Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдаға байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
2.2. Ауытқыған мінез-құлық генезисіндегі әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы.
Девиантты мінез-құлық себептерінің түсініктемесі осы әлеуметтік-психологиялық құбылыстың табиғатын түсінумен тығыз байланысты. Адамның мінез-құлқында әртүрлі деңгейдегі компоненттер, атап айтқанда, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік компоненттер үндесіп жататындығы белгілі. Осыған сәйкес биологиялық детерминанттарға (себептерге) басты және біркелкі назар аударатын тұжырымдар; психологиялық факторларға баса назар аударатын тұжырымдар және девиантты мінез-құлықты тек әлеуметтік себептермен түсіндіретін әлеуметтік тұжырымдар пайда болады.
Адамдардың мінез-құлқына қоғамдық үрдістер мен әлеуметтік топтардың ықпалы, ең алдымен, әлеуметтік тәсіл аясында қарастырылады. Бұл бағыттың ең танымал өкілдері: О.Конт, Г.Тард, А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон.
Аномия теориясында Э. Дюрктейм әлеуметтік девиацияны алғашқы болып толық түсіндірген. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл ескі нормалар мен құндылықтар шынайы қарым-қатынастарға сай келмеген, жаңалары әлі бекітілмеген әлеуметтік бос кеңістіктің әлеуметтік тәртіпсіздікті туғызу күйін түсіндіреді.
Осылайша Ә. Дюркгейм әлеуметтік ауытқуларды қоғамның нормативті-құндылықтарының шырқы бұзылуының салдары ретінде қарастырады. Оның ойлары әртүрлі әлеуметтік топтар мен әлеуметтік күштердің арасындағы қарама-қайшылықты девиантты мінез-құлықтың басты себептері деп есептейтін зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын тапты, мысалы: жаңашылдық пен кертартпалық новаторлық пен консервативтік.
Р. Мертон, Ә.Дюркгеймнің ең көрнекті өкілдерінің бірі, девиантты мінез-құлықты: — мәдениетпен анықталатын ұмтылыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін әлеуметтік құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нәтижесі ретінде қарастырады. Мәселен, қазіргі американ мәдениетінде ауқаттылық идеясы басым, бұл өз кезегінде сәттіліктің жоғары индивидуалды маңызын анықтайды. Әлеуметтік нормалар арқылы мәдениет мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға жетудің заңды тәсілдерін де анықтайды. Сонымен, егер адам табанды еңбек етсе, онын «американдық арманы», әйтеуір, бір орындалуы тиіс.
Әлеуметтік девиацияның басқа объективті факторлары ретінде мына факторлар мақұлданған: әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа қатысушылар арасындағы айырмашылықтар мен көңілінен шықпау (Т.Парсонс); жергілікті бөлу мен адамдардың тұлғалық қасиеттерінің арасындағы сәйкессіздік (П.Сорокин); девиантты субмәдениет ңормалары мең оқытудың әсерлері (Р.Қлауорд, Л.Оулин). Сонымен, жас бала кезден бастап девиантты (қылмыстық, қақтығыстық немесе ретристік) субмәдениеттің ықпалына түскен жеке тұлға девиантты мінез-кұлықтың осындай формаларын өмірде қолдануы әбден мүмкін.
Қарастырылған объективті әлеуметтік факторлармен қоса, девиантты мінез-құлықтың субъективті себептері болады. Стигматизация теориясына сәйкес (Э. Лемерт, Ғ. Беккер) девиация қоғамның өзі (дәлірек айтқанда, әлеуметтік топ) жеке тұлғаға нақты адамның әрекеті мен абстракты ережелердің (бастапқы девианттылық) арақатынасын белгілеу жолымен сәйкес жарлықтар телудің салдары болып табылады. Бірте-бірте девиантты рөлді сақтауға мәжбүр ететін атақ-даңқ қалыптасады (косалқы девиация).
И. Гофман стигманы үш түрге бөледі: физикалық стигма (туа біткен ауытқушылықтар және денедегі зақымдар); еріктін кемшіліктері (ішімдікке салыну, нашақорлық, жан күйзелістері); нәсілдік стигмалар («қаралар»).
Қазіргі заманғы ресейлік зерттеуші Ю.А.Клейберг жасөспірімдердің девианттылығын зерттей отырып, жеке тұлғаның мәдени нормаларға қарым-қатынасы арқылы девиантты мінез-құлықты айкындайды. Оның берген анықтамасы бойынша, «ауытқыған мінез-құлық — бұл әлеуметтік нормалар мен күтулерді соларға деген тұлғалық құндылықты қарым-қатынасын көрсету арқылы өзгертудің арнайы тәсілі». Бұл үшін ерекше амалдар қолданылады: сленг, символика, сән, манера, кылық және т.б. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы алға қойылған мақсатқа жетудің, өзін-өзі танытудың және бәсендік құралдары ретінде көрініс табады.
Осылайша, социологиялық және соған жақын әлеуметтік-психологиялық теориялар девиантты мінез-құлықты әлеуметтік үрдістердің, қоғам мен нақты тұлғаның арасындағы өзара қарым-қатынастардың нәтижесі ретінде қарастырады. Бір жағынан, біз қоғамнын өзінде мінез-құлықтың ауытқуын тудыратын себептер бар екендігін көреміз, мысалы: әлеуметтік дезорганизация мен әлеуметтік теңсіздік. Екінші жағынан, нақты адамның жеке тұлғалық рөлін оның жеке тұлғасының әлеуметтену үрдісінде түсінеміз.
Тұлғаның мінез-құлқына әсер ететін маңызды факторлардың бірі — ішкі, биологиялық жағдайлар, яғни кез келген сыртқы жағдайлармен бірлесіп әрекет ететін табиғи өріс. Биологиялық алғышарттарға мыналар кіреді: мұралық-генетикалық ерекшеліктер, индивидтік туа біткен қасиеттері (ана құрсағында даму барысында игерген қасиеттер), импринтинг (онтогенездің ерте кезеңдеріндегі қабылдаған мәлімет).
Тұтас алғанда, заманауи білімдер тұқым қуалаушылық жолмен ауытқушы мінез-құлықтың қандай да бір нақты формасы берілмейді (мәселен, қылмыскерлік), девианттылықтың қалыптасу мүмкіншілігін арттыратын индивидуалды-типологиялық қасиеттер беріледі, мәселен импульсивтілік немесе көшбасшы болуға ұмтылыс деп айтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, ішкі биологиялық үрдістер ауытқушы мінез-құлықтың қалыптасуында белгілі бір рөл атқарады. Олар қоршаған ортаның кез келген әсеріне қатысты біздің реакциямызды анықтайды. Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негіздерін дәлелдейтін фактілердін барлығына қарамастан, олар белгілі бір әлеуметтік ортада ғана іске асады. Оған қоса, мысалы, жүйке жүйесінің реактивтілігін немесе гормоналды төмендеуді анықтай отырып, әлеуметтік жағдайлардың өздері ағзада биологиялық өзгерістер туындатуы мүмкін.
Тұтас алғанда жеке тұлғаның ауытқушы мінез-кұлқы әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерлерінің нәтижесі болып табылады. Әлеуметтік және биологиялық факторлардың әрекеттері өз кезегінде тұлғаның қарым-қатынас жүйесі арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |