Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


«Бастауыш мектеп-негізгі мектеп» деңгейіндегі сабақтастық



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

«Бастауыш мектеп-негізгі мектеп» деңгейіндегі сабақтастық 
5-сыныпта білім алушылардың бейімделу кезеңі оқу материалының 
күрделенуімен, пәндік оқытумен, мұғалімдер құрамының өзгеруімен, білім 
алушылардың оқу қызметіне қойылатын талаптардың артуымен байланысты. 
Мұның бәрі бесінші сынып білім алушыларының эмоционалдық жағдайына әсер 
етеді, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетеді, сонымен бірге 
олардың алаңдаушылығын арттырады, мінез-құлқының өзгеруіне әсер етіп, 
құрдастарымен қарым-қатынасты бұзуы мүмкін. 
Оқытудың сабақтастығын жүзеге асыру орта және бастауыш деңгейдегі 
педагогтер арасында әдістемелік өзара іс-қимылды жолға қоюды көздейді. 
Жұмыстың негізгі бағыттары: 
- ұйымдастыру жұмыстары: педагогикалық кеңестер, педконсилиумдар, 
«дөңгелек үстелдер», әдістемелік бірлестіктер кеңестерін өткізу, 4 және 5-сынып 
педагогтерінің, болашақ бесінші сыныптардың сынып жетекшілерінің 
сабақтарға өзара қатысуы, болашақ бесінші сынып мұғалімдерінің қатысуымен 
ата-аналар жиналыстары, әртүрлі тақырыптық көрмелер; 
- балалармен жұмыс: ата-аналардың қатысуымен 4 және 5-сынып білім 
алушыларының бірлескен іс-шаралары (спорттық жарыстар, мерекелер, 
экскурсиялар, конкурстар және т. б.);
- үй тапсырмасын оңтайландырып, оған шығармашылық, өзгермелі сипат 
беру; 
- бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндер бойынша білім алушылардың 
білім деңгейін, біліктілігі мен дағдыларын педагогикалық диагностикалау; 
- психологиялық диагностика: білім алушылардың орта буында оқуға 
дайындық деңгейін анықтау; 
- педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен 
консультативтік жұмыс; 


29 
- реттеу және дамыту жұмысы.
Білім алушыларды тиімді бейімдеу үшін келесі іс-шаралар атқарылуы 
керек: 
1.
Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, олардың дамуының 
жеке траекторияларын әзірлеу және іске асыру, білім алушылардың 
нәтижелеріне мониторинг жасау және оны реттеу жұмыстары.
2.
Оқыту кезіндегі іс-әрекеттілік пен кіріктірілген оқыту тәсілдерін
оқу-тәрбие процесінің практикалық бағыттылығын, оқытудың интербелсенді 
әдістерін қолдану негізінде оқытуды іске асыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет