осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктілер мен айыпталушылардың шағымдарын және өтініштерін тіркеу журналын сақтайды және жүргізеді.
41. Кезекшілікті қабылдап-тапсыру туралы тапсыратын ауысымның кезекшісі тергеу изоляторы бастығының атына баянат жазады, онда мыналар:
кезекшілік бойынша күзетте ұсталатын адамдардың саны;
қару мен арнайы құралдардың, қызметтік кілттердің, өртке қарсы құралдардың, мөрлердің, мөртабандар мен қызметтік құжаттамалардың түгелдігін тексеру нәтижелері;
дабыл, байланыс және техникалық күзет құралдарының жағдайы;
күдіктілер мен айыпталушылармен жіберілген режимнің бұзылуы, сондай-ақ орын алған оқиғалар мен олар бойынша қолданған шаралары;
күдіктілер мен айыпталушыларды бақылау тінтулер мен камераларды техникалық тексеру нәтижелері және оларды кім жүргізгені көрсетіледі.
Баянатта қызметке келмеген бақылаушылардың тегі және оларды кімдер ауыстырғандығы көрсетіледі.
42. Баянат осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы кезекшілікті қабылдап-тапсыру журналына жазылады және оған ауысымның кезекшілері қол қояды. Тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары күн сайын баянатпен танысады және сол бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы ішкі (сыртқы) пост ведомосы кезекшілік аяқталған соң осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысандағы тергеу изоляторы бастығының бұйрығына қосылып тіркеледі.
3. Тергеу изоляторларындағы қауіпсіздік шаралары, дене күшін,
арнайы құралдарды, газ және оқ ататын қаруларды қолдануға негіздемелер
43. Тергеу изоляторларында дене күші, арнайы құралдар, газ және оқ ататын қарулар «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-45-баптарына сәйкес қолданылады.
44. Арнайы құралдарды қолданған тергеу изоляторының қызметкелері оларды қолданғаны туралы тергеу изоляторының бастығына баяндайды және осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысандағы арнайы құралдарды қолдану туралы акт жасайды.
45. Әйелдерге, нақты мүгедектік белгілері бар адамдарға, егер олар айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреген, топтасып шабуыл жасаған немесе қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа уақытта оларға қарсы арнайы құралдарды, газ қаруын және күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға жол берілмейді.
46. «Тоқта! Атамын!» деген ескертуден және жоғарыға оқ атқаннан кейін мына жағдайларда:
1) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің, күдіктілер мен айыпталушылардың, өзге де адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін шабуылдарынан қорғану үшін;
2) қаруды тартып алу мақсатында күдіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындары қызметкерлеріне, өзге де тұлғаларға жасаған шабуылын тойтару үшін;
3) кепілге алынған адамдарды, басып алынған ғимараттарды, үй-жайларды және көлік құралдарын босату үшін;
4) күзетте ұстау орындарының ғимараттарына, үй-жайларына және көлік құралдарына топ болып немесе қарулы шабуыл жасауды тойтару үшін;
5) қарулы қарсылық көрсеткен, сондай-ақ күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыс жасау үстінде ұсталған адамдарды ұстау үшін;
6) күдіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарынан немесе айдауылдан қашу әрекетін алдын алу үшін;
7) қаруды тапсыру туралы күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшін;
8) күдіктілер мен айыпталушылардың күшпен босатылу әрекетін алдын алу үшін;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшін;
10) дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін;
11) өзге де қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайларында оқ ату қаруын қолданылуы мүмкін.
47. Қару ескертусіз мына жағдайларда:
1) тергеу изоляторына, күзет пен қадағалауды жүзеге асырушы адамдарға, айдауыл құрамына, тергеу изоляторының басқа қызметкерлеріне, күдіктілер мен айыпталушыларға немесе өзге адамдарға қарулы шабуыл барысында;
2) қарумен қашқан күдіктілер мен айыпталушыларға;
3) түнде, нашар көріну жағдайларында қашқанда;
4) қарулы қарсылық көрсеткен, қашқын күдіктіні немесе айыпталушыны ұстау барысында қолданылады.
48. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды, көлік құралдарын кепілдікке алған немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.
49. Адамдардың өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қару мен арнайы құралдардың қолданылған әрбір жағдайы туралы прокуратура, полиция және ҰҚК аумақтық органдарына дереу бір сағат ішінде хабарланады.
50. Қару қолдану нәтижесінде жаралану немесе өлімге әкеп соқтырған жағдайда оқиға орнын күзету қамтамасыз етіледі. Қару қолдану нәтижесінде жараланған адамдарға медициналық көмек көрсетіледі.
4. Күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру тәртібі
51. Күзетте ұсталатын адамдарды айдауылдау айдауыл тобының бақылаушыларымен жеке орналастыру принципін сақтай отырып жүзеге асырылады: ерлерді әйелдерден; кәмелеттік жасқа толмағандарды үлкендерден; өлім жазасына кесілгендерді сотталған адамдардың басқа санаттарынан; сотталғандарды күдіктілер мен айыпталушылардан; бір қылмыстық іс бойынша өтетін адамдарды; инфекциялық аурулармен ауратындарды немесе ерекше медициналық күтім мен қадағалауға зәру адамдар.
52. Тергеу изоляторының ішінде және оның шегінен тыс айдауылмен алып жүру басқа адамдардан айдауылмен жүрушілердің қашу мүмкіндігіне жол бермейтін, толық оқшаулануын қамтамасыз ететін белгіленген бағыт бойынша жүргізіледі. От сөндіргіштер және басқа да қорғалмаған заттар қоршалуы тиіс. Айдауылмен апарудың әрбір алдын ала белгіленбеген бағыты күзетте ұсталатын адамдарды айдауылдау алдында тексеріліп отырады.
53. Күзетте ұсталатын адамдарды айдауылмен апаруды айдауыл тобының кемінде екі айдауылшысы жүзеге асыруы тиіс.
54. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды бір камерадан басқаға ауыстыру тергеу изоляторы бастығының нұсқауы бойынша жүзгізіледі. Осы сияқты ауыстыруды тергеу изоляторының бастығы болмаған кезде кезекші жүзеге асырады. Күзетте ұсталатын адамдардың әрбір ауысуы, осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес нысандағы күзетте ұсталатын адамдарды ауыстыру талоны негізінде жүргізіледі және осы Қағидалардың 19-қосымшасына сәйкес нысандағы камералық карточкада көрсетіледі.
55. Адамды тергеу изоляторының шегінен тыс жерге айдауылмен апару тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының, ал олар болмаған кезде кезекшінің өкімі бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы шақырту талаптамасымен рәсімделу арқылы жүргізіледі. Жауап алу, қорғаушыларымен және туысқандарымен жолығу үшін, медициналық қарауға шығару, фотосуретке түсіру және саусақ таңбасын алу үшін күзетте ұсталатын адамға осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы жауап алуға шақыру туралы талаптама рәсімделеді. Талаптамалар ішкі пост бақылаушысына беру үшін негіздеме ретінде ұсынылады.
56. Күзетте ұсталатын адамдарды айдауылмен апару үшін қабылдағандығы туралы осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы шақырту талаптамасының артына айдауыл тобының бақылаушы, ал оның камераға қайтқандығы туралы ішкі пост бақылаушысы қол қояды, бұдан соң талаптама кезекшіге беріледі.
57. Басқа күзетте ұстау орнына кеткен күзетте ұсталатын адамға осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы шақырту талаптамасы ілеспе тізімдері бар іске, ал күзеттен босатылған адамға оның жеке ісіне қосып тігіледі.
58. Қылмыстық істі өндіруші органның талабы бойынша күзетте ұсталатын адамдарды соттарға жеткізу және тергеу изоляторы орналасқан елді- мекен шегінен тыс айдауылдауға айдауыл тобының бақылаушылары бөлінеді.
59. Егер айдауылды екі айдауыл тобының бақылаушылары жүзеге асырса, олардың біреуі алдында, екіншісі айдауылдалушының артында бір қадам қашықтықта жүреді.
60. Екі және одан да көп адамды айдауылмен апару кезінде олар бірінің артынан бірі жүреді, ал айдауыл тобының бақылаушылары олардың алдында, оң немесе сол жағында және артында жүреді. Айдауыл тобының бақылаушысы бұрылыстарда және күзетілмейтін есік арқылы өту кезінде айдауылданушыны бұрылысқа (есікке) дейін екі қадам бұрын тоқтатады, оған қабырғаға қарап тұруды ұсынады, ал өзі алдына шығып (есікті ашады), бару жолының бос екендігіне көз жеткізеді, сосын айдауылданушыны алға жібереді де оның артынан жүреді.
61. Күзетте ұсталатын әйелдерді санитарлық өңдеу мен дәретханаға ер бақылаушылар апаруы мүмкін, алайда оларды санитарлық өңделу, сондай-ақ дәретханада болу уақытын бақылауды әйел бақылаушылар жүзеге асырады.
62. Айдауылмен апарудың барлық бағыты бойынша айдауыл тобының бақылаушысы айдауылмен апарылушылардың тыныштық сақтап жүруін, өз еркімен тоқтамауын, қолдарын «артқа» ұстауын бақылайды.
63. Тергеу изоляторынан тыс жерге айдауылмен апару үшін осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес тергеу изоляторы шегінен тыс жерге айдауылдау үшін тағайындалатын айдауыл санының есебімен айдауыл тобының бақылаушысы тағайындалады. Жүргізуші айдауыл құрамына енгізілмейді.
64. Айдауылдауға жататын адамдарды қабылдау, айдауыл бастығының кезекшіден алынған құжат бойынша тексеруінен басталады. Айдауыл бастығы әр күдіктіні немесе айыпталушыдан жауап алады және жауап мәліметтерін оған қатысты құжаттағы мәліметпен салыстырады.
Қабылдап отырған адамға қатысты күдік туындағанда айдауыл бастығы кезекшіге хабарлайлы және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
65. Айдауылмен апаруға:
құжаты немесе құжаттары дұрыс толтырылмаған;
дәрігер қортындысы бойынша жөнелтілуі мүмкін емес;
маусым бойынша киінбеген және бірінші тарату орнына дейін азықпен қамтамасыз етілмеген адамдар қабылданбайды.
66. Айдауыл құрамы айдауылданушыларды қабылдау барысында оларға тінту жасап, жеке заттарын тексереді.
67. Психикалық ауытқуға ұшыраған адамдарды бөлек тәртіппен кемінде үш айдауыл тобының бақылаушысы айдауылмен алып жүреді. Психикалық ауытқуға ұшыраған адамдарды алып жүру үшін медицина қызметкері бөлінеді.
68. Күзетте ұсталатын адамдар тергеу изоляторынан тыс жерлерге күдіктілер мен айыпталушыларды тасымалдауға арналған, арнайы жабдықталған автомобильдерде, сондай-ақ тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен жеңіл автомашиналармен апарылады.
69. Арнайы автомобиль байланыс құралдарымен, ал айдауыл табельдік немесе автоматты қарумен қамтамасыз етіледі.
70. Арнайы автомобильге отырғызғанға дейін айдауыл бастығы айдауылданушыларға жүру жолында жүріс-тұрыс нормаларын ұстану туралы ескертеді, машинадағы бөгде заттардың болуын, тиектердің, торлардың, камералардың, есіктердің дабылы мен жарық беру құрылғыларын тексереді.
Жүру жолында айдауыл бастығы жүргізушінің жанында болады, айдауыл тобының бақылаушылары шанақта, ал жеңіл машинада айдауылмен апарғанда артқы орындықта айдауылданушының екі жағына отырады.
Айдауылданушының жеке заттары қолына берілмейді және арнаулы автомобиьдің камералары арасына немесе өзге де бос орындарға қойылады.
71. Ұшақта айдауылмен апару аса қауырт және көліктің басқа түрлерін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
72. Айдауылданушыны ұшаққа отырғызу әуежай әкімшілігінің келісімі бойынша жолаушыларды отырғызғанға дейін, ал түсіру жолаушылар ұшақтан шыққаннан кейін жүргізіледі.
Отырғызу алдында және түскеннен кейін айдауылданушыға арналған орын мұқият тексеріледі. Айдауылданушыға арналған орын ұшақтың ұшу бағытын, түрін, жолаушылар орындарының орналасу ерекшеліктерін, апаттық және жүк түсетін люктардың болуын ескере отырып, отырғызар алдында мұқият тексеріледі.
Айдауыл тобының бақылаушылары орындыққа айдауылданушының екі жағынан не болмаса бір бақылаушы оның артқы жағына немесе келесі қатардағы орынға жайғасады. Орналасу орындары мен күзетті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді айдауыл бастығы ұшақтың экипаж командирімен келіседі, оған айдауылда оқ ататын қаруының бар екендігі туралы хабарлайды.
Ұшақтың бортына аэрозольдік орауыштағы арнайлы құралдарды және газ қаруына арналған оқ-дәрілерді алуға тыйым салынады. Ұшу уақытында айдауыл тобының бақылаушылары айдауылмен апарылушыларға бақылауды күшейтуге, оларды орнынан тұрғызбауға және жолаушылармен байланыс жасатпауға міндетті.
73. Айдауылмен апарылушыларға ұшақтың бортында және арадағы әуежайларда ұзақ тоқтағанда айдауыл тобы бақылаушыларының бақылауымен тамақ ішуге болады.
Айдауылданушы дәретханаға екі айдауыл тобы бақылаушыларының ілесуімен шығарылады, оның бірі алдын ала дәретхананы қарайды және онда онымен бірге болады, ал екіншісі сәл ашылған есіктің жанында қалады.
Ұшақ әуежайда ұзақ уақыт тұрған кезде айдауылданушы күзету мен оқшаулауға ыңғайлы орынға орналастырылады. Егер аралық әуежайларда ұшақтың аялдауы бір сағаттан аспаса, айдауылмен апарылушы түсірілмейді.
74. Жолаушылар вагонында немесе су көлігінде адамдарды айдауылмен апару ұшақта айдауылмен апару тәртібіне сәйкес мынандай ерекшіліктерді ескеру арқылы ұйымдастырылады – айдауыл тобының бақылаушылары айдауылданушымен бірге дәретханға жақын орналасқан жеке купеге немесе каютаға жайғасады; түнгі уақытта айдауылмен апарылушы үстіңгі төсекке жатады.
75. Айдауыл бастығы күзетте ұсталатындарды айдауылмен апару жөніндегі міндеттердің дәл және дер кезінде орындалуына, қарамағындағылар арасындағы әскери тәртіп жағдайына, айдауылдың пайдалануындағы қару-жарақтар мен мүліктердің сақталуына жауап береді.
76. Тергеу изоляторының әкімшілігі тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына қабылдауды және белгіленген орынға жіберу үшін айдауылға беруді қамтамасыз етеді.
77. Егер тергеу изоляторының әкімшілігі өзіне байланысты емес себептермен айдауылмен апаруға құжат келіп түскен органның талабы бойынша күзетте ұсталатын адамдарды дер кезінде апара алмаса, онда ол туралы бір сағат ішінде сол органды хабардар етеді.
78. Егер күдіктілер мен айыпталушылар тергеу изоляторының есебінен шығарылып, басқа арнаулы мекемеге айдауылданса, осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысандағы күдіктінің, айыпталушының жеке ісі осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес нысандағы жеке іс бойынша анықтама желімделген пакетке салынады.
79. Күзетте ұстау орындарына этаппен жіберілген адамдарға екі данада басылған, осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес нысандағы ілеспе тізім жасалады және күдіктілер мен айыпталушылар жіберілетін арнаулы мекеме үшін айдауыл бастығына тапсырылады. Ілеспе тізімнің екінші данасы аталған адамдарды және жеке істерді қабылдағаны туралы тиісті лауазымды адамның қолымен тергеу изоляторына қайтарылады.
5. Шиелініскен күрделі жағдайларда күзету мен қадағалауды
қамтамасыз ету тәртібі
80. Төтенше жағдайда тергеу изоляторында жекелеген поста дабыл немесе жалпы дабыл жарияланады.
81. Тергеу изоляторында төтенше жағдайларға мыналар жатады:
тергеу изоляторына шабуыл;
тергеу изоляторының қызметкерлеріне немесе басқа адамдарға шабуыл жасалуы;
күзетте ұсталатын адамдармен ұйымдастырылған және жүзеге асырылған жаппай бағынбаушылық, жаппай тәртіпсіздік;
адамды кепілге алу;
адамның күзеттен қашуы немесе қашуға әрекет етуі;
күзетте ұсталатын адамның өз-өзіне қол жұмсауы;
өрт.
82. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін құрамы тергеу изоляторы бойынша бұйрықпен жарияланатын арнайы топ құрылады. Изоляторларда штаттық саны жиырма бірлікке дейінгілер бес адамнан, одан жоғары болса он адамнан тұратын арнайы топ құрылады. Арнайы топ жеңіл оққағар кеудешелермен, қалқандармен, басқа арнайы құралдармен жабдықталады және алдын ала жасалған жоспарлар бойынша қалыптасқан жағдайды ескере отырып, іс-қимыл жасайды. Дабыл белгісі бойынша күзетте ұсталатын адамдардың тергеу изолятордағы бойынша қозғалысы тоқтатылады және олар шұғыл түрде камераларға жабылады.
83. Жалпы дабыл тергеу изоляторына шабуыл жасалғанда, кепілдікке алынғанда, қашу дерегін анықтағанда, өрт немесе табиғи апаттарда, тергеу изоляторының бастығымен, оның орынбасарымен немесе кезекшімен жарияланады.
84. Жалпы дабыл жарияланған кезде тергеу изоляторының бастығы, оның орынбасары және кезекші оқиғаны арнайы топтың көмегімен жою үшін шұғыл түрде шара қолданылады, егер жағдай талап етсе, қызметке барлық жеке құрамды шақырады.
85. «Жалпы дабыл» белгісі бойынша кезекші ішкі байланыс телефоны арқылы барлық посттарға, тергеу изоляторының қызметкерлеріне «Тыңдаңыздар! Мекемеде жалпы дабыл жарияланады!» деген сөздерді айту жолымен беріледі.
86. Кезекші посттағы дабылды бақылаушыға шабуыл жасалғанда, топтасып бағынбауда, тәртіпсіздік жасалғанда, қашуға ұмтылғанда, қол жұмсауға немесе өзі-өзiне қол жұмсауға ұмтылғанда, камераласын өлтірген жағдайларда жариялайды. Команданы кезекші телефон арқылы «Постта дабыл!»деген сөздермен жариялайды.
87. «Постта дабыл!» белгісі бойынша кезекші резервтегі бақылаушылар тобын не болмаса резіңке таяқшалары бар резервтегі бақылаушыларды оқиға орнына жібереді.
88. Қажет болған жағдайда тергеу изоляторының әкімшілігі ҰҚК органының жоғарғы басшылығына көмек бөлу туралы өтінішпен жүгінеді. Жалпы дабылды оны жариялаған лауазымды адам, ал жекелеген посттағы дабылды кезекші тоқтатады.
89. Ішкі пост бақылаушысы өзіне күдікті, айыпталушы шабуыл жасаған кезде шабуылды тойтара отырып, камераның кілтін иемденуге жол бермеуге, ал тартып алу қаупі туған жағдайда кілтті қол жетпейтін жерге лақтырып жіберуге міндетті.
Егер ішкі пост бақылаушысы дабыл белгісін беріп үлгермесе, оны шабуылды байқап қалған басқа бақылаушы істейді.
90. Егер ішкі постта тәртіп орнатылмаса, корпусқа тергеу изоляторының бастығының, оның орынбасарының не болмаса кезекшінің әмірімен тергеу изоляторының арнайы құралдармен қаруланған бақылаушылары кіргізіледі. Шабуылдаған адамдарға «Жат!» деген әмір беріледі, ол орындалысымен, оларды камераларға біртіндеп кіргізеді. Әмірге көнбеген немесе қарсы күш көрсеткен адамдарға дене күші және арнайы құралдар қолданылады.
91. Топтасып бағынбауы кезінде постқа келген тергеу изоляторының қызметкерлері себептерін анықтайды және тәртіпсіздікті тоқтатуды сұрайды.
Егер камераның есігі жабылып қалса және заңды талаптар орындалмаса, тергеу изоляторы бастығының, оның орынбасарының немесе кезекшінің өкімі бойынша есіктің желкөзі немесе камераның терезесі арқылы суық су шашылады не арнайы құралдар қолданылады.
92. Күзетте ұсталатын адамдар тергеу изоляторының қызметкерлерін немесе басқа адамдарды кепілдікке алған кезде кезекші тергеу изоляторының бастығына немесе оның орынбасарына баяндайды, өз орнына резервтегі бақылаушыны қалдырады, оқиға болған жерге барып, күзетте ұсталатын адамдармен байланыс орнатады және олардан кепілдегілерді босатуды, қарсылықты тоқтатуды талап етеді және кепілдегілердің өміріне олардың жауапты екенін ескертеді.
93. Күдікті немесе айыпталушы қашуға әрекет етсе, бақылаушы дабыл белгісін беруге және басқа бақылаушыларды көмекке шақыра отырып, қашқан адамның ізіне түседі.
94. Күзетте ұсталатын адамның күзет шекарасын түрлі жолдар мен және тәсілдер мен бұзып өтіп, өзіне қатысты белгіленген орнын өз еркімен тастап кету қашу болып табылады.
Күзет шекарасына тергеу изоляторының негізгі қоршауы, сот, медицина ұйымдары ғимараттарында және өзге де үй-жайларда: сыртқы қабырғалар, есіктер мен терезелер, ал көлік құралдарында – қабырғалар, еден, төбе мен борттар, орындарда – күзетте ұсталатын адамның маңайындағы он метр арақашықтықтағы шартты сызық жатады.
Күзет сызығын бұзып өтуге бағытталған адамның іс-қимылы қашуға әрекет деп саналады.
95. Күдікті немесе айыпталушы күзеттен қашып кеткен жағдайда, тергеу изоляторының бастығы, оның орынбасары, кезекші:
орын алған оқиға жөнінде жоғарғы басшылыққа баяндайды;
іздестіруді ұйымдастыру мақсатында ішкі істер органдарына хабарлайды;
қашқан адамның ықтималды бағытына және баруы мүмкін орындарға қаруланған бақылаушыларды жібереді;
болған жағдай туралы қылмыстық ісі өндірісте жатқан адамға немесе органға және прокуратураға хабарлайды.
96. Қашқан адамды іздеуді постта тұрмаған тергеу изоляторының қызметкерлері ізіне түсуді жергілікті іздестірілуін ұйымдастыру жоспарында қарастырылған іс-шараларды ескере отырып жүзеге асырады.
Іздестіру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар мен бірге іздестірілушінің тұрғылықты мекенжайлары, сондай-ақ, егер белгілі болса, оның туысқандарының және таныстарының мекенжайлары бақылауға алынады.
97. Күзеттегі адамның өз-өзіне қол жұмсауын немесе өзін-өзі дарға асу жолымен өз-өзіне қол жұмсау әрекетін байқап қалған кезде ішкі пост бақылаушысы дереу дабыл белгісін береді және есіктің желкөзі арқылы камераластарынан суицид жасамақ болған адамның өмірін сақтап қалуға қажетті шаралар қолдануларын талап етеді. Өз-өзіне қол жұмсауды анықтаған жағдайда постқа келген тергеу изоляторының қызметкерлері кешеуілдетпей камераға кіріп, жіпті кеседі не одан басқа әдіспен (түйіннің бүтіндігін сақтай отырып) босатып алады, оны еденге жатқызады және медицина қызметкері келгенше жасанды дем береді. Егер де өз-өзіне қол жұмсау әрекеті өзге тәсілмен жасалған болса, тергеу изоляторының қызметкерлері дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсету бойынша тиісті шара қолданады. Өзін-өзі заттай айғақтарды табу және алу мақсатында суицид жасау әрекеті болған немесе жасалынған үй-жайға мұқият бақылау жүргізіледі.
98. Егер жеке камераға қамалған адам өз-өзіне қол жұмсау әрекетін дарға асылу жолымен жасаса, ішкі пост бақылаушысына, дабыл белгісі берілгеннен кейін кешеуілдетпей камераға жалғыз кіріп, жіпті кесуге және күзетте ұсталған адамның өмірін сақтап қалу үшін қауырт шара қолдануға рұқсат етіледі.
99. Тергеу изоляторында өрт пайда болған жағдайда кезекші қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны сөндіруге шара қолданады. Өртті өз күштерімен сөндіру мүмкін болмаған жағдайда аумақтық өртке қарсы қызмет бөлімі шақырылады және күзет дабыл бойынша қызметке шақырылған тергеу изоляторы бақылаушыларымен күшейтіледі.
От немесе түтіннің қауіпі төнген күзеттегі адамдарды басқа камераларға, серуен алаңдарына және өзге де тергеу изоляторының шеңберіндегі қауіпсіз орындарға ауыстыру қаруланбаған бақылаушылардың күшейтілген айдауылымен камера бойынша жүзеге асырылады.
Өрт кезінде күзетте ұсталатын адамдардың жеке істерінің, картотекалардың, мұрағаттардың және тергеу изоляторының мүліктерінің сақталуы арнайы бөлінген қызметкерлермен қамтамасыз етіледі.
100. Тергеу изоляторының аумағына аумақтық өртке қарсы қызмет бөлімі кіргізген кезде күзетте ұсталатын адамдардың үстінен бақылау күшейтіледі және олардың қашу мүмкіндіктерін болдырмайтын шаралар қолданылады.
101. Жергілікті жағдайды ескере отырып, тергеу изоляторының әкімшлігімен төтенше оқиғалар кезінде дабыл бойынша жеке құрамның іс-қимылдары туралы жоспар әзірленіп, тергеу изоляторының бастығымен бекітіледі.
6. Жеке құрамды күшейтілген күзетке ауыстыру
102. Тергеу изоляторы бастығының өкімімен изоляторда не болмаса ол орналасқан аудандағы жағдайдың шиеленісу жағдайында тергеу изоляторының жеке құрамы күшейтілген күзетке ауыстырылады.
103. Күшейтілген күзет тергеу изоляторының бастығымен немесе оның орынбасарымен белгіленген мерзімге немесе тергеу изоляторындағы жағдай қалыпқа түскенге дейін енгізіледі. Күзетудің күшейтілген түріне көшу туралы өкім тергеу изоляторының жеке құрамына жарияланады.
104. Күзетті күшейту кезеңінде тергеу изоляторының бастығымен іс-шаралар жоспары бекітіледі, онда:
қажет болған жағдайда қосымша сыртқы және ішкі посттардың қойылуы;
нақты жағдайға байланысты жеке құрамды немесе оның жартсын казармалық жағдайға ауыстыру;
кезекші ауысымдардың қызметті атқаруын жиі тексеру, өткізу режімін күшейту;
өткізу режимін күшейту;
жиіленген кесте бойынша камералар бойынша бақылау тінтулерін және камералардың техникалық қарауын жүргізу;
өртке қарсы құралдардың, автокөліктердің дайындығын және күзет техникалық құралдарының жарамдылығын қосымша тексеру;
азық-түлік блоктарының санитарлық жағдайын және басқа да тіршілік көзі жүйелерінің (сумен қамтамасыз ету, жылу, электр энергиясын жеткізу) жұмыс істеуін бақылауын күшейту шаралары қарастырылады.
105. Мереке күндері күшейтілген күзетті жүзеге асыру кезеңінде азық-түлік пен заттай сауқат қабылданбайды, жолығуға рұқсат берілмейді.
7. Күзет пен қадағалау, дабыл және байланыс техникалық құралдарын пайдалану
106. Күдіктілер мен айыпталушылардың күзетін қамтамасыз ету мақсатында тергеу изоляторлары инженерлік-техникалық күзет құралдарымен, дабыл және байланыс құралдарымен жабдықталады.
107. Тергеу изоляторының аумағы режимдік және шаруашылық аймақтарына бөлінеді, оларға асфальт төселеді, ал пайдаланылмай бос жатқан алаң көгалдандырылады. Тергеу изоляторының аумағы кірпіш немесе темір бетонды қабырғалармен шығыңқы емес, кемінде 4,5 метр биіктікте қоршалады. Қоршаудың ішкі жағына жарық жүргізіледі. Сыртқы қоршаудың үстінен және қоршауға тікелей жанасып жатқан қабырғаларға, ғимарат шатырларына, металл кронштейндерге ішке қарай еңістіре отырып бірнеше қатар тікенек сым тартылады.
108. Серуендеу ауласы режимдік корпусқа жалғасқан режимдік аймақта жабдықталады. Серуендеу ауласының саны тәуліктің жарық кезінде күзетте ұсталынған адамдардың камерамен серуендеуін қамтамасыз ету есебімен анықталады. Бір серуендеу ауласының көлемі 12 шаршы метрден кем болмауы керек.
Серуендеу ауласының үсті металл жақтаумен бекітіледі, оған металл тор жабыстырылады, тордың үстінен «бұдыр» түріндегі металл торы бекітіледі. Серуендеу ауласының қабырғалары шығыңқы емес, биіктігі 3 метрден кем емес, кірпіштен немесе темірбетоннан жасалады. Серуендеу ауласының есіктері камера есіктеріне ұқсас, бірақ желкөздері болмайды. Әр серуендеу ауласының ортасына жерге бекітілген орындықтар орнатылады. Серуендеу ауласының үстіне кіре-беріс есікке қарама-қарсы қабырға бойымен атмосфералық жауын-шашыннан қорғану жеңіл қалқа жасалады. Серуендеу аулаларынан судың ағып кетуі қамтамасыз етілуі керек. Серуендеу аулаларының үстінен бақылаушы үшін серуендеу алаңындағы барлық күзетте ұсталатындардың оның қадағалауында болуы ескеріле отырып, тұғыр жасалынады. Бақылаушы постында күзет-дабыл сигнализациясының тетіктері немесе кезекшімен телефон байланысы аппараттары орнатылады.
109. Камералардың есіктері дәліз жаққа қарай ашылуы тиіс. Егер камералар екі немесе одан да көп қабатта орналасқан болса, қабат арасындағы баспалдақ тік металл торлармен қоршалады.
Режимдік корпустан әкімшілік корпусқа апаратын есік арнайы немесе кодты құлыппен жабдықталады.
110. Әрбір камераның барлық алаңы қарау саңылаулары арқылы көрініп тұруы керек. Егер көрінбейтін учаскелер болса, камера қабырғасы қосымша көру тесігімен жабдықталады.
111. Камера едендері сырмен боялған қатты жабынмен жабылуы керек. Еден кемерсіз (плинтуссыз) ағаш едендер немесе жылы қалыпқа келтірілген линолеуммен жабылған бетонды едендер жасалуы мүмкін.
Камераларда қол жуғышы бар санитарлық тораптар орнатылады.
112. Камера терезелері табиғи жарықпен қажетті деңгейде қамтамасыз етілу есебін ескере отырылып орналастырылады. Терезе жақтауларының орнына дөңгеленген еңіс жасалынады. Камера терезелерінің жақтауларына органикалық мөлдір шыны салынады.
Режимдік корпустың дәлізінде әр камера есігінің үстіне дабыл шамы, ал камераға – шақыру тетігі орнатылады.
113. Өлім жазасына кесілгендерді ұстау камералары режимдік корпус дәлізінің соңында орналасуы керек. Бұл камералардағы төсектер, үстел және орындықтар еденге немесе қабырғаға бекітіледі. Оларға киім ілгіш және сөрелер орнатылмайды. Терезе мен жылыту құрылғыларына қызмет көрсету және сотталғанды шығару үшін, терезе мен есік жаққа кішкене есіктері бар бөлгіш торлары орнатылады.
114. Карцер режимдік корпуста орналасады. Терезелер төбеге жақын, табиғи жарық түсуін қамтамасыз ететін көлемде жасалады. Карцерде қабырғаға немесе еденге бекітілген құлыптанатын мықты темір қайырмалы кереует, үстел және орындық орнатылады. Егер карцерде санитарлық торапты орнату мүмкін болмаса, полиэтилен немесе қатты пластиктен ыдыс қойылады.
115. Тергеу изоляторына келетіндерді (кететіндерді) уақытша орналастыру үшін бокстар қолданылады.
Бокстың көлемі бір адамды орналастыруға жеткілікті болуы керек. Есіктерге қарау саңылаулары қойылады. Есіктің үстіңгі жағынан желдеткіш тесік қарастырылады, еденге немесе қабырғаға нықтап бекітілген орындықтармен жабдықталады. Бокс ағаштан, металлдан немесе қатты пластиктен жасалады.
116. Күзетте ұсталатын адамдарды қабылдау және тінту үшін ішінде үстелі, қарауылдың жұмыс халаты, төсеніші, қол жуғышы, сүлгісі, сабыны, дезинфекция жасайтын құралдары және қажетті құрал-саймандары бар жарық үй-жай (камера) бөлінеді. Үстел, орындық еденге нықтап бекітіледі.
117. Сәлем-саухаттарды қабылдау бөлмесі екі бөліктен тұрады: біреуі – келіп-кетушілерге, ал екіншісі – сәлем-саухаттарды қабылдайтын тергеу изоляторының қызметкерлеріне. Осы үй-жайлардың арасында кең жақтаулы терезе орнатылады. Көшеден үй-жайға кіру келіп-кетушілер үшін еркін болуы керек. Бұл үй-жайда үстел және орындық қойылады.
Қызметкерлерге арналған үй-жайларда: дабыл тетігі және кезекшімен тікелей байланыс телефоны, үстел, орындық, таразы және басқа қажетті заттар болуы керек.
118. Күзетте ұсталатын адамдардың туыстарымен жолығысу бөлмесі сөйлесу құралдарымен жабдықталады, жерден төбеге дейінгі қабырғамен екі бөлікке бөлінеді. Бөлгіш қабырғаның екі жағынан еденге бекітілген үстел мен орындық қойылады. Бөлгіш қабырғалардың еденнен жоғары 80 сантиметрі сырты пластикпен қапталып мықты тақтайлардан немесе кірпіштен, не болмаса пластиктен, ал одан жоғары (төбеге дейін) – сынбайтын мөлдір материалдан жасалады. Аралық қабырғаға екі жағы шыныланған декоративтік металл тор орнатылуына жол беріледі. Аралық қабырғаның (сол немесе оң) шеткі бөліктеріне күдіктіні немесе айыпталушыны өткізу үшін металл немесе басқа берік материалдан жасалған құлыпталатын есік орнатылады. Мүмкіндік болған жағдайда, жолығысуға арналған үй-жайға екі бөлек есік орнатылады: біреуі – туыстарға, басқасы – күдіктілер мен айыпталушыларға. Жолығысу бөлмесінің терезе ойығына металл тор қойылады. Үй-жайдың келушілер жағында бақылаушылар орны әңгімелерін бақылау, ескерту және сөйлесулерін тоқтату үшін және тікелей кезекшімен байланысу үшін телефонмен жабдықталады. Бөлме қабырғасына сағатымен, бақылаушының орны күзет-дабыл сигнализациясы тетігімен және өзге де күзеттің техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
119. Егер үлестіру жылыту үй-жайы режимдік корпуста жайғастырылған болса, камералардан оқшауландырылады. Асханадағы барлық шанышқыш және кескіш заттар кезекшіде сақталынатын тізбе бойынша есепке алынады.
120. Автомашиналарды кіргізуге арналған тергеу изоляторының кіріп-шығу қақпалары темірден, есіксіз жасалады, шлюзі бар және электр моторларының күшімен іске қосылады.
121. Камералар мен карцерлердің есіктері қалыңдығы 6 сантиметрден кем емес тақтайлардан жасалынады және ішкі жағынан қаңылтырмен жабылады немесе тілінген темірмен қапталады. Олар сыртқы жағынан киіз немесе поролонмен қабаттастырған дерматинмен қапталады. Басқа режимдік жайларда темірмен құрсаулап қапталған ағаш немесе темірден жасалған берік есіктер қойылады.
Камералар, карцерлер, режимдік корпусқа, душқа, дәретхана, кір жуатын орынға, шеберханаға, серуендеу алаңына, сондай-ақ изолятордан тергеу изоляторының әкімшілік ғимаратына кіретін есіктердің ортаңғы бөлігінде мөлдір органикалық әйнектермен шыныланған және дыбыс шығармайтын айналмалы резеңке қақпақпен жабылатын қарау саңылаулары орнатылады.
Камералар мен карцерлердің есіктеріне дәліз жаққа ашылатын желкөз орнатылады, желкөзді ұстап тұру үшін көлденеңінен кемер орнатылады.
122. Режимдік корпустардың кіреберіс есіктеріне арнайы немесе кодтық бекіту құрылғылары орнатылады. Бір пост учаскесінде орналасқан камералардың құлпы бір кілтпен ашылады. Біріңғай есіктер қатарына темір торлы есіктер қойылады.
123. Тергеу изоляторының режимдік, әкімшілік және шаруашылық үй-жайлары құлыптарының кілттері үш данада, тек тергеу изоляторына кіреберіс есіктің кілті қажетті данада жасалады. Кілттің бір данасы бақылаушылардың пайдалануында, екіншісі кезекшінің сейфінде болады, үшіншісі – резервтегі – мөр басылған күйінде қарумен бірге сақталады. Барлық кілттер осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысандағы изолятордың қызметтік кілттерін есепке алу журналына жазылады.
Қызметтік кілттерді пайдаланатын тергеу изоляторының қызметкерлеріне кілттерді қараусыз тастауға, сондай-ақ есікті ашқаннан немесе жапқаннан кейін қалдыруға жол берілмейді.
124. Тергеу изоляторлары үй-жайларының барлық терезелеріне торлар орнатылады.
125. Тергеу изоляторында электр жарығы пайдаланылады. Электр сымдары камераларда, карцерде электр шамдары төбедегі қуыстарға жасырын орнатылады. Қуыстар органикалық әйнектермен немесе басқа сынбайтын мөлдір материалдармен қоршалады.
Сөндіргіштер аталған үй-жайлардан бөлек дәліз жақ бетке орналастырылады. Тергеу изоляторының режимдік корпусының дәлізінде, камераларында және басқа да орын-жайларда күндіз жарық беретін шамдар орнатылады.
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
нысан
БЕКІТЕМІН
_________________________________
тергеу изоляторының бастығы
____________________________
қолы
20___ жылғы «____»___________
Тергеу изоляторының
ПОСТТАР ТАБЕЛІ
Пост сипаты
|
Пост нөмірі
|
Қайда
орналасқан
|
Күзет объектісі
|
Пост жабдығы
|
Ерекше белгілер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыртқы посттар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Уәкілетті тұлға
______________________________________________
лауазымы, атағы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________
қолы
20___ жылғы «__»__________
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |