69
2.6 САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
Сабақты жоспарлау бұл тиімді оқыту
және білім алушылардың оқу
мақсаттарына жетуі үшін қажетті педагогикалық практиканың ажырамас бөлігі
болып табылады.
Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау нормативтік
құқықтық актілермен реттеледі: «Мектепке
дейінгі тәрбие және оқыту, орта,
арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және
олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130
бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68
бұйрығымен енгізілген өзгерістермен
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317
).
Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық
актілерге сәйкес мұғалімдер
сабақты жоспарлауда екі құжатты жүргізеді:
1. Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар.
2. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі мүмкін
(word, pdf).
Достарыңызбен бөлісу: