Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы Ғылыми жоба тақырыбы: Ақтау Қазақстандағы ең ерекше қала Орындаған: Ист-21 студенті Қамбазар. Ж. М



бет5/7
Дата09.12.2022
өлшемі74.13 Kb.
#466907
1   2   3   4   5   6   7
Ақтау - Қазақстандағы ең ерекше қала

1971 ж. Ақпан. Қазақ ССР Ғылым Академиясының ботаника стационарлық базасында құрылған эксперименталды ботаникалық бағы ашылды.


1972 ж. Қыркүйек. 8 шағынауданда жаңадан салынған №8 орта мектебі қолданысқа берілді.
Шевченко қаласының аэропортында сыныма рейспен жолаушы лайнері ИЛ-18 ұшып келді.
В.Н.Хамзин басқарған мұнара тұрғызу бригадасы БУ-125 БЭ-441 типтес бұрғылау аппаратын салғанда жаңа рекорд орнатты. Демонтаж процесі, шұбалуымен қоса 37 сағатты құрады. Бұрынғы рекорд 46 сағатты құраған.
Ақтау несімен ерекше?

Ақтау қаласы Санкт-Петербург (Ленинград) қаласының үлгісі бойынша қаланған. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар.Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының жалғыз порт-қаласы ретінде және ауқымды мұнай-газ өндіру аймағында орналасқан, инфрақұрылымы дамыған (көлік, энергетикалық, инженерлік, әлеуметтік) ерекше геосаяси маңызы бар заманауи қала. Қаланың жалпы аумағы - 29,36 мың га. Халқының саны 2015 жылғы деректер бойынша 185 мың адам.


Әсемдігі жөнінен қала Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген курортты орындардан кем түспейді. Ұлутастан тұрғызылған көп қабатты үйлер өзінің сыртқы әдемілігімен және ішінің көркемдігімен көз тартады. Су тапшылығына қарамастан, қала жақсы көгалдандырылған. Көшелерде әсем бұталар көп, үйлердің аралығына шағын скверлер, гүлзарлар жасалған. Каспий теңізінің жағалауында профилакторийлер, әсем коттедждер, қоғамдық тамақтану, тынығушыларға мәдени қызмет көрсету орындары бар жақсы жабдықталған демалыс аймағы құрылған.

Көруге тұрарлық мәдени орындар

Теңіз бен шаһардың көрікті мекендеріне тоқталмас бұрын, әуелі сіз көруге тиісті киелі орындар туралы айтып кетейік. Жалпы Маңғыстауда маңызды бес жерасты мешіті бар. Олар: Шопан ата, Бекет-Ата, Шақпақ ата, Сұлтан епе және Қараман ата мешіттері. Осылардың ішінде халық арасында пір Бекет атанып кеткен әулие – Бекет атаның жер асты мешітіне қалай баруға болатынын түсіндіруге тырысып көрейік.


Бекет-Ата Ақтауға 277 шақырым жерде орналасқан Оғланды үстіртіндегі жерасты мешітінде жерленген. Ақтаудан шыққан көлік Жаңаөзен қаласын басып өтіп, сізді осы киелі мекен Оғыланды үстіртіне алып барады. Сапарға шықпас бұрын ғаламтор желісінен өзіңізді Бекет-Ата мешітіне апаратын көлік тауып қойсаңыз болады. Ғаламторды ашсаңыз, хабарландыру толып тұр. Тіптітаксистер сізді әуежай мен теміржол стансасынан күтіп алуға даяр. Егер сіздер топпен барсаңыздар жолауышылар көбірек сыятын үлкен шағын автобустар да де көп.
Бекет-Атаның жер асты мешіті жеті бөлмеден тұрады. Олар: 1) Ата жатқан бөлме, 2) әйелдер бөлмесі, 3) түндікті бөлме, 4) дәліз, 5) намазхана, 6) зікірхана және 7) шілхана. Шілхана екінші қабатта орналасқан, бұрын кірер есік алдынан жоғары шығатын баспалдақ болған ол құлаған әрі оның ішіне адамдар жерленіп, есігі таспен қаланған.
«362 әулиелі Киелі Маңғыстау» деп аталған батыс өлкесіндегі ұлы әулиелердің жалғасы саналған Әулие Бекет Пір Атаның рухына зиярат етуге жыл сайын сан мыңдаған адамдар ағылады.
Бекет-Ата өмірден өтер алдында халқына келесідей өсиет айтқан: «Басыма ит сарытып басындырма. Жаттың (жаудың) табаны таптамасын». Әулиенің өсиеті бұлжытпай орындалыпты. Қазір атаның басына баратын жалғыз аяқ соқпақ қана бар. Ол соқпақтан басқа еш жерден пенде баласы маңайлап бара алмайды.
Келушілердің бірі ауруына ем іздеп барса, бірі тілек тілеу үшін барады. Алыс жолдан келгендіктен, зиярат етіп барушылардың дені мешітте түнеуге барады. Көшенің аумағында үлкен қонақ үй салынған. Орталық бөлмеде тағамның барлық түрі қойылған ұзын дастархан жайылады. Құрбандыққа қой шалынып, зиярат етіп келушілер дастарханнан дәм татады. Қонақ үйде ұйықтау үшін екі кең бөлме салынған: бірі – ерлерге, екіншісі әйелдерге арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет