«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті Жалпы ережелер «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау»



жүктеу 96.4 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі96.4 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 мамырдағы

№ 407 бұйрығына

11-қосымша



«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 11342 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) бұйрығымен бекiтiлген «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді (бұдан әрі – төлем) тағайындау рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандартың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.

6. Көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішіндегі мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:

1) төлемді тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетті қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздеме болмаған жағдайда, төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;

төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

2) төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетті қарайды (төлем мөлшерін есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады,тағайындау үшін негіздеме болмаған жағдайда, төлем тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;

төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

3) төлем тағайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (төлем мөлшерін есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздеме болмаған жағдайда, тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;

қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жолдайды;

ЭЦҚ куәландырған кезде төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама автоматты түрде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберіледі;

Тағайындау туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде уәкілетті ұйыммен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

11. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді:

3) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты- жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркелген күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

4) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешімінің жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;

5) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.

12. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;

2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жібереді;

13. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі жүгінген кезде береді.

14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi тағайындау туралы алынған шешімдер бойынша бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге өтінім қалыптастырады. Уәкілетті ұйым қалыптастырылған өтінім негізінде бір жұмыс күні ішінде қызметті алушыға жерлеуге арналған біржолғы төлемді аударады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Жерлеуге арналған      


біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне         
1-қосымша           

Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)

Жүйелік-функционалдық бірліктердің атауы

Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)

Орындау мерзімдері

Келесі іс-қимылдың нөмірі

1

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы

Келіп түскенэлектрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау


ЭЦҚарқылыэлектрондық шешім жобасын куәландыру және жерлеуге арналған      
біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралыэлектрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу;



1 жұмыс күні

2

2

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы

Келіп түскенэлектрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау

ЭЦҚарқылыэлектрондық шешім жобасын куәландыру және жерлеуге арналған      
біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралыэлектрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші басшысына жіберу;



3

3

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Келіп түскенэлектрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау


1) Жерлеуге арналған      
біржолғы төлемді тағайындау (тағайындауданбастарту) туралышешімқабылдау;

2) Жерлеуге арналған      


біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жіберу;






«Жерлеуге арналған      


біржолғы төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету
регламентіне         
2-қосымша       

                   «Жерлеуге арналған   біржолғы төлемді тағайындау»



мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет