1965 ж. Қараша. Маңғыстау мұнайы тиелген “Джебраил” танкері Ақтау теңіз портынан Волгоградқа жетті.
Маңғыстаудың барлық табиғи қазбаларын толық игеру үшін Шевченко қаласында “Мангышлакнефть” мекемесіне тәуелді, “Казахстаннефть” бірлестігі ұйымдастырылды. Оған республикалық мұнай және газ өнеркәсіп Министрлігінің ерекше статусы берілді.
1966 ж. Желтоқсан. Шевченко – Узень асфальттанған автокөлік жолы қолданысқа берілді.
Шевченко қаласында 42 жұмыс орны бар 4 дүкен, 560 жұмыс орны бар 2 балабақша, 720 жастарға арналған кешкі мектеп, 50 орындық асхана, монша. 36000 квадратметр үйлер қолданысқа берілді.
1967 ж. Желтоқсан. Қала құрылысшылары 40 000 квадратметр тұрғын үйлерді қолданысқа беріп, Шевченко – Узен арасына жоғарғы вольтты тоқ жүйесін созып, Шевченко – Жетыбай – Узен асфальт жолын ашты.
Шевченко қаласында Қазанның 50-жылдығына арнайы парк ашылды.
Алма-ата – Шевченко байланыс арналары мен Шевченко – Гурьев атты 12 арналық байланыс жүйесін “Фрегат” аппараты арқылы Махачкаладан Мәскеуге байланысқа шығу үшін жасады.
1968 ж. Қыркүйек. Шевченко қаласында Қазақ ССР-інің Ғылым Академиясы эксперименталды ботаникалық сад жасап бастады.
Қалада 2 шағынауданда №4 орта мектебінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді.
1969 ж. Наурыз. Қаланың 2 шағынауданында “Ақтау” қонақ үйі қолданысқа берілді.
Шевченко қаласының әуесқой көркем ұжымы екінші облыстық жастар фестивалінда 1 орынға ие болды.
Қалада бірінші “Дружба” атты 304 адамды біріктірген бағбандық серіктестік пайда болды.
6 шағынауданның құрылысы басталды.
Шевченко қаласында бірінші балабар кітапханасы ашылды. Меңгерушісі болып Г.А.Бондарева тағайындалды.
1970 ж. Шілде. Тұңғыш рет Шевченко қаласына Қазақ ССР Халық әртісі К.Тулековтың басқаруымен Гурьев облыстық драма театрының әртістері гастрольмен келді.
Тұңғыш рет жергілікті КВН командалары “Кармен” және “Мрид” халық алдында өнер көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |