«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы»


-тарау. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды сатып алу және мерзімінен бұрын өтеу тәртібі



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі213.5 Kb.
#138674
1   2   3

7-тарау. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды сатып алу және мерзімінен бұрын өтеу тәртібі

 

73. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Бастапқы агенттердің келісімімен қысқа мерзімді ноталарды сатып алады не мерзімінен бұрын өтейді.

74. Ұлттық Банк сатып алынған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу және есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шот шеңберінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотын өз атына ашады.

75. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы Бастапқы агентпен қысқа мерзімді ноталарды сатып алу-сату мәмілесін жасау арқылы бағалы қағаздардың ұйымдасқан және ұйымдаспаған нарығында жүзеге асырылады.

76. Ұлттық Банктің ұйымдасқан нарықта қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы қор биржасының терминалы арқылы жүзеге асырылады және мәміле паспортымен ресімделеді.

Мәміле паспортында мынадай мәліметтер болады:

1) қысқа мерзімді ноталардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі;

2) қысқа мерзімді ноталардың шығарылған және өтелген күні;

3) қысқа мерзімді ноталардың саны;

4) бір қысқа мерзімді нотаның құны;

5) өтеу мерзімі;

6) операция көлемі (теңгемен жалпы сомасы);

7) өтеуге кірістілік (пайызбен көрсетілген);

8) мәміле күні.

Қысқа мерзімді ноталарды ұйымдасқан нарықта сатып алуды тіркеуді орталық депозитарий қор биржасының бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

77. Қысқа мерзімді ноталарды ұйымдаспаған нарықта сатып алу-сату мәмілесін тіркеу Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары ңегізінде жүзеге асырылады.

78. Қор биржасының бұйрығы немесе Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Бастапқы агенттің жеке шотындағы қысқа мерзімді ноталар санының жеткілікті болуын тексереді және олардың саны жеткілікті болған жағдайда, есеп айырысу аяқталғанға дейін қысқа мерзімді ноталарды оқшаулауды жүзеге асырады.

79. Қор биржасының бұйрығы немесе Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және орталық депозитарийдің позициясына есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.

80. Орталық орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде Ұлттық Банктің позициясынан орталық депозитарийдің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыра отырып, орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы тиісті растауды жібереді.

81. Орталық депозитарийдің позициясына ақша есептелгеннен кейін орталық депозитарий орталық депозитарийдің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және Бастапқы агенттің позициясына есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.

82. Орталық орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде орталық депозитарийдің позициясынан депоненттің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыра отырып, орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы тиісті растауды жібереді.

83. Орталықтың ақша аударымын жүзеге асыру туралы растауы негізінде орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды сатып алу-сату мәмілесін тіркеуді қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттің жеке шотынан есептен шығару арқылы жүзеге асырады және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін оларды эмитенттің қосалқы шотына есептейді.

84. Ұлттық Банк сатып алған қысқа мерзімді ноталар айналыс мерзімі аяқталғанға дейін толық немесе ішінара өтелуі мүмкін.

85. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуі туралы шешім Ұлттық Банктің Уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының өкімімен ресімделеді.

86. Қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуді тіркеуді орталық депозитарий Ұлттық Банктің Төрағасы орынбасарының қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу туралы өкімі негізінде қысқа мерзімді ноталарды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу және оларды орталық депозитарийдің қызмет көрсетуінен шығару үшін эмитенттің қосалқы шотынан есептен шығару арқылы жүзеге асырады.

87. Орталық депозитарий Ұлттық Банкке ұсынатын қысқа мерзімді ноталардың тиісті шығарылымын алда болатын өтеу туралы мәліметтерде мерзімінен бұрын өтелген қысқа мерзімді ноталар Ұлттық Банк сатып алған қысқа мерзімді ноталардың жалпы тізіміне кіргізілмейді, бөлек жолда көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкінің қысқа

мерзімді ноталарын шығару,

орналастыру, айналысқа шығару

және өтеу ережесіне

1-қосымша

 

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен



операциялар жасау тәртібі туралы

___ Шарт

 

Алматы қаласы

2005 жылғы «__» _________


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бұдан әрі - «Ұлттық Банк» деп аталады, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________ арқылы, бір жағынан және ______________________________, бұдан әрі - «Бастапқы агент» деп аталады, Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________ арқылы, екінші жағынан төмендегілер туралы осы Шартты жасады:

 

1. Шарттың мәні

 

1.1. Ұлттық Банк Бастапқы агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы «__»_______________ № ____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесіне (бұдан әрі - Ереже) және осы Шарттың талаптарына сәйкес Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен (бұдан әрі - операциялар) жүргізуге уәкілеттік береді.

 

2. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу тәртібі

 

2.1. Ұлттық Банк:

2.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қысқа мерзімді ноталарды орналастыру кезінде Бастапқы агенттің іс-әрекетін бақылау барысында алынған ақпарат туралы мәліметтерді жарияламауға;

2.1.2. Осы өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде Ережеге енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы Бастапқы агентке хабарлауға;

2.1.3. Бастапқы агентпен жасалған осы Шарт бұзылған жағдайда бұл туралы шартты бұзу күнінен бір ай бұрын Бастапқы агентті, сондай-ақ осы бастапқы агенттің барлық инвесторларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазбаша хабарлауға;

2.1.4. Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқа мерзімді ноталармен операциялар жүргізуге міндетті.

2.2. Ұлттық Банк:

2.2.1. Бастапқы агенттің қызметін бақылау мақсатында қысқа мерзімді ноталар нарығында олар жүзеге асыратын Бастапқы агенттің кез келген операциясы туралы қажетті ақпаратты сұратуға;

2.2.2. Ереженің талаптары бұзылған, сондай-ақ осы Шарттың 2.4.3-тармағы сақталмаған немесе Бастапқы агент сатып алынған қысқа мерзімді ноталарды төлеуге ақша аударудан ішінара бас тартқан жағдайда қысқа мерзімді ноталардың қатарынан болатын бес аукционынан бір жақты тәртіппен Бастапқы агентті шеттетуге;

2.2.3. Бастапқы агент немесе оның инвесторы қысқа мерзімді ноталарды төлеуге ақша аударудан толық бас тартқан немесе ішінара бас тартуды қайталаған жағдайда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Бастапқы агенттің брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қайтарып алған немесе тоқтатқан жағдайда осы Шарттың бір күнтізбелік жылы ішінде осы Бастапқы агенттің қол қою құқығынсыз Бастапқы агентпен жасалған осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

2.3. Ұлттық Банктің Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламауы салдарынан Бастапқы агенттің Ереже қағидаларын бұзуы қысқа мерзімді ноталардың аукционына қатысу жөніндегі Бастапқы агенттің құқықтарын Ұлттық Банктің шектеуі үшін негіз бола алмайды.

2.4. Бастапқы агент:

2.4.1. Осы Шарттың талаптарын сақтауға және Ереже мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқа мерзімді ноталармен мәмілелерді жүзеге асыруға;

2.4.2. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына қызмет көрсету үшін орталық депозитариймен Шарт жасауға;

2.4.3. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыруға қатысу кезінде орналастырудың толық аяқталғанына сенімді болуға міндетті. Орналастыру нәтижелерінің болмауына байланысты сатып алынған қысқа мерзімді ноталар үшін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау Бастапқы агентті оның міндеттемелерін орындаудан босатпайды;

2.4.4. Бастапқы нарықта аукционның баға жағдайына, сондай-ақ қайталама нарықта қысқа мерзімді ноталардың нарықтық бағасына әсер ету мақсаты бар бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларымен жазбаша немесе ауызша келісімге келмеуге;

2.4.5. Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге уәкілетті бөлімшесіне орналастыруға қатысуға арналған, қағазға басылып ұсынылған жағдайда, өтінішке қол қоюға уәкілетті тұлғалардың қолдарының үлгілерін ұсынуға;

2.4.6. Ақы төлеу күні қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы хабарлама алғаннан кейін бір сағаттың ішінде, бірақ Астана уақыты бойынша 19.00 сағаттан кешіктірмей сатып алынған қысқа мерзімді ноталар үшін ақы төлеуге қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуге;

2.4.7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның тарапынан Бастапқы агентке қолданылған санкциялардың барлығы туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті.

2.5. Бастапқы агент:

2.5.1. Ұлттық Банкке бұл туралы бір ай бұрын жазбаша хабарлай отырып бір жақты тәртіппен осы Шартты бұзуға құқылы.

 

3. Тараптардың жауапкершiлiгi

 

3.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.

3.2. Сатып алынған қысқа мерзімді ноталар үшін ақша уақтылы түспегенде Бастапқы агенттен әрбір кешіктірілген күн үшін төлемнің барлық сомасынан Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасының (жылдық пайызбен) екі есесінен аспайтын мөлшерде өсімпұл өндіріп алынады.

 

4. Форс-мажор

 

4.1. Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемелерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін табиғи апаттар, апаттар, өрт, электр энергиясын өшіру, байланыс желілерінің бұзылуы, жаппай тәртіпсіздік, ереуілдер, әскери іс-әрекеттер жататын дүлей күштің пайда болуы, қызмет түрлері осы Шарттар көрсетілгендерге тікелей және жанама тыйым салатын заң актілерінің, үкіметтің қаулылары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкімдерінің күшіне енуі, сондай-ақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына кедергі келтіретін шетел мемлекеттерінің мемлекеттік органдарының заң және өзге де актілерінің күшіне енуі және Тараптардың ерік-күшіне байланыссыз оқиғалар туындаған жағдайда, егер осындай жағдай туған сәттен бастап және байланыс болған жағдайда 10 күн ішінде дүлей күштен зардап шеккен Тарап екінші Тарапқа болған оқиға туралы хабарласа, сондай-ақ форс-мажорлық жағдайдың зардаптарын тез жою үшін оның тарапынан барлық мүмкіндіктерді қолданған жағдайда Тараптар өзінің міндеттемелеріне алған жауапкершіліктерді орындаудан босатылады.

4.2. Дүлей күштің объектісі болған Тарап дүлей күштің әсерінен болған іс-әрекет тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа хабарлауға міндетті.

4.3. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты зиян шеккен Тарап дүлей күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғалардың дәлелдерін, сондай-ақ келтірілген зиянның көлемін есептеуге байланысты кез келген құжатты талап ете алады.

 

5. Дауларды шешу тәртiбi

 

5.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.

5.2. Егер Тараптар келісімге келмеген жағдайда, барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сотта қаралады.

5.3. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелерді шешу кезінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

 

6. Шарттың қолдану мерзімі

 

6.1. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бір жыл ішінде қолданылады.

6.2. Осы Шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын Тараптардың бірде біреуі басқа Тарапты осы Шартты бұзу туралы өзінің ниетін білдіріп хабарламаса, онда осы Шарт әрбір күнтізбелік жылға ұзартылған болып есептеледі.

6.3. Тараптар осы Шартты кем дегенде бір ай бұрын басқа Тарапты ескерте отырып кез келген уақытта бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

 

7. Басқа талаптар

 

7.1. Осы Шарт төрт дана етіп жасалған: екі данасы мемлекеттік тілде және екі данасы орыс тілінде, әрқайсысының заң күші бірдей.

7.2. Осы Шартты орындау кезінде Тараптар Ережені және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

7.3. Тараптар осы Шартқа өзара келісім болған жағдайда кез келген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар жазбаша түрде ресімделуге және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.

 

8. Тараптардың мекен-жайы және деректемелерi

 

Ұлттық Банк Бастапқы агент

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкінің қысқа

мерзімді ноталарын шығару,

орналастыру, айналысқа шығару

және өтеу ережесіне

2-қосымша

 

Қысқа мерзімді ноталар бойынша сыйақы



ставкасын есептеу тәртібі

 

Рн - Рд                    365

---------- көбейтілсін   ------- 100-ге көбейтілсін

Рд                        То

 

мұнда: Рн - номиналдық құны

Рд - дисконтталған бағасы

То - айналыс кезеңі (күнмен).

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкінің қысқа

мерзімді ноталарын шығару,

орналастыру, айналысқа шығару

және өтеу ережесіне

3-қосымша

 

__________________

шығыс нөмірі

200__ жылғы «___»__________

__________________

(Бастапқы агенттің жіберілетін хат-хабарларды тіркеу журналы

негізінде шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі)

орналастыру нысаны (аукцион (қосымша орналастыру),

сату, жазылу)

 

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуға

өтінім

 

шығыс бойынша 200__ жылғы «__»____________№_________ (қысқа

мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптарын негізге ала

отырып шығарылым нөмірі көрсетіледі)

________________________________________________________,

(толық атауы мен оның дербес шоты)

Бастапқы агент ретінде көрінетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби

қатысушысы, ______________________жеке бірегейлендіру коды немесе

банктік бірегейлендіру коды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

__________ күн айналысқа шығару мерзімі және мынадай баға шарттары

бойынша _________ өтеу күні бар қысқа мерзімді ноталарын сатып

алуға дайын екендігін білдіреді:

 



Қысқа
мерзімді ноталар-
дың саны
(дана)

Бастапқы
агенттің
дербес
шоты
(Бастапқы
агенттің
немесе
оның
инвесто-
рының
дербес
шоты)

Бір
нотаның
номинал-
дық
құны
(теңге)

Номинал-
дық құны
бойынша
сатып алу
көлемі
(теңге)

Бір
нотаның
дис-
конт-
талған
бағасы
(теңге)

Дисконт-
талған
баға
бойынша
сатып
алу
көлемі
(теңге)

 

 

 

 

 

 

 

бәсекелес ұсыныстар

 

 

 

 

 

 

 

Жиын-
тығы

 

 

 

 

 

 

бәсекелес емес ұсыныстар

 

 

 

 

 

 

 

Жиын-
тығы

 

 

 

 

 

 

Басшы ______________ аты-жөні

Бас бухгалтер ______________ аты-жөні

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкінің қысқа

мерзімді ноталарын шығару,

орналастыру, айналысқа шығару

және өтеу ережесіне

4-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет