Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/70
Дата19.09.2023
өлшемі2.29 Mb.
#478017
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Нұсқау хат 2023-2024

8-9-сыныптар. Оқытудың осы кезеңіндегі кәсіптік бағдарлау жұмысының 
мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіптің нұсқаларын жобалауда 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Білім алушыларды ауданның, 


79 
қаланың, облыстың кәсіби өндірістік картасымен таныстыру, кәсіптер әлемінің 
алуантүрлілігін ашу, оқуды жалғастыру үшін бейінді саналы түрде таңдауға 
ықпал ету. Кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесінде оқушылардың бастапқы біліктері 
мен дағдыларын қалыптастыру.
Мектеп психологының белсенді диагностикалық жұмысы жүргізіледі, 
мамандықты саналы түрде таңдау сабақтары өткізіледі. Оқушылар 
қызметкерлерге жоғары талаптар қоятын аса маңызды мамандықтарды (ТЖМ, 
білім беру, медицина, IT-мамандар және т.б.) зерделейді. Білім алушыларды 
еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар туралы хабардар етуді, кәсіби 
консультациялар өткізуді және мансапты жоспарлауда қолдауды қамтамасыз ету 
маңызды.
9-11-сынып білім алушыларына алдағы мамандық түрінің негіздерін 
түсінуге бағытталған сабақтардың тақырыптары ұсынылады. Үлгі ретінде 
берілетін іс-шаралардың тақырыптары: «Өзіңді таны», «Мамандық таңдау 
факторлары. Сауалнама», «Кәсіптік бағдар беру және кәсіби кеңес беру 
(мамандық бағыты бойынша)», «Кәсіпті таңдау мотивтері», «Кәсіптің 
психологиялық сипаттамалары», «Олар біздің мектепте оқыды», «Мектеп 
түлектері – мұғалімдер», «Болашағы зор кәсіптер», «Шығармашыл адамның 
өмірлік стратегиясы», «Келешек ғасыр бізге не дайындайды», «Не? Қайда? 
Қашан? Мамандықтар туралы ақпарат» және т.б. 
Кәсіптік бағдар беруге дайындықтың белгілі бір элементтері мыналар болуы 
мүмкін: оқыту бейінін таңдау туралы шешім қабылдауды анықтау мақсатында 
топтық және жеке кеңес беру. Кәсіптік бағдар беру қызметін жалпымектептік, 
сыныптан тыс іс-шараларға бөлуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар: 
экскурсиялар, көшпелі іс-шаралар, семинарлар, фокус-топтар өткізу, ашық есік 
күні аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына бару. Мектептегі іс-
шаралар: мектеп акцияларын өткізу, бос орындар жәрмеңкелеріне, білім беру 
көрмелеріне қатысу және бүкіл мектептің қызметін қамтитын басқа да іс-
шаралар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет