Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі406.71 Kb.
#5915
  1   2   3


Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінің

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты

2012 жылға Қазақстан Республикасының

мерейтойлар және атаулы күндер

КҮНТІЗБЕСІ

(Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының



қорында сақталатын құжаттар бойынша)

Астана – 2012
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Ғылыми кеңесімен

мақұлданған


2012 жылға Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша). – Астана, 2012 ж. – 20 б.
Күнтізбе Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми-зерттемелік, ағартушылық және оқу-тәрбиелiк салаларда кеңінен қолдану мақсатымен дайындалған.

© Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, 2012 ж.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз ---------------------------------------------------------------------------------------------- 4


2012 жылға мерейтойлар және атаулы күндер тізбесі ------------------------------------ 5-19
Атты нұсқағыш (Атау көрсеткіші)------------------------------------------------------------ 20

АЛҒЫСӨЗ
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 2012 жылға арналған мерейтойлар және атаулы күнтiзбесiн дайындады.

Мұрағатшылар айғақ және оқиғаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттары негiзiнде айқындап іріктеп алған.

Күнтiзбеге республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми - мәдени өмiрiн айғақтайтын 155 өте мағыналы оқиғалар мен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан белгiлi қоғам және мемлекет қайраткерлерiнің торқалы даталары енгізілді.

Күнтiзбенің басқы мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ғылыми-зерттемелік, ағартушылық және оқу-тәрбиелiк салаларда кеңінен қолдану, мұрағаттық мекемелердiң және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне, зерттеушiлерге ретроспективалық ақпаратты тиімді қолдануын ұйымдастыруда көмек көрсету.

Күнтiзбені мәдени-ағартушылық мекемелер, оқу орындары және қоғамдық бiрлестiктер әр түрлi шаралар, тақырыптық және құжаттық көрмелер өткізу және бұқаралық ақпарат құралдарда мақалалар жариялау барысында қолдана алады.

Күнтiзбе оқиғаларын саралау межесі ретiнде:

- Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңыздылығы;

- Қазақстанның өнеркәсiбі, экономикасы, ғылымы және мәдениетiнің қалыптасуы мен дамуындағы маңыздылығы;

- белгiлi тұлғалардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесі есепке алынды.

Күнтiзбеде оқиғалар тақырыбына қарамастан хронологиялық тәртіпте айларға бөлініп берілген.

Күнтiзбені қолдану барысында ондағы адамдардың аттары мен тектері, кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер, құрметтi атақтар, географиялық атаулар, сонымен бiрге ондағы оқиғалардың даталары деректе берілген түрінде ұсынылған.

Күнтiзбеде арнайы блокта күні мен айы белгісіз атаулы күндер енгізілген. Оларда оқиғаның тек жылы ғана берілген.

Саны және айы анықталмаған ұмытылмас даталар оқиғаның жылының нұсқауы бар күнтiзбесiне қосылған.

Күнтiзбе Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының құжаттары негiзiнде дайындалған болғандықтан «Сақталатын орны» графасында мұрағат мекемесі берілмеген.

Мерейтойлар және атаулы күндер тiзбесiнің ғылыми-анықтамалық аппараты алғы сөз, күнтізбе, атты нұсқағыш және мазмұннан тұрады.

Күнтiзбе үшiн материалдардың анықталуында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының барлық қызметтерiне ризашылық бiлдiремiз.



2012 жылға

Қазақстан Республикасының мерейтойлар және атаулы күндер КҮНТІЗБЕСІ

(Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттар бойынша)







Оқиға уақыты

Оқиға атауы

Сақталатын орны



ҚАҢТАР




6 қаңтар

«1997 жыл – Жалпыұлттық келісім мен саяси репрессия құрбандарын еске алу жылы деп жариялаған» № 3299 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының қабылданғанына

15 жыл (1997 ж.)




89-қор, 1 (қ)-тіз., 211-іс, 22-п.




8 қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкiметi және Малайзия Үкiметi арасындағы Сауда келiсiмінiң бекiтілгеніне 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1 (жалғ.) -тіз., 740-іс, 105-109-пп.




11 қаңтар

Шығыс Қазақстан экономикалық аймағының құрылғанына 20 жыл (1992 ж.)


2-қор, 1-тіз., 2-іс, 19-30-пп.



13 қаңтар

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 273 Жарлығының қабылданғанына 5 жыл (2007 ж.)


93-қор, 1-тіз., 1201-іс. 39-п.




14 қаңтар

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының № 1122-XII заңының қабылданғанына 20 жыл (1992 ж.)


2-қор, 1-тіз., 2-іс, 85-105-пп.



16 қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Алматы энергетика және байланыс институтын құру туралы» № 43 қаулысының қабылданғанына

15 жыл (1997 ж.)




4-қор, 1-тіз., 741-іс



19 қаңтар

«Қостанай жаңалықтары» аумақтық газетінің шығуына 15 жыл (1997 ж.)


58-қор, 1-тіз., 48-іс, 1-20-пп.



20 қаңтар

«Қостанай облысының Қостанай қаласының құрамына Қостанай ауданының ауылдық округiнiң Амангелді, Аққабақ, Васильевка, Геофизик, Ждановка, Кировка, Кунай, Семилетка ауылдарын және «Ақсу» АҚ енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1-тіз., 740-іс, 93-п.




23 қаңтар

«Семей облысы Новошульбинск ауданын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3335 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 98-п.




31 қаңтар

«Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылғанына 15 жыл (1997 ж.)


58-қор, 1-тіз., 84-іс, 17-18-пп.


АҚПАН




6 ақпан


Қазақ жазушысы, драматург, ғалым, Қазақ КСР ҒА академигі Мұқтар Әуезовтың туғанына 115 жыл (1897 ж.)


4-қор, 1Қ-тіз., 745-іс, 137-146-пп.




7 ақпан

«Экономикалық реформалар жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары қызметін жетілдіру бойынша» Қазақстан Республикасы Президентінің № 600 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1996 ж.)


18-қор, 1Қ-тіз., 1-іс, 1-3-пп.




9 ақпан

«Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының құрылғанына 10 жыл (2001 ж.)


23-қор, 2-тіз., 94-іс, 1-2-пп.




9 ақпан


«Мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкiмшiлiк соттарды құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 803 Жарлығының қабылданғанына 10 жыл (2002 ж.)


93-қор, 1-тіз., 166-іс, 1-п.




18 ақпан


«Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру тарихын айқындайтын құжаттарды жинау және жүйелеу бойынша іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 233 қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1Қ-тіз., (қос.). 748-іс, 73-74 пп.




21 ақпан

«Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 251 қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1Қ-тіз., (қос.). 749-іс, 31-32 пп.




26 ақпан

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың екіжақты жол жүру туралы Келісімге қол қойылғанына 20 жыл (1992 ж.)


53-қор, 1-тіз., 42-іс, 61-62-пп.




28 ақпан

«Ақмола облысы Селеті ауданын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3370 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл

(1997 ж.)




8-қор, 1-тіз., 458-іс, 99-п.




28 ақпан

«Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3371 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 98-п.



НАУРЫЗ




1 наурыз

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылғанына 40 жыл (1972 ж.)


91-қор, 1-тіз., 1252-іс, 146-п.




1 наурыз

«Уйгур авази» ұйғыр газетінің бірінші нөмірінің шыққанына 40 жыл (1972 ж.)

58-қор, 1-тіз., 88-іс, 38-п.




4 наурыз

«Қазақойл» Ұлттық мұнай және газ компаниясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3378 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)

58-қор, 1-тіз., 82-іс, 1-п.

74-қор, 1-тіз., 5-іс, 2-п.






5 наурыз

1997-1998 жылдарға есiрткiлердi терiс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы әрекеттiң кешендi шаралары» атты мақсатты бағдарламаның қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1-тіз., 751-іс, 86-108-пп.




15 наурыз

Библиограф, ориенталист, академик, профессор Насролла Мүбашшір ат-Таразидің туғанына

90 жыл (1922 ж.)





6-ж/қор, 1-тіз., 3-іс, 1-п.




17 наурыз

«Ақмола қаласы дамуының бас жоспары мен оның аймақтарға ықпалы туралы реттеушілік құжаттамасын дайындау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 332 Қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1 Қ-тіз., 754-іс, 21-44-пп.




17 наурыз

«Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 337 Қаулысы қабылданғанына

15 жыл (1997 ж.)




4-қор, 1Қ-тіз., (жалғ.). 754-іс, 89-92-пп.




17 наурыз

Талдықорған облысы экономикалық дамуының қосымша іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 331 қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1Қ-тіз., (жалғ.). 754-іс, 17-20-пп.




17 наурыз

«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында 1949-1990 жылдары ядролық сынаулар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 336 қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)

4-қор, 1Қ-тіз., (қос.). 754-іс, 83-88 пп.




18 наурыз

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жоғарғы әскери училищесінің құрылғанына 15 жыл (1997 ж.)

4-қор, 1 Қ-тіз., 754-іс, 111-112-пп.




18 наурыз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылғанына

15 жыл (1997 ж.)




8-қор, 1-тіз., 11-іс, 121-п.




18 наурыз

Тәуелсіз мемлекеттер достатығының қатысушы-мемлекеттерінің мәдени ынтымақтастығы бойынша Кеңесінің құрылғанына 15 жыл

(1997 ж.)




4-қор, 1 Қ-тіз., 754-іс, 147-154-пп.




19 наурыз

Қазақстан Республикасының немiс ұлтты азаматтарын қолдау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкiметi және Германия Федеративтік Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылғанына 15 жыл (1997 ж.)


58-қор, 1-тіз., 84-іс, 25-28-пп.




19 наурыз

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесінiң өзгерту жөніндегі тұжырымдамасының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)

(Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1997 жылдың 19 наурызындағы № 70-р ұйғарымымен қолданған)




4-қор, 1Қ-тіз., 911-іс, 63-70-пп.




22 наурыз

Жазушы, академик, Социалистiк Еңбек ері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл (1902 ж.)


91-қор, 1-тіз., 50-іс 77-182-пп.




22 наурыз

Ғалым-түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының туғанына 65 жыл (1947 ж.)


4-ж/қор, 1-тіз., 114-іс, 14-15-пп.




23 наурыз

Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серік Смайылұлы Қирабаевтың туғанына 85 жыл (1927 ж.)


5-ж/қор, 1-тіз., 90-іс, 21-30-пп.




24 наурыз

«Қазақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» АҚ туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

№ 410 Қаулысы қабылданғанына 15 жыл

(1997 ж.)


74-қор, 1-тіз., 6-іс, 7-14-пп.




26 наурыз

Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшіру бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясының «Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшіру бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясының 1997 жылдың ІІ кварталына жұмыс жоспары туралы» №32-1-4/8 қаулысы

қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)




43-қор, 1-тіз., 50-іс 11-п.




27 наурыз

«1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3432 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл

(1997 ж.)




58-қор, 1-тіз., 84-іс, 55-56-пп.




31 наурыз

Атырау әлеуметтік-экономикалық аумағының құрылғанына 20 жыл (1992 ж.)


2-қор, 1-тіз., 34-іс, 98-99-пп.




31 наурыз

Жетілу проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығына 10 жыл (РҒТ ӘБЕО)


91-қор, 1-тіз., 1249-іс, 1-п.



СӘУІР





1 сәуір

«Ақмола облысы Селеті аудандық сотын, Ақтөбе облысы Исатай аудандық сотын, Талдықорған облысы Бөрлітөбе аудандық сотын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3435 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл

(1997 ж.)




8-қор, 1-тіз., 458-іс, 93-95-пп.




7 сәуір

«Қазақстан Республикасы Үкіметі Әзербайжан Республикасы Үкіметі арасындағы мұнай және газ өндірісі саласындағы Ынтымақтастық орнату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 487 қаулысы қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


74-қор, 1-тіз., 6-іс, 31-34-пп.




14 сәуір

«Қарағанды қаласының Теміржол ауданын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3451 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 89-90-пп.




18 сәуір

«Солтүстік Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандарын тарату, Бескөл және Ленин аудандарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3461 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 88-п.




19 сәуір

«Каспий құбыр арнасы консорциумын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3464 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл

(1997 ж.)




74-қор, 1-тіз., 5-іс, 7-п.




22 сәуір

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3465 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)

9-қор, 1-тіз., 350-іс, 30-п.




23 сәуір

Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі, Сорос-Қазақстан және Азия Даму банкі арасындағы Ынтымақтастық келiсiмге қол қойылғанына 15 жыл (1997 ж.)


25-қор, 1-тіз., 26-іс, 143-п.




23 сәуір

Қазақстан Республикасының заңдық ынтымақтастық негіздері жөніндегі Қырғызстан Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Ынтымақтастық келiсiмге қол қойылғанына 20 жыл (1992 ж.)


8-қор, 1-тіз., 10-іс, 119-п.




26 сәуір

«Кіші кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 665 қаулысына 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1Қ-тіз., 762-іс, 42-50-пп.




28 сәуір

«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 672 қаулысы қабылданғанына

15 жыл (1997 ж.)




110-қор, 1-тіз., 1-іс, 10-п.


МАМЫР




1 мамыр

Мемлекеттік және қоғам қайраткері, публицист, әдеби сыншы Сағат Әшімбаевтің туғанына 65 жыл (1947 ж.)


1-ж/қор, 1-тіз., 114-іс, 23-25-п.




3 мамыр

Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары таратылғанына 15 жыл (1997 ж.)


5-ж/қор, 1-тіз., 49-іс, 118-п.




7 мамыр

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» № 98-I Заңының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


58-қор, 1-тіз., 83-іс, 47-54-пп.




7 мамыр

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» № 100-I Заңының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


58-қор, 1-тіз., 83-іс, 17-45-пп.




7 мамыр

«Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Тайпақ аудандарын тарату, Чапаев ауданын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3489 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 57-58-пп.




7 мамыр

«Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз аудандарын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3490 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 54-56-пп.




12 мамыр

«Жамбыл облысының Жаңатас, Қаратау қалаларын аудандық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу, Сарысу және Талас аудандарының әкiмшiлiк орталықтарын көшiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3497 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 15-п.




21 мамыр

«Атырау облысының Балықшы ауданын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 3515 Жарлығының қабылданғанына 15 жыл (1997 ж.)


8-қор, 1-тіз., 458-іс, 35-36-пп.




27 мамыр

Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым-түріктанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың туғанына 75 жыл (1937 ж.)


1-ж/қор, 1-тіз., 1-іс, 1-п.




30 мамыр


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметінің арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтықтық туралы келісім бекітілгеніне 15 жыл (1997 ж.)


4-қор, 1-тіз., 767-іс, 54-п.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет