Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Курсты автобасқаруды стабилизаторды орналастыру



бет80/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   129
483. Курсты автобасқаруды стабилизаторды орналастыру

 

4628. Авто басқару немесе курсты тұрақтандырғыштың басқару пульты меңгерікті қолмен басқару постына жақын олардың қызмет ету ыңғайлылығы мен автоматты басқарудан қолмен басқаруға тез ауысуын қамтамасыз ететіндей етіп орнатылуы тиіс.

4629. Автоматты және қолмен басқаруды үйлестіретін басқару пульты меңгерік рубкасында диаметралды жазықтықта немесе оған жақын орнатылуы тиіс.

4630. Шығарылатын басқару посттары қозғаушы көпір қанаттарында немесе кемені шығарылатын посттан басқаруға тез арада ауысу үшін ыңғайлы басқа орындарда орнатылуы тиіс.

 

 

484. Эхолотты орналастыру



 

4631. Тереңдікті көрсеткіш меңгерік рубкада, ал өздігінен жазғыш - меңгерік немесе штурман рубкасында орнатылуы тиіс.

Құралдар оларға күтіп ұстау мен жөндеуі үшін қолжетімді орындарда орналастырылуы тиіс.

Тек тереңділік көрсеткішті орнату рұқсат етіледі.

4632. Эхолот дірілдегіштері кеме түбінің астында борттарда және шеттерге дейін тербеліс пен ауа көпіршіктері пайда болуы кезінде оларды анықтау мүмкіндігі болмайтын қашықтықта ең аз дірілді орындарда орнатылуы тиіс.

4633. Дірілдегіштерге жақын бір уақытта эхолотпен бірге жұмыс істейтін басқа құралдардың ультрадыбысты сәуле таратқыш құрылғы, сондай-ақ эхолот жұмысында кедергі тудыруы мүмкін корпустың қандай-да бір шығатын бөліктерінде, қабылдағыш және құйма саңылаулары және басқа конструкциялар болмауы тиіс.

4634. Кеме корпусында дірілдегіштерді орнату нәтижелеріне коррозияның көбеюін болдырмайтын шаралар қабылдануы тиіс.

4635. Дірілдегіштер оларды сәуле таратқыш және қабылдағыш беттері горизанталды жазықтыққа паралель және кемеде қисаю немесе дифферент болмау жағдайында бір деңгейде болатындай етіп орнатылуы тиіс.

Осы талап тасымал дірілдегіштерді де қамтиды.

4636. Кеме түбінде ойып кесілген саңылауларда орнатылған дірілдегіштер олардың беттері кеме корпусы қаптамасының ішкі бетімен бір деңгейде болатындай етіп орналасуы тиіс. Егер дірілдегіштерді горизантальды күйде орнату сонымен бірге корпустың қисықтығынан мүмкін емес болса, алдыңғы-артқы бағытындағы сүйір қолданылуы тиіс.

4637. Егер дірілдегіштер кеме түбі ойылмаған арнайы танкте орнатылса, онда танк сумен толтырылуы тиіс.

4638. Дірілдегіштерді арнайы бөлмелерде - шахталарда орнату рұқсат етіледі. Егер шахта мұнай құйғыш кеменің жүк танктерінің ауданында орналасса, онда ол олардан коффедрамдармен бөлінуі тиіс. Шахтаны жабатын қақпақ конструкциясы ұшқын пайда болу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

4639. Дірілдегіштердің сәуле таратқыш беттері боялмауы және механикалық әсері (соғу, қажалу және с.с.) астына түспеуі тиіс.

4640. Егер эхолот біріктірілмеген дірілдегіште жұмыс істемейтін болса, электр магнитті кедергілерді жою үшін дірілдегіш сызығы - қабылдағыш - күшейткіш дірілдегіш - сәулелену тізбегінен кемінде 1 м және басқа электр құрылғылардан және паралель жүргізілген кабельдерден кемінде 0,5 м арақашықтықтан алынып тасталуы тиіс. Екі желі де мықты экрандалуы тиіс. Дірілдегіштерге баратын кабельдер болатты түтіктерде немесе экрандаудың біркелкілігін сақтап еселенген болатты өрмелерде салынуы тиіс.

4641. Жоғарғы кернеулі реле қорабы құрғақ қолжетімді жерде орнатылуы және шаңнан және механикалық зақымданудан қорғалуы тиіс. Оны көмір, май және басқа өртке қауіпті жүктерді тасымалдайтын трюмдарда орналастыру рұқсат етілмейді.

4642. Эхолоттардың дірілдегіштерін жүк және отынды цистерналардың коффедрамдарында, екі түпті бөліктерде және мұнай құйғыш кемелердің жүк бөліктерінің астында орналасқан желдетілетін туннельдерді орнату кезінде олар корпусты конструкция болып келетін арнайы газ өткізбейтін қоршауларда орналастырылуы тиіс.



Келетін кабельдер газ өткізбейтін болатты түтіктерде салынуы тиіс.

Қаралып жатқан бөлімшелерде орнатылатын дірілдегіштер күтіп ұстауды талап етпейтін конструкциясында болуы тиіс.

4643. Түп ойығында дірілдегіштерді орнату кезінде қажет болған жағдайда қаптама табақшасының қосымша бекітулері қарастырылуы тиіс.

4644. Дірілдегіштердің арнайы танктері кемеде орнатудан кейін өткізбеушілігі сыналуы тиіс.

4645. Кабельді кқораптарды қарау мен дірілдегіштердің қарсыласуын өлшеу үшін оларға кеменің ішкі бөлмелерінен жол қамтамасыз етілуі тиіс.

4646. Эхолоттың күш жабдығы (түрлендіргіш, трансформаторлар және т.б.) агрегатты немесе кеменің жылытылатын бөлмелерінің ішкі қоршауларында орнатылуы тиіс.

 

 

485. Лагты орналастыру



 

4647. Жылдамдықтың алғашқы түрлендіргіштері кеменің түп бөлігінде мүмкіндігінше кеменің негізгі және диаметралды жазықтығының қиылысу орнына жақын тербелуі кезінде аз шөгуде түрлендіргіштер жалаңаштанбай, ал ағып өтетін ағын жолдары бір-біріне паралель және кеменің диаметралды жазықтығында орнатылуы тиіс.

4648. Кеме түбінде ойып кесілген саңылауларда стационарлы орнатылатын түрлендіргіштер кеме корпусына тең мықты ерітіп жабыстырылған жерлерде бекітілуі тиіс.

4649. Жылдамдық пен өткен қашықтықты көрсеткіш штурман столының үстіне орнатылуы тиіс.

Жылдамдық көрсеткіші меңгерік рубкасында және оның болуы кезінде басты қозғалтқыштарды басқару постында орнатылуы тиіс.

4650. Лагты су асты қабылдағыш құрылғының алдында ешбір шыққан бөліктері, сондай-ақ кеме корпусын ағатын су ағынының паралельдігіне әсер етуі мүмкін кемелік жүйелердің қабылдағыш және құйма саңылаулары болмауы тиіс.

4651. Түрлендіргіштер клинкеттерде немесе стационарлы орнатылуы мүмкін. Сонымен бірге, олардың бойлық осьтерінің кемшілігі 1о аспайтын кеменің диаметралды жазықтығының қимасына паралельдігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4652. Алғашқы түрлендіргіштер клинкеттері осы Қағиданың талаптарына сай арнайы шахтада орналастырылуы тиіс.

4653. Көпірде қашықтан автоматты басқару пультында немесе оған тікелей жақын репитер жылдамдығынан басқа телевизиялық типті навигациялық ақпараттың жалпыланған индикаторлары болуы кезінде жылдамдық пен өткен қашықтықтың бөлек репитерлері орнатылмауы мүмкін.

 

 

486. ГНСС, ГЛОНАСС, GPS, ГЛОНАСС/GPS құрамдастырылған



индикатор қабылдағышты орналастыру

 

4654. Индикатор қабылдағыш оның көрсеткіштерін кеме жүргізушінің жұмыс орнынан қадағалау мүмкіндігімен навигациялық салыну жүргізілетін орынға тікелей жақын орында орнатылуы тиіс.

4655. Жүйелердің индикатор қабылдағыш антенналары габаритті металды кемелік конструкциялардан төмен орнатылмауы және кез келген таратқышы антенналардан кемінде 3 м қашықтыққа қашықталуы тиіс.

4656. Антенналар кемелік палубалық конструкциялар астында қатты дірілден зақымданған орындарда діңгектер топтарында, сондай-ақ қыздыру немесе бу көздеріне жақын жерде орнатылмауы тиіс.

4657. ГНСС индикатор қабылдағыштардың антенналарын орнату орны олардың серік топтарына кедергісіз бақылауы қамтамасыз ететіндей етіп таңдалуы және кемелік конструкциялардың көлденең беттерінен кемінде 1 м жоғары болуы тиіс.

4658. Индикатор қабылдағыш антеннасы РЛС сәуле тарату бағыттағыш диаграммасының негізгі сәулесінің және А стандартты ИНМАРСАТ станциясының кемелік антенналары бағытында болмауы тиіс. Антенналар арасындағы арақашықтық кемінде 10 м болуы тиіс.

 

 

487. Бұрылыс жылдамдығын көрсеткішті орналастыру



 

4659. Кеме бұрылысының жылдамдық көрсеткішінің негізгі құралы қатты негізде агрегатты немесе аппаратты бөлмеде меңгерік рубкасына жақын, кеменың диаметралды жазықтығына мүмкіндігінше жақын орнатылуы және осы жазықтық бойында бағдарлануы тиіс. Негіздеменің жоғарғы беті кеменің негізгі (горизантальды) жазықтығына паралель болуы тиіс. Орнату орнында дірілдер және температураның кенеттен кемуі болмауы тиіс.

4660. Негізгі құралды меңгерік рубкада осы жабдықпен тудырылатын магнитті өріс магнитті компас көрсеткіштеріне ± 0,5о аса бұрмалауын болдырмайтын, ал акустикалық шу деңгейі рұқсат етілген нормадан аспайтындық шартымен орнатуға болады.

4661. Бұрылыс жылдамдығы көрсеткіштерінің құралдары кеменің қозғаушы көпірінде шкалаларды қадағалау, басқару органдарын жеңіл басқару ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей етіп орналасуы тиіс.

4662. Бұрылыс жылдамдығы көрсеткіштерінің репитерлері меңгерік рубкада мүмкіндігінше бұрылыс жылыдамдығының индикатор көрсеткіштері мен кеме курсы бойынша навигациялыық жағдайды бір уақытта қадағалауды қамтамасыз ететін меңгерікпен басқару постына тікелей жақын, сондай-ақ егер осы орындардан кемемен басқару қарастырылса, РЛС индикатор үстіне, қозғаушы және жоғарғы көпір қанаттарында орнатылуы тиіс.



 

 

488. Электронды навигациялық карталар мен ақпараттарды



көрсету жүйесін орналастыру (ЭНКАКЖ)

 

4663. ЭНКАКЖ негізгі құралдары меңгерік руубкада жүйені басқару органдары және РЛС, сондай-ақ кемені қоршаған ортаны қадағалау ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей етіп меңгерікпен басқару постынан тікелей жақын орнату ұсынылады.

4664. ЭНКАКЖ тасымал индикаторы (дисплей) кеме иесінің (капитан) қарауы бойынша капитан каютасында немесе басқа орында орнатылуы мүмкін. Жол жағдайына тасымал индикаторынан өзгерістер енгізу рұқсат етілмейді.



 

 

489. Кеме траектолриясын басқару жүйесін орналастыру



 

4665. Қолмен басқарудың штатты жүйесін жұмыс істейтін СУТС басқару пульты механикалық немесе электрлі таратқышты қолмен басқару постымен байланысып және онымен бірге жақын орнатылуы тиіс.

4666. Жүйенің автоматты және қолмен басқарудың бірлестірілген пульты кеменің диаметралды жазықтығында қозғаушы көпірде күтіп ұстау ыңғайлылығы және автоматтыдан қолмен басқаруға және керісінше тез ауысу қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы мүмкін.

4667. Жүйені басқарудың тасымал посттары қозғаушы көпір қанатында немесе оны пайдалануға ыңғайлы орында орнатылуы тиіс.

 

 

490. Автоматты идентификацияланған жүйені орналастыру



 

4668. АИЖ аппаратурасы меңгерік рубкада индикаторды басқару органдарын қолдану ыңғайлы, сондай-ақ РЛС, ЭНКАКЖ және қоршаған жағдай индикаторларын бір уақытта қадағалау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы тиіс.

4669. Жедел басқаруды қажет етпейтін АИЖ құрамына кіретін бөлек блоктарды меңгерік рубкаға жақын бөлмеде орнату рұқсат етіледі.

4670. АИЖ аппаратурасында бұзылу пайда болған кезінде іске қосылатын құрылғының шығыс контакттары арнайы дыбыс сигнал бергіш құрылығысына немесе авариялық-сақтандырғыш сигнал беру кемелік жүйеге қосылуы тиіс.

4671. АИЖ антенналар едәуір жоғары биіктікте белсенді сәуле тарату мен жұмыс жиіліктерде сигналдарады қабылдау қамтамасыз етілетіндей етіп, ал электр магнитті өрісті тарату жолдарында барлық горизонт бойынша кедергілер болмайтындай етіп орнатылуы тиіс.

4672. АИЖ УҚТ-антеннасы одан 2 м кем қашықтықта кеменің тоқ жүргізгіш конструкциясы және энергияны қуатты таратқыш (РЛС немесе антенналық радиобайланыс) орналаспайтындай етіп орналастырылуы тиіс. Антеннаны басқа антенналармен бір деңгейде орнату кезінде олардан қашықтау кемінде 5 м болуы тиіс.

4673. Коаксиальды және күш кабельдер бір-бірінен кемінде 10 м арақашықтықта тұрған бөлек түтіктерде жинақталуы тиіс. Кабельдердің қиылысуы тік бұрышты болуы тиіс.

4674. А сыныпты АИЖ аппаратураның ГНСС қабылдай датчик антеннасы серік жағынан сигналдарды қабылдау үшін ашық орында орнатылуы тиіс.

4675. АИЖ антенналық және негізгі блоктар арасындағы коаксиалды кабель тағайымы басқа коаксиалды және күш кабельдерімен бірге салынбауы тиісі. Осындай кабельдер арасындағы арақашықтық кемінде 1 м болуы тиіс.



 

 

491. Рейс мәліметтерінің тіркеуішін орналастыру



 

4676. РДР аппаратурасы қозғаушы көпірде немесе тікелей оған жақын құрғақ және жылытылатын бөлмеде орналастырылуы тиіс.

4677. Тіркелген ақпараттың соңғы тасымалы бар арнайы қорғаушы контейнер қозғаушы көпірдің ашық жерінде авариядан кейін бөлуге ыңғайлы орында орнатылуы тиіс.



Қорғаушы контейнерді орнату орны Кеме қатынасыныңы тіркелімімен келісілуі тиіс.

 

 

 



492. Сыртқы дыбысты сигналдарды қабылдау аппаратурасын орналастыру

 

4678. Аппаратураның қабылдағыш микрофондары кемедегі шу көздерінен акустикалыық кедергілер деңгейі минималды орындарда орнатылуы тиіс.

4679. Сыртқы дыбысты сигналдарды қабылдау аппаратурасының индикаторы кемені басқару постынан көрінуі тиіс

4680. Аппаратураның дауыс зорайтқыштары хабарланатын ішкі сигналдар меңгерік рубканың кез-келген жерінде естілетіндей етіп орналасуы тиіс.

 

 

493. Радиолакациялық шағылдырғышты орналастыру



 

4681. Шағылдырғышыты кемеде бекіту қатты тіректі қолданумен немесе такелажда ілу жолымен жүзеге асырылуы тиіс.

4682. Радиолакациялық шағылдырғыш су деңгейінен кемінде 4 м биіктікте орнатылуы тиіс. Шағылдырғышта оның ерекше бағыты нақты белгіленуі тиіс.



 

 

494. Түнде көру аппаратурасын орналастыру



 

4683. Басқару органдары және түнде көретін құралдардың дисплейі басты рубкада кемені басқару постына тікелей жақын орнатылуы тиіс.

Қадағалаушы көзінен бастап дисплейге дейінгі қашықтық экранның диоганаль бойынша көлемінен және 2,3 есе аспауы тиіс.

4684. Түнде көру құралдар датчиктері көрінетін горизанталь өріс жазықтығында тура алдыңғы жаққа қарай бағыттан ± 30о көлеңкелену секторлары болмайтындай етіп, ал көру ауданының вертикалды өрісі жазықтығында өлі зона кеменің еселенген ұзындығын аспайтындай етіп орнатылуы тиіс.

4685. Түнде көру құралдары олардың жұмыстары мен қызметтері 100 узел жел жылдамдығында және/немесе кильді тербелісте ± 10о дейін нашарлау анықталмайтындай етіп орнатылуы тиіс.

 

 

 



71-бөлім. Навигациялық жабдыққа қойылатын талаптар

 

495. Жалпы талаптар

 

4686. Навигациялық жабдық осы Қағиданың 349-355, 473-тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4687. Навигациялық жабдық кемені пайдаланудың кез-келген жағдайларында жұмыс істеуге есептелінуі тиіс.

4688. Барлық навигациялық жабдық үзіліссіз тәулік бойы жұмыс істеуге есептелінуі тиіс. Сонымен бірге, жұмыс температура мынадай болуы тиіс:

гирокомпастың негізгі құралдары үшін 0 ден 45 оС дейін;

суда тұрған лага және эхолот дірілдегіштерінің жылдамдығын алғашқы түрлендіргіш үшін - 4-тен + 40оС дейін;

4689. Қорғау деңгейі бойынша барлық навигациялық құралдар мен құрылғылар мынадай орындауда болуы тиіс:



1) IP22 — жабық құрғақ қызметтік бөлмелерде орнатылған жабдықтар үшін;

2) IP56 — ашық палуба мен жүк трюмдарында орнатылған жабдықтар үшін;

3) IP68 — тіп аралық аумақтағы бөлмелерде орнатылған жабдықтар үшін.

Жабық құрғақ қызметтік бөлмелерде ашық палубаға шығатын есіктер мен иллюминаторлардан 1 м аса қашықтықта орнатылған жабдық үшін IP21 орындау рұқсат етіледі.

4690. Сигналды лампалар немесе көзбен шолып бақылаудың басқа құрылғылары басқару құралдары немесе пульттарында орналасуы және таралған күндізгі жарықта операторға жақсы көрінуі тиіс.

4691. Меңгерік рубкада орнатылатын құралдардың сигналды, индикаторлы және жарықтандырғаш лампалар, олардың жарығы жүргізуші жен кеме жүргізушіге кедергі болмайтындай қарқындылықты болуы тиіс. Жарықтың қарқындылығын реттеу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4692. Навигациялық құрал-саймандарда олардың басқа радио және навигациялық құралдармен, сондай-ақ егер ондай орнатылса автоматты навигациялық комплекспен жанасу мүмкіндігі қарастырылады.

4693. Электр және магнитті тізбектер параметрлерін өлшеу құралымен өлшенген навигациялық жабдықтың сәуле тарататын электр кернеулігінің кедергілері осы Қағиданың 355-тарауында көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.

4694. Шешім қабылдау уақытын қысқарту үшін барлық навигациялық ақпарат шифры ажыратылған және керісінше түрде операторға ұсынылуы тиіс. Дисплейт (телевизиялық типті) типті жалпыланған электронды индикаторларды қолдану ұсынылады.

4695. Навигациялық жабдықтың түрлендіргіші орналастырылатын агрегатты меңгерік рубка немесе аппараттыға, егер ондай болса, тікелей жақын орналасуы қажет. Агрегатты, арегаттардың жұмыс істеп жатқан акустикалық шуы қозғаушы көпірде естілмейтіндей етіп орналастырылуы тиіс.

 

 

496. Радиолакациялық станция талаптары



 

4696. Радиолакациялық станция (әрі қарай - РЛС) кемелердің, буй, басқа су асты объектілер мен кедергілердің, сондай-ақ жағалау шекараның және өз кемесіне қатысты навигациялық белгілерді қатысы және/немесе рас қозғалыс режимдерінде барлық горизонт бойынша үзіліссіз шеңбер тектес жолымен анықтай және көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.

4697. Антеннасы су бетінен 10 м биіктікте орнатылған кемеде орналасқан РЛС индикаторында радио толқындар және жағымды гидрометеорологиялық шарттарды қалыпты тарату кезінде осы Қағиданың 422-қосымшасында көрсетілген қашықтықта түрлі объектілердің нақты бейнесін алуды қамтамасыз етуі тиіс.



Барлық объектілер кеменің ± 10о борттық және кильдік тербеу кезінде көрініп тұруы тиіс.

4698. Антеннасы биіктігі су деңгейінен 7 м РЛС негізгі пайдалану параметрлері орнатылған кемеде осы Қағиданың 423-қосымшасында көрсетілгеннен төмен болмауы тиіс. Барлық параметрлер кеменің ±10о борттық және кильдік тербеу кезінде сақталуы тиіс.

4699. РЛС индикаторында бейнені кеменің диаметралды жазықтығына қатысты, сол сияқты және нақты меридианға қатысты бағыттау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4700. РЛС индикаторында станциямен қолдануға қажет етілетін барлық басқару органдары көзделуі тиіс.



Басқару органдарының және жасау қасиеті, орны және өзара орналасуы, көлемінің орналасуы жеңіл, тез және тиімді басқаруды қамтамасыз етуі тиіс. Қашықтық шкала масштабының мильден километрге және керісінше рұқсат етілмеген ауысуды болдырмайтын шаралар қарастырылуы тиіс.Жазулар орыс тілде және жалпы қолданылатын символдармен жасалуы тиіс.

4701. Шөгулер және толқындарда бейнеленген импульстарды көрсетудің әлсіреуі үшін шаралар қарастырылуы тиіс.

4702. РЛС қосу уақыты 1 мин аспауы тиіс. РЛС оны қосудан кейін 4 мин бойы толық жұмыс күйге келтірілуі тиіс. Сонымен бірге, РЛС 15 с бойы «жұмыс» режиміне ауыстырылуы мүмкін «Дайындау» режимі қарастырылуы тиіс.

4703. Ұлғайтқышты қолданусыз РЛС индикатор экранының белсенді жұмыс диаметрі жалпы сыйымдылығы 300 ден 1600 per. Т кемелер үшін 180 мм кем емес, жалпы сыйымдылығы 1600 per. т аса кемелер үшін - 250 мм болуы тиіс. Ішкі су жүйесімен халықаралық рейстер жасайтын кемелер үшін - кеменің жалпы сыйымдылығына қарамастан кемінде 270 мм.

4704. Индикаторда мынадай қашықтық шкаласы болуы тиіс: 0,5; 1; 1,6; 2; 3,2; 4; 8; 16 және 32 км. Әрбір шкалада кемінде 2 және 6 аспайтын жылжымайтын қашықтық сақинасы болуы тиіс. Километрлер және мильдерде бөліктенген қосымша шкала қарастырылуы тиіс, сонымен бірге, қашықтықты километрден мильге қайта есептеуге ауыстыру қарастырылуы тиіс.

4705. РЛС индикаторында километрдегі немесе мильдегі цифрлы қашықтық есеп жүргізілетін жылжымалы қашықтық сақинасы қарастырылуы тиіс.



Электрлі жылжымалы қашықтық сақинасы көмегімен қашықтықты өлшеу құралдарының кемшілігі 0,5—2,0 км қашықтық шкаласында 10 м және келесі шкаламен белгіленген мәнінен 1,0 % аспайтын болуы тиіс.

4706. Жылжымайтын қашықтық сақинасының және жылжымалы қашықтық сақинасының жарықтығын реттеу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Жылжымайтын қашықтық сақиналары, сондай-ақ жылжымалы қашықтық сақинасы қалыпты шарттарда экранның белсенді жұмыс диамтерінен және 1 мм аспайтын 1 % кем қалыңдықты болуы тиіс.

4707. РЛС индикаторы анықталған объектілердің электронды (цифрлы) немесе механикалық пеленгілеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс, сондай-ақ:

1) пеленгілеудің электронды құрылғысы көмегімен алынатын бағыттардың цифрлы есебін жүргізу кемінде үтірден кейін бір цифрды қоса төрт цифрмен көрсетілуі тиіс. Осы есеп жүргізудің индикациялық орны басқа мәліметтерді көрсету үшін қолданылмауы тиіс. Өлшенетін көлемнің: курстық бұрышы немесе нақты пеленгінің нақты мәндері көрсетілуі тиіс;

2) экранның белсенді диаметрі ауданының периметрі бойынша азимуталды шкала көрсетілуі тиіс. Сызықтық немесе сызықтық емес азимуталды шкаланы қолдану рұқсат етіледі;

3) азимуталды шкалада әрбір 5о сайын кем емес, сонымен бірге 5о және 10о белгілермен нақты ерекшеленуі тиіс. Кемінде әрбір 30о сайынғы белгілер цифрлармен нақты белгіленуі тиіс;

4) курс белгісінің сызығына қатысты курстық бұрыш және нақты меридиан бағытына қатысты - нақты пеленг бағыттарын өлшеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4708. Өз кемесінің қозғалысының бағыты экранда курсты электронды белгілеумен ұсынылуы тиіс. Осы белгінің кемдігі 0,5о аспауы тиіс. Курс белгісі сызығының ені 0,5о аспауы тиіс.

4709. Өшірілген күйде өздігінен келтірілетін ажыратқыш көмегімен курс белгілерінің көрінісін уақытша алу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4710. РЛС-ты гирокомпастан азимуталды реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі үшін тиісті кіріс қарастырылуы тиіс.

4711. РЛС антеннаасының айналу жиілігі 18 айн/мин кем болмауы тиіс. Антенна желдің қатысты жылдамдығы 50 м/с болған кезде жұмыс күйінде болуы тиіс.

Шапшаң кемелердің РЛС антеннасының айналу жиілігі кемінде 40 айн/мин болуы тиіс. Антенна желдің қатысты жылдамдығы 70 м/с кезінде жұмыс күйінде болуы тиіс.

4712. Қашау басының индикатор экранының кез-келген нүктесіне оның радиусының жартысынан кем емес қашықтыққа ауысу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4713. Оны кемеге орнату кезінде қабылданған калибрленген мәніне қатысты РЛС-тың жұмыс қасиетінің едәуір нашарлауын тез анықтау үшін, сондай-ақ тізбектердің болмаған кезінде дұрыс келтірілуі үшін шаралар қарастырылуы тиіс.

4714. РЛС аппаратураның дұрыстығын тексеру үшін құралдармен жабдықталуы тиіс.

4715. Антенналық жоғары жиілікті энергияның сәуле таратуы РЛС тура тағайымы бойынша жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде оқшаулау құрылғысы қолданылуы тиіс.

4716. Нақты қозғалыс режимінде жұмыс істейтін РЛС индикаторында өз кемесінің белгісінің күйін ауыстыру өз кемесі белгісінің экранның 0,5 радиусынан аспайтын кезінде қолмен, сондай-ақ автоматты жақындауы кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Экранның 0,5 радиуысынан аспайтын кеме белгісінің жақындауы туралы сақтандыратын сигнал бергіш құрылғысы қарастырылуы тиіс.

4717. Нақты қозғалыс режимінде жұмыс істеуге арналған РЛС да кеме козғалысының жылдамдығы жылдамдықты өлшеуіштен және/немесе баяулауды түзету арқылы қолмен енгізілуі мүмкін.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет