Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы



бет1/3
Дата20.06.2016
өлшемі190.5 Kb.
#150600
  1   2   3
235 бұйрығы 08.07.2010 ж.


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы 29 желтоқсандағы

219 бұйрығына толықтырулар



енгізу туралы

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығына төмендегі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда атлаған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы ережесінің 1-бөлімі қосымшаға сәйкес 18-1 тарауымен толықтырылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



Министр В. Божко

Енгізуші:
ТЖӨҚМБК төрағасы С. Ахметов

Келісілді:

Вице-Министр В. Петров

Құқықтық қамтамасыз ету

департаментінің директоры А. Бажкенова



Жіберілсін: ӘЖД – 1 дана

ТЖӨҚМБК– 1 дана

Облыстар, Астана және Алматы қ. ТЖД– 1 данадан

2010 жылғы «_____»__________




орын. Шарипова Б.Е.

т 74-22-69

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «8» шілдедегі

№ 235 бұйрығына

қосымша


«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік

актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығына

енгізілетін өзгертулер
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығына келесідей толықтырулар енгізілсін:

1-бөлім Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы ережелерін келесідей мазмұндағы 18-1 тараумен толықтыру:


18-1 тарау. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен биіктіктегі жұмыс өндірісі

1-параграф. Негізгі терминдер
Беседка – орындаушының белі мен жамбасын қамтитын және орындаушыны құлап кетуден сақтай отырып, бекітуге (белгілі бір жағдайда бекіту) және ұстап тұруға арналған белдіктер жинағы.

Динамикалық арқандар, жіптер – тоқыма қабық жібі түрінде даярланған және құлау кезіндегі динамикалық салмақты және жұлқынуды ұстап тұруға арналған.

Жіптерді сақтау (протектор) – ғимараттардың, құрылғылардың өткір жиектерінен, конструкция немесе рельев элементтерінен жіптердің қажалуы немесе өзгедей зардап шегуіне жол бермейтін жіптердің жабыны, сыртқы қабығы немесе сақтандырғышы.

Дербес сақтандыру жүйесі (ДСЖ) – орындаушының кеудесін, белін, жамбасын қамтып ұстайтын және бір ұстанымда тұру қызметін (айқындалған жадайда бекітіп ұстау) қамтамасыз ететін және орындаушыны құлаудан, сонымен қатар, оның кедергі, кідіріс (құтқару жұмыстарын қоса алғанда) кезіндегі қолайлы және қауіпсіз жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін белдіктер мен белбеулер кешені.

Жеткізуші жүйе (ЖЖ) – осының көмегімен орындаушы өз бетінше бір ұстанымнан екінші ұстанымға көше алатын арқандар мен жіптердің бекітілімініңнегізгі нүктесі, жалғау құралы, қосу элементтері.

Сақтандыру жүйесі (СЖ) – жеткізуші жүйе тоқтап қалған жағдайда орындаушыны құлаудан сақтайтын, орындаушымен бірге қозғалатын арқандар мен жіптердің бекіту, қосу құралы, жалғау элементтері нүктесінен тұратын жүйе.

Өнеркәсіптік альпинизм – жұмыс орны көтерілу және түсу көмегімен альпенистік әдістерін пайдалана отырып, жылжыту және сақтандыруға қол жеткізетін өнеркәсіптік альпенизмде биіктік жұмыстарын орындау технологиясы.

Өнеркәсіптік альпинизм әдістері - өндірістік тапсырмаларды орындау кезіндегі технологиялардың жиынтығы, жұмыс орнына жету әдістері, кеңістікте қозғалу.

Жұмыс аймағы – бөтен адамдардың әрекеті жұмыс орындаушының қауіпсіздігіне әсер ететін жұмыс орнынан құралдардың және өзге де заттардың құлауына қауіпті аймақ учаскесі. Онда: жоғарғы аймақ – сақтандыру жіптерін бекіту аймағы және жұмысты тікелей ұйымдастыру, төменгі аймақ – түсу көтерілуді және жұмыс орнында тікелей жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Сақтандыру – орындаушыны кеңістіктегі қозғалуы кезінде оны кедергіден және құлап кетуден сақтайтын өнеркәсіптік альпенистің (материалдар және құралдармен бірге) салмағынан қысымды қабылдайтын синтетикалық арқан немесе болат трос.

Жұмыс орындықтары (орындықшалар) – түсіру құрылғысына жалғанған тақтаның арнайы қалпына жалғанған орындаушының жұмыс орны.

Жалғау құралдары – жеткізуші құралға бекіту нүктесін жалғайтын белдіктер, таспалар, болат тростар, жіптер немесе шынжырлар, түйіндер немесе қысқыштарды ұстап тұратын сақтандыру аспаптарымен синхронды қозғалатын орындаушының беседкасын байланыстыратын таспалық немесе жіптік ілмектер.

Жалғау элементтері – муфтаға бұрап кигізілетін карабиндер (муфтамен немесе онсыз) немесе жалғау звеньялары.

Статикалық тростар, жіптер - тоқыма қабықтағы тұтам түрінде даярланған және статикалық қысымды ұстап тұруға арналған строптар.

Сақтандыру белдіктері – орындаушыны құлаудан сақтай отырып, позициялануына және бекітілуіне арналған ГОСТ ССБТ 12.4.089-86 бойынша белдіктер.

Бекіту нүктесі – ЖЖ және/немесе СЖ арқандары мен жіптерінің жалғау элементтеріне салмақ қабылдауға қызмет ететін ғимараттардағы, құрылғылардағы немесе рельеф элементтеріндегі жалғау аспаптары немесе сақтандыру ілмектері.

Тросқа, жіптерге арналған тежегіш құрылғы – карабин немесе бұрандалық түйіндермен қабыстырлған көтергіш қысқыштар және ұқсас құрылғылар.

Ұстағыш – қысқыштар және альпенистік ұстап тұру түйіндері құрылғысын сақтандыру ретінде пайдалануға жіберілген механикалық құрылғыларды (EN 353-2 бойынша) қоса алғанда, орындаушымен синхронды қозғалатын ұстағыш (ұстап қалғыш) аспаптар.

Альпинистік тораптар – жіптердің тросын байланыстыруға арналған тораптар, байлап қалуға арналған тораптар және арнайы қолдану тораптары.

2-параграф. Жалпы талаптар
284-1. Осы Талап 1,3 м биіктіктен (немесе тереңдікке) құлау қауіпсіздігін көрсететін, биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге, жұмыс орнының жетістіктерін және (немесе) қозғалудың және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің альпинистік әдістерін қолданумен байланысты орындалатын; құрылыс, монтаждау, жөндеу, қайта өңдеу, қалпына келтіру, құтқару және таулы аймақтардағы жұмыстарды жүргізу үшін таратылады.

284-2. Осы талаптардың нарядымен, биіктіктегі жұмыстарды жүргізу үшін, орындалатын жұмыстың (дәнекерлеу, майлау, шынылау, монтаждау, оқшаулау және т.б.) арнайы түрі үшін қауіпсіздік талабы сақталады.

284-3. Өнеркәсіптік альпинизм әдісі жоғары өрлеу өндірісінде құрылыс құрылымына, ғимаратына немесе сол жұмысты орындау орнындағы өндірістік жұмысқа ену (жол табу), егер немесе сәйкес емес, сатыны пайдалану, қоршау, ағаштар, көпірасты және басқа стационарлық жабдық, осы жабдықтармен қабаттасқан, биіктіктен құлайтын қосымша қорғаныс қажет болғанда қолданылады. Өнеркәсіптік альпинизм әдісінде альпинистік керек-жабдықтар және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін альпинистік тәсіл қолданылады.

284-4. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен өздігінен жоғары өрлеу жұмыстарын орындауға жоғары өрлеу жұмыстарынан тәжірибесі бар, 1 жылдан аз емес өнеркәсіптік альпинизм әдісінен өткен тұлға жіберіледі. Жоғары өрлеу жұмыстарына алғаш жіберілген жұмысшылар, бір жыл бойы ұйымның бұйрығымен бекітілген бақылайтын тәжірибелі маманмен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

284-5. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен өткізілетін жоғары өрлеу жұмыстары, орындалатын жұмыстардың (мамандық) түріне байланыссыз тек наряд-рұқсаты арқылы жүргізіледі.

284-6. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен өткізілетін жоғары өрлеу жұмыстары, егер олар ерте басталған болса келесі қолайсыз табиғат жағдайларында жүргізілмейді және тоқтатылады:

шектеулі жұмыс аймағын көру жеткіліксіздігі;

интенсивті атмосфералық жауын-шашын;

нөсер уақытында және нөсер аймағы жақындағанда;

желдің жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда.

Жоғары өрлеу жұмысында жіберілетін шекті температура, ұйымның басшылығымен жергілікті климаттық жағдайлар және орындалатын жұмыстардың әрекетін ескере отырып қамтамасыз етіледі.

284-7. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен жоғары өрлеу өндірісінің жұмыстарына 2 адамнан кем емес бригада (звено) жіберіледі. Жұмысты орындайтын бригаданың (звеноның) барлық мүшесінде көрінетін шекті және дыбыс байланысы немесе радиобайланыс құрылғысы болады.

284-8. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен жұмыс жасау аттестациядан өткен ұйыммен жүзеге асырылады.

284-9. Биіктіктегі жұмыстарды орындау барысында, биіктікте жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін альпинистік және басқа да керек-жабдықтар, құрылғылар, аспаптар және тетіктер қолданылады.

284-10. Биіктікте жұмыс істейтін қызметкерлер құрамы биіктіктегі жұмыс өндірісінің өндіріске тән ерекшелігін және өзгешелігін, альпинистік керек-жабдықтарды пайдалануды, сақтандыру тәсілдерін, өзін-өзі сақтандыруды және апаттық және ойламаған жағдайларда көмек көрсетуді біледі.

284-11. Биіктіктегі жұмыстарды орындайтын қызметкерлер құрамы дәрі салынған қораппен қамтамасыз етіледі және апаттық дабылқаққыш құрылғысын, байланыс және өрт сөндіру құралдарын пайдалануды, апаттық немесе өрт туындаған жағдайда қауіпті аймақтан тез көшіру амалын және жолдарын, апаттық жағдайдан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді біледі.

284-12. Қолданыстағы нысан аймағында (ғимаратта) жұмыс жасайтын қызметкерлер құрамы қолданыстағы берілген нысандағы қауіпсіздік талабын сақтайды.

3-параграф. Өндіріс жұмыстары
284-13. Нысанда орындаушыларды жұмысқа жіберер алдында жұмысқа жауапты басшы:

жұмысты орындаушылардың барлығын технологиялық регламентпен таныстырады, берілген нысандағы жұмыстарды орындаудың ерекшелігі және өзгешелігімен таныстырады;

технологиялық регламентте, наряд-рұқсатында қарастырылған еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының орындалуын тексереді;

жұмысқа куәлігіндегі қолдану мерзімі өтіп кеткен тұлғаларды жібермейді;

өндіріс жұмысында қолданылатын құрылымның және жабдықтаудың дұрыстығын және техникалық жағдайын тексереді. Қауіпсіздік талабына сәйкес келмейтін және жөндеуден өтпеген құрылым және жабдықтау қолданысқа жатпайды;

сақтандырғыш нүктелерінің, сымдардың, жіптердің бекітілуін, жұмыс жасаушылармен байланыс түрін (дауысынан, белгісінен, радио арқылы) және сақтандыру тәсілдерін анықтайды;

жеке сақтандыру құралдарының (орындалатын жұмыстардың арнайы орындалу талабына байланысты қалпақ, қолғаптар, арнайы киімдер, аяқ киімдер, арнайы жабдықтар) жеткіліктілігін және жарамдылығын тексереді;

жұмысты орындаушылардың жеке керек-жабдықтарын тексереді және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін тексеруден өтпеген, тексеру мерзімі өтіп кеткен және ақауы бар керек-жабдықтарды қолданылудан алып тастау;

орындаушылардың жеке керек-жабдықтарының жиынтығын, техникалық жағдайын және түзулігін тексереді. ЖСЖ (жеке сақтандыру жүйесі) жиынтығына муфталы карабин (5 данадан кем емес), айқасу түйініне арналған сақтандыру ілмектері (3 данадан кем емес), пышақ, жеке орау қапшығы кіреді;

атқарылатын жұмыстың түрі және жағдайына байланысты орындаушылардың жеке қорғаныс құралдарының жиынтығын және дұрыстығын тексереді;

нысанда апаттық артық керек-жабдықтардың жиынтығының болуын тексереді. Жиынтыққа ұзындығы сымның ең жоғарғы бекітілу нүктесінен жер деңгейіне дейінгі қашықтықтан аз емес 2 негізгі (сым жіп) жіп, қайта жабу немесе жұмысшы төсеніші, муфталы 4 карабин, 3 сақтандыру ілмектері, пышақ, сақтандыру орамалдары кіреді. Жұмыс кезінде арнайы апаттық жіптің (сым жіп) қорының болмауы жағдайында қолданылатын шұғыл апаттық жағдайда 2 жіп (сым жіп) қарастырылады;

нысанда байланыс, өрт сөндіру құралдарының, дәрі қораптың болуын, олардың жиынтығын және дұрыстығын тексереді;

бақылаушыларды (қажет кезінде) тағайындайды және олардың нысандағы орналасу орынын анықтайды;

орындалатын жұмыстардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, нұсқама өткізеді.

284-14. Күнделікті жұмыс басталар алдында, жұмысқа жауапты басшы:

бригада мүшелерінің жеке керек-жабдықтарының жиынтығын және түзулігін тексереді және керек-жарақтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместерінің қолданылудан алып тасталуын тексереді; дұрыс жөндеуден өтпеген немесе тексеруден өтпеген немесе жеке жинақталмаған керек-жарақтармен жарақталған биіктіктегі өнеркәсіптік альпинизм әдісі жұмыстарына жіберілмейді;

барлық сақтандыру және қолданылған жіптердің бекітілу нүктесін тексеріп шығады;

барлық сақтандыру және қолданылған арқандардың үйкелу және/немесе қысылып қалуынан қорғауды ұйымдастырады;

апаттық керек-жабдықтардың болуын, жиынтығын және дұрыстығын тексереді;

биіктікте пайдаланылатын құрылымдардың, блоктардың, құбыршектердің, сымдар және кабельдердің дұрыстығын және төзімділігін тексереді;

барлық орындаушылардың жұмысында жеке қорғаныс құралдарының болуын, олардың дұрыстығын және алдағы болатын жұмысқа немесе өндірістік процеске сәйкестігін тексереді;

қауіпті аймақта қоршаудың, ескерту плакаттарының болмауын анықтайды және тексереді;

нақты белгіленген жағдайдан шыға отырып, қауіпсіз дыбыс берушілердің санын, орналасуын және олардың орнына дұрыс орналасуын (жұмыс аймағында қоршаудың болмауы жағдайында) анықтайды;

барлық жұмыс орындаушылардың көңіл-күйін сұрайды және олармен нақты өндірістік операцияларды қауіпсіз орындау және биіктіктегі байланыс жайлы нұсқама өткізеді. Егер жұмыс орындаушылар арасынан кімде-кім сырқаттанып қалса, онда ол биіктіктегі жұмысқа жіберілмейді.

284-15. Биіктікке көтерілер алдында барлық орындаушылардың жеке керек-жабдықтарының дұрыстығы және ыңғайлылығы тексеріледі; бар болуы, жиынтығы және жеке қорғаныс құралдарының дұрыстығы;

қолданылған арқан сымдардың қысылып қалудан және үйкелуден сақталуын қамтамасыз етеді;

нұсқама өткізу барысында технологиялық регламентпен таныстыру кезінде туындаған сұрақтарды анықтау.

284-16. Биіктікте болған кезде өнеркәсіптік альпинист (орындаушы):

наряд-рұқсатпен қарастырылған технологиялық операцияларды ғана орындайды;

жіпті, сымды қолданып қозғалу және сақтандыру ережесін бұзбайды;

басқа да барлық кезектен тыс жағдайларда жұмыстың жауапты басшысына тез арада хабарлау және оның нұсқамасы бойынша әрекет етеді;

қарастырылмаған және тыйым салынған технологиялық қабылдау жұмыстарын қолданбайды;

құрылыммен бекітілмеген жұмысты жүргізбейді;

жауапты басшының рұқсатымен, нақты жағдайларды ескермей, өте жоғары бағада орналасқан басқа орындаушылардың жұмыстарын жүргізбейді;

технологиялық регламентпен анықталған жоғары кернеулі ток сымдары және құрылғының тоқ өтетін бөліміндегі қауіпті аралыққа жақындауға болмайды.

4-параграф. Өндіріс жұмыстарына рұқсат
284-17. Өз еркімен биіктік жұмыстарын алғаш (оқу курсын аяқтағаннан кейін) орындайтын немесе 30 күнтізбелік күн үзіліс болған өнеркәсіптік альпинистер, жауапты басшының басшылығымен 5 жұмыс ауысымынан аз емес мөлшерде тәжірибеден өтеді.

284-18. Биіктікте өз еркімен жұмысты орындау жұмыс аяқталғаннан кейін, тәжірибе мерзімі және жұмыс істеуге рұқсат ұйымның бұйрығымен рәсімделеді.



5-параграф. Биіктіктегі жұмыстарды ұйымдастыру
284-19. Әр жеке нысандағы биіктіктегі жұмыстар қолданыстағы жұмысты жобалау ұйымының (ЖЖҰ) немесе технологиялық регламентпен орындалады.

284-20. ЖЖҰ, технологиялық регламен мыналарды:

биіктіктегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы;

материалдарды беру реті, бейімдеу, жұмыс орнында құрылғыларды жабдықтау, қолданылған арқандарды (жіптерді), аспалы және асып қою алаңдарын;

уақытша инженерлік коммуникациялық (электр сымдарын, кабельдерді, әр түрлі майысқақ түтіктерді, құбыршектерді және т.б.) кестелерді орналастыруды;

иеленуші көрсеткен қолданылатын керек-жабдықтардың тізімін қамтамасыз етеді.

284-21. Технологиялық регламент ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.

284-22. Жұмысты орындаушылар нысанға кіруге рұқсат алар алдында технологиялық регламентпен қол қою арқылы таныстырылады.

284-23. Өндірістік қажеттілік жағдайында, жұмысты орындау жағдайын өзгертуде (апаттық жағдайға жол бермеу немесе апат зардаптарын жою және т.б.), жұмыстағы жауапты басшы наряд-рұқсатқа жазбаша түрде өзгеріс енгізе отырып, жұмыс орындаушыларға тікелей қажетті қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етеді.

284-24. Биіктіктегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіздігінің нақты шаралары наряд-рұқсатпен анықталады.

284-25. Жұмысты орындау барысында жауапты басшы нысандағы қауіпсіздік жағдайын және бригаданың қауіпсіздік талаптарын орындауын тексереді.

284-26. Нақты орындалатын жұмыс түріне қарай, биіктіктегі жұмысты жүргізу барысында арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және арнайы қорғаныс құралдарын пайдаланады. Биіктіктегі жұмысты жүргізу кезінде қорғау қалпағы және қолғап міндетті түрде пайдаланылады.

284-27. Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын механизмдер, құрылғылар, аспаптар, жабдықтар және альпинистік керек-жабдықтар түрінде олардың көмегімен орындалатын жұмыстар.

284-28. Бекіту нүктесі қолдануға жарамды болып саналады, егер төрт ретті қордың беріктігін жеке статистикалық салмақта тексеруден өткізу-6 Кн кем емес немесе 5 минут ішінде жұмыс бағытында 7,5 кН күш салу арқылы екі ретті тиеу, 3 тен кем емес сарапшының бағалауы, өнеркәсіптік альпинистік әдісі 2 жылдан аз емес жұмыс тәжірибесі бар тұлға, бір адамға арналып есептелген (қажет құрылғымен және керек-жабдықпен бірге) қолданылған жарамдылығы расталған болса. Жарамды бекіту нүктесі наряд-рұқсатта көрсетіледі.

284-29. Жұмыс аяқталғаннан кейін міндетті түрде:

аспаптарды, жабдықтарды, құрылғыларды, қоқыстарды жинап жұмыс орнын ретке келтіру керек;

жұмыс алаңынан бекітілген сақтандыру және қолданылған арқан жіптерді таңдап немесе алып қояды, мүмкін болған жағдайда- арқандарды қосымша бекіту, арқандарды желдің әсерінен алшақтату; қолданылмаған арқандарды жіптерді қойнауға орау (таңбалау) жүргізеді;

арнайы киімді, аяқ киімді, жеке қорғаныс құралдарын және сақтандыру керек-жабдықтарын қарап, кірден тазалайды, сұрыптайды;

сұрыпталған жеке қорғаныс құралдары және сақтандыру керек-жабдықтары пайдаланылудан алынып тасталады және нысаннан әкетіледі.

6-параграф. Орындалатын жұмыстардың технологиясы
284-30. Биіктіктегі жұмыстарда жұмысшыларды сақтандырудың келесі әдістері қолданылады:

тиелген жоғарғы сақтандыру-жұмыс істеушіні түсіретін немесе көтеру құрылғысына бекіту, жұмыс жағдайында қолданылатын жіпті арқанды тағу;

тиелмеген қатты бекітілген жоғарғы сақтандыру-жұмыс істеушіні қармауыш арқылы сақтандыру жібі арқанына жалғау;

тиелмеген жоғарғы сақтандыру-басқа жұмыс істеуші ұстап тұратын және жоғары қарай баратын негізгі жіппен, арқанмен жабдықталады;

төменгі динамикалық сақтандыру-астынғы жағынан арқанмен басқа жұмыс істеуші ұстап тұратын негізгі жіппен жабдықталады;

төменгі сақтандыру-амортизациялық құрылғымен ЖСЖ;

жұмыс жүргізілетін нысан элементіне өзін-өзі сақтандыру;

диаметрі 10 мм кем емес болат арқанға немесе диаметрі 11 мм кем емес жіпке (таяныш) көлденең тартылған және бекітілген сақтандыру. Тиелген жоғарғы сақтандыру тиелмеген жоғарғы сақтандырумен сәйкестендіруде ғана қолданылады.

284-31. Өз-өзін сақтандыру-бұл жұмыс орнында кедергі болған жағдайда өзінің қозғалуын және қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзіндік әдіс. Өз-өзін сақтандыру орын ауыстырғанда және қосымша бекітілген жіптерге немесе нысан құрылымына тікелей бекітілген жағдайларда, карабинмен қоса жүк асып қоятын өз-өзін сақтандыру арқандарын, жұмысшыға бекітілген ЖСЖ-н кезек-кезек қолданады.

284-32. Серіктесті сақтандыру-қозғалыстағы жұмысшы өзінің ЖСЖ-не сақтандыру жүйесінің ұшын бекіткенде, ал екінші жұмысшы өз-өзін сақтандыруды сенімді бекіткенде, қозғалу шамасына қарай сақтандыру жібін береді және кедергі болған жағдайда ұстап қалады.

284-33. Серіктесті сақтандыру кезінде жіпті беру кедергі болған жағдайда қозғалыстағы жұмысшыны ұстауға қажетті үйкелісті қамтамасыз ететін тежегіш құрылғы немесе құрылым элементі арқылы жүргізіледі.

284-34. Сақтандыру жіптерін беретін жұмысшы, жіпке күйдіріп бедер түсіру кезінде қолын күюден қорғайтын қолғаппен жұмыс істейді.

284-35. Сақтандыру жіптері арқылы берілетін құрылым элементтері немесе тежегіш құрылғы бекітіледі-1200 кгс салмақты көтереді.

284-36. Сақтандыру жоғары және төмен болуы мүмкін-жұмысшының ЖСЖ-нің бекітілген нүктесіне байланысты кедергі болған жағдайда сақтандыру жібінің тіреу нүктесінің орналасуына байланысты. Сақтандыру сызбасы жоғарғы сақтандыруды ең жоғарғы шегіне дейін пайдалануды қамтамасыз етеді. Төменгі сақтандыруды пайдалану тек жоғарғысы мүмкін болмаған жағдайда ғана жүргізіледі, мысалы сақтандыру жібін бекіту орнына ауыстыру үшін жоғарғы сақтандыруды ұйымдастыруға арналған.

284-37. Төменгі сақтандырудан жылжитын, 1,3 м көп емес сақтандыру жібінің тіреу нүктесінің астында, жұмысшыны көтеру кезінде, кедергі болған жағдайда жұмысшының денесіне салмақтың түсуін азайту шаралары қабылданады. Мұндай жағдайларда қабылданады:

сақтандыру жіптерін бекіту нүктесінің және аралық тіреу нүктесінің өзара орналасуы, динамикалық жіптер үшін 1 м артық емес және статикалық үшін-0,5 м артық емес оқыс (құлау тереңдігінің сақтандыру жібінің қолданыстағы ұзындығына байланысы) факторды қамтамасыз ететін;

амортизаторды сақтандыру тізбегіне қосу;

сақтандыру жібіне күйдіріп бедер түсіру (серіктесті сақтандыру кезінде).

284-38. Тереңдікті азайту үшін жұмысшының құлауға мүмкіндік болатын кедергі болған жағдайда төменгі сақтандырудан жұмысшының қозғалыс уақыты ішінде, ол сақтандыру ілмектерінің және карабиндердің көмегімен сақтандыру жібінің аралық тіреу нүктесін жасайды. Жұмысшының соңғы аралық тіреу нүктесінен алыстауы 5 м артық емес.

284-39. Жіпке (жіп таяныш) көлденең бекітілген, көлденең болат сақтандыру арқандарының қозғалысында, оларға ЖСЖ-не бекітілген жұмысшыға өз-өзін сақтандыратын трос арқылы тайғанақ карабинді іліктіруге рұқсат етіледі. Жіп немесе арқан көлденең таяныштың қозғалысы кезінде, құрылымға сәйкес келетін ұстайтын түйін немесе қысқыш қолданылады. Бұл жағдайда тайғанақ карабиннің көмегімен түйме салуға рұқсат етілмейді.

284-40. Көлденең немесе аздап көлбеуленген (200 м дейін) таяныштың бекітілу нүктесі 1200 кгс салмаққа дейін есептелген-жіп үшін және 5000 кгс-арқан үшін. Таяныштың тірек нүктелері арасындағы қашықтық 12 м аспайды. Көлденең және аздап көлбеуленген таянышты тартудың екі түріде, тартуға күш салуды ұлғайту қандай да бір құрылғыны қолданбай-ақ, қолмен жүргізіледі.

284-41. Біртекті таяныш аралығында тек бір жұмысшы ғана орналасады. Қажет жағдайда тірек аймағында бір уақытта бірнеше жұмысшының орналасуын қамтамасыз ету, бекітілген тіректердің сәйкес санына байланыссыз жабдықталады.

284-42. Тіреудің сыртынан (жіпті, сол сияқты арқанды) сақтандыру жіптерін бекітуге рұқсат етілмейді.

284-43. Жоғары өрлеу өндірісі жұмысында өнеркәсіптік альпинизм әдісі бойынша әрбір жұмысшыға екі тәуелсіз сақтандыру шынжыры қарастырылады, егер қозғалу процессі және жұмысы кезінде сақтандыру шынжыры толық немесе біртіндеп жұмысшы салмағымен толықтырылады. Біртекті жіпті қолдану нысанның құрылымына немесе төбеге сүйене отырып, жіпке салмақ түсірмей жұмысшы жылжығанда және технологиялық операцияларды жүргізген жағдайда ғана қолданылады.

284-44. Жұмыс уақытында қолданылған жабдық және құрылғы құлаудан сақтандырылған. 10 кг дейінгі керек-жарақтарды қосымша жіптер немесе баулардың көмегімен жұмысшының ЖСЖ-не немесе отырғышқа бекітеді. Жоғары салмақтағы керек-жарақтар жеке көмекші жіпке ілінеді. Ұсақ құрылғылар құрылғы сөмкелеріне салынады. Құрылғыларды киімнің қалталарына салуға немесе ЖСЖ элементтерінің жанына салуға рұқсат етілмейді. Жұмысшы жұмыс процесінде немесе жылжығанда, сол сияқты құлап кетуден сақтандырылғанда жұмыс қолғаптарын және басқа да қорғаныс құралдарын шешуге болады.

284-45. Аймақтағы жұмыс процесіне қосылған құлап кетуі мүмкін материалдар және өнімдерд құлап кетуден сақтандырылған.

284-46. Сақтандыруды жіптің көмегімен жүзеге асыруға, отты жұмыстарды жүргізуге және кесетін электр, пневмо немесе бензинқұрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді. Өндірістегі мұндай жұмыстардың қажеттілігі жағдайындағы орындарда, шынжыр арқан әдісі кезінде, жіптің көмегімен сақтандыру тек қана технологиялық операцияларды орындау орындарында қолданылады, ал оларды орындау кезінде тізбекті жүк асып қоятын арқанның немесе тәуелсіз болат арқан сақтандыруы (немесе олардың қисындастырылуы) көмегімен өз-өзін сақтандыру қолданылады. Өндіріс жұмыстары уақытында қауіпті аймақтан сақтандыру жіптері алыстатылады.

284-47. Өнеркәсіптік альпинизм әдісімен жоғары өрлеу өндірісі жұмыстары кезінде шылым шегуге рұқсат етілмейді.

284-48. Биіктікте орналасқан және қозғалып жылжыған жұмысшыны сақтандырусыз қалдыру әрекетіне жол берілмейді.

284-49. Үзілу кезінде қолданылатын статистикалық шынжыр арқандар, жіптер 12 кН кем емес шекті төзімділікте болады. Оқыс қимыл (орындаушы бірінші көтеріледі) кезінде құлау қауіпсіздігі туындаған жағдайды, болдырмайды. Бұл жағдайда сертификатталған сәйкестендірілген динамикалық жіп және динамикалық сақтандыру пайдаланылады.

284-50. Пайдаланылатын жалғау элементтері 20 кН шекті салмақты көтереді. Пайдаланылатын жалғау элементтерінің оқыс ашылып кетуден сақтайтын ілмегі болады. Бұл элементтер бір-біріне тәуелсіз орындаушылардың қозғалысынан кейін ғана ашылады. Қолданыстағы сақтандыру белдіктері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады.

284-51. Егер сақтандыру әдісі немесе сақтандыру жіптерін, арқандарын бекіту күмәндануды тудыратын жағдай болса, қайталап сақтандыру қолданылады.

284-52. Жоғары қауіпті құлау аймағына кіру кезінде, ақырындап сақтандыру жүйесіне қосылады. Мұндай жағдайда сақтандыру жіптері арқылы түйіндерді қысқартудың салбырап қалуы немесе сақтандырушымен бірге қозғалатын ұстап алғыш құрылғы алынып тасталады.

284-53. Егер жұмыс 30 минуттан артық уақытқа созылса, жұмыс орындығы қолданылады. Отыру ауданы 600x200 мм аз емес, тақтайдың қалыңдығы 20 мм (12 мм-көп қабатты фонерадан жасалған) аз емес. Жұмыс орындығын орап байлау, міндетті түрде орындықты төменнен орап алатын, диаметрі 9 мм кем болмайтын жіппен жүргізіледі. Жіп сәйкес келетін жіптің диаметріне және тақтайдын шетінен 40 мм жақын емес орналасқан тақтай тесігіне кіргізіледі. Тақтайдың барлық жиегі қайырылған.

284-54. Биіктіктегі аспалардағы, аспалы және ілулі аудандардағы жұмыстар тиелмеген жоғарғы сақтандыруды қолдану арқылы орындалады. Ұстағыштарды қолдану арқылы, сақтандыру ілмектері жалғау элементтері (муфталы карабин) арқылы ЖСЖ орындаушысына бекітіледі, ілмектің ұзындығы мынадай, ілініп қалған жағдайда орындаушының қолының ұстап алатын түйінге жетуі.

284-55. Биіктіктегі қандай да бір жұмыстарды орындау, тек қысқыштарды қолдану арқылы, сақтандыру жібінде ұстап алатын түйіндері бар сақтандыру ілмектерін тек қысқаштарды пайдалану арқылы рұқсат етіледі, паспортта оларды сақтандыруға қолдануға мүмкіндігі бар көрсеткіш, міндетті жағдайда мұндай қысқаштарды орналастыру мынадай жағдайда жүргізіледі, орындаушының еркін құлау және оқыс қимылының фазасын болғызбау. Бұл кезде сақтандыру жібінің жоғарғы бекітуі болады және орындаушыдан жоғары олқылығы болмайды.

284-56. Жіп арқылы түсу кезінде тежегіш құрылғыны қолдану қосымша ұстап алатын (ұстап алатын түйін) сақтандыру ілмектерін немесе сақтандырусыз басқа орындаушымен орындалуына жол берілмейді.

284-57. Жіптің бүгілген зақымдану немесе қажалу қауіптілігі бар орындарында, жіпке (қорғаныш) сәйкес келетін қорғауды қолданады.

284-58. Орындаушының төменгі аймақтан жоғары орналасуы жіптің түсіру құрылғысынан және/немесе жұлып алатын түйінде сырғанауына тосқауыл болатын барлық жіптердің төменгі жақ шетінде сақтандыру түйіндері болады.

284-59. Түйіндер дұрыс байланған және бекітілген. Әрбір түйін орналасуына сәйкес пайдаланылады.

284-60. Қолданылған жүйедегі пайдаланылған құрылғы және жабдықтар қоршалған, егер орындаушы оларды ұстамаса, олар ылдидан жіп бойымен қауіпті жылдамдыққа дейін тоқтатылады немесе тежеледі (жіптегі ылдидың қауіпті жылдамдығы 1,5 м/с коп емес, жерге түсу жылдамдығы 5,4 км/сағ. сәйкес болып табылады).

284-61. Биіктіктегі дәнекерлеу жұмысының өндірісінде, металл (болат арқан немесе шынжыр) ЖСЖ сақтандыру белдігінің фалы қоршалған қорапта.

284-62. Қолданылған және сақтандыру арқандарының, жіптерінің тік жағдайдан немесе үлкен ауытқушылықтары бар биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде, орындаушының орнықсыздық жағдайында қосымша тартулар жүргізіледі.

284-63. Қараңғы уақытта немесе жұмыс орнына жарықтың аз түсуі жағдайында, найзағай ойнағанда, жаңбырда, қар жауғанда, жел жылдамдығы 15 м/сек жоғары болғанда және сыртқы ауа температурасы-100С биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

Ерекше жағдайларда мұндай жұмыстар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қосымша әдістерді сақтау арқылы жүргізіледі.

Желдің жылдамдығын жел жылдамдығын өлшейтін құрылғы (анемометр) арқылы анықтайды.

284-64. Биіктіктегі жіпте орналасқанда рұқсат етілмейді:

жеке сақтандыру керек-жабдықтары немесе жеке қорғаныс құралдары толық болмаған жағдайда жұмыс істеуге;

«жоғары-төмен» байланысы болмаған кезде жүктердің орнын ауыстыру жүргізіледі;

жүккөтергіш және құрылыс машиналары, механизмдері аймағында жұмыс істеу, орнын ауыстырған жүктердің астында орналасу немесе басқа орындаушының жұмыс орнында (ерекше айтылған жағдайларда арнайы орындау технологиясы жағдайын ескермегенде) жұмыс істеу;

құлаудан сақтандырылмаған аспаптар және жабдықтарды пайдалану;

ашық отты қолдану арқылы жұмыс жүргізу, механикалық және электрлік кесу аспаптарын қосымша өз-өзін сақтау болат арқандары және шынжырларынсыз;

болат арқан немесе шынжырмен қосымша сақтандырусыз газбен электрдәнекерлеу, кесу кезінде бензин қолданылатын жұмыстар және жанғыш битумды хош иісті шайырды қолдануды орындау;

жөнделмеген және тексерілмеген биіктіктен құлауды сақтау тәсілдерін қолдану;

тікелей өзі тағайындалмаған сақтандыру керек-жабдықтарын пайдалану;

жұмыс орнында кезекшіліктің аяқталуы кезінде жиналмаған сақтандыру керек-жабдықтарын, аспаптарды, жабдықтарды қалдыру.

284-65. Апаттық жағдайдағы қауіпсіздік талабы:

жіптің төменгі шетінің қысылып қалуы немесе шиеленісуі және осы арқан арқылы еркін орын ауысудың мүмкін болмауы, тез арада жіптегі ақаулықты жоюды ұйымдастыру: арқан жіпті шешу немесе апаттық жиынтықтағы арқан жіпті пайдалану;

негізгі арқан жіптегі ақаулық табылғанда орындаушы арқылы ақауы бар бөлікті «баттерфляй» түйіннің көмегімен салмақ түсудің әсерінен шығару, содан кейін бұл бөлімді алма кезек тежегіш құрылғы және жұлып алу түйіні арқылы өткізу және жұмысты жалғастыру. Берілген жіпті, арқанды кезекті жұмыстың соңында сұрыптау;

орындаушының үстіндегі негізгі жіптегі, арқандағы ақаулықты тапқанда, орындаушыға қосымша сақтандыруды тез арада қамтамасыз ету, ал ақау жіпті, арқанды салмақтан босатып, келесі толық сұрыптауға дейін және жұмыс орнынан және нысаннан жинау;

транспортпен немесе қандай да бір басқа механизммен негізгі жіптің, арқанның төменгі шетін іліп кету кезінде, оларды тезарада тежеуге лайықтау немесе құрылымға бекіту, үзілудің орындаушыдан төменде болуы;

нысанда өрт туындаған, газдалған жағдайда, жұмыс тез арада тоқтатылады және барлық орындаушыларды жоғарыдан тез арада көшіру шаралары жүргізіледі;

орындаушылар жарақат алғанда және жұмыс орнын өздігінен тастап кете алмау мүмкіндігінің болмауы, қажетті алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуі, апаттық немесе штатты керек-жабдықтың көмегімен жерге транспортпен түсіруді ұйымдастыру және «жедел жәрдем» шақыру;

барлық қайғылы оқиғаларда, апаттарда және штаттан тыс жағдайларда орындаушылар жұмыстағы жауапты басшыны хабардар етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет