Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет3/20
Дата25.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#24130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Бәсекелестікті дамыту саласы

1. Дамытудың негізгі параметрлері

ДЭФ ЖБИ рейтингісінде Қазақстан «Нарық үстемдiгiнiң дәрежесi» көрсеткіші бойынша 68-орынды иеленді, 10 тармаққа көтерілді (78-ден 68-орынға, жоспарланған мәні 77-орын), «Жергiлiктi бәсекелестіктің қарқындылығы» бойынша – 9 позицияға (120-дан 11-орынға) жақсарылды, «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» бойынша – 94 орын сақталуда, «Қаржы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi» бойынша – 6 позицияға (59-орыннан 65-орынға) төмендеу байқалды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша заңнамалық деңгейде табиғи монополияларға қызметтің 45 астам түрін қамтитын 15 сала жатқызылды. Қызметтің 20 түріне мемлекеттік монополия енгізілді.

Бәсекелес орта тұтастай Қазақстан Республикасында монополияланудың орташа дәрежесімен сипатталады. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес монополиялану деңгейі 2012 жылы 0,58 балды (%), 2013 жылы оң серпін байқалды – 0,46 балл (%), жоспарланғаны 0,80 балл (%).

Экономикада неғұрлым монополияланған салалар электрмен жабдықтау, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (нарықта мемлекеттік мекемелердің қатысуы есебінен) және т.б. болып табылады. Бәсекелестік өнер, ойын-сауық, демалыс, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда сияқты және басқа да салаларда азды-көпті дамыған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бәсекелестіктің қарқындылық деңгейі 0,52 балды (%) құрады, 2013 жылы көрсеткіш 0,54 балды (%) құрады, жоспарланғаны 0,25 балл (%).

Сонымен бірге, кәсіпкерлік қызметте, оның ішінде бәсекелестік бастапқыда дамыған сегменттерде квазимемлекеттік сектордың болуының жоғары деңгейі байқалады. Талдау сауда-делдалдық қызмет, көлік қызметтері, сервистік сипаттағы қызметтер, құрылыс, типографиялық, баспа қызметі сияқты және өзге де бәсекелес нарықтарда мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындар қатысқанын көрсетті.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазіргі уақытта бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін бірқатар проблемалық (әлсіз) жақтар мен қауіптер бар.

Біріншіден, бұл жаңа компаниялардың нарыққа кіруі үшін кемсітушілік шарттар. Оған әртүрлі әкімшілік тосқауылдарды жатқызуға болады, олар жаңа қатысушылардың нарыққа кіру ынтасын төмендетеді, өндірістік емес шығындарды арттырады және сыбайлас жемқорлық пен «әкімшілік ресурстың» туындауына жағдай жасайды.

Екіншіден, сала өсімінің төмен қарқыны, тіркелген шығындардың көптігі, алынатын кірістің төмен деңгейі бәсекелестіктің қарқындылығына, жеткізілетін өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасына теріс әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке негізсіз қатысуы. Бәсекелестік үшін ықтимал проблема басқа нарық субъектілерімен бәсекелестік жағдай болатын салаларда мемлекеттік корпорацияларды құру мен олардың қызметі болып табылады. Мұндай субъектілердің қызметі олардың ерекше мәртебесі мен әкімшілік және саяси ресурсын пайдалану мүмкіндігіне байланысты барынша ашық болуы тиіс.

Төртіншіден, тұтынушылардың сұранысы мен сатып алу қабілеттілігі. Сатып алудың төмен көлемі, жоғары бағалар, салада сұраныстың төмен икемділігі де бәсекелестіктің қарқындылығына теріс әсер етуі мүмкін.

Бесіншіден. Экономикалық шоғырлануға бақылауды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің болмауы. Сонымен қатар, Министрліктің тауар нарықтарындағы ахуалды бақылау бойынша қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ өтінішхаттарды қарау уақыттарын, нарық субъектісі беретін құжаттар санын қысқарту мақсатында әділет, инвестициялар мен даму министрліктерінің, Салық комитетінің, акциялар тізілім ұстаушылардың дерекқорларымен және басқа да дерекқорлармен интеграциялану қажет.

Бұдан басқа, бәсекелестік саясатты іске асыруға байланысты бірқатар проблемалар бар.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық бұрынғыдай көп көлемде сақталып отыр.

2013 – 2014 жылдар кезеңінде бұзушылықтарды салыстырмалы талдау: 2013 жылы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар және нарық субъектілерінің келісімдері – 25, ал 2014 жылы 33-ті, үстем жағдайды теріс пайдалану бойынша 2013 жылы – 49, ал 2014 жылы – 38; жосықсыз бәсекелестік бойынша 2013 жылы – 53, 2014 жылы – 37; мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-қимылдары бойынша 2013 жылы – 43, 2014 жылы – 60 құрағанын көрсетті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің енгізілуіне байланысты ірі кәсіпкерлік субъектілері және мемлекеттік органдар тергеу жүргізу үшін негізгі объектілер болып табылады, себебі бірқатар жағдайларда мемлекеттің араласуы экономикалық тиімділікті арттыруға емес, керісінше төмендетуге әкелуі мүмкін. Мемлекеттік органдардың мүмкіндігі және тек оң жағынан ғана емес бәсекелестік күресте кеңінен пайдаланылып келеді.

Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерімен қатар, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзудың қауіпті түрі бәсекелестікке қарсы келісімдер (картельдер) болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық монополияға қарсы практикада мұндай бұзушылықтардың жолын кесу жағдайлары өте сирек, бұл оларды анықтау үшін қажетті құралдардың (жедел іздестіру іс-шараларының) жетіспеуімен түсіндіріледі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды талдау

Кәсіпорындардың қызметіне, сондай-ақ жалпы бәсекелестікті дамытуға әсер ететін негізгі ішкі факторларға мыналарды жатқызуға болады: әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық факторлар. Мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге негізсіз араласуы, оның ішінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің ықтимал белгілері, бизнес-ортаға әкімшілік жүктемелер, тұтастай алғанда бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігі әкімшілік сипаттағы факторларға жатады. Экономикалық фактор кредиттік, еңбек ресурстарының қолжетімділігін, кәсіпкерлікке инновациялық технологияларды қолдануды және т.б. қамтиды. Кәсіпкерлік белсенділікті әлеуметтік факторларға жатқызуға болады, ол шығарылған өнімдердің сапасын жақсартудан, оның ассортиментін кеңейтуден, жарнамалық, маркетингтік акцияларды өткізуден, яғни өз өнімдерін ілгерілетудегі белсенділігінен көрінеді. Соңында, негізгі құралдарға (үй-жайларды, жабдықтарды жалға алу) қолжетімділік, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерге кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету де бәсекелестіктің даму дәрежесіне әсер ететін инфрақұрылымдық факторларға жатады. Институционалдық сипаттағы факторларға табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау аясындағы нормативтік құқықтық басазын жетілдіруді жатқызуға болады.

Қазақстанның Кеден одағына кіруі отандық кәсіпкерлердің Кеден одағына қатысушы елдердің кәсіпкерлерімен бәсекелесу қабілетіне әсер ететін негізгі сыртқы фактор болып табылады. Осыған байланысты қазақстандық бизнес үшін елдің ішкі нарықтарында да, одан тыс жерлерде де бизнес жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Қазақстан үшін Кеден одағына жұмыс істеу бұл, әсіресе, Белоруссия мен Ресей инфрақұрылымына кемсітусіз қолжетімділікті орнату, үшінші елден импортты қысқарту болып табылады. Маңыздысы – бұл бизнес құрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.


Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу саласы

1. Негізгі даму параметрлері

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңнамаға сәйкес 2014 жылы табиғи монополиялар салаларында 1627 реттелетін қызметтерді көрсететін 1186 табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – ТМС), оның ішінде:

537 – су кәрiзі жүйелерi саласында;

438 –энергетика саласында;

173 – көлік саласында;

38 – мұнайды және газды тасымалдау саласында өз қызметін жүзеге асырады.

Заңнаманы жетілдіруді ескере отырып, инвесторларды тарту мақсатында 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірлік электр желілік компаниялардың салыстырмалы талдау әдісі (бенчмаркинг) бойынша тарифтер енгізуі мүмкін болды. Шешімдерді қабылдау кезінде «адами факторды» барынша азайту осы әдістің артықшылығы болып табылады.

Алдағы уақытта реттеуді ынталандыру әдістерін кеңейту жоспарлануда.

Тұтынушыларды тарифтердің тұрақтылығы және болжамдылығымен қамтамасыз ету, инвестицияларды салу есебінен активтерді жаңғыртуға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін (орта мерзімді және ұзақ мерзімді) инвестициялық тарифтер бекітіледі.

Айталық, 2012 жылы инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің саны 59 құрады, оның ішінде 45 табиғи монополия субъектісі базалық болып табылады, 2013 жылы 92 табиғи монополия субъектісі шекті (инвестициялық) тарифтер бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 53 базалық, бұл 70 % құрайды. Тарифтерді өзгерту бойынша барлық қабылданған шешімдер инфляциядағы мақұлданған дәліз шеңберінде жүзеге асырылады.

2014 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте 2014 жылға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтерден инфляцияға үлес дәлізі мақұлданды, бұл 1,2 % құрайды, 2014 жылғы факт 0,51% құрады, 2013 жылғы факт 1,15%-ды құрады, 2012 жылғы 1,17%-ды құрады.

Сондай-ақ өткен жылдар бойы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер бағаларының өсуі инфляция қарқынынан аспай, неғұрлым төмен деңгейде болғанын статистика деректері айғақтайды. Электр энергиясының бағасына қатысты генерация саласын жаңғырту бүгінгі күні елдің энергияға тәуелділігінен арылуға мүмкіндік береді.

2013 жылы су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласындағы табиғи монополияның негізгі субъектілері тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер бойынша жұмыс істеді.

Бұдан басқа 2013 жылы 12 базалық табиғи монополия субъектісіне шикізат және материалдар нормалары оңтайландырылды, бұл 16 % (жоспарланғаны – 8 %) құрайды.

2. Негізгі проблемаларды талдау.

Табиғи монополиялар салаларында өндірістердің тозуы және технологиялық артта қалушылық проблемасы және осыған байланысты төмен тиімділік және ысыраптар орын алып отыр.

2014 жылы коммуналдық сектордағы табиғи монополиялардың барлық салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орташа есеппен 60-65 %-ды құрайды. Тұтастай алғанда 2010 – 2012 жылдарға арналған коммуналдық сектордың базалық субъектілері бойынша тозудың көрсеткіш серпіні оның төмендеуі (жылына 1 %-ды көп емес) үрдісін дәлелдейді.

Негізгі құралдардың жылдар бойы тозуын тариф арқылы тез арада шешу мүмкін болмай отыр, өйткені бұл реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өсуіне алып келеді.

Тұтынушылар ресурсының шектеулі екенін ескере отырып, активтерді ауқымды жаңғырту үшін ТМС-ның қарыз қаражатын тартуы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өндірістік активтердің жай-күйлерімен субъектілер желілеріндегі шығындардың жоғары деңгейлерінің өзара байланыстылығы проблема болып қала беруде. Сонымен бірге әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда нормативтік техникалық шығындардың жоғары деңгейін атап өту қажет.

Есепке алу аспаптарымен жарақтандыру әлі де проблемалық мәселе болып отыр. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен орташа жарақтандыру шамамен 41 %-ды, суды жеке есепке алу аспаптарымен жарықтандыру орташа есеппен 85 %-ды құрайды.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды талдау

Субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру үшін ынталандырулар жасауға, тиімсіз шығындарды азайту қажеттілігіне, кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты проблемалық мәселелерді, сондай-ақ, егер олардың қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыру мүмкін болмаса, міндетті қызмет көрсетуге жататын тұтынушыларды айқындау және (немесе) оларды қамтамасыз етудің ең төмен деңгейін белгілеу табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар қызметін реттеуге ықпал ететін негізгі ішкі фактор болып табылады.

Әлемдік экономиканың жаһандануы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар қызметін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруге және үйлестіруге мүмкіндік беретін ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процестердің дамуы негізгі сыртқы әсер ету факторларына жатады.
Халықтың көші-қоны саласындағы саясат саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Көші-қон ахуалын талдау Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестеріне жоғары дәрежелі белсенділік тән екенін айғақтап отыр.

Осылайша, елде жыл сайын 1 миллионнан астам шетел азаматтары тіркеледі (2011 жылы – 1 миллион 354 мың, 2012 жылы – 1 миллион 87 мың, 2013 жылы – 988 мың).

2014 жылдың 6 айы бойынша 517 мың шетел азаматы тіркелді, бұл өткен жылдың аталған мерзіміне 10 %-ға көп (467 мың), сонымен «Бүркіт» БАЖ мәліметі бойынша елге 5,5 миллионнан астам шетел азаматтары келді (көбі транзит, елде 5 тәуліктен жоғары емес болатын және ішкі істер органдарында тіркелуден босатылғандар).

Сыртқы көші-қонның негізгі ағыны Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларына келеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.

2014 жылға арналған республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде квота белгіленген, ол 63 мың бірлікті құрайды.

Соңғы үш жыл ішінде шетелден тартылатын шетелдік жұмыс күші санының төмен үрдісі байқалады. Мәселен, 2010 жылы – 29,2 мың адам, 2011 жылы – 27,1 мың адам, 2012 жылы – 22,0 мың адам және 2013 жылы – 23,1 мың адам тартылған.

Жергілікті жұмыс күшінің сапалық құрамын арттыруға байланысты 2008 жылдан бастап (54 мың адам) шетелден тартылған жұмыс күшінің саны екі есеге қысқарған.

Бұдан басқа, 2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында Ресей Федерациясының аумағында Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында Ресей Федерациясы азаматтарының болу тәртібі туралы келісімге қол қойылды, оған сәйкес екі мемлекеттің азаматтары сапар мақсатына тәуелсіз екінші Тараптың аумағында күнтізбелік 30 күнге дейін тіркеусіз бола алады.

Шетелдіктерді дербес есепке алу қамтамасыз етілген, ол нақты уақыт режимінде ахуалды қадағалауға, рұқсат етілген болу мерзімі өткеннен кейін елден кетпеген шетелдіктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ішкі көші-қонды реттеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстандағы ішкі көші-қонның мынадай сипаттағы ерекшеліктері бар:

1) көші-қонның негізгі ағыны Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және батыс өңірге бағытталған;

2) көшіп-қонушылардың қолайлы өңірлерге тұрақты ағыны байқалады;

3) көші-қон ағынындағы негізгі үлес жастарға келеді;

4) көші-қон ағынының түйінді факторы білім алу және жоғары табыс табу болып табылады.

Ішкі көші-қон мониторингінің шамамен 80 % облысішілік көші-қонға және 17-20 % облысаралыққа жататынын айғақтайды.

Алматы мен Астана қалалары, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары ішкі көші-қонның тартылыс өңірлері болып табылады.

Кету Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Басқа өңірлерде өңіраралық көші-қон теңгерімі тұрақтандырылған.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Сыртқы көші-қон бойынша

Қазіргі уақыттағы негізгі проблема еңбек мигранттарының заңсыз көп бөлігі ел аумағында заңсыз көшетіндігі болып табылады, тіркеу кезінде олар сапардың жеке мақсатын көрсетеді және бірқатар жағдайларда жалған мекенжайлар бойынша тіркеледі, бұл олардың болуын бақылауды қиындатады, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды, сондай-ақ еңбек көші-қоны саласының қылмыстылығына ықпал етеді.

Заңды көшіп келу үшін жағдайларды жеңілдетумен қатар, заңсыз көші-қонның жолын кесу бойынша шаралар қабылданады.

Тоғыз елмен (Германия, Швейцария, Норвегия, Чехия, Латвия, Литва, Ресей, Өзбекстан, Беларусь) реадмиссия туралы шарттарға қол қойылды, тағы 15 мемлекетпен тиісті жұмыс жүргізілуде.

Сонымен бірге, тексерулерді ұйымдастырудың қолданыстағы тәртібі көші-қонды бақылау тиімділігіне теріс ықпал ететін, әсіресе, еңбек көші-қоны саласында заңсыз көші-қон проблемаларының бірі болып табылады.

Шетелдік жұмысшыларды заңсыз тартуды кез келген заңды немесе жеке тұлға жүзеге асыра алатынын ескере отырып, көші-қон заңнамасын сақтау тұрғысынан тексеруге жататын субъектілердің санын алдын ала айқындау мүмкін емес.

Құжаттары жоқ еңбекші көшіп-қонушылар бейресми ақша аударымдары ағымының көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы экономикасының тез дамуына байланысты еңбекші көшіп-қонушылардың танымал баратын жері болып табылады. Жыл сайынғы квоталар білікті жұмыс күшіне баса назар аударады, бұл ретте біліксіз жұмыс күшіне сұраныс елеулі болып қала береді. Бұдан басқа, шетелдік жұмысшыларды жалдау процесі мен рәсімдері ауыртпалық түсіреді, уақыт пен қаражаттың көп жұмсалуын талап етеді және бұл факторлар жұмыс берушілер мен жұмысшылардың ресми рәсімдерді ұстануын ынтыландырмайды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасында бейресми еңбекші көшіп-қонушылар санының ұлғаюына алып келді. Көшіп-қонушылардың құжаттандырылмаған мәртебесі оларды ресми ақша аудару арналарын айналып өтуіне мәжбүрлейді.

Бейресми бағалаулар бойынша Қазақстан Республикасында еңбек маусымы қызған уақытта бейресми еңбекші көшіп-қонушылардың саны 300 мыңнан 1 миллион адамды құрайды. Сондай-ақ, әрбір еңбекші көшіп-қонушы орташа есеп бойынша жылына шамамен 1350 АҚШ долларын аударғаны туралы ақпарат келтіріледі.

Сонымен қатар, ақша аударымдары көлемінің ұлғаюы әлеуетті қауіп төндіреді. Қаржылық мекемелер талап ететін жеке куәлігі әрқашан бола бермейтін еңбекші көшіп-қонушылар, сондай-ақ салықтар мен кеден баждарын төлеуден жалтарғысы келетін жеке және заңды тұлғалар, шекара арқылы қолма-қол ақшаны іс жүзінде тасымалдау сияқты бейресми ақша аударымдарының арналарын пайдаланады.

Сондай-ақ, республиканын шегінен маманды кадрлардың кету нәтижесінде Қазақстан үшін «білімдарлардың елден кетуі» өзектілендіріледі.

Бір жағынан бұған қызметкерлердің – Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) қатысушы елдер (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы) азаматтарының үш мемлекет аумағында еркін қозғалуы үшін жағдай туғызылуына ықпал етеді.

Ішкі көші-қон бойынша

Қазақстандағы ішкі көші-қон экономикалық белсенді халықтың ауылдардан және экологиялық қолайсыз өңірлерден экономикалық жағдайы анағұрлым қолайлы өңірлерге қарқынды қоныс аударуымен сипатталады, осылайша қабылдайтын өңірлердегі әлеуметтік шиеленісушілікке ықпал ете отырып, инфрақұрылымға жүктемені ұлғайтады.

Сондай-ақ, ішкі мигранттардың жаңа тұрғылықты орындарға бейімделуіне мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу мәселесі өзекті. Қалалардағы мигранттарды әлеуметтендіру үрдісінің айтарлықтай маңызды индикаторларының бірі олардың кәсіби саладағы жетістігі болып табылады. Яғни, ауыл мигранттарын қалаларда бейімдеу үрдісіндегі анықтаушы мағына, оларды еңбек нарығында бейімдеу, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін орынды иеленуі болып табылады.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы көші-қон бойынша

Заңды көшіп-келушілердің келуі мен тіркелуі тәртібін жеңілдететін, бірқатар халықаралық Келісімдер жасалды:

1) Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасында тіркелусіз 30 тәулік бойы болады (Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім);

2) Қырғызстан азаматтарын тіркеу 90 тәулікке ресімделеді және сол мерзімге ұзартылуы мүмкін (Азаматтардың келу тәртібі туралы келісім).

Жоғары аталған келісімдердің қабылдауынан бастап Қырғызстаннан және Ресей Федерациясынан мигранттардың ағыны көбейді.

3) БЭК аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы еңбек көші-қоны мәселелері 2010 жылғы 19 қарашадағы еңбекші көшіп-қонушылар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген келісіммен (бұдан әрі – Келісім) реттеледі.

Келісімді қабылдағаннан кейін, еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында елдер белгілеген жұмысқа орналасуға рұқсат алу рәсімдері алынып тасталды. Кеден одағы (Ресей және Беларусь) азаматтарының тіркелуі олармен келісілген еңбек шартының қолданылу мерзіміне жасалады.

Келісім күшіне енген кезден бастап БЭК қатысушылары мемлекеттер арасындағы еңбек көші-қоны ағынының ұлғайғаны байқалады.

Шетелдіктердің келуін және шығуын бақылау бойынша «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінің (БАЖ) мүмкіндіктері кеңейтілді.

48 экономикалық дамыған және саяси тұрақты елдің азаматтарына визаларды беру мен тіркеуді ресімдеу қолайлы режимде жүргізіледі (виза шетелдіктің жеке өтініші бойынша қазақстандық қабылдаушы тараптың шақыруынсыз, ал тіркеу – 90 тәулікке дейінгі мерзімге халықаралық әуежайларда шекараны кесіп өткен кезде ресімделеді).

С принятия вышеуказанных соглашений увеличился поток мигрантов с Кыргызстана и Российской Федерации.

Осылай, елге келу және кету сыртқы көші-қонға әсер ететін келісімдермен реттелген, олар елге және елден сыртқы көші-қонға әсер етеді.

Ішкі көші-қон бойынша

Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілді.

Агломерацияларды дамыту жөніндегі өңірлік және салалық бағдарламаларды үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 581 (Алматы қ.) және 2013 жылғы 18 маусымдағы № 611 (Астана қ.) қаулыларымен, сондай-ақ 2013 жылғы 1 қарашадағы №158 (Ақтөбе қ.) және 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/176-V (Шымкент қ.) Мәслихаттарының шешімдерімен Ірі агломерацияларды дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарлары бекітілді.

Агломерацияларды дамытудың негізгі стратегиялық міндеті – оларды әлемдік және өңірлік нарықтармен кіріктірілген ұзақ мерзімді өсу орталықтары ретінде қалыптастыру болып табылады.

Бұл ретте, моноқалалар және шағын қалалар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы алмасудың аралық буынына, ауылдағы қалалық мәдениеттің қайнар көздеріне, ірі агломерацияларға ауыл халқының шамадан тыс келуіне кедергі болатын көші-қон ағындарын реттеуге арналған «шлюздарына» айналуы тиіс.

Осылай, жоғарыда көрсетілген қаулылармен ішкі көші-қон ағындары реттеледі, экономикалық өсу орталықтары құрылады және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті дамиды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы

1. Негiзгi даму параметрлерi

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шаралар 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңмен реттелген.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың кейбір құқықтық тетіктері тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық ережелері бөлігінде құқықтық күшейтуге жататынын көрсетті.

Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұрақты негізде тиісті шаралар қабылдайтын барлық мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, бизнес қоғамдастық өкілдерінің басты міндеті болып табылады.

Сонымен қатар, сапалы тұтынушылық нарығы үшін жағдайлар жасау техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге негізделген.

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында стандарттау бойынша 66592-ге жуық нормативтік құжат бар, олардың қатарына халықаралық және өңірлік стандарттар, сондай-ақ басшылыққа алатын құжаттар, нұсқаулар, каталогтар және басқалары кіреді.

Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының жалпы саны 4 627 бірлікті құрайды, оның ішінде халықаралық талаптармен үндестірілгені – 3 323 бірлік (немесе 72 %).

Бұл ретте, халықаралық стандарттармен үндестіру көрсеткіші бойынша айтарлықтай үлес тамақ өнеркәсібіне тиесілі – 405 бірлік (64,6 % немесе 262 бірлік).

Жыл сайын менеджмент жүйесін сертификаттаған және енгізген, оның ішінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 және SA 8000 халықаралық стандарттардың негізінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны артып келеді.

Өнімге сәйкестік туралы бірыңғай сертификаттар мен декларациялар беруді Кеден одағының Сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі органдар жүзеге асырады.

Мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз етудегі өзінің негізгі міндетін орындай отырып, барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің техникалық регламенттерінде, нормативтік құжаттарында өнімдер өткізудің барлық сатысында сапасы мен қауіпсіздігі бойынша белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, бақылау-қадағалау қызметінің жүйесін реформалау, заңға бағынатын кәсіпкерлер үшін жоспарлы тексерулерді азайту қағидатының негізінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жүргізіліп жатқан жұмыстарының шеңберінде субъектілерді тексеруді жоспарлау тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін ескере отырып жүргізіледі.

Бұдан басқа, Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 1985 жылғы 9 сәуірдегі консенсусы қабылдаған «тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін басшылыққа алынатын 8 қағидатты» Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау жүйесіне енгізу мәселесі пысықталатын болады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың аталған қағидаттары көптеген мемлекеттер үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы қалыптастыру мен дамыту үшін негіз болып табылады.

2. Негiзгi проблемаларды талдау

Тұрғындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық сауаттылығының төмен болуы, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын іске бірдей асыру тетіктері жөнінде хабардар болуының жеткіліксіздігі, жалпыға бірдей тұтынушылық білім беру мен ағарту жүйесінің болмауы болып тұрғындар құқықтарының көптеп бұзылуын туындататын негізгі себептер табылады.

2014 жылғы қазан айы жағдайы тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілеттіктері толық көлемде іске асырылмай және әлеуеті қолданылмай отыр.

Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты қалыптасып отырған жағдай осы саладағы мемлекеттік және қоғамдық қадағалау тиімділігін жетілдіру мен арттыру қажеттігін айқындайды.

Тұтынушылардың өз құқықтарын өздері қорғау жүйесін іске асыру мақсатында тұтынушылық сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысын жүргізу тұтынушылар құқықтарын қорғауды жетілдіру саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

2014 жылғы қазан айы жағдайы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, туризм және тағы да басқа салалардағы тұтынушылар жеткілікті қорғалмаған болып табылады. Бұл тұтынушылардың құқықтарының жиі бұзылуына алып келетін жүйелі проблемалардың болуына негізделеді:

1) қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер кәсіпқойлығының төмендігі, құзыретсіздігі, сондай-ақ төзімділіктің және азаматтарға ілтипаттың болмауы;

2) тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларының төмен мөлшері, ал жекелеген фактілер бойынша айыппұлдардың болмауы;

3) азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда белсенділік танытпауы.

Бұдан басқа, 2014 жылғы қазан айы жағдайы Қазақстанда 172 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік тіркелген, іс жүзінде 70-ке жуық қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктердің «де-юре» және «де-факто» арасындағы көрсетілген айырмашылығы негізінен олардың қызметтерін қаржыландырудың болмауына негізделген.

Қоғамдық бірлестіктердің өз қызметтерін жүзеге асыруға және дамытуға арналған қажетті қаражаттының болуы олардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуінің маңызды шарты болып табылады.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері азаматтық қоғамның ұйымдасқан құрылымдық элементі ретінде жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін айтарлықтай ресурсқа ие. Тәуелсіз тұтынушылар қоғамдастығын дамыту үшін олардың құқықтарын кеңейту және осылайша бірлестіктерді қоғамдық қатынастарға пәрменді тарту талап етіледі.

Бұдан басқа техникалық реттеу саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеуі мәселелерінің өзекті екендігін, техникалық регламенттерді бейімдеу және енгізу тиісті деңгейде жүргізілмейтінін, Стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды (жалпы техникалық талаптар, сынақ әдістері) әзірлеуге берілетін жиынтықтың жоқтығын, ғылыми негізделген статистикалық деректердің және техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану үшін сынақтардың жоқтығын, аккредиттеу нәтижелерін танудың және халықаралық деңгейде сәйкестікті бағалаудың жоқтығын атап өту қажет.

2014 жылғы қазан айы жағдайы стандарттар мен әдістемелердің болмауы салдарынан тұтынушыларға арналған таңбалауда (ақпаратта) көрсетілген көптеген тамақ өнімдерінің (сүт өнімі, шырын, шұжық өнімдері және тағы басқа) құрамы бойынша олардың түпнұсқалығын айқындау проблемасы орын алуда. Әсіресе осы проблема жүргізіліп жатқан интеграциялық процестердің шеңберінде өзекті (Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, алдағы уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру).

3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау, әртүрлі мемлекеттік құрылымдарға бекітіліп берілген мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын іске асырудың үйлестірілген жүйесін құру саласындағы қатынастарды тікелей және жанама реттеу әдістерін қосу қағидаттарында құрылды. Алайда уақыт өте келе тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың «өзін-өзі реттейтін» тетігін құру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Тұтынушылар нарығын сапасыз және жалған тауарлармен (өнімдермен) толтыру сыртқы факторларға жатады, осының салдарынан өткізілетін тауарлардың және ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне тұтынушылардың құқығы қамтамасыз етілмейді, адамдардың өмір сүру сапасы нашарлайды. Адал өндірушілер мұндай өнімді өндіру және өткізу мүмкіндігінен айырылады, бұл мемлекеттің экономикалық өсуінің баяулауына алып келеді. Осыған байланысты әкімшілік-құқықтық рәсімдерді және тұтынушылар мен өндірушілерді контрафактілік және жалған өнімдерден қорғау тәсілдерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер тарапынан міндетті талаптарға сәйкес келмейтін шетел өндірушілері өнімдерінің тұтынушылар нарығына келіп түсуіне жол бермеу; Қазақстан аумағында контрафактілік және жалған өнімдерді өндіруді және өткізуді, сондай-ақ сапасыз және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын қызметтерді ұсынуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдануы тиіс.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүргізіп жатқан іс-шаралар жалпы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын және инфекциялық және паразиттік аурулар деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша республикада тұрақты эпидемиологиялық ахуал байқалады. Халықтың обамен, тырысқақпен, туляремиямен, күйдіргімен, паратифтермен, дифтериямен, полиомиелитпен сырқаттанушылық жағдайлары тіркелген жоқ. Іш сүзегімен, безгекпен, сіреспемен және трихинеллезбен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелген. 2012 жылмен салыстырғанда 31 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде: көкжөтелдің 3,1 есеге, геморрагиялық қызбалардың 47,2%-ке, эпидемиялық паротиттің 44,1%-ке, жіті вирустық гепатиттердің 34,1%-ке, оның ішінде А гепатитінің 40,9%-ке, В гепатитінің 18,6%-ке, риккетсиоздардың 39,1%-ке, дизентерияның 24,3%-ке, сальмонеллездің 17,1%-ке, жіті ішек инфекцияларының 13,0%-ке, тыныс ағзалары туберкулезінің 9,8%-ке, бруцеллездің 5,8%-ке төмендеуіне қол жеткізілді.

Шетелдік тәжірибені ескере отырып тұрақты негізде ұлттық екпелер күнтізбесі жаңартылып отырады. 2010 жылдан бастап пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияны кезең-кезеңмен енгізу басталды. 2015 жылы осы инфекцияға қарсы вакцинация республиканың барлық аумағында енгізілетін болады. 2013 жылдан бастап қазіргі заманғы тиімділігі жоғары вакциналар – вакцинадан кейінгі асқынулардың пайда болу тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін көкжөтелге қарсы ацеллюлярлы вакцина, полиомиелитке қарсы белсендірілген вакцина енгізілуде.

Әлемде, оның ішінде 2010-2011 жылдары Орталық Азия өңірі елдерінде полиомиелит бойынша эпидемиологиялық ахуалдың асқынуына байланысты уақтылы қабылданған шаралар Қазақстан Республикасының аумағына инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға мүмкіндік берді. Полиомиелитке қарсы профилактикалық екпелермен жоспарлы қамтудың оңтайлы деңгейі қамтамасыз етілді (егілуге жататын халықтың 95%-тен астамы). 2011 жылы Қазақстан Республикасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы полиомиелиттен еркін аумақ ретінде қайта сертификаттады.

Шекаралас елдердегі (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) безгек бойынша эпидемиологиялық қолайсыздыққа және ҚР аумағында эндемиялық аймақтардың болуына қарамастан, 2002 жылдан бастап республикада безгектің «жергілікті» жағдайларына жол берілген жоқ. Өткізілген іс-шаралардың арқасында 2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасын ДСҰ безгектен еркін ел ретінде ресми таныды.

2014 жылғы қазан айы жағдайы 64 инфекциялық ауруға тұрақты бақылау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шет елдерінен келетін адамдарға қашықтықтан дене қызуын өлшеуді қолдана отырып, мониторинг күшейтілді.

2014 жылғы қазанына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезінде тәуекелдер жүйесін бағалау енгізілді.

Қазіргі қоғамда санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселесінің ерекше жағдайына байланысты тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізуді ескере отырып, мониторингілеу жүйесіне өтумен жоспарлы тексерулерден бас тартуды көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін түбегейлі қайта қарау мәселесі пысықталуда.

Кәсіпкерлік субъектілерін жоспарлы тексерулер санын жоспарлы түрде қысқарту және тәуекелдерді бағалау мен басқаруға негізделген тексерулер жүйесіне көшу бойынша басталған жұмыс жалғасуда.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде тамақтануға тәуелді аурулардың алдын алуға бағытталған пәрменді шаралар қабылдануда.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру талап етіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіру, жүргізілетін зерттеулердің номенклатурасын кеңейту, зерттеулер жүргізу мерзімдерін қысқарту қажет, бұл санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары жүргізетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың жеделдігін арттыруға және сәйкесінше эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытқа дейін бірқатар уытты заттарға, жаңа пестицидтерге сыртқы орта объектілеріне бірқатар өзекті зерттеулердің жүргізілмейді, бұл қоршаған орта факторларына және олардың халық денсаулығына әсеріне объективті баға беруге мүмкіндік бермейді. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі жеткілікті дамымаған.

Аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды зертханалық диагностикалау бойынша нақты міндеттерді шешуге, сондай-ақ қоршаған орта объектілері мен факторларын зерттеуге бағытталған зертхана қызметін одан әрі өңірлік мамандандыру талап етіледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін қолданыстағы кедергілерді азайту және алып тастау мақсатында тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйесін, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және азайту бөлігінде одан әрі жетілдіру талап етіледі.

Қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестер, тауарлардың, адамдар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулері тіркелетін аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың (атиптік пневмония, құс тұмауы және тағы басқа) әкеліну қаупімен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделену тәуекелін арттырады.

Соңғы жылдары көбінесе вакцинациядан бас тарту проблемасы туындауда, республика бойынша жыл сайын ата-аналардың өз балаларын вакцинациялаудан 1000-ға жуық бас тарту жағдайы тіркеледі, бұл тұрғындардың инфекцияға сезімталдығы тәуекелінің артуына алып келеді және сәйкесінше вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулармен сырқаттанушылықтың (В вирустық гепатиті, дифтерия) тіркелу қаупі өседі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректеріне сәйкес тұрғындардың салауатты өмір салтын жүргізу және жеткілікті немесе салауатты тамақтанбауға (микронутриентті жеткіліксіздік және басқа да себептер) байланысты аурулардың профилактикасы мәселелерінде хабардар болуының, сауаттылығының және оларды уәждеудің жеткіліксіздігі денсаулығы төмен деңгейдегі ана мен бала өлім-жітімі себептерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, халықтың денсаулығын жақсарту мәселелері медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруді ғана емес, сондай-ақ аталған мәселелерде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды талап етеді.

2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде тамақтануға тәуелді аурулардың алдын алуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау

Қазақстан Республикасындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға мынадай сыртқы факторлар:

Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде аса қауіпті инфекциялардың таралуы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай;

адамдар, тауарлардың мен көлік құралдарының еркін қозғалысына байланысты интеграциялық процестер әсер етуі мүмкін.

Қызмет жұмысының санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мен тиімділігіне мынадай ішкі факторлар:


  1. қызмет органдары мен ұйымдарының нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіру және нормативтік техникалық құжаттаманы халықаралық стандарттармен үндестіру қажеттігі;

  2. жүргізілетін зертханалық зерттеулердің тиімділігі мен жеделділігінің жеткіліксіздігі;

  3. санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына заманауи инновациялық жұмыс әдістерін енгізудің жеткіліксіз деңгейі;

  4. медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, бірінші кезекте диагностикумдарды, тест жүйелерді шығару бойынша өндірістік базаны дамытудың жеткіліксіз деңгейі әсер етеді.

Тұтастай алғанда, республиканың аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекцияларды әкелу, сондай-ақ тұтынушылық нарықта қауіпсіз емес тамақ өнімдері мен азық-түлік өнімдерін (өнімдерді) өткізу инфекциялық аурулар өршуінің негізгі себебі болып табылады.
Бюджет саясаты саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы үшін бюджет тапшылығын және ЖІӨ қатысты мұнай емес тапшылықты төмендету жоспарлануда.

Қазақстан 2012 жылғы қорытындыларға сәйкес «Мемлекеттік бюджет сальдосы, % ЖІӨ» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 13-орынды иеленді, 2013 жылғы қорытындыларға сәйкес 9-орынды иеленді, 4 орынға жақсарды. Осы көрсеткіш бойынша қол жеткізілген жоғарғы деңгейін сақтау үшін ЖІӨ қатысты бюджет тапшылығын төмендету және Ұлттық қорындағы жинақтарын арттыру қажет.

Бюджетаралық қатынастар саласында

2011 жылы «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бюджетаралық қатынастар жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша зерттеу жүргілген.

Халықаралық тәжірбені ескере отырып Қазақстандағы бюджетаралық қатынастарына және бюджеттік жоспарлау бойынша заңнамаға өзгерістерге талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде тиісті негіздемелермен жалпы сипаттағы транстферттер Әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында 2013 жылы Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 886 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жетілдірілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде 2014-2016 жылдарға арналған субвенциялар мен алып қоюлар көлемдері есептелінді және республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 – 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (2013 жылғы 3 желтоқсандағы №149-V).

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелер бойынша

2011 жылғы «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы ауылдық елді мекендерді дамыту қаржылай қолдау бойынша шараларымен толықтырылды, бұл шаралардың шеңберінде жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге арналған республикалық бюджеттен ауылдық округтерге нысаналы трансферттерді беру түрінде жергілікті өзін-өзі басқаруға елеулі қаржылай қолдау корсеткен.

2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы әзірленген және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген (ЖӨБ Тұжырымдамасы). ЖӨБ Тұжырымдамасыны іске асыру бойынша 2013-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысымен бекітілген.

ЖӨБ Тұжырымдамасыны іске асыру мақсатында жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде төменгі деңгейдегі әкімдердің дербестігін кезең- кезеңімен және дәйекті күшейтуді көзделген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (2013 жылғы 13 маусымдағы
№ 101-V).

2013 жылғы төменгі деңгейдегі әкімдердің сайлау өтті, 2 457 әкімдер сайланды, барлық жаңадан сайланған әкімдерге қолма-қол ақшаны бақылау шоттар ашылды, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдар, ауылдық әкімдерге басқаруға коммуналдық мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары есебінен жеке кіріс көздерін қалыптастыру құқығы берілген.

2014 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, мұнда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап жергілікті өзін-өзі басқаруға қазіргі уақытта облыстық және аудандық бюджеттерге түсетін салықтардың 4 түрі бойынша түсімдерді беру оның ішінде:

- төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы (дара кәсіпкерлер);

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы;

- елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы қарастырылған.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстанның 2012 жылдағы жүргізіліп жатқан бюджет саясаты әзірленген мемлекеттік саясат шараларын тиімді іске асыруға және экономикалық өсудің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2012 жылғы 27 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген, Елбасының тапсырмаларын орындау үшін, 2012 жылы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, ұлттық компаниялармен жүргізілетін ақпаратты-имидждік шаралар санын қысқарту бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізілді, ол 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілді.

Қазақстандағы бюджет саясатының тиімділігіне орта және ұзақ мерзімді кезеңде теріс әсер етуі мүмкін проблемалар бар.

Бірнеше жылдар бойы мемлекеттің ағымдағы шығыстары мен міндеттемелерінің ұлғаю үрдісі байқалуда.

Бұл ретте кіріс базасының өсуімен сүйемелденбейтін салық салу саясаты перспективада ұлғайып бара жатқан міндеттемелерге сәйкес болмауы мүмкін. Ұзақ мерзімді кезеңде бұл мемлекеттік қаржының теңгерімсізденуіне алып келуі мүмкін.

Құрылымдық реформалардың аяқталмауына және жалғасуына байланысты Қазақстанда орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету өте қиын.

Сыртқы экономикалық тұрақсыздық жағдайында сапалы мемлекеттік жоспарлаудың өзектілігі артады.

Бұл ретте, бюджет қаржыларын басқарудың тиімділігін артыру үшін бюджет бағдарламасын бөлік құжат деп айқындайтын және оның форматын өзгеруін енгізетін нәтижеге бағытталған бюджеттеуді енгізу бойына жұмыс жалғасуда.

Бұдан басқа, қазіргі бюджет жүйесіне тән орталықтандыру бюджет жүйесіндегі теңгерімсіздікке әкеледі. Сүйемелдейтін (теңестіретін) сипатты ғана орындауға арналған өңірлерге берілетін нысаналы трансферттер жүйесі «екінші жергілікті бюджетке» айналды.

Нәтижесінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде жергілікті органдар дербестігі мен жұмысының тиімділігі төмендейді.

Жергілікті бюджеттердің нысаналы трансферттеріне тәуелділігін төмендету мақсатында 2014-2016 жылдарына жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттердің шығындар есептемесіне бұдан бұрын республикалық бюджеттен қаржыландырылған (40 аса нысаналы трансферттер) тұрақты сипаттағы нысаналы ағымды трансферттер енгізілді.

Даму бюджеті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаржыландыру аялары және көздерінің ара жігін ажырату бойынша мәселелер пысықталуда.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының жыл сайынғы өсуіне қарамастан, олардың нәтижелілігі төмендетеді.

Жеке инвестициялар мемлекеттік инвестициялармен алмастырылады, бұл да олардың тиімділігін төмендеуде.

Бюджеттік ресурстарды тиімді басқаруды іске асырылуы әртүрлі мемлекеттік органдарға бекітілген бағдарламалар санының көп болуы да қиындата түседі. Қаржыландыру бағыттары мен бағдарламаларды іске асыру құралдарының қайталануы орын алып отыр.

Бюджет қаржыларын басқарудың тиімділігін арттыру және мәселелерін шешу бойынша шараларын пысықтау нәтижесі бойынша 2013 жылы Мемлекет басшысы Жарлығымен Жаңа бюджеттік саясаты тұжырымдамасы бекітілді.

Жаңа бюджеттік саясаты тұжырымдамасы 2020 жылға дейін бюджет саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша негізгі тұжырымдамалық тәсілдерді айқындайды.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджет саясаты бірқатар қаржылық шектеулер негізінде қалыптастырылады.

2020 жылғы мемлекеттік бюджетінің тапшылығын ЖІӨ-ге 1,4 %-ға дейін төмендету көзделеді, бұл мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде, 2020 жылға ЖІӨ-ге 13,9 %-дан артық емес, сақтауға мүмкіндік береді.

Қаржыларын мұнай кірістерін жинақтау саясатының жалғасуын қамтамасыз ететін Ұлттық қорының шектеулі көлемінде қолдануды жоспарлануда.

Ұлттық қоры қаржыларын қолданудың тиімділігін арттыру және оның сақтағыш функциясын күшейту үшін Ұлттық қорындағы төмендемейтін қалдығы ЖІӨ-нің 20 %-дан 30 %-ға дейін артты.

Бюджет тұрақтығы үшін мемлекеттік кірістер өсімі алғашқы ретте мұнай емес секторы табыстарын арттыруымен қамтамасыз етілуі қажет.

Тапшылықты төмендету, мұна емес секторынан кірістерінің өсуі және Ұлттық қорын шектеулі қолдану 2020 жылы мұнай емес тапшылығын ЖІӨ-ге 2,8 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Одан арғы Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

2015 жылы бюджетті қалыптастырғаннан бастап шеңберінде бюджеттік өтінімдер құрылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер енгізілді (Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығы).

Лимиттерді еңгізуі шығыстардың тиімділігіне ықпал ететін арттыруға болады, өйткені мемлекеттік органдар ең жоғары нәтижеліліке қол жеткізуді негізге ала отырып жеткізілген лимиттер шегінде қаражаттарды өз бетінше бөлуі мүмкін.

Жаңа бюджеттік саясаты тұжырымдамасын іске асыру үшін бюджетті жоспарлау және орындау үдерісінде мемлекеттік органдардың дербестігін, қаржылық тәртіптілігін және жауапкершілігін арттыруға бағытталған түзетілер бюджет заңнамасына енгізілді.

Жалпы қолданылатын шаралар мемлекеттік қаржыларының тұрақтылығына, бюджет шығыстарының нәтижелігін арттыруға, экономикаға жеке инвестицияларды тартуға және тұрақты экономикалық өсімі үшін оңтайлы жағдайларын құруға жәрдем көрсетеді.

2015 жылғы қарашада нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау



Елдегі іскерлік белсенділіктің төмендеуі немесе ұлғаюы ЖІӨ өсуіне және республикалық бюджетке түсетін түсімдерге әсер ететін ішкі фактор болып табылады.

Әлемдік нарықтағы мұнай мен металдар бағасының серпіні Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі сыртқы фактор болып табылады.

Әлемдік экономикадағы экономикалық жағдайдың нашарлауы немесе жақсаруы республикалық бюджетке түсетін түсімдер деңгейіне, Ұлттық қорға және бюджет шығыстарының құрылымына әсер ететін айқындаушы сыртқы фактор болып табылады.
Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатының саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Мемлекет борышына жүргізілген талдау соңғы төрт жылдың ішінде мемлекеттік борыштың абсолютті және қатысты көрсеткіштерінің өсімін көрсетеді. Осылайша, ЖІӨ-ге қарағанда мемлекеттік борыштың қатынасы 2012 жылы – 12,7 % және 2013 жылы – 12,5 % және 2014 жылы 14,6% құрады.

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік борыштың құрылымында ең үлкен үлесті Үкіметтік борыш – 95,6 % құрайды, қалған бөлігі Ұлттық Банктің – 0,4 % және жергілікті атқарушы органдардың үлесіне тиесілі – 4 %.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес үкіметтік қарыз алу республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Жыл сайын үкіметтік борыш бағамдық айырмашылықты ескере отырып, қарыз алу есебінен тапшылықты қаржыландыру сомасына ұлғаяды.

Жалпы, үкіметтік борыш мөлшерінің шамадан тыс ұлғаюын болдырмау мақсатында жыл сайын жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда үкіметтік борыштың лимиті белгіленеді.

Бұдан әрі үкіметтік борышты қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мақсатында республикалық бюджет тапшылығының мөлшерін қысқарту жоспарлануда.

Әлемдік практикада мемлекеттік борыш тұрақтылығының ең жиі пайдаланылатын көрсеткіштерінің бірі ретінде борыштың ЖІӨ-ге қатынасы болып табылады.

Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері арасында қол қойылған Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісімге сәйкес мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 50 %-нан аспауы тиіс.

Бүгінгі күні қалыптасып отырған мемлекеттік борыш деңгейі қабылдауға лайық деңгейде және артуы елдің дамуына және экономика тұрақтылығына қауіп келтіретін шектерден шықпайды.

Әлемдік экономикадағы тәуекелдерді ескере отырып, Ұлттық қорға келіп мұнай секторынан түсетін табыстарды шектеулі пайдалану арқылы Ұлттық қорда қаражаттарды жинақтау жалғастырылатын болады.

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың валюта активтері жылдың басынан 3,91 %-ға ұлғая отырып, 73 562 миллион АҚШ долларын құрады.

2020 жылға қарай Ұлттық қор қаражаты 180,0 миллиард АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге қарағанда 32 % құрауы тиіс.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту тұрақсыз сипатқа ие және бірқатар шешуші проблемалардың болуымен ерекшеленеді, олардың көбі ұзақ сипатқа ие, бұл жетекші халықаралық ұйымдардың елдер аралық бағалауларымен расталады. Қаржы нарығының стагнациясы соңғы жылдар ішінде ішкі себептерден, сондай-ақ нақты сектор тарапынан шектеулерден пайда болды.

2011 жылдан бастап қаржылық дағдарыстан туындаған бірнеше жылғы стагнациядан кейін банк секторы өсімінің белгілі бір динамикасы байқалды. Алайда қаржылық делдалдық деңгейінің көрсеткіштері экономикадағы ресурстарды қайта бөлу және экономикалық агенттер тарапынан кредиттерге сұранысты қанағаттандыру бойынша банктердің жеткіліксіз тиімділігін куәландырады және сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысының туындауына алып келген проблемаларды шешу бойынша халықаралық бастамалар жағдайында реттеуді күшейтуді көрсетеді.

Активтердің төмен сапасы проблемаларын шешу үшін 2012 жылы банктер баланстарын «тазартудың» бірнеше тетіктері енгізілген. Бұл тетіктер проблемалық активтерді «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына сатуды, сондай-ақ банктер үшін қосымша салықтық міндеттемелерді туындатпай 2015 жылдың соңына дейін үмітсіз борыштарды кешіру талаптарын қарастырады. Кредиттік портфельдер сапасын жақсарту бойынша банктер жұмысын өзектендіру үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциалдық норматив ретінде банктер үшін міндетті 10 % деңгейінде жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары лимиті енгізілген.

Сондай-ақ, соңғы жылдары ондаған мың құрылыс объектілерінің, оның ішінде ғимараттар мен тұрғын үй құрылыстарының бұзылуына әкеліп соққан табиғи катаклизмдер жиілеп кетті.

Табиғи катаклизмдерді ескере отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру жүйесін енгізу бөлігінде заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленуде.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Әлемдік экономиканың нашар өсуі жағдайларында 2012 жылы ЖІӨ өсу қарқыны жоспарланған параметрлерден біраз төмен қалыптасты.

Мұнайға және металдарға әлемдік нарықтағы бағалардың серпіні Қазақстанның экономикасына әсер ететін негізгі сыртқы фактор болып табылады.

Экономиканың өсуінің қолайлы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген түйінді ішкі фактор, мемлекеттік және жеке секторларды тұтынудың өсуі есебінен тұтыну нарығындағы сұраныстың ұлғаюы болып табылады.

Сыртқы жағдайлардың салдарын нивелирлеу мақсатында ішкі көздер мен резервтер есебінен экономикалық өсуге басты назар аударылатын болады.

Бұдан басқа, экономиканың дамуына, әсіресе экономиканың шикізат емес секторына, сыртқы және ішкі инвестициялардың өсуіне ықпал етеді.
2-стратегиялық бағыт. Өңірлерді дамыту саясаты және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Өңірлерді дамыту саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері

Экономиканың дамуына әсер етудің маңызды тетіктерінің бірі мемлекеттің тиімді өңірлік саясаты болып табылады.

2011 жылы Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен мемлекеттің өңірлік саясатының «доктринасы» болып табылатын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) қабылданды, онда аумақтық (өңірлік) дамудың түйінді мәселелері бойынша мемлекеттің міндеттері баяндалған. Болжамды схеманы іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар бес жылдық кезеңге арналған аумақтарды дамыту бағдарламаларын қабылдады.

Жаңа өңірлік саясатқа сәйкес «бірінші деңгейлі» қалалар (агломерациялар), «екінші деңгейлі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан), «үшінші деңгейлі» қалалар (моно- және шағын қалалар), тірек ауылдық елді мекендер, шекаралас аумақтар - экономикалық аумақтарға сыныптау жүргізілді.

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымы қалыптасуда. Ол бірінші кезекте ірі қалалардың - Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары орталықтарымен агломерациялардың немесе елдік масштабтағы экономикалық өсу орталықтарының озық өсімі байқалады.

Экономикалық өсім орталықтары аралығында орналасқан және көліктік байланыстыты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағымдарының жоғарылауына, инновацияларды тарату, инфрақұрылымды дамыту арқасында қосымша өсім импульстарын алады. Сондықтан олар барлық өңірдің немесе елдің экономикалық өсімінің кеңістіктік қаңқасын анықтайтын даму біліктеріне (дәліздеріне) айналады.

Қазақстанның «екінші деңгейлі» қалаларына 14 қала, олардың 12 қаласы 12 облыстардың әкімшілік орталықтары, 2 қала – облыстық маңызы бар қалалар (Семей, Түркістан) болып табылады.

Сондай-ақ «Екінші деңгейлі» қалалар қаржылық, еңбек, өндірістік ресурстарды тартатын және өз өңірлеріне шоғырландыратын орталықтар болып табылады.

«Үшінші деңгейлі» қалалар 27 моноқала мен және 41 шағын қаланы қосады.

Ауылдық елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша даму әлеуеті жоғары АЕМ саны 1183 бірлікті, орташа даму әлеуеті бар АЕМ 5023 бірлікті, даму әлеуеті төмен АЕМ 463 бірлікті құрады.

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша Қазақстанның 14 облысының 12 өңірі шекара маңында орналасқан және ел аумағының үлкен бөлігін алып отыр. Бұл ретте Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы шамамен 13,2 мың км құрайды (Каспий теңізіндегі шекараларды есепке алмағанда). Қазақстанның шекара маңындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) елдерімен шекаралас облыстардың ауылдық аудандары тұрғындарының өмір сүру деңгейінде іргелес елдердің дәл осындай аудандарының даму деңгейінен аз ғана айырмашылығы бар.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметтік әл-ауқат және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – мемлекет және азаматтық қоғам институттарының дамуымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті тұрғындардың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлар мен шарттарға байланысты көп кезеңді және серпінді процесс.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте берген ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келетін әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ынтыландыру туралы тапсырмасын орындау үшін 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Дипломмен ауылға» жобасының шеңберінде 37 112 маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде 14 083 маманға жалпы сомасы 28,7 миллиард теңге бюджеттік кредиттер бөлінді.

Аумақтар категория нәтижелері бойынша өңірлік саясатқа басымдылыұтарына сәйкес өңірлердегі нағыз қажетті және перспективалы жобаларға мемлекет ресурстарын шоғырландырудың дайындық жұмыстары ы басталды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша өңірлердің арасында жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша айтарлықтай айырмашылықтар бар. Осылайша, 2013 жылдың қорытындылары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ 762,2 мың теңгені құраса, Атырау облысында 6473,4 мың теңгені құрады, яғни айырмашылық 8,5 есеге дейін жетеді.

Халықты ұзақ мерзімді жоғары өнімді жұмыспен қамтамасыз етпеу салдарларынан туындайтын және соның салдарларынан аз дамыған (депрессивті) аграрлық өңірлерден моносалалы (шикізаттық) экономикасы бар өңірлерге бақылаусыз көші-қонды туындайтын өңірлік дамудағы әлеуметтік теңгерімсіздіктер (мүмкіндіктердің теңсіздігі) өңірлерді теңгерімді дамыту жөніндегі негізгі проблемалар болып табылады.

Экономикалық өсу орталықтарын (қалалық агломерацияларды) стихиялық қалыптастыру кезінде елде «жалған урбанизация» нысанындағы елді мекендердің пайда болу қаупі орын алады, бұл әлеуметтік шиеленістің қосымша ошақтарының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Республиканың шағын қалаларына экономиканы әртараптандырудың төмен дәрежесі, қалалар бюджеттерінің субвенциялар мен бюджеттік трансферттерге жоғары тәуелділігі, халық табысының төмен деңгейі, өмір сапасының төмен болуы, халықтың көшіп кетуі, әлеуметтік шиеленістің мүмкін өсу үрдісі тән.

Өңірлік даму проблемаларына келесіні жатқызу қажет:

арзан әлеуметтік және жалдамалы тұрғын-үй нарығыныі жоқ болуы;

ауылдық жерлерде әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының жетіспеушілігі. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес ауылдық жерлерде әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілігі 17 688 адамды құрайды.

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша республикалық бюджеттен өңірлерге нысаналы трансферттер есебінен тек ірі объектілер ғана емес, жергілікті маңызы бар (балабақшалар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар және т.б.) инвестициялық жобалар да қаржыландырылады.

Жалпы елдің аумақтық ұйымдастыруындағы болып жатқан процестеріне қарамастан өңірлік саясатта бұрыңғы тәсілдер сақталуда, жекелей алғанда өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджеттік саясат). Осылайша, экономикалық өсу перспективасы және тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жеке елді мекендерді дамытуға бюджеттік қаражаттарды бағыттау тәжірибесі жалғасуда.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар.

Өңірлердің дамуына әсер етуі мүмкін факторлар әлемдік шикізаттың тауарлық биржаларында бағаның төмендеуі, қандай да бір облыс экономикасының бәсекеге қабілетсіздігінің салдарларынан жұмыссыздықтың артуы болып табылады.

Қазақстанның көптеген өңірлерінің экономикалық жағдайы әлемдік шикізаттың тауарлық биржаларындағы бағаларға тікелей байланысты: Қостанай, Қарағанды облыстары – темір рудасы, жентектер, қара металлургия өнімдері; Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары – түсті металлургия өнімдері; Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары – экономиканың мұнай-газ секторының өнімдері және т.б.

Ішкі факторлар.

Әлемдік, оның ішінде қазақстандық экономиканың қазіргі даму кезеңінде негізгі проблема халықты өнімді жұмыспен қамту болып табылады. Осыған байланысты агломерациялар мен жоғары әлеуеті бар елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін Индустрияландыру картасын, «Өңірлерді дамыту» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде оларды іске асыру құралдарын жетілдіруді ескере отырып шешу қажет.


Кәсіпкерлікті дамыту саласы

  1. Дамытудың негізгі параметрлері

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің пәрменді жүйесін жасау мен ұзақ мерзімге реттеу саясатын құру мақсатында реттеушілік ықпалды талдаудың (АPB) және бизнеске қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және жекелеген реттеу құралдарын (рұқсат беру жүйесі, мемлекеттік бақылау және қадағалау, ақпараттық құралдар, өзін-өзі реттеу) қоғамдық талқылаудың негізінде кезең-кезеңімен және жүйелі түрде норма шығаруды жетілдіруді көздейтін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына микро, шағын, орта және үлкен бизнес түсініктерін анық айыруға бағытталған өзгерістер енгізілді, микрокәсіпкерлік жаңа категориясы ендірілді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі бойынша реестрін жүргізу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің категориялары (шағын, орта, үлкен) туралы бірегей ақпарат көзін құруға бағытталған Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану тәртібін көздейтін «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданды. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеудің бірыңғай тәртібін анықтайтын «Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары» бекітілді.

Кәсіпкерлік субъектілерін жоспарлы тексеруді жоюды ескере отырып, тексеруді қауіп-қатерді бағалау негізінде ұйымдастыру мен аса жаңа тәсілдерді қолдануды, аудиторлық ұйымдардың тұжырымы негізінде салық төлеушілерді ерікті жоюды жеңілдетуді, кәсіпкерлер құқықтарын қорғайтын құзырлы институтты (бизнес-омбудсмен) енгізу арөылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ролін күшейтуді, өзін-өзі басқару элементтерін енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Елбасының кәсіпкерлік қызметті жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде тексерілуге тиіс кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың ревизиясы жасалып, 5228 талаптың 1810 немесе барлығының 34,6 % қысқарту бойынша қсыныстыр әзірленді.

Қазақстанның рұқсат беру жүйесіндегі бірқатар жұйелік проблемаларды, соның ішінде: рұқсаттардың әрдайым өсуін, жаңа рұқсаттардың негізсіз енгізілуін, рұқсат беру жүйесінде қауіп-қатерді бағалаудың қолданылмауын, рұқсаттардың тәртіпсіздігін (бірыңғай тәсілдердің жоқтығы) және рұқсат түсінігінің болмауы сияқты проблемаларды шешуге бағытталған «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Елбасы 2014 жылғы 16 мамырда қол қойды. Бұл ретте Заң оларды шешудің келесі жолдарын қарастырады: рұқсаттардың толық тізімі, жаңа рұқсаттар енгізуде реттеу ықпалының талдануы, қауіп деңгейі бойынша рұқсаттарды категориязациялау, рұқсаттарды үлгілік тәсілдерді арқылы классификациялау мен әмбебап рұқсат түсінігін орнату, лицензиялар мен өзге рұқсаттарды қоса алғанда. Заң кәсіпкерлердің рұқсат алу мәселелерін реттеуге бағытталған.

Үкіметтің кеңейтілген отырыснда Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында 2014 жылғы 30 маусымдағы Үкімет қаулысымен ҚР Парламентіне жеке компаниялар капиталында мемлекеттің қатысу мүмкіндігінің ресімдері мен айқын жағдайлар тізімін анықтайтын «Yellow Pages Rule» негізгі қағидаларын бекітетін заң жобасы енгізілді.

Осы саясатты іске асыру үшін бизнес жұргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 2012 жылы 53 орынды, 2013 жылы 76 орынды, 2014 жылы 77 орынды иеледі.

А.ж. 11 сәуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында 11 индикатор бойынша 54 іс-шарадан тұратын Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі бойынша 2016 жылға дейін алғашқы 30 елдің қатарына ену бойынша шаралар кешені бекітілді. Аталған іс-шаралардың жүзеге асырылуы ақырында Қазақстанға Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде озық позицияға қол жеткізуге, сонымен қатар әлеуетті инвесторлар алдында инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Одан басқа нақты реформалар бизнесті жүргізудің жекелеген мәселелері бойынша кәсіпкерлерге түскен ауыртпалықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалық ерекшелік жеке кәсіпкерліктің маңызды рөлін алдын ала анықтайды. ШОБ ол елдің даму көрсеткіштерін қалыптастыратын негізгі секторлардың бірі.

2012 жылы Қазақстанда 1 399 371 ШОБ субъектілері тіркелді, оның ішінде белсенді ШОБ субъектілерінің үлесі – 54,5 % (763 898 адам) құрайды, 2013 жылы – 1 541 885 ШОБ субъектілері, оның ішінде үлес – 56,5% (871 497 адам) құрайды, 2014 жылы – 1 655 386 ШОБ субъектілері, оның ішінде белсенді субъектілердің үлесі – 55,9% (926 844 адам) құрайды.

2012 жылы Қазақстана ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 2 383,3 мың адамды (жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 28%), 2013 жылы ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 8,1%-ға ұлғайды және 2 576,8 мың адамды құрады (жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 30%), 2014 жылы 4,5-ке ұлғайды және 2 810,9 мың адамды (жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 33%-ы) құрады.

2012 жылы ШОБ субъектілерімен 8 011,5 млн. теңгеге, 2013 жылы 9 019,7 млн. теңгеге, 2014 жылғы қаңтар-наурызда 2 360,7 млн. теңгеге өнім шығарылды.

Елбасының Жолдауының бағытының бірі шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы болып табылады.

Аталған тапсырманың шеңберінде Индустриалды-иновациялық даму бағдарламасын ескере отырып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын өзектендіру бойынша және орта разрядқа өту перспективасымен шағын бизнестің мамандығын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде моно, шағын қалалардағы, ауылдағы және өңірлердегі кәсіпкерлерді ИИДМБ басымдылығы бойыншам әртараптандырылған қолдау, моно, шағын қалаларда өндірістер құруға (дислокация, жарнама, тұрақты жұмыс орындарын құру) және ЭКСПО-2017-ге қатысушы кәсіпкерлер үшін шығындарды ішінара қайтару секілді жаңа қолдау құралы енгізілетін болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудан айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық нәтиже алынды, себебі 182 мың қолданыстағы жұмыс орны сақталды және 54 мың жаңа жұмыс орындары қосымша құрылды.

2011-2012 жылдары рұқсат беру құжаттарды (рәсімдерді) оңтайландырудың екі ретті кезеңі жүргізілді, рұқсаттарды 30%-ға қысқартуды көздейтін (жалпы 1100 астам рұқсаттардан 588 қысқартылды) Қазақстан Республикасының тиісті Заңдары қабылданды (2011 жылғы 15 шілдедегі № 461 және 2012 жылғы 10 шілдедегі №36-V). Осымен, азаматардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп келтірмейтін барлық рұқсаттар жойылды. Мемлекеттік бақылаудың қатаң түрін сақтап қалуды қажет еткен рұқсаттамалардың бір бөлігі (40) хабарлама тәртібіне ауыстырылды.

2013-2014 жылдары кезеңінде рұқсат беру құжаттарды (рәсімдерді) және хабарламаларды жүйелеу және оңтайландыру мақсатында, оларды кешенді түгендеу жүргізілді, оның нәтижелері 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында іске асырылды, онда рұқсаттар мен хабарламалардың толық тізімдері бекітілді, барлығы 737 құжаттар.

Осымен қатар, лицензия және рұқсат беру жүйесін реформалау барлық рұқсаттарды «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесі арқылы беру тәртібіне ауыстыру жолымен жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет