Нысаналы индикатор: Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша қаржылық тұрақтылығының 20 біріктірілген индексінің мәні (2,5 артық емес).
Қазіргі кезде бір де бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тіркелмеген, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылар жоқ. Осылайша, 2015 жылғы жағдай бойынша көрсетілген индекс есептелмейді.
8.1.1-міндет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын арттыруға және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ зейнетақы қызметтерін тұтынушылардың (салымшылардың, алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдерді шектеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері: Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «К1 меншікті капитал жеткіліктілігі» пруденциялық нормативі (1-ден кем емес)
2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға өтініштер келіп түскен жоқ.
Іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіру
Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында мынадай қаулылар қабылданды:
1) «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысы;
2) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы
№ 846 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 843 қаулысы;
4) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысы.
9-стратегиялық бағыт.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету
9.1-мақсат. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту
Нысаналы индикатор: Қаржы нарығына сенім білдіретін тұтынушылардың үлесі (жоспар бойынша пікіртерімге қатысқандардың 37%-ы)
9.1.1-міндет. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерінің орташадан жоғары деңгейі (жоспар бойынша пікіртерімге қатысқандардың 16%-ы)
Тұтынушылардың қаржы құралдары туралы хабардар болуының орташадан жоғары деңгейі (жоспар бойынша пікіртерімге қатысқандардың 21%-ы)
2015 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банк «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығының деңгейін, қаржы нарығына қамтылуын бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін бағалау» деген социологиялық зерттеу жүргізді.
Осы зерттеудің негізгі мақсаты халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін, халықты қаржы нарығына қамтылуын және республика азаматтарының қаржы құралдары, олардың мүмкіндіктері мен функциялары туралы хабардар болуы және білу деңгейін айқындауды, сондай-ақ халықтың ақпараттық және білім алу қажеттіктерін қоса алғанда, Ұлттық Банк іске асыратын іс-шаралардың тиімділігін бағалау болып табылады.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің құны» көрсеткіші (жоспар бойынша рейтингтегі ҚР орны – 57)
Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы 2015-2016 жылдар аралығындағы кезеңге арналған Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2015 жылы Қазақстан 53 орынды иеленді.
Іс-шара: Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру шеңберінде:
Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылғы 24 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол қарыздарға қызмет көрсету талаптарын жеңілдетуге, проблемалық қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді және банктік қызметтердің айқындылығын қамтамасыз етеді.
Іс-шара: Тренингтерді, семинарларды, лекцияларды, мастер-кластарды ұйымдастыру және өткізу
Іс-шара: Мақалаларды, жадынамаларды/қалта брошюраларын жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу
Тренингтерді, семинарларды, лекцияларды, шеберлік кластарын ұйымдастыру және өткізу, мақалаларды, жадынамаларды/қалта брошюраларын жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу шегінде:
1) қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен, қарыз алушылармен және екінші деңгейдегі банктермен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізілді, сондай-ақ түсіндіру жұмысы жүргізілді.
2) Ұлттық Банктің ресми сайтындағы «Тұтынушылардың назарына!» шағын бөлімінде қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін:
- сақтандыру бойынша «Сақтандыру қаржылық қорғау құралы іспеттес»;
- салымдар бойынша «Жинақтар. Алға қойған мақсаттарға қалай жетуге болады»;
- қарыздар бойынша «Сауатты қарыз алудың 5 қадамы» жадынамалар орналастырылды.
3) 2015 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 132 ақпараттық материалдар, сондай-ақ Ұлттық Банктің ресми сайтында:
- қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 15 ақпараттық хабарлама.
Іс-шара: Азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесулерді ұйымдастыру және жүргізу
Азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесулерді ұйымдастыру және жүргізу шегінде:
2015 жылы ҚРҰБ басшылығы қаржылық және микроқаржылық ұйымдардың қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 1200-ден астам азаматты жеке қабылдады, сондай-ақ Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш берген 1 067 азаматқа консультациялар берді.
ҚРҰБ проблемалы қарыз алушыларға қарыздарын өтеуге, берешектерін қайта құрылымдауға, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға және басқаларына көмек көрсету бойынша екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың өкілдерімен 699 кездесу ұйымдастырды және өткізді.
Ұлттық Банк қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірге екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларды қабылдау бойынша Бағдарлама шеңберінде оларға барынша қолайлы талаптарды әзірлеуге көмек көрсету мақсатында жұмыс жүргізуде.
10-стратегиялық бағыт.
Ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында
статистикалық қызметті жүзеге асыру
10.1-мақсат. Қоғамды, мемлекетті және халықаралық ұйымдарды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Ресми статистиканың деректеріне сенім деңгейі (пікіртерім жасалған респонденттердің жалпы санының 70%-нан аз емес).
Ұлттық Банктің статистикалық қызметіне қатысты стратегиялық бағыты үшін пайдаланушыларға кестелер, ресми басылымдар түрінде және өзге де түрде ұсынылатын жиынтық статистикалық ақпарат қызметтің негізгі нәтижесі мен соңғы өнімі болып табылады.
Ұлттық Банк Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында қалыптастыратын және жариялайтын статистикалық ақпараттың сапасы туралы пайдаланушылардың пікірін зерттеу мақсатында пікіртерім жүргізді, оның шегінде статистиканы пайдаланушылар сенім деңгейін, қанағаттану дәрежесін бағалады, сондай-ақ өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Ресми статистиканың деректеріне сенім деңгейі сұратылған респонденттердің жалпы санының 76%-ын құрады. Пайдаланушыларға өткізілген пікіртерімнің нәтижелерін талдау қорытындысы жарияланатын статистикалық ақпаратты жетілдіру үшін пайдаланылды.
10.1.1-міндет. Статистика көрсеткіштерін тарату.
Тікелей нәтиженің көрсеткіші: ҚРҰБ Интернет-ресурсын пайдаланушылардың кіру саны (жылына 7,0 кіру санынан кем емес (млн. кіруші).
Ресми статистиканың сапасын бағалаудың халықаралық қағидаттарына сәйкес статистикалық деректердің сапасы мына критерийлер бойынша бағаланады: өзектілігі, дәлдігі, уақтылығы мен нақтылығы, қолжетімділігі және айқындығы, салыстыру мүмкіндігі, өзара байланыстығы. Бұл ретте, оларды Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында орналастыру Ұлттық Банк өндіретін статистикалық ақпараттың уақтылығы мен нақтылығына, сондай-ақ қолжетімділігіне жету тәсілінің бірі болып табылады.
ҚРҰБ Интернет-ресурсы пайдаланушыларының кіру саны ҚРҰБ Интернет-ресурсында орналастырылатын статистикалық және басқа да ақпараттың қажеттілігі мен таралуын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. 2015 жылы аталған көрсеткіш 24,2 млн. кіруді (қаралған беттерді ескере отырып) құрады.
Нақты мәннің жоспардан елеулі түрде артық болуы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің және Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсынан (www.afn.kz) Ұлттық Банктің интернет-ресурсына ауыстыруға, сондай-ақ кірушілер санының 2015 жылғы тамыз бен қыркүйекте ұлғаюына (тиісінше, 100% және 2015 жылғы шілдемен салыстырғанда 57%) негізделді.
1-іс-шара. Ақша-кредит және банк статистикасы бойынша ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу.
«Статистикалық жұмыстардың 2015 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №96 бұйрығымен бекітілген Статистикалық жұмыстардың 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес Ұлттық Банк 2015 жылы банк статистикасын қалыптастыру шегінде «Банктердің статистикасы» нысандары бойынша (9 нысан), сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары (БЖЗҚ) статистикалық байқаулардың 3 нысаны бойынша ведомстволық статистикалық байқаулар, оның ішінде күн сайынғы, әр апталық, ай сайынғы, әр тоқсан сайынғы және жылдық негізде жүргізілді.
Ақша-кредит статистикасы шеңберінде қаржы ұйымдары секторының, шоғырландырылған шолулардың жекелеген шағын секторлары бойынша секторлық баланстарды және монетарлық шолуларды, оның ішінде қаржы секторына шолуды, сондай-ақ депозиттік ұйымдардағы депозиттер мен ақша агрегаттарының есебін жасау ай сайын жүзеге асырылды.
Ай сайынғы негізде ХВҚ-ға 5 стандартталған есеп («Exchange Rates and International Reserves», «Central Bank», «Interest Rates and Share Prices», «Other Depository Corporations», «Monetary Aggregates») жасалып ұсынылды, тоқсан сайынғы негізде «Currency Composition of Foreign Exchange Reserves» резервтік активтердің валюталық құрылымы бойынша зерттеу, жыл сайынғы негізде қаржылық қызметтерге қолжеткізу туралы зерттеу және басқа зерттеулер жүргізілді.
Ақша-кредит және банк статистикасы бойынша жүргізілген ведомстволық байқаулардың және жұмыстардың негізінде ай сайын Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жиынтық деректерді қалыптастыру мен жариялау жүргізілді:
- есепті кезеңнен кейінгі 6-шы жұмыс күні – Ұлттық қордың халықаралық резервтері мен активтері, ақша базасы, айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы, бірінші және екінші бағалы қағаздар нарығындағы операциялар туралы деректер бойынша статистикалық ақпарат;
- есепті кезеңнен кейінгі 25-ші күн – монетарлық шолулар (5 кесте), ақша агрегаттары бойынша статистикалық ақпарат (1 кесте); депозит (7 кесте), кредит (14 кесте), валюта (4 кесте) нарықтарының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат;
- есепті кезеңнен кейінгі 30-шы күн – «Қазақстан Ұлттық Банкінің Статистикалық бюллетені» ҚР Ұлттық Банкінің ресми басылымы мемлекеттік тілде және орыс тілінде, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 5-ші жұмыс күні ағылшын тілінде жарияланды гі басылымдары «Экономика секторлары бойынша талаптар мен міндеттемелер туралы.
Ақша-кредит статистикасының деректері ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу мақсаттары үшін, сондай-ақ елдің қаржы нарықтарындағы ахуалды талдау кезінде пайдаланылады.
2-іс-шара. Ақша-кредит және банк статистикасы мәселелері жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шегіндегі жұмыс топтарына қатысу.
Жыл ішінде ЕЭК қаржы статистикасы жөніндегі кіші комитеттің статистикалық көрсеткіштердің тізбесі, Шағын комитет қызметінің деректер форматы және басқа мәселелері бойынша 2 жұмыс отырысына және ақша-кредит статистикасы жөніндегі жұмысы тобының көрсеткіштерді салыстырып тексеруді арттыру, ақша-кредит статистикасын жасау әдіснамасын үйлестіру мәселелері бойынша, сондай-ақ деректерді ұсыну форматына өзгерістерді енгізу мәселелері бойынша 2 отырысқа қатысты.
Талқылаудың нәтижесінде экономика секторлары бөлігінде, елдің ұлттық ерекшелігін ескере отырып, М2 және М3 ақша агрегаттары негізінде экономиканы монеталандырудың екі көрсеткішін қалыптастыру туралы және басқа мәселелер жөніндегі деректерді беру арқылы жеке және заңды тұлғалардың кредиттік және депозиттік берешектері мен көлемінің көрсеткіштерін қамту бойынша салыстырып тексеруді арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
ЕЭК сұранысын ескере отырып, кредиттеу жөніндегі деректер кеңейтілген форматта ұсынылды.
Белгіленген мерзімдерге сәйкес ЕЭК-ке 12 формат бойынша ақша-кредит және банктік статистика көрсеткіштері бойынша ақпарат жіберілді.
3-іс-шара. Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржы және нақты секторлардың субъектілеріне ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу
«Статистикалық жұмыстардың 2015 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №96 бұйрығымен бекітілген Статистикалық жұмыстардың 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес Ұлттық Банк сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру шеңберінде 2015 жылы 17 зерттеуді (ведомстволық статистикалық байқау) жүзеге асырды, оның ішінде 1 зерттеу ай сайынғы статистикалық байқау, 15 зерттеу тоқсан сайынғы статистикалық байқаулар, сондай-ақ біржолғы «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы». Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері 2014 жылдың, 2015 жылғы 1, 2 және 3-тоқсанның қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық шоттар бойынша есептерді және оларға талдама кестелерді қалыптастыру кезінде пайдаланылды.
Жүргізілген ведомстволық байқаулардың және сыртқы экономикалық статистика бойынша жұмыстардың негізінде жиынтық деректерді және талдама материалдарды Ұлттық Банктің интернет-ресурсында қалыптастыру және жариялау жүзеге асырылды:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30-ші күн - шетел валютасындағы халықаралық резервтер мен өтімділік бойынша (1 кесте);
тоқсан сайын:
есепті кезеңнен кейінгі 90-шы күні - төлем балансы бойынша (4 кесте), халықаралық инвестициялық позиция бойынша (2 кесте), салым бағыттары бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша (3 кесте), жағдай бойынша сыртқы борыш бойынша (3 кесте);
есепті кезеңнен кейінгі 100-ші күн:
халықаралық инвестициялық позиция бойынша (3 кесте), салым бағыты бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша (4 кесте), сыртқы борыш бойынша (12 кесте);
есепті кезеңнен кейінгі 110-шы күн:
халықаралық инвестициялық позиция бойынша (2 кесте), салым бағыты бойынша шетелдік тікелей инвестициялар бойынша (8 кесте);
есепті кезеңнен кейінгі тоқсаннан кейінгі екінші ай – ҚР Ұлттық Банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымдары.
4-іс-шара. Валюталық реттеу, төлемдер және аударымдар саласында әкімшілік деректерді жинау және өндеу
ҚР Ұлттық Банкі мына нормативтік құқықтық актілер бойынша сыртқы сектор статистикасы мен талдаудың жекелеген көрсеткіштері мен кестелерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын деректерді жинауды және өндеуді жүзеге асыруда:
- «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы;
- «Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысы;
- «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысы.
Жинақталған әкімшілік деректер сыртқы сектордың статистикасы мен талдауының жекелеген көрсеткіштері мен талдамалық кестелерін қалыптастыруға арналған дерек көздері ретінде пайдаланылды.
5-іс-шара. Сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру және талдау әдіснамасы, практикасы бойынша жарияланымдар және/немесе семинарлар өткізу
Есепті кезеңде 3 жарияланым дайындалды және жария етілді:
1) «Қазақстан Республикасының төлем балансында жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операцияларын бағалау» («Қазақстан Банктері» басылымы, 2015 жылғы №5 шығарылым);
2) «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 айдағы төлем балансын және 2015 жылғы 10 айдағы теңгенің нақты айырбастау бағамын алдын ала бағалауды жариялау туралы» баспасөз релизі;
3) «Сыртқы экономикалық статистиканы экономикалық саясат саласындағы өзгеріп тұратын талаптарға жауап ретінде жетілдіру» (Ұлттық Банктің «Экономикалық шолу» басылымы, 2015 жылғы №3 шығарылым).
Ұлттық Банк жаңа әдіснамаға сәйкес статистикалық байқаулардың жаңа нысандарын енгізі шегінде (Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқау, 2009 жылғы алтыншы шығарылым РПБ6) 2015 жылы Астана қаласының респонденттері үшін 1 семинар және ҚРҰБ аумақтық филиалдарының қызметкерлері үшін 1 семинар өткізді.
6-іс-шара. Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингі және борыштық міндеттемелері неғұрлым маңызды болып табылатын ұйымдардың сыртқы борышының жай-күйін бағалау
Осы іс-шараны орындау шегінде 2015 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне 30.09.2014 ж., 31.12.2014 ж., 31.03.2015 ж., 30.06.2015 ж. (ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне хаттар 23.01.2015 ж. №25-2-01/126, 15.04.2015 ж. №25-2-01/525,
07.07.2015 ж. №25-2-01/918, 16.10.2015 ж. №25-2-01/1436) жағдай бойынша ақпарат берілді.
2015 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша іріктелген кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің сыртқы міндеттемелерінің үлесі елдің сыртқы борышынан 81,2% болды. Іріктеу есепті күні 100 млн. АҚШ долларынан астам (мемлекет кепіл берген сыртқы борышты есепке алғанда) сыртқы берешегі бар қаржылық емес сектор кәсіпорындары және банктік емес қаржылық ұйымдар және 300 млн. АҚШ долларынан астам сыртқы берешегі бар банктер бойынша жүргізілді. Бұл ретте, егер 30.09.2014 ж. аталған тізбеге 114 кәсіпорын және 6 банк кірсе, онда 30.06.2015 ж. жағдай бойынша олардың саны 104 кәсіпорынға және 5 банкке дейін қысқарды.
7-іс-шара. Кең мағынадағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышын бағалау
2015 жылы осы іс-шараны орындау шегінде Қаржы министрлігіне 30.09.2014 ж., 31.12.2014 ж., 31.03.2015 ж., 30.06.2015 ж. (09.01.2015 ж. №25-2-02/33, 10.04.2015 ж. №25-2-02/492, 03.07.2015 ж. № 25-2-02/928, 14.10.2015 ж. № 25-2-02/1425 хаттар) жағдай бойынша ақпарат ұсынылды.
Хаттарда мемлекеттік сектордың сыртқы борышын кең мағынадағы бағалау берілген. Есептер ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес қалыптастырылған мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесін ескере отырып жүргізілді.
8-іс-шара. Нақты тиімді айырбастау бағамының мониторингі
ҚР Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсунда орналастырылатын нақты тиімді айырбастау бағамының индекстері жөніндегі ақпарат.
Ұлттық валютаның Нақты тиімді айырбастау бағамының индексі отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Индекстің өсуі/төмендеуі бәсекеге қабілеттіліктің ықтималды нашарлауы/жақсаруы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк ай сайынғы негізде теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының есебін жүргізеді. Нақты тиімді айырбастау бағамы бойынша жиынтық кестелер ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі 50-ші күні) Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында орналастырылды.
9-іс-шара. Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде жұмыс топтарына қатысу, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен сыртқы сектор статистикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау
2015 жылы ЕЭК шегінде қызметкерлер сыртқы сектор статистикасы мәселелеріне және қаржы статистикасының жалпы мәселелеріне қатысты:
- Статистика жөніндегі консультативтік кеңестің сыртқы және өзара сауда статистикасы және қаржы статистикасы бойынша шағын комитеттерінің
(4 отырыс);
- сыртқы сектор статистикасы бойынша жұмыс тобының (2 отырыс);
- Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік кеңестің «Макроэкономикалық модельдеу және болжам» бағыты бойынша жұмыс тобының «Орташамерзімді болжам» және «Ұзақмерзімді болжам, өзара әсерді және ықпалдасу нәтижесін бағалау» шағын топтарының (2 отырыс) отырысына және бейнеконференцияларға қатысты
Ақпаратты ұсыну форматтарына сәйкес ЕЭК-ке сыртқы экономикалық статистика және нақты тиімді айырбастау бағамының көрсеткіштері бойынша ақпарат жіберілді
(12 формат).
Достарыңызбен бөлісу: |