Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы


Техникалық-экономикалық негіздемені талап ететін



бет3/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#8742
1   2   3   4   5
. Техникалық-экономикалық негіздемені талап ететін

бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі

94. БИЖ іріктеуді және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ББӘ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.

95. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ББӘ БИЖ-ді олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі, растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес МИЖ инвестициялық ұсынысының оң экономикалық қорытындысын, БИЖ бойынша экономикалық қорытындыны ескере отырып, бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

96. Бекітілген БИЖ ТЭН-інің, БИЖ бойынша оң экономикалық қорытындының және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде БИЖ тиісті бюджет жобасына енгізіледі.

97. БИЖ олардың белгіленген тәртіппен бекітілген ТЭН-іне сәйкес іске асырылады.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы Үкіметі жасасқан қарыз шарты шеңберінде іске асырылатын БИЖ бойынша, егер қарыз шартында бюджет заңнамасында және бекітілген ТЭН-де көзделгеннен өзге тәртіп белгіленген болса, онда БИЖ-ді іске асыру қарыз шартында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

98. БИЖ іске асыру шеңберінде көзделетін құрылыс қызметі белгіленген тәртіппен бекітілген ЖСҚ негізінде жүзеге асырылады.


7-параграф. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді

талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды

қарау және іріктеу тәртібі

99. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ-ді қарауды осы Қағидалардың


2-тарауында айқындалған тәртіппен МИЖ инвестициялық ұсынысының негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

100. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ-ді іріктеуді және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ББӘ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.



101. Қазақстан Республикасының бюджет кодексінің 153-бабына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

102. Құрылыс қызметін болжамдайтын БИЖ-ге жер учаскесіне құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алынып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептерін қоса бере отырып) қоса беріледі.

103. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ТЭН әзірлеуді талап етпейтін ББӘ БИЖ-ін олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі, растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес МИЖ инвестициялық ұсынысының оң экономикалық қорытындысын ескере отырып, бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

104. МИЖ-дің инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тиісті бюджет жобасына енгізіледі.

105. Тиісті қаржы жылының бюджетіне енгізілген, ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бойынша ББӘ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ЖСҚ әзірлеуді қамтамасыз етеді.



106. Бірыңғай техникалық параметрлері бар БИЖ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үлгі жобаны әзірлеу жүзеге асырылады.

107. БИЖ іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану нақты құрылыс алаңына байланыстыру жолымен жүзеге асырылады.
8-параграф. Сметалық құнын ұлғайтуды болжайтын жобаларды

қарау және іріктеу тәртібі



108. ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ үлгі жобасында көзделмеген бюджеттен қосымша шығыстарға алып келетін қосымша құрамдауыштар енгізуге байланысты республикалық БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

109. ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ үлгі жобасында көзделмеген бюджеттен қосымша шығыстарға алып келетін қосымша құрамдауыштар енгізуге байланысты жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады

Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті БИЖ сметалық құнының ұлғаюы бойынша шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



110. ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрауыштарды енгізуге байланысты БИЖ-дің құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

111. Республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген БИЖ бойынша ЖСҚ әзірлеуге жол берілмейді.

112. Сметалық құнын ұлғайтуды болжайтын республикалық БИЖ-ді және стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті БИЖ-ді қарау осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

113. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгі жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті БИЖ-ді қоспағанда, жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын, нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын жергілікті БИЖ-ді қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

114. ТЭН түзетуді талап ететін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші кезең бойынша:

1) осы Қағидалардың 116-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайлардан басқа, ББӘ-нің БИЖ ТЭН-ді түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

2) тиісті бюджет комиссиясының ББӘ ұсынатын құжаттардың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының негізінде БИЖ ТЭН-ін түзетудің және БИЖ ТЭН-ді түзетуді қаржыландырудың (қажет болған жағдайда) орындылығын айқындау бойынша шешімі. Егер осы Қағидалардың 116-тармағының екінші абзацында қарастырылған жағдайларда, БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды қажет емес.

Бірінші кезеңде БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың


2-бөлімінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті БИЖ-дердің ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.

Осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді жергілікті БИЖ ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.

ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, БИЖ ТЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.

Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ТЭН мен жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін тиісті сараптаманың оң қорытындыларын, оның ішінде БИЖ экономикалық қорытындысын, жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытындысын (бар болған жағдайда) ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға мемлекеттік салалық уәкілетті органның және жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік сараптама қорытындылары және БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесін енгізеді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысымен және жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытындысымен қоса, түзетілген ТЭН бойынша БИЖ құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Екінші кезеңде:

сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;

сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.

Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.

115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең – ББӘ ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде ЖСҚ-ны түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

Екінші кезең – ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

Бірінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қол қойған өтінім-хат;

2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:

БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;

мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденеді;

қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген құнды (сметаны) ұлғайту қажеттілігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);

кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

аяқталмаған құрылыстың жай-күйі, оның ішінде оның құнының бағалануы, тәуелсіз техникалық аудит растаған орындалған жұмыстар актілері туралы мәлімет;

3) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;

4) бастапқы құнға жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысы;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығы немесе ББӘ бастапқы құнға бұйрығы;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың жоқтығы туралы актісі;

7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен расталған, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын, сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттама тізбесі;

8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;

9) жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы не орынбасарлары қол қойған, ресми хат нысанында ұсынылатын бұрын бекітілген БИЖ ТЭН-і мен ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы қорытындысы.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.

ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ЖСҚ-ға тиісті түзетулерді енгізеді.

Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ЖСҚ мен жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама қорытындысы, (бар болған жағдайда) ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға мемлекеттік салалық уәкілетті органның және жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытындысы және БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесін енгізеді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысымен және жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытындысы мен түзетілген ЖСҚ бойынша БИЖ құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Екінші кезеңде:

сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;

сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.



Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.

Егер, ТЭН-ді түзетуді қажет етпейтін БИЖ бойынша сметалық құнның өзгеруіне байланысты түзетілген ЖСҚ бар болса, БИЖ сметалық құнының ұлғаю сұрақтарын тиісті бюджет комиссиясының қарауына бірінші кезең мен екінші кезеңде қарастырылған құжаттарды ұсына отырып бір уақытта шығару мүмкін.

116. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеру себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік сараптамасын жүргізе отырып ЖСҚ-ға түзету жүргізіледі.

Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруін талап етпейтін, ақпараттық жүйенi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған БИЖ сметалық құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ге түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.



Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені тиісті бюджет комиссиясының қарауына осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен шығарады.

117. Егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, БИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.



118. Құжаттаманың толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың пайда болуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі адамдар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген БИЖ сметалық құнының ұлғаюы тұрғысынан қаралмайды.
9-параграф. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі мен мерзімдері

119. Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының толық инвестициялық кезеңiн ескере отырып, Инвестициялар ҚЭН-інде Инвестициялардың орындылығын растау, сондай-ақ жоспарланатын iс-шаралардың негiздiлiк және нәтижелiлiк өлшемдерiне сәйкестiгiн растау келтіріледі.

Егер бiрнеше көздерден қаржыландыру болжанатын жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-інде Инвестициялар сомасының негiздемесiн бөлiп көрсете отырып, барлық іс-шаралардың орындылығы және негiздiлiк пен нәтижелiлiк өлшемдерiне сәйкестігі ашылады.

120. Алушы не Қатысушылар не ББӘ инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуі немесе түзетуі мүмкін.

Инвестициялар ҚЭН-і мақсаттар мен міндеттері инвестициялық ұсынысқа сәйкес келеді.

121. Заңды тұлғаның даму мақсаттарына заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.

Шаруашылық қызметтің ағымдағы залалдарын жабу және ағымдағы шығыстарды қаржыландыру үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жол берілмейді.

122. Инвестициялар ҚЭН-і мынадай құрылымға сәйкес келедi:

1) Инвестициялар паспорты;

2) «Ретроспектива» бөлiмі;

3) «Институционалдық» бөлiмi;

4) «Негiздiлiк» бөлiмi;

5) «Нәтиже» бөлiмi;

6) қосымшалар.

Мұндай толықтыру мақсаттарды, міндеттерді, негізгі көрсеткіштерді, қаржы-шаруашылық қызметтің көрсеткіштерін және ұйым туралы басқа да мәліметтерді ашу үшін орынды болған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-і басқа бөлімдермен, тараулармен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.

Инвестициялар ҚЭН-і бөлімдермен, бөлімдер тараулармен, тараулар параграфтармен толықтырылған жағдайда, әр қосымша ұсынылатын бөлімнің және (немесе) тараудың және (немесе) параграфтың тиісті белгіленуі («бөлім», «тарау», «параграф»), сондай-ақ атауы болуы тиіс.

123. Инвестициялар паспорты осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

124. «Ретроспектива» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келеді:

1) «Қатысушылардың қаржылық жағдайын талдау» параграфы, онда қатысушылардың қаржылық жағдайы, оның ішінде бар талаптар мен міндеттемелердің сомасы және сапасы туралы ақпарат келтіріледі;

2) Егер Инвестициялар Алушы қаржы ұйымы болған жағдайда, «Несие қоржыны» параграфы. Параграфта соңғы 3 (үш) жыл ішіндегі Инвестициялар ҚЭН-ін енгізудің алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша қаржыландыру көздері (бюджет қаражаты, меншікті қаражат, үшінші тараптардың қарыздары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты) бөлінісінде Инвестицияларды Алушының несие қоржынының жай-күйі туралы тоқсан сайынғы ақпарат келтіріледі;

3) «Макроэкономикалық ортаны талдау» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН іс-шараларының іске асырылуы әсер ететін, кемінде соңғы үш жылдағы негізгі макроэкономикалық (өңірлік, салалық) көрсеткіштерді және даму серпінін көрсете отырып, Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асыру болжанатын макроэкономикалық ортаны (ел, өңір немесе сала) талдау және оның сипаттамасы келтіріледі;

4) «Маркетингтiк ортаны талдау» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының іске асырылуы әсер ететін, кемінде соңғы үш жылдағы негізгі көрсеткіштерді және даму серпінін көрсете отырып, Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары іске асырылатын маркетингтiк ортаны талдау келтіріледі.

Маркетингтiк ортаны талдау ақпарат көзiн көрсете отырып, Инвестициялар Алушы жұмыс істейтін, сондай-ақ Инвестициялар есебiнен өндiрiлетiн өнiмдi өткiзу жоспарланып отырған нарықты талдауды, оның ішінде:

есептеулердi негiздей және деректердi іріктеуді айқындай отырып, нарықтың сыйымдылығын;

Инвестициялар Алушының нарықтағы үлесiн;

нарықтың өсу (қысқару) әлеуетiн және нарық сыйымдылығы өзгерген жағдайда ұйым өнiмінің үлесiн;

бәсекелестердiң сипаттамасын, бәсекелестердiң нарықтағы үлесiн;

төлем қабілеттілігін қоса алғанда, тұтынушылардың сипаттамасын қамтиды. Егер мемлекеттік мекемелер және (немесе) қатысушылар тұтынушылар болып табылса, олардың сатылатын өнімдегі үлесін көрсете отырып, бұл ұйымдардың толық тізбесін келтіру қажет.

125. «Институционалдық» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келедi:

1) «Қатысушылар туралы ақпарат» тарауы;

2) «Стратегиялық алғышарттар» тарауы.

126. «Қатысушылар туралы ақпарат» тарауы осы Қағидаларға
18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әр қатысушы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ ақша ағындарының сомалары мен бағыттары көрсетілген
іс-шараларды іске асырудың қаржылық схемасын қамтиды.

127. «Стратегиялық алғышарттар» тарауы оларды іске асыру үшін жоспарланатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттары, бюджеттік бағдарлама) қамтиды.

128. «Негiздiлiк» бөлiмiнде iс-шараларды iске асыруға арналған Инвестициялар мөлшерiнiң және Инвестициялар ҚЭН-інің iс-шараларын балама көздерден қаржыландырудың мүмкін болмауының негiздемесi келтiрiледi.

«Негiздiлiк» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келедi:

1) «Инвестициялар көлемi» тарауы;

2) «Қаржыландырудың балама көздерi» тарауы;

3) «Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі» тарауы.

129. «Инвестициялар көлемi» тарауында әрбiр құрамдауыш бөлiнiсiнде Инвестициялар көлемiнiң құжатпен және есептеулермен расталған негiздемесi келтiрiледi.

«Инвестициялар көлемi» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

1) «Өнiмдер» параграфы, онда осы Қағидаларының 124-тармағының


4) тармақшасында көрсетілген ақпаратты ескере отырып, сатып алынатын өнiмдер тізбесінің саны мен сапасының негiздемесi келтiрiледi;

2) «Бағалар негiздемесi» параграфы, онда Инвестициялар есебiнен сатып алынатын өнiмдер бағаларына талдау келтiрiледi. Инвестициялар есебiнен сатып алынатын өнiмдердiң бағалары осы Қағидалардың 138-тармағының


3) тармақшасында санамаланған құжаттармен бекiтiледi.

Осы Қағидалардың 138-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мүмкiн болмаған жағдайда, ББӘ ақпарат көзiн көрсете отырып, сатып алу жоспарланатын өнiмдердiң қолданыстағы нарықтық бағалары туралы ақпаратты қоса бередi.

Бағаларды талдау:

соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпаратты және өзгеріске әкелуі мүмкін ағымдағы бағалар мен мұндай өзгеріске алып келуі ықтимал оқиғаларды;

бағалардан ықтимал жеңілдіктерді, жеңілдіктер беру шарттарын (сатып алу көлемі, төлеу шарттары) қамтиды;

3) «Айналым қаражатын толықтыру» параграфы, онда мыналар үшін ақшаға қажеттігі ашып көрсетіледі, бірақ төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:

қаржылық өнiмдер бөлiнiсiнде клиенттердiң болжамды саны, қаржылық қызметтiң орташа сомасы көрсетiлген қаржылық қызметтер көрсету;

пруденциялық нормативтердi сақтау;

Инвестициялар Алушының ағымдағы шығыстарын қаржыландыру;

4) «Инвестициялар көлемi» параграфы, онда жоспарланатын Инвестициялардың мөлшерiн растайтын есептеулер келтiрiледi.

Есептеулер әрбiр іс-шара бөлiнiсiнде келтiрiледi. Қажет болған жағдайда, объектіні іске қосу шығыстары (іске қосу-баптау жұмыстары) келтіріледі.

Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша жоспарланатын Инвестициялардың мөлшеріне ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеуге арналған қаражаттың болмауы бойынша негіздеме ұсынылған жағдайда, оларды әзірлеуге арналған шығыстар қосылады.

Егер Инвестициялар қаржылық қызметтер көрсетуге арналған жағдайда, «Инвестициялар көлемi» тарауының құрылымдық элементтерi:

«Айналым қаражатын толықтыру» параграфы;

«Инвестициялар көлемi» параграфы болып табылады.

130. «Қаржыландырудың балама көздерi» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

1) «Меншiкті қаражат» параграфы, онда iс-шараларды меншiкті қаражат есебiнен қаржыландыру мүмкiндiгiне талдау жасалады. Талдау бұрын бөлінген қаражатты заңды тұлғаның үлестес тұлғалары арасында қайта бөлу есебінен іс-шараларды қаржыландыру мүмкіндігін де қамтиды.

2) «Қарыз алу» параграфы, онда қарыз капиталын тарту мүмкiндiгiне талдау жасалады. Талдау мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

сыйақы мөлшерлемесін, кредит беру мерзiмдерiн, мiндеттемелердi өтеу шарттарын, оның iшiнде жеңiлдiк кезеңiн беру мүмкiндiгiн, заңды тұлғаның қолданыстағы шарттары ковенанттарының талаптарын қамтамасыз ету мен сақтауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттi алу шарттарына шолуды;

тiкелей кредит берудi, қаржы лизингiн, факторингтi, облигациялық қарызды қоса алғанда, кредит беру құралдарына шолуды;

бюджеттiк кредит беру мүмкiндiгiн қамтиды.

131. «Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі» тарауы Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі тұрғысында талдауды қамтиды.

132. «Нәтиже» бөлімінде есептеулермен расталған тікелей және түпкілікті нәтижелерді алу мүмкіндігінің негіздемесі, сондай-ақ Инвестициялардың сапасы мен тиімділігінің көрсеткіштері болған жағдайда, сондай-ақ Инвестициялар Алушының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарланған нәтижелері келтіріледі.

«Нәтиже» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:

1) «Өндіріс және іске асыру» тарауы;

2) «Ресурстар» тарауы;

3) «Қаржы» тарауы;

4) «Тәуекелдер» тарауы;

5) «Қорытындылар» тарауы.

133. «Өндiрiс және іске асыру» тарауында өнiмдi өндiру және сату жоспары келтiрiледi. «Өндiрiс және іске асыру» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

1) «Лицензиялар және патенттер» параграфы, онда төменде келтірілген тізбемен шектелмейтін мыналар:

қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы, лицензияның берiлген күнi мен нөмiрi, кiм бергенi туралы;

кешендi кәсiпкерлiк лицензияның бар-жоғы, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасасу мәнi мен күнi, қолданылу мерзiмi, кешендi лицензиар туралы;

лицензияны алу қажеттiлiгi, лицензияны алуға арналған шығыстар туралы;

патенттердiң және алдын ала патенттердiң бар-жоғы, қашан және кiм бергенi, қолданыс мерзiмi туралы ақпарат келтіріледі.

2) «Өндiрiс жоспары» параграфы, онда мынадай:

нарық жағдайын, жасалған келісімшарттарды, тұтынушылармен алдын ала келісімдерді негізге ала отырып, өндірістік бағдарламаның (өнімдер бөлінісінде);

бекітілген нормаларды негізге ала отырып, өндіріс жоспарын орындауға арналған шығындардың негіздемелері келтіріледі негiздемелер келтiрiледi;

3) «Іске асыру жоспары» параграфы, онда:

сатылатын, оның ішінде Инвестициялар есебiнен өндірілетін өнiмдердiң саны мен сапасы;

негізгі, оның ішінде Инвестициялар есебiнен өндірілетін өнімдер бағаларының, мыналарды:

бағаларды (тарифтердi) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бекiтуi (белгiлеуi) немесе келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары;

табыстылығы: шығыстардың өтелімдiлiгi, орташа немесе барынша көп табыстылықты алу;

нарықтағы конъюнктуралар: жаңа өнiмді ілгерілету, қолданыстағы сату көлемiн сақтау, дәстүрлi нарықтардан бәсекелестердi ығыстыру, бос сегменттi толтыру;

өнiмнiң құндылығы: жаңалығы, сапасы, сатудан кейiнгi кепiлдiктер қоса алғандағы негiздемесi;

3-3) нарық жағдайын, жасалған шарттарды, тұтынушылармен алдын ала келісімдерді негізге ала отырып, іске асыру бағдарламасының (өнімдер бөлінісінде) негіздемесі;

3-4) жаңа сатып алушыларды тарту мақсатында жоспарланатын іс-шаралар (жарнама, бағалық саясат, сатып алудан кейiнгi қызмет көрсету).

Егер Инвестициялар Алушының қызметi франшиза туралы шарт немесе лицензиялық шарт негiзiнде жүзеге асырылған жағдайда, франшиза немесе лицензия сатушысының құқықтары және Инвестициялар Алушының бағасына және бағалық саясатына зияткерлiк меншiгiне ықпал ету дәрежесi туралы ақпарат келтiрiледi.

134. «Ресурстар» тарауында өндiрiс жоспары мен іске асыру жоспарын орындау үшiн қажеттi ресурстардың барлық түрлерiне сұраныстың негiздемелерi келтiрiледi. «Ресурстар» тарауында мынадай параграфтар болады:

1) «Нормалар» параграфы, онда шикізат пен материалдар, жылу және электр энергиясы, еңбек, ақша шығындарының нормалары келтірілген, оның ішінде қашан және кім бекіткені туралы ақпарат келтіріледі;

2) «Лимиттер» параграфы, онда әкiмшiлiк шығыстар бойынша лимиттер мөлшерлері туралы ақпарат келтiрiледi: лимиттер көлемi, оның iшiнде қашан және кiм бекiткені туралы ақпарат келтiрiледi;

3) «Персонал» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:

Инвестициялармен байланысты персоналдың штат санын ұлғайту (қысқарту) бойынша жоспарлар;

персоналдың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру (қайта даярлау) бойынша жоспарланатын iс-шаралар және оның бiлiктiлiк деңгейiн (қайта дайындауын) арттырумен байланысты шығындар туралы ақпарат келтiрiледi.

4) «Негiзгi құралдар» параграфы, онда (Инвестицияларды ескере отырып) мыналар:

негiзгi құралдардың құрылымы (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдық, көлiк, компьютерлер және ақпаратты өңдеуге арналған жабдық, басқа негiзгi құралдар), оның iшiнде меншiктегі, қаржылық жалға алудағы (лизингте), операциялық жалдаудағы негiзгi құралдар туралы ақпаратты ашу;

қызметтi жүзеге асыруға арналған негiзгi құралдар санының, өнiмдiлiгiнiң және техникалық жағдайының сәйкестiгi туралы ақпарат келтiрiледi;

5) «Қорлар» параграфы, онда мыналар:

қорлардың негiзгi түрлерiне қажеттіліктер (заттай өлшем бiрлiгiнде);

қорлардың негiзгi түрлерiне бағалар;

қорларды сатып алуға жоспарланатын шығындар туралы ақпарат келтiрiледi;

6) «Коммуналдық қызметтер» параграфы, онда мыналар:

жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесіне қажеттіліктер;

жылу және электр энергиясының, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесінің бағалары;

жылу және электр энергиясын, сумен жабдықтау және кәрiз жүйесін сатып алуға арналған жоспарланатын шығыстар туралы ақпарат келтiрiледi;

7) «Ақша» параграфы, онда мыналар:

борышкерлердiң сипаттамасы; берешектi талап ету бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар;

кредиторлар; міндеттемелерді орындау бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар;

ақшалай емес операциялар: мәмiлелер көлемi және контрагенттер;

ақшаға қажеттілік, кассалық алшақтықтар, ақша тарту бойынша iс-шаралар;

уақытша бос ақшаларды пайдалану жөнiндегi жоспарлар: салымдарға орналастыру, қаржы активтерiн сатып алу, кредиттер беру (уақытша қаржылық көмек көрсету), сомалар, табыстылығы, орналастыру мерзiмдерi туралы ақпарат келтiрiледi.

Ақша тартумен байланысты iс-шаралар бойынша ақпаратты ашу кезiнде алынған көздер, оның iшiнде:

акцияларды орналастыру (қатысу үлестерi) – шығару және орналастыру көлемi, орналастырудың жоспарланатын бағасы;

облигациялар шығару – шығару көлемi, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, қолдану, сыйақы төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi және басқа да елеулi ақпарат;

қарыздар тарту – қарыз берушілер, қарыз мөлшері, тарту мерзімі, сыйақы пайызы, сыйақы төлеу шарттары, қарыздың негізгі сомасын өтеу шарттары көрсетiледi.

135. «Қаржы» тарауында кірістер, шығыстар бойынша жоспарлар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ақпарат, дивидендтер туралы ақпарат келтіріледі. «Қаржы» тарауы мынадай параграфтардан тұрады:

1) «Кірістер» параграфы, онда мынадай негіздемелер келтіріледі:

өнiмдердi өткізуден түсетін жоспарланатын кiрiстердің, оның iшiнде олардың өсу немесе төмендеу негiздемесi (ақпаратты ашу әрбір өнiм бойынша жүзеге асырылады);

қаржыландыру бойынша жоспарланатын кiрiстер;

дивидендтер бойынша кiрiстер (ақпарат үлестік құнды қағаздары Инвестициялар Алушының меншiгiнде болып табылатын әрбір ұйым бойынша жеке берiледi);

активтердің шығуынан алынатын жоспарланатын кірістер;

мемлекеттiк бюджеттен берілетін жоспарланатын субсидиялар;

операциялық жалға алудан жоспарланатын кiрiстер;

үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар бойынша жоспарланатын кiрiстер;

өзге де жоспарланатын кiрiстер негiздемесi.

Мемлекеттік тапсырманы, мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде не мемлекеттік мекемелердің өнімдерді сатудан алынатын кірістер туралы ақпарат жеке ашылады;

2) «Шығыстар» параграфы, онда мынадай негiздемелер келтiрiледi:

өткізілетін өнiмнiң өзiндiк құнының негiздемесi, оның iшiнде оның өсу немесе төмендеу негiздемесi (ақпаратты ашу әр өнiм бойынша жүзеге асырылады);

өнiмді өткізу бойынша жоспарланған шығыстар, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);

жоспарланатын әкiмшiлiк шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу және азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);

маркетинг пен жарнама бойынша жоспарланатын шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбiр кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);

сыйақылар бойынша жоспарланатын шығыстар;

активтердi iстен шығаруға байланысты шығыстар;

операциялық жалдауға байланысты шығыстар;

үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар жөнiндегi шығыстар;

қызметтiң тоқтатылуына байланысты жоспарланатын шығыстар;

басқа жоспарланатын шығыстар негiздемесi;

3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер» параграфы, онда салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң әр түрi бойынша жоспарланатын төлемдер негiздемесi, оның iшiнде салық салу базаларының негiздемесi келтiрiледi;

4) «Дивидендтер» параграфы, онда акцияға, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiне (қатысу үлесi) есептелуі жоспарланатын дивидендтер (қатысу үлесi), дивидендтердi есептеудiң жалпы сомасы, бюджетке аудару үшiн мемлекеттiк кәсiпорын жоспарлайтын таза кiрiс сомасы туралы ақпарат келтiрiледi.

136. «Тәуекелдер» тарауында iс-шараларды орындауға және тұтастай алғанда Инвестициялар Алушының қызметiне байланысты тәуекелдердi бағалау (қолайсыз оқиғаның орын алу мүмкiндiгiн анықтау) және өлшеу (қолайсыз оқиғаның орын алуынан келетiн зиян), сондай-ақ осы тәуекелдердi басқару шаралары келтiрiлген. «Тәуекелдер» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

1) «Операциялық тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:

персонал: Инвестициялар Алушының негiзгi менеджерлерi мен мамандарын жоғалту, қызметкерлерiнiң жеткіліксіз бiлiктiлiгi, қызметкерлердiң алаяқтығы;

өндiрiс: техникалық iстен шығу қаупi, жабдықтардың сынуы, технологиялық процестiң бұзылуы;

бизнес-процестер: ұйымдастырушылық құрылымның Инвестицияларды Алушының мiндеттерi мен қызметiнiң көлемiне барабарлығы, бизнес-процестердiң тиiмсiздiгi, Инвестициялар Алушының бизнес-процестерiнiң келiсілмегендігі талданады.

2) «Қаржылық тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:

төлем қабілеттілігін жоғалту: Инвестициялар Алушының міндеттемелерді, оның ішінде қаржылық, олардың мерзімінің басталуына қарай уақтылы орындау үшін ақшасының болмауы немесе жеткіліксіздігі;

өтiмдiлiкті жоғалту: активтердi, олардың құнын елеулi төмендетусiз, жедел іске асырудың жетiспеушiлiгi немесе мүмкiн еместiгi талданады;

3) «Нарықтық тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:

пайыздық тәуекел: тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығыстардың ұлғаюы;

инфляциялық тәуекел: инфляциялық процестер нәтижесiнде активтер мен кiрiстердiң құнсыздануы;

валюталық тәуекел: ұлттық валютаға қатысты шетел валютасының нарықтық айырбас бағамының өзгеруi талданады;

4) «Кредиттiк тәуекел» параграфы, онда тұтынушылардың (борышкерлердің) төлем қабілетін жоғалту мүмкіндігі және олардың шарттардың талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындауының мүмкін еместігі талданады;

5) «Маркетингтiк тәуекелдер» параграфы, онда төменде келтірілген тiзбемен шектелмейтін мыналар:

саланың даму серпiнiнiң нашарлауы;

өнiм сапасына тұтынушылар талаптарының жоғарылауы;

өнiмге сұраныстың азаюы;

бәсекелестер позицияларының күшеюi;

өнiмге арналған нарықтық бағаның төмендеуi;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектеулер талданады.

137. «Қорытындылар» тарауында Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларын іске асырудың саланың, мемлекет экономикасының (өңірдің) дамуына ықпалы ашылады. «Қорытындылар» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

1) «Тiкелей нәтижелер» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН іс-шараларының жоспарланған тiкелей нәтижелерiнiң есептеулермен расталған негiздемелерi келтiрiледi;

2) «Түпкілікті нәтижелер» параграфы, онда мыналар:

Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының жоспарланатын соңғы нәтижелерiнiң есептеулермен расталған негiздемесi;

Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары іске асырылған жағдайда, саладағы және Қазақстан Республикасындағы (өңірдегі) әлеуметтік-экономикалық жағдайдың даму перспективаларын талдау және олардың мыналарға:

негізгі әлеуметтік көрсеткіштерге (халық табыстарының деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамтылу);

негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерге (өнім (тауарлар/көрсетілетін қызметтер) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері) әсері;

нәтижелерді, салдары мен ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша пайда мен шығындарды талдау;

Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың шектес салалардың (көршілес өңірлердің) дамуына әсерін талдау;

Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына (бар болса) әсерін талдау келтiрiледi;

3) «Бюджеттік тиімділік» параграфы, онда Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын жүзеге асыру нәтижелерінің тиісті бюджеттердің кірістері мен шығыстарына әсерінің есептеулері келтіріледі.

Бюджеттік тиімділікті бағалау кезінде ақшалай қаражаттың құйылуында мыналар:

Инвестицияларды іске асыруға байланысты шығарылған (қалыптастырылған) мемлекетке тиесілі акциялар (қатысу үлестері) бойынша дивидендтер;

республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсімдер (салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-ақ өзге де төлемдер) есепке алынады, бірақ шектелмейді.

Бюджеттік тиімділікті бағалау кезінде ақша қаражатының кетуінде мыналар:

Инвестициялардың көлемі;

Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асыруға байланысты Инвестициялардан кейінгі кезеңдегі бюджет шығыстары;

белгілі бір бағалық саясатты іске асыруға және белгілі бір әлеуметтік басымдықтарды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты субсидиялар есепке алынады, бiрақ мұнымен шектелмейдi.

Егер тиiмдiлiк пен сапа көрсеткiштерi жоспарланатын болса, «Қорытындылар» тарауы тиiстi көрсеткiштердiң есептеулерiмен расталған негiздеме келтiрiлген «Тиiмдiлiк» және «Сапа» параграфтарымен толықтырылады.

138. Қосымшалар мынадай құжаттармен жиынтықталады:

1) «Ретроспектива» бөлiмiне:

ҚЭН-ді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы мөр басылған және бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған қатысушылардың қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есепке түсіндірме жазба;

Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қатысушылар үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиттік есептер тапсырылады. Бұл ретте қатысушының қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есепті ұсына алады.

Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы, баланс валютасында 10 % және одан көп үлес алатын баланс баптары егжей-тегжейлі толық ашылған ақпаратты қоса берумен ұсынылады.

2) «Институционалдық» бөлiмiне:

оған сәйкес қатысушылар құрылған немесе құрылып жатқан құжаттардың көшiрмесi;

Инвестициялар Алушы жарғысының көшiрмесi (бар болса);

3) «Негiздiлiк» бөлiмiне:

«Сатып алынатын (құрылатын) активтердiң құны мен сипаттамасы» осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысанда;

осы Қағидалардың 129-тармағының 2) тармақшасында келтiрiлген ақпаратты растайтын түскен прайс-парақтардың, бағалау актiлерi мен басқа да құжаттардың көшiрмелерi.

Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысы ұсынылады.



Егер Инвестицияларды іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық органдар Инвестициялардың салалық сараптамасының сәйкес қорытындыларын қосымша ұсынады.

Салалық сараптаманың қорытындысы мыналарды:

саладағы қазіргі жағдайды талдауды бағалауды;

Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда, саладағы жағдайды талдауды бағалауды;

сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре және көрсете отырып:

Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын;

Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың орналасқан орнын таңдау мен ауқымының негізділігін;

Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың мүмкіндігін;

Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін бағалауды;

Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалауды, оңтайлы жаңа технологияларды қолдануды;

Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;

бар болған жағдайда, салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының негізділігін қамтиды.

Жаңа объектiлердi құруға (құрылысына) немесе бар объектiлердi қайта жаңғыртуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-мен бірге ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе ЖСҚ, сондай-ақ жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытындысы, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысы, жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелері иелерiнің және жер пайдаланушылардың шығындарын, алынатын алқаптардың түрлеріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсінің жоғалтуларын есептеулерді қоса бере отырып), техникалық жағдайлар ұсынылады.

Осы тармақтың талаптары мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалар үшін ТЭН немесе ЖСҚ әзірлеуге қаражаттың жоқтығы жөніндегі негіздемені ұсынған жағдайда қолданылмайды.

Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (іске-қосу-баптау жұмыстары) шығыстары бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының қорытындылары талап етіледі.

Ақпараттық жүйенi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялар ҚЭН-імен бірге ақпараттық жүйенің (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) ТЭН, сондай-ақ аталған ақпараттық жүйенің ТЭН-іне байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы ұсынылады.

Инновациялық және (немесе) ғарыштық қызметтi болжайтын iс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған Инвестицияларды iске асыру кезінде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ұсынылады;

4) «Нәтиже» бөлiмiне:

«Өнім өндiру бағдарламасы» осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысанда;

«Өнімді іске асыру бағдарламасы» осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысанда;

қаржылық модель, осы Қағидаларға 22-қосымшада көрсетілген «Қаржы моделіне қойылатын талаптар» нысанына сәйкес дайындалады;

«Инвестициялар нәтижелерi» осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысанда;

«ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі» осы Қағидаларға
24-қосымшаға сәйкес нысанда;

бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жасалған Инвестицияларды ескермегендегі Инвестициялар Алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:

«Бухгалтерлік баланс»;

«Кірістер мен шығындар туралы есеп»;

«Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей тәсіл)»;

«Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама тәсіл)».

«Капиталдағы өзгерістер туралы есеп»;

осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның инвестициялық ұсынысы және экономикалық қорытындысы.

139. Қажет болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиiстi заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда және/немесе тәуелсiз сараптамада, сондай-ақ ұсынылған құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты талап етуге және (немесе) қосымша сараптамалар жүргiзе алады.

Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органға Инвестициялар ҚЭН-ін енгiзудiң алдындағы айдың соңғы күнiне жасалған қаржылық есептiлiгi, сондай-ақ қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбалар жатады.

Қосымша сараптамаларға мыналар:

1) Инвестицияларға банктік сараптама;

2) мемлекеттік экологиялық сараптама;

3) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама;

4) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;

5) iс-шаралардың ерекшелiктерiне сәйкес уәкiлеттi органдардың басқа да қорытындылары жатады.

140. Егер Инвестициялар еншiлес, тәуелдi немесе үлестес ұйымдар болып табылмайтын Инвестициялар Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн жоспарланған жағдайда, «Ретроспектива» бөлiмiнде «Қатысушылардың қаржылық жай-күйін талдау» параграфы болмайды.

141. Егер Инвестициялар Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген барынша аз жарғылық капитал мөлшерi бар акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы не жарғылық капиталы жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған жағдайда, мыналар Инвестициялар ҚЭН-нiң құрылымдық элементтерi болып табылады:

1) Инвестициялар паспорты;

2) «Ретроспектива» бөлiмi. Егер Инвестициялар еншiлес, тәуелдi немесе үлестес ұйымдар болып табылмайтын Инвестициялар Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн жоспарланған жағдайда, «Ретроспектива» бөлiмiнде «Қатысушылардың қаржылық жай-күйін талдау» параграфы болмайды;

3) «Институционалдық» бөлiмi;

4) «Негiздеме» бөлiмi, оның ішінде:

«Инвестициялар көлемi» тарауы «Инвестициялар көлемi» және «Айналым қаражатын толтыру» параграфтарын қамтиды;

«Қаржыландырудың баламалы көздерi» тарауы, егер Инвестициялар Алушы еншiлес және/немесе үлестес ұйым болып табылған жағдайда;

5) «Нәтиже» бөлiмi;

6) егер Инвестициялар Алушы еншiлес, тәуелдi және/немесе үлестес ұйым болып табылған жағдайда, осы Қағидалардың 138-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген ҚЭН-ге қосымшалар;

7) тиісті мемлекеттiк уәкiлеттi органның салалық сараптамасы, егер Инвестициялар оның жауапты саласын қозғаған жағдайда;

8) «Өнім өндiру бағдарламасы» осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысанда;

9) «Өнімді іске асыру бағдарламасы» осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысанда;

10) қаржылық модель, осы Қағидаларға 22-қосымшада көрсетілген «Қаржы моделіне қойылатын талаптар» нысанына сәйкес дайындалады;

11) «Инвестициялар нәтижелерi» осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысанда;

12) «ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі» осы Қағидаларға 


24-қосымшаға сәйкес нысанда.

142. Егер Инвестициялар ҚЭН-і Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген барынша аз жарғылық капитал мөлшерi бар акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы не жарғылық капиталы жиырма бес мың еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-і осы Қағидаларда белгiленген жалпы тәртiпке сәйкес әзiрленедi.

143. Инвестициялар ҚЭН-і ББӘ стратегиялық жоспарының жобасында немесе бюджеттік бағдарламасында көзделген нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткiзуге бағытталған iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әзiрленедi.

144. Инвестициялар ҚЭН-інің түпнұсқасын, сондай-ақ осы Қағидалардың


162 және 163-тармақтарында айтылған қосымша материалдарды, ББӘ бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хатпен бередi.

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін құжаттар редакцияланбайтын графикалық форматта ұсынылады.

Iлеспе хатта Инвестициялар ҚЭН-інің атауы, мәлiмделетiн сома және Инвестицияларды жүзеге асыру жылы, қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.

Инвестициялар ҚЭН-інің, сондай-ақ қосымша материалдардың, оның ішінде теріске шығарулардың, қосымша дәлелдемелердің не Инвестициялар ҚЭН-іне өзгерістер енгізу туралы ақпараттың әрбір парағына Инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуге жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) еншілес және тәуелді ұйымдары әзірлеген ҚЭН мен ТЭН мақұлдауды бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыру, сондай-ақ оларды түзету кезінде Қор Басқармасы жанындағы тиісті Комитет жүзеге асырады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолданатын ҚЭН мен ТЭН-нің әрбір парағына осы бағытқа жауапты Қордың басқарма мүшесі, ал оларға қосымша өзге материалдарға – осы бағытқа жауапты Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.».

145. Мынадай жағдайларда:

1) іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын, белгiленген қаржылық-экономикалық параметрлер өзгерген;

2) бұған дейін бөлінген қаражатты, оның ішінде заңды тұлғаның үлестес тұлғалары арасында, заңды тұлғаның және (немесе) үлестес тұлғалардың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ іс-шараларының өзгеруіне, бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша босатылған қаражаттарға (үнемдеулерге) байланысты қайта бөлу талап етілген;

3) егер бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қаражат босаған (үнемделсе) жағдайларда Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету жүзеге асырылады.

Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып жүргізіледі.

Түзетілген Инвестициялар ҚЭН-інің құрылымы мен мазмұны осы Қағидалардың 3-тарауының ережелеріне сәйкес келеді, ҚЭН-нің тиісті бөлімдерінде бұған дейін бекітілген ҚЭН-мен салыстыра отырып, болжанған өзгерістер бойынша негіздемелер мен есептеулер келтіріледі.

Инвестициялардың түзетілген Инвестициялардың ҚЭН-ін бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.

Инвестицияларды жүзеге асыру барысында даму мақсаттарына, оның ішінде бұрын тартылған қарыз қаражатын өтеу арқылы, оның ішінде тиісті бюджеттік рәсімдерді өткеннен кейін инвестициялық жобаны Ұлттық қордан іске асыруға, баламалы көздерден қаржыландыру мүмкіндігі жоқ екенін негіздеген және көрсетілген қарыз қаражаты бұрын жоба шеңберінде даму мақсаттарына жұмсалғанын растаған жағдайда, заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жол беріледі.

146. Сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын республикалық Инвестициялар мен стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты республикалық бюджеттен берілетін астананы дамытуға арналған нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті Инвестицияларды қарау осы Қағидалардың
151-тармағымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.


147. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе үлгілік жобада көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына алып келетін қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті Инвестицияларды қоспағанда, жергілікті Инвестицияларды, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын, нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын жергілікті Инвестицияларды қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

148. Егер жобаны (жобаларды) іске асыру қорытындылары бойынша қаражат босаса (үнемделсе), ол қалыптасқан үнемдеу бойынша үнемдеу себептері мен қаржыландыру көздерін көрсете отырып, бюджет заңнамасына сәйкес жаңа бірыңғай Инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеу арқылы жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болса, Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету жүргізілмейді.

Егер жобаны (жобаларды) іске асыру қорытындылары бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына белгіленген тәртіппен тиісті бюджет комиссиясында қараумен, басқа жобаға (жобаларға) қайта бөлінетін қаражат босаса (үнемделсе), Бюджет кодексінің 154-бабына сәйкес талап етілетін құжаттама болған жағдайда Инвестициялардың ҚЭН-іне түзету жүргізілмейді.

149. Ұлттық валюта бағамының шетел валюта бағамына қатысты елеулі өзгеруі себебінен, техникалық шешімдердің өзгеруіне алып келмейтін, Инвестициялардың құны ұлғайған жағдайда, ҚЭН-ге түзету жүргізіледі, оның ішінде, ТЭН-ге және (немесе) ЖСҚ-ға кейіннен жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік сараптама жүргізуімен бұл ретте экономикалық сараптама және қорытынды талап етілмейді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені осы Қағидалардың 151-тармағында айқындалған тәртіппен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

150. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының


7-тармағына сәйкес бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдер сақталмай бөлінген Инвестицияларды түзету бойынша ҚЭН әзірленген жағдайда, экономикалық сараптама жүргізу үшін Инвестициялар ҚЭН-ін, экономикалық сараптаманы және қорытындыны ұсыну талап етілмейді.

151. Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыру және (немесе) өзгерту, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайту себебінен бюджет комиссиясының қарауына Инвестициялар ҚЭН-ін түзету мәселелерін шығару тәртібі екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең:

1) Осы Қағидалардың 149-тармағында көзделген жағдайдан басқа,


ББӘ–нің Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

2) ББӘ ұсынған құжаттар мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті органға ұсынылатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысына оң қорытынды негізінде ҚЭН-ді түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі. Егер осы Қағидалардың 149-тармағында қарастырылған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-іне түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды қажет емес.

Бірінші кезеңде Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың 1-бөлімінде айқындалған тәртіппен өтеді.

Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 147-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті Инвестициялар бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті Инвестициялардың ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, Инвестицияларды республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді

Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстар құжаттаманың толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың орын алуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген болса, сметалық құнын ұлғайту тұрғысынан қаралмайды.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-бөлімінде көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ББӘ кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, Инвестициялар ҚЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.

Екінші кезең:

1) түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-ін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен қарауы;

2) тиісті бюджет комиссиясының түзетілген Инвестициялар ҚЭН-і бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы ББӘ ұсынған мынадай құжаттар негізіндегі шешімі:

iс-шараларға, Инвестициялар ҚЭН-інің техникалық-технологиялық шешiмдерге болжанған толықтыруларды және (немесе) өзгертулерді, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуды көрсете отырып, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестенi қоса бере отырып, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған өтiнiм-хат;

Инвестициялар ҚЭН-інің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ бұйрығының көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-іне берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;

сараптамалар қорытындылары және бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы алынған ҚЭН;

түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-і;

осы Қағидалардың 149-тармағында көрсетілген жағдайдан басқа, түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-іне оң экономикалық қорытынды;

ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ҚЭН-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен ҚЭН іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспары және фактісі, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;

қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);

олардың кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға немесе жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ресми хат нысанында ұсынылатын, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған, мөрмен расталған, ББӘ түсіндірмелерімен қоса, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптаманың қорытындысы, сала болмаған жағдайда
ББӘ-нің қорытындысы ұсынылады;

жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы не орынбасарлары қол қойған, ресми хат нысанында ұсынылатын Инвестициялардың түзетілген ҚЭН-нің қорытындысы.

Бекітілген іс-шараға көзделген шығыстар ұлғайған жағдайда, мыналарды қоса алғанда түсіндірме жазба қоса беріледі:

1) қымбаттауға алып келетін мән-жай мен себептердi егжей-тегжейлi көрсету;

2) сараптамалар қорытындылары және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы алынған кезде бұрын қаралған құжаттар;

3) Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын аяқтауға талап етілетін болжанған қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;

4) Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ бұзушылықтардың болмағаны туралы актiсi;

5) Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсi Инвестицияларды iске асыру шеңберiнде бөлiнген барлық бюджет қаражатын қамтиды;

6) Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген iшкi қаржылық бақылау органының актiсiне қол қою мерзімінің өтуі құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиiс;

7) құжаттарды ұсынған күнге дейін көп дегенде 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.

152. Құжаттамасының толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың орын алуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген ҚЭН сметалық құнын ұлғайту тұрғысынан қаралмайды.

153. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 151-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және түзетілген Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша Инвестициялар құнын ұлғайту бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

154. Тиісті бюджет комиссиясы іріктеген, сметалық құнын ұлғайту болжанған Инвестициялар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.
10-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің

қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібі

155. Инвестициялардың экономикалық сараптамасы іс-шаралардың негiздiлiк және нәтижелiлiк критерийлеріне сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.

156. Республикалық бюджет есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жүзеге асырады.

157. Жергілікті бюджет есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлға жүзеге асырады.

158. Инвестицияларға экономикалық сараптама жүргiзу үшiн ББӘ-ден құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Инвестициялар ҚЭН-і немесе түзетілген Инвестициялар ҚЭН-і:

1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

159. Инвестициялардың экономикалық сараптамасының қорытындылары Инвестициялардың экономикалық сараптамасының қорытындысы (бұдан әрi – Қорытынды) түрiнде ресiмделедi.

160. Қорытынды Инвестициялар ҚЭН-ін:

1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынғаннан кейiн


45 (қырық бес) жұмыс күнi iшiнде дайындалады.

Егер жарғылық капиталын ең аз мөлшерде қалыптастыруға арналған инвестициялар жағдайында 25 (жиырма бес) жұмыс күнi ішінде қорытынды жасалады.

161. Инвестицияларды экономикалық сараптау екi кезеңнен тұрады.

162. Бiрiншi кезеңде:

1) осы Қағидалардың 122-тармағында көрсетiлген құрылымға сәйкес келуіне;

2) Инвестициялар паспортының сәйкес келуіне;

3) осы Қағидалардың 123-137-тармақтарында көрсетiлген бөлiмдердiң, тараулардың және параграфтардың болуына;

4) осы Қағидалардың 138-тармағында көрсетiлген құжаттардың болуына сараптама жүргізіледі. Егер Инвестициялар жарғылық капиталды қалыптастыруға көзделсе, бұл жағдайда, осы Қағидалардың


140-142-тармақтарында көрсетілген құжаттардың болуына сараптама жүргiзiледi.

Осы Қағидалардың 122-тармағында көрсетiлген құрылымға сәйкес келмеуі және (немесе) осы Қағидалардың 123-137-тармақтарында көрсетiлген бөлiмдердiң, тараулардың және параграфтардың болмауы және (немесе) осы Қағидалардың 138, 140-142-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың болмауы анықталған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиісті заңды тұлға 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде (жарғылық капиталын ең аз мөлшерде қалыптастыруға арналған Инвестициялар жағдайында 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде) Инвестициялардың экономикалық сараптамасының бiрiншi кезеңiнiң нәтижелерi бойынша ҚЭН-нiң Қағидаларға сәйкес еместiгiнiң негiздемесi келтiрiлген толымдылығы жөнінде ескертулері (бұдан әрі – Толымдылық ескертулері) бар iлеспе хат дайындайды.

Толымдылық ескертулері бар iлеспе хат ол дайындалған күннен бастап
1 (бiр) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ББӘ жiберiледi, бұл ретте олардың сканерленген көшiрмесi Инвестициялар паспортында көрсетiлген ББӘ мен қатысушылар өкiлдерiнiң электрондық почта мекенжайларына жiберiледi.

Инвестициялардың экономикалық сараптамасының бiрiншi кезеңiнiң нәтижелерi бойынша Толымдылық ескертулерінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Қағидалардың 164-тармағында келтiрiлген.

ББӘ сканерленген хат пен Толымдылық ескертулерінің сканерленген көшiрмелерiн алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қажеттi ақпаратты ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшiн қосымша, бiрақ 10 (он) жұмыс күнiнен артық емес мерзiмнің қажеттiлiгi туралы хабарлайды. Мерзiмiн ұзарту туралы хабарламаны ББӘ жазбаша түрде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға және:

Инвестициялар республикалық бюджет қаражаты есебiнен болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

Инвестициялар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға жiбередi.

Хабарламаға құзiретiне Инвестициялар ҚЭН-ін дайындау кiретiн ББӘ-нің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды. Хабарламаға күнi қойылады және оның шығыс нөмiрi болады.

ББӘ қосымша ақпарат ұсыну үшiн қосымша мерзiмнiң қажеттiлiгi туралы хабарлама жiберген жағдайда, экономикалық сараптаманы жүргiзу мерзiмi тоқтатыла тұрады.

Қосымша материалдар ұсынған кезде олардың толық тiзбесi көрсетiледi, оның iшiнде осы Қағидалардың 122-тармағында көрсетiлген құрылымға сәйкес Инвестициялар ҚЭН-і ұсынылған жағдайда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-iнің қайтарып алынуы туралы көрсетiледi.

Инвестициялар ҚЭН-інiң, қосымша ұсынылатын бөлiмдердің, тараулардың, параграфтар мен құжаттардың қағаз форматтағы түпнұсқалары Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға немесе жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға, электрондық форматта ұсынылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидалардың 144-тармағының талаптарын сақтай отырып жiберiледi.

Белгiленген мерзiмде қосымша материалдардың ұсынылмауы Инвестициялар ҚЭН-iн Қорытындыны жасамай-ақ керi қайтару үшiн негiз болып табылады. Инвестициялар ҚЭН-і мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға сканерленген көшiрмелердi ұсынудың белгiленген мерзiмi өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде хатпен қайтарылады.

Осы Қағидалардың 122-138-тармақтарында көрсетілген құрылымға сәйкес келмеу және (немесе) бөлiмдердің, тараулар мен параграфтардың және (немесе) құжаттардың болмауы қайта анықталған жағдайда, Инвестициялар ҚЭН-і қосымша материалдардың сканерленген көшiрмелерi алынған күнiнен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға, Толымдылық ескертулерді қоса бере отырып, Қорытынды жасалмай хатпен қайтарылады.

163. Екiншi кезеңде іс-шаралардың негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкестiгiне сараптама жүргiзiледi.

Іс-шаралардың бiр немесе екі критерийге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда, Қорытынды және iлеспе хат дайындалады.

Қорытынды дайындалған күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ББӘ-ге жiберiледi, бұл ретте оның сканерленген көшiрмесі Инвестициялар паспортында көрсетiлген ББӘ мен қатысушылар өкiлдерiнiң электрондық почта мекенжайларына жiберiледi.

ББӘ iлеспе хат пен Қорытындының сканерленген көшiрмесiн алған күннен бастап 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде (жарғылық капиталын ең аз мөлшерде қалыптастыруға арналған Инвестициялар жағдайында 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде) Қорытындыға iлеспе хатта көрсетiлген экономикалық сараптаманы жүргiзуге уәкiлеттi Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға өкiлiнiң электрондық почтасының мекенжайына қосымша материалдарды және соңғы редакциядағы Инвестициялар ҚЭН-ін, қосымша материалдар ұсыну туралы хабарламаның сканерленген көшiрмелерiн жiбередi немесе пысықталған Инвестициялар ҚЭН-ін ұсыну үшін экономикалық сараптама жүргізуді 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігін көрсете отырып ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бiрақ 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен артық емес мерзiмнiң қажеттiлiгi туралы хабардар етеді.

Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлға экономикалық сараптама жүргізу мерзімін ұзартқан жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық немесе жергілікті органды экономикалық сараптама жүргізуді ұзарту туралы ББӘ хатын қоса отырып хабардар етеді.

Инвестициялар ҚЭН-інің, тараулардың, бөлiмдер мен параграфтардың жаңа редакциясын, сондай-ақ Инвестициялар ҚЭН-інiң мынадай параметрлерiн: инвестициялар паспортындағы деректерді, инвестициялар нәтижелерiн, қатысушылар арасындағы бюджеттік қаражат ағымдары, шығыстар мен кiрiстер сомасын, нарық сыйымдылығын, сұраныс көлемiн, өндiрiс жоспары мен iске асыру жоспарының көрсеткiштерiн өзгертетiн ақпарат енгiзілген жағдайда, сараптама өткiзу мерзiмi ББӘ-нің қағаз форматтағы Инвестициялар ҚЭН-іне өзгерiстер енгiзу туралы хатын алған күннен бастап
10 (он) жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмге ұзартылуы туралы Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлға, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға экономикалық сараптама жүргізуді ұзарту туралы ББӘ хатын қоса отырып хабардар етеді.

Мерзiмiн ұзарту туралы хабарламаны ББӘ жазбаша түрде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға және:

1) Инвестициялар республикалық бюджет қаражаты есебiнен болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;

2) Инвестициялар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен болған жағдайда, Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға жiбередi.

ББӘ пысықталған Инвестициялар ҚЭН-ін ұсыну үшiн қосымша мерзiмнiң қажеттiлiгi туралы хабарлама жiберген жағдайда, қосымша ақпарат ұсынғанға дейiн экономикалық сараптама жүргiзу мерзiмi тоқтатыла тұрады.

Хабарламада ұсынылған қосымша материалдардың толық тiзбесi көрсетiледi.

Хабарламаға құзiретiне Инвестициялар ҚЭН-ін дайындау кiретiн ББӘ құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды. Хабарламаға күнi қойылады және оның шығыс нөмiрi болады.

Қосымша материалдардың түпнұсқалары олар электрондық форматта ұсынылған күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қағаз форматта жiберiледi. Қосымша материалдарды ұсыну жөнiндегi талаптар осы Қағидалардың 144-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келедi.

Қосымша материалдардың белгiленген мерзiмде ұсынылуы берілген ақпаратты ескере отырып Қорытынды дайындау үшiн негiз болып табылады.

Қосымша материалдардың белгiленген мерзiмде ұсынылмауы қолда бар ақпараттың негiзiнде Қорытынды дайындау үшiн негiз болып табылады.

Соңғы редакциядағы Инвестициялар ҚЭН-інің көшірмесі және Қорытынды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға сканерленген көшiрмелердi ұсынудың белгiленген мерзiмдерi өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiберiледi.

164. Инвестициялардың экономикалық сараптамасының бiрiншi кезеңiнiң нәтижелерi бойынша, сондай-ақ Инвестициялар ҚЭН-ін қайтарған кезде, Толымдылық ескертулері (сәйкессіздіктер анықталған кезде) мынадай құрылымға сәйкес келедi:

1) «Инвестициялар паспорты», онда Инвестициялар паспортында болатын деректердiң анықталған сәйкессiздiгi және (немесе) жетiспейтіндігi туралы ақпарат келтiрiледi;

2) «Инвестициялар ҚЭН-і», онда бөлiмдердiң және (немесе) тараулардың және (немесе) параграфтардың болмауының анықталғаны туралы ақпарат келтiрiледi;

3) «Құжаттама», онда осы Қағиданың 138-тармағында көрсетiлген құжаттардың болмауы туралы ақпарат келтiрiледi.

165. Қорытынды мынадай элементтердi қамтиды:

1) тақырыбы;

2) «Инвестициялар паспорты» бөлiмi;

3) «Қорытынды» бөлiмi;

4) қойылатын қолдар;

5) күнi;

6) мекенжайы.

7) 1-қосымша «Құжаттар»;

8) 2-қосымша «Ретроперспектива»;

9) 3-қосымша «Негiздiлiк»;

10) 4-қосымша «Нәтижелiлiк».

166. Қорытындының Инвестициялар атауы көрсетiлген тақырыбы, сондай-ақ Қорытындыны дайындаған ұйымның атауы болады.

167. «Инвестициялар паспорты» бөлiмi осы Қағидаға 17-қосымшаға сәйкес нысанда ресiмделедi.

168. «Қорытынды» бөлiмi мынадай құрылымға сәйкес келедi:

1) «Негiзділік» тарауы, онда Инвестициялар көлемiн, оның ішінде жылдар бойынша растау немесе растамау туралы, сондай-ақ баламалы көздерден қаржыландыру мүмкiндiгi немесе мүмкін еместігі туралы ақпарат келтiрiледi;

2) «Нәтижелілік» тарауында Инвестициялардың экономикалық, қаржылық және бюджеттік тиімділігі, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізу мүмкiндiгi немесе мүмкін еместігі, сондай-ақ бар болған жағдайда тиiмдiлiк пен сапа көрсеткiштерi туралы ақпарат келтіріледі.

Басқа ақпарат негізінде факторларды ашатын пікір айтылған жағдайда, осы ақпаратпен толықтырылуы мүмкін.

169. «Қорытынды» бөлiмiнде Инвестициялардың, оның ішінде іс-шаралар және инвестициялық кезеңнің жылдар бөлінісінде расталған көлемін көрсете отырып, іс-шаралардың критерийлерге сәйкестiгіне қатысты пiкiр айтылады, бұл ретте:

1) оң қорытынды, егер іс-шаралар критерийлерге сәйкес келсе;

2) теріс қорытынды, іс-шаралар бір немесе екі критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда немесе МИЖ жүзеге асырудың басқа түрлері мен тәсілдері анықталса;

3) ескертпелері бар оң қорытынды, іс-шаралар өлшемдерге сәйкес келген, алайда, экономикалық сараптама жүргізу барысында төменде келтірілген тiзіммен шектелмей, мынадай фактілер анықталғанда:

бұрын жасалған Инвестициялармен байланысты тікелей және (немесе) түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегенде;

Инвестициялар Алушының қызметiнiң үздiксiздігі мүмкiндiгiне күмән тудырылуы мүмкін.

Төменде қатысушылар қызметiнiң үздiксiздiгiне жеке алғанда немесе жиынтығында күмән тудыруы мүмкiн оқиғалар мен жағдайлар мысалы келтiрiледi.

Қаржылық оқиғалар немесе жағдайлар:

ағымдағы мiндеттемелердiң ағымдағы активтерден артық болуы;

өтеу мерзiмi жақындаған мiндеттемелердiң болуы, оларды өтеудiң немесе қарыз мерзiмiн ұзарту перспективасы нақты болмаған жағдайда;

ағымдағы қарыздардың есебiнен ұзақ мерзiмдi активтердi қаржыландыру;

борышкерлердiң өтеу мерзiмi өткен талаптарының елеулi сомасының болуы;

қаржылық есептiлiкпен ұсынылған деректермен расталған операциялық қызмет бойынша терiс сальдо;

қаржылық есептiлiкпен ұсынылған деректермен расталған жалпы пайданың және (немесе) шығындардың терiс мәні;

ақша түсімдерін алудың негізі ретінде қолданылатын активтер құнының едәуір төмендеуі;

орындалу мерзімі өткен міндеттердің елеулі сомасының болуы;

өнімдерді жеткізу бойынша шарттардың талаптарын сақтау қабілетсіздігі;

Инвестициялар Алушының қаржылық жағдайының талдауы Инвестициялар Алушыда қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу бойынша шығыстарды дербес төлеу мүмкіндігі бар екендігін көрсеткен жағдайда, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасының Инвестициялар көлемінен алынып тасталуы;

капиталдандырылатын болып табылмайтын шығыстардың Инвестициялар көлемінен алынып тасталуы.

Операциялық оқиғалар немесе жағдайлар:

лайықты ауысымы жоқ түйінді басқарушылық персоналдың кетуi;

негiзгi нарықты, франшизаны, лицензияларды, негiзгi өнім берушілерді немесе тұтынушыларды жоғалту;

өнімдер бағаларының төмендеуі немесе өнім берушілердің өніміне бағаны арттыру.

Басқа да оқиғалар немесе жағдайлар:

пруденциялық нормативтердің орындалмауы;

жасалған шарттарға, оның iшiнде қарыздарға сәйкес белгiленген ковенанттардың орындалмауы;

қатысушылардың қаржы-шаруашылық қызметіне теріс ықпал етуі мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары.

Түсіндіруі бар оң қорытындыда түсіндіруі бар пiкiр білдіруге ықпал еткен факторлар сипатталады.

170. Қорытындыны оны дайындаған ұйымның басшысы немесе оған уәкiлеттi тұлға бекiтедi және оған Қорытындыны дайындаған ұйымның орындаушысы қолы қояды.

Қойылған қолдар Қорытындыны дайындаған ұйымның мөрiмен бекітіледі.

171. Қорытындыға олардың негізінде Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының критерийлерге сәйкестігi жөнінде пiкiр қалыптастырылған, жеткiлiктi және сенiмдi дәлелдер алынған күннен ерте емес күн қойылады.

172. Қорытындыға «Құжаттар» деген 1-қосымшада мыналардың әрқайсысының:

1) осы Қағидалардың 138-тармағында жазылған талаптарға сәйкес ұсынылған құжаттың, сондай-ақ қосымша ұсынылған әр құжаттың атауы;

2) орындаушы сараптама жүргiзу барысында басшылыққа алған техникалық және технологиялық стандарттары бар нормативтiк құқықтық актi мен нормативтiк актiнiң, сондай-ақ пайдаланылған ақпараттық және статистикалық материалдар, шолулар мен басқа да құжаттар атауы көрсетiледi.

173. Қорытындыға «Ретроперспектива» деген 2-қосымшада бұрын бөлінген және игерілген қаражат жөніндегі, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша, ақпараттың егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі.

174. Қорытындыға «Негiздiлiк» деген 3-қосымшада негiздiлiк критерийі бойынша пікір білдіруге ықпал еткен факторлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі;

175. Қорытындыға «Нәтижелiлiк» деген 4-қосымшада нәтижелілік критерийі бойынша пікір білдіруге ықпал еткен факторлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі

176. Түзетiлген Инвестициялар ҚЭН қорытындысының құрылымы және мазмұны осы Қағидалардың ережелерiне сәйкес болуы тиiс.

177. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-ін қарайды және осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

Түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-інің экономикалық қорытындысы Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамалары негізінде Қорытындыны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде дайындалады.

178. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган ББӘ-нің Инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың Инвестициялар ҚЭН-ін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

Инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсерi және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан дайындалады.

Республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Инвестициялардың экономикалық қорытындысы Қорытындыны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасы негiзiнде дайындалады.

179. Инвестицияларды iрiктеуді және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар ББӘ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырады.

180. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің Инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың ҚЭН-ін қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуін растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны МИЖ-дің инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындыны, Инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыны ескере отырып Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

181. Инвестициялар бойынша оң экономикалық қорытынды мен тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмi негiзiнде Инвестициялар тиiстi бюджет жобасына қосылады.

Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша тиісті бюджет жобасына ТЭН мен ЖСҚ-ны дайындау шығыстары қосылады.

Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша ТЭН мен ЖСҚ-ға, жоспарларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік сараптамасының нәтижелері бойынша тиісті бюджет жобасына жобаларды іске асырудың жалпы құны қосылады.

182. Инвестициялар ҚЭН-ін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер бекітетін бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобаларды экономиканың түрлі салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердің Инвестицияларын қоспағанда, оң экономикалық қорытынды және тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмiн алған Инвестициялар ҚЭН-і немесе түзетілген Инвеcтициялар ҚЭН-і Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ББӘ бекітуіне жатады. оң экономикалық қорытынды мен тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмiн алған Инвестициялар ҚЭН-ін немесе түзетілген Инвестициялар ҚЭН-ін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ББӘ бекiтуі тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет