Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет15/16
Дата23.02.2016
өлшемі3 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пай-далану.


3-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз

СЕНІМХАТ

2006 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы

Мен, азамат Жұбанов Қайрат, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің № 645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің № 925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен кұжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген
2006 жылғы 20 қаңтар қолы ________________
Осы сенімхатты 2006 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Алмагүл, Алматы қаласындағы лицензия № 001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы _________________

мөр орны
4-жаттьну. Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

1. Сенімхатта сенім білдіруші кім ?

2.Сенім білдіруші кімге сенім білдірген ?

3. Қандай іс - әрекетке сенім білдірген ?

4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған ?


5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.
Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
СЕНІМХАТ

2008 жылғы 7 сәуір, Қызылода қаласы

Мен, азамат Өмірбеков Нұрқанат, мекенжайым: Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Аякөз қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде тұратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Аякөз қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті құжаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.

2006 жылғы 7 қаңтар қолы

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы

мөр орны
СЕНІМХАТ

2007 жылғы 25 сәуір, Алматы қаласы

Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт - Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің № 00144115, мекенжайы — Алматы қаласы, Достық даңғылы, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.

Бүл үшін менеджер Бақыт Сағатұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін. Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Сенімхат 15 күнге берілді.

2007 жылғы 25 сәуір қолы


Осы сенімхатты 2007 жылғы 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы


мөр орны
6-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

сенімхат 4 айға дейін құқығын бердім

нотариалдық кеңсенін қабілеттілігі

менің қатысуым тіркелді

қол қою алынды

өтініш жазуға дауыстап оқылды

құқықтық іс-әрекетке өкілетті еттім

тізбеге кезінде

салық нотариусы

сенімхаттың мәтіні өз күшінде


7-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхаттың мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сенімхаттан бас тарту. Сенімхаттағы модельді есте сактаңыз: Қ. Досановты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін Қ.Досановқа менің атымнан өтініш жазуға құкық беремін.


8-жаттығу. Мәтіндегі қателерді түзетіңіз.
СЕНІМХАТ

Өскемен қаласы

Мен, жолдас Бақытов Қайрат, жеке куәлігінің № 49001224, мекенжайым — Өскемен қаласында, Бейбітшілік көшесінде, 32-үйде, 63-пәтерде, Өскемен қаласы, Болашақ көшесі, 78-үй, 2-пәтерде тұрған жолдас Саттаров Еркін Абылайұлына барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге рұқсат білдіремін.

Бұл үшін азамат Сатаров Еркін Абылайұлына менің атымнан қол қоюға; банктегі есептерімді пайдалануға; тиісті құжаттарды рәсімдеуге; келісімшарттар жасауға мүмкіндік беремін.

Сенімхат 15 күнге дейін шын мәнін сақтайды.

1999 жылғы 12 сәуір қолы


Осы сенімхатты 2007 жылғы 12 сәуірде мен, Исабекова Алтынай, тіркедім. Сенімхатқа менің көзімше азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы тексерілді, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні қатты оқылды, № 5 тізбеге жазылды. Мемлекеттік ақша алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы

мөр орны
9-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазыңыз.



  1. Машина жүргізу құқығын беру туралы

  2. Тұрғын үйді сату құқығын беру туралы

  3. Мәміле жасау құқығын беру туралы


ТАЛАПАРЫЗ
Талапарыз қандай да бір келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады. Талапарыз аудандық не қалалык соттың төрағасына жазбаша түрде беріледі Сотта сол талапарыз бойынша іс қозғалып, заң жүзінде шара колданылады.

Арызда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • Талапарыз берілетін соттың атауы.

  • Талапкердің немесе оның өкілінің аты-жөні, мекенжайы.

- Жауапкердің аты-жөні.

- Талапарыз жазуға дәлелдері.

- Талапкердің талаптары.

- Талаптың бағасы.

- Арызға тіркелетін қосымша кұжаттар тізімі.

Егер талапарызды талапкердің өкілі берсе, оның құқығын куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат тіркеледі.

Талапарызда, ең бірінші, кімге екені (Мысалы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының төрағасы Ж.Асанов мырзаға) және кімнен екені ( онда талапкер мен жауапкер туралы мәлімет) жазылады. Сосын жолдың ортасынан «Талапарыз» деген сөз және азат жолдан талапарыздың мәтіні жазылады. Онда талапарыз жазуға негіз болған жағдай толық көрсетіліп, сол мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдану сұралады. Соңында талапарыз берушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Талапарыз қандай жағдайларда жазылады ?

  2. Талапарыз қандай мекемеге жазылады ?

  3. Талапарызда қандай мәліметтер керсетілуі тиіс ?

  4. Сотта талапарыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады ?

  5. Талапарыздың құрылымы қандай?


2-жаттығу. Талапарызда көрсетілуге тиіс негізгі мәліметтерді толты-рыңыз .

Алматы қаласы, Әуезов аудандық

соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға

Талапкер: «Сейнұр» ЖШС – ның президенті

А. Мырзахметов

Жауапкер: « Есіл» ААҚ


ТАЛАПАРЫЗ

2006 жылдың 25 сәуірінде «Сейнұр» ААҚ мен «Есіл» ЖШС – ның арасында шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасалған болатын. Өзара келісім бойынша «Сейнұр» ААҚ «Есіл» ЖШС-на әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын. 2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Есіл» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Сейнұр» ЖШС 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде зиян шекті.

Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.
«Сейнұр» ЖШС – ның президенті А. Сапаров.

2006 ж., 10 желтоқсан


4-жаттығу. Талапарыз бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қай сотқа жазылған ?

  2. Сот төрағасы кім ?

  3. Талапкер кім ?

  4. Жауапкер қай мекеме ?

  5. «Сейнұр» ААҚ неліктен 150 000 (жүз елу мың теңге) зиян шекті?


5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісім талаптары, бас тартқан жағдайда, келісімде көрсетілген талаптар, орындалмаған жағдайда, талапарыз бойынша, шара қолдану, заң жүзінде, талапкердің талаптары, қосымша құжаттар, кұжаттар тізімі, жауапкер туралы мәлімет, шикізат жеткізілімі туралы.



6-жаттығу. Талапарыз үлгісімен танысыңыз.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

соттың төрағасы Қ. Болатұлы мырзаға

Талапкер: Алматы қаласы, Әуезов

көшесі 52 – үй, 25 - пәтерде тұратын

Ботагөз Жандосова

Жауапкер: «Керуен» сауда үйі

ТАЛАПАРЫЗ

Мен 2006 жылдың 20 қаңтарында бір жылдық кепілдеме мерзіммен «Керуен» сауда үйінен ас үй жиһазын сатып алдым. Жиһазды орнату кезінде ақаулықтар байқалды. Мен сауда үйінің меңгерушісіне ас үй жиһазын қайта қабылдау немесе ауыстырып беру туралы өтініш білдірдім. Алайда меңгеруші менің өтінішімді орындаудан бас тартты.

Осы мәселеге байланысты заңды түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Б. Жандосова.

2006 жыл 20 қаңтар.
7-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп, хабарламахат мазмұнын әңгіме-леңіз.

1.Талапарыз қайда жіберілген ?

2.Талапарыз иесі кім ?

3.Талапкер қандай жиһаз сатып алған ?



  1. Неліктен оны ауыстырып беруді өтінген ?

5. Меңгеруші сатып алушының өтінішін орындады ма?
8-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.
орындаудан
қайтарып беруден
көмек көрсетуден бас тартты

Жеткізуден


төлеуден

9-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Орнату кезінде, қайта қабылдау, өтініш білдіру, заңды түрде, бас тарту, шара қолдану, сот төрағасы, ақаулықтар байқау, ауыстырып беру, өтінішті орындау.


10-жаттығу. Жағдаяттар бойынша талапарыз жазыңыз.

"Мұнайгаз" фирмасының президенті Ж.Батыровтың "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа және "Ардагер" азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың "Қайсар" ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына жіберген хабарламахаты бойынша сотқа талапарыз жазыңыз (жағдаяттардың толық мазмұны хабарламахат тақырыбы 1-жаттығуда көрсетілген).



ХАБАРЛАНДЫРУ

Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталарынан танысуға болады. Хабарландыру әр түрлі жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін ұсыну туралы, сондай-ақ қандайда бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші — қандай мекеме конкурс жариялайтыны, екінші — қандай қызмет орнына жариялайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекенжайы көрсетіледі.



Бос қызмет орны – ваканция

Жылжымайтын мүлік – недвижимость

Үміткер – кандидат
1-жаттығу.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарландырулармен қайдан танысуға болады ?

  2. Хабарландырулар қандай жағдайларда беріледі ?

  3. Бос қызмет орны туралы хабарландыру қандай тәртіппен беріледі ?

  4. Сіз қандай хабарландыруларды жиі оқисыз ?


2-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін аударыңыз.

Бос қызмет орны, мекеменің мекенжайы, конкурсқа катысу, жылжымайтын мүлік, құжаттар тізімі, қызмет түрлері, үміткерге қойылатын талаптар, конкурс мерзімі.

2000 жылы бас директор болып тағайындалды.

2003 жылдың 16 қазанында - 2003 жылы 16 қазанда

2004 жылдың 21 шілдесінде - 2005 жылы 21 шілдеде

2006 жылдың 5 сәуірінде - 2007 жылы 5 сәуірде

1995-1998 жылдар аралығында

1999-2001 жылдар аралығында

2003-2004 жыддар аралығында

2005-2007 жылдар аралығында

1965 жылдан 1969 жылға дейін

1978 жылдан 1986 жылға дейін

1989 жылдан 1996 жылға дейін

1999 жылдан 2004 жылға дейін

1961 жылдан бері

2006 жылдан бері


3-жаттығу. Етістіктерді өткен және келер шақта жазыңыз.

Мен беру (бердім - беремін)

Сен оқу .................

Сіз көру .....................

Ол хабарландыру ілу ..................

Біз жазу ................

Сендер іздеу. ................

Сіздер аудару .............

Олар жіберу ..............
4-жаттығу. Хабарландыруларды оқыңыз.
Хабарландыру
2004 жылдың 15 қазанында сағат 15.00-де Абай атындағы Каз МУ-нің акт залында "Алтын күз" атты студенттер кеші өтеді.

Қазақ тілі кафедрасы



5-жаттығу. Жоғарыдағы хабарландырулар бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Бірінші хабарландыру не туралы ?

  2. Қандай кеш туралы хабарланған ?

  3. Кеш қай күні болады ?

  4. Кеш қайда өтеді ?

  5. Кеш сағат нешеде басталады ?

  6. Кешті кім ұйымдастырған ?


Тапсырма. Жоғырыдағы үлгілер бойынша ............ туралы хабарландыру жазыңыз.
Грамматиканы еске түсіріңіз.

аудар + а

Мен жүргізе + е аламын /алмаймын

сөйле + й



6-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, өзіңіздің не істей алатындығыңыз және не істей алмайтындығыңыз туралы айтыңыз.Қазақша еркін сөйлеу, құжаттарды жүргізу, бұл жұмысты атқару, компьютерде жұмыс істеу, өтініш жазу, немісше аздап сөйлеу, сұрақтарға жауап беру, адамдарды қабылдау, қазақ тілінен орыс тіліне аудару.

Грамматикалық минимум

Есімше жұрнақтары: -атын, -етін, -йтын, -йтін

біл + етін

сөйле+ йтін үміткер

атқар + атын

Есте сақтаңыз: қазақша сөйлейтін — қазақша сөйлей алатын

еркін аударатын — еркін аудара алатын


7-жаттығу. Үлгі бойынша түрлендіріңіз және аударыңыз Казақстанда тұратын азаматтар — Қазақстанда тұратын + дар

1. Қазақша еркін сейлейтін кісілер ................................................................

2. Хатшының міндетін атқаратын қызметкерлер ................................................

3. Институтта жұмыс істейтін азаматтар ..........................................................

4. Конкурсқа қатысатын қыздар .....................................................................

5. Бәрін білетін студенттер .........................................................................

6. Конференцияға қатысатын ғалымдар ................................................................

7. Қазақ тілін жетік білетін үміткерлер ...............................................................

8. Компьютерде жұмыс істей алатын адамдар ...................................................

9. Құжаттарды сауатты жүргізе алатын хатшылар ...............................................


8 - жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.

өндіріс жөніндегі менеджер

жоғары білімі бар

қазақ, ағылшын тілдерін жетік білетін

жасы 25 беске дейінгі маман

жеке іс парағы

компьютерде жұмыс істей алатын маман

конкурсқа қатысу үшін

дипломның көшірмесі

төлқұжат


хабарласу
9 - жаттығу. Мәтін мағынасына қарай тиісті сездерді қойыңыз.

«Қамқор» ЖШС экономист қызметінің .............. орнына конкурс жариялайды. Конкурсқа ......... 30 - 45-ке дейінгі, экономикалық ........ білімі бар, компьютер бағдарламаларын жетік .........., ағылшын және қазақ тілдерінде еркін .............., мамандығы бойынша ........ өтілі 5 жылдан кем емес, адамдармен ............ орнатуға бейімі бар мамандар қатыса алады. Конкурс .......... — 3 апта. Конкурсқа ............ құжаттар: төлқұжат, жеке ............ парағы, 5 фотосурет, өмірбаян ............ мекенжайға хабарласыңыздар: Алматы қаласы, Достық даңғылы 114.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­___________________________________________________________

еңбек, іс, жасы, мына, мерзімі, жоғары, қажетті, сөйлей алатын,

қарым-қатынас, меңгерген, бос.
10-жаттығу.

Төмендегі бос қызмет орны туралы хабарландырулардағы үміткерлерге қойылытын талаптарды үлгі бойынша түрлендіріңіз.



Үлгі:

Конкурсқа аспаз-кондитер дипломы және еуропалық, түрік тағамдары саласында кәсіптік білімі бар, бірлескен мекемелерде мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес мамандар қатыса алады. «Жанар» ЖШС конкурстық негізде бас аспаз қызметіне шақырады.

Бас аспазға қойылатын талаптар:


  1. Еуропалық, түрік ұлттық тағамдары саласында кәсіптік білім

  2. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес

  3. Аспаз-кондитер дипломы

Түйіндемені мына мекенжайға жіберулеріңіз сұралады:

Қазақстан Республикасы,

Көкшетау қаласы,

Махамбет көшесі, 120.

Пошталық индекс: 445896

«Дентон Уайдд» Филиалында атқарушы директор лауазымына бос орын бар.


Біліктілік талаптары:

  1. Жоғары заңдық білім

  2. Жетекші ретінде кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі

  3. Ағылшын тілін (ауызша және жазбаша) білу

  4. Құқықтың мына салаларын білу: мұнай мен газ саласындағы халық-аралық құқықты, корпоративтік, банктік және салық құқығын, электр энергиясы мен табиғи газ бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білу

Түйіндемені мына факс бойынша жіберулеріңізді өтінеміз: 3272/581 950.
«Трансэнергомет» ЖШС мына маманды жұмысқа қабылдайды:

Атқарушы директор — 1 бос қызмет орны.



КЕЛІСІМШАРТ

Келісімшарт — тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Мысалы: сату — сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы басқа.

Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.

Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Келісімшарт — қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

  1. Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?

  1. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

  2. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

  1. Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі ?


2-жаттығу. Келісімшарт үлгісімен танысыңыз
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт

Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 141, екі мың алтыншы


жылғы 24 тамыз

(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)

Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде тұратын азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2005 жылғы 13 ақпанында берген жеке куәлігінің № 444312119, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 54-үй, 33-пәтерде тұратын азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2002 жылы 10 мамырда берген жеке куәлігінің № 314625101, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:


  1. Мен азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде саттым,
    мен азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, мекенжайындағы 18-пәтерді сатып алдым. Көрсетілген пәтер 1995 жылы 5 наурызда жасалған сату-
    сатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жеке меншік құқығы бойынша азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Көкшетау қала-сының лицензия № 0011 "Әділ" нотариалдық кеңсесінде куә-ландырылған:

- пәтер жалпы пайдалы аумағы 57 шаршы метр 4 бөлмеден түрады;

- пәтердің инвентарлық кұны ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде керсетілген анықтамасы бойынша жүз елу (150 000) мың теңге тұрады;



  1. Мен, азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, көрсетілген пәтерді азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлына осы келісім-шартқа қол қою кезінде төленетін үш жүз елу мың (350 000)
    теңгеге саттым.

  2. Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта болған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.

  3. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Жақыпов Орал Санжарұлы жүргізеді.

  1. Сатылған пәтерді азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлының беруі және оны азамат Сансызбаев Думан Әскербеұлы қабылдап алуы екі тарап қол қоятын беру-алу актінің негізінде
    жүзеге асырылады.

  2. Қолданылып жүрген заңның № ... - бабының мазмұны түсіндірілді.

  3. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы төлейді.

  4. Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші дана-
    сы сатып алушыда сақталады.

Тараптардың қолы сатушы/

сатып алушы/


Осы келісімшартты 2006 жылғы 25 тамызда мен, Исабеков Аслан Сағиұлы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 3464 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді. Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.

Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус (қолы)
жекеменшік құқығы бойынша - по праву собственности

сатушыға тиесілі - принадлежащий продавцу

жалпы пайдалы аумағы - общая полезная площадь

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет