Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы


-параграф. Биіктікте жүргізілетін жұмыстар кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар



бет2/3
Дата20.06.2016
өлшемі190.5 Kb.
#150600
1   2   3

7-параграф. Биіктікте жүргізілетін жұмыстар кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар
284-66. Биіктікте жұмыс жүргізу кезінде биіктіктен құлаудан сақтау құралдарына негізгі және қосымша тростар, арқандар, жұмыс жасаушының жеке құрал-жабдықтары, карабиндер, шынжырлар, тежеу қондырғылары, қысқыштар, блоктар, түсіру қондырғылары жатады.

284-67. Өндірістік альпинизм әдістермен жүргізілетін жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі құралдар болып саналады:

жеке сақтандыру жүйесі (бұдан әрі –ЖСЖ);

синтездік талшықтан жасалған арқандар;

сақтандыру ілмектері және айқасқан түйіндерге арналған ілмектер;

альпинистік карабиндер;

синтездік талшықтардан жасалған арқандарға арналған қысқыштар;

түсіру (тежеу) қондырғылары.

284-68. Биіктіктегі жұмыстарға арналған жеке құрал-жабдықтарға иықтық баулары (кеуде шандау) бар сақтандыру белдігінен және аяққа арналған баулары бар төменгі беседкадан тұратын немесе аралас конструкциясы бар жеке сақтандыру жүйесі (ЖСЖ) жатады.

Аталған сақтандыру құралдарына қойлатын талаптар келесіден тұрады:

284-69. Өндірістік альпинизмге арналған ЖСЖ жұмысшының денесіне, соның ішінде кеудесіне (арқасы), белі мен жанбасына жүктің тең түсуін бөлетін кеуде шандау мен беседкасы бар. Сонымен қатар, ЖСЖ құрамына бір немесе екі өзі сақтандыру ілулер, құлау кезінде динамикалық жүкті түсіретін амортизатор, тіреусіз кеңестіктегі жұмыс кезінде көп уақыт ілініп тұру жағдайын жеңілдететін орындықтар қосылуы мүмкін.

284-70. ЖСЖ бөлек конструкциясын – өзара қосылатын беседка мен кеуде шандау, бірыңғай ЖСЖ – фабрикалық әдіспен қосылған беседка мен кеуде шандау қолдануға болады.

284-71. ЖСЖ 1000 кгс кем болмайтын жүкке шыдайды (жүк қосымшасы схемасы ЖСЖ паспортында көрсетілген).

287-72. Биіктікке көтеру алдында ЖСЖ бөлек конструкциясының кеуде шандау мен беседкасы диамерті 9 мм арқанның шетімен «қарама-қарсы» немесе «булинь» түйінімен байланады.

287-73. Төменгі сақтандыру немесе динамикалық жүктің 0,25 кН артуынан жұмысшының биіктіктен құлауы мүмкін жағдайларда биіктіктегі жұмыстар кезіндегі ЖСЖ жұмыс істеуі 0,3 кН артық амортизациялық қондырығысы болады.

284-74. ЖСЖ жұмысшының антропометрлік көрсеткіштеріне (бойы, толықтығы) сәйкес параметрлерін реттеуге арналған құралдары бар.

284-75. ЖСЖ негізі синтездік талшықтардан тұратын шіруге жатпайтын ленталардан жасалады. Ленталарды тігетін жіптерде сондай материалдардан. Алайда, лента мен жіптің түстері әртүрлі.

284-76. Жұмысшының денесі (кеуде, бел, арқа мен жамбас) тірелетін лентаның ені 40 мм кем емес.

284-77. ЖСЖ конструкциясы жұмысшының денесі размері бойынша оның барлық бөліктерін денеге жабыстырып, бірақ кең демалуы мен қозғалысына кедергі болмайтындай қылып шақтау мүмкіндігін қарастырады.

284-78. ЖЖС пайдалану үдерісінде күнделікті жұмыс алдында тексеру және құлыптарының, белбеулерінің бұзылуы, ленталардың үзілуі және тіккен жіптерінің сетінеуі табылған кезде оларды ақаулы деп санау қарастырылған.

284-79. ЖСЖ барлық элементтері (табиғи және жасанды талшықтардан, тері, темір) 100 % дейінгі ылғалдықта өздерінің қорғау және қолдану қасеиттерін сақтайды.

284-80. ЖСЖ темір бөліктері мен ЖСЖ бөлек бөліктері өзара диаметрі 9 мм-ден кем болмайтын өздігімен шешілмейтін альпинистік арқандармен түйіндер көмегімен байланады. Биіктіктен құлаудан сақтайтын құралдардың темір бөлшектерінің тоттануға қарсы жабулары бар немесе тоттану әсеріне шалдықпайтын темірлерден (қорытпалар) жасалады.

284-81. ЖСЖ қолдану кезінде темір бөлшектерді жұмыс жасаушының қолтығының астында, аяғының арасында, бауыры мен бүйрегіне жақын орналастыруға болмайды.

284-82. Пайдалануға беру алдында және қолдану үдерісі кезінде әрбір 6 ай сайын ЖСЖ сақтық белдігі статикалық жүкпен сынауға жатады. Біруақытта амортизаторлық қондырғылар да сыналады. Сынақ әдісі – МемСТ 12.4.089-80 сәйкестік.

284-83. Сынаудан өтпеген сақтық белдігімен немесе амортизаторлық қондырғылармен ЖСЖ қолдануға жіберілмейді.

284-84. Сынақ күні мен қорытындысы қорғау құралдарын сынау журналында ЖСЖ сақтық белдігінің таңбалау биркасында (трафарет) жазылады. Таңбалау биркасы (трафарет) жоқ ЖСЖ қолдануға жіберілмейді.

284-85. ЖСЖ пайдалануға жарамдығын тексеру әрбір жұмыс ауысымының алдында көзбен қарап шығу арқылы жүргізіледі.

284-86. Кеуде шандауда, беседкада немесе амортизаторлық қондырғыларда төменде көрсетілген ақаулықтардың бірі табылған кезде ЖСЖ пайдалануға жіберілмейді:

былғары мен мата элементтерде және былғарының орнына қолданылатын элементтердің үзілуі, қиылуы, жануы, мыжылуы, созылуы, жалбыраған жерлерінің болуы;

темір бөлшектердің ақаулығы, жарылуы, жаншылуы, қабыршақтануы, көзге көрінетін қауіптер, жіңішкеруі мен тесілген жерлері болуы;

белдіктер, ленталар, баулардың тігілген жерлерінде қажалған және жыртылған жіптердің, тараған тігістерінің болуы;

арқандық элементердің жалбыраған, айырылған немесе кесілген шеттерінің, бөліктерінің, жіңішкерген немесе қалыңдаған диаметрлері бар жерлерінің, сыртқы қабына механикалық әсер ету іздерінің, жоғары температура немесе химиялық заттар әсері іздерінің болуы.

284-87. Негізгі және маңызды сақтандыру арқандары ретінде диаметрі 9-14 мм үзілуі күші 12-14 кН аз болмайтын синтездік материалдардан жасалған альпинистік арқандар немесе шаруашылықтың басқа салаларында (балық аулау, авиация) қолданылатын тиісті параметрлерімен капрон баулар мен арқандар қолданылады.

Барлық арқандардың, баулар мен ленталардың тиісті сапа сертификаты болады.

284-88. Жүрекшеден (күш түсетін синтездік талшықтардан жасалған арқандық қосулар) және жүрекшені зақымданудан қорғайтын сыртқы қаптан тұратын альпинистік, сақтандыру немесе құтқару арқандарын қолдануға болады. Арқандық қосуларды сыртқы қабысыз қолдануға болмайды.

284-89. Маңыздылар ретінде бес еседен кем болмайтын мықтылық қорын қамтамасыз ететін, күші жұмысшының салмағын қажетті аспаптарымен және қондырғыларымен бірге есепке алатын тростар, арқандар қолданылады.

284-90. Сақтандыруға қолданылатын арқандардың үзілу күші 2000 кгс.

284-91. Жұмыстан қолданылатын арқанның әрбір бөлігіне (шеті) берілген шартты нөмірі, арқан түрі (динамикалық немесе статикалық), диаметрі, пайдалануға берілген күні көрсетілген формуляр жасалады және арқанның жұмысы күнтізбе және сағат бойынша белгіленіп отырылады,

284-92. Пайдалануға берілер алдында арқанның бөліктеріне (шеттері) формуляр бойынша берілген шартты нөмірі көрсетілген құлақша (марка) тағылады.

284-93. Пайдалануға берілер алдында, жұмысқа қосу алдында арқандар қаралады және сыртқы қабының зақымдануы немесе диаметрлерінің көзбен анықталатын теңсіздіктері болған кезде жұмысқа жарамсыз деп табылады.

284-94. Негізі арқанның бөліктерінен жасалған сақтандыру ілмектері сақтандыру арқандарын тірек нүктелерімен қосуға арналған аралық буын ретінде қолданылады. Конструкция, төзімділік сипаттары және қолдану үдерісіндегі бақылау бойынша оларға негізгі арқандарға қойылатын талаптар қойылады.

284-95. Ұстау түйіндерді қолдану арқылы өзі сақтандыруға арналған ілмектер диаметрі 6-8 мм, 0,6 кН кем болмайтын үзілуі күші бар альпинистік арқандардан жасалады. Карабиннің көмегімен сақтандыруға арналған өзі сақтандыру шеттері диаметрі 9 мм кем болмайтын негізгі арқаннан жасалады. Өз бетімен сақтандыруды қамтамасыз ету үшін үзілу күші 10 кН кем болмайтын 20х2 мм капрон лента пайдаланылады.

284-96. Ұстау түйіндері пайдалана отырып өз бетімен сақтандыруға арналған ілмектерді жасау кезінде арқандар қарама-қарсы түйіндермен байланады (қарсы сегіздік немесе грейпвайн).

284-97. Тірек нүктесіндегі ілмектерді байлау және негізгі арқанды бекіту өзі шешіліп кету болмайтын альпинистік түйіндер көмегімен жасалады.

284-98. Жүкті, сондай-ақ жүксіз сақтандыру арқандарын ілмектермен қосу муфталы карабин арқылы жүргізіледі. Арқанды ілмекке байлау немесе оны ілмектен өткізуге болмайды.

284-99. Ұстау түйіндеріне арналған ілмектер (өзі сақтандыру ілмектері) негізгі арқанның конструкциясы және материалы сияқты баудан немесе синтездік талшықтан жасалған құбырлы лентадан жасалады.

284-100. Ұстау түйіндеріне арналған баудың немесе құбырлы лентаның үзілу бекімділігі 700 кге кем болмайды.

284-101. Ұстау түйіндеріне арналған ілмектердің жағдайын бақылау негізгі және сақтандыру арқандары жағдайын бақылау сияқты күнделікті жұмыс алдында жүргізіледі, алайда ілмектерді, армидтік талшықтан жасалған ілмектерден басқа, қолдану мерзімі 6 айдан аспайды.

284-102. Жаратынды талшықтардан жасалған арқандар мен баулар қосымша операциялар үшін қолданылады: жүкті аудару, аспапты беру және т.с.с. олардың статистикалық бекімділігі көтеретін жүгі салмағынан екі есе артқан жағдайлар кезінде тарту үшін.

284-103. Негізгі арқанның пайдаланылуға берілгеннен бастап қызмет ету мерзімі, егер ол паспортында көрсетілмесе, механикалық ақаулықтары мен физикалық кірлеуі болмаса, 2 жылдан аспайды.

284-104. Сақтандыру ілмектеріне арналған арқандар (репбаулар) пайдалануда 6 айдан артық уақыттан көп болмайды.

284-105. Жұмыс шеттерін қию кезінде диаметрлері жұқарған немесе қалыңдаған жерлер, бұзылған немесе бірдей емес қосулар, бүктелген, үзілген немесе стандартқа жатпайтын өрімдер алынып тасталады.

284-106. Шеттері қиылмаған және пайдаланудағы, бухталарға оралған арқандар желдетілетін температурасы -10С –ден +30Сге дейінгі құрғақ жайда, жылыту құралдарынан алыста, тікелей күн көзінің түсуі жіберілмей сақталуы қажет.

284-107. Биіктіктегі жұмыстар кезінде тек зауытта шығарылған, шығарушы кәсіпорынның белгісі мен сапа сертификаты бар альпинистік муфталы карабиндер қолданылады. Муфтасыз карабиндер тек қосымша операциялар кезінде ғана қолданылады.

284-108. Өндірістік альпинизмде қолданылатын карабиндер сақтандыру шынжырлары (сақтандыру шынжыры ретінде жұмысшының денесін тірек нүктесімен қосатын барлық элементтер саналады), технологиялық аспалар, тартқыштар және т.б. бөліктерін қосу үшін жұмыс істейді. Карабиндердің қолдану мақсаттары және бекімділік сипаттары көрсетілген шығарушының паспорты болады.

284-109. Сақтандыру үшін қолданылатын карабиндердің, олардың аяқ астынан ашылып кетуін болдырмайтын, тежегіш (ілмек) қондырғылары болады, тежегіш қондырғылар екі тәуелсіз қозғалыстардан кейін ғана ашылады.

284-110. Сақтандыруға арналған карабиндер жабық тежегіш қондырғы кезінде белағаш ені бойынша - 2200 кгс, көлденең бағытта – 700 кгс салынған жүкті көтереді.

284-111. Қолдану үдерісінде карабиндер күнделікті жұмыс алдында тексеріледі және келесі ахаулықтар болған кезніде жарамсыз деп табылады:

көзге көрінетін деформациялар;

қозғалатын бөліктері мен тежегіш қондырғыларының жұмысқа жарамдылығының бұзылуы;

жарықшақтар (олардың көлеміне қарамай);

тозудың көзге көрінетін орындары мен іздері.

284-112. Зақымданбаған карабиндерді пайдалану мерзімі шектелмеген.

284-113. Карабиндерді қолдану мен техникалық жағдайларын тексеру паспортына немесе карабиндердің әр түрін қолдану бойынша нұсқаулық стандартына сәйкес жүргізіледі.

284-114. Муфталары, пружиналары зақымданған немесе бұзылған, бөлшектері арасында үлкен саңылаулары (люфталар) немесе олардың қызметтерінің бұзылуы, көзге көрінетін тозулары бар карабиндер қолданылуға жіберілмейді.

284-115. Жұмысшының өзбетімен арқан бойынша түсуіне арналған түсу (тежеу) қондырғылары жүкті қолмен арқанның көмегімен түсіру үшін қолданылады. Түсіру (тежеу) қондырғыларының, оның міндеттері, сипаттары мен пайдалану саласы көрсетілген, шығарушы кәсіпорынмен берілген паспорты болады.

284-116. Бір, сондай-ақ екі арқандарға арналған түсіру қондырғыларын қолдануға болады.

284-117. Түсіру (тежеу) қондырғылары арқан арқылы зақымданбай түсуді қамтамасыз етеді.

284-118. Түсіру (тежеу) қондырғыларының конструкциясымен жұмысшының, қолымен шеттерін ұстамай-ақ, қажетті деңгейде тоқтауын қамтамасыз ету үшін арқандардың шеттерін еркінше бекіту мүмкіндігі қарастырылған.

284-119. Қолдану үдерісінде түсіру (тежеу) қондырғылары күнделікті жұмыс алдында тексеріледі және келесі ақаулықтар болған кезніде жарамсыз деп табылады:

көзге көрінетін деформациялар;

жарықшақтар (олардың көлеміне қарамай);

қозғалатын бөліктерінің жұмысқа жарамдылығының бұзылуы;

Маңызды зақымдануы жоқ, бірақ бос шеттерін тарту көп күшті қажет ететін түсіру (тежеу) қондырғылары пайдаланудан шығарылады.

284-120. Биіктіктегі жұмыс кезінде пайдаланылатын тежеу қондырғылары, қыстырғыштар, блоктар конструкциялары бұзылуды (деформация) және оларға бекітілген арқандардың өзбетімен түсуін жібермейді.

Тежеу қондырғылары арқанды тоқтау үшін сенімді блокада жасауды қамтамасыз етеді.

284-121. Қыстырғыштар өндірістік альпинизм әдісімен жүргізілетін жұмыстар кезінде жұмысшыны көтеру және арқанда (арқандарда) бекіту үшін пайдаланылады. Өз бетімен сақтандыру үшін осы мақсатта қолдану үшін шығарушымен ұсынылған және қолдану нұсқаулығына сәйкес қыстырғыштар пайдаланылады.

284-122. Қыстырғыштардың оның міндеттері, жіберілетін жүктемелері мен қолдану саласы көрсетілген шығарушының паспорты болады.

284-123. Қолдану үдерісінде қыстырғыштар күнделікті жұмыс алдында тексеріледі және келесі ақаулықтар болған кезінде жарамсыз деп табылады:

көзге көрінетін деформациялар;

жарықшақтар (олардың көлеміне қарамай);

қозғалатын бөліктерінің жұмысқа жарамдылығының бұзылуы;

негізгі міндеті – арқан бойынша жылжуының жоғалуы.

284-124. Өзбетімен сақтандыруға арналмаған қыстырғыштар жұмысшының арқан бойынша қозғалуы үшін тек қосымша сақтандыру құралдары, мысалы ұстау түйіндері көмегімен, болған кезде ғана қолданылады.

284-125. Қыстырғыштар пайдалану үдерісі кезінде олар арқылы жүктің және бос арқандардың жылжуын болдырмайды.

284-126. Блоктар ауытқусыз және қажалусыз белағашта (саусақтарда) бос айналады және егер шығарушымен басқа бекітулер қарастырылмаса, белағаштың (саусақтардың) проушиннен түсуіне кедергі жасайтын бекіткіштері (шплинт) болады.

284-127. Пайдалануға жарамсыз құрал-жабдықтарды (арқандар, карабиндер, қыстырғыштар, блоктар) жұмыс орнында сақтауға болмайды.

284-128. ЖСЖ, құрал-жабдықтар даналарында және арқанның екі шетінде ұзақ уақыт сақталатын келесі мазмұндағы мәліметтер мен кодтары бар таңбалар болады:

формулярдағы нөмірі;

материалдық мүлікті тіркеу кітабындағы нөмірі.

284-129. Қатесіз сәйкестендіру үшін барлық жұмыс құрал-жабдықтарына жұмыс атқарған уақыты мен қолдану жағдайын тіркеу үшін формуляр жасалады. Әрбір арқан немесе қондырғылар бойынша формулярда көрсетіледі:

зауыт сертификатының нөмірі;

берілген нөмір;

шығарушы;

шыққан уақыты;

арқан үшін түрі – ұзындығы мен түрі;

сатылып алынған күні;

ай сайын атқарған жұмыс уақытының сағат саны көрсетілген ерекше пайдалану шарты графасымен күнтізбелік кесте;

соңғы тексеру уақыты;

тексеруші тұлғаның қолы.

284-130. Аталған талаптардың есепке алуға жатпайтын құрал-жабдықтарға (мысалы карабиндер мен репбаулар) қатысы жоқ. Ондай құрал-жабдықтарға қолданудан алып тастау немесе тозуынан, пайдалану мерзімінің аяқталуы мен көп жүк түскеннен кейін жою қаралған.

284-131. Қоймаға қабылдау алдында әрбір оған қойылатын аспаптар мен қондырғылар тексеру жүргізуші тұлғамен көзбен және міндетті бақылаудан өткізіледі, ол туралы журналда тиісті жазба жасалады.

284-133. Кәсіпорынмен орындаушыға берілетін құрал-жабдықтардың оны қауіпсіз қолдану тәртібі жазылған пайдалану бойынша нұсқаулықтары болады. Орындаушы жұмыс алдында нұсқаулықпен қол қойып танысады.

284-134. Биіктіктегі жұмыстарда қолдануға болмайтын, алайда басқа қолдануларға жарамды құралдар мен жабдықтар бөлек сақталады, алдын ала олардан ұзақ уақыттық таңбасы алынып тасталады.

284-135. Шығарушының құралдар мен жабдықтарды пайдлану немесе сақтау мерзімі туралы ұсынымдары есепке алынады. Олар болмаған жағдайда келесі шарттарды басшылыққа алу қажет:

барлық сақтандыру жүйесінің элементтері 1 үзілу факторымен (үзілу факторы = құлау биіктігі/ берілген арқан мен лентаның ұзындығы) құлауынан кейін 3 жылдан соң немесе 400 жұмыс сағатынан қалдырмай қолданудан алынып тасталу қажет.

284-136. Барлық темір құрал-жабдықтар мен сақтандыру жүйелері есептен шығарылады, егер:

оларға құлауы кезінде артық көп жүк тиелсе;

мінсіз және жеңіл жұмыс істемейді;

көзге көрінетін өзгерістер табылса (тотығу, жарылу, ойылу, соның ішінде қажалу, керту және т.б. есебінен).

284-137. Каскалар пайдаланылғаннан кейін 5 жылдан соң немесе зақымданғаны кезінде қолданудан шығарылады.

284-138. Сақтандырудың арқандық-канаттық әдісін қолдану кезінде жұмысшының денесіне күш түсуін жеңілдеті және еңбек жағдайын жақсарту үшін қосымша құралдар пайдаланылады:

амортизаторлар;

жұмыс орындықдары (орындықтар);

арқан (тростық) баспалдақтар.

248-139. Амортизаторлар құлау кезінде жұмысшының денесіне күш түсуін жеңілдету үшін қолданылады. Өндірістік альпинизм әдісімен жүргізілетін өрмелеу жұмыстары кезінде тек толық ашылуы жағдайындағы бекімділігі 1000 кгс амортизаторларды ғана қолдануға болады.

248-140. Жұмыс орындықтары мен баспалдақтар тек жұмысшының денесі мен аяғына қосымша тірек ретінде қолдану үшін ғана пайдаланылады, олар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдарға жатпайды және оларға талаптар қойылмайды.

248-141. Жұмысшыны биіктіктен құлаудан қорғайтын сақтандыру құралдарынан басқа атқарылатын жұмысқа сәйкес қорғау құралдары пайдаланылады.

248-142. Өндірістік альпинизм әдісімен жүргізілетін өрмелеу жұмыстары кезінде әрбір жұмысшының өзімен бірге қосымша құрамында келесілер бар құралдар жиынтығы болады:

2 өзі қорғау ілмектері;

1 пышақ;

2 карабин;

1 жеке таңу пакеті.

8-параграф. Жұмыс аймағы. Жұмыс орны.
284-143. Биіктіктегі жұмыстар жүргізілетін участок санитарлық-тұрмыстық жайлармен, аптечкамен, өрт сөндіру, байланыс және авариялық дабыл құралдарымен қамтамасыз етіледі.

284-144. Биіктіктегі жұмыс жүргізілетін аймақ қоршалады.

Биіктікте жұмыс жүргізу кезінде жүргіншілердің қауіпсзідігін қамтамасыз ету үшін құрылыс материалдары мен жүктің құлауы болуы мүмкін аймаққа бөтен тұлғалардың байқаусызда кіруін болдырмайтындай етіліп аймақ қоршалады. Ол үшін кедергілер, инвентарлық қалқандар, қоршау ленталары пайдаланылады.

Атқарылатын жұмыстар биіктігіне байланысты қоршау радиусы:

50 метрге дейін – 10 м кем емес;

100 м дейін – 12,5, кем емес;

150 м дейін – 20 м кем емес;

200 м дейін – 25 м кем емес;

200 м көп – 30 м кем емес.

284-145. Қауіпті аймақты инвентарлық қалқандар көмегімен қорғау қондырғыларымен қоршаудың мүмкін еместігі немесе тиімсіздігі кезінде қоршау жерден, жабудан немесе жұмыс төсегішінен 1,0-1,2 м биіктікте орналасқан бағандар арасында тартылған, оның әрбір 1,5-2 м. кейін қызыл мата жалаушалар немес таңбалы ленталар байланған арқан арқылы жүргізіледі. Бағандар арасындағы қашықтық 3,5 метрден көп болмау қажет. Арқан орнына сым, трос, темір бұрыш, арматуралық шыбықтар және т.б. қолданылуы мүмкін. Қоршаудың қасына біруақытта «Тоқта! Қауіпті аймақ!, «Тоқта! Қіруге болмайды!» және «Қауіпті аймақ! Биіктіктегі жұмыс!» делінген ескерту плакаттары қойылады. Плакаттарды көлемі 60х40 см, тақырыптағы штрихтардың қалыңдығы 1 см кем болмайды. Плакаттың фоны - ақ, жазуы – қызыл.

284-146. Кейбір жағдайларда, аз уақыт атқарылатын жұмыс кезінде қаупті аймақ периметрі бойынша жаяу жүргіншілерді және көлік құралдары, машиналар мен механизмдер жүргізушілерін қауіптілік туралы ескерту үшін белгі берушілер (қараушылар) қойылады.

284-147. Қосымша қауіпсіздік шаралары:

орындаушыдан жоғары қандайда бір болмасын жұмыс жүргізу жіберілмейді;

арқандардың қосылу нүктелерінің орындары осы нүктелерге бөтен тұлғалардың қол жетуін болдырмайды;

жұмыс аймағына жүк көтеру және тиеу механизмдерінің әркеттері жіберілмейді;

бетінің тазалығы қамтамасыз етіледі, ластау немесе агрессиялық заттардың төгілуі жіберілмейді;

орындаушылардың жерге түсуі кезінде қауіпті болдырмау.

284-149. Әрбір сақтандыру және маңызды арқандар басқа сақтандыру, жүк және қосымша құралдардан бөлек бекітіледі.

284-150. Сақтандыру және маңызды арқандарды бекіту өзбетімен немесе кенеттен босауын болдырмайды.

284-151. Сақтандыру және маңызды арқандарды бекіту нүктелеріне қауіпсіз қол жеткізу мен бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

284-152. Салмағы 10 кг аспаптар, қондырғылар, жабдықтар мен құралдар үшін объект элементтеріне тәуелсіз сақтандыру мүмкіндігі қарастырылады.

284-153. Салмағы 10 кг дейінгі аспаптар мен құрастыру қондырғылары диаметрі 6-8 мм арқан көмегімен ЖСЖ тікелей бекітіледі. Ұсақ ұсталық-құрастыру және құрылыс аспаптары орындаушының беліне, жұмыс орындығына немесе иғына ілінген арнайы сумкаға салынады.

Пайдалану үдерісінде түсіп кетпеуі үшін ұсақ аспаптар (орындаушының арнайы киіміне немесе ЖСЖ бекітілген) баумен немесе кір жаятын резенкімен сақтандырылады. Сондай сақтандыру торлы жері бар аспа және аспалы аудандардағы жұмыстар кезінде қамтамасыз етіледі.

284-154. Аспа және аспалы аудандарда орнатылатын құралдар өзбетімен аударылып және ауысып кетуден бекітілген.

284-155. Жоғарыға берілген шлангалар мен кабелдер құлаудан, теңселу мен қажалудан сақтандырылады. Шлангтар мен кабелдер олардың өзара, сақтандыру және маңызды арқандармен қиылысуының болмауын қамтамасыз ете отырып, жүргізіледі.

284-156. Қатты жел кезінде жұмысшыны жұмыс орнынан құлауына кедергі болатын және оған кедергісіз жетуді қамтамасыз ететін қондырғылар пайдаланылады. Оларға алдын ала тартыла бағытталған арқандар мен тростар немесе арқанды немесе ленталық тартқыштар жатады.



9-параграф. Жеке құжаттар
284-157. Биіктіктегі жұмыстарды жүргізуге кәсіби оқытудан өткен, емтихан тапсырған, «Өндірістік альпинисттің бірыңғай кітапшасына» ие болған тұлға жіберілді.

284-158. Әрбір орындаушының жұмыс жүргізу кезінде «Өндірістік альпинисттің бірыңғай кітапшасы» болады.

284-159. «Өндірістік альпинисттің бірыңғай кітапшасындағы» жазбалар арқанды пайдаланумен атқарылған жұмыс уақытының дәлелдемесі ретінде жүреді. Оларда келесі мәліметтер болады:

уақыты;


жұмыс ұзақтығы мен жүргізілген орны;

атқарылған жұмыс сипаты;

жұмыс атқару кезіндегі ерекше жағдайлар;

биіктіктегі жұмыстарға жіберуге рұқсат алу үшін тапсырылатын жыл сайынғы емтихан бағасы.



10-параграф. Жұмыс сипаттамасы
284-160. Биік конструкцияларда, радио-телемұнараларда, тіреулерде, көпірлерде, түтін шығару құбырларында, газоходтарда, тоннелдер күмбездерінде және т.с.с. құрылыс-құрастыру мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде альпинистік технологияларын қолданумен тірексіз кеңестікте технологиялық операциялар.

284-161. Биік конструкцияларды тексеру, қарау және ақауларын табу, оларды тотығуға қарсы материалдармен жабу.

284-162. Әрлеу және сырлау жұмыстары. Ғимараттар мен үймереттердің сыртын қайта қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстары (қаптау, архитектуралық элементтерін мен әшекейлерін жөндеу, панель аралық қималарын бітеу, балкондарды, карниздерді жөндеу).

284-163. Шатырларды, жауын суын түсіргіштерді жөндеу, су құбырларын ауыстыру, терезелерді жуу.

284-164. Автомобиль және темір жол маңындағы тау беткейлерін қажау немесе өндірістік қызмет аймақтарындағы бос жатқан қауіпті тастарды бекіту. Көтеру-түсіру құралдарын құрастыру мен қайта құрастыру. Көтеру крандарымен және жүк көтеру механизмдерімен жұмыс.

284-165. Жолы қиын таулы аудандарда экспедиция мен экскурсиялар жүргізу кезінде тасқандар және тастардың құлауы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тау бедерлерінде қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу.



11-параграф. Өндірістік альпинист біліміне қойылатын талаптар
284-166. Биіктіктегі жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері, өзінің және жүргізіліп жатқан жұмыстарға тікелей қатысы жоқ тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Биіктіктегі жұмыс өндірісі кезінде құжаттарды толтыру тәртібі. Жұмыс объектілері мен атқарылатын технологияның конструктивті ерекшеліктерінің негізі. Биіктікте құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.

284-167. Дәрігерлерге дейінгі көмек көрсету әдістері.

284-168. Биік объектілерде жұмыс жүргізу кезінде арқандарды, тростарды, альпинистік құрал-жабдықтарды қауіпсіз пайдалану тәртібі.

284-169. Альпинистік құрал-жабдықтарды сынау әдістері мен жұмысқа жарамдылығы нормасы.

284-170. Қол және механикалық лебедкалар, тальдар және т.б. құрылысы мен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібі.

284-171.Жүк көтеру механизмдерін басқарушы тұлғалармен өзара іс-әрекеттер кезіндегі белгілер және оларды қолдану тәртібі.

284-172. Арқандарды, канаттар мен тростарды қосуға арналған түйіндер, оларды қолдану тәртібі және негізгі қасиеттері. Альпинистік құрал-жабдықтарды, конструкция элементтерін және тау бедерлерін пайдалана отырып тірексіз кеңстікте қозғалу жүйесін жөндеу.

284-173. Биіктікте газ- немесе электробалқыту, плазмалық кесу жұмыстарын, торкретирлік, тік ұшақтармен бірге жұмыстар атқару. Электрондық-цифрлық жиынтықтармен, радиодальномерлермен, магнитомерлермен, гиротеодолиттермен, сәулелік жарық шағылыстырғыштармен және аспаптармен жұмыс жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет