Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының



Дата17.07.2016
өлшемі73.58 Kb.
#206437







Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы
№351 бұйрығына 38-қосымша




«Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7431202, индексі 15-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7431202, индексі 15-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтырудың тәртібін нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) Қазақстан Республикасының резиденттері:

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың осы тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген азаматтар олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

2) Қазақстан Республикасының резидент еместері:

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында және осы тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Республика аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады.

3. Мыналар осы нысанның респонденттері болып табылады:

1) екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы;



  1. брокерлер және (немесе) дилерлер;

  2. инвестициялық портфельді басқаратын компаниялар;

  3. бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар (орталық депозитарий, кастодиандар және бағы басқалар) және тіркеушілер;

  4. зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

  5. зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары.

4. Статистикалық нысанды респонденттер өз операциялары бойынша және респондент клиенттерінің мынадай операциялары бойынша ұсынады:

1) резиденттер шығарған және респонденттің резидент емес клиентіне тиесілі бағалы қағаздармен (1.1.1, 1.2.1, 2.1-бөліктер);

2) резиденттер еместер шығарған және респондентке немесе респонденттің резидент клиентіне тиесілі бағалы қағаздармен (1.1.2, 1.2.2, 2.2-бөліктер);

3) шет елдегі резиденттер шығарған және респондентке немесе респонденттің резидент клиентіне тиесілі бағалы қағаздармен (2.3-бөлік).

5. Респондентке тиесілі бағалы қағаздар және оның клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздар бойынша жеке нысан ұсынуға болады. Бағалы қағаздар нарығында қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің әрбір түрі бойынша жеке нысан ұсынуына болады.

6. Нысанда Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда резидент еместермен (өз атынан және клиенттердің атынан) есепті кезеңде Қазақстан Республикасында да, шет елде де шығарылған барлық бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар бойынша деректер көрсетіледі. Сонымен бірге есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша бағалы қағаздардың саны, құны, бағалы қағаздарды иеленуден түскен инвестициялық кіріс және қызмет көрсеткені үшін комиссиялық алымдар бойынша, оның ішінде есепті кезеңде операциялар болмаған жағдайдағы деректерді ұсыну қажет.

Деректер бағалы қағаздың әрбір түрі және әрбір иесі бойынша жеке ұсынылады.

7. 1-бағанда жазбаның реттік нөмірі көрсетіледі. Белгілі бір бөлімнің әрбір бөлігі үшін жазбаның реттік нөмірі жеке жазылады.

8. 2-бағанда әрбір жол бойынша нысанның мынадай бөліктеріне сәйкес әрдайым операция коды қойылады:

1.1.1-бөлік үшін – 1111-код;

1.1.2-бөлік үшін – 1210-код;

1.2.1-бөлік үшін – 1121-код;

1.2.2-бөлік үшін – 1220-код;

2.1-бөлік үшін – 2121-код;

2.2-бөлік үшін – 2220-код;

2.3-бөлік үшін – 2120-код.

9. 1-бөлімнің 3-бағанында бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі, 2-бөлімде – бағалы қағаздың шетелдік мемлекеттің уәкілетті органдары берген сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

10. 4 және 5-бағандарда әрбір шот иесіне берілетін шот иесі типінің коды көрсетіледі:

1) 4-бағанда – «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін көрсетуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне (06 ИСО 3161.1-2001 ҚР МЖ) сәйкес шот иесі елінің үш мәнді цифрлық коды;

2) 5-бағанда – шот иесі секторының коды:

«1» Үкімет;

«2» Жергілікті басқару органдары;

«3» Орталық (ұлттық) банктер;

«4» Басқа да депозиттік ұйымдар;

«5» Басқа да қаржы ұйымдары;

«6» Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

«7» Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

«8» Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;

«9» Үй шаруашылықтары.

11. Қаржы операциялары (8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-бағандар) бағалы қағаздар иелерінің ауысуын көздейтін резидент және резидент емес арасындағы операциялардан тұрады және мәміледе көрсетілген құны бойынша көрсетіледі.

12. Басқа операциялар (16, 17, 18, 19-бағандар) мыналардан тұрады:

1) нәтижесі бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беруге әкеп соқпайтын резидент пен резидент емес арасындағы операциялар (бағалы қағаздарды номиналды ұстауға беру, клиенттердің бір номиналды ұстаушыдан немесе тіркеушіден басқа номиналды ұстаушыға немесе тіркеушіге өтуі);

2) қаржы операцияларына жатқызылған, бағалы қағаздарды сыйға тарту, бағалы қағаздарды мұрагерлікке беру, бағалы қағаздарды соттың шешімі бойынша басқаға беруді қоспағанда, резидент және резидент емес арасындағы меншік құқығын берумен байланысты операциялар;

3) резидент еместер арасындағы меншік құқығын берумен байланысты операциялар (қайталама нарықтағы сатып алу, қайталама нарықтағы сату);

4) резидент арасындағы меншік құқығын берумен байланысты операциялар (қайталама нарықтағы сатып алу, қайталама нарықтағы сату).

13. Құн өзгерістері (20-баған) валюта бағамының ауытқуы нәтижесіндегі өзгерістерден (АҚШ долларынан басқа шетел валютасындағы бағалы қағаздар жағдайындағы бағамдық айырма), сондай-ақ бағалы қағаздың нарықтық құнынан тұрады.

14. 23-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

1) респонденттің және оның клиентінің есепті кезеңде алған дивидендтері;

2) респонденттің және оның клиентінің бағалы қағазды есепті кезеңде иеленген күндері үшін есептелген борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы.

15. 24-бағанда клиенттің респондентке брокерлік, консультациялық, ақпараттық, тіркеу және басқа да қызметтері үшін төлеген комиссиялық кіріс бойынша деректер көрсетіледі.

16. Бағалы қағаздардың қайталама нарықта сатып алынуы және сатылуы ағымдағы құны немесе сатып алушы-клиент немесе сатушы көрсеткен тиісті құны, бағасы бойынша көрсетіледі.

Бағалы қағаздар бойынша есепті кезеңнің басындағы позициялар олардың есепті кезеңнің аяғындағы позицияларына тең және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жарияланған ағымдағы нарықтық құны бойынша көрсетіледі.

Бағалы қағаздар бойынша есепті кезеңнің басындағы (аяғындағы) позиция бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жарияланған (тиісінше алдыңғы кезеңнің аяғындағы немесе есепті кезеңнің аяғындағы), бағалы қағаздардың есепті кезеңнің басындағы (аяғындағы) санына көбейтілген ағымдағы нарықтық құнына тең.

Ұйымдастырылмаған нарықта мәмілелер жасалатын бағалы қағаздармен болған жағдайларда артықшылық беру тәртібімен мынадай бағалар қолданылады:

бағалы қағаздың соңғы мәміле бойынша бағасы;

бағалы қағаздың сатып алумен байланысты шығыстарын алып тастағандағы сатып алу құны бойынша бағасы (брокерлік сыйақы, банк қызметі үшін сыйақы);

бағалы қағаздың номиналды құны.

17. Егер борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы есепті тоқсанда есептеліп, сол тоқсанда төленбесе, ол 23-бағанда инвестициялық кіріс ретінде көрсетіледі, сондай-ақ 13-бағанда бағалы қағазды қайталама нарықта сатып алу бойынша операция сомасына қосылады.

Борыштық бағалы қағаздар бойынша бұрын есептелген сыйақы нақтылай (дисконтты бағалы қағаздар бойынша – өтеу күні) төленген жағдайда, ол
15-бағанда бағалы қағазды сату бойынша операция сомасына қосылады (дисконтты бағалы қағаздар бойынша – 11-бағанда).

Егер борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы есептелсе және сол бір тоқсанда төленсе, онда ол 23-бағанда ғана көрсетіледі.

18. Қазақстан Республикасында шығарылған және теңгемен номинирленген бағалы қағаздармен операциялар бойынша сомалар (1.1-шағын бөлім) мың теңгемен көрсетіледі. Қазақстан Республикасында шығарылған және шетел валютасымен номинирленген бағалы қағаздармен операциялар бойынша сомалар (1.2-шағын бөлім) мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған және шетел валюталарында номинирленген бағалы қағаздармен операциялар бойынша сомалар (2-бөлім) мың АҚШ долларымен көрсетіледі.

Басқа шетел валюталарымен берілген қаржы операциялары және басқа көрсеткіштер былайша айқындалған кросс-бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырылады: кезеңнің басындағы құны алдыңғы кезеңнің аяғындағы кросс-бағам бойынша ауыстырылады, кезеңнің аяғындағы құны – есепті кезеңнің аяғындағы кросс-бағам бойынша, операциялар – операция жүргізілген күнгі бағам бойынша не есепті кезеңдегі орташа алынған кросс-бағам бойынша.

19. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1) есептің әрбір жолы үшін бағалы қағаздар саны бойынша:

21-баған = 6-баған + 8-баған - 10-баған + 12-баған – 14-баған + 16-баған – 18-баған;

2) құн өзгерістерін дұрыс көрсету үшін есепті алдымен номинация валютасында толтыру, содан кейін ғана АҚШ долларына тиісті бағамдар бойынша ағындар мен қорларға ауыстыру қажет. Құн өзгерістерінен басқа барлық бағандарды есепке алу валютасында толтырғаннан кейін 20-бағанды қалдық әдісімен айқындауға болады:



20-баған = 22-баған – 7-баған – 9-баған + 11-баған – 13-баған + 15-баған – 17-баған + 19-баған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет