Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының


Тәуекелдерді басқаруды талдау



бет4/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.8 Mb.
#11185
1   2   3   4   5   6   7

4. Тәуекелдерді басқаруды талдау


Ықтимал тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдар

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың нақты орындалуы

Орындамау себептері




1

2

3

4

5

Сыртқы тәуекелдер




Энергия тасымалдағыш-тардың әлемдік бағаларының құлдырауы

Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы



1. Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің қаражатын активтердің жоғары өтімділігін қамтамасыз ететіндей тиімді басқару.

2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу.



1. Есепті кезеңнің 3-тоқсанының ішінде өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ҚРҰБ-тың АВА стратегиялық портфелінен АВА өтімділік портфеліне аудару жүзеге асырылды.

2. Ықтимал алуды қамтамасыз ету мақсатында қысқамерзімді өтімділікті ұстап тұру үшін ҰҚ тұрақтандыру портфелінің жеткілікті жоғары деңгейі сақталып отыр. Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)






Әлемдік қаржы дағдарысы

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақсыздануы




Қаржы тұрақтылығына қауіп

Жүйелік дағдарыстың дамуы

1. ҚҚА-ның және Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру.

2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру.



1. Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
2. 2015 жылы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтті.




Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономика-лық және саяси тұрақсыздық

Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қабылданатын жедел ден қою шаралары.

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).





Ислам әлеміндегі геосаяси тұрақсыздық және террорлық топтардың қызметі

Ислам қаржы жүйесінің ислам экстремизміне және террорлық ұйымдардың қызметін қаржыландыруға қатысы бар деген қалыптасқан пікірдің болуына байланысты исламды, оның ішінде исламдық қаржыландыруды теріс қабылдаудың күшеюі.

Бұл жағдай елдегі исламдық қаржыландыру секторының өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.



Исламдық қаржы туралы хабардар болуды одан әрі жылжытуға және арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру.

Есепті кезеңде 4 оқыту семинары өткізілді.




Ішкі тәуекелдер

Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы

Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін

Тоқсанына 1 рет тексеріледі (әр тоқсанның 10 жұмыс күні). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелін толықтыру жүргізіледі.

Алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемін өтеу үшін өтімділік портфелінде қаражаттың жетіспеу тәуекелі болған жоқ. Сонымен бірге өтімділіктің жеткілікті деңгейін бақылау мен ұстап тұру жұмыстарының шеңберінде есепті кезеңде АВА стратегиялық портфелінен АВА өтімділік портфеліне аудару жүзеге асырылды.







Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі


Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігі төмендеуі немесе жекелеген аймақтарда қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы

Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақшаны жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу.


Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).




Кадрлардың тұрақтамау тәуекелі

Ұлттық Банк қызметінің нәтижелігі төмендеуі


Қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру.

Ұлттық Банкте кадрлар тұрақтамауын төмендету мақсатында Ұлттық Банктің 2014 жылы жұмыстан босатылған (өз еркімен) қызметкерлерінің сауалнамаларына талдау жүргізілді.

ЖОО-мен өзара іс-қимыл бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде жас және әлеуетті мамандарды тарту мақсатында бос орындар жәрмеңкелеріне қатысу жүзеге асырылды. Талдау нәтижелері және Ұлттық Банктің кадрларға қажеттілігін жоспарлау бойынша ҚРҰБ лауазымды қызметшінің 22 бос орнына орналасуға 10 конкурс өткізілді.



Ұлттық Банк жаңа қабылданған қызметкерлерінде жұмысқа деген қызығушылығын, еңбек тәжірибесін жинау, әріптестерімен іскерлік және жеке байланыс қалыптастыру мақсатында қызметкерлерді бейімдеу ұйымдастырылды.




Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бөлігіндегі іс-әрекеттерінің үйлеспеуі


Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару тәуекелінің ұлғаюы

Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталдың жұмылдырылуына ықпал ететін шаралар бойынша келісілген шешімдер қабылдау

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).




5. Бюджеттік бағдарламаларды талдау



Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлш. бірлігі

Есепті кезең

Нәтижеге қол жеткізбеу себептері/бюджеттік қаражатты игермеу

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

бюджеттік бағдарламаның атауы




сипаты




бюджеттік бағдарламаның түрі

мазмұнына байланысты




іске асыру тәсіліне байланысты




ағымдағы/даму




бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы
















тікелей нәтиже көрсеткіштері
















түпкілікті нәтиже көрсеткіштері
















сапа көрсеткіштері
















тиімділік көрсеткіштері
















бюджеттік шығыстардың көлемі

бағдарлама бойынша барлығы




мың тг.










оның ішінде:

шағын бағдарлама бойынша






мың тг.










шағын бағдарлама бойынша




мың тг.











Осы бөлім Ұлттық Банк бюджеттік бағдарламалардың басқарушысы болып табылмайтынына, мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыланбайтынына және өз қызметін Ұлттық Банктің Басқармасы бекітетін Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасы) қаражаты есебінен жүзеге асыратындығына байланысты толтырылған жоқ



6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы

2015 жылғы есепке

талдамалық жазба
1-бөлім. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт.

Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1- мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
Нысаналы индикатор: Инфляция (5-8%)

2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Ұлттық Банк белгілеген 6-8% нысаналы дәлізден асты. Инфляцияның жеделдеуі 2015 жылғы қазан-желтоқсанда (4-тоқсанда 10,4%) теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуі және мұнай бағамының төмендеуі жағдайында болды.

2015 жылы инфляция 13,6%-ды құрады (2014 жылы – 7,4%). Бұл ретте азық-түлік тауарлары 10,9%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 22,6%-ға (7,8%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсетулер бір жылда 8,1%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім мен аяқ киімнің бағасы 32,9%-ға, дәрі-дәрмектің бағасы 30,7%-ға, тұрмыстық заттардың бағасы 24,7%-ға көтерілді. Бензиннің құны 4,6%-ға өсті, дизель отынының құны 9,6%-ға арзандады.


1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 36)

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) 2015-2016 жылдар үшін жарияланған ақпаратына сәйкес Қазақстан «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша 31 орында болды, бұл жоспарда белгіленген нысаналы деңгейге сәйкес келеді.


Экономиканы монеталандыру деңгейі (30%-дан төмен емес)

ІЖӨ негізінде есептелген экономиканы монеталандыру деңгейі 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша 42,2%-ды құрады.


Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі (25%-дан төмен емес)

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2015 жылы 15 970,5 млрд. теңгеге дейін 36,6%-ға көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 177,8 млрд. теңгеге дейін 25,8%, жеке тұлғалардың депозиттері 6 792,7 млрд. теңгеге дейін 54,5% өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір жылда 4 952,0 млрд. теңгеге дейін 4,8% төмендеді, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 11 018,5 млрд. теңгеге дейін 69,6% өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2015 жылғы желтоқсанда 44,5%-дан 31,0%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы бір жылда 32,7%-дан 21,1%-ға дейін төмендеді.

2015 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 20,1% (2014 жылғы желтоқсанда 8,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,5% (8,1%) құрады.


Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері (15% көп емес)

2015 жылғы наурызда ең төменгі резервтік талаптардың тетігіне өзгерістер енгізілді. Резервтік міндеттемелердің теңгедегі және шетел валютасындағы міндеттемелерді резиденттік қағидатын және мерзімділігін сақтай отырып бөлу көзделетін неғұрлым жан-жақты құрылымы енгізілді. Банктердің өтімділікті басқару мүмкіндігін жақсарту мақсатында орташа алу қағидаты сақтала отырып, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тәртібі өзгерді. 2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төменгі резервтік талаптарды айқындау және резервтік активтерді қалыптастыру кезеңдері күнтізбелік 28 күнді құрайды және тікелей бір бірінен кейін жүреді. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау шеңберінде банктер тарапынан өтімділікке сұраныстың қажетті көлемін айқындау мақсатында Ұлттық Банк резервтік активтер құрылымындағы қолма-қол ақшаның үлесін шектеді. Банктердің кассаларындағы ең төменгі резервтік талаптарды орындауға арналған қолма-қол ақша көлемі ең төменгі резервтік талаптарды айқындау кезеңінде ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 70%-нан аспайды.

2016 жылғы 28 қаңтардан бастап Ұлттық Банктің Басқармасы ең төменгі резервтік талаптарды орындау кезінде қолма-қол ақша кассасын пайдалану бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдады. Тиісінше, ең төменгі резервтік талаптарды орындау үшін банктер резервтік активтерді (ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және корреспонденттік шот) толық көлемде пайдалана алады. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау кезінде қолма-қол ақша кассасын пайдалану бойынша шектеулерді жою Қаулы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Резервтік міндеттемелердің әрбір түрі бойынша 2015 жылғы 12 мамырдан бастап ең төменгі резервтік талаптардың мынадай бөлек нормативі белгіленді:

1) банктердің ұлттық валютадағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0%;

2) банктердің ұлттық валютадағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 4,0%;

3) банктердің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0%;

4) банктердің ұлттық валютадағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0%;

5) банктердің шетел валютасындағы қысқамерзімді ішкі міндеттемелері үшін 2,0%;

6) банктердің шетел валютасындағы қысқамерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 6,0%;

7) банктердің шетел валютасындағы ұзақмерзімді ішкі міндеттемелері үшін 0,0%;

8) банктердің шетел валютасындағы ұзақмерзімді сыртқы міндеттемелері үшін 2,0%.


З1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің мөлшерлемелер дәлізінде нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді ұстап тұру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (5-8%)

2015 жылы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өзгеріссіз, жылдық 5,5% деңгейде қалды.


1.2-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру

Нысаналы индикатор: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің көлемі (тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының кемінде 3 айы)

2015 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының 6.8 айын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.


1.2.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлеміне қатынасы (кемінде 1)

Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау жеткілікті көлемде жүргізілді.

Өтімділік портфелі ақша-кредиттік саясатты іске асыру, өтімділікті жоғарғы деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет ету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Нысаналы көрсеткіш кем дегенде 1 болған кезде арақатынас шамамен 25,88 болды.
1.2.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі (кемінде 80%)

2015 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша өтеуге дейін қалған қысқамерзімді сыртқы борыштың халықаралық резервтерге арақатысы нысаналы көрсеткіш кемінде 80% болған кезде 120,33% құрады. Осы көрсеткіш тоқсан сайын, 1-тоқсанда кешіктірілумен есептеледі.


1.2.3-міндет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қоры активтерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінің АҚШ қазынашылығының алты айлық борыштық міндеттемелерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінен асып кетуі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижесі бойынша, соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша алдын ала деректерге сәйкес шамамен (-) 0,89% мөлшеріндегі теріс кірістілікке қол жеткізілді.

ҚРҰҚ басқару кезінде қолданылатын индекстік қағидатты ескере отырып, тұрақтандыру және жинақ портфельдерінен тұратын ҚРҰҚ теріс кірістілігінің негізінен эталондық портфельдердің теріс кірістілігінен туындағанын атап өтеміз.

ҚРҰБ ағымдағы кезеңдегі кірістілігін әртараптандыру және арттыру мақсатында ҚРҰБ активтерді басқаруға мамандандырылған бірқатар ірі ұйымдармен бірлесіп ҚРҰҚ активтерін стратегиялық бөлудің неғұрлым оңтайлы моделін әзірлейді.

Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық қордың активтерін басқаруды одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: ҚР Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының ерекше жағдайларының саны (кемінде 1)

Акциялар бойынша активтік позицияны жабу және ҚРҰҚ активтерін эталондық бөлуге сәйкес келтіру туралы шешім шеңберінде ҚРҰБ Инвестициялық комитетінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 54 хаттамасына сәйкес Ғаламдық пассивтік акциялар мандаты бойынша жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушыларды жұмыстан босату және басқаруындағы активтердің мөлшерін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Нәтижесінде есепті жылдың қыркүйегінде басқарудың қанағаттандырылмаған нәтижесі салдарынан ҚР ҰБ Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысымен бекітілген ҚРҰҚ сыртқы басқарушыларын таңдау қағидаларына сәйкес ҚРҰҚ екі сыртқы басқарушысы жұмыстан босатылды және Ғаламдық пассивтік акциялар мандаты бойынша басқарушылар бөлігінде басқарудағы активтердің мөлшері қысқартылды.
2-стратегиялық бағыт.
Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру

2.1-мақсат. Республиканың әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуына ықпал ететін және сыртқы экономикалық конъюнктура және елдің валюта нарығындағы жағдай күрт өзгерген жағдайда барабар шешімдер қабылдау және шұғыл ден қою үшін валюталық операциялар мониторингінің тиімді жүйесін қамтамасыз ететін ырықтандырылған валюталық режим

Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауда үшін бөгет жасайтын және капитал қозғалысы операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін валюталық шектеулердің саны (0)

Осы нысаналы индикатор бойынша саны – 0


2.1.1-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағыны бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

2.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мән, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа есептік тіркеу талабы қолданылады (50 мың АҚШ долл.).

ҚРҰБ көрсетілген міндетке қол жеткізу мақсатында сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мәнді, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа қолданылатын есептік тіркеу талабын Стратегиялық жоспардың тікелей нәтижесінің тиісті көрсеткіштерінде белгіленгендей, баламасы 50 мың АҚШ долларынан төмен емес деңгейде сақтауды қамтамасыз етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет