1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды сақтау және қадағалау, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, сондай-ақ су ресурстарын басқару және балық шаруашылығы дамуы бойынша «жасыл экономика» мемлекеттік саясатының дамуын іске асыру және бақылау бойынша функциялар мен өкілеттіктерді және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің миссиясы: қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау.
15. Міндеттері:
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық және салааралық үйлестіру;
3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру;
4) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;
5) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және орнықты даму үшін табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту;
8) табиғат қорғау заңнамасының, экологиялық талаптардың нормативтерінің сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) энергияның қайта жаңартылатын ресурстары мен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты қалыптастыру құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;
5) климатты және жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
6) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді;
7) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың салааралық үйлестірілуін жүзеге асырады;
8) климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;
9) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келіседі;
13) Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
14) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
15) Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
16) стационарлы және жылжымалы бақылау пункттарының қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін (орналасуын) анықтау және олардың қызметін тоқтату жөнінде шешім қабылдайды;
17) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;
18) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;
19) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекітеді;
20) жұртшылық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;
21) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;
22) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлейді;
23) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді;
24) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
25) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
26) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
27) мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасайды;
28) аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлейді;
29) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
30) озық қолжетімді технологиялардың тізбесін әзірлейді;
31) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
32) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
33) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
34) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
35) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
36) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
37) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
38) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
39) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
40) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
41) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
42) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
43) Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
44) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекітеді;
45) міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;
46) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамын және ережесін бекітеді;
47) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер мен меморандумдар жасасады;
48) сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;
49) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
50) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді;
51) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
52) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;
53) әр түрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілейді;
54) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекітеді;
55) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілейді;
56) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
57) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдісін;
қалдықтар жіктеуішін;
топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын;
қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын;
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
қауіпті қалдықтар паспортының нысанын;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квота бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
қондырғы паспортының нысанын;
парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін;
ұсталған тауарларды жою мүмкіндігі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері қорытындысының нысанын;
уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекітеді;
58) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
59) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн белгілейді;
60) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құруды келiседі;
61) Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын келіседi;
62) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;
63) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін бекітеді;
64) жануарлар санын реттеу тәртібін келіседі;
65) жер қойнауын пайдаланушымен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілейді;
66) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін айқындайды;
67) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;
68) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
69) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді;
70) Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
71) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
72) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
73) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
74) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
75) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
76) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
77) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыру жөніндегі бөлінген орталық функциясын жүзеге асырады;
78) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
79) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
80) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
81) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
82) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін айқындайды;
83) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және басқарады;
84) қоршаған ортаны қорғау саласында азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;
85) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады;
86) Мемлекеттік көміртегі бірліктерінің тізбесі операторын айқындайды;
87) озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгілейді;
88) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
89) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді;
90) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
91) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
92) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
93) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;
94) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;
95) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені әзiрлейді;
96) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдар қолдануының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
97) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерінен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану тәртібін белгілейді;
98) жануарлардың санын реттеу тәртібін әзірлейді;
99) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
100) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
101) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді;
102) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
103) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
104) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерінің жобаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
105) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін әзірлейді және бекітеді;
106) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
107) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерін (погонсыз), оларды кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
108) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану тәртібін белгілейді;
109) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
110) мемлекеттік табиғат қорықтарының аймақтарында жасанды шығарылатын шу және өзге де дыбыстық әсерлердің жол берілген нормаларын әзірлейді;
111) мемлекеттік табиғат қорықтарында аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерінде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін әзірлейді және белгілейді;
112) мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің аумақтарында реттелетін туризм және рекреация қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
113) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келіседі;
114) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
115) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзірлейді;
116) жануарлар түрлерінің санаттарын айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады;
117) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі;
118) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеріс парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерістер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
119) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидасын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақтарды әзірлейді;
120) орман қарау аймақтарына тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді;
121) ағаш кесу билетінің және орман билетінің нысанын, олардың есебін жүргізу, сақтау, толтыру мен беру тәртібін, сондай-ақ ағаш кесу билетінің, орман билетінің қолданылуын тоқтату тәртібін әзірлейді;
122) мемлекеттік орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізуге арналған өрт сөндіру құралдарының нормаларын әзірлейді;
123) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда есептік кеспеағаш аймағын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
124) мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
125) мемлекеттік орман қоры аумағында орман жайластыруды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
126) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу нысанын әзірлейді және бекітеді;
127) мемлекеттік орман кадастры көрсеткіштерінің тізбесі мен ормандарды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
128) ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;
129) ормандағы санитарлық қағидаларды әзірлейді;
130) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді;
131) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөлу және оларды мөлшерлеу қағидаларын әзірлейді;
132) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін әзірлейді;
133) орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды және олардың сапасына бақылауды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
134) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді;
135) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын әзірлейді;
136) ортақ су пайдаланудың үлгі қағидаларын әзірлейді;
137) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;
138) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
138) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
139) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді;
140) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
141) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
142) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн әзiрлейдi;
143) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібін әзiрлейдi;
144) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын әзірлейді;
145) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін әзiрлейдi;
146) республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін әзiрлейдi;
147) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзiрлейдi;
148) ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзiрлейдi;
149) су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн әзiрлейдi;
150) экономиканың су секторын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi;
151) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
152) арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекітеді;
153) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекітеді;
154) бассейн iшiндегi су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезең-кезеңмен көшу мерзiмдерiн айқындау әдiстемесін бекiтеді;
155) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын әзірлейдi;
156) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейдi;
157) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесіне енгізілмеген балық аулаудың жаңа құрал түрлері мен тәсілдерін қолдануға (эксперименттік аулау тәртібімен) рұқсаттар беру тәртібін белгілейді;
158) ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды;
159) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шартының үлгі нысанын белгілейді;
160) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;
161) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесін белгілейді;
162) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
163) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізімдерін бекітеді;
164) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды орнатуды келіседі;
165) резерв қорының аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін биологиялық-экономикалық байқап тексеруді жүзеге асырады;
166) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
167) рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
168) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды;
169) жануарларды жерсіндіру, су айдындарына балық жіберу, жаңа балық түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстар жүргізу тәртібін айқындайды;
170) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) нысанын белгілейді;
171) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын балықтың қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
172) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындайды және енгізеді;
173) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснама әзірлейді;
174) орман пайдаланғаны (түбірімен босатылатын сүрек, өзге де орман пайдалану) үшін төлемдер ставкаларын есептеуге арналған әдістемелік нұсқауды бекітеді;
175) бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері тізбесін келіседі;
176) су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлейдi;
177) жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастры мен мониторингін жүргізеді;
178) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін жеке квоталарды белгілейді;
179) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
180) сулардың және оларды пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
181) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
182) су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;
183) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
184) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
185) су объектілері бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су беру көлемдерін белгілейді;
186) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп, әрбір су объектісінің бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа критерийлерінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлейді;
187) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
188) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұсынатын қызметтерге тарифтер мөлшерлерін әзірлейді және бекітеді;
189) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
190) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын жабудың және олардың аумақтарын азайтудың табиғи-ғылыми негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
191) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
192) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
193) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу мен пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
194) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
195) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады және республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;
196) су объектілерін жеке және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдаланудың шарттарын келіседі;
197) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, ізденіс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
198) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды әзірлейді;
199) климаттық және ауа райы факторларын негізге ала отырып, орман өрті шығу қауіпті мүмкін ормандағы өрт қауіпті маусымды айқындайды;
200) жергілікті атқарушы органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларын келіседі;
201) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы ғылыми, тәжірибелік-өндірістік және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды реттейді;
202) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздену жұмыстарын ұйымдастырады;
203) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
204) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебін, бірыңғай мемлекеттік орман кадастрын, ормандар мен орман орналастырудың бірыңғай мемлекеттік мониторингін жүргізеді;
205) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрын жүргізеді;
206) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;
207) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
208) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын келіседі және тіркейді;
209) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
210) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
211) су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлейдi;
212) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
213) бассейндік схемалар мен су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтері негізінде өзен бассейндері бойынша су пайдалану лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
214) өзінің функционалдық қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді ұйымдастырады;
215) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ оларға ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
216) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
217) бекіре балық түрлерінің уылдырығын сыртқы нарықта саудалауға арналған марканың нысанын бекітеді және оны ішкі нарықта саудалау үшін марка беруді жүзеге асырады;
218) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілеріне арналған квоталарды қоспағанда, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөледі;
219) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жерсіндіру, сондай-ақ жасанды өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
220) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;\
221) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды;
222) дериваттар тізбесін әзірлейді;
223) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, тексеру актісін және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы, кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы қаулыны шығарады;
224) бақылаулы аулауды, жерсіндіру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
225) балықтарды жерсіндіруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;
226) балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
227) су заңнамасының бұзушылықтарын жоюға шаралар қабылдайды;
228) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
229) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттардың, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен рұқсаттар береді;
230) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
231) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
232) су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
233) балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолдануға рұқсат етілген өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес түрлерінің тізбесіне қосылмаған балық аулаудың жаңа құралдары мен тәсілдерін (экспериментальды аулау тәртібінде) қолдануға рұқсат береді;
234) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық шаруашылығы және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
235) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
236) есептi кеспеағаш аймақтары мен кесу жасын бекітеді;
237) орман тұқымын аудандастыруды бекітеді;
238) ормандардың жай-күйі мен өсуіне әсер ететін объектілер салынатын орындарды келіседі;
239) егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою талап етілмесе, мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізуді, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді, коммуникациялар тартуды және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындауды келіседі;
240) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобаларын және орман орналастырудың басқа да құжаттарын бекітеді;
241) орман биоқауымдастықтарына жерсіндіруді келіседі;
242) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және өзге мақсаттарда ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемін бекітеді;
243) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Сукодексінде белгілеген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттарды беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
244) облыстық атқарушы орган өкілінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлерді ұйымдастырады және өткізеді;
245) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын және шарттардың талаптарын келіседі;
246) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі, сондай-ақ, олардың қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, пайдаланылуы және қаржыландырылу мәселелері жөніндегі есептерін қарайды;
247) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарын келіседі;
248) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын және басқару жоспарларын, паспорттарын келіседі;
249) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтіру іс-шараларын келіседі;
250) құзыреті шегінде мемлекеттік табиғи ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру туралы шешім қабылдайды;
251) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды есепке ала отырып, мемлекеттік қорық аймағы аумағында геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыруды келіседі;
252) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітеді;
253) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынысы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келіседі;
254) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады;
255) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады
256) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылған электр көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
257)
258) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;
259) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
260) согласовывает проекты строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии;
261) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
262) қоршаған ортаны қорғау саласында кадрға мұқтаждықты айқындайды;
263) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;
264) Қазақстан Ресспубликасы Экологиялық кодексімен, және де басқа Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінде қаралған басқа да құзыреттерді іске асырады.
2. Ведомство функциялары:
89)
88) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;
89) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
90) қоршаған ортаны қорғау саласында кадрға мұқтаждықты айқындайды;
91) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;
92) Қазақстан Ресспубликасы Экологиялық кодексімен, және де басқа Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінде қаралған басқа да құзыреттерді іске асырады.
2. Ведомство функциялары:
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы құзыреті шегінде жүргізеді;
2) парниктік газдар шығарындыларына сертификат береді және қайта ресiмдейді;
3) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;
4) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;
5) өз құзыретінің шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісім-шарттар) беруді келіседі;
6) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрі: табиғатты пайдалануды жобалайды, шаруашылық және басқа да қызметтердің І санаты үшін нормалайды; шаруашылық және басқа да қызметтердің І санаты үшін экологиялық аудит);
7) озонды бұзатын заттарды және оларды қамтитын өнімді импорттауға, экспорттауға лицензия, сондай-ақ озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізуге, озонды бұзатын заттарды қамтитын жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;
8) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;
9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
10) өз құзыретінің шегінде экологиялық ақпаратқа заңнамада белгіленген тәртіппен қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
11) арнайы су пайдалануға рұқсатты келіседі;
12) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде су ресурстарын басқару бассейндік қағидатын іске асыруға қатысады;
13) озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
14) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
15) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізеді;
16) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
17) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауды қадағалау үшін мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтайды;
қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шараларды жүргізеді;
жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақ құнарлығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі кешенді іс-шаралар өткізеді;
жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және қайта құру кезінде экологиялық талаптарды сақтайды;
жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және іске қосылған кезде экологиялық талаптарды сақтайды;
жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алады, сақтайды және пайдаланады;
пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы процесстер мен жұмыстардан босаған жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтіреді;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісім-шарттық талаптарды сақтайды;
кен орындарын және өзге қоршаған орта объектілерін бұзушылыққа әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауын сақтайды;
жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялайды және жояды;
жер қойнауын және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормаларды және ережелерді сақтайды;
минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдерді сақтайды;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындайды;
зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды жер қойнауына төгеді;
Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көмудің, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерін сақтайды;
су сапасының нормативтерін сақтайды;
атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттерді, нормативтерді, ережелерді және өзге талаптарды сақтайды;
кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтайды;
парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптарды сақтайды;
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, қайта жаңғырту, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтайды;
радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақтайды;
химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелерді сақтайды;
экологиялық рұқсаттармен белгіленген табиғатты пайдалану шарттарын орындайды;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын есептеу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтайды;
ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптарды сақтайды;
Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді орындайды;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтайды;
өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтайды;
міндетті экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтайды;
мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтайды;
міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтайды;
Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптарды сақтайды;
қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтайды;
технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптарды сақтайды;
Ресей Федерациясы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы жалға алу Келісім-шартында көрсетілген шарттарды сақтайды;
18) өзінің құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) өзінің құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
20) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) жер қойнауын сақтау саласының жер қойнауын ластау бөлігінде талаптарды сақтамаудың салдарынан келген залалды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды;
22) конкурсқа қойылуға жататын жалпы таралған пайдалы қазбалардан қамтитын жер қойнауы участкелерінен басқа жер қойнауы учаскелері тізімінің жобасын келіседі;
23) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
24) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
26) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асырады;
27) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
28) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
29) Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы мен оның орынбасарынан басқа, лауазымды тұлғаларды тағайындайды;
30) ілеспе газды қайта дамыту бағдарламасын келісу;
31) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді бағдарламасын келісу.
171) балық ресурстарын жануарлар дүниесін пайдаланушымен аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге шарттар жасасады;
172) конкурс өткізу ережесіне сәйкес, облыстық атқарушы органмен жергілікті маңыздағы балыќ шаруашылыєы су айдындарын бекіту бойынша конкурстық комиссияны құру;
173) балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
174) резерв қорының аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін биологиялық-экономикалық байқап тексеруді жүзеге асырады;
175) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
176) рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
177) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
178) балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал түрлері мен тәсілдері тізбесіне енгізілмеген балық аулаудың жаңа құрал түрлері мен тәсілдерін қолдануға (эксперименттік аулау тәртібімен) рұқсаттар береді;
179) бақылаулы аулауды, жерсіндіру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
180) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының тюлендердің жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуін келіседі;
181) жануарларды интродукциялауға, жерсіндіруді жїргізуге, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерінен басқа, жаңадан климатқа бейімделген жануарларды алуға рұқсаттар береді;
182) балықтарды жерсіндіруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;
183) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын балықтың қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
184) су жинау құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды орнатуды келіседі;
185) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтамақтастықты жүзеге асырады;
186) Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінде қаралған басқа да құзыреттерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары және міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдайды;
2) заңдармен және заңға тәуелді актілермен белгіленген құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді және қоршаған ортаны қорғау саласында нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарды қабылдайды;
3) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар немесе уәкілетті органдардың қарауына осындай актілердің бастамашылық жобаларын енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |