Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Транзиттік саясат және көліктік логистика департаменті туралы ереже



Дата08.07.2016
өлшемі64.78 Kb.
#185469


Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Жауапты хатшысының
2014 жылғы «___» ____________

№ ___ бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Транзиттік саясат және көліктік логистика департаменті

туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Транзиттік саясат және көліктік логистика департаменті
(бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Транзиттік саясат басқармасы;

2) Көліктік логистика басқармасынан тұрады.



2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін есепке ала отырып және экономикалық мүдделерінен шыға отырып, мемлекеттің транзиттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және оны кейіннен іске асыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде, халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктер зерттеуіне қатысу;

2) Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар жобасы мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру қатысу;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетін транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларды талдау және әзірлеу;

4) транзиттік саясат саласындағы ағымдағы жағдай туралы ақпаратты, сондай-ақ жасалған және жасалатын халықаралық көлік дәліздері бойынша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық кешенінің бірлестіктеріне, кәсіпорындары мен ұйымдарына жәрдем көрсетеді;

5) транзит саласында қол қойылған халықаралық (мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық) шарттар мен келісімдердің орындалу мониторингі, оларды іске асыру мәселесі бойынша әріптес-мемлекеттердің көлік коммуникацияның тиісті министрліктері мен ведомстволарымен өзара іс-қимыл;

6) транзиттік тасымал саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді және Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен әзірлеген қатысуды қамтамасыз ету;

7) Халықаралық көлік дәліздері, транзиттің және көліктік логистиканың дамуына байланысты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп конференциялар, кеңестер мен келіссөздер ұйымдастыру және өткізу;

8) Кеден одағының Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде келісімдерді әзірлеуге қатысу;

9) кеден рәсімдерін өзгертуін, оның ішінде Кеден одағын ескере отырып, қолайлы жағдайын талдау.

6. Міндеті: Экономика қажеттігінің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамыту бойынша жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) көлік логистикасы саласындағы ғылыми зерттеулер тематикасы бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

3) көлік логистика саласындағы халықаралық, үкіметаралық ынтымақтастықты іске асыруға қатысу және Республиканың мүддесін көлік-коммуникация кешенінің транзиттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту және толығымен пайдалану мақсатында мүдделігін білдіру;

4) көлік логистикасы саласындағы қызметін реттейтін және қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

5) жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен көлік логистика саласындағы мемлекеттік саясатты пысықтау және іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

6) Департамент жауапты болып табылатын көлік-логистика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

7) әр түрлі халықаралық ұйымдардың жаһандық индексі мен талдамалық материалдарын, сонымен қатар Логистика тиімділік индексі (LPI) және ҚР логистикалық және көліктік жүйесі жұмысының тиімділігін бағалау үшін Дүниежүзілік банкі басқа елдермен салыстырғанда оқу;

8) «шығын» (тауарларды халықаралық жеткізудің ұйымның жеңілдігі), «кедергі» (жеткізу мерзімін сақтау), сенімділік (жеткізілімдердің барлық тізбектерінің ұзақтығындағы тауарларды қадағалау мүмкіндігі) мағынасында жеткізілімдердің тізбектер логистикасының тиімділігін арттыруға әсер ететін ұсыныстарды әзірлеу;

9) шекараларды басқару рәсімдері бойынша қолданыстағы практиканы жақсарту бойынша ұсыныстарды және олардың жеткізілім тізбегіне және логистика тиімділігіне әсерін пысықтау.

7. Құқықтары мен міндеттері:

Департамент:

1) Басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарында және шетелдік мемлекеттерінде Министрлікті білдіруге;

2) Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер және келіссөздер өткізуге;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және көлік-коммуникация ұйымдарынан өз функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар, қорытындылар және ақпараттар сұратуға және алуға;

4) белгіленген тәртіппен бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстарына және көлік логистика мәселелері жөніндегі халықаралық


іс-шараларға қатысуға;

5) бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстары мен халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Министрліктің басшылығына тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыруға;

6) Министрліктің басшыларынан және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен отандық және шетелдік делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер бойынша ұсынымдар және қорытындылары мен есептер және хаттамалар сұратуға және алуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

7.2. Департамент келесі міндеттерді атқарады:

1) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдар өткізетін кеңестеріне материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді атқарады.


3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
8. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

10. Департамент Директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

11. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

12. Директор осы мақсатта:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент Директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

16. Департамент директоры, оның орынбасары және Басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу керек және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауға жеке жауапты болады.

17. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарында белгіленеді.

________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет