүмкін ажыратқыштардың қосу номиналды қасиеттері қысқа матасу кезінде оларды орнату қосулардың едәуір аса тоқтан кем емес болуы тиіс.
3809. Қысқа матасу тоқтардың ажырауына арналмаған электр аппараттардың номиналды динамикалық орнықтылығы қысқа матасу кезінде оларды орнату орындарында қосудың едәуір аса тоқтан кем емес болуы тиіс.
3810. Аппараттардың термиялық орнықтылығы оларды орнату орындарында күткен қысқа матасу тоғына және қорғаудың селективті әрекетімен негізделген қысқа матасу ұзақтылығы сәйкес болуы тиіс.
3811. Паралель жұмысқа арналған генераторлар тізбектерінде аралас қызған автоматты ажыратқыштар ажыратқыштың қалған полюстардың шиналарға қосылуына және олардың өшірілуінен кейін өшірілетіндей етіп қосылатын қалған ажыратқыш полюстарымен механикалық жалғанған теңдік сымда полюсы болуы тиіс.
3812. Қысқа матасу тоқтардың есебі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе есепті тәсілдер негізінде орындалуы қажет.
380. Электр өлшегіш құрал-саймандар
3813. Басты және авариялық таратқыш қалқандарда тұрақты тоқтың әрбір генераторына бір амперметр және вольтметр бойынша орнатылуы тиіс.
3814. Басты және авариялық таратқыш қалқандарындағы әрбір генераторының ауыспалы тоғында келесі құралдар орнатылуы тиіс:
1) әрбір фазада тоқты өлшеуге арналған айырып-қосқышы бар амперметр;
2) фазалық немесе сызықтық кернеуді өлшеу үшін айырып-қосқышы бар вольтметр;
3) паралельді жұмыс істейтін генераторлар үшін жиілік өлшегіш немесе еселенген жиілік өлшегіш;
4) ваттметр — паралельді жұмыс істеп отырған генераторлар үшін 50 кВа аса қуат кезінде.
3815. Номиналды тоқ 20 А және одан аса жауапты тұтынушылардың тізбектерінде тұтынушыдан тікелей байланыста немесе қашықтан басқару орындарда немесе басты таратқыш қалқанда орнатылуы тиіс амперметрлер қарастырылуы тиіс.
Кемінде алты тұтынушыларға айырып-қосқыштары бар амперметрлерді қолдану рұқсат етіледі.
3816. Басты және авариялық таратқыш қалқандарда оқшауланған жүйелердің әрбір желісі үшін оқшаулау қарсыласуын өлшеу үшін бөлек құрылғыны немесе айырып-қосқыштары бар бір құрылғы орнатылуы тиіс.
Оқшаулау қарсыласуын бақылауға арналған құралдар желі оқшаулауының қарсыласуын тұрақты тексеру және желі оқшаулауының қарсыласуы желі кернеуінің 1 В-қа 100 Ом төмен мәнге жететін болса, сигнал беру қажет.
Өлшегіш құрылғысының жұмысымен негізделген корпустан тоқ өтуі ең нашар жағдайларда 30 мА аспауы тиіс.
Кеме корпусына қатысты кемелік желінің оқшаулау қарсыласуы аса төмендеуі кезінде машиналық бөлімде вахталық қызмет ету үшін сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.
Машиналық бөлімдегі тұрақты вахталары жоқ кемелерде осындай сигнал бергіш орталық басқару орнында немесе басқару рубкасында орнатылуы тиіс.
Тұрақты вахталары жоқ кемелерде машиналық бөлімдерде осындай сигнал бергіш, сондай-ақ басқарудың орталық орнында немесе меңгерік рубкасында орнатылуы тиіс.
Құйғыш кемелерде осы Қағиданың 64-бөлімде көрсетілген электр жабдықтарға қойылатын талаптарда сигнал бергіш түсті және дыбысты болуы тиіс.
3817. Өлшегіш құралдар өлшенген көлемдердің номиналды мәндерінен асатын бөлулер бойынша қосымша шкаласы болуы тиіс.
Шкала шектері бар қолданылуы тиіс өлшегіш құралдардың мыналардан кем болмауы тиіс:
1) вольтметрлер - номиналды кернеудің 120 %;
2) паралель жұмыс істемейтін генераторлар, және тұтынушыларға арналған амперметрлер - номиналды тоқтың 130 %;
3) парарель жұмыс істейтін генераторларға арналған амперметрлер:
жүктеме тоғы шкаласының шегі - номиналды тоқтың 130 %;
қайта беру тоқ шкаласының шегі - номиналды тоқтың 15 %;
4) паралель жұмыс істемейтін генераторлар үшін ваттметрлер - номиналды қуаттың 130 %;
5) паралель жұмыс істейтін ваттметрлер үшін:
жүктеме қуаты шкаласының шегі - 130%;
кері қуаты шкаласының шегі - 15 %;
6) жиілік өлшегіштер - номиналды жиіліктен +10 %.
3818. Электр энергия көздерінде және жауапты тұтынушылар тізбектерінде орналасқан электр өлшегіш құралдардың шкалаларында кернеу, тоқ және қуаттың номиналды мәндері нақты көрінетін таңбамен белгіленуі тиіс.
381. Аппараттар мен өлшегіш құралдарды орнату
3819. Ажыратқыштар, әдеттегідей, өшірілген күйде жылжымалы байланыстар және барлық қорғаушы және бақылаушы аппаратура ажыратқышқа байланысты кернеу астында болмайтынына байланысты қорек көзіне орнатылуы және қосылуы тиіс.
3820. Таратқыш қалқандардағы сақтандырғыштар оларға жетудің қамтамасыз етілуі және ерітінді қоспалардың ауыстыру қызмет ететін қызметкерлерге қауіп төндірмейтіндей етіп орналасуы тиіс.
Төсем деңгейінде іргетаста орнатылған таратқыш қалқандарда сақтандырғыш төсемнен кемінде 150 мм және 1800 мм аспайтындай етіп орналасуы тиіс.
Егер таратқыш қалқандардың тізбектерінде ажыратқыштар орнатылатын болса, онда сақтандырғыштар шиналар мне ажыратқыштар арасында орналасуы тиіс.
Сақтандырғышты орнатудың басқа реті тек Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша рұқсат етіледі.
3821. Бұрап бекітілетін сақтандырғыштарда қоректену көзінен шығатын өткізгіш орталық клеммаға қосылуы тиіс.
3822. Бір тізбекті полюстар мен фазаларды қорғайтын сақтандырғыштар, сақтандырғыш конструкциясын ескере отырып жақын көлденең немесе тігінен орнатылуы тиіс.
Ауыспалы тоқ тізбегінде сақтандырғыштардың өзара орналасуы солдан оңға немесе жоғарыдан төмен орнату ретімен фазалар ретіне сәйкес болуы тиіс.
Тұрақты тоқ тізбегіне оң полюсты сақтандырғыш оң, жоғары жақта немесе қызмет көрсететін қызметкерлерге жақын орналасуы тиіс.
3823. Басты немесе авариялық таратқыш қалқандарда орнатылған кернеуді реттегіштің қолмен жетектер тиісті генераторлардың өлшеуіш құралдарға жақын орналасуы тиіс.
3824. Таратқыш қалқандарда аппараттарды басқару органдары, құралдар, панельдер және ығыстыратын тізбектерде жазулары болуы тиіс. Коммутациялық аппараттардың күйі белгіленуі тиіс.
Зауыттық тақтайша болуына қарамастан сақтандырғыштар және орнатылатын автоматты ажыратқыштар қасында ерітінді қоспалы тоқ және тоқ ағытқыш тіреуін көрсету қажет.
3825. Таратқыш қалқаннан шегінетін әрбір қоректендіретін сызық қорғаушы және коммутациялық аппараттармен жабдықталуы тиіс.
Коммутациялық, сондай-ақ құралдардың, құрылғылардың сақтандырғыштармен қорғалған жергілікті жарықтандыру қалқандарының оқшаулауы мен сигнал бергіші бар аппаратты жалпы ажыратқышы бар екі реттік желіні таратқыш қораптарда орнатпауға болады.
3826. Паралель жұмыстарға арналған аралас қызуы бар генераторлардың амперметрлері теңдетілген сыммен жалғанбаған полюс тізбектерінде орнатылуы тиіс.
382. Қорғаушы құрылғылар
3827. Таратқыш қалқандардан ығысатын тізбектер қорек қысқыштарына мүмкіндігінше жақын әрбір тізбек басында орнатылатын тиісті құрылғылар көмегімен тоқтардың қысқа матасуы мен шамадан артуынан қорғануы тиіс. Егер осы қалқаннан қорғалатын тұтынушыларда шамадан артудан қорғайтын жеке құрылғылары болса, ал қалқанды қоректендіретін тізбек кабелінде максималды жұмыс тоғы таңдалса, тізбекті шамадан артудан қорғау қажет етілмейді.
3828. Қорғаушы құрылғылар рұқсат етілмеген шамадан арту кезінде іске қосылатындай етіп қорғалатын жабдық сипаттамасына сәйкес болуы тиіс.
3829. Қорғау жүйесі шамадан арту тоқтары бойынша және қысқа матасу тоқтары бойынша таңадалған болуы тиіс.
3830. Қысқа матасу тоқтарынан қорғау тұрақты тоқ жүйесінің әрбір оқшауланған тоғында, сондай-ақ ауыспалы тоқ жүйесінің әрбір фазасында орнатылуы тиіс. Қысқа матасу тоқтардан қорғау құрылғыларын орнату есептеулерге сәйкес, бірақ тұтынушылардың номиналды тоғының 200 % кем емес орнатылуы тиіс.
Электр тізбектерді (кабельдерді) және тұтынушыларды қысқа матасудан қорғау үшін бір қорғаушы құрылғыларды қолдану рұқсат етіледі.
3831. Қоректену тізбектерінің бөлек бөліктерінде кабель қимасының төмендеуі орын тапса, онда қимасы кем әрбір кабель үшін жоғары тұрған қорғаушы қимасы кем кабельді қорғамайтын болса, қосымша қорғаушы орнатылуы тиіс.
3832. Басты таратқыш қалқаннан қоректендіру тізбектерінде қорғау іске қосылғаннан кейін сол сәтте қайта қосылу мүмкіндігін болдырмайтын қорғаушы құрылғылар қолданылмауы тиіс.
3833. Қорғау аппараттары тұрақты тоқ генераторларының теңдестіргіш сымдарында орнатылмауы тиіс.
3834. Шамадан артудан қорғау орнатылуы тиіс:
1) екі сымды жүйеде кемінде бір полюста немесе фазада;
2) үш фазалы тоқтың оқшауланған төрт фазалы жүйесінде барлық фазаларда;
3) үш фазалы тоқтың оқшауланған үш фазалы жүйесі кезінде кемінде екі фазада.
3835. Сақтандырғыштар корпустары толық жабық типті болуы тиіс және қосынды ерітіндісін еріту кезінде доға сыртқа шығуын немесе ұшқынуын немесе конструкцияның қасында орналасқан элементтерге қандай-да бір кері әсерін тигізбеу тиіс.
3836. Ертілген қосындылар корпустары ерітілген қосынды ерітілгеніне көз жеткізуге болатындай етіп жасалуы тиіс.
3837. Бұрандалы цоколы бар сақтандырғыш конструкциясы өздігінен бұрылуынан мықты ұстайтындай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |