Стратегиялық бағытты іске асыру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар және мемлекеттік органның есепті жылдағы мақсаттары
|
Нақты орындалуы
(мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған есепті кезеңдегі іс-шаралар)
|
Орындалмау себептері
|
2
|
3
|
4
|
«Төлем балансы бойынша деректерді жинақтау және өңдеу» ААШЖ дамыту және пысықтау
|
2012 жылы орындалды.
|
|
Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару үрдісін жетілдіруге арналған бағдарламалық өнімдерді ендіру
|
1. Өндірістік пайдалануда тұрған «HiPerformance» бағдарламалық өнімінің 1 сатысы бойынша ақпаратты қосу бойынша жұмысты үйлестіру жүзеге асырылды.
№ 5 Лицензиялық келісімге толықтырудың және SDD құжатының жобаларында көрсетілген «HiPerformance» бағдарламалық өнімінің 2 сатысын іске асыру талаптары DST GS компаниясымен келісу сатысында тұр.
Уағдаластыққа қол жеткізілген жағдайда 2014 жылы жұмыс жалғастырылатын болады.
2. ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары 29.12.2012ж. бекіткен «STAR» ААШЖ (Пилоттық жоба) іске қосу жөніндегі іс-шаралар жоспарының барлық жұмыстары орындалды.
2013 жылғы желтоқсанда «STAR» ААШЖ дамыту тапсырмасының жобасы дайындалып, Жеткізушімен келісілді.
|
|
Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу мақсатында пысықталған ААШЖ тестілеу және ендіру
|
2012 жылы орындалды.
|
|
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларды, тағылымдамаларды, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыруы мен қатысуы
|
ҚРҰБ оқыту жоспарына сәйкес орындалды (16 қызметкер).
|
|
«Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» ААШЖ дамыту және пысықтау
|
2012 жылы орындалды.
|
|
Ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
1. Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
| -
Банк кастодианның және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының операцияларын өндірістік пайдалануға қосу және тестілеу бойынша жұмыс жүргізілді; «ҚРҰБ ҰИК» АҚ операцияларын жүргізу үшін пысықтаулар жасалды.
-
2. ҚРҰБ 2012 жылғы қаржылық есептіліктің аудиті нәтижелері бойынша «КПМГ Аудит» ЖШС ұсынымдарын орындау бойынша Іс-шаралар жоспар-графигіне сәйкес Bloomberg жүйесінен Т24 жүйесіне баға белгілеуді іске қосуды автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді.
3. 2013 жылғы қаржы жылы үшін қорытынды айналымдарды жүргізу үшін тестілік орта дайындалды.
4. Пайдалану процесінде туындаған Т24 БАЖ қателері бойынша Temenos компаниясының қолдау көрсету қызметімен өзара іс-қимыл жасалды және талдау жүргізілді.
5. Жыл бойы Т24 БАЖ пайдаланушыларын қолдау, қарсы әріптестерді енгізу, Т24 БАЖ-да шоттарды ашу/жабу және өзгерту жүзеге асырылды.
6. ҚРҰБ бөлімшелерінің өтінімдері бойынша пайдаланушылардың бизнес-процестерінің функционалын, Т24 БАЖ қалыптастырылатын есептерді, сыртқы жүйелермен интерфейстерді өзгерту бойынша Т24 БАЖ пысықтау, сондай-ақ пысықталған функционалды пайдаланушылық тестілеу орындалды.
7. «Банктік ақпараттық жүйе» лизенциялық бағдарламалық қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін ілеспе қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты бойынша (2005ж. 11.11. №392 (EMEA-CIS-KA-431) (бұдан әрі-Шарт) төмендегі шаралар жүргізілді:
- кепіл кезеңі аяқталғаннан кейінгі жұмыстар;
- Шарт сомасын жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша алынатын талаптар құнына төмендету әдістемесі және есебі қаралды әрі келісілді;
- Шарттың 2-қосымшасына өзгерістерді және Шарт сомасын төмендетуді ескеретін №5 қосымша келісім жасалды.
|
|
2. Ұлттық Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметін есепке алу үшін бағдарламалық пакетті таңдау және ендіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
|
«SAP-Казахстан» компаниясы ҚРҰБ ӘШҚ бизнес-процестерін тексеруді жүргізді және оларды жақсарту және ҚРҰБ бөлімшелерінде (БЕД, ОперБ, ШарБ, ҚД) автоматтандыру бойынша ұсынымдар берілді.
«SAP-Казахстан» компаниясының ұсыныстарын және ҚРҰБ бөлімшелерінің (ҚД, ОперБ және ШарБ) ескертулерін ескере отырып
Техникалық ерекше нұсқаманың жобасы әзірленді.
«SAP» компаниясының әріптесі болып табылатын «BI-Consaulting» ЖШС-ның өкілдерімен кездесу жүргізілді.
Компания ҚРҰБ-ға «ҚРҰБ Әкімшілік шаруашылық қызметін есепке алу жүйесі» жобасы бойынша ҚРҰБ бір орта еншілес ұйымы үшін «SAP ERP» жүйесін құру мен ендіруге коммерциялық ұсыныс берді. Ұсыныс ҚРҰБ бөлімшесіне (БЕД) қарау үшін жіберілді. Жұмыс 2014 жылы жалғастырылатын болады.
|
|
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Резервтік орталығын құру жұмыстарына қатысу
|
2013 жылы ҚРҰБ Астана қаласындағы Резервтік орталығын құру бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:
1) инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша техникалық есеп әзірленді және алынды;
2) құрылыс объектісінің техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленді және мемлекеттік сараптамаға жіберілді;
3) ТЭН бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды;
4) жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге техникалық тапсырма әзірленді;
5) РО құрылысына ЖСҚ әзірлеуге жұмыстарды сатып алу бойынша конкурс өткізілді және жобалау ұйымымен шарт жасалды;
6) жобалау ұйымы мемлекеттік сараптамадан өту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы жинақтады және «Мемсараптама» РМК-ға берді;
7) жобалау ұйымы сертификация алу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы жинақтады және Uptime Institute берді;
8) «Мемсараптама» РМК жобасы бойынша ескертулер алынды және пысықталды;
9) Uptime Institute ескертулерін жою бойынша жұмыс жүргізілді;
10) РО құрылысы бойынша ЖСҚ-ның Tier III сенімділік деңгейіне сәйкестігіне сертификат алынды;
11) ҚРҰБ РО құрылысына шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде;
12) РО құрылысына конкурстық құжаттама жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде;
13) ҚРҰБ РО құрылысының барысына авторлық қадағалауды жүргізуге шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде;
14) материалдар мен құрылғыларды сынақтан өткізу бойынша зерт ханалық сынақтарға шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде;
15) РО құрылысының жобасы қаланың коммуналдық қызметтерінде келісуден өткізілді;
16) жоба бойынша экологиялық сараптамадан оң қорытынды алынды.
17) объектіні қаланың сыртқы инженерлік желілеріне қосу техникалық талаптары ұзартылды.
|
|
Қызметкерлерді басқаруда ықпал етуді жетілдіру
|
1. Құзыреттілік үлгісі негізінде қызметкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру
| -
ҚРҰБ орталық аппараты қызметкерлері талаптарының және кәсіби құзыреттілігінің жинағы 2013ж. 31.12. №517 бекітілді.
2. Қызметкерлерді бағалау саласында орталық банктердің тәжірибесі негізінде ҚРҰБ қызметкерлерін бағалау жобасы әзірленді, оның ішінде орта буындағы басшылар қызметінің нәтижелілігін бағалау жобасы бойынша тұжырымдама, қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін жыл сайын бағалау пилоттық жобасы дайындалды, орта буындағы басшылардың басқару дағдыларын бағалау сауалнамасы әзірленді.
3. Басшы құрам үшін ҚРҰБ бөлімшесі (ҚЖЖД) қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін жыл сайын бағалау жобасы бойынша таныстыру семинарын және оқыту жүргізді.
|
|
2. Қызметкерлерді аттестаттау жүйесін жетілдіру
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының қызметкерлерін ҚРҰБ филиалдарындағы эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету қағидаларын білуі бойынша аттестациядан өткізу қағидалары әзірленді.
|
|
3. Қызметкерлерді дамыту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту
|
1. Резервке кандидаттарға психологиялық тестілеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша резервпен жүргізілген жұмыс жөнінде есеп дайындалды. Орта буынның басшылық құрамына резервте тұрған қызметкерлердің тізімі 07.08.2013 ж., жоғары буынның тізімі – 13.08.2013 ж. бекітілді.
2. ҚРҰБ резервшілерімен жұмыс жүргізу шеңберінде резервшілерге арналған тақырыптық оқыту бағдарламалары әзірленді, «Көкжиек» Жеке және Бизнес психология орталығы ЖШС «Тұсаукесер өткізу техникасы, жұртшылық алдында әсерлі сөз сөйлеу және сөйлеу шеберлігі» тақырыбы бойынша тренингтер өткізілді (84 адам оқыды).
3.Ұлттық Банктің басшылық құрамының резервімен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету шеңберінде психологтың ұсынымдары бойынша 11 тренинг ұйымдастырылды.
|
|
4. Ұлттық Банктің курстарында мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру
|
2013 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарындағы сабақтар жасалған шарттарға және бекітілген бұйрықтарға сәйкес жүргізілді. Мемлекеттік тілге оқытудың әрбір сатысының аяқталуы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен қызметкерлерге соңғы тестілеу және сауалнамалар жүргізілді. ҚРҰБ басшылығы үшін курстарда оқудың тиімділігіне әрбір саты бойынша талдау дайындалды. Тоқсан сайын ҚРҰБ орталық аппараты бөлімшелері және филиалдары қызметкерлерінің My Edu автоматтандырылған қазақ тілін қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалануы бойынша ақпарат дайындалып отырды.
|
|
5. Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасына сәйкес Ұлттық Банк жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту
|
Ұлттық Банк жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту жұмысы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк актілерінің, шешімдерінің және өзге де құжаттарының үлгі нысандарын мемлекеттік тілде дайындау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия мемлекеттік тілде 17 құжаттың нысанын бекітіп, жұмысында пайдалану үшін бөлімшелерге жіберді (2002-2012 жылдары аралығында бекітілген нысандардың жалпы саны 468 болды). Сонымен бірге, мемлекеттік тілде терминдерді қарау және бекіту жөніндегі салалық терминологиялық жұмыс тобы 200 терминді бекітіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберді. ҚРҰБ филиалдарының аудармашылары үшін мемлекеттік тілді дамыту және құжаттарды орыс тілден аударған кезде бірыңғай терминология пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді. ҚРҰБ қызметкерлері – басқа ұлт өкілдері арасында олардың мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша «Тіл –тұтастық нышаны» атты конкурс өткізілді, конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен және ескерткіш жүлделермен марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы қорытынды есептер дайындалды.
|
|
6. Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасына сәйкес іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүзеге асыру
|
ҚРҰБ қызметкерлері мемлекеттік тілде жекелеген бұйрықтар мен өкімдерді, еңбек шарттарын, қосымша келісімдерді, қаулы жобаларына ілеспе құжаттарды, ақпараттық сипаттағы қызметтік хаттарды, әртүрлі анықтамалық материалдарды және т.б. өздігінен дайындайды. Баспасөз басылымдарының ішінде қызметкерлер өздігінен «Статистикалық бюллетень» жинағын мемлекеттік тілде дайындайды. Оған қоса, ҚР министрліктерімен және ведомстволарымен, сол сияқты Ұлттық Банктің филиалдары мен орталық аппаратының бөлімшелерімен хат алмасу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
|
|
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы күндеріне және басқа да қоғамдық маңызды оқиғаларына арналған іс-шараларға дайындалу және оларды өткізу кезінде Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының негізгі қағидаттарын пайдалануды қамтамасыз ету
|
ҚРҰБ-та Ұлттық Банкте Халықаралық әйелдер күніне, Наурыз мейрамы – 2013, Ұлттық валютаның енгізілуіне 20 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының қағидаттары (мемлекеттік тілді және оның қоғамдағы оның рөлін қадірлеу, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, этникалық мәдениеттерді және тілдерді дамытуға жәрдемдесу) ескерілді.
|
|
ҚРҰБ-да оқуға жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету. Орталық банктің қызметкерлерін – әмбебап қызметкерлерді оқыту жүйесін құру
|
1. Ұлттық Банк жүйесінде үздіксіз білім беру жүйелерін әзірлеу және ендіру
|
2012 жылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметкерлеріне үздіксіз білім берудің негізгі бағыттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 мамырдағы № 146 бұйрығы бекітілді.
ҚРҰБ негізінде ОА, ведомстволарының және филиалдарының қызметкерлері үшін 34 семинар және 18 тағылымдамадан өткізу, оның ішінде 3 семинар ағылшын тілінде және 1 семинар Дойче Бундесбанкт өкілінің қатысуымен өткізілді. ҚРҰБ филиалдарына 12 көшпелі семинар өткізілді.
|
|
Ұлттық Банктің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратура («Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы) арқылы мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысуы
|
1. ҚРҰБ жоғары білікті қызметкерлерінің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратураның («Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы) оқу үдерісіне қатысуы
|
2012-2013 оқу жылы ішінде ҚРҰБ-тың жекелеген бөлімшелерінің жоғары білікті қызметкерлерін тарта отырып, сабақтар өткізілді. 1 курстың магистранттары үшін таныстыру семинары ұйымдастырылды.
Монетарлық операциялар департаментінің базасында ҚРҰБ Магистратурасының 2 курсының магистранттары үшін департаменттің қызметі бойынша практикалық сабақ өткізілді.
|
|
2. Ұлттық Банкте магистранттардың практикасын ұйымдастыру
|
2013 жылғы 21 қаңтардан бастап 16 наурызға дейінгі кезеңде ҚРҰБ Магистратурасының 2 курсының магистранттары ҚРҰБ орталық аппаратының және ведомстволарының және ҚҚК бөлімшелерінде практикадан өтті. ҚРҰБ Магистратурасының 2014 жылы ҚРҰБ Магистратурасының 2 курсы магистранттарының практикасын ұйымдастыруға қатысты сұратуы қаралды.
|
|
3. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратураның («Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы) оқытушылары үшін ҚРҰБ қызметі жөнінде практикалық сабақтар ұйымдастыру
|
ҚРҰБ және ЕурАзЭҚ елдерінің басқа да ұлттық (орталық) банктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен ҚРҰБ Магистратурасының базасында «Қазақстанның қаржы нарығы дамуының заманауи императивтері» тақырыбына жас ғалымдар мен мамандардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Магистратураның оқытушылары ҚРҰБ базасында өткен 4 семинарға қатысты.
|
|
Ұлттық Банктің мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін Ұлттық Банк академиясында кадрларды даярлауға қатысуы
|
1. Ұлттық Банктің академиясын құру
|
ҚРҰБ Академиясын құру шеңберінде ҚРҰБ басшылығының тапсырмасына сәйкес «Ұлттық Банктің Академиясы» Оқу Орталығын дамыту бағдарламасының, оның бюджетінің және штат кестесінің жобалары әзірленіп ҚРҰБ бөлімшелеріне келісуге жіберілді (04.01.2013ж. №26008/24). ҚРҰБ Академиясын құру мәселелері 2013 жылғы 20 наурызда ҚРҰБ Директорлар кеңесінің отырысында қаралды, оның қорытындысы бойынша «АӨҚО Академиясы» АҚ негізінде ҚРҰБ-ның «Сембаев Академиясы» Оқу орталығын құру туралы шешім қабылданды.
Сенімгерлікпен басқару шарты негізінде «АӨҚО Академиясы» АҚ қызметін үйлестіру бойынша жұмыс жалғастырылды. ҚРҰБ Академиясын құру шеңберінде ҚР Қаржы министрлігіне «АӨҚО Академиясы» АҚ мәртебесі бойынша мәселені шешуге қатысты хат (11.02.2013ж. №26119/314) жіберілді. ҚРҰБ Академиясын құру мәселесі бойынша 2013 жылғы 13 сәуірде ҚРҰБ басшылығының және ҚР Қаржымині өкілімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» 19.01.2012ж. № 134 қаулысының жекелеген тармақтарын іске асыру мәселесі бойынша кездесуі өтті.
Сондай-ақ, «Master of Finance» бірлескен жобасын құру шеңберінде 2013 жылғы ақпанның 12-14 аралығында ESADE Бизнес Мектебінің, Назарбаев университетінің және «АӨҚО Академиясы» АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде MasterinCentralBanking бағдарламасы әзірленді.
Өзара түсіністік туралы келісімнің жобасы әзірленіп, ESADE Бизнес Мектебіне жіберілді, бірлескен бағдарламаны құруға мүдделі екені туралы растау-хат (13.08.2013ж. №26119/1777) жіберілді.
«MasterinCentralBanking» бағдарламасы (ҚРҰБ мен ESADE BusinessSchool-дың бірлескен жобасы) туралы мәселе ҚРҰБ Директорлар кеңесінің талқылауына енгізілді. Бағдарлама ҚРҰБ ДК 18.09.2013ж. №214 қаулысымен мақұлданды. ҚРҰБ және оның ведомстволарының қызметкерлерін іріктеу және оларды «MasterinCentralBanking» Бағдарламасы (ҚРҰБ мен ESADE BusinessSchool-дың бірлескен жобасы) бойынша оқыту тәртібінің жобасы және іс-шаралар жоспары әзірленді (04.10.2013ж. №26119/2215). Қазіргі кезде тәртіп пен іс-шаралар жоспары келісу рәсімінен (визаларды жинақтау) өтуде. Оқыту іс-шараларын дамыту шеңберінде ҚРҰБ «Назарбаев Университеті» ААҚ-мен келіссөздерді жалғастырды.
ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Сембаев Академиясы» оқу орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысының және «ҚРҰБ «Сембаев Академиясы» оқу орталығы» АҚ жарғысының жобалары әзірленді және ҚРҰБ мүдделі бөлімшелерімен келісілді.
«ҚРҰБ «Сембаев Академиясы» оқу орталығы» АҚ құру бойынша Монополияға қарсы комитетіне «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Сембаев Академиясы» оқу орталығы» акционерлік қоғамын құруға келісім беру туралы өтініштің жобасы дайындалды.
ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келіскеннен кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Сембаев Академиясы» оқу орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы мәселе ҚРҰБ Төрағасымен тұжырымдамалық талқылауға дейін тоқтатыла тұрады.
|
|
2. Ұлттық Банктің жоғары білікті қызметкерлерінің Ұлттық Банк академиясының оқу үдерісіне қатысуы
|
3. Ұлттық Банк академиясы түлектерінің Ұлттық Банкте практикасын ұйымдастыру
|
4. Ұлттық Банк академиясының оқытушылары үшін Ұлттық Банктің қызметі жөнінде практикалық сабақтар ұйымдастыру
|