Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы


Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі482.18 Kb.
#7714
1   2   3

Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi

      21. Қазақстанның Ұлттық Банкi тiкелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған біртұтас құрылымды бiлдiредi.


      Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және тексерудi жүзеге асырады.

      22. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнен және Қазақстанның Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің  2006.09.11. N 177 Жарлығымен.

      23. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құзыретiне:


      1) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;

      2) банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есептiң, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналымының, валюта операцияларын және олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда қызметтiң өзге де түрлерiне қатысты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;

      3) Қазақстан Республикасы Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын, сондай-ақ дизайнын айқындау, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарын шығару, банкноттар мен монеталардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру, сондай-ақ ескi және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;

      4) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау таралымын, қоспасын, шығарылатын мерзiмi мен күнiн айқындау;

      5) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;

      6) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;

      7) ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлеу;

      8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы шешімдер қабылдау;

      9) банктерде операциялар жүргiзуге сенiмхат берудiң тәртiбiн белгiлеу;

      10) алтынвалюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн айқындау;

      11) монетарлыққа жатқызылатын қызметтi айқындау;

      12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне ұсыну;


      13) алынып тасталды

      14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлігін қарау және бекiту;

      15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын және өзге де мүлкiн басқару тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;
      16) алынып тасталды

      17) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, оған ақы төлеудi, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi, бiліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды айқындау және бекiту;

      18) уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша оны қаржыландырудың жалпы сомасын бекіту;

      19) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық және өзге де ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қатысуы туралы шешiмдер қабылдау;

      20) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директораттың) құрамын бекiту;

      21) қызметiн реттеу мен қадағалау уәкiлеттi органға және Қазақстанның Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк бойынша нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлік есеп стандарттарын және оларға әдістемелік ұсынымдарды бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның келісiмi бойынша бекiту;

      22) банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға Қазақстан Ұлттық Банкінде банктiк шоттар ашудың шарттарын айқындау;

      23) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетін вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;

      24) Қазақстанның Ұлттық Банкi берген кредиттер бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау шарттарын айқындау;

      25) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;

      26) жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiлетiн бөлiнбеген таза кiрiс мөлшерiн белгiлеу;
      27) алынып тасталды

      28) банктер үшiн ең төменгi резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;

      29) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде инкассация бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгілеу;
      30) алынып тасталды

      31) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын есептi бекiту;

      32) Қазақстан Республикасы Парламентiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы жыл сайын ақпарат беру;

      33) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару бойынша шұғыл шешiмдер қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (өкiлеттi өкiл) (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi) айқындау;

      34) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы белгіленетiн шетел валюталарының тiзбесiн айқындау;

      35) бағалы қағаздар эмитенттерiнiң кредиттiк рейтингiсiнiң ең төменгi деңгейiн айқындау;

      36) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;

      37) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;

      38) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;

      39) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға реттелуi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту кiредi.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға әрi шешiм қабылдауға құқылы.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527 Жарлықтарымен. 

      24. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргiзедi. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi.


      Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырыстарын өткiзудi талап етуге құқылы.
      Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды.
      Басқарма шешiмi арасында Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам болуға тиiстi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге қайталап талқылау және дауысқа салу үшiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма жалпы санының үштен екiсiне тең дауыспен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
      Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппаратының орналасқан жерiне сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болу немесе өзге де дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы олармен телефон не басқа да байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келiсе алады. Қабылданған шешiм бойынша олардың кейiннен өз көзқарастарын растауы Басқарма қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
      Басқарма өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Басқарма мүшелерiнiң Басқарма отырысы талқыланатын мәселе бойынша Басқарма отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрiлген және осы отырыс басталғанға дейiн шешiмiн таппаған, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының, не оның орнын басатын адамның шешiмi жөнiнде түбегейлi келiспеушiлiктерi болған жағдайда, Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге де қызметкерiне жүктеуі мүмкiн.
      Басқарма отырысына енгiзiлетiн мәселелер бойынша материалдар қаулыны шығаруға (ресiмдеуге) тiкелей жауап беретiн, оларды алдын ала қарау үшiн Басқарма мүшелерiне Басқарма отырысы басталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей жiберетiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiмшесiне берiледi. Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қарауға неғұрлым қысқа мерзiм белгiлеуге құқылы.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады.

      25. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiн оралымды басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзырындағы мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды.


      Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң отырысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргiзедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Директорлар кеңесiнiң отырысы өтетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам айқындайды.
      Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi отырысының соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам, не Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi неғұрлым шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Директорлар кеңесiнiң кезектен тыс отырысын шақыруды талап етуге құқылы.
      Директорлар кеңесiнiң отырысына нақты мәселе бойынша қатысатын адамдар тобын (Директорлар кеңесi мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы айқындайды.
      Директорлар кеңесiнiң шешiмдерi отырыста да, сол сияқты сауалнама арқылы да қабылданады. Шешiмдер отырыста Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi, оның iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнындағы адам болуға тиiстi жағдайда Директорлар кеңесiнiң қатысып отырған мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Сауалнама арқылы қаралатын мәселелер жөнiндегi шешiм Директорлар кеңесi құрамының жалпы саны дауысының үштен екiсiмен қабылданады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Директорлар кеңесiнiң шешiмiн қайта талқылау және дауысқа салу үшiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Директорлар кеңесi қабылданған шешiмдi жалпы дауыс санының үштен екiсiмен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды. Кейбiр мәселелердiң жедел шешiлу қажеттiгiн ескере отырып, жекелеген жағдайда шешiм сауалнама арқылы қабылданады, ал Директорлар кеңесiнiң кейбiр мүшелерi қызмет бабымен iссапарда жүрген немесе олар басқа да дәлелдi себептермен болмай қалған жағдайларда, талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының олармен телефон немесе басқа байланыс құралдарын пайдаланып сөйлесу арқылы келiсуi мүмкiн. Қабылданған шешiм бойынша олардың өз көзқарасын кейiннен растауы Директорлар кеңесiнiң қаулысына қол қоюмен ресiмделедi, ал оларда түбегейлi келiспеушiлiктер болған жағдайда, қаулыға ескерту түрiнде ресiмделедi.
      Директорлар кеңесi өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Директорлар кеңесiнiң отырысында талқыланатын мәселе бойынша Директорлар кеңесiнiң мүшелерi түбегейлi келiспеушiлiктер білдiрсе, олар оны Директорлар кеңесiнiң отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрген және осы отырыс басталғанға дейiн қайтарып алмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмiмен Директорлар кеңесiнiң отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Директорлар кеңесi отырысы хатшысының қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге қызметкерiне жүктей алады.
      Директорлар кеңесiнiң отырысына енгiзiлетiн мәселелер жөнiндегi материалдар Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаулының шығарылуына (ресiмделуiне) тiкелей жауап беретiн бөлiмшесiне тапсырылады, ол мұны алдын ала қарау үшiн Директорлар кеңесiнiң отырысы басталардан кемiнде бес күн бұрын Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне жолдайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзiмiн белгiлеуге құқылы.
      Директорлар кеңесiнiң жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады.

      26. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң өкiлеттiктерi:


      1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң құрылымын, филиалдарын, өкiлдiктерiн, олар туралы ереженi, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының бөлiмшелерi, филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары басшыларының есебiн тыңдайды;

      3) "репо", "керi репо" операциялары және "овернайт" заемдары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есебiнiң құрылымын айқындайды;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының бөлiмшелерiне, филиалдарына және өкiлдiктерiне бюджеттi (шығыстар сметасын) бөледi;

      6) Қазақстан Ұлттық Банкi ұйымдарының бизнес-жоспарын және еңбекақы төлеу қорын бекiтедi;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнiнде, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ашу және жабу жөнiнде шешiм қабылдайды;

      8) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы бекiткен номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келiсiм бередi;

      9) қажет болғанда Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi алдын ала қарайды;

      10) өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететiн және (немесе) нарық инфрақұрылымының бөлiгi болып табылатын ұйымдардың құруға және оның қызметiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қатысуы туралы мәселенi шешедi;

      11) Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтер үшiн ақы түрлерiн және мөлшерiн бекiтедi;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген өзге мәселенi қарауға және шешiм қабылдауға құқылы.

      27. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi Парламент Сенатының келiсуiмен 6 жыл мерзiмге тағайындайды.


      Төраға Қазақстанның Ұлттық Банкiнiң атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржылық, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қатынастарда сенiмхатсыз Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы орнынан түсу туралы өзiнiң жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне екi ай бұрын берiп, орнынан түсуге құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметтен Қазақстан Республикасының Президентi босатады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.13. N 436 Жарлығымен.

      28. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы үшiн осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдiк шешiмдер қабылдау өкiлеттiктерiне ие, оның iшiнде:

      1) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң отырыстарын жүргiзедi;

      2) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiң құқықтық актiлерi, Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң қаулылары негiзiнде және/немесе оларды орындау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң қаулыларына қол қояды;

      3) республикада және шет елдерде өз құзыретi шегiнде Қазақстан Ұлттың Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнен сайланған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерiн тағайындайды және босатады;

      5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тағайындауы үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларына үмiткерлердi ұсынады;

      6) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымдар номенклатурасын бекiтедi;

      7) бекiтiлген номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды қызметтен босатады, көзге түскен қызметкерлердi көтермелейдi, тәртiптiк шаралар қолданады;

      8) Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары арасында мiндеттердi бөледi, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң, филиалдарының, өкiлдiктерi мен ұйымдары басшыларының жұмыс тапсырылған учаскедегi iстiң жай-күйi үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;

      9) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жалпы штат саны негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкi орталық аппаратының, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң штат кестесiн бекiтедi;

      10) жоғары кәсiби бiлiктiлiкке ие және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақы белгiлейдi;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң барлық мүлкi мен қаражатына билiк етедi, Қазақстан Ұлттық Банкi атынан сенiмхат бередi, мiндеттемелерге қол қою және сенiмхат беру тәртiбiн белгiлейдi;

      12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар (келiсiмдер, келiсiм-шарттар) жасайды;

      13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiн, филиалдарын, өкiлдiктерi мен ұйымдарын тексерулер және аудит жүргiзу нәтижелерiн қарайды;

      14) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі берген лицензияларды қайта ресімдеу және бұрын берілген лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды.


      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы (не Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiм қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешiм қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, филиалдарының және өкiлдiктерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.01.30. N 527 Жарлығымен. 

      29. Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасын тағайындау мерзiмiне қарамастан 6 жыл мерзiмге тағайындайды.


      Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi, өз құзыретi шегiнде құжаттарға қол қояды және сотта және басқа ұйымдарда iстерi қаралған кезде, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң қатысуы үшiн сенiмхат бередi.
      Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасымен келiсiлген жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынып, қызметтен кете алады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және өздерiне бөлiнген қызметтiк мiндеттерi негiзiнде мәселелер қарайды және шешiм қабылдайды.

      30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң басшылары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтетiн осы бөлiмшелер туралы ережелер негiзiнде жүзеге асырады.

 5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары

      31. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары (бұдан әрi - филиал) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей бағыну схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi, оған есеп бередi және өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

      32. Филиалдың Қазақстанның Ұлттық Банкi бекiткен құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн, олардың өкiлеттiктерi мен құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережеде айқындалады.

      33. Филиал өз қызметiнде жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарынан тәуелсiз және мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша оған ондай жауапкершiлiктi Қазақстан Ұлттық Банкi жүктеген жағдайларды қоспағанда, жауапкершiлiк атқармайды. Қазақстан Ұлттық Банкi филиалдардың мiндеттемелерi үшiн жауапкершiлiк атқарады.

      34. Филиал өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтiк құқықтық актiлерiн, Басқарма мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн, осы Ереженi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ереженi басшылыққа алады.

      35. Филиалды ашу және жабу тәртiбi, қызметiнiң мiндеттерi мен функциялары, филиал органының құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережемен айқындалады.

      36. Филиалдың қызметiне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бас сенiмхаты негiзiнде жүзеге асырады.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен. 

 6. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi

      37. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi және Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мүддесiн қорғайды және өкiлдiк етедi.

      38. Өкiлдiктердi ашу, жабу тәртiбi, олардың өкiлеттiктерi және құқықтық мәртебесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi туралы ережеде айқындалады.

 7. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары

      39. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанында құрылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.

      40. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қызметiн тоқтату және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi қабылдайды.

      41. Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi.

      42. Қазақстанның Ұлттық Банкi өзi құратын ұйымдарға қатысы бойынша уәкiлеттi орган, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органы ретiнде танылады.

      43. Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта құру, тарату тәртiбi мен қызметiнiң мәнi мен мақсаттары, құқықтық мәртебесi мен жарғылық құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, олардың жарғыларында, осы Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет