Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



бет5/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.8 Mb.
#11185
1   2   3   4   5   6   7

2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және дәйекті ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру.

2.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны (тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 30%-ы).

Ырықтандырылған валюталық режім жағдайында валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі резиденттердің валюталық операцияларына жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру болып табылады, ал қаржылық тұрақтылықты қамтамсыз ету жөнінде шаралар қабылдау мақсатында валюталық бақылаудың негізгі мақсаты валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратты қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда резиденттердің валюталық заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ оны сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың іске асырылуын күшейту қажет. ҚРҰБ міндеттерінің бірі валюталар айырбастаудың ұйымдасқан нарығын реттеуді жетілдіру және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу арқылы тиімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу шеңберінде ҚРҰБ ҚР аумағындағы уәкілетті ұйымдардың жалпы санының 58%-ын (тікелей нәтиже көрсеткіші – кемінде 30%) қамтыды.
3-стратегиялық бағыт.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ұлттық Банк 2015 жылы төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын, оның ішінде трансшекаралық төлемдер мен ақша аударымдарының тетігі бөлігінде одан әрі дамыту, төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.

Төлем жүйелерінің жұмысына мониторинг жүргізу және қызмет көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылды, резервтік орталықты «әскери» режімде ұстап тұру үшін төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару жұмысы жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша пайдаланушылар үшін төлем жүйелерінің үздіксіздігі мен қолжетімділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді.
Нысаналы индикатор: Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті (кемінде 95%).

2015 жылы Банкаралық ақша аудару жүйесінің (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 100%-ды құрады, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін көрсетеді.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төтенше жағдайлар туындаған кезде төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты (бір төтенше жағдай бойынша 24 сағаттан аспайды)

2015 жылы төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру талап етілетін төтенше жағдайлар байқалған жоқ.



Іс-шара: Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу коэффициенттері

Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттерінің мәнін ай сайын есептеді. 2015 жылы БААЖ және БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 100%-ды құрады.



Іс-шара. «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу

2015 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша 3 іс-шара жүргізілді:

1) Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне алғашқы көшіру 2015 жылғы 16 мамырда жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверлеріне қайта көшіру 2015 жылғы 22 мамырда жүргізілді;

2) Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне екінші көшіру 2015 жылғы 31 шілдеде жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверлеріне қайта көшіру 2015 жылғы 14 тамызда жүргізілді;

3) Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне үшінші көшіру 2015 жылғы 20 қарашада жүзеге асырылды. Негізгі орталықтың серверлеріне қайта көшіру 2015 жылғы 27 қарашада жүргізілді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі (кемінде 37%)

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2015 жылы 98 720,6 мың транзакцияны құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 2,1 есе немесе 111,7%-ға (2012 жылы осы төлемдердің саны 46 630,6 мың транзакция) өсті.



Іс-шара: Халық арасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлеу тәсілдерін пайдаланудың артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Халықтың төлем карточкалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық Банк және оның облыстардағы аумақтық филиалдары халық арасында және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмысының әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылығын насихаттау және түсіндіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары халық арасында төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылықтары туралы хабардар болуы жөнінде пікіртерім ұйымдастырып, жүргізді. Сонымен қатар тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жазу, телевидение мен радиода сөйлеу арқылы төлем карточкаларын пайдаланудың артықшылықтары, төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу жөніндегі қағидалар, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты төлем карточкаларын пайдалану арқылы ақы төлеуден бас тартқаны үшін жауапкершілік және т.б. туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар жекелеген аумақтық филиалдар электрондық ақшаны пайдалану, төлемдерді Интернет-банкинг, мобильді төлемдер арқылы жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер ақысын «электрондық үкімет» порталы арқылы төлеу мүмкіндігі және т.б. мәселелер бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту жөніндегі негізгі іс-шара ҚР Үкіметінің №114713 қаулысын іске асыру болып табылады, Ұлттық Банк және оның аумақтық филиалдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ахуалға мониторинг жүргізу және қажетті іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы алғанда, 2015 жылы «Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамсыз ету 3-стартегиялық бағыты бойынша» қойылған нысаналы индикатордың және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің орындалғаны байқалды. Мәселен, кемінде 95% қойылған жоспарлы мәні кезінде БААЖ және БКЖ-нің жұмыс істеу қабілеттілігінің коэффициенті 100%, болды. Төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын, оның ішінде трансшекаралық төлемдер мен ақша аударымдарының тетігі бөлігінде жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг және бақылау жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің үздіксіздігі коэффициенттерін ай сайынғы негізде есептеу жүргізілді.

Резервтік орталықтың жұмысын қолдау мақсатында жыл бойы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне және керісінше негізгі серверге көшіру жұмыстары 3 рет (2015 жылғы 6 мамырдан бастап 2015 жылғы 22 мамыр аралығында, 2015 жылғы 31 шілдеден бастап 2015 жылғы 14 тамыз аралығында және 2015 жылғы 20 қарашадан бастап 2015 жылғы 27 қараша аралығында) жүргізілді. Жылдың қорытындысы бойынша төлем жүйелерін резервтік орталықтың негізгі серверіне көшіруді талап еткен төтенше жағдайлар (іркілістер) байқалған жоқ.

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі 111,7%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш кемінде 40%.

2016 жылы қойылған нысаналы индикаторға және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында төлем жүйелерінің тиімді, сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған тән тәуекелдерді, оның ішінде операциялық тәуекелді барынша азайту, төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін бөлшек қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға жәрдемдесу бойынша жұмыс жалғастырылады.


4-стратегиялық бағыт.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Нысаналы индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 95)

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) жарияланған ақпаратына сәйкес 2015-2016 жылдары Қазақстан «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші бойынша жыл қорытындысы бойынша 2014-2015 жылдардағымен салыстырғанда 2 орынға төмендеп, 110-орынды иеленді. Осылайша, нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ. Осы индикатор бойынша позицияның жалпы рейтингтегі нашарлауы көбіне компаниялар басшыларының банк секторындағы ахуалды бұрынғысынша қабылдау жағдайында басқа елдердің рейтингтегі өз позицияларын жақсартуымен байланысты болды (компаниялар басшыларының арасында жүргізілген пікіртерім қорытындылары бойынша ҚР-ға берілген орташа балл 2014 жылдағыдай 4,2-ні құрады).

«Сенімділікті қабылдау» индикаторы банк жүйесі клиенттерінің (кәсіпорын басшылары) ақпаратқа және оны талдау үшін ресурстарға рұқсаты шектеулі пікіртеріміне негізделген. Түбегейлі факторлардан басқа, ол сыртқы ақпараттық шудың, қоғамдық көңіл-күйлердің әсерін көрсетеді және біршама екпінділіктен зардап шегеді. Мәселен, макроэкономикалық қордың нашарлауына және қолайсыз сыртқы күйзелістердің іске асырылуына қарамастан, қазақстандық банктердің сенімділікті қабылдауы 2015 жылы нашарлаған жоқ. Біз банктердің 2014-2015 жылдары айырбастау бағамын қорғау кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығының әлсіреуін 2016 жылдың нәтижелері бойынша «сенімділікті қабылдау» нашарлағанда және одан кешірек байқалады деп күтеміз.

Бұл «сенімділікті қабылдау» индикаторының кемшіліктерін көрсетеді. Ол халықаралық инвесторлар үшін пайдалы бола алады, бірақ оның қаржы саясатын және нарықты дамыту бағыттарын әзірлеуге пайдасы шамалы. Бұдан басқа, көп жылдық лагтарға, сондай-ақ туындайтын проблемалар диагностикасының болмауына орай осы индикаторды қаржы саясатын және қаржы нарығының даму стратегияларын әзірлеу мақсаты үшін пайдалану оншалықты тиімді емес.

Халықаралық қаржы мониторлары мен реттеушілері – ХВҚ-тың және Халықаралық төлемдер банкінің, сондай-ақ халықаралық рейтинг агенттіктерінің пікірі барынша кәсіби болып табылады. Бірақ бұл бағалар қаржы жүйесінің жай-күйіне диагноз қоюға және мемлекеттік өктемдік тетіктерін әзірлеуге жеткілікті ақпарат емес. Осы мақсаттар үшін қаржы жүйесінің және қаржы институттарының даму деңгейінің барынша көп жақты индикаторларын құру қажет деп санаймыз.
4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімділігін қолдау

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (26%-дан төмен емес)

Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2015 жылы 12 674,2 млрд. теңге болып, 4,7%-ға артты.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі 8 401,1 млрд. теңгеге дейін 1,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен 4 273,1 млрд. теңгеге дейін 20,7%-ға өсті. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 70,8%-дан 66,3%-ға дейін төмендеді.

2015 жылғы ұзақмерзімді кредиттеу 10 518,1 млрд. теңге болып, 9,5%-ға өсті, қысқамерзімді – 2 156,2 млрд. теңгеге дейін 13,7%-ға төмендеді. Нәтижесінде ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 79,4%-дан 83,0%-ға дейін өсті.

Заңды тұлғаларға кредиттер 2015 жылы 8 510,7 млрд. теңге болып 5,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға 4 163,6 млрд. теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 33,2%-дан 32,9%-ға дейін төмендеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2015 жылы 2 060,5 млрд. теңгеге дейін 15,2%-ға ұлғайды, бұл экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 16,3%-ын құрайды (2014 жылғы желтоқсанда – 14,8%).

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда – 20,9% (2014 жылғы желтоқсанда – 20,0%), өнеркәсіп – 13,4% (11,3%), құрылыс – 7,8% (9,4%), ауыл шаруашылығы – 5,2% (4,0%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,0% (2014 жылғы желтоқсанда – 14,4%), жеке тұлғалардікі – 17,3% (18,7%) болды.



Іс-шара: Кредит нарығының өлшемдеріне зерделеуді жүргізу

2015 жылдың қорытындылары бойынша банктің өкілдерінен кейіннен сұхбат ала отырып, сауалнама нысанында банктердің «Кредиттік нарық өлшемдерінің жай-күйі және болжамы» 4 зерттеу жүргізілді. 2015 жылғы ақпанда, мамырда, тамызда және қарашада ҚРҰБ интернет – ресурсына 4 жарияланым орналастырылды.

Банктердің пікірі бойынша, мұнайға баға белгілеудің құлдырауы, теңгелік өтімділіктің тапшылығы, сондай-ақ теңгенің валюталық бағамын түзету банктердің 2015 жылы қарыз алушыларды кредиттеу ниетінің төмендеуіне себепші болды. Осының салдарынан банктер кредиттік саясатты қатаңдатты. Нәтижесінде, қарыз алушылар тарапынан сұраныс 2015 жылы кредиттеудің барлық бөліктерінде төмендеді. Тұтастай алғанда банктер кредиттік тәуекелдің өспелі деңгейіне қарамастан қатаң кредит саясаты есебінен кредиттік портфель сапасының біршама нашарлауына жол бермеуді көздейді. Банктер проблемалық қарыздармен жұмыс жүргізу кезінде үмітсіз берешекті коллекторлық компанияларға сатуды, есептен шығаруды, кредиттің жалпы мерзімін ұзартуды, төлемдер кестесін өзгертуді, борышты қайта қаржыландыруды барынша басым шаралар ретінде атап өтті.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі (12%-дан төмен емес)

2015 жылдың қорытындылары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыздар несие портфелінің 27,3% үлесімен 4 242,2 млрд. теңге (2015 жылдың басында – 3 248,1 млрд. теңге немесе несие портфелінің 22,9%), 2015 жылғы ұлғаюы – 30,6% болды.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: ЕДБ-нің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі (кемінде 25%)

2015 жылдың қорытындылары бойынша ЕДБ-нің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі жылдың басында 23,5%-ға төмендеп, 8% болды.

Жұмыс істемейтін қарыздар деңгейінің біршама төмендеуіне банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін қарыздар деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені есебінен қол жеткізілді, атап айтқанда:


  • Проблемалық кредиттер қорының ірі жүйе құраушы банкке шартты қаржыландыруды беруі;

  • банктік емес ұйым ретінде жұмыс істемейтін активтерді кейіннен басқара отырып «БТА Банк» АҚ лицензиясының қолданылуын тоқтату;

  • банктердің жұмыс істемейтін қарыздар деңгейін төмендету (есептен шығару/кешіру және т.б) бойынша дербес жұмыс істеуі.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа, оның ішінде техникалық дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны – 0

2015 жыл бойы жүйе құраушы қаржы институттары сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.



Іс-шара: Банк секторына стресс-тестілеу жүргізу

2015 жылғы қорытындылар бойынша 01.01.2015 жағдай бойынша қорытынды айналымдармен және 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша «top-down» форматындағы 2 стресс-тестілеу жүргізілді.

Өз кезегінде, стресс-тестілеу сценарийлері мынадай болжамдарға негізделген:

- Қазақстанның сауда әріптестерінің, атап айтқанда Ресейде ІЖӨ-нің өсу қарқынының төмендеуі.

- 01.01.2015 жылғы қорытындылар бойынша стресс-тестілеу кезінде ұзақтығы 3 тоқсанда мұнай бағасының 34 АҚШ долл./баррелге дейін төмендеуі және ұзақтығы 4 тоқсанда мұнай бағасының 26 АҚШ долл./баррелге дейін төмендеуі.

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша стресс-тестілеу тәуекелдің мынадай екі түрі бойынша жүргізілді: кредиттік және нарықтық. 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша стресс-тестілеу тәуекелдің мынадай үш түрі бойынша жүргізілді: кредиттік, нарықтық және өтімділік тәуекелі. Стресс-тестілеу жүргізілген банктердің тізбесіне стресс-тестілеу кезінде 01.01.2015 жылғы қорытындылар бойынша 27 банк және 01.10.2015 жылғы қорытындылар бойынша 28 банк енгізілді.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Банктік емес қаржы ұйымдары секторының шоғырлануы» көрсеткіші 14

Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде «басқа қаржы корпорациясы активтерінің қаржы жүйесінің жиынтық активтеріне қатынасы» көрсеткішіне есеп жүргізілді, ол 01.01.2015 жылы 26,5% болды. 2015 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша осы көрсеткіш банктік емес қаржы ұйымдары секторы активтерінің банк секторының активтерінен басым өсуіне байланысты 27,4%-ға15 дейін ұлғайды.

Осылайша, 01.10.2015 жылғы жағдай бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Бес ірі банктің банк секторының активтеріндегі үлесі (54%)

01.01.2016ж. жағдай бойынша бес ірі банктің («КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» ЕБ АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) банк секторының жиынтық активтеріндегі үлесі 59,2%16 болды. Осы көрсеткіш нарықтың конъюнктурасына байланысты. Бұл көрсеткішке ықпал ету Ұлттық Банктің құзыретіне жатпайды.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту (10%)

ҚРҰБ-тың 2014-2018 жылдарға арналған стартегиялық жоспарына сәйкес 2015 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» (бұдан әрі – Қор) АҚ-тың жарғылық капиталын 10%-ға ұлғайту жоспарланды.

Тармақ «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 29 қаулысымен орындалды.

Қордың жарғылық капиталы он жеті миллиард жеті жүз он бес миллион алты жүз мың теңге (Қордың жарғылық капиталының 10%-ы) сомаға толықтырылды.

Қордың жарғылық капиталын ұлғайту қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
5-стратегиялық бағыт.

Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін

арттыру, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпыәлемдік

қадағалау стандарттарына жақындату
5.1-мақсат. Дағдарысты жағдайларды болдырмауға ықпал ететін тәуекелдерді бағалауға негізделген банктердің қаржылық орнықтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін банк секторын реттеу жүйесін жетілдіру

Нысаналы индикатор: Банк жүйесіндегі CAELS ≤3 рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі (кемінде 30%)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 31.12.2014ж. № 600 бұйрығымен бекітілген CAMELОS жүйесі бойынша екінші деңгейдегі банктердің рейтингін айқындау жөніндегі нұсқаулықта CAELS бойынша жиынтық рейтингті тағайындау көзделмеген.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұлттық Банктің өткен есепті жылдың қорытындылары бойынша ескертуін назарға ала отырып ҚРҰБ осы нысаналы көрсеткішті «Банк жүйесіндегі CAELS жүйесінің әрбір құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі» нысаналы көрсеткішіне ауыстыруды ұсынады. Бұл ретте осы көрсеткіштің жыл сайынғы негізде есептелетіндігін атап өткен жөн.


5.1.1.

Банк жүйесіндегі CAELS жүйесінің әрбір құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің үлесі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017ж.

2018ж.

5.1.1.1.

«С» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.2.

«A» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.3.

«E» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.4.

«L» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

5.1.1.5.

«S» құрауышы бойынша «1-ден» «3-ке» дейін (қоса алғанда) рейтингі бар банктердің үлесі

30%

30%

30%

40%

45%

«CAMELОS жүйесі бойынша екінші деңгейдегі банктердің рейтингін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 31.12.2014ж. № 600 бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы жиынтық есептілікті дайындау мерзіміне сәйкес ол 2016 жылғы ақпанда қалыптастырылатын болады.


5.1.1-міндет. Банк секторындағы тәуекелдерді шектеу, ЕДБ-дегі тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру, ЕДБ-нің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіші:

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қарыз қаражатын алудың оңайлығы» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 60)

Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес 2015-2016 жылдардағы кезеңде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2015 жылы 44-орын алды.


Банктердің заңнаманы бұзу саны

2015 жыл бойы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қатысты Ұлттық Банк (аумақтық филиалдарды қоспағанда) 154 шектеулі ықпал ету шарасын17 және 270 санкция18 қолданды.


Іс-шара: ЕДБ-ні пруденциялық реттеуді жетілдіру, оның ішінде өтімділік тәуекелін, кредит және нарық тәуекелін реттеу, ЕДБ-ні капиталдандыруды арттыру бөлігінде жетілдіру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында ҚРҰБ Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 27;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


2015 жылғы 17 шілдедегі № 140 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 қаулысы.

Іс-шара: Екінші деңгейдегі банктердің тұтынушылық кредиттеуінің өсуін шектеу жөнінде шаралар қабылдау

Тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі бойынша талаптарды алып тастауды және саралау тәуекелді 100%-дан 150%-ға дейін ұлғайтумен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздардың жекелеген санатын енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 қаулысы қабылданды.



Іс-шара: ЕДБ-да тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында мынадай қаулыларды қабылдады:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015ж.10.12. № 643 бірлескен бұйрығы және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 225 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 қаулысы. Көрсетілген қаулы шеңберінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша қаржылық левередждің өсуін жанама шектеуді қамтамасыз ететін экономикалық ынталандырмаулар енгізілді. Мәселен, жеке тұлғалар депозиттерінің банктің балансы бойынша меншікті капиталының 5,5, мөлшерінің асып кету сомасын меншікті капиталдан шегеру көзделді. Бұл шара қорландыру базасын әртараптандыру бойынша шектеулерді белгілеуге және экономиканы кредиттеуді кеңейтуге бағытталған, өйткені жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қорландыру базасы шоғырлануының жоғары деңгейі банктерді пайыздық тәуекелге және өтімділікті жоғалту тәуекеліне ұшыратады. Яғни, банктің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруіне ықпал етеді.
6-стратегиялық бағыт.

Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын

одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
6.1-мақсат. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігін арттыру
Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша қаржылық орнықтылығының біріктірілген индексінің мәні19 (2,35 артық емес).

Бұл индикатордың мәні 2016 жылғы 1 қаңтарда– 1,71-ді (қалыпты, тәуекел деңгейі қалыпты) құрады.


6.1.1-міндет. Халықаралық стандарттар негізінде сақтандыру ұйымдарын пруденциялық реттеуді одан әрі жетілдіру және исламдық сақтандыруды ендіру, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының тиімділігін арттыру

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Меншікті капитал жеткіліктігі нормативінің жиынтық мәні (төлем қабілеттілігі маржасы) – 1,8.

Бұл көрсеткіштің мәні 2016 жылғы 1 қаңтарда - 4,09-ды (яғни сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру деңгейі жоспарланған көрсеткіштен жоғары) құрады.


Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сақтандыру сыйлықақыларының сомасы – 275 млрд. теңге

Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2015 жылғы 1 қаңтардағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 8,3%-ға ұлғайды және 288 273 млн. теңгені құрады, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі - 263 308 млн. теңге.

Сақтандыру сыйлықақыларының негізгі үлесі ерікті мүліктік сақтандыруға тиесілі (132 204 млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 45,9%-ы). Ерікті жеке сақтандыру бойынша 82 972 млн. теңге жинақталды немесе сақтандыру сыйлықақылары жиынтық көлемінің 28,8%-ы, міндетті сақтандыру бойынша – 73 096 млн. теңге жинақталды немесе 25,3%.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша 2015 жылы жинақталған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 85 808 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 24,6%-ға көп. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есепті күні 2015 жылғы 1 қаңтардағы 25,9%-ға қарсы 29,8%-ды құрады.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2015 жылы жинақталған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 202 465 млн. теңгені құрады, ол 2015 жылғы осындай кезеңге қарағанда 2,6%-ға көп.

Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес 2015 жылы абсолюттік мән 275 000 млн. теңге болуы тиіс болатын. Қорытынды есепті деректерді ескере отырып, жиналған сақтандыру сыйлықақыларының нақты көлемінің жоспарлы көлемінен асуы 13 273 млн. теңге немесе 4,8%-ды құрады.



Іс-шара: Risk based supervision енгізу арқылы пруденциялық реттеуді жетілдіру және Solvency II төлем қабілеттілігі жүйесіне көшу

2015 жылы Ұлттық Банк Азия Даму Банкіне «Сақтандыру нарықтарының тиімділігін арттыру және кеңейту» техникалық көмекті көрсету бойынша жәрдемдесті және сақтандыру ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер мен талқылаулар өткізді.

Осы техникалық көмек шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:

1) сақтандыру ұйымдары тәуекелдерінің әртүрлі түрлері бойынша (операциялық, нарықтық тәуекелдер, қарсы агенттер дефолты тәуекелі, медициналық сақтандырудағы, өмірді сақтандырудағы және жалпы сақтандырудағы тәуекелдер) күйзелістер өлшемдерін бағалау жүргізілді;

2) ҚР сақтандыру ұйымдарына сақтандыру резервтерін есептеу бойынша Solvency II талаптарын бағалау жүргізілді («best estimate» және «risk margin»);

3) әртүрлі сценарийлерді қолдана отырып стресс-тестілеуді жүргізу арқылы тәуекелдердің әр түрі бойынша төлем қабілеттілігінің талап етілетін капиталын бағалау жүргізілді.



Іс-шара: Сақтандыру ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі ҚР Заңының шеңберінде, жүйелік және әлеуметтік тәуекелдерді төмендету мақсатында қолданыстағы нарықтық модельді сақтауды және жұмыс беруші, сақтандыру ұйымдары және қызметкерлер арасында жауапкершілікті бөлуді көздейтін «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» 2015 жылғы 7 ақпандағы ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Жазатайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру бүкіл жүйесінің шығасылары төлемдерді және басқаруды оңтайландыру есебінен төмендетілді.

Тұтастай алғанда бұл шаралар сақтандыру ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің барабарлығына, төлемдер бойынша күтілетін зияндарға әсер етті.

Оған қоса, «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 583 қаулысы шеңберінде сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиалды оның кәсіптік тәуекелі сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызу көзделетін түзету енгізілді.

Бұл шара көп бейінді филиал желісі бар кәсіпорындармен қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жасалған кездегі операциялық тәуекелді азайтуға ықпал етеді.
7-стратегиялық бағыт.

Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
7.1-мақсат. Тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құру
Нысаналы индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Жергілікті қор биржалары арқылы қаржыландыру» көрсеткіші (жоспар бойына ҚР-дың орны – 99)

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес 2015-2016 жылдар аралығында осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 91 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 8 позиция жоғары.

Осы көрсеткіштің пікіртерім жолымен бағаланатынын ескере отырып, қабылданатын реттеу шараларының ықпалын бағалау мүмкін емес, дегенмен, келесі іс-шаралар Дүниежүзілік Банкінің рейтингінде осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының жоғарлауына әсер етуі мүмкін деп санаймыз:

1) орталық қарсы агент институтын енгізу және T+n схемасы бойынша бағалы қағаздар нарығында есеп айырысу жүйесі іске асырылды;

2) ұйымдасқан нарықта жасалған мәмілелерді тексеру бойынша кастодианның функциялары халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілді;

3) қор биржасы тізімінің құрылымы ресми тізімге және «Листингке жатпайтын бағалы қағаздар» секторына бөлу жолымен нақтыланды;

4) жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды жіберу мүмкіндігі енгізілді;

5) қор биржасы индексінің өкілдік тізілімінде белсенді нарықтың болуы жөніндегі талаптарды ауыстыру жолымен, банктер, банктің еншілес ұйымдары немесе банк холдингі сатып алуы мүмкін акцияларға қатысты талаптар жеңілдетілді.


7.1.1-міндет. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және қор нарығының өтімділігін арттыру, қаржы нарығында инвесторлардың жандануын және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асырудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Бағалы қағаздар нарығын реттеу» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингідегі ҚР-дың орны – 89)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015-2016 жылдары кезеңіне арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 87 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 2 позиция жоғары.

Осы көрсеткіштің пікіртерім жолымен бағаланатынын ескере отырып, қабылданатын реттеу шараларының ықпалын бағалау мүмкін емес, дегенмен, «Жергілікті қор биржалары арқылы қаржыландыру» көрсеткіштері шеңберінде жүргізілген іс-шаралар Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Банкінің рейтингінде «Бағалы қағаздар нарығын реттеу» көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының жоғарлауына әсер етуі мүмкін деп санаймыз.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғау» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингінде ҚР-дың – 72)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015-2016 жылдары кезеңіне арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 52 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 20 позиция жоғары.

Көрсетілген бағыт бойынша жұмыс «Doing Business» рейтингінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту шеңберінде жүргізілді.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингіндегі Қазақстанның орны – 61)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015-2016 жылдары кезеңіне арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 58 орынды иеленді.

Осы көрсеткіш «Сіздің еліңізде инвесторлар мен директорлар кеңесінің тарапынан корпоративтік басқаруды қалай сипаттар едіңіз?» деген пікіртерімді жүргізу арқылы бағаланады. (1 – атқарушы орган төмен деңгейде акционерлерге және директорлар кеңесіне есеп береді, 7 – атқарушы орган жоғары деңгейде акционерлерге және директорлар кеңесіне есеп береді).

Акционерлік қоғамдардың органдары мен олардың инвесторлары арасында тиімді өзара іс-қимыл корпоративтік басқаруға оң әсерін тигізеді. Өз кезегінде, кәсіпорындардың корпоративтік басқаруының тиімді тәжірибесі оларға қосымша құн қосады, бұл өз кезегінде елдегі ұлттық экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді.

Заңнаманың осы саласында түбегейлі реформалар жүргізілмегенін ескере отырып, құлдырауды осы көрсеткіш бойынша пікіртерім жүргізілген нысаналы сегментті (аудиторияны) таңдау ерекшелігімен, не осы индекс бойынша басқа елдердің позициясының өзгеруімен (жақсаруымен) түсіндіруге болады.

Осы көрсеткішті жақсарту мақсатында қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі корпоративтік басқару жүйесінің реформасын, оның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының жекелеген нормаларының құқық қолдану мәселелері қаралатын, Қазақстанда корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері жөніндегі Басқарушы және Техникалық Комитеттердің жұмысына қатысу нәтижелері бойынша реформа жүргізеді.

Оған қоса, индикатор мәнін жақсарту корпоративтік басқарудың проблемалық мәселелерін талқылау жөніндегі дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар, сұхбат алаңдарын өткізу, сондай-ақ ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу жолымен мүмкін болады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша позициясы (жоспар бойынша рейтингіндегі ҚР-дың орны – 22)

Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business-2016» рейтингінде 12 позицияға көтеріліп, 41 орынды иеленді.

«Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан 2015 жылы алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 39 позицияға көтеріліп 25 орынды иеленді (http://russian.doingbusiness.org/data/exploreeconomies/kazakhstan). Бұл ретте Дүниежүзілік банк қолданатын жаңа Әдіснама бойынша Стратегиялық жоспарда 2015 жылға жоспарланған көрсеткіш (22-орын) 64-позицияға сәйкес келеді.

Дүниежүзілік Банк сарапшыларының бағалауында 2005 жылдан бастап Қазақстанда реттеушілік процестердің айтарлықтай жақсаруы «Doing Business» рейтингісінің екі индикаторы бойынша, оның ішінде Ұлттық Банк жауапты мемлекеттік орган болып табылатын «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша болғаны атап көрсетіледі.

Жоғары бағаға Ұлттық Банк жүргізген реформалардың арқасында қол жеткізілді, оларда мыналар көзделеді:

- ірі акционерлер туралы, байланыстағы тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы, басқарма мүшелерінің алдыңғы жұмыс орындары туралы ашық дерекөздерінде (ұйымның сайты, Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында) жариялау;

- бас компанияның қызметіне еншілес ұйымдардың қатысуын шектеу;

- қоғамда шешімдер қабылдау кезінде миноритарлық акционерлердің құқықтарын күшейту;

- корпоративтік дауларды шешу рәсімін жеңілдету.

Аталған рейтингтегі позицияның көтеру шеңберінде мынадай:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген түзетулер әзірлеу;

2) заңнамаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу;

3) Вашингтон қаласында (АҚШ) Дүниежүзілік банктің өкілдерімен «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту мәселелері бойынша өтетін кездесуге қатысу;

4) «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, екінші деңгейдегі банктердің, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың, Жоғарғы сот өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның шеңберінде ҚР заңнамасына «Миноритарлық инвесторларды қорғау» және «Кредит алу» екі индикатор бойынша енгізілген түзетулер туралы ақпарат берілді, сондай-ақ қаржы ұйымдарының ішкі құжаттары мен қызметтерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттігі туралы айтылды;

5) Ұлттық Банктің Интернет-ресурсының бас бетінде «Doing Business» баннерін, заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша материалдарды, жауапты қызметкерлердің байланыс деректері орналастыру;

6) «Reformatics» Грузия компаниясымен ұсынымдарды және оларды іске асыру жолдарын талқылау бойынша бірқатар бейнеконференция өткізу;

7) Дүниежүзілік Банктің жылсайынғы «2016 бизнесін жүргізу: реттеудің сапасы мен тиімділігін бағалау» баяндамасын таныстыру бойынша бейнеконференцияға қатысу (2015 жылғы 30 қазан);

8) 2016 жылға қарай Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісі бойынша бірінші 30 ел қатарына кіру бойынша шаралар жоспарында көзделген іс-шаралар іске асыру;

9) акционерлік қоғамдардың өтініштерін тұрақты негізде қарау және енгізілген нормалар бойынша құқық қолдану практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер жіберу бойынша жұмыс жүргізілді.
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитенттерінің саны (жоспар бойынша 130 бірлік).

«Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитенттерінің саны» көрсеткіші эмитенттердің қаражатты қор нарығы арқылы тартуға мүдделілігін сипаттайды, тиісінше осы көрсеткіштің ұлғаюы нарықта ұсыныстың көбеюіне ықпал етеді.

Қаржыландыруды қор нарығы арқылы тартатын эмитенттер санының өсуі бағалы қағаздар нарығындағы ұсыныстың ұлғаюына ықпал етеді, бұл өз кезегінде бағалы қағаздар нарығында сұраныстың ұлғаюын ынталандыратын болады. Сонымен, қор нарығының дамуы елдегі экономикалық өрлеуге ынталандыру болып табылады.

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осы индикатордың мәні 136 бірлік болды.

Бағалы қағаздар нарығындағы ұсыныстар көлемінің өсуін, және салдары ретінде қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттер санын өсіруді ынталандыру бойынша шаралар Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде көзделген.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелердің көлемі (жоспар бойынша 662 млрд. теңге).

«Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелердің көлемі» көрсеткіші отандық қор нарығының өтімділігін сипаттайды.

Өтімді қор нарығы ұлттық экономиканың дамуын ынталандырады, себебі шетелдік және жергілікті инвесторлардың қаражатын Қазақстан Республикасы экономикасының объектілеріне тартудың және қайта бөлудің тиімді тетігі болып табылады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша мәмілелер көлемі көбінесе 2015 жылғы 27 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК жай акцияларының листингін жүзеге асыру және бағалы қағаздар нарығына корпоративтік облигациялардың жаңа шығарылымдарын айналысқа шығару есебінен есепті кезеңде 1 464,3 млрд. теңгеге немесе 220,5%-ға ұлғайып, 2015 жылы 2 128,3 млрд. теңге болды.

Қазақстан Республикасының қор нарығында өтімділік көлемдерінің өсуін ынталандыру бойынша шаралар Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде көзделген.

Іс-шара: T+n схемасын ендіру арқылы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы есеп айырысу жүйесін жетілдіру

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы ҚР Заңы қабылданды.


8-стратегиялық бағыт.

Қаржы орнықтылығын арттыру және жинақтаушы зейнетақы

жүйесінің одан әрі дамуына жағдайлар жасау
8.1-мақсат. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылардың қаржылық орнықтылықтың тәуекелдерді бағалауға негізделген мазмұнды мониторингіне негізделетін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеудің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге, дағдарысты жағдайлардың алдын алуға және салымшылардың (алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ықпал ететін жүйесін жетілдіру

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет