БИЖ-ді іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ақпарат инвестициялық ұсыныста салынған көрсеткіштер негізінде және/немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің байламы негізінде дайындалады.
БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы есепте құрылыс объектісінің баланс ұстаушысы, мемлекеттік меншік объектісін пайдалануға енгізу, мемлекеттік меншік объектісін уәкілетті органдарда тіркеу бойынша ақпарат көрсетіледі.
«Ескертпелер» бағанында ақпарат болмаған жағдайда осы ақпараттың болмауының себебін көрсету қажет.
БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат осы Қағидаларға
37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште ұсынылады.
203. Республикалық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған, бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті орталық уәкілетті орган береді.
204. Коммуналдық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған, бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы орган ұсынады.
205. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың
1 мамырынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.
206. Республикалық БИЖ-ді және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын тиісті орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын тиісті уәкілетті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
207. Іске асырылу барысы туралы есеп пен жиынтық анықтама электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде жыл сайын жылына бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей ұсынылады.
208. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу кезінде БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
209. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға
БИЖ-дің жылдық мониторингін ескере отырып БИЖ-ді іске асыруға бағалау жүргізеді және ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
210. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен қажетті ақпаратты дербес сұратады және алады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу кезінде қосымша есептілік нысандарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен қайтарылған жағдайда және/немесе БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша есепті пысықтау қажет болған жағдайда БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің ескертулерін ескере отырып жояды және есепті пысықтайды.
211. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 25 шілдесіне дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне ұсынады.
212. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау деректерінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы және болжанатын әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға БИЖ-ді тиімді жүзеге асыру шараларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізе алады.
4-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі
213. Инвестициялардың мониторингі тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, Инвестициялардың тиімділігін қадағалау мақсатында көрсетілген іс-шаралардың түпкілікті іске асырылу сәтіне дейін заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлесін) сатып алу, бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру жолымен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау болып табылады.
214. Инвестициялар мониторингі мыналарды:
1) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың барысы туралы ақпарат жинауды;
2) Инвестициялар есебінен заңды тұлға іске асыратын іс-шаралардың сапа көрсеткіштері мен тиімділік көрсеткіштерінің іс жүзінде қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (сандық көрсеткіштері), түпкілікті нәтижелерін (нәтиже көрсеткіштері), Инвестициялардың ҚЭН және (немесе) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында және (немесе) заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттарында жоспарланған тиісті нәтижелерімен салыстыру жолымен әрбір кезеңдегі қол жеткізілген шығындар мен іске асыру көлемдерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін талдауды;
3) есепті кезеңдегі орындалған жұмыстардың нақты және жоспарланған көлемдері мен қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпаратты қамтитын Инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есепті дайындауды қамтиды.
215. Инвестициялар есебінен іс-шараларды іске асыратын квазимемлекеттiк сектор субъектiсі бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісіне есепті кезең үшін Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылуын мониторингілеу бойынша есепті (бұдан әрі – квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебі) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (нақты көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқуы жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып), бір мезгілде соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептілікті, квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің стратегиялық даму құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебі ББӘ-ге тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін беріледі.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебінде:
1) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;
2) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңінің құны;
3) жарғылық капиталға мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларының төлеміне олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару кезінде акционердің (қатысушының) және директорлар кеңесінің шешімдері бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу мәліметтері;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері;
5) Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңін іске асыру кестесі;
6) іске асырылуы үшін Инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының деректемелері;
7) Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараны қаржыландыру схемасы;
8) нысаналы индикаторларға сәйкес Инвестициялардың ҚЭН-де қол жеткізілуі жоспарланған Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның сандық-сапалық көрсеткіштері;
9) квазимемлекеттік сектор субъектісінің жауапты орындаушысының деректемелері көрсетіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі есебінің әрбір парағына Инвестициялардың мониторингі және олардың іске асырылуы туралы есепті дайындау үшін жауапты заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ондайлар болмаған жағдайда – заңды тұлғаның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебіне заңды тұлғаның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды. Бұл ретте жауапты орындаушы, құрылымдық бөлімшенің басшысы және заңды тұлғаның басшысы ұсынылатын ақпараттың толықтығына және дұрыстығына жауап береді.
216. Есепті тоқсандағы Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылу мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі – ББӘ есебі) осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (нақты көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқуы жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып) ұсынады, бір мезгілде соңғы есепті кезеңдегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептіліктерін, заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
217. Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық Инвестициялар мен Инвестициялар бойынша ББӘ есебін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізеді.
Жергілікті Инвестициялар бойынша ББӘ есебін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізеді.
218. ББӘ есебінде:
1) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;
2) Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңінің құны;
3) жарғылық капиталға мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларының төлеміне олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару кезінде акционердің (қатысушының) және директорлар кеңесінің шешімі, бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу мәліметтері;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері;
5) Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңін іске асыру кестесі;
6) іске асырылуы үшін Инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының деректемелері;
7) ББӘ тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы ақпарат;
8) Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараны қаржыландыру схемасы;
9) Инвестициялардың ҚЭН-де қол жеткізілуі жоспарланған Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның нысаналы индикаторларға сәйкес сандық-сапалық көрсеткіштері;
10) ББӘ жауапты орындаушысының деректемелері;
11) ішкі бақылау қызметі анықтаған бұзушылықтар фактілерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат;
12) Инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай ақпараты көрсетіледі.
Тікелей нәтиженің көрсеткіштері Инвестициялардың ҚЭН-де жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда есепті тоқсандағы нақты орындалған сандық көрсеткіштермен айқындалады.
Жоспарланған сандық көрсеткіштер орындалмаған (толық көлемде орындалмаған) жағдайда орындалмау немесе толық көлемде орындалмау себептері көрсетіле отырып, белгіленген мерзімде орындалмаған (толық көлемде орындалмаған) іс-шаралардың нақты тізбесі айқындалады.
Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің көрсеткішін айқындау кезінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігіне нақты шығыстардың көлемін жоспарланған шығыстар көлемімен салыстырмалы талдау жүзеге асырылады, жоспарланғаннан іс жүзінде жүргізілген шығындардың ауытқу деңгейі айқындалады, ал нәтижелерге қол жеткізу тиімділігінің көрсеткішін айқындау кезінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігіне жоспарланған көлем іс жүзінде ұсынылғанмен салыстырылады.
Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралар бойынша әрбір объекті бойынша заттай мәнде жоспарланған және іс жүзінде жүргізілген жұмыстардың көлемі туралы ақпарат беріледі.
219. Тоқсанның қорытындылары бойынша орталық мемлекеттік органдардың және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметінің жобаларды іске асыру сатысында ықтимал бұзушылықтарды анықтау мақсатында объектілерге шығады.
Ішкі бақылау қызметінің қорытындысы анықталған бұзушылық фактілері туралы ақпаратты, сондай-ақ проблемаларды шешу және жою бойынша ұсынымдар мен шараларды қамтиды.
Анықталған бұзушылық фактілері туралы ақпаратты ішкі бақылау қызметі тиісті органның бірінші басшысына ұсынады.
220. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуы бойынша жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.
221. Республикалық Инвестициялар мен республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуы бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
222. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын Инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
223. Ішкі бақылау қызметінен анықталған бұзушылық фактілері туралы ақпарат алған орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына проблемаларды шешу тәсілдері мен қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынады.
224. ББӘ тиісті бюджетті жоспарлаған (нақтылаған) кезде Инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай ақпаратын ескере отырып, республикалық Инвестициялардың, жергілікті Инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылу мониторингінің нәтижелерін қолданады.
5-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібі
225. Инвестициялардың іске асырылуын бағалау заңды тұлға Инвестициялар есебінен іске асырған, ҚЭН-де көзделген іс-шараларды аяқтау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады және мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланғанға сәйкестігін айқындау бойынша шаралар кешенін қамтиды.
Инвестициялардың іске асырылуын бағалауды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүргізеді.
226. Инвестициялар есебінен іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау Инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырудың мақсаты болып табылады.
227. Инвестициялар есебінен іске асырылған іс-шараларды іске асыру тиімділігі осы Тәртіптің 46-қосымшасында белгіленген критерийлер бойынша айқындалады.
228. Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараны іске асыру тиімділігі мынадай:
1) К1 критерийінің 100%-на тең немесе одан асатын мәндерімен және К2, К3 критерийлерінің оң мәндерімен;
2) К1 критерийінің 100%-нан аспайтын мәндерімен және К2, К3 критерийлерінің теріс мәндерімен сипатталады. Бұл ретте есепті мәндердің қабылданғаннан елеулі (10 пайыздан астам) теріс бағытталған ауытқуы бюджеттiк инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараны іске асыру тиімділігінің төмен дәрежесі туралы куәландырады.
229. Инвестициялардың іске асырылуын бағалау:
1) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Инвестициялар есебінен іске асырылған іс-шаралар туралы ақпарат жинауды;
2) заңды тұлғаның Инвестициялар есебінен іске асырылған іс-шараларының нақты қол жеткізілген тікелей нәтижелерінің (сан көрсеткіштерін), түпкі нәтижелерінің (нәтиже көрсеткіштерін) сапа көрсеткіштері мен тиімділік көрсеткіштерін және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Инвестициялардың ҚЭН-де және (немесе) стратегиялық даму құжаттарында және (немесе) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында жоспарланған тиісті көрсеткіштермен салыстыру жолымен әрбір уақыт аралығында қол жеткізілген іске асыру мен шығындар көлемін, сондай-ақ қол жеткізілмеу себептерін талдауды;
3) Инвестицияларды іске асырудан экономикалық және экономикалық қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізуді ескере отырып, жетекшілік ететін саланың дамуына Инвестициялардың іске асырылуының ықпалын бағалауды (бұл ретте, бағалау нәтижелер көрсеткіштерінің және тиімділік көрсеткіштерінің критерийлері бойынша жүзеге асырылады);
Инвестицияларды іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ақпарат инвестициялық ұсыныста салынған көрсеткіштер негізінде және/немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің байламы негізінде дайындалады;
4) Инвестициялардың іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы есеп дайындауды көздейді.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері Инвестициялардың ҚЭН-де жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда есепті жылда іс жүзінде орындалған сандық көрсеткіштермен айқындалады.
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері қол жеткізілген тікелей нәтиженің мемлекеттік орган жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламасы мен саланың (аяның, өңірдің) мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ету деңгейін (дәрежесін) көздейді.
Түпкілікті нәтижені айқындау кезінде Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараларды іске асырумен байланысты саладағы жағдайдың өзгерісін көрсету қажет.
Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтің оны алушылардың талаптарына және көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкестік дәрежесін көрсетеді.
Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетеді.
230. Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ББӘ және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Қағидаларға 40-45-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 10 маусымынан кешіктірмей жыл сайын ұсынады.
231. Республикалық инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын тиісті орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
232. Жергілікті инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға тиісті уәкілетті жергілікті атқарушы орган ұсынады.
233. Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу кезінде Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаны тартады.
234. Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға Инвестициялардың іске асырылуын бағалауды Инвестициялардың жылдық мониторингін ескере отырып жүргізеді және ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 маусымынан кешіктірмей ұсынады.
235. Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен қажетті ақпаратты дербес сұратуға және алуға құқылы.
236. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізуге айқындаған заңды тұлғаға өз құзыреті шегінде қосымша есептілік түрлерін белгілеуге құқылы.
Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі қайтарған және/немесе пысықтау қажет болған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізуге айқындаған заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын ескере отырып жояды және есепті пысықтайды.
237. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.
238. Республикалық Инвестициялар мен республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Жергілікті Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 тамызына дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың әкімдіктеріне ұсынады.
239. Ағымдағы және жоспарланатын әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып, Инвестициялардың іске асырылуын бағалау деректерінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға Инвестицияларды тиімді жүзеге асыру шараларын іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізе алады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 8 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9938 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |