Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты



Дата23.02.2016
өлшемі40.55 Kb.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының

кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты


Инфляция (2005 жылғы қазан).

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес 2005 жылғы қазанда инфляция 1,0% болды, өткен аймен (2005 жылғы қыркүйекте – 0,8%) салыстырғанда төмендеді. Азық-түлік тауарлары 0,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,8%, ақылы қызмет көрсету – 0,9% қымбаттады.

2005 жылғы қазанда азық-түлік тауарларынан жұмыртқаға – 8,1%, сүт және сүт өнімдеріне – 3,2%, ет және ет тағамдары – 0,9 %, балық және теңіз өнімдеріне – 0,9% өсуі тіркелді. Жеміс-көкөніс өнімі 1,4%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында негізгі баға өсімі бензинге - 1,3% (жыл басынан бастап 24,0%), дизель отынына – 12,3% және мазутқа - 10,0% тиесілі. Бұдан басқа, киім және аяқ киім - 1,0%, үйде қолданылатын заттар – 0,6 %, жеке гигиена тауарлары және маталар – 0,3% қымбаттады.

2005 жылғы қазанда ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге бағаның өсуі 0,7%, ең бастысы газбен жабдықтауға – 3,8% және тұрғын үйді ұстауға – 0,8% бағаның өсуі нәтижесінде болды. Сондай-ақ бағаның өсуі білім беру саласында – 3,1% байқалды, мәдениет мекемелері көрсететін қызметтер - 1,1%, денсаулық сақтау қызметтері – 0,9%, көлік қызметтері – 0,6% қымбаттады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап инфляция – 6,0% (2004 жылғы қаңтарда-қазанда – 4,9%) болды, азық-түлік тауарлары 5,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%, ақылы қызмет көрсетулер – 7,3%-ға қымбаттады.

2005 жылғы қазанда инфляция жылдық көрсетуде 7,9% (2004 жылғы желтоқсанда – 6,7%) болды.

Валюта нарығы (2005 жылғы қазан)

2005 жылғы қазанда теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша әлсіреуі байқалды.

Бір ай бойы теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 доллар үшін 133,57 теңге – 134,23 теңге диапазонында өзгерді. Осы кезең үшін теңге 0,28%-ға нашарлады және қазан айының аяғында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 134,21 теңге болды. Жыл басынан бастап теңгенің АҚШ долларына номиналдық құнсыздануы 3,24% болды.

Әлемдік валюта рыноктарында доллардың еуроға бағамының нығаю үрдісі айдың аяғында 1,2036 (2005 жылдан бастап доллар 11,27% нығайды) болды.

Халықаралық рыноктардағы өзгерістер теңгенің еуропалық валюта позициясына әсер етті, ол көп жағдайда доллардың еуроға бағамының арақатынасымен айқындалады. Айдың аяғында еуро бағамының түсуі жедел қарқынмен жалғасты, айырбас бағамы бір еуро үшін 162,86 - 159,40 теңге диапазонында өзгерді.

2005 жылғы қазанда орташа алғанда теңгенің ресми айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 133,83 теңге болды, еуро - 160,91 теңге және ресей рублі - 4,69 теңге болды.

Алдын ала деректер бойынша нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2005 жылғы 9 айда 2,6% өсті. Бұл ретте ТМД елдерінің валюталарына қатысты теңге 5% құнсызданды, ал басқа елдердің валюталарына – 6,5% нығайды.

2005 жылғы 10 айда теңге ресей рубліне қатысы бойынша нақты көрсетуде 3,2% құнсызданды, ал еуроға қатысты 12,4% нығайды. АҚШ долларына қатысты теңгенің нақты тиімді айырбас бағамы алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 1,1% құнсызданды.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары (KASE)

Қазанда Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықты қоса есептегенде қыркүйек айымен салыстырғанда 23,7% азайды және 859,5 млн. долл. (жыл басынан бері - 9,1 млрд. доллар) болды.

KASE қосымша сессиясындағы сауда-саттықтың қорытындылары бойынша ресей рублімен жасалған мәмілелер 7,2 млн. рубль болды, еуропа валютасымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Биржадан тыс операциялар

Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 11,1% өсті және 19 млрд.долл. (жыл басынан бері –14,6 млрд. долл.) болды.

Банктер арасындағы еуропа валютасымен жасалған операциялар көлемі қазанда қыркүйек айымен салыстырғанда 2,4 көбейіп, 10,6 млн. еуро (жыл басынан бері – 78,5 млн. еуро) болды.

Банкаралық ақша нарығы (2005 жылғы қазан).

2005 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 2005 жылғы қазанда банкаралық ақша нарығында өтімді құралдарды доллар депозиттеріне орналастыру бойынша банктердің белсенділігінің артуы байқалды.

Қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттердің көлемі 11,9% азайды және 286,0 млрд. теңге болды.

Орналастырылған банкаралық теңгедегі депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы қыркүйек айымен салыстырғанда 1,88%-дан 2,62%-ға дейін артты.

Валюталық қарыз алудың банкаралық нарығында банктердің АҚШ долларындағы банкаралық депозиттерге орналастыру бойынша белсенділігінің артуы байқалды. Ағымдағы жылғы маусымда доллардағы депозиттер 12,3 млрд. АҚШ долл. орналастырылды, бұл қыркүйектегі операциялар көлемінен 5,9% көп.

Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2005 жылғы қыркүйекте 3,66%-дан қазанда 3,76% дейін артты.

Банкаралық қарыз алудың басқа түрлері бойынша операциялар аз ғана көлемде жасалды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (2005 жылғы қазан)

2005 жылғы қазанда Қаржы министрлігі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді орналастыру бойынша аукциондар өткізген жоқ. Бұл ретте, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу 2005 жылғы қазанда сыйақы бойынша төлемдерді есепке алғанда 9,1 млрд. теңге болды. Нәтижесінде, қазанның аяғында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының айналыстағы көлемі бір айда 2,7% азайып, 283,5 млрд. теңге болды.

Ұлттық Банк ноталары эмиссиясының көлемі 2005 жылғы қазанда 2005 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 17,7%-ға 196,3 млрд. теңгеге дейін төмендеді, қысқа мерзімді ноталардың кірістілік деңгейі біршама (қыркүйекте 2,11%-ден бастап қазанда 2,15%-ға дейін) артты. 2005 жылғы қазанда сыйақы бойынша төлемді қоса алғанда, қысқа мерзімді ноталарды өтеу 195,3 млрд. теңге болды.

Қазанның аяғында айналыстағы ноталардың көлемі өткен аймен салыстырғанда 0,7% көбейіп, 196,3 млрд. теңге болды.



2005 жылғы қазанда репо, кері репо операциясы өткізілген жоқ. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша операциялары жүргізілген жоқ.


Статистика басқармасы

Бастығының орынбасары А. Қасымова
Орындаушы. Сидорова В.А.

Тел. 704-986
Каталог: cont -> import -> word
word -> Қазіргі уақытта Сіздер мынадай монеталарды сатып алуларыңызға болады
word -> Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескерткіш және мерейтойлық монеталары
word -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы №20 қаулысымен мақұлданған
word -> ҚҰб веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты Инфляция
word -> Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты Инфляция
word -> Банктер арасында және банктер мен банктік операциялардың белгілі түрін жүзеге асыратын ұйымдар арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен ақша аударымдары
word -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
word -> Қазақстан республикасы ұлттық банкінің АҚша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары
word -> АҚШ миллион долларларымен (кезеңнің аяғы) Шетел валютасымен есептелген ресми резервтік активтер және басқа активтер


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет