Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет16/18
Дата21.07.2023
өлшемі1.87 Mb.
#475771
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Бибігүл апай әдістемелік

8. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндетоқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолдану болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану қажет. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлген дұрыс болады:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Оқытудағы ұстаздың міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, яғни өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында жаңа технологияларды қолдану керек.
Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланған тиімді болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты болады.
2) Алгоритмдік деңгей. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей.
Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу үрдісінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу үрдісі оқушылардың талдау, жинақтау, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Бұлардан басқа оқу үрдісінде оқушылардың көптеген ақыл – ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.
Сызба – 1. Дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану

Дамыта оқыту технологиясы сабақта мәселе қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда төменде көрсетілген сызба бойынша өткені тиімді болады.
Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді. Төменде дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану мысалдары берілген.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жалпыға бірдей стандартты білімі негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қалай меңгергенін анықтау. Оқушының қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып тапсырманы орындауын зерттеу және ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап беруін талап ету.
Дамытушылық: өткен сабақты қайталау арқылы компьютерде илллюстрация салуға, жұмбақ шешуге баулу. Пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар компьютер алдында отырғанда сабырлылық сақтауға, ережені қатаң есте ұстауға , өзара қарым – қатынас жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды есептеуіш техникасы, слайд, плакатта салынған Раіnt редакторының суреттік көрінісі, құралдары. Аққала, моделдері, иллюстрация салуға арналған қағаздар.
Сабақтың түрі : топтық сабақ
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих , қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын
Сабақтың барыcы:
1. Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу. Windows амалдық жүйесінің терезе элементтері.
2. Paint графикалық редакторда сурет салу. Пернетақтаның пернелерінің қызметін білу керек.
І Психологиялық дайындық А) Ұйымдастыру кезеңі Ұстанатын қағида: Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы шығармашылық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өзін- өзі басқаратын, мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.
ІІ Ой қозғау Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу нәтижесінде алған білімдерін бақылау. 1. Paint редакторының қызметі қандай. 2. Paint графикалық редакторының элементтерін іске қосу.



ІІІ. Ой тастау. Бұл кезеңде оқушылар кеспе қағазында берілген тапсырмаларды орындайды, тапсырмалар төменде берілген.
1 тапсырма. Сызық ( линия) құралын пайдаланып, өрмекші торын салыңыз.
2 тапсырма. Әртүрлі типті эллипс құралдарын пайдалана отырып, бұлттардың суретін салып боя.
3 тапсырма.
Қисық сызық қолдану арқылы дөңгелектің суретін салыңыз.
4 тапсырма. Пішінін, әртүрлі түсі мен өлшемін қылқалам құралын пайдаланып, суда жүзіп келе жатқан кеменің суретін салыңыз.
5 тапсырма. Эллипс, тіктөртбұрыш сызық құралдарын пайдаланып, қалпақтың суретін салыңыз.
6 тапсырма. Түзу сызықты пайдаланып, ақша қардың суретін салыңыз.
7 тапсырма. Эллипсті, өшіргішті, пайдаланып гүлдің суретін салыңыз.
Сабақты қортындылау. Оқушылар өздері салған суреттерін қағаз бетіне шығарып, салған суреттерінің нәтижесін көрсету. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі, логикалық ойлау қабілетін артырады, қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Бағалау.
Оқушылар өзін - өзі бағалау
Үйге тапсырма беру. §4.1-4.2 тақырыптарын оқу, Өткен тақырыптар бойынша тест құру. Сын тұрғысынан ойлау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпіртүкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлаудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», ― - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
Сабақтың тақырыбы:«Дербес компьютердің құрылғылары».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру. Зат есім туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық:Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру
Тәрбиелік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі:түсіндірмелі- иллюстративті.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сын тұрғысынан ойлау әдістері, ойын технологиясы Оқыту құралдары:Компьютер, кітап
Пәнаралық байланыс: ағылшын, тарих. INSERT. V – "білемін”, ― - "мен үшін түсініксіз”, + - "мен үшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады”.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа материалды түсіндіру
4. Бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Қорытынды
Сабақ – мғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды. - жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту және білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды.
Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес. Интерактивтік оқыту.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік жағдайларды моделдуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үрдісінің қандайда бір қатысушысын немесе идеясын яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық және өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады. Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Интерактивтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы өтілетін сабақ түрлер:
1) Жұптасып жұмыс істеу.
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3) Карусель - Айналмақ.
4) Шағын топтармен жұмыс.
5) Аквариум.
6) Аяқталмаған сөйлем.
7) Миландыру (Мозговой штурм).
8) Броундық қозғалыс.
9) Есепту ағашы (Дерево решений).
10) Ролдік (іскерлік) ойын.
11) Сығымдау әдісі.
12) Өз позицияңды ұстан.
13) Дискуссия.
14) Дебаттар.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды.
Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.
Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор.
Бүгінгі шығып жатқан жаңа педагогикалық технологиялар оқытудың интерактивтік әдісімен байланыстырылады.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Сонымен бірге инетрактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет