Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



бет24/31
Дата25.02.2016
өлшемі5.1 Mb.
#22189
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:


      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;
      2) жарыстың атауы, оны өткізу мерзімі мен орны көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзінді;
      3) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
      4) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес бас төрешісінің, бас хатшысының қол қойған бокс, күрес түрлері мен басқа да жекпе-жектердің нәтижелері туралы анықтамасы.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;
      3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);
      5) осы спорт түрінен облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» біліктілік санатын беруді қоспағанда);
      6) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.
      Мынадай құжаттардың мәліметтері:
      жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжат;
      3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәлік.
      Мынадай құжаттардың мәліметтері:
      жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдіскер» санаттарын беру осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;
      3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;
      4) спорт түрінен республикалық федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;
      5) бұдан бұрынғы санатының берілуі туралы куәлік.
      Мынадай құжаттардың мәліметтері:
      жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдіскер» санаттарын беру осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      «Спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа Қазақстан Республикасының спорттық жіктегішінің талаптарына сәйкес төрешілік практикасы тәжірибесін (курстар, семинарлардан өткенін) растайтын құжатты ұсынады.
      12. Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.
      13. Орталықта құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін жергілікті атқарушы органға береді.
      16. Жергілікті атқарушы органдар аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
      3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.
      Алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Жергілікті атқарушы органдардың қызметі мына қағидаттарға негізделеді:


      1) заңдылық;
      2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;
      3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;
      5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
      7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
      8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңдігі;
      9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;
      12) ақпараттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      13) тиімділік;
      14) сыпайылық.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсететін жергілікті атқарушы органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын жергілікті атқарушы органның бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат алу және өтініштер дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.


      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша не осы стандартқа 1, 2-қосымшада және 26-тармақта көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, алушы осы стандартқа 9-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жоғары тұрған инстанцияға жүгіне алады.
      Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кестесі мен мекенжайлары осы стандартқа 1, 2, 9-қосымшаларда және 26-тармағында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың, әкімдіктердің, «Орталық» РМК және орталықтардың кеңселерінде қолма-қол қабылданады.
      23. Жергілікті атқарушы органдардың, әкімдіктің, орталықтың және «Орталық» РМК кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
      Алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
      24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      26. «Орталық» РМК мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 8 (7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.

«Екiншi және үшiншi разрядтар,  


бірiншi, екiншi және үшiншi    
жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына 
1-қосымша            

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

Астана қаласы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астана қаласы, Кенесары көшесі,14-үй

8(7172)556753, 557299, факс 391402

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

2.

Алматы қаласы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4-үй

8(7272)71-65-74, 61-25-29, 71-65-72

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

3.

Алматы облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 222-үй

8(7282)251057

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

4.

Ақмола облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11 «а»-үй

8(7162)763427, факс 763378

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

5.

Ақтөбе облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40-үй

8(7132)552636, факс 552636

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

6.

Атырау облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А-үй

8(7122)32-05-24, факс 32-05-26

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

7.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19-үй

8(7232)250668, 252446, 296244, 578769, 577658

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

8.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201-үй

8(7112)505272, 511740, 512711, 506589, 500862

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

9.

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72-үй

8(7262)450514

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

10.

Қарағанды облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қарағанды қаласы, Бұхар жырау даңғылы, 53-үй

8(7212)507112, факс 507114

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

11.

Қызылорда облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, 1-үй

8(7242)230564, факс 230138

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

12.

Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қостанай қаласы, Таран көшесі, 83-үй

8(7142)575330, 575216, факс 575330, 575216

Жұмыс күндері: сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

13.

Маңғыстау облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ақтау қаласы, 12-ықшам ауданы, «Мұнайшы» спорт кешені

8(7292)310579, 310436, 330131

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

14.

Павлодар облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Павлодар қаласы, 1 май көшесі, 170-үй

8(7182)619400, 619153, факс 619150

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

15.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28-үй

8(7152)46-60-40, факс 46-62-58

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

16.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1-үй

8(7252)224288, факс 423352

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет