Қазақстан республикасы оқу ағарту министрлігі №51 гимназия Секциясы: Тарих Орындаған



бет2/6
Дата07.12.2022
өлшемі2.07 Mb.
#466752
1   2   3   4   5   6
Ғылыми жоба

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі адамзаттың өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, сонымен қоса әлем тарихындағы мәдени революция болғаны анық. Жылқытанушы қазақ ғалымдары болса жылқы түлігі ақпарат алмасуды тездетіп, өркениеттің пайда болуына әрі ғаламдық тарихтың бір-бірімен байланыс орнатуына айрықша ықпал еткен деп тұжырады. Қазақ даласындағы жылқының тарихы арий кезеңінде жаңа бір сатыға көтерілді. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Ежелгі дәуірде Қазақстан территориясын мекедеген адамдар осынау жаңалығымен өркениеттің дамуына үлес қосса, қазіргі таңда еліміз әлемдік жылқы шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып келеді. Оның дәлелі мұғалжар жылқысы болып табылады. Асыл тұқымды мұғалжар жылқысын өмірге әкеліп, оны дамыту арқылы біздің еліміздің жылқы шаруашылығының дамуында, оның тұқымын асылдандыруда өзіндік орны бар. Осы тұрғыдан алғанда біздің елімізде өсірілетін асыл тұқымды мұғалжар жылқысы тарихын зерттеу бүгінгі күні өзекеті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты Ақтөбе өңіріндегі асыл тұқымды мұғалжар жылқысының пайда болу және даму тарихын зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру жолға қойылды.
-қазақ жылқысының тарихын зерделеу;
-мұғалжар жылқысының бастауын, асыл тұқымды жылқы шаруашылығының қалыптасуын зерттеу;
-асыл тұқымды мұғалжар жылқысының жасақтап шығарудағы ғылыми жұмыстардың барысын зерделеу, жаңа тұқым тектерінің дамуын сипатату.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында асыл тұқымды мұғалжар жылқысының пайда болуы мен даму тарихының деректер негізінде зерттелуі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы қазақ жылқысының тарихы туралы жазбалар ертеректен бастау алады. Ал Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу басталған ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ жылқысы туралы арнайы еңбектер жарық көре бастады. Жалпы бұл кезеңде Н. Бахметьев (Түркістан өлкесіндегі жылқы зауыттары жайындағы мәліметтер), В.Дандевиль («Біздің атты әскерлердің төзімділігі»), М. Бабажанов (Жылқылар және оларды Ішкі қырғыз (қазақ) ордасында баптау) еңбектерінде қазақ жылқысының бітімі, шыдамдылығы, бағылуы, тұқымы және тағы басқа да мәселелер айтылды.
Кеңестің кезеңде Ю. Кологривов, В. Благовещенский, Ф.К. Добржанский, А.М. Каврайский, Ю.Н. Барминцев (Қазақстандағы жылқы тұқымдарының эволюциясы) және т.б. еңбектерінде қазақ жылқысының таихы, оның түрлері, тұқымы, биологиялық мәліметтері және т.б. ғылыми тұрғыдан зерделенді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Х.А. Арғынбаевтың, Ә.Т. Төлеубаевтың, С.Е. Әжіғалидың, С.Қондыбайдың, А.Тоқтабайдың еңбектерінде құазақ жылқысының тарихы жаңаша көзқарас тұрғысында жазылды. Онда қазақтың жылқыға қатысты пайда болған намы-сенімдері, жылқының түрлері, тектері, жылқыға байланысты тарихы этнографиялық деректер жазылды. Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ жылқысының тарихы» атты еңбегі кешенді еңбек болып табылады. Автор археологиялық, этнографиялық материалдарды, көне жазбаларды, аңыз-әңгімелерді, батырлар жырын, архив және ауызша деректерді салыстыра отырып, жан-жақты кешенді еңбек жазған [Тоқтабай Ахмет. Қазақ жылқысының тарихы.– Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2010.– 496 бет].
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Қайрат Исханның «Мұғалжар жылқысының қысқаша тарихы» атты мақаласын атауға болады. Автор мақалада жылқының пайда болуы, оның тұқымдық және зауыттық типтері және қазіргі таңдағы мұғалжар жылқысын өсіру мәселелері туралы баяндайды [http://argymaq.kz].
Аталған еңбектерде асыл тұқымды мұлғаждар жылқысының тарихы қысқаша, жалпылама қарастырылады. Сондықтан құжаттық деректерді, жеке мұрағаттық деректерді пайдалана отырып, асыл тұқымды мұғалжар жылқысының тарихын зерттеу қажет деп есепатеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет