Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі



бет13/31
Дата25.02.2016
өлшемі5.1 Mb.
#22189
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      Ойын автоматтары залының ойын бизнесін жүргізу үшін айқындалған аумақта орналасуы туралы тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасы;


      меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығының тізбесі;
      қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
      әр ойын автоматына арналған сәйкестік сертификаты;
      күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
      ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары;
      бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шарттың көшірмесі.

«Ойын автоматтары залы   


қызметімен айналысу үшін  
лицензиялар беру, қайта  
ресімдеу, лицензияның   
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына    
3-қосымша         

Нысан


Ойын жабдығының тізбесі

      Орны: _________________________________________________________


      Меншік иесі: __________________________________________________

Р/с №

Ойын жабдығының түрі

Дайындаушы зауыт, сериялық нөмірі

Сәйкестік сертификатының деректері

Тестілеу күні

Ұтыс пайызы

Техникалық жағдайы

1

2

3

4

5

6

7











































      М.О.                                                       қолы

«Ойын автоматтары залы   


қызметімен айналысу үшін  
лицензиялар беру, қайта  
ресімдеу, лицензияның   
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына    
4-қосымша         

Нысан


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100%







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен алушылардың %-ы (үлесі)

100%







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу оқиғаларының (есептеулерді, есеп айырысуларды жүргізу және т.с.с.) %-ы (үлесі)

100%







3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







3.2. Алушылардың құжаттарын бірден дұрыс толтыру және тапсыру оқиғаларының %-ы (үлесі)

90%







3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесі)

100%







4. Шағымдану процесi

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген алушылардың жалпы санына қарағанда негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%







4.2. Негізделген, қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесі)

100%







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)

100%







4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)

100%







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)










«Ойын автоматтары залы   
қызметімен айналысу үшін  
лицензиялар беру, қайта  
ресімдеу, лицензияның   
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына    
5-қосымша         

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мекенжайы мен жұмыс кестесі

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңсесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет

8(7172)753427

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

2.

Ойын бизнесі басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1409-кабинет

8(7172)753152, 753438

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының қабылдау бөлмесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001-кабинет

8(7172)753010, факс 753480

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 981 қаулысымен   
бекітілген      

«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынады.


      Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 28-бабының 3) тармақшасының, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9-бабының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.mts.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz;
      3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде;
      4) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
      5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі www.elicense.kz порталында букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына 10 жыл мерзімге берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) телнұсқа өтiнiш берiлген күнінен бастап екі жұмыс күнi iшiнде беріледі;
      5) қайта ресімделген лицензия өтiнiш берiлген күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде беріледі.
      8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген 640 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды бюджетке төлеу түрінде білдіретін ақылы негізде көрсетіледі. Бұл ретте лицензияның телнұсқасын беруге алымның мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын, лицензияларды қайта ресімдеу мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      9. Жұмыс кестесі:
      уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Мобилді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
      Портал тәулік бойы жұмыс істейді.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген;
      2) порталда – жеке кабинетте көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынады:


      орталыққа:
      1) өтініш;
      2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған);
      3) алушының салық органында 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған) көшірмесі;
      4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қағаз жеткізгіште;
      5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
      6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі;
      7) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес кассалар тізімі.
      Мына құжаттардың мәліметтері:
      1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;
      2) заңды тұлға үшін – алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) дара кәсіпкер үшін – алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.
      Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайларда алушыға лицензияның телнұсқасы беріледi.
      Қайта ресімделген лицензия мынадай жағдайларда:
      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
      2) дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырғанда;
      4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде беріледі.
      Қызмет түрінің және (немесе) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы сұрау беруге құқылы.
      Порталда:
      1) алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      2) заңды тұлға үшін жарғы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған) электрондық сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;
      3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;
      4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;
      5) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес кассалар тізімі сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі.
      Мына құжаттардың мәліметтері:
      1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;
      2) заңды тұлға үшін - алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) дара кәсіпкер үшін - алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) алушыны салық органында есепке алу туралы куәлік;
      5) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.
      Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайларда алушыға лицензияның телнұсқасы беріледi.
      Қайта ресімделген лицензия мынадай жағдайларда:
      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;
      2) дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;
      3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырғанда;
      4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде беріледі.
      Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіпте лицензияны қайта ресімдеу туралы электрондық құжат нысанда сұрау беруге құқылы.
      12. Лицензияның телнұсқасын алу үшін алушы (немесе сенімхат бойынша өкілі) лицензияның жоғалғаны, бүлінгені туралы фактілерді растайтын құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
      Алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды, лицензиялардың көшірмелерін және лицензияларға қосымшаларды (бар болған жағдайда) қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды қоса отырып береді.
      Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұраудың нысанын толтыру қажет.
      Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залында арнайы бағанға, сонымен қатар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.
      13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
      14. Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде, алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, және олардың байланыс телефондары.
      Портал арқылы жүгінген кезде алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы береді.
      Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға береді.
      Порталдағы «жеке кабинетте» - сұрау жеке жіберілген кезде.
      16. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
      1) аталған субъектілер санатына үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынса;
      2) алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      3) қызметтің түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына дицензиялық алым енгізілмесе;
      4) алушыға өтініш білдірілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын алушыға қатысты заңдық күшіне енген соттың үкімі болса.
      Алушы осы стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Алушының өтінішін қараудан бас тарту туралы уәкілетті органның дәлелді жауабы орталыққа екі күндік мерзім ішінде жіберіледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:


      1) заңдылық;
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;
      9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;
      12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиімділік;
      14) сыпайылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет