Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер



бет9/31
Дата25.02.2016
өлшемі5.1 Mb.
#22189
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

10. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:


      жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;
      спорттан бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;
      жоғары спорт шеберлiгi мектептерiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 2 жыл iшiндегi оқытушылық жұмыс;
      республикалық және облыстық уәкiлеттi органдағы 2 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

11. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс;


      жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 1 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;
      спорттан бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi санатсыз әдiскер лауазымындағы жұмыс өтiлi.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

12. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру).


      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

13. Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:


      жұмыс тәжiрибесiне енгiзiлген әдiстемелiк әзiрлемелерiнiң болуы;
      жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 3 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;
      спорттан бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi;
      жоғары спорт шеберлiгi мектептерiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 3 жыл iшiндегi оқытушылық жұмыс;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегi республикалық және облыстық уәкiлеттi органдағы 3 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

14. Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi;


      дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;
      спорттан бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;
      жоғары спорт шеберлiгi мектептерiндегi 2 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық және облыстық уәкiлеттi органдағы 2 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

15. Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;


      жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 1 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;
      спорттан бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi санатсыз әдiскер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

16. Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер

      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру) немесе орта (толық) жалпы бiлiм немесе «Қазақстан Республикасының спорт шеберiнен» төмен емес спорттық атағының болуы.


      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

17. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары немесе орта бiлiм, соның iшiнде:


      Қазақстан Республикасының спорт түрлерiнен құрама команданың құрамына (спорт клубына) кiру;
      Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамында Олимпиада ойындарында 1-6-орын;
      әлем чемпионаттарында 1-3-орын, Азия ойындарында 1-2-орын, Еуропа чемпионаттарында 1-2-орын және олимпиадалық спорт түрлерiнен әлем кубогының финалдарында 1-орын алу.
      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, еңбек заңнамасының негiздерiн, техника қауiпсiздiгi ережесiн мен санитарлық-гигиеналық нормаларын және спорттық жаттықтыру негiздерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, спорт түрлерiнен жарыстардың ережесiн, допингке қарсы ережелерін.

18. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары немесе орта бiлiм, соның iшiнде:


      Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамында әлем чемпионаттарында 4-6-орын;
      Азия чемпионаттарында 1-3-орын, Азия ойындары мен Еуропа чемпионаттарында 3-5-орын;
      жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-3-орын, олимпиадалық спорт түрлерiнен жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-орын, олимпиадалық емес спорт түрлерiнен әлем чемпионаттарында 1-3-орын, олимпиадалық емес спорт түрлерiнен Азия чемпионаттарында 1-орын.
      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, еңбек заңнамасының негiздерiн, техника қауiпсiздiгi ережесiн мен санитарлық-гигиеналық нормаларын және спорттық жаттықтыру негiздерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, спорт түрлерiнен жарыстардың ережесiн, допингке қарсы ережелерін.

19. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары немесе орта бiлiмі бар, соның ішінде Қазақстан Республикасының спорт түрлерiнен құрама командасының құрамында (спорт клубында) орын алуы.


      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, еңбек заңнамасының негiздерiн, техника қауiпсiздiгi ережесiн мен санитарлық-гигиеналық нормаларын және спорттық жаттықтыру негiздерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, спорт түрлерiнен жарыстардың ережесiн, допингке қарсы ережелерін.

«Қазақстан Республикасының еңбек   


сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi  
атағы, «Қазақстан Республикасының  
еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi
атағы, Қазақстан Республикасының   
халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 
Қазақстан Республикасының спорт   
шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта 
деңгейдегi жоғары санатты       
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары   
деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы- 
спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, 
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi,
ұлттық спорт төрешiсi спорттық атақтары
мен санаттарын беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына          
7-қосымша               

Нысан


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100%







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен алушылардың %-ы (үлесі)

100%







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу оқиғаларының (есептеулерді, есеп айырысуларды жүргізу және т.с.с.) %-ы (үлесі)

100%







3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







3.2. Алушылардың құжаттарын бірден дұрыс толтыру және тапсыру оқиғаларының %-ы (үлесі)

90%







3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесі)

100%







4. Шағымдану процесi

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген алушылардың жалпы санына қарағанда негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%







4.2. Негізделген, қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесі)

100%







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)

100%







4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)

100%







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)










«Қазақстан Республикасының еңбек   
сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi  
атағы, «Қазақстан Республикасының  
еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi
атағы, Қазақстан Республикасының   
халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, 
Қазақстан Республикасының спорт   
шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта 
деңгейдегi жоғары санатты       
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары   
деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы- 
спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, 
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi,
ұлттық спорт төрешiсi спорттық атақтары
мен санаттарын беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына          
8-қосымша               

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мекенжайы мен жұмыс кестесі

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңсесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304-кабинет

8(7172)75327

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

2.

Бұқаралық спортты дамыту басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1408-кабинет

8(7172)753512, 753574

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының қабылдау бөлмесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001-кабинет

8(7172)753010, факс 753480

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 981 қаулысымен   
бекітілген      

«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынады.


      Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 28-бабының 4) тармақшасының, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9-бабының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.mts.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында (бұдан әрі – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz;
      3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде;
      4) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
      5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі www.elicense.kz порталында казино қызметімен айналысу құқығына 10 жыл мерзімге берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия, не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) телнұсқа өтiнiш берiлген күнінен бастап екі жұмыс күнi iшiнде беріледі;
      5) қайта ресімделген лицензия өтiнiш берiлген күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде беріледі.
      8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген 3845 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды бюджетке төлеу түрінде білдіретін ақылы негізде көрсетіледі. Бұл ретте лицензияның телнұсқасын беруге алымның мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын, лицензияларды қайта ресімдеу мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      Казино қызметімен айналысу үшін лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      9. Жұмыс кестесі:
      уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
      Портал тәулік бойы жұмыс істейді.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген;
      2) порталда – жеке кабинетте көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет