20-жаттығу. Сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
1. "Ақсай нан" ААҚ-ның өкілін сүт өнімдері неге кызықтырады ?
2. Оны қандай сүт өнімдері кызықтырады ?
3. Фирма директоры сүт өнімдеріне қатысты қандай кепілдік береді ?
4. Жеңілдіктер неге байланысты жасалады ?
5. "Ақсай нан" ААҚ қашаннан бастап келісімшартқа отырады?
21-жаттығу. Саяжайды сату — сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз
1. Келісімшартты ......... шығынын Асылбек Жақыпұлы төлейді
СЕНІМХАТ
Сенімхат — сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.
Сенімхат екі түрлі болады:
- мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар
- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.
Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкінде рәсімделеді.
Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына:
-
жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар алуға;
-
өтініш жазуға;
- қол қоюға;
- пәтер сатуға және сатып алуға;
- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
- машина жүргізуге;
- банктегі есептерді пайдалануға;
- барлык мекемелерде іс жүргізуге;
- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық береді. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі.Егер оның мерзімі көрсе -тілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол өз күшін жояды. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.
Сенімхаттың құрылымы:
Ең алдымен жолдың ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы койылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.
__________________________________________________________________
сенім білдірілген тұлға — доверенное лицо
сенім білдіруші — доверитель
жеке тұлға - физическое лицо
ресми сенімхат — официальная доверенность
жеке сенімхат - личная доверенность
күшін жою - терять силу
жеке басы — личность
іс-әрекетке қабілеттілік — дееспособность
мемлекеттік салық — государственная пошлина
мәміле жасау — совершать сделки
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Сенімхат қандай құжат ?
-
Сенімхаттың неше түрі болады ?
-
Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде ?
-
Жеке сенімхат қандай іс-әрекеттері орындауға беріледі ?
-
Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды ?
-
Қандай жағдайда ол өз күшін жояды ?
-
Сенімхат қайда куәландырылады ?
-
Нотариус сенімхатты қалай куәландырады ?
-
Сенімхаттың құрылымы қандай ?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.
3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз
СЕНІМХАТ
2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген
2006 жылғы 20 қаңтар қолы ________________
Осы сенімхатты 2006 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы _________________
мөр орны
4-жаттьну. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
1. Сенімхатта сенім білдіруші кім ?
2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?
3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?
4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?
5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.
Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
СЕНІМХАТ
2006 жылғы 7 каңтар, Аякөз қаласы
Мен, азамат Өмірбеков Нұрқанат, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.
2006 жылғы 7 қаңтар қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы
мөр орны
СЕНІМХАТ
2007 жылғы 25 сәуір, Алматы қаласы
Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт - Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің № 00144115, мекенжайы — Алматы қаласы, Достық даңғылы, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.
Бүл үшін менеджер Бақыт Сағатұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін. Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Сенімхат 15 күнге берілді.
2007 жылғы 25 сәуір қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы
мөр орны
6-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
сенімхат 4 айға дейін құқығын бердім
нотариалдық кеңсенін қабілеттілігі
менің қатысуым тіркелді
қол қою алынды
өтініш жазуға дауыстап оқылды
құқықтық іс-әрекетке өкілетті еттім
тізбеге кезінде
салық нотариусы
сенімхаттың мәтіні өз күшінде
7-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.
Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхаттың мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сенімхаттан бас тарту. Сенімхаттағы модельді есте сактаңыз: Қ. Досановты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін Қ.Досановқа менің атымнан өтініш жазуға құкық беремін.
8-жаттығу. Мәтіндегі қателерді түзетіңіз.
СЕНІМХАТ
Өскемен қаласы
Мен, жолдас Бақытов Қайрат, жеке куәлігінің № 49001224, мекенжайым — Өскемен қаласында, Бейбітшілік көшесінде, 32-үйде, 63-пәтерде, Өскемен қаласы, Болашақ көшесі, 78-үй, 2-пәтерде тұрған жолдас Саттаров Еркін Абылайұлына барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге рұқсат білдіремін.
Бұл үшін азамат Сатаров Еркін Абылайұлына менің атымнан қол қоюға; банктегі есептерімді пайдалануға; тиісті құжаттарды рәсімдеуге; келісімшарттар жасауға мүмкіндік беремін.
Сенімхат 15 күнге дейін шын мәнін сақтайды.
1999 жылғы 12 сәуір қолы
Осы сенімхатты 2007 жылғы 12 сәуірде мен, Исабекова Алтынай, тіркедім. Сенімхатқа менің көзімше азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы тексерілді, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні қатты оқылды, № 5 тізбеге жазылды. Мемлекеттік ақша алынды: 300 (үш жүз) теңге.
Нотариус қолы
мөр орны
9-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазыңыз.
-
Машина жүргізу құқығын беру туралы
-
Тұрғын үйді сату құқығын беру туралы
-
Мәміле жасау құқығын беру туралы
ХАБАРЛАМАХАТ
Хабарламахат — қызметтік хаттардың бірі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберіледі. Хабарламахатта, ең бірінші, кімге екені жазылады. Сосын жолдың ортасынан «хабарламахат» деген сөз және азат жолдан хабарламахаттың мәтіні жазылады. Соңында хабарламахатты жіберушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Хабарламахат қандай жағдайда жазылады?
2.Оның құрылымы қандай?
2-жаттығу. Хабарламахатты оқыңыз.
Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі,
15-үй, 45 пәтерде тұратын Д. Қайратұлына
Хабарламахат
2006 жылдың 20 наурызында жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2006 жылдың 1 сәуіріне дейінгі сіздің қарызыңыз 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.
Егер осы жылдың 15 сәуіріне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.
Сондай – ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.
«Астана-энерго» ААҚ президентінің
орынбасары Б.Жұманов
2006 жыл 20 наурыз.
3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімге сәйкес, ай сайын, төлеп тұруға, міндеттену, келісімнің талаптары, сіздің тарапыңыздан, сіздің қарызыңыз, қарызыңыздың көлемі, өз тарапымыздан, іс қозғау, сот ісіне қатысты шығын.
4-жаттығу. Тиісті сөздерді жазыңыз.
1. Хабарламахат С.Сейфуллин көшесі, 7-үй, 15-пәтерде тұратын ...... жіберілген.
2. Өзара келісімшарт 2003 …. 14 ..... жасалған.
3. Келісімнің .........А. Жақыпұлы орындамай отыр.
4. Оның ........... көлемі 120 000 теңге.
5. Қарыз төленбеген жағдайда А. Жақыпұлына қатысты іс..........
6. Сот ісіне қатысты ....... А. Жақыпұлы төлейді.
7.Сондай-ақ, кәсіпорын ............. электр энергиясы тоқтатылады.
5-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз.
«Адал» ААҚ- ның президеті
Б.Серікбаев мырзаға
Хабарламахат
2006 жылдың сәуірінде жасалған келісімшарт бойынша «Адал» акционерлік ашық қоғамы «Қарлығаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын.
2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Адал» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, 500 000 (бес жүз мың) теңге зиян шектік.
«Қарлығаш» акционерлік қоғамы 2006 жылдың 15 қыркүйегінен бастап өзара жасалған келісімшарттан бас тартатынын мәлімдейді.
«Қарлығаш» ЖШС – ның президенті Р. Бекболатова.
2006 жылғы 25 қараша
6-жаттығу. Хабарламахат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Хабарламахат кімге арналған ?
-
Екі кәсіпорын арасындағы келісімшарт қай кезде жасалған ?
-
Келісімшарт бойынша "Адал" ААҚ кандай міндеттеме алған ?
-
"Қарлығаш" ЖШС неліктен 500 мың теңге зиян шекті ?
-
«Қарлығаш» акционерлік қоғамы неден бас тартатынын мәлімдеді ?
-
Хабарламахатты кім жіберген ?
7-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.
келісімшарт жеткізу
шағын шегу
шикізат бас тарту
зиян мерзімде
келісімшарттан бойынша
көрсетілген кәсіпорын
8-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз
Алматы қаласы, Әуезов көшесі,
45 үй, 18 пәтерде тұратын
Б. Қадыров мырзаға
Хабарламахат
2006 жылдың 25 тамызында жасалған келісімшарт бойынша Сіз қызыңыз Айман Қадырованың оқуы үшін жыл сайын әр семестр аяғына дейін 170 мың теңге төлеуге міндеттенген болатынсыз.
2006 – 2007 оқу жылындағы 3 семестрдің төлемақысы келісімде көрсетілген мерзімде төленбегендіктен, қызыңыз Айман Қадырова сессияға жіберілмейді.
1 ай мерзім ішінде оқу төлемақсы төленбесе, қызыңыз Айман Қадырованың оқудан шығарылатынын мәлімдейміз.
Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және
ӘТУ – нің ректоры С.А. Қалиев
2006 ж., 20 ақпан
келісімшарт бойынша — по договору
міндеттену — обязываться, взять обязательство
зиян шегу — понести убыток
бас тарту — отказываться
9-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Хабарламахат кімге жіберілген ?
-
Келісімшарт қашан жасалған ?
-
Келісімшарт бойынша Б.Кеңесбаев қандай міндеттеме алған ?
-
Неліктен А.Кеңесбаева қысқы сессияға жіберілмейді ?
-
Университет ректоры Б.Кеңесбаевқа не туралы мәлімдейді ?
-
Хабарламахатты жіберуші кім ?
10-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз
Шикізат жеткізу, міндеттеме алу, келісімшарт бойынша, көрсетілген мерзім, келісімшарттан бас тарту, Оспанованың оқуы үшін, хабарламахат жіберу, сессияға жібермеу, оқудан шығару, хабарламахат алу, хабарламахат арқылы хабарлау.
Грамматикалық минимум
-
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Неліктен ? Не себепті?
Етістіктің ған
бұйрық + (ген) + дықтан
райы (қан) (діктен)
(кен)
Мысалы: Бәрі жиналған + дықтан, жиналыс уақытында өтті.
Бәрі жиналмаған + дықтан, жиналыс уақытында өтпеді.
11-жаттығу. Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.
Үлгі: Кәсіпорын өкілі келмегендіктен, келісімшарт жасалмады.
1. Кәсіпорын өкілі келмеді. Сондықтан келісімшарт жасалмады.
2. Ол оқу төлемақысын төлемеді. Сондықтан оқудан шығарылды.
3. Сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылмады. Сондықтан ол өз күшін жояды.
4. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шықпады. Сондықтан мен жұмысқа әлі кіріскен жоқпын.
5. Олар шикізатты уақытында жеткізбеді. Сондықтан біз келісімшарттан бас тартамыз.
6. Сіздің тарапыңыздан талапарыз түспеді. Сондықтан біз ешқандай шара қолдана алмаймыз.
7. Келісімшарт талаптары орындалмады. Сондықтан біз сотқа талапарыз жаздық.
12-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.
-
Оның еңбекақысы жоғары — кездесу ұзаққа созылмады
болғандықтан.
-
Олар кездесуге уақытында — қазір осы мәселені көтеріп келгендіктен. отырмыз
-
Біз бұрын фирма басшысына — басқа қызметке ауыспады
өтініш білдіргендіктен
-
Кейбір қызметкерлер жұмыс — қала әкімі мәжіліске кешігіп келді
тәртібін ұдайы бұза бергендіктен
-
Ол келесі жылы зейнеткерлікке – оған үстемақы қоспады шығатындықтан
-
Қабылдауда адамдар көп – біріші рет ескертулер алды болғандықтан
13-жаттығу. Сөздерді ретімен орналастырыңыз.
-
Жүргізілуге тиіс, арқылы төлемақы, оқу үшін, "Бақыт" коммерциялық банкі.
-
Біз, міндеттенеміз, тауарды, уақытында, көрсетілген, жеткізуге.
-
Талаптар, сәйкес келеді, 1998 жылғы 18 наурызда,
келісімшартка, қол койған.
-
Келісілген, төленбеген, сома, жағдайда, талапарыз, сотқа,
мәжбүр, беруге, боламыз.
Грамматикалық минимум
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Қайтсе ?
Етістіктің жіктік
бұйрық + са, се, + жалғауы
райы
Мысалы: Келісімшарт талаптарын толық орындасаңыз, біз келісімшарт мерзімін ұзартамыз.
14-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз. Шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің жасалуына көңіл бөліңіз.
-
Сіздер шикізатты уақытында жеткізіп тұрсаңыздар, біз оның төлем-ақысын кешіктірмейміз.
-
Егер мен келісімшарт талаптарын орындамасам, онда мен кінәлі боламын.
-
Егер олар бізге ескертпесе, онда біз қайдан білеміз.
-
Екі күн ішінде сіздерден жауап алмасақ, біз сотқа арыз беруге мәжбүр боламыз.
15-жаттығу. Тиісті жіктік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Біз келісімшарт талаптарын орындаса ..., сендер шикізатты жеткізсе..., сен жылу төлемақысын төлемесе..., мен оған құттықтау жіберсе..., біз хабарламахат жазса..., сен сағат 3-те келсе..., сіздер келісімшарт жасаса..., сіз оған айтса....
16-жаттығу. Мазмұнына қарай екі қатарды сәйкестендіріп жазыңыз.
-
Студенттер оқу төлемақысын 1. Еңбек төлемақысы
төлемесе, қысқартылады
-
Келісімшарт бойынша жеткізі- 2. Екінші хабарламахат
лім мерзімі көрсетілсе, жібереміз
-
Құрылысшылар жұмысты 3. Біз шығынды өтеп
уақытында аяқтамаса, беруіміз керек
-
Олар біздің кінәмізден 4. Сол уақыттан
зиян шексе, кешіктірмеу керек
-
Бұл хабарламахат бармаса, 5. Олар оқудан шығарылады
17-жаттығу. Жағдаяттар бойынша хабарламахат жазыңыз.
1. «Мұнайгаз» фирмасының президенті Ж.Батыровтың атынан "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа келісімшарт бойынша 2006 жылдың 15 наурызына дейін аяқталуға тиіс құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталмағаны туралы және егер осы жұмыстар 2006 жылдың 25 наурызына дейін аяқталмаса, сотқа талапарыз беруге мәжбүр болатынды-ғыңыз туралы хабарламахат жазыңыз.
2. «Ардагер» азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың атынан сүт өнімдерін өндіретін «Қайсар» ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (20.04.2006 ж.) «Қайсар» ЖШС сүт өнімдерін күнделікті жеткізіп тұруға міндеттеме ал-ған. Бүл міндеттеме орындалмады. Осыған орай «Ардагер» азық-түлік дүкені 50 мың теңге зиян шекті. Шығынды «Қайсар» ЖШС өтеу керек. Өтемесе, сотқа талапарыз береді.
7. «Қоңырқаз» ЖШС-ның президенті Құрмет Болатұлының атынан "Болашақ" ААҚ-ның президенті Әнуар Асқарбекұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (01.02.2006 ж) «Болашақ» ААҚ әр айдың бірінші күні құстарға арналған жем жеткізуге міндеттеме алған. Келісімшарт талаптары орындалмады. «Қоңырқаз» ЖШС келісімшарттан бас тартады.
ТАЛАПАРЫЗ
Талапарыз қандай да бір келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады. Талапарыз аудандық не қалалык соттың төрағасына жазбаша түрде беріледі Сотта сол талапарыз бойынша іс қозғалып, заң жүзінде шара колданылады.
Арызда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
-
Талапарыз берілетін соттың атауы.
-
Талапкердің немесе оның өкілінің аты-жөні, мекенжайы.
- Жауапкердің аты-жөні.
- Талапарыз жазуға дәлелдері.
- Талапкердің талаптары.
- Талаптың бағасы.
- Арызға тіркелетін қосымша кұжаттар тізімі.
Егер талапарызды талапкердің өкілі берсе, оның құқығын куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат тіркеледі.
Талапарызда, ең бірінші, кімге екені (Мысалы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының төрағасы Ж.Асанов мырзаға) және кімнен екені ( онда талапкер мен жауапкер туралы мәлімет) жазылады. Сосын жолдың ортасынан «Талапарыз» деген сөз және азат жолдан талапарыздың мәтіні жазылады. Онда талапарыз жазуға негіз болған жағдай толық көрсетіліп, сол мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдану сұралады. Соңында талапарыз берушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Талапарыз қандай жағдайларда жазылады ?
-
Талапарыз қандай мекемеге жазылады ?
-
Талапарызда қандай мәліметтер керсетілуі тиіс ?
-
Сотта талапарыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады ?
-
Талапарыздың құрылымы қандай?
2-жаттығу. Талапарызда көрсетілуге тиіс негізгі мәліметтерді толты-рыңыз .
Алматы қаласы, Әуезов аудандық
соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға
Талапкер: «Сейнұр» ЖШС – ның президенті
А. Мырзахметов
Жауапкер: « Есіл» ААҚ
ТАЛАПАРЫЗ
2006 жылдың 25 сәуірінде «Сейнұр» ААҚ мен «Есіл» ЖШС – ның арасында шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасалған болатын. Өзара келісім бойынша «Сейнұр» ААҚ «Есіл» ЖШС-на әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын. 2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Есіл» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Сейнұр» ЖШС 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде зиян шекті.
Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.
«Сейнұр» ЖШС – ның президенті А. Сапаров.
2006 ж., 10 желтоқсан
4-жаттығу. Талапарыз бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Талапарыз қай сотқа жазылған ?
-
Сот төрағасы кім ?
-
Талапкер кім ?
-
Жауапкер қай мекеме ?
-
«Сейнұр» ААҚ неліктен 150 000 (жүз елу мың теңге) зиян шекті?
5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісім талаптары, бас тартқан жағдайда, келісімде көрсетілген талаптар, орындалмаған жағдайда, талапарыз бойынша, шара қолдану, заң жүзінде, талапкердің талаптары, қосымша құжаттар, кұжаттар тізімі, жауапкер туралы мәлімет, шикізат жеткізілімі туралы.
6-жаттығу. Талапарыз үлгісімен танысыңыз.
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
соттың төрағасы Қ. Болатұлы мырзаға
Талапкер: Алматы қаласы, Әуезов
көшесі 52 – үй, 25 - пәтерде тұратын
Ботагөз Жандосова
Жауапкер: «Керуен» сауда үйі
ТАЛАПАРЫЗ
Мен 2006 жылдың 20 қаңтарында бір жылдық кепілдеме мерзіммен «Керуен» сауда үйінен ас үй жиһазын сатып алдым. Жиһазды орнату кезінде ақаулықтар байқалды. Мен сауда үйінің меңгерушісіне ас үй жиһазын қайта қабылдау немесе ауыстырып беру туралы өтініш білдірдім. Алайда меңгеруші менің өтінішімді орындаудан бас тартты.
Осы мәселеге байланысты заңды түрде шара қолдануыңызды сұраймын.
Б. Жандосова.
2006 жыл 20 қаңтар.
Достарыңызбен бөлісу: |