Қазақстан Республикасы Президентінің 29 қараша 2010 жылғы №1113 Жарлығы бойынша бекітілді



бет4/7
Дата26.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#159678
1   2   3   4   5   6   7

Нысаналы индикаторлар:

туған кездегі дененің төмен салмағын 5 %-ға дейін төмендету (гипотрофия)

ұрпақты болу жасындағы әйелдер арасында темір тапшылығы анемиясының таралуын 15,0 %-ға дейін, ерте жастағы балалар арасында 10,0 %-ға дейін төмендету

5 жасқа дейінгі балалар арасында өсу-салмағы көрсеткіштері бойынша артта қалу жиілігін 10 %-ға дейін төмендету

Артық дене салмағының таралуын 30,0 %-ға дейін төмендету
Үшінші кіші бағдарлама: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мәселесі жөніндегі сектораралық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жағдайға талдау

Балалар мен жасөспірімдер оқушылар денсаулығының әлеуметтік мәнін атап көрсететін қоғамның репродуктивтік, интеллектуалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени резервін ұсынады.

Біздің республикамыздың әрбір бесінші тұрғыны – бұл қазіргі заманғы мектептер жағдайында өзінің балалық шағының көп бөлігін өткізетін мектеп оқушысы. Мектеп жасы – көбіне өмірлік циклдың осы фразасын айқындайтын салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндіктер уақыты. Бұл ретте, психоәлеуметтік факторлардың оқушылардың денсаулығына биомедициналық сияқты маңызды мәні бар.

Жүргізіліп жатқан зерттеулер оқушылардың денсаулығын сипаттайтын күрделі проблемаларды анықтады. Оқушылар арасында әртүрлі бейіндегі білім беру мекемелерінде оқу кезінде көру мүшелері, ас қорыту және несеп-жыныстық жүйесі патологиясы, нервтік-психикалық бұзылулар, сондай-ақ қауіпті мінез-құлық факторлары: алкогольді, есірткіні, темекіні тұтыну жағынан бұзылулар жиілігі өсуде. Бұл дене белсенділігінің төмендеуі мен тиімді теңестірілген тамақтанудың болмауы аясында болып отыр.

12-18 жас аралығындағы оқушыларды скринингтік тексеріп-қарау нәтижелері бойынша сырқаттанушылық құрылымында жетекші орындарды: көз және оның қосалқылары (19,5%), сүйек-бұлшық ет жүйесі (15,1%) және асқорыту мүшелері (14,2%) алып отыр. Дұрыс тамақтанбау, тамақ өнімдерінде тұздың, майдың және қанттың артық болуы асқорыту ауруларының өсуіне себепші болады (2008 жылғы 21,57% 2009 жылы 36,34%). Психикалық аурулар мен мінез-құлық бұзылулар өсуде. Бүгінгі күні осы санаттағы пациенттердің әрбір төртіншісі – мектеп асындағы балалар.

Ұлттық зерттеудің нәтижелері бойынша (2007 жыл) 11-14 жас аралығындағы балалар арасындағы темекі шегудің таралуы 7,5%-ды құрады, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында - 11%, алкогольді 9,4% балалар және 21,3% жасөспірімдер тұтынады. Дене белсенділігінің көрсеткіші 11-14 жастағы балалар арасында 39%, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 37%-ды құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстан сыртқы жарақаттардан (жарақат, суицидтер, уланулар) Еуропа өңіріндегі 24 елдің арасында өлім-жітімнен Ресейден кейін 2 орынды иеленуде.

Маңызды проблемалардың бірі жасөспірім қыздардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша жыл сайын республикада осы жас тобында кемінде 10 000 жүктілік тіркеледі. Аборттардың санын төмендету кезінде босанулардың саны көтерілуде. Жүктілікті үзудің жалпы санынан 4,3% 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге сәйкес келеді, бұл ұрпақты болу жасындағы халық құрылымындағы олардың үлесіне сәйкес келеді.


Республикада 6000 аборттың 84-і 15 жасқа дейінгі қыздарға жасалу фактісі, ал бірінші рет жүкті болған жасөспірімдердің аборты 51,6% құрағандығы алаңдатушылық туғызып отыр. Яғни, жартысынан көбінде бұл жүктілік қайталанған, бұлар бұрын не абортпен, не баланың тууымен аяқталып отырған.

Сырқаттанушылық жағдайлар, оның ішінде бала мен жасөспірімдердің өлім-жітімімен, жасөспірімдік жүктілік пен аборттармен, сондай-ақ төмендеу үрдісі байқалмайтын жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен байланысты жағдайлар осы нысаналы топтың нашар ақпараттандырылуымен және тұтасымен денсаулығын сақтау мәселелеріндегі жауаптылық мінез-құлқының қалыптаспаған дағдыларымен түсіндіріледі. Мектептегі медицина қызметшілерін балалар мен жасөспірімдердің денсаулық мәселесіндегі жеткіліксіз ақпарат, мектептің медициналық кабинеттерінің сәйкессіз материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ, мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен кешенді бағдарламаның болмауы оқу кезеңінің барлық мерзімінде оқушылардың денсаулығын сақтауды айтарлықтай қиындатады. Сонымен бірге, әрбір төртінші мектепте іс жүзінде спорт залдары жоқ. Мектептердің 34,7% оқу жиһаздарын ауыстыруды талап етеді.

Мұның барлығы мектеп медицинасын дамыту шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын сақтау жөніндегі кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін білдіреді.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру.

Негізгі міндеттер

балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді көзқарасты қамтамасыз ету

- білім беру ұйымдарында денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаның құру;

- тұтас жүйені дамыту – физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын сүруді, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметі (бұда нәрі – ММҚ)

- мектеп оқушылары мен жастардың арасында есірткілерді тарату мен тұтынуға, темекі шегуге және алкогольге тиімді қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету;

- теңестірілген және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.


Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

1. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру жөніндегі өзекті және жаңадан әзірленген бағдарламаларды жетілдіру үшін басқарылатын себептерден балалар мен жасөспірімдердің сырқаттанушылығы мен өлім-жітіміне талдау жүргізу.

2. Мыналар:

-. үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісті жоспарлау және жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету;

- қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- оқушылар үшін ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру және жеке адамгершілік сезімдерін арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді жасау;

- оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп қызметкерлер құрамы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында қолайлы атмосфера орнату;

- денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешімдер қабылдау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде білім беруді қамтамасыз ету арқылы денсаулық үшін қолайлы қоршаған ортаны құру.

3. Табиғи ортаны сақтауға, оқушының және барлық қоғамның денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға, медициналық сауаттылыққа уәждемені қалыптастыруға бағытталған тұтас жүйені – мектеп медицинасы қызметін (ММҚ) дамыту.

- Мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу және енгізу;

- мектептердегі оңалту іс-шараларын өткізу мүмкіндіктеріне назар аудара отырып, медициналық кабинеттерді жарақтандыру;

- мектеп медицинасының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу;

- әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтау бойынша үдерісті оңтайландыру үшін оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлі деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту.

3. Есірткінің, темекі шегу мен алкогольдің мектеп оқушылар мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиімді іс-қимылды мыналар:

- есірткіні қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;

- есірткінің профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзірлеу және енгізу;

- «тең-теңімен» қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра білу, есірткіден бас тарта білу, өмір сүру дағдысын ұстану негізінде интерактивті оқу өткізу жолымен дұрыс шешім қабылдай білу);

- әдістемелік және ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;

- спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипед қозғалысы, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету;

- балалардың, жасөспірімдердің, жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және жетілдіру;

- жастар үшін денсаулық және анонимдік консультациялар орталықтарын ашу және дамыту, сенім телефондарының жұмысы жетілдіру арқылы қамтамасыз ету.
Іс-шаралар жоспары (Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шеңберінде)

Меңгерілетін себептерден сырқаттанушылық және өлім-жітім себептерін, сондай-ақ балалар, жасөспірімдер мен жастардың қауіпті тәртіптерін талдау мен зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу;

Мектептерде оңалту іс-шараларын жүргізу мүмкіндігіне акцент жасап медицина кабинеттерін жарақтандыру және мектеп медицина кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

Білім беру ұйымдарының штат нормативтерін жетілдіру (бір ставкаға 600-ден 400 оқушыға дейін оқушылардың санын азайтып нормаларды қайта қарау есебінен мектеп мейірбикелерінің штатын көбейту);

Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, соның ішінде балалар жарақаттанушылығының алдын алу бойынша ата-аналарға кеңес беру дағдыларына оқыту;

Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;

Мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін кешендік бағдарламаны әзірлеу және енгізу;

«Алкоголизм, нашақорлық және темекі шегушіліктің профилактикасы» әдістемелік құралын енгізу;

Жастарға арналған анонимді консультациялар және денсаулық орталықтарын құру және дамыту, сенім телефондарының жұмысын жетілдіру;

Орта білім беретін оқу орындарын балалар мен жасөспірімдерді темекі, алкоголь және есірткілік тәуелділікке құмарлығын, сондай-ақ химиялық емес тәуелділікті - ойынқұмарлық, интернетке тәуелділікті ерте анықтауға компьютерлік бағдарламалармен жарақтандыру;

Білім беру мекемелерінде отбасы денсаулығын нығайтуға бағытталған алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, қауіптерді төмендетудің тиісті технологияларын (бейнеқұралдар) енгізу;

Орта және жоғары білім беру жүйесінде ерте жүктілікті және ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша арнайы жалпы білім беретін бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне жастарды оқытуды жүргізу;

Жасөспірімдердің психологиялық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық кампания (бейне және аудиороликтерді шығару);

Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды және бастауыш сынып оқушылардың бір жолғы ыстық тамақтануын ұйымдастыру*;

Аз қамтылған отбасылар оқушыларының бір жолғы ыстық тамақтануын ұйымдастыру*;

Мектеп оқушыларының жыл сайынғы скринингтерін өткізу (Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде)**.



* Жергілікті бюджетте көзделген қаражат

** Бөлінген қаражат шегінде (Мембағдарламаның екінші бағытының шеңберінде)
Нысаналы индикаторлар:

Балалар мен жасөспірімдер арасында асқазан-ішек тракты сырқаттанушылығын төмендету;

Балалар мен жасөспірімдер арасында сүйек-бұлшықет жүйесі сырқаттанушылығын төмендету;

Жасөспірімдер арасында ЖЖБА-ны төмендету;

Балалар мен жасөспірімдер арасында есірткіні тұтынуды төмендету;

Жасөспірім қыздар арасында аборттар мен жоспарланбаған жүктілікті төмендету;

Жасөспірімдер арасында суицидті төмендету;

Мектеп оқушылары арасында темекі шегушілер және алкоголді шамадан тыс тұтынушылар санын төмендету.


Төртінші кіші бағдарлама: Жол-көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жағдайларды талдау

2004 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банк дайындаған «Жол-көлік жарақаттанушылықтың алдын алу туралы дүниежүзілік баяндама» жол-көлік жарақаттанушылықтың қоғамдық денсаулық сақтау ісінің ең маңызды проблемаларының бірі және бүкіл дүние жүзінде өлім-жітім мен жарақаттанушылықтың негізгі себептерінің бірі болып табылатындығын дәлелдеді. Жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі ЖКО) жыл сайын 1,2 миллионнан астам адам қайтыс болады және 50 миллион адам жарақат алады немесе мүгедек болып қалады, соның нәтижесінде ЖКО балалар мен 29 жасқа дейінгі жастар өлімінің негізгі себебі болып табылады.

Тиісті шаралар болмағандықтан бұл проблема қиындай түсуде және болжам бойынша 2020 жылғы ЖКО-ның нәтижесінде өлім оқиғасы көптеген елдердегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын болады.

Соған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары кешендік көзқарасты, сондай-ақ осы саладағы әлеуетті нығайту жөніндегі қабылданатын шараларды қаржылық және техникалық қолдауды талап етеді.

Апаттың негізгі көрсеткіштерін талдау елде жол-көлік жарақаттанушылық деңгейінің төмендеу үрдісіне ие екендігін, бірақ жоғары күйінде қалып отырғандығын дәлелдейді.

Осылайша 2008 жылғы 13739-бен салыстырғанда 2009 жылы 12534 ЖКО болды. Қайтыс болғандардың саны 2009 жылы 13,5% (2008 - 3 351) төмендеді және 2898 адамды құрайды. Бұл ретте 2008 жылғы 16400 зардап шеккендермен салыстырғанда 14788 адам мертікті.

Елді мекендердің көше-жол желілерінде 67,6% немесе 8476 ЖКО болды, соның салдарынан 1070 адам қайтыс болды және 9505 адам жарақат алды.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында әрбір бесінші ЖКО (немесе 2634) болды, соның салдарынан 1321 адам қайтыс болды және 3453 адам жарақат алды. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ЖКО салдардың ең жоғары ауыры болып сипатталады, 2009 жылы бұл көрсеткіш 100 зардап шеккенге шаққанда 28 қайтыс болғандарды құрады, бұл 2,5 есе елді мекендердегі (10) ЖКО салдарының ауырлығынан асады.

2009 жылы жүргізушілердің кінәсінен 10 983 ЖКО болды, бұл барлық оқиғалардың 87,6%-ын құрайды, мұнда 2709 адам қайтыс болды және 13359 адам жарақат алды.

Мас күйіндегі жүргізушілердің кінәсінен 363 ЖКО болып, 94 адам қайтыс болды және 481 адам жарақат алды.

ЖКО-ан барлық зардап шеккендердің үштен көбін жаяу жүргіншілер құрады. Олардың үлесіне қайтыс болғандардың жалпы санына 30,3% сәйкес келеді және 35,1% жарақат алғандар. Барлығы жаяу жүргіншілердің қатысуымен 5720 ЖКО тіркелді, оның 880 қайтыс болды және 5205 адам жарақат алды.

Жая жүргіншілердің кінәсынан 1269 ЖКО болып, 152 адам қайтыс болды және 1158 адам жарақат алды.

Балалардың қатысуымен 1915 ЖКО болып, 183 адам қайтыс болды және 1910 адам жарақат алды.

Апаттың себептерін талдау жол қозғалысы қатысушыларының құқықтық танымы мен құқықтық мәдениеті деңгейінің нашарлығы жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі факторлардың бірі болып табылатындығын көрсетеді.

Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жағдай проблеманың әлеуметтік-экономикалық өзектілігімен және оның жалпы республикалық маңыздылығымен, сондай-ақ, проблеманың ведомствоаралық сипаттылығымен - оны шешуге мүдделі мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды және қоғамдық институттарды тарту қажеттілігімен түсіндіріледі.
Мақсаты: жол-көлік жарақаттанушылығы мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды қалыптастыру.
Негізгі міндет – халықпен жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсіз қатынастардың стереотиптерін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесін құру.
Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауіпті мінез-құлқының алдын алу мақсатында әлеуметтік роликтерді, ақпараттық-талдамалық теледидар бағдарламаларын құру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша республикалық журналды шығару жоспарлануда.


Бірыңғай Бюджеттік бағдарламаның шеңберіндегі іс-шаралар жоспары:

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер шығару және оларды орталық, республикалық телеарналарға жалға беруді қамтамасыз ету.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселесі бойынша республикалық телеарналарда мамандандырылған бағдарламалар жасау.

Жол қозғалысына қатысушылар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып және оқырмандардың хаттары мен сұрақтарына жауап бере отырып, жалпы республикалық журнал шығару.

Жол-көлік оқиғалары мен ондағы «ЖКО»-нан зардап шеккен адамдарды есепке алудың ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу және енгізу.

Жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жетілдіру.


Нысаналы индикаторлар:

2015 жылы ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 14%-ға төмендету.

2015 жылы зардап шегушілерімен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 10%-ға төмендету.
Бесінші кіші бағдарлама: ТЖ кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жағдайды талдау

Республика жолдарының әр мың шақырымына жылына 108 ЖКО-дан келеді. Зардап шеккен 100 адамның 26-сы қайтыс болады. Қалаларда ЖКО кезінде көмек көрсету жүйесі жедел медициналық жәрдем станцияларының, құтқару қызметінің, жақын маңайдағы денсаулық сақтау ұйымдарының күштерімен қамтамасыз етіледі. Республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдарда медициналық-құтқару көмегі жүйесі дұрыс жолға қойылмаған, бұл әрбір екінші жол-көлік оқиғасында адам өліміне әкеліп соғады, мұндай жағдайларда халықтың неғұрлым ұрпақты болу жасындағы белсенді бөлігі қайтыс болады.

2010 жылғы Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында болған плотинаның жарылуынан 508 адамға медициналық көмек көрсетілген, оқыс оқиға медициналық көмекті жаппай санитариялық шығындар ошақтарына барынша жақындатуды, істен шыққан денсаулық сақтау ұйымдарының орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көп бейінді ұтқыр госпитальдерді пайдалану қажеттілігін көрсетті.

Апат аймағында жерүсті көлік инфрақұрылымының бұзылуы жағдайында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою үшін аэроұтқыр госпиталін қолдану қажет.


Мақсаты: жедел медициналық-құтқару көмегін уақтылы көрсету

Негізгі міндеттері – автомагистральдарда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде жедел медициналық-құтқару көмегін көрсетудің жеделдігін арттыру.

Автомагистральдарда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде жедел медициналық-құтқару көмегін көрсетудің жеделдігін арттыру үшін 12 трассалық медициналық-құтқару пункттері (ТМҚП) құру ұсынылады және оларды республикалық маңызы бар трассалардың апат болу қаупі бар бөліктерінде орналастыру, бұл трассалық пункттің жауапкершілігі аймағында ЖКО болған жерге 25 минутта келуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ апат медицинасы қызметін көпбейінді ұтқыр және аэроұтқыр госпитальдармен жарақтандыру жоспарлануда.



Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар жоспары:
Апаттар медицинасы қызметін аэроұтқыр госпитальмен жарақтандыру

Апаттар медицинасы қызметін көпбейінді ұтқыр госпитальмен жарақтандыру

Автомагистральдарда шұғыл көмек көрсететін трассалық пункттерді құру
Нысаналы индикаторлар:

2009 жылғы (1241) деңгейден шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағында 2015 жылы республикалық маңызы бар тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 14 %-ға төмендету;

2015 жылы келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту.
Алтыншы кіші бағдарлама: Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жағдайды талдау

Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде жалпы, қатаң және ерекше тәртіптегі сотталғандарға туберкулезге қарсы көмек 2 туберкулез ауруханасында және туберкулезбен ауыратын адамдарды ұстайтын және амбулаториялық емдеу үшін 5 мамандандырылған туберкулезге қарсы мекемелерде; 20 тергеу изоляторларында, кәмелет жасына толмағандарды, әйелдерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ұстауға арналған мекемелерде көрсетіледі.

Қылмыстық-атқару жүйесінде туберкулез бойынша жағдайдың тұрақты жақсару үрдісіне қарамастан, сотталғандардың туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімінің көрсеткіштері жоғары болып отыр.

Осылайша, сырқаттанушылық көрсеткіші 2009 жылы республика бойынша түрмедегі 100 мың адамға шаққанда 643,9-ды құрады (2008 жылы – 767,6). Төмендеу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда – 16,1 %-ды құрады.

Сотталғандардың туберкулезден өлім-жітімінің көрсеткіші 2009 жылы түрмедегі 100 мың адамға шаққанда 107,7-ні құрады және 2008 жылмен салыстырғанда өлім-жітім көрсеткіші 7,1 %-ға төмендеді (2008 жылы 100 мың адамға шаққанда 115,9).

Пенитенциарлық жүйедегі үдемелі қорытындымен 3981 АИТВ- инфекциясын жұқтырғандар анықталды, бұл республика бойынша барлық жағдайларды тіркеу құрылымында 29%-ды құрайды. Жылдар бойынша динамикада бас бостандығынан айыру орындарында анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың жаңа жағдайларының тіркелуі байқалып отыр. Осылайша, 2009 жылы республиканың пенитенциарлық мекемелерінде 2008 жылғы 687 (29%) қарағанда 502 жаңа АИТВ инфекциясын жұқтырғандар тіркелді (26%).


Мақсаты: Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету. Пенитенциарлық жүйе контингентінің туберкулездің, АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша хабардар болуын арттыру.
Негізгі міндеттер

ҚАЖ комитетінің мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту

ҚАЖ комитетінің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Пенитенциарлық жүйе контингенті арасында туберкулездің, АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.


Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында қажетті медициналық жабдықтар сатып алу, сондай-ақ пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралу мәселелері бойынша пенитенциарлық жүйелердегі тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату, сондай-ақ әлеуметтік елеулі аурулардың таралуының алдын алу мақсатында ҮЕҰ-ны қатыстыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің біліктілік арттыру институттарында білім жетілдіру курстары мен маманданудан өту арқылы ҚАЖ медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін одан әрі арттыру талап етіледі.


Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар жоспары:

ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету

ҚАЖ туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату

ҚАЖ медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру

Қамау орындарында АИТВ-инфекциясы профилактикасының бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасын жүргізу. Бас бостандығынан айыру органдарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту.


Нысаналы индикаторлар:

түрмедегі 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 2015 жылы 758,3-ке дейін (2008 жылы – 767,6) төмендету

1000 адамға бас бостандығынан айыру органдарындағы тұлғалар арасында жалпы өлім-жітімді 2015 жылы 3,28-ге (2008 жылы 3,46) төмендету

2015 жылы сотталғандар арасында АИТВ-жұқтырғандардың таралу деңгейі 5 %-дан аспауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет