Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі212.5 Kb.
#8961
1   2   3

Бақылау-тексеру іс-шаралары

Бөлімшелердің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында ШҚО ТЖД 2013 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес Шемонаиха ауданының ТЖБ кешенді тексеру, Семей қ. ТЖБ мен Бесқарағай ауданының ТЖБ тақырыптық тексеру, ШҚО ТЖД МӨББ МӨББ және «ӨC ж АҚЖҚ» ММ бақылау тексеру жүргізілді.

Тексеру актілерінде бұзушылықтар белгіленіп, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсыну, атқарылған жұмыс туралы есеп беру мерзімдері бекітілді. ІББ және ІБ ж АД жүргізген бақылау-тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша ТЖ басқармалары мен бөлімдері бастықтарының есептері аппараттық кеңестерде, облыстық мәжілістерде, Департамент бастығы жанындағы кеңестерде тыңдалды.

2013 жылы азаматтар өтініштері мен прокуратура ұйғарымдары бойынша 7 қызметтік тергеу жүргізіліп, 3 қызметтік тергеуде фактілер расталған жоқ. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 8 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды – ескерту – 3; қатаң сөгіс – 5 .

ШҚО прокуратурасының заңдылық бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымдары, ШҚО бойынша ҚР БП ҚС ж АЕКБ қаулылары және бақылау-тексеру іс-шараларының нәтижесі бойынша қызметтік тергеу жүргізусіз тәртіптік жазаға (39-ескерту, 11- сөгіс, 1-қатаң сөгіс) 51 қызметкер тартылды.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бөлімшелермен 20, соның ішінде ҚР ТЖМ ІБАД мен ТЖжӨҚМБК- мен 2 тексеру жүргізілді.

- Облыс, қала, аудан прокуратуралары -16;

- ҚР БП ҚС ж АЕКБ – 2;

-ҚР ТЖМ -2.

ІББ ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды. Құрылымдық бөлімшелер тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзарту туралы және бекітілген тәртіпте бекітілген мерзімде жетекші қарарымен тапсырмаларды бақылаудан алу туралы қызметтік жазбалардың көшірмелерін ұсынады. Бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жұмыс қорытындысы бойынша облыстық кеңестер өткізіледі. Кеңестердің шешімдерін орындау бойынша іс-шаралар жоспары дайындалады. Белгіленген нысан бойынша белгіленген мерзімде барлық құрылымдық бөлімшелер орындау туралы есептер ұсынады. ІББ Департамент бастығы атына орындалған тапсырмаларды бақылаудан алу туралы қызметттік жазба ұсынады.

ІББ ІБ ж АД жіберілген барлық жүргізген тексеру актілерін сол сияқты бұзушылықтарды анықтап жою мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелерге мәлімет үшін жолдайды. Ішкі бақылау бөлімі Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне актіні зерделеу туралы, кешенді және тақырыптық тексеру барысында анықталған ұқсас бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсыну, көрсетілген жоспарды белгіленген мерзімде белгіленген тәртіпте орындау бойынша есеп беру туралы нұсқаулар беріледі. Іс-шаралардың жиынтық жоспары және есеп Департамент бастығына ұсынылып, бекітіледі. Тексеру актілері ШҚО ТЖД аппараттық кеңестерде талқыланады.

ҚР ТЖМ Алқасының қаулыларын оқып зерделеу үшін барлық құрылымдық бөлімшелерге жолданады. Алқа қаулыларын орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Департамент бастығының орынбасарымен келісіледі, Департамент бастығымен бекітіледі. ҚР ТЖМ Алқасының 18 қаулысы бойынша тапсырмалар бақылауда тұр.

Мемлекеттік рәміздерді орналастыру, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру тәртібін бекіту туралы» № 873 қаулысына сәйкес оларды ауыстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінін орналастыру бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады. Қаржының бөлінгеніне байланысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар» туралы заңнамасына сәйкес құрылымдық бөлімшелерге таратылатын Мемлекеттік рәміздер сатып алынады. Мемлекеттік рәміздер қатаң түрде талаптарға сәйкес орналастырылды.

Қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес Департаментке 2013 жылдың 5 айында 315053,5 мың теңге мөлшерінде сома қарастырылған, оның 298915,9 мың теңге игерілді, ол 95% құрайды.



ТЖ саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бекіткен ҚР ТЖМ Шұғыл жоспарының 37-тармағына сәйкес, сонымен қатар көршілес мемлекеттердің шекаралық аймақтарының бірігіп әрекет ету жоспарын орындау аясында, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірігіп қызмет ету кезінде шекаралық мемлекеттермен ТЖ және АҚ органдарының аймақтық басқармаларының күштері мен құрылымдарын үздіксіз басқару және ұйымдастыру, шекаралық аймақтардағы апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, шекаралас мемлекеттердің ТЖ және АҚ органдарының аймақтық басқармаларының құтқару құрылымдары, шұғыл топтағы лауазымдық тұлғалардың бірігіп қызмет етуі мақсатында 2013 жылдың 21-22 ақпан аралығында байланыс құрылғылары және телекоммуникация жүйесінің қолданылуымен «Шекара (Граница) – 2013» табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу жүйесінің аймақтық басқармасын ұйымдастыру бойынша бірлескен штабтық жаттығу өткізілді.

ҚР ТЖМ Алқасының 2010 жылғы 22 қазандағы № 17 қаулысын орындау үшін, 2009 жылы өтелген, 2012 жылы түзетілген, келісілген жене бекітілген, шекаралас аумақтарда трансшекаралық ТЖ қаупі мен туындауы кезіндегі Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы және Алтай Республикасы және Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің өзара әрекеттесу жоспарлары, ШҚО ТЖД жұмыс тобымен 2013 жылғы 22-28 сәуір аралығында Ресей Федерациясына барған сапар барысында түзетіліп келісілді.

Қазақстан мен Ресейдің аумақаралық ынтымақтастығы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен 2013 жылғы 16 мамырда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ Морозовка филиалының Полянка орманшылығы шекарасының аумағында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Орман өрттерін сөндірумен байланысты трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша өрт тактикалық оқу-жаттығуға Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ бастығының орынбасары ішкі қызметтің полковнигі П.Н. Тютюниктің және РФ Алтай өлкесінің өңірлік басқармасының орманды қорғау бойынша бөлімінің бастығы В.А.Зверовтың басшылық етуімен шекаралас аумақтарының РФ Алтай өлкесінің орман басқармасы, Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ММ бөлімшелері қатысты.

2013 жылғы 20 мамырда Департамент қызметкерлері ДИПЕКО 7 бағдарламасын жүзеге асырудың 1 кезеңін талқылау бойынша жұмысына қатысты.

2013 жылғы мамыр айынының 14-19 аралығында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының базасында «Шаруашылық объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» атты {алықаралық-ғылыми семинардың жұмысына қатысты.

Семинарға белсене қатысқаны үшін Өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызметтің подполковнигі К.В. Боровиков ТЖ министрінің бұйрығымен ынталандырылды.



Министрліктің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс

Барлығы ағымдағы кезеңде 1210 сөз сөйленді, оның ішінде: радио бойынша-633 материал, теледидар бойынша-167 бейнематериал, баспасөзде 410 мақала жарық көрді.

ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктері сайттарының «ТЖ» айдарына қаладағы, аудандардағы шұғыл жағдайлар туралы, бөлімшелерде өткізілген іс-шаралар туралы материалдар күнделікті мемлекеттік және орыс тілдерінде жолданады. ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД, ақпараттық агенттіктер сайттарына 370 мақала жіберілді.

Интернет қорын кең ауқымда пайдалану үшін ҚР ТЖМ бөлімшелері қызметін жариялауда Баспасөз қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде жұмыс атқарылады. Twitter мен YouTube аккуантарында тіркелген.

2013 жылы ТЖ министрлігінің және облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қазақстан-Өскемен» арнасында, сонымен қатар облыстық кабельді жүйесінде (КТВ-6, 31 арна Семей, Алва ТВ, Зырянвск ТВ телеарналарында) маусымды ТЖ алдын алу бойынша бейнероликтерді үнемі көрсету ұйымдастырылды. Бүгінгі күні «Назар аударыңыз, су тасқыны», «Табиғи өрттер», «Суға түсу маусымындағы судағы қауіпсіздік», «Терек мамықтары», «Жазғы демалыстар» атты материалдар көрсетілді.

ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы 103456 дана жаднама, толық түсті А2 форматындағы 2333 дана плакат шығарылды.

Департамент қызметкенрлері ТЖ алдын алудағы өзекті мәселелер бойынша «Қазақстан-Өскемен» арнасындағы 14 тікелей эфирге қатысты.

2013 жылы ШҚО ТЖД қызметкерлерімен ермексаздан «Қарлы борасын, онда әрекет ету» атты 4 мультипликациялық фильмдер жасалды.

Жыл басынан бастап ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің видео кешенінде мына тақырыптар бойынша 4 видеофильмдер жасалды: «Саламатты Қазақстан» Диагностикалық пойызы», «Халықаралық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары», Ресей «Ка-226Е» вертолетының презентациясы», «Шығыс аймағы бойынша ҚР ТЖМ V жазғы спартакиядасы».

Мамыр айында барлық аудандарда өрт сөндіру бөлімдері базасында оқушылар арасында жас құтқарушылар жасағы жарыстары өткізілді. Өскемен қаласында жарыстар 2-ӨСБ базасында «ШҚО Қызыл Жарты ай қоғамының» белсене қатысумен өткізілді.

Өскемен қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлерімен балалар үйлері мен қала интернаттары балаларымен жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылған. Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері жыл сайын арнайы жабдықталған үгіт автобустарымен ауыл мектептерін аралау арқылы акция өткізеді. 2013 жылдың 15 шілдесінде ШҚО ТЖД «Жас құтқарушылар мектебі» командасы Беларусь Республикасындағы ТМД елдері жас құтқарушыларының слетіне қатысады.

Өскемен және Семей қалаларының өрт -техникалық орталықтары арқылы балалармен жұмыс белсенді жүргізілді. Бүгінгі таңда орталықтарда 1000 аса адам қамтылған 18 экскурсия өткізілді

ТЖ департаментінің бастамасымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін, ТЖ кезінде әрекет ету шараларын үйрету үшін жергілікті бюджеттен 2 400 000 теңге бөлінді.

Жоспарлау және есеп беру жүйесін жетілдіру

ҚР ТЖМ 2013 жылға арналған Операциялық жоспарының негізінде Департаменттің 2013 жылға арналған жоспары жасалып, ТЖ министрімен бекітілді. ШҚО ТЖ департаментінің жоспары негізінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің жоспарлары әзірленіп, ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді. Жоспарлардың орындалу мониторингі бекітілген мерзімде жүзеге асырылады.

Бөлімшелердің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг жүйесі ұйымдастырылған. Тоқсан сайын құрылымдық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бекітілген нысанда есептерін тапсырады, соның негізінде ШҚО ТЖД жұмыс туралы есебі дайындалады.

2013 жылдың 1 ақпанында ШҚО ТЖД № 24 «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін енгізу туралы» бұйрығы шығып, қағаз түріндегі көшірмесіз тек электрондық форматта ведомствоаралық құжат айналымға сақталу мерзімі 10 жылдық құжаттар есепке алынған құжаттар тізбесі және істер номенклатурасы бекітілді. Жоғарыда аталған бұйрықтарға сәйкес ШҚО ТЖД барлық құрылымдық бөлімшелерінде ЭҚАБЖ жұмыс істей бастады. Құжаттамалау қағидаларының сақталуымен ШҚО ТЖД істер номенклатурасына сәйкес ҚР ТЖМ орталық аппаратына хат-хабар қағаз түріндегі нұсқасыз жіберіледі.

2013 жылдың 14 маусымы жағдайына ҚҚ ж МТДБ 1 923 қызметтік құжат тіркелген, заңды тұлғалардың өтініштері – 1 600, жеке тұлғалардан – 143 өтініш, ҚПҮ белгісі бар құжаттар – 82. 3 363 шығыс құжаты тіркелді, «ҚПҮ» белгісі бар 72 құжат орындалды. Құжаттың орындалуын бақылау күнделікті жүзеге асырылады. Есеп беру кезеңіне құжаттардың орындалу мерзімі бұзылған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кәртішкелерін ай сайынғы түсіру және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» 1-ОЛ нысанындағы тоқсан сайынғы статистикалық есеп ШҚО ТЖД бойынша ЭҚАБЖ арқылы қалыптастырылады, ал ШҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жоғарыда аталған есепті «Тұлғалардың өтініштерін есепке алу» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырып, ШҚО ТЖД-ға ұсынады. Жинақтық түсіру және есеп ҚР БП ШҚО бойынша ҚС ж АЕКБ-ға бекітілген мерзімде ұсынылады.

2013 жылдың 22 қаңтарында ШҚО ТЖД Орталық сараптамалық комиссиясының (бұдан әрі ОСК) 2013 жылға арналған жұмыс жоспары дайындалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 26 ақпанында ОСК бірінші отырысы өткізілді. Хаттамасы дайындалып, орындалу және жұмыста басшылыққа алу үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жіберілді. ӨСК екінші отырысын өткізу 2013 жылдың 26 маусымына жоспарланған. Отырыс жүргізу тәртібі дайындалды.

ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 01 наурыздағы бұйрығымен ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағатына 2010-2011 жылдардағы істерді тапсыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының құрамы және істерді тапсыру кестесі бекітілді, соған сәйкес 2013 жылдың 11 наурызынан бастап ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінен құжаттар қабылданады. Есеп беру кезеңіне ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерден тұрақты сақталатын, уақытша сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттар қабылданды.

ШҚО ТЖД номенклатурасы «ШҚО мемлекеттік мұрағат» КМК келісілді, 2013 жылғы 22 қаңтарда ШҚО ТЖД бастығымен бекітілді. ҚР ТЖМ нұсқауына сәйкес қағаз түріндегі көшірмесіз, тек электрондық форматта жасалатын ведомствоаралық құжат айналымына жататын, сақталу мерзімі 10 жылдық құжаттары есепке алынып, ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 01 ақпандағы № 24 бұйрығымен қайта бекітілді. 2013 жылға арналған істер номенклатурасының көшірмелері дайындалып, ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелеріне жіберілді. Сонымен қатар ШҚО ТЖД ОСК 2012 жылғы 15 қарашадағы № 4 хаттамасымен келісілген ШҚО ТЖД қалалар мен аудандардың ТЖ басқармалары мен бөлімдерінің Үлгілік және Тұрпатты істер номенклатурасы дайындалды, Шығыс Қазақстан облысының сараптамалық - тексеру комиссиясының 2013 жылғы 16 мамырдағы № 9 хаттамасымен, ШҚО ТЖД бастығымен 2013 жылғы 27 мамырда бекітілді. қазіргі уақытта ШҚО Мемлекеттік мұрағатына келісуге табысталды. Үлгілік және Тұрпатты істер номенклатурасы ТЖ басқармалары мен бөлімдеріне нақты істер номенклатурасын дайындау үшін берілді.

2013 жылғы 14 маусым жағдайына ШҚО ТЖД ведомстволық мұрағатымен құрылымдық бөлімшелерге жұмыс үшін 154 іс берілген, құрылымдық бөлімшелердің ауызша өтінімі бойынша құжаттардан 211 үзінді мен көшірме дайындалды.



Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану және пайдалану

2013 жылдың жартыжылдығы ішінде ай сайын құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейіне бақылау жүзеге асырылды, бұл мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстың басты бағытының бірі болып табылады, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты орындау бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне кеңестер берілді. Мемлекеттік тілде орындалған 652 парақтағы құжаттарға редакциялық - лингвистикалық сараптама жүргізілді.

Құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен және қызметкерлерімен тікелей орындарда іс жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерде түсіндіру жұмысы жүргізілді, мемлекеттік тілде өздігінен іс жүргізе алатын қызметкерлер тізімі жасалды, атқарылған жұмыс қорытындылары басшылыққа жеткізілді. ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 01 ақпандағы №23 бұйрығымен ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тағайындалды.

ШҚО ТЖД ҚҚ ж МТДБ мемлекеттік тілге жауапты маман жеке бөлмемен, компьютермен жабдықталған (ШҚО ТЖД барлық компьютерлерінде қазақ шрифті бар, мемлекеттік тілдегі мәтіннің орфографиясын тексеру бағдарламалары жоқ, екі компьютерде «Сөзкөмек 40 BIMASH» лицензиялық сөздігі, «Kazdikt» электрондық сөздігі орнатылған).

2013 жылдың 22 қаңтарында ШҚО ТЖД «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын жүзеге асыруды бақылау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі ТЖК) жұмыс жоспары бекітілді. 2013 жылдың 20 ақпанында мемлекеттік тілді оқыту бойынша курсты ұйымдастыру және қызметкерлердің сабаққа баруын бақылау мәселелері қарастырылды. Отырыс хаттамасы орындау және жұмыста пайдалану үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне таратылды.

2013 жылы ШҚО ТЖД қызметкерлерін оқытуға -864 мың теңге бөлінді.

Бөлімшелердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік тілді оқытуға жататын қызметкерлердің саны анықталды. Қызметкерлердің білімдерін анықтау және оларды деңгейлері бойынша топтарға бөлу бойынша оқыту ұйымдарымен алдын ала жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша қызметтерге арналған 2013 жылғы 26 ақпандағы № 24, 2013 жылғы 28 ақпандағы № 27, №28, № 29, №30, № 31 келісімшарттардың және «Қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту туралы» ШҚО ТЖД 2013 жылғы 07 наурыздағы № 50 бұйрығының негізінде мемлекеттік тілге оқыту басталды, облыс бойынша барлығы 2013 жылы мемлекеттік тілді 49 адам оқуда.

2013 жылдың 4 ақпаны мен 9 ақпаны аралығында ҚҚ ж МТДБ қызметкері Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Ілеспе аударма теориясы мен тәжірибесі» атты біліктілік арттыру курсынан өтті.

Осылайша 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент жоспарланған барлық іс-шаралардың кешені атқарылды, олардың дер кезінде және сапалы орындалуы ТЖ және оқиғалардың жағымсыз салдары бойынша көрсеткіштің төмендеуіне ықпалын тигізді.

Алайда, объективті талдау көрсеткендей, облыс аумағында әлі де адамдар құрбан болуда, оның ішінде өрттегі балалар өлімінің 3 фактісі (Семей-1, Бородулиха -1, Зырян -1) тіркелді.

Су тасқынына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдары құралымдарының (Глубокое, Ұлан, Катонқарағай аудандарында) авариялар салдарын жоюға дайын еместігі анықталды. Ұқсас жағдайлар табиғи зоналардағы өрттердің қайта жануы мен сөндіруді ұйымдастыру кезінде де анықталады. Бүгінгі таңда табиғи зоналардағы өрттердің қайта жануы мен сөндіруге «ӨСжАҚЖҚ» ММ 32 бірлік техникасы, 144 жеке құрамы және барлығы -3 бірлік техникасы, ұйымдастырылған тұрғындардың 10 адамы қатысты.

Атқарылған жұмысты, анықталған кемшіліктерді, ТЖ маусымдылығын назарға ала және қорытындылай келе 2013 жылдың 3 тоқсанында орындауы басымды негізгі іс-шаралар:



  1. ҚР ТЖМ Операциялық жоспарын, ҚР ТЖМ Алқа қаулыларын, Министрлік басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын, Департаментің жұмыс жоспарын толық және бұлжытпай орындау.

2. «Қазақстан Республикасның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына байланысты жергілікті атқарушы органдардан берілетін функцияларды орындауды қйымдастыру.

3. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық

бірлестіктермен тығыз әрекеттесе отырып, өртте адамдардың құрбан болуының алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру.


  1. Авариялық-құтқару құралымдары, объектілердің өртке қарсы мемлекеттікемес құралымдары және мемлекеттік мекемелермен нақты әрекеттестікті ұйымдастырып, олардың дайындығына бақылау жасау.

5. Жаз маусымының басталуына байланысты табиғи аймақтарда, елді мекендерде өрттердің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру.

6. Суға шомылу маусымында облыстағы су айдындарында адамдардың



өлімінің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру.

ШҚО ТЖД




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет