Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет78/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129
472. Жерлендіру

 

4480. Радиорубкада орнатылған радиотаратқыштардың қалыпты жұмысы істеуін қамтамасыз етуге арналған жұмыс (жоғары жиілікті) жерлендіру антенналық коммутатордан кеме корпусымен мықты электрлі жалғанған металды аралыққа немесе палубаға қысқа жолмен салынған мыс шинасы көмегімен орындалуы тиіс. Таратқыштан қалқан немесе палубамен жалғану орнына дейінгі шина ұзындығы 1500 мм аспауы тиіс.

Шиналар және отводтардың қима ауданы оның қуаты 50 ден 500 Вт дейін болған кездегі кемінде 25 мм2 болуы тиіс. Әрбір таратқыштың жұмыс жерленуін мыс шина немесе қима ауданы тиісті иілімді өткізгіш арқылы жақын металды аралықтардан бастап орындау қажет.

4481. Қуаты 50 Вт аса таратқыш корпусымен жерлену шиналарын электрлі жалғауды бір-бірінен едәуір қашықтанған кемінде екі орында жүзеге асырылуы тиіс.

4482. Радиорубкада орнатылған қабылдағыштардың жұмысы жерленуі әрбір қабылдағыштан таратқыштар жерленуінің негізгі шинасына дейін немесе тікелей жақын кеме корпусымен электрлі жалғанған металды аралықтарға қысқа жолмен салынған қима ауданы кемінде 6 мм2 мыс шиналары немесе иілімді қола (мысты) арқаншық көмегімен орындалуы тиіс.

4483. Радиорубкадан тыс орналасқан дауыс зорайтқыш байланыс және трансляция және басқа радиоаппараттардың радионавигациялық құралдар жабдықтарының жұмыс жерленулері радиорубкада орнатылған қабылдағыштар немесе таратқыштардың жұмыс жерленуіне қойылатын Қағиданың осы бөлімінің талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

4484. Металды емес кемелерде корпустың сыртқа қабатына кеменің едәуір шөгу сызығынан төмен бекітілген ауданы кемінде 0,5 м2 және қалыңдығы кемінде 4 мм мыс немесе латунды табақшаға сәулемен ерітілген барлық радиожабдыққа жерленуі үшін жалпы жұмыс жерленуін орындауы тиіс.

4485. Радиожабдықтың металды корпустары кеме корпусымен электрлі жалғануы тиіс. Жерлендіретін өткізгіштердің ұзындығы минималды 150 мм аспауы тиіс.

4486. Діңгектердің тұрақтағы такелажының төменгі шеттеріндегі қорғаушы жерленулер негізгі арқанның стрендьімен немесе иілімді металды өткізгіштер көмегімен орындалуы тиіс. Өткізгіштерге кеменің металды корпусына екі бұрандамен немесе пісіру арқылы бекіту қажет арнайы ұштықтар пісірілуі тиіс. Корпуспен жалғау орындары боялуы тиіс.

4487. Кез-келген жерленудің барлық электрлі жалғаулардың жалпы қарсыласуы 0,02 Ом аспауы тиіс.

4488. Радиожабдықтың жерлендіргіш құрылғысын жайтартқыш ретінде қолдану рұқсат етілмейді.

 

 

69-бөлім. Радиожабдыққа қойылатын талаптар



 

473. Жалпы талаптар

 

4489. Радиожабдық ұзақ уақыт жұмысқа есептелінуі және стандарттармен белгіленетін механикалық және климаттық сынауларды өтуі тиіс.

4490. Радиожабдық кеменің ұзақ уақыт бойы 22,5о дейін қисайту кезінде және бір уақытта қисайту кезінде 10о қисайту және көрсетілген шектердегі дифферентте, сондай-ақ тербеліс уақыты 7-9 с және кильдік тігінен 10о дейін қисайтуда тоқтаусыз жұмыс істеуі тиіс.

4491. Антенналарды кіргізу мен жерлендірулердің өткізгіштерінен басқа радиожабдықтың барлық тоқ жүргізгіш бөліктеріне қосу корпусты ашудан кейін ғана мүмкін болуы тиіс. Сонымен бірге, радиожабдықтың ешбір өткізгіші қандай-да бір өткізгіштер қатынасына сондай-ақ «жер» қатынасына қарағанда жоғары кернеу астында болмауы тиіс. Кернеуі жоғары тізбектерінде орнатылған конденсаторлар автоматты түрде разрядталуы тиіс.

4492. Радиожабдықтың сызбасы және конструкциясы корпус ашық тұрған күйінде оны сынау мүмкіндігі болуы тиіс. Сонымен бірге, қызмет көрсететін қызметкерлердің 250 В және аса жоғары кернеу тоғымен зақымданудан қорғану қамтамасыз етілуі тиіс.

4493. Радиожабдықтың барлық корпустарында жерленуді қосу үшін қысқыштар қарастырылуы тиіс. Таратқыштар корпустарында жерлену қысқыштарын корпустардан жоғары жиілікті кернеуді алуды қамтамасыз ететіндей осындай орындарда және сондай көлемде қарастырылуы тиіс.

4494. Радиожабдықтың сыртқы қабатында орналасқан металды корпустар корпуспен мықты электрлі жалғануы тиіс.

4495. Кабельдерді үзіліссіз экрандауды сақтаумен радиожабдықтарға қосылуы тиіс. Кабельдің аппаратура корпусына бекіту мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4496. Қайырмалы және жылжымалы каркастарды, алмалы-салмалы панельдер мен есіктерді радиожабық корпусына бекіту үшін оймалы бекіту бөліктерінің орнына, оларды салу үшін құрал-саймандарды қолдану қажет етпейтін арнайы бұрылатын құлыптар, көбікті толқындар немесе шаппа тісті қолдану ұсынылады.

4497. Кемені тербеу немесе қисайту кезінде бекітілмеген радиожабдықтың қайырмалы және жылжымалы каркастарының түсуін болдырмай үшін екі жақты бағытта әрекеттенетін сақтандырғыш стопорларды көлденең ұсынылады.

4498. Кез-келген тағайымды радиожабдықты басқару және оны бақылау органдары аппаратураның алдыңғы корпустарының панельдерінде пайдалану шарттарына сәйкес оны қолданудың максималды ыңғайлылығын қамтамасыз етілетіндей етіп орналасуы тиіс.



Сирек қолданылатын басқару органдарын аппаратура корпустарының ішінде орнатуға болады.

4499. Радиожабдықтың басқару және оны бақылау органдарының міндеті және әрекеті жалпы қабылданған белгілер мен нақты жазулар көмегімен көрсетілуі тиіс.

4500. Радиожабдықты басқару органдарының «Қосылды», «Іске қосу», «Көбейту» және с.с. күйлері тұтқаның жоғары, өзінен немесе оңға, тұтқаны сағат бағдары бойынша бұру және жоғарғы немесе оң жақтағы кнопкасын басу нұсқауларына сәйкес болуы тиіс. «Өшірілді», «Іске қосу», «Кемуі» және с.с. күйлер тұтқалардың төмен, өзіне қарау немесе солға, тұтқаны тіл сағатына қарсы және төменгі немесе сол кнопкалардың басылуының нұсқауларына сәйкес болуы тиіс.

4501. Негізгі шкланы, жазуларды, мәндерді, сондай-ақ радиожабдыққа көрсеткіштер күйін және басқару органдарын басқыштау 700 мм арақашықтықта нақты көрінуі тиіс.

4502. Ішкі монтаждың өткізгіштерінің, сондай-ақ радиожабдықтың конструкциялық бөліктерінің жалғаулары өздігінен ажырау мүмкіндігін болдырмайтындай болуы тиіс.

4503. Радиожабдықтың ішкі монтажы түрлі тағайымды тізбектерді бөлу үшін түрлі түсті өткіщзгіштермен орындау ұсынылады.

4504. Радиожабдықтың бөлек бөліктерін жалғайтын әрбір иілімді шлангте қосалқы өткізгіш болуы тиіс. Сондай-ақ, бойынша шлангтың әрбір он өткізгіштеріне қосалқы өткізгіштер қарастырылуы тиіс.

4505. Радиожабдықтың ішкі элементтері принципиальды және монтажды сызбаларының таңбалануына тиісті нақты және мықты таңбалауы болуы тиіс. Ұсақ элементтерді таңбалау каркастарда және тиісті түйіндердің экрандарында, сондай-ақ бейнелеуге қоса берілетін сызбаларда немесе ұлғайтылған суреттерде орындау рұқсат етіледі. Радиожабдықтың шығыстағы қысқыштарында олардың тағайымы, ал қоректендіру тізбектерінде - кернеуі және кереғарлығы көрсетілуі тиіс.

4506. Радиожабдықты басқару және бақылау органдары радиожабдықты бет панельмен төмен жазықтыққа орнату жағдайына механикалық зақымданулардан қорғануы тиіс.

4507. Алмалы-салмалы немесе қайырмалы панельдердің және радиожабдық каркастарына бекіту құрылғылар түспейтін болуы тиіс.

4508. Барлық басқару органдары олардың күйлері өздігінен ауыспайтын конструкциялы болуы тиіс.

4509. Радиожабдықта қолданылатын штепсельді жалғанулардың конструкциясы оларды дұрыс қоспау мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Сонымен бірге, оларға арналмаған ұяшықтарды штепсельді розеткалардың қате қосылуын болдырмайтыны шаралар қолданылуы тиіс.

4510. Микрофондар мен негізгі телефондар байланыстар арасындағы кернеу 55 В, «жер» қатысты - 30 В аспауы тиіс.

4511. Радиожабдықтың сызбасы және конструкциясы басқару органдарымен дұрыс емес ретпен қозғалу немесе қоректену көзінің кереғарлығының өзгеруі нәтижесінде зақымдану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

4512. Радиожабдықта және қашықтан басқару пульттарында радиожабдықтың жауапты тізбектерінде бұзылуы немесе критикалық режимі жайлы, сондай-ақ қоректі қосу мен жоғары кернеуді беру туралы сигнал беретін құрылғы қарастырылуы тиіс.

4513. Кемелік желі мен аккумуляторлы батареялардың радиожабдық сызбасы арқылы жерленуі (корпуспен жалғау) рұқсат етілмейді.

4514. Радиожабдықтың қоректендіру тізбектерінің оқшаулау қарсыласуы осы Қағиданың 417-қосымшаның 1-тарауына сәйкес болуы тиіс.

4515. Жұмыс уақытында радиожабдық корпустарының температурасы 60оС аспауы тиіс.

4516. Радиожабдық қоректену кернеуі ±10 % және тоқ жиілігі номиналды мәннің ±5 % өзгеруі кезінде кемелік желіден қореткендіруге есептелінуі тиіс. Аккумуляторлардан қоректенуіне есептелінген радиожабдық олардың кернеуін 15 % және кернеуді номиналдыдан 25 % жоғарылауы кезінде жұмыс істеуі тиіс.

4517. Радиожабдықты қоректендіру тізбектерінде тез ауыстырылатын жүзбелі сақтандырғыштар немесе автоматты ажыратқыштар орнатылуы тиіс. Сақтандырғыштар конструкциясы қызмет көрсететін қызметкерлердің олардың салғалырды ауыстыру кезінде тоқ жүргізгіш бөліктеріне кездейсоқ жанасу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Сақтандырғыштарды қосуға қажет уақыт 5 с аспауы тиіс.

4518. Өртке қауіпті бөлімдерде және аумақтарда мұнай құйғыш кемелерде және оларға теңестірілген кемелерде тек тасымал (портативті) УҚТ-радиотелефон станциясына өртке қауіпті зонаға тиісті өрттен қорғайтын деңгейлі өрттен қорғау орындауларды пайдалану рұқсат етіледі. Өртке қауіпті зонадан тыс жалпы техникалық орындаудағы радиостанцияны пайдалану рұқсат етіледі.

4519. Жүрістегі рубкада орнатылған радиожабдықтың түсті сигналы осы Қағиданың 3790-тармақ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4520. Ішкі суларда жүзетін кемелерде орнатылатын радиолакациялық жауапкерлер уәкілетті органмен бекітілген Аралас «өзен-теңіз» жүзетін кемелерді жасау қағидасының 48-тараудың 12-параграф талаптарына сәйкес болуы тиіс.

 

 

474. Радио байланыс құралдарының техникалық талаптары



 

4521. Радиобайланыс құралдары қауіпсіздікке қатысты хабарларды қысқа уақытта қабылдау мен таратуды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен бірге, олар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) іске қосу (қоректендіруді қосу) бір қозғалыспен жүзеге асырылуы тиіс;

2) Ретке келтірілген таратқышты қосу уақыты 5 с аспауы тиіс;

3) жиілікті бір диапазон асты шегінде ауыстыру мүмкіндігінше тез орындалуы тиіс;

4) жиілікті автоматты келтіру құрылғының бұзылуы жиілікті қолмен қысқа уақытта келтіруге кедергі болмауы тиіс;

5) Сәуле таратудың бір типінен басқасына ауысу бір қозғалыспен жүзеге асырылуы тиіс.

4522. Радиотрубкадан тыс орнатуға арналған таратқышта қашықтан басқару пультында таратқыштың өзінде орналасқан басқару мен бақылау органдарының қолданусыз радиотаратқышты жүргізу үшін қажет басқару және бақылау органдары болуы тиіс.

4523. Радиобайланыс құралдары олардың бұзылуларын тез анықтау мен жоюға болатын конструкциялы болуы тиіс. Сонымен бірге, олар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) аппаратураның корпусы ашық болған кезінде ішкі элементтердің максималды құрамы н көру мүмкіндігі болуы;

2) аппаратураның ішкі элементтерін орналастыру олардың жөндеуі мен ауыстыруы қысқа уақытта орындалатындай болуы;

3) металды экрандар, сондай-ақ корпус ішіндегі экрандалған түйіндерінің қақпақтары және есіктері мүмкіндігінше құралдарды қолданусыз ашылуы тиіс.

4524. Радиотаратқышы жиілігінің рұқсат етілген ауытқулары, радиожиілік жолақтарының ені және сәуле таратудың жолақтан тыс спектрлері стандарттармен анықталатын нормаларға сәйкес болуы тиіс.

4525. Кемелік таратқыштар сәуле таратудың жалпы ұзақтылығының 1:3 паузаның жалпы ұзақтылығына қатынасы кезінде кемінде 1 сағ бойы үзіліссіз жұмыс істеуге есептелінуі тиіс.

4526. НЗЕ және J3E сыныпты сәуле тарату үшін жоғарғы қапталды қолдану қажет.

4527. J3E сыныпты сәуле тарату үшін беруші басу деңгейі кемінде 40 дБ таратқыштың пикті қуатынан кем болуы тиіс.

НЗЕ сәуле тарату үшін пикті қуаттан (6±2) дБ кем басу деңгейі кезінде толық келтіретін тарату болуы тиіс.

4528. беретін жиіліктің паразитті амплитудасы және қозғалыс жиілігінің деңгейі стандарттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4529. НЗЕ және J3E сыныпты сәуле таратуда қолдану кезінде толық пиктің қуатында таратқыштың жұмысы уақытында кез-келген дискретті жиілікте таратқыш антеннаға келетін жағымсыз сәуле таратулардың қуаты осы Қағиданың 418-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

4530. НЗЕ және J3E сәуле тарату сыныптарымен жұмыс істейтін таратқыштардың дыбысты жиіліктерді жіберу жолағы рұқсат етілген амплитуданың 6 дБ кем емес өзгертілген 350 ден 2700 Гц дейін болуы тиіс.

4531. НЗЕ сыныпты сәуле таратулардың жұмысы кезінде таратқыштардың қозғалыс тереңдігі кемінде 80 % болуы тиіс. Кернеудің бөгде көздерінен туатын қозғалыс тереңділігі 5 % аспауы тиіс.

J3E типті сәуле таратудың жұмысы кезінде тартақыштардың қозғалысы өзара қозғалыс құрамы стандарттармен белгіленген мәндерден аспайтындай болуы тиіс.

4532. Номиналды қуаты 20 Вт аса барлық таратқыштарда тарату кезінде антеннада тоқ күшін үнемі бақылайтын индикаторлы құралы болуы тиіс. Құралдың істен шығуы антенналық контур тізбектерінің үзілуіне келтірмеуі тиіс.

4533. Таратқышты Қағиданың осы бөлімімен талап етілетін кез-келген жиілікті келтіруді қатты фиксациямен жүзеге асырылуы тиіс.

4534. Антеннаның үзілуі немесе оның корпусқа матасуы, сондай-ақ мықты жоғары жиілікті сигналды антеннаға бағыттау таратқыштың жұмыс қабілетін бұзбайтын зақымдар болдырмауы тиіс.

4535. Аралық жиілік шақыру және авариялық халықаралық жиіліктеріндегі қорғаушы жолақтарда кедергілер тудырмауы тиіс.

4536. Қағиданың осы бөлімінде мынадай қабылдағыштардың 6 дБ деігейінде өлшенетін жоғары (аралық) жиілік бойынша жіберу жолақтарын сыныптаулар қабылданды: кең ± 3000 Гц; орташа ± 1500 Гц, тар ± 600 Гц; өте тар ± 100 Гц; бір жолақты + 350 Гц-ден + 2700 Гц дейін.

4537. Арнайы айтылған жағдайлардан басқа, қабылдағыштың төмен жиілікті трактты жіберу жолағы кемінде 300—2700 Гц шығыс кернеуінің әркелкілігі кезінде кемінде 6 дБ дан 1000 Гц болуы тиіс.

4538. Қабылдағыштарды қоректендіру тізбектерінде кеме электр жабдықтарымен келтірілетін кедергілердің қорғау құрылғысы қарастырылуы тиіс.

4539. Қабылдағыштардың кіріс тізбектері кемелік таратқыштардың жұмысы кезінде бағытталатын кернеуден қорғалуы тиіс.

4540. Қабылдағыштар конструкциясы экрандаудың тұрақтылығын сақтаумен радиожиілікті кабель антенналарының қысқыштарына қосу мүмкіндігін болдыруы тиіс.

4541. Барлық кемелік қабылдағыштар тұрақты тәулік бойы жұмыс істеуге есептелінуі тиіс.

 

 

475. АТ/КВ-радиостанциясы



 

4542. Таратқыштың негізгі пайдалану-техникалық параметрлері осы Қағиданың 419-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.

4543. Егер таратқышта енгізілген немесе бөлек орнатылған сигнал сигналдардың радиотелефонның автоматты таратқышы болса, онда осы Қағиданың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4544. Таратқыш антеннаның стандартты эквиваленттерімен жабдықталуы тиіс.

4545. Қабылдағыштың негізгі пайдалану-техникалық параметрлері осы Қағиданың 420-қосымшасында көрсетілген параметрлерге сәйкес болуы тиіс.

4546. Қабылдағышта жоғары (аралық) жиілік бойынша орташа жүргізу жолағы болуы тиіс. Кеңін де қоса (осы Қағиданың 4536-тармағы) екі жүргізу жолағын көлденең ұсынылады.

4547. Қабылдағыш қуаты 0,5 Вт кем емес басты телефондар және дауыс зорайтқышытарға есептелінуі тиіс.

4548. Авариялық радиотелефон сигналын автоматты бергіші АТ/КВ-радиостанциясымен осы Қағиданың 4549, 4550-тармақтарында көрсетілген автоматты берілуі мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4549. Автоматты берілетін радиотелефонның авариялық сигналы 1 минуттан аспайтын және кемінде 30 с бой үзіліссіз ретімен берілетін екі үнді дыбысты жиіліктің синус тектес ауытқуынан тұруы тиіс. Бір үнде (2200+33) Гц, ал басқасында (1300+19,5) Гц жиілік болуы тиіс.

Әрбір үннің ұзақтығы (250+10) мс тең болуы тиіс. Үндер арасындағы интервал 4 мс аспауы тиіс. Аса жоғары тоқтың амплитудасының аса төмен үн амплитудасына қатынасы 1—1,2 шамасында болуы тиіс.

4550. Авариялық сигналдарын радиотелефонмен автоматты түрде беруі шамамен бір циклға тең мынадай екі циклдар арасындағы интервалымен циклды болуы тиіс. Автоматты түрде беру, авариялық сигналы оны өшіргенге дейін беруі тиіс.



Әрбір үннің ұзақтығы (250+10) мс тең болуы тиіс. Үндер арасындағы интервал 4 мс аспауы тиіс. Аса жоғары тоқтың амплитудасының аса төмен үн амплитудасына қатынасы 1—1,2 шамасында болуы тиіс.

4551. Автоматты түрде беруді қосу бір қозғалыспен жүзеге асырылуы тиіс. Іске қосу ұзақтығы 5 с аспауы тиіс.

4552. Автоматты түрде беру оның іске қосу мен жұмысын басқаруды жүргізу бойынша қысқа нұсқаулықпен жабдықталуы тиіс.

4553. Автоматты түрде беру оны қателесіп іске қосу мүмкіндігін болдырмайтын конструкциялы болуы тиіс. Кез келген уақытта апат туралы хабарландыруды беру үшін автоматты түрде беруді сол сәтте ажырату қамтамасыз етілуі тиіс.

4554. Радиотелефонмен апат сигналдарын автоматты түрде беру, беру апат және шақыру 2182 кГц жиілігінде жұмыс істеуін және оны басқа жиілікке қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

476. УҚТ - радиотелефон станциясы



 

4555. УҚТ-радиотелефон станциясы пайдалануда ыңғайлы, өзен көлігінің УҚТ-радиобайланыстың бар жүйесіне үйлесімді және стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4556. УҚТ-радиотелефон станциясы радиобайланысты осы Қағиданың 416-қосымшасында көрсетілген диапазонда G3E (F3)сыныпты сәуле таратуды қолданып жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс каналдар арасындағы тарату 25 кГц болуы тиіс.

4557. Басты УҚТ-радиотелефон станциясында кемінде үш каналдары, оның ішінде шақыру және апат 300,2 МГц каналы болуы тиіс. Пайдаланымдағы радиостанция жұмыстар режимдерін байланысты ұйымдастыруына сәйкес осы Қағиданың 416-қосымшасында көрсетілген жиіліктің барлық каналдарының жолақтарының жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

4558. Қозғалыс тереңділігіне 100 % сәйкес жиіліктің максималды ауытқуы мүмкін ±5 кГц жақын, бірақ еш бір жағдайда к ±5 кГц аспауы тиіс.

4559. Таратқыш модуляторының жиіліктің сипаттамасында келесіден қабылдағышқа қайта түзелуін октаваға 6 дБ алдын-ала түзетулері (аса жоғары жиілік жағына көтеру) болуы тиіс.

4560. Дыбысты жиіліктерді жіберу жолағы 3000 Гц аспауы тиіс.

4561. Таратқыштың номиналды қуаты 15 Вт аспауы тиіс. Қуатты 1 Вт дейін жедел кему мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4562. Кез-келген каналда модуляция өнімдерімен негізделген жанама сәуле таратудың орташа қуаты 10 мкВт, кез-келген дискретті жиілігінде жанама сәуле таратудың орташа қуатының мәні 2,5 мкВт аспауы тиіс.

4563. 20 дБ сигнал/шу қатынасына қабылдағыш сезімталдығы 1,5 мкВ кем болмауы тиіс.

4564. Радиостанцияның қабылдағышының шығысы қуаты 0,5 Вт кем емес дауыс зорайтқышқа және микротелефонды трубкаға (немесе манипуляторға) есептелінуі тиіс. Дауыс зорайтқыш радиостанция корпусына салынуы тиіс.

4565. Қабылдағышты 6 дБ деңгейінде жоғары (аралық) жиілік бойынша жүргізу жолағы жиіліктің макссималды девиациясымен сигналдарды қабылдау үшін 5 кГц.

4566. Қабылдағыштық желіден тыс коэффициенті 7 % аспауы тиіс.

4567. Қабылдағыштың екі сигналды таңдаушылығы ±25 кГц резонансты жиіліктен шығару кезінде қабылдау сигналының әлсірейтін, бірақ ±75 дБ кем емес болуы тиіс.

4568. Айна каналы бойынша, аралық жиілік бойынша, сондай-ақ жағымсыз сигналдарды қабылдауының әлсіреуі кемінде 75 дБ (тасымал және портативті радиостанциясы кемінде 70 дБ) болуы тиіс.

4569. Радиостанцияны бір оперцияны орындау кезінде 300,2 МГц каналына ауыстыратын (5-ші канал) құрылғы қарастырылуы тиіс.

4570. Симплексті дуплексті жұмысқа және керісінше ауысуы тиісті каналдарға өтумен автоматты түрде орындалуы тиіс.

4571. Каналдар нөмірленуі тиіс.

4572. 300,2 МГц каналында дауыс қаттылығын реттеуіші нөлдік күйде тұрған кезде дауыс зорайтқышта 50 мВт минималды қуатын қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылуы тиіс.

4573. УҚТ радиотелефон станциясында реттегіші бар ажыратылатын шу басқышы болуы тиіс.

4574. УҚТ-радиотелеофн станциясының комплектісінде радиобайланысты тікелей көпірдің жүрістегі қанаттарынан жүргізетін құрылғы қарастырылуы тиіс.

4575. УҚТ-радиотелефон станциясының міндетіне байланысты әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатуы тиіс осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет