Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі


БИОТҮРЛІЛІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІНЕ, ОСЫ ОБЛЫСТАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРҒА, ҚАУІПТІЛІК ФАКТОРЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ



бет2/11
Дата08.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#122932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.БИОТҮРЛІЛІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІНЕ, ОСЫ ОБЛЫСТАҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРҒА, ҚАУІПТІЛІК ФАКТОРЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Қазақстанның географиялық орналасуы (55°26’ - 40°56’ с.к. және 46°27’ - 87°18’ ш.) сібір тайгасы мен ортаазиялық шөлейттер арасында, ішкі континентті үлкен сулы– Каспий теңізі мен аса үлкен Тянь–Шань таулы жүйесінің болуы табиғи жағдай мен ландшафтың аса көп түрлі болуынан көрініп отыр.

Еуроазияның ортасында орналасқан, Қазақстанның кең аумағы табиғи жағдайдың түрлі болуын тудырады. Оның ландшафтық аймақталуына сәйкес жазықтық бөлігінде 5 ландшафтық тип айқындалған– ормандалалы, далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейтті, шөлейтті, ал таулы жүйеде – 7 тип нивалді, таулышалғынды, орманды, ормандалалы, далалы, жартылай шөлейтті, шөлейтті. кең аймақтылық пен вертикалды енділіліктен болатын ландшафтың осындай түрлілігі, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде тек Қазақстанға ғана сыйпатты.

Қазақстанның аумағының үлкен бөлігінде экологиялық жүйелер континенталды климат пен жеткіліксіз тұрақсыз ылғалдықтың әсерінен қалыптасады. Климаттың кеңдік өзгерістеріне байланысты аймақтық экологиялық жүйелердің біртіндеп алмасуы болады, Солтүстік Қазақстанның жетіаридті ормандаласынан бастап, суық континенталды жартылай шөлейт пен шөлейт арқылы, оңтүстіктің жылы–көбірек ––континенталды шөлейтіне дейін. Аймақтық экожүйелер элементарлы экожүйелер жиынтығы –биогеоценоздар ретінде айқындалады.

Қазақстанда үлкен түрлі тау экологиялық жүйелері бар, олар биіктік белдеулерден туындайды. Белдеуліктің құрылымына сәйкес және типті және сирек экожүйелер жинағы төрт ірі тау блогын айқындайды: Батыс–Тянь–Шань (Қаратау және Батыс Тянь–Шань таулары), Солтүстік –Тянь–Шань, Қазақстандық–Жоңғарлық және Алтайлық.

Таулар олардың етектеріндегі жазықтықтарға үлкен әсер етеді, оларда оңтүстік Қазақстандағы тауалды шөлейттері сияқты, ерекше инверсионды экожүйелер типі бар.

Ендік аймақ пен аймақ асты, тау белдіктеріндегі экожүйелер нақты айқындалған ерекше сыйпаттары және құрамының ерекшелігімен сыйпатталады.
1.1. Табиғи экожүйелер

1.1.1.Ормандалалы

Қазақстанда ормандалалы аймақтың ауданы үлкен емес, Петропавловск және Көкшетау қалаларынан солтүстікке қарай 54 градус с.е. Өсімдік жабыны– ормандар (0,7 млн. га) және байтүрлішөпті қайта түрленген далалар. Ормандар маңызды мелиорациялық және жақын жатқан дала учаскелеріне топырақ қорғайтын әсер көрсетеді.

Ормандалалы аймақта келесі аймақастылар айқындалады:

1. Оңтүстік нашар ылғалды көбірек– жылы ормандала. Гидротермиялық коэффициенті (ГТК - 1.3.) Кіші аймақ Қазақстан аумағының 1,0% алады және терек– қайың экожүйелерімен (comm. Betula + Populus tremula), теректі (comm. Populus tremula) ормандармен, сұр орманды сортаң топырақтарда және қаратопырақтағы шалғынды далалармен байқалады. Пайдаланылуы: ағаш дайындау, жер жырту, шөп шабу, жайылым және аң аулау

2. Көбірек– құрғақтау шоғырланған ормандала (ГТК 1.2 –1.3). Кіші аймақ республика аумағының 1.04% алады.. Экожүйелері теректі– қайыңды шоғырлар (comm. Betula + Populus tremula), қаратопырақтағы байтүрлішөпті– дақылдыдалалармен (comm.) байқалады. Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар, сиректеу – ағаш дайындау, аң аулау.

шоғырланған ормандар жұмсақ жапырақтылармен сыйпатты: асылған қайың, жұмсақ, қырғыз қайыңымен (Betula pendula, B.pubescens, B.kirghizorum), теректермен (Populus tremula), ағаш текті және бұталы талдар кустарниковыми (Salix triandra, S.caprea, S.rosmarinifolia, S.fragilis, S.alba и др.), тікенектілер (Rosa acicularis, R.spinosissima), тобылғылар (Spiraea crenata, S.hypericifolia), дала шиелері (Cerasus fruticosa), ырғайлар (Cotoneaster melanocarpa) және басқалармен мәлім.

Шалғынды және дала учаскелерінің 60-90% жыртылған.

Ормандалалы аймақ фаунасында сүтқоректілерінің 48 түрі бар. Еі көп саны кемірушілер отрядына жатады (Rodentia) – 21, одан соң, жабайылар (Carnivora) – 10,1, шыбын–шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 7, қолқанаттылар (Chiroptera) – 5, екітұяқтылар (Artiodactyla)–3, қоян тектілер (Lagomorpha) – 2.

Тек сары орман тоқалтіс (Clethrionomys glareolus) ғана ормандалада кездеседі, қалғандары екі немесе одан да көп табиғи аумақтарда кездеседі. Еліктер (Capreolus pygargus), лось (Alces alces), кәдімгі кірпі (Erinaceus europaeus), орман тышқаны (Sicista betulina), сияқты орман формаларымен қатар, ашық (дала) ландшафтардағы дала тышқаны (Mustela eversmanni), қарсақ (Vulpes cor sac) және басқалар кездеседі. .

Ең көп таралған амфибия болып жасыл құрбақа (Bufo viridis) мен сүйірбетті бақа (Rana arvalis) табылады. Сібір өткіртісі (Hynobius keuserlingii) мен шөп бақасы (Rana temporaria) ормандала аймағына сыйпатты.

Бауырымен жорғалаушылар ішінде түрі жағынан ең көбі –жыландар (7 түрі).

Шыбын–шәркейдің 3500 артық түрі айқындалған, дегенмен 5-7 мың түрә кездеседі.

Ормандала аймағында 167 түрлі құс ұя салады, немесе жалпы республикада ұя салатын құстардың (389) 42,9% құрайды.

Жүйелі қатынаста бұл құстар 9 отрядқа бөлінеді: ржанкообразные (Charadriiformes), тауық тектілер (Galliformes), хайуандар (Falconiformes), жапалақтектілер (Strigiformes), көгершін тектілер (Columbiformes), көкек тектілер (Cuculiformes), тентекқұс тәрізділер (Caprimulgiformes), тоқылдақтектілер (Piciformes) және торғай тектілер (Passeriformes). Олардың көбі ағаш–бұталы өсімдіктермен байланысты орман құстары.


1.1.2. Далалы

Далалы аймақтың ауданы 110.2 млн. га, немесе республика аумағының 28% және 3 кәшә аймаққа бөлінеді (3,4,5; суреттерде –. 1.8, 1.8 А):

3. Көбірек–құрғақ және құрғақ жылы (ГТК 0.8-1.0) кәдімгі және оңтүстік қаратопырағындағы түрлішөпті–бозды дала (20,1 млн. га немесе 4%). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар.

4. Көбірек–құрғақ және жылы (ГТК 0.6.-0.8) қараталшынды және талшынды топырақтағы бетеге - бозды дала (57,2 млн. га немесе 21.0%) ксерофитті түрлішөптермен (comm. Stipa sp.+ Festuca). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар. Даланың 60% жыртылған;

5. Шөлейттенген құрғақ, көбірек ыстық (ГТК 0.5-0.6) ашықталшынды топырақтағы жусанды–бозды (жартылайшөлейт ) (comm Stipa sp., Artemisia sp. sp.) (32.9 млн. га – 12,1%). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар.

Дала аймағында дала қоғамдастықтарының 250 артық түрлері айқындалған, кең тараған 10 формация анықталған, 200 астам қоғамдастықтар (ассоциациялар), бәрақ экожүйе деңгейінде түгендеу әлі аяқталмаған.

Қазақстанның дала аймағы адамның әрекетімен аса көп трансформацмяланған. Тың игеру жылдарындағы (1954-1960 жж.) үлкен масштабта жерлердің жыртылуы негізгі далалардың плакорных типтерінің жоғалуына әкелді.

Байтүрлішөпті –бозды және түрлішөпті–бозды далалардың 90%, аласа дөңестердің 30% жыртылған. Жазық аумақтардағы құрғақ далалардың 50-60%, ал аласа дөңді жерлерінің 10-15% жыртылған. Осы кіші аймақтардағы далалардың қалған учаскелері (тасты дала, сортаң тұзды топырақтардағы кешенді далалар) малдардың көп бағылуынан маңызды бұзылған. Бұл аймақтардың бозды далалары бетеге (Festuca valesiaca), австрия жусаны (Artemisia austriaca), арамшөпті қоғамдастықтарға айналған. Олар өздерінің алғашқы түрлік түрлілігін жоғалтқан.

Аймақ өсімдіктердің негізгі 20 формациясы енген, негізгі доминанттар –боздар:

Залесского (Stipa zalesski), бетегебоз (St. Lessingiana), қылтаңбоз (St. Joannis), ырғыз бозы (St. Kirghizorum), тырсы (St.capillata), сол сияқты бетеге (Festuca valesiaca) және сұлы (Avenastrum sp.). Бұта формацияларының ішінде бөртегүл, қараған, бадам, (Spiraea, Caragana, Amygdalus nana) доминантты.

Орманмен жабылған аудан үлкен емес. Орман өсімдіктері қайың–теректі, кей жерлерде қарағайлардың аралды, жолақты массивтермен (Pinus silvestris), сол сияқты талдар, бөртегүл, қараған (Salix, Spiraea, Caragana) бұталармен көрінеді.

Сәбізділер (Silaus besseri), қызыл боз (Stipa zalesski), жергілікті қоржық боз (comm. Stipa korshinskyi), сұлы (Aneurolepidium ramosum, Avenastrum sp.) және шалғынды далалар, кейбір бұталы экожүйелер, граниттегі сирек қарағайлы, қайыңды, черноольшанники (сomm. Betula pendula, comm.Alnus glutinosa) ормандар бар байтүрлішөпті далалар өте сирек немесе жоғалу қаупі бар, сондықтан қорғауды талап етеді. Далалы аймақтың 38 млн. га астам ауданы жыртылған. Егістіктен шығарылып тасталған аумақтарды арам шөпті өсімдіктер жапқан.

Дала аймағының фаунасында 73 түрлі сүтқоректілер бар, олардың ішінде кемірушілерге (Rodentid) 35 түрі, жабайылар (Carnivora) – 13, қолқанаттыларх (Chiroptera) – 9, шыбын– шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 7. қос тұяқтылар (Arttodactytd) – 5, қоян тәрізділер (Lagomorpha) – 4, 6 түрлі жер мен суда өмір сүрушілер және 14 түрлі рептилиялар жатады.

Дала жануарлар түрғындарының негізгі ядросын шалғынды–далалы далалық жасылмен қоректенетін құстар құрайды, олар негізінен түрлі шөптермен, жалпақ жапырақты дақылдармен, қанатты шыбын –шіркейлермен (саяқ шегіртке, сегізкөздер және басқалармен), кәдімгі және тоқалтіс табыны, суырлар, дала суырымен (байбақ) қоректенеді.

Дала аймағында 156 түрлі (40,2 % жалпы республикадағыдан) құстар қя салады. Оның ішінде 12 отрядтың өкілдері бар, негізінен қаздар (Anseriformes), жабайылар (Falconiformes), жапалақ тәрізділер (Strigiformes), тауық тектілер (Galliformes), тырна тектілер (Gruiformes), тентекқұс тәрізділер (Caprimulgiformes) және торғайлар (Passeriformes).
1.1.3. Шөлейтті

Жалпы ауданы – 124.6 млн. га. Тау массивтерінің етектеріндегі Бірегей өсімдіктерімен көрінеді: шөлейттің эфемероидты–дақылды–жартылайбұталы және эфемероидты–бұталы қоғамдастықтары. Батыс Тянь–Шань– және Қаратау тауларын айналып жатқан жазықтықтарда эфемероидты жартылайбұталы және саваноиды деп аталатын, ірішөптілер қоғамдастықтары таралған.

Шөлейтті аймақта бес кеңдік кіші аймақ айқындалады:

6. Солтүстік далаңқы құрғақ, көбірек–ыстық шөлейт (ГТК 0.3-0.4), ауданы 40.0 млн.га, немесе республика аумағының 14.7%. Өсімдік жабыны сұр топырақтардағы шөлейттің дақылды–жартылайбұталылары (сomm. Stipa lessingiana, St. сapillata+Agropyron sp. sp.+Artemisia lerhiana, A.terrae-albae,+A.semiarida) және адырлы, қатарлы құмдардағы құмды–бұталалармен (comm. Calligonum aphyllum, C.murex+Artemisia arenaria и др.+Agropyron fragile) көрінеді. Пайдаланылуы: жайылымдық, шабылатын жемдік алқаптар.

7. Орта (солтүстіктұран) өте құрғақ, ыстық (ГТК 0.2-0.3) шөлейт (51.2 млн.га немесе республика аумағының 18.9%), қызғылт, сұр–қызғылт құмды топырақтардағы жартылайбұталы (comm. Artemisia sp., Anabasis salsa, Kochia prostrata), сексеуілтекті (comm. Haloxylon aphyllum; comm. Haloxylon persicum), бұталы (comm. Ammodendron bifolium и др.; Calligonum sp.; comm. Astragalus brachypus, A.cognatus, және б.) өсімдіктермен көрінеді. Пайдаланылуы жайылымдар, орман, отын (сексекілдер ) дайындау және өсімдік шикізаты, жекелей– суарылатын жер өңдеу.

8. Оңтүстікғ өте ыстық, құрғақ (ГТК 0.2), ауданы 30.3 млн. га немесе республика аумағының 11.1%. Агроқоғамдастықтарымен көрінеді: сұр–қызғылт топырақтардағы эфемерлі–жартылайбұталылар (comm. Artemisia terrae-albae+Ephemeretum) мен адырлы, қатарлы аллювиалды–эолды құмдардағы бұталы–сексеуілдер мен эфемерлілер (Haloxylon aphyllum+H.persicum+Ammodendron conolly+Calligonum sp., sp.,+Ephemeretum). Пайдаланылуы: жайылымдар, жекелей –суарылатын жер өңдеу.

9. Тау алды құрғақ, өте ыстық (ГТК 0.2) шөлейт (3.2 млн.га немесе республика аумағының 1.2% ) сұр –қызғылт және сұр топырақтардағы байэфемерлі өсімдіктер мен әрәшөптер және жартылайбұталылармен көрінеді. Пайдаланылуы: жайылымдар, өсімдік шикізаты.

10. Тау алды өте құрғақ шөлейт (ГТК 0.3-0.5) ауданы 11.6 млн.га немесе республика аумағының 4.3%. Шөлейттің эфемерлі–псаммофиттібұталы экожүйелері дақылдылармен бірге байқалады. Пайдаланылуы : жайылымдар, жекелей –суарылатын жер өңдеу.

Өсімдіктердің қазіргі жай күйі және биотүрлілігінің тозуы әртүрлі шөлейттә кіші аймақтарда бірдей емес. Солтүстік аймақтарда негізінен, жақсы жайылымдықтар болатын, жусандылар (comm. Artemisia) тозған, құдықтардың, қыстаулар, кенттер маңайында малдарды көп бағудан болған ошақтар және мал айдап өтетін жолдарда – түзу–ошақтар байқалады.

Орта және оңтүстік шөлейттерде (comm. Artemesia sp. + Anabasis salsa + Ephemeretum), әсіресе республиканың батысында экожүйелердің бұзылуы мал бағудан басқа, техногенді әсерлерден және жол торабынан болып отыр.

Барлық шөлейт аймағында антропогендік әсерлерге төзімсіз және осыған байланысты қатты күйзеліске ұшыраған өсімдіктер (35 млн. га): сексеуілдер (Haloxylon), псаммофиттібұталылар (Calligonum, Astragalus және б.) , псаммофиттіжусандылар (Artemisia arenaria, A. albicerata, A. songarica). Бұл аумақтар жайылым ретінде интенсивті пайдаланылады. Сексеуілдер (Comm. Haloxylon) отын ретінде пайдаланылған соң да өте күшті трансформацияланған.

Тау алды бойында өсімдік жабынының қатты бұзылғаны көрінеді. Дағдылы қазақстандық эфемерлі–жусанды шөлейті (Comm. Artemisia + Ephemeretum) әбден жоғалған. Бұл – суарылатын жер өңдеу мен ең көп мал бағылатын, тұрғындардың ертеден ең қалың тұратын аудан.

Сексеуілді ормандар үлкен( 5 млн. га артық) аумақты алады және орман қорына жатады. Ең көп тарағаны құмды акациямен аралас сексеуілдер (Ammodendron bifolium, A. conollyi), доланалылар (Salsola arbuscula), айрауықтар (Tamarix hispida, T. Ramosissima), жүзгіндер (Calligonum leucocladum, C.aphyllum, C.caput medusa, C.eriopodum) мен таспалар (Astragalus sec. Ammodendron). Қызылқұмдағы, Бетпақдаланың батыс бөлігінде, Сарысу өзенінің орта ағысында, Іле өзенінің төменінде, Мойыеқұмда қарасексеуілдердің пайдаланылуының маңызы үлкен. Ақсексеуілдер (comm. Haloxylon persicum comm.) жыл бойы пайдалануға жарайтын ең жақсы жайылымдар, дегенмен, олар отынға кесіліп, дефляцияға ұшырап отыр.

Шөлейтте зайсан сексеуілдері (Comm. Haloxylon ammodendron), эндемикалық спиреантустар қоғамдастықтар (Spiraeanthus schrenkianus) және құмдағы эндемикалық экожүйелер таспалары (Astragalus cognatus, жүзгіндері Calligonum pavlovii), копеечника (Hedysarum scoparium), полыни белонавощенной (Artemisia albicerata) сирек кездеседі және қорғауды талап етеді.



Шөлейт аймағының фаунасы 119 түрлі сүтқоректілермен, оның олардың ішінде: кемірушілерге (Rodentid) 53түрі, жабайылар (Carnivora) – 21, қолқанаттыларх (Chiroptera)– 20 , шыбын– шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 12, қос тұяқтылар (Arttodactytd) – 7, қоян тәрізділер (Lagomorpha) – 5, қостұяқтылар еместер – 1 жатады.

Тек қана шөлейт Аймағына 36 түр сыйпатты, олардың ең сыйпатты өкілдері жұқатабанды суыр (Spermophilus leptodactulus), сары суыр (S.fulvus), ең көп песчанок түрлері тышқандар (Allactaga и др.), ала жертесерлер (Diplomesodonpulchellum), құлақты және ұзынинелі кірпілер (Erinaceus auritus и E.aethyopicus), қоян-толай (Lepus tolai), жейрен (Gazella subgutturoza), сайғақ (Saiga tatarica), уриал (Ovis vignei) – Маңғышлақ пен Үстүрттің шөлейтті тауларында, барханды мысық (Felis margarita), қарақал (F.caracal). Оңтүстік–шығыс Қазақстан шөлейтінің эндемигі болып қалқанқұлағы (Selevinia betpacdalensis) саналады.

Шөлейт аймағында 200 жақын құстар ұя салады, олар Қазақстандағы барлық құстардың – 51,4 %.
1.1.4. Тау экожүйелері

Қазақстанның тау экожүйелері (ауданы 18,6 млн.га) құрамы мен экожүйе жинағы бойынша түрлілігі жазыққа қарағанда күрделірек.

Тау экожүйелерінің кеңдік құрамдылығы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде ең маңыздылары:

Осы тау жүйесін айналып жатқан жазықтың (пьедесталдардың) аймақтық жағдайы.

Тау рельефінің сыйпаты, қыраттардың бағыты, абсолютті және салыстырмалы биіктік амплитудалары.

Климат ерекшіліктері (қыраттардың бағыттарына байланысты ауа массасының трансформациясы, таудағы климаттық инверсиялар, батыстан шығысқа қарай қозғалысы барысында және жердің биіктілігінен климаттық параметрлердің өзгеру).

Топырақ–өсімдік жабынының ерекшеліктері мен айырмашылықтары.

Құрылымының сыйпаты мен белдеулік жинағы жағынан Қазақстанның тау экожүйелері ең биік деңгейде белдеулік типі бойынша үш топқа бөлінеді:

Тарбағатай–Сауро–Алтай, бұл тау алды дала экожүйелері шегінде орналасқан тауларға сыйпатты.

Жоңғар–Солтүстіктяньшань топтар типтері орта шөлейт (көбірек–суық) экожүйелер шегінде орналасқан тау жоталарына сыйпатты.

Батыс–Тяньшань топтар типтері жылы–көбірек оңтүстік шөлейт шегінде орналасқан тауларға сыйпатты.

Тау экожүйелерінің негізгі өсімдіктері

Тау экожүйесі өсімдіктерінің қоғамдастықтары сан алуан және әртүрлі өсімдіктер типіне жатады. Негізгі типтердің ішінде Еуразияда кең таралғандары: тундралық, шалғынды, орманды (тёмнохвойные, светлохвойные, ұсақжапырақты жіне жалпақжапырақты ормандар), бұталы, дала, сол сияқты, Орта Азия тауларына сыйпатты сирек кездесетін, тек Батыс–Тянь–Шаньда кездесетін аридті арша сирек ормандары, умбеллярлар, саванноидтар, фриганоидтар (тікенекбұталы және ащы–жусанды) өсімдіктер типі.

Тек Орталық Азия биік таулары мен Оңтүстік Алтайда таулы тундра өсімдіктері бар: мүк - қына, шөпті-мүкті және аласа қайыңды, төпекшөптер.

Шалғынды қоғамдастықтар мезофитті ылғалсүйгіш дақылдар мен түрлі шөптерден құрылған және Қазақстан тауларында альпі және субальпі белдіктерінің өсімдіктері қалыптасады, сол сияқты олардың орта тауларда кең тарауы орын алған, орман массивтерімен алмаса отырып.

Альпінің аласа шөпті, әдемі дақылды–түрлішөпті шалғындары жоғары таулы ылғалды жағдайда таралған (Солтүстік Алтай, Батыс Тянь–Шань). Альпінің аласа шөпті шалғындарында криофиттілердің ерекше типі сарыкүйіктер (көбіне бос жерлер деп аталатын) құрғақ және суық тауларда кездеседі (Оңтүстік Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатау).

Субальпілік орта шөпті шалғындары альпі шалғындарынан төмендегі барлық тау массивінде таралған. Олардың ішінде сан алуан түрлі–дақылды, сол сияқты манжетковые және гераниевые шалғындардың арша нуларымен аралас өсуі жиірек. Қазақстанның тау жүйелерінде қылқан жапырақты және жапырақты ормандар көп тараған.

Жасыл мүкті және шөпті Тёмнохвойно- пихтовый и кедровый ормандар солтүстік–батыс Алтайда ғана кездеседі. Шренк шыршасынан тұратын Тёмнохвойный шыршалы ормандар Солтүстік Тянь–Шаньның орта таулы беткейінде тараған. Орман белдігінің жоғарғы белдеуінде жатағандар шыршалы, ал орталығында – мүкті және шөпті жабыны бар. шыршалы ормандар. Төменгі ьөлігінде кәдімгі жапырақты–шыршалы ормандар.

Сібір балқарағайы басымдылығымен ашық қылқан жапырақты ормандар Орталық және Оңтүстік Алтайда көбірек ылғалды жағдайда таралған. Оңтүстік Алтай мен Сауыр тауларында парктік балқарағайы бар.

Қарағайлы ормандар (өліжабынды, жасыл мүкті, қыналар, шөпті, бұталы–шөпті) және петрофитті–далалы түрлері бар сирекормандар Алтайдағы Калбин тауларында және Орталық Қазақстанның гранитті массивтерінде кездеседі. Қарағайлы ормандар таулы аймаұтардан басқа, Торғай аймағы мен Ертіс бойында да кездеседі. Ылғалды қарағайлы ормандар флораның солтүстік (бореальды) элементтері болып тпбылады.

Қарағайлы және теректі ормандар барлық аймақтарда кездеседі.

Әртүрлі тау қырларында ылғал сүйгіш мезофитті бұталы нулардың түрлері аса көп. Ең көп тарағандары розарийлар, спирейниктер, (ағашқа ұқсас Алтай және Тарбағатайдағы қарағандарынан және көп жапырақты Терiскейге қарағандары Ала - Тау) қарағандылар, вишарниктер. Тарбағатайдың ең көрікті жерлері болып Ледебур миндалі мен Ховен калофакойынан құралған бұталы нулар болып саналады.

Таулы дала Қазақстанда Алтайдан бастап, Қаратауға дейін кездеседі. Олар үш түрлі кіші типтермен көрінеді: жоғарғы таулы ксерофитті далалар, Ортатауларда нағыз дәндідақылды, ал Тянь–Шань мен Қаратау төмен таулы жерлерінде құрамы жағынан оригиналды эфемерлі–дәндідақылды, саваноидте – дәндідақылды (ешпен, пырей, ферулды), таулыксерофитті–дақылдылар (кузинии, акантолимона, рафидофитум түрлерімен).

Аршалы сирекормандар тек Батыс Тянь–Шань ортатауларында және Қырғыз жотасы алқабында кездеседі. Зеравшан аршаларынан тұратын аршалы ормандар жылырақ жерлерде өсуге бейім, ал жартылайшарлы аршалар көбірек–салқын жағдайлардп өсе береді. Шөп жабыны жағынан аршалы ормандарды саваноидті, шалғынды, шалғынды–далалы деп бөледі.

Ормандардың ішінде ерекше типі жылу сүйгіш понтийский боярышниктің доланалы сирекормандар биік тау құламаларында және Батыс Тянь–Шань қыратының периметрі бойымен, таудың төменгі бөлігінде таралған. Понтийский боярышниктің сирекормандар (тауалды жартылай саванналар деп аталатын) жазық–тауетегі аумағында, агродақылдар периодына дейін дамыған, ал қазір көп кеңістікте жоғалып кеткен.

Қаратау тауларында ерекше өзіндік дағдысы бар өсімдік типтері – қаратау жусанының басымдылығымен тау жусандары таралған. Олар Қаратауда өсімдіктердің ерекше белдігін құрайды. Флоралық құрамы ерекше, аласашөпті эфемерлі, сол сияқты ірішөпті саванноид, дала дақылдары мен тауксерофитті элементтерді (өсімдік түрлері лепидолёфа, акантолимон) кіреді.

Саваноиды биік шөптер Батыс Тянь–Шань жоғарғы тау алқабында биік шөптер кең орвн алған. Оларда биік шашты эфемерлі перей, және ірі шөптермен (ферул, алтей, эремурус, зопник түрлері) бірге пияз тектес ешпен басым. Тіқменгі тау беткейлерінде негізінен бұталылар (миндаль, роза, шие) бар.

Аласа шөпті Саваноидтер (пияз тектi, эфемердер және эфемероидтардың мятлигі басымдылығымен) Батыс Тянь–Шаньнің төменгі тау алқабында кездеседі.

Өзен жазығы, көлдер мен су қоймаларының жағалауы сан алуан түрлі. Өзен жазығы даласында жалпақ жапырақты теректер (ақ және қара), емен фрагменттері (Орал өз. ) және ұсақ жапырақты теректі –қайыңды ормандар, талдар кездеседі. Өзен жазығы шөлейті ерекше мезотермді алқартық ормандар–тоғайлар (терек, әртүрлі жапырақты және көкшiл сұр жиде), ағаш–бұталы (негізінен талдар) және бұталы нулармен (жыңғылдар мен айрауықтар түрлері) көрінеді.

Терең каньондарда (Чарын өз. ) реликтілі аршалысы ормандар кездеседі. Өзендер бойы мен алқабында, көлдер жағалауларында шөпті саздақтар (қамыс, қоға, , түйнек қамы) мен әртүрлі галафитті (ажректі, бескильницевый, волоснецовый, арпалылар) шалғындарға бай. Оңтүстік далалар мен шөлейттерде шиден тұратын ірідақылды шалғындар тараған.

Тау экожүйелері фаунасында сүтқоректілерінің 110 түрі бар. Оның ішінде кемірушілер отрядына (Rodentia) – 45 жатады, жабайылар (Carnivora) – 20, шыбын–шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 10, қолқанаттылар (Chiroptera) – 22, екітұяқтылар (Artiodactyla)– 7, қоян тектілер (Lagomorpha) – 6. Меншікті таулық ретінде 14 түрі белгілі, қалғандары басқа аймақтарда кездеседі. Таулы аймақтарда орман фаунасының өкілдері бар, олар– қоңыр аю(Ursus arctos), дала мысығы, бұлгын (Martes zibellina), күдiр (Moschus moschiferus), бұлан (Alces alces), марал (Cervus elaphus sibiricus), ала тышқан (Eutamias sibiricus), тиін (Sciurus vulgaris), ақ–қоян (Lepus timidus) және басқалар. Таулы дала өкілдері –Мензбир суыры (Marmota menzbieri), ұзынқұйрықты суыр (M.caudata), сұр суыр (M.baibacina), реликтілі суыр (Spermophilus rehitus), арқар(Ovis аттоп); қызыл биотоптарда өсір сүрушілер – қызыл шақылдақ (Ochotona rutila), үлкен құлақты шақылдақ (O.macrotis), күмiстей түнеу (Асок argentatus), тас сусары (Martes foina), сібір тау ешкісі (Capra sibirica), iлбiс (Uncia uncia).

Таулы аймақта 255 түрлі құс ұя салады, немесе республика фаунасының 65,6%. Жабайылар (Falconiformes), тауықтұқымдастар (Galliformes), көгкршінтектестер (Columhiformes), тоқылдақтектестер (Piciformes) және торгай тектестер (Passeriformes).

Қазақстанның тау жүйелері 29 түрлі жерүсті жіне бауырымен жорғалаушылар, олардың ішінде 7 түрлі амфибия және 22 түрлі рептилилер бар.

Әр тау жүйесіне биотоптарының түрлілігіне байланысты белгілі түрлер жинағы сыйпатты. Мысалы, қазақстандық Таулы Алтайда тірі туатын кесiртке (Zootoca vivipara), пысық кесiртке (Lacerta agilis), 2500 м биіктікке көтеріле алатын кәдімгі гадюка (Vipera berus), 1800 м биіктікте кездесетін кәдімгі жылан (Natrix natrix) кездеседі. Жоңғар Алатауында жоғарғы 1800 ден 2500 м дейінгі биіктіктегі эндемик қылқан жапырақ ормандарда - семиречендiк бақа тісті (Ranodon sihiricus), сол сияқты 1000 м пысық кесiртке мен кәдімгі гадюканы кездестіруге болады.

Қазақстанның бөлек таулы ландшафтарының фаунасы өте түрлілігімен ерекше. Оның құрамында эндемикалы және реликтілі типтер мен кіші типтер өте көп. Қазақстан тауларындағы шыбын–шіркейлер санын атау өте қиын. Мысалы, тек қаттықанаттылар Ақсу–Жабағалы құрығы аумағында 906 түрі кездеседі, олар 358 тек пен 41 ұяға бөлінеді. 60 артық басым түрлерін атауға болады, олар бірін–бірі биотоптар мен станцияларда ауыстырып отырады. Өоңыздар арасында полизоналды түрлері барлық биіктік белдеулерінде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет