Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2014 жылғы 1 тоқсандағы жұмысының қорытындысы туралы есебі



Дата09.07.2016
өлшемі59.38 Kb.
#187263
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

2014 жылғы 1 тоқсандағы жұмысының қорытындысы туралы

ЕСЕБІ

Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы ҚР заңнамаларына, ҚР ТЖМ, ҚР ТЖМ ӨҚК бұйрықтарына (нұсқауларына), ҚР ТЖМ Операциялық жоспарына және ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының негізінде, Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспары бойынша ҚР ТЖМ алқа шешімдерін, бастық жанындағы кеңес хаттамаларын, облыстық кеңес хаттамаларын орындау бойынша жүргізілді.

Көкпекті аудандық ТЖБ жұмыс жоспарына сәйкес, басты стратегиялық міндеттер ретінде келесі бағыттар айқындалды:

-АҚ жүйесін дамыту, түрлі қарқындылықтағы даулар болған жағдайға, төтенше жағдайларда, тиімді күштер мен материалдық ресурстарды құру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-алдын алу және төтенше жағдайлардың салдарының ауырлығын азайту.

ҚР ТЖМ 2014 жылға арналған Операциялық жоспарына және ШҚО ТЖД 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына, ҚР ТЖМ алқа шешімдеріне сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды орындау туралы есептер, шығын болған жағдайда оны азайту туралы шаралар дер кезінде орындалып жатыр, жоспарланған шаралар орындалды.

Осы уақыт мерзімінде Көкпекті аудандық ТЖБ жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық бойынша заңдылықты, Ар-намыс кодексін бұзу, басқа да жағымсыз әрекеттерге бару орын алған жоқ. 2014 жылдың 1 тоқсанында қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік техникасын бұзып, жарақаттану жағдайлары болған жоқ.

2014 жылдың 1 тоқсанындағы төтенше жағдайлар мен оқиғалардың шұғыл жағдайы келесідей болды:

2014 жылдың 1 тоқсанында тұрғын секторында орын алған 5 өрт, 1 өрт ретінде есепке алынбайтын жағдай тіркелді.2014 жылдың 24 ақпанында Көкпекті ауданының Самар селолық округінің Самар ауылында, Белое селолық округінің Белое ауылында, Миролюбовка селолық округінің Миролюбовка, Раздольное ауылдарында 2 баллдық күші бар, магнитудасы 4,2, тереңдігі 5 км жер сілкінісі болды. Жараланған және адам өлімі болған жоқ. Құрылыстардың, үйлердің бүлінуі, құлауы, болған жоқ. Болған оқиғалардың негізгісі өрттерге келеді – 5 жағдай, материалдық шығын 125000 теңгені құрайды. 2014 жылдың 28 наурызы бойынша Көкпекті ауданында 5 өрт тіркелді, оның 5-не ҚР ҚК 256 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы ҚР ҚПК 185 бабы бойынша шешім шығарылды. Өртке әкеліп соқтырған, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде айыппұл 3 адам 11112 теңге көлемінде, ескерту – 3 тұлға.

2014 жылдың 1 тоқсанында Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көкпекті аудандық әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудандағы аса қауіпті орындар мен гидротехникалық құрылымдарға 2014 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша тексеру жүргізілді. Су тасқыны кезеңінде ТЖ болдырмау мақсатында Көкпекті ауданының әкімімен 2014 жылдың 10 ақпанында «Су тасқынына қарсы 2014 жылдың көктем кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №27 шешімі қабылданды. Осы Қаулыға сәйкес, ауылдық округ әкімдері мен аудан ұйымдары мен мекемелеріне тапсырмалар берілді. Әрбір ауылдық округте су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген. ТЖ болған жағдайда шаруашылық нысандарымен техника бөлу, жеке құрам бөлу, азық-түлік бөлу бойынша келісімдер жасалған.

Көкпекті аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия жұмыс жоспары бар. Аудандық әкімдіктің жауапты мамандарынан құрылған кезекшілік кестесі бекітілген. Көкпекті аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын құлақтандыру сызбасы жетілдірілген.

Көкпекті ауданында 7 гидроқұрылым бар, оның 6 «Шығыс су қоймалары» КМК иелігінде, «Бектемір» су қоймасы Белое селолық округінің иелігінде. 2014 жылдың 28 наурызы бойынша олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда.

Көкпекті ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға 5 млн. теңге бөлінген, сонымен қатар 5 млн. теңге материалдық резерв бар.

2014 жылдың 27 ақпанында сағат 10.00-де Көкпекті аудандық әкімдігінің кең отырысы өткізілді, күн тәртібінде селолық округ әкімдерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды. 2014 жылдың 27 ақпанында сағат14.30-да Көкпекті аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Осы отырыста Көкпекті аудандық ТЖБ бастығы Қ. Слямбеков су тасқынына қарсы іс шаралар бойынша, ШҚО ТЖД СҚҚ Көкпекті ауданы бойынша әдіскері С. Тлебалдин селолық округ аумақтарындағы мұз өткелдерінің жағдайы туралы баяндама жасады.

«Көктем-2014» республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізу аясында Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен 2014 жылдың 28 ақпан күні Самар ауылында «Лайлы су қоймасындағы судың көтерілуі салдарынан болған төтенше жағдайларды жою және су басу қаупі бар аудандарды эвакуациялау жүргізу. Тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарында болуы мүмкін апаттар мен өрттерді жою» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді.

Жаттығуға келесі АҚ құрылымдарының күштері мен құралдары қатысты:

Құлақтандыру (Көкпекті АТТ) 1/9/1

Өртке қарсы (ӨҚҚ) 1/6/2

Медициналық («№2 медбірлестік КМҚК») 1/3/1

Қоғамдық тәртіпті қорғау (Самар полиция бөлімшесі) 1/6/2

Автокөлік (ӨЖБ-6 «Облшығысжол» КМК) 1/7/3

Энеергетикалық (Көкпекті АЭС Самар тізбегі) 1/7/1

Инженерлік (ДСУ-14 ЖШС) 1/5/2

Сауда қызметі (Самар селолық округі) 1/12/2

Шаруашылық нысандары:

-Агротехникалық колледж 1/3/1

-Болғанбаев ат. орта мектеп 1/5/1

-ДСУ-14 ЖШС 1/2/2

-Самар бастауыш мектебі 1/5/1

-Көкпекті аудандық ТЖБ 1/3/1

-Көкпекті аудандық әкімдігінің «Самар» ШЖҚ КМК

Фотоматериалдар ШҚО ТЖД АҚБ-на ұсынылды. Жаттығу жүру барысы «Көктем-2014». Тактикалық жаттығулар тақырыбында аудандық «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттерінде 2014 жылдың 6 наурызында №20 мақаласы болып шықты.

Ағымдағы жылы Көкпекті аудандық ТЖБ ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың іс әрекеті бойынша Көкпекті аудандық әкімдігімен бірлесіп, Көкпекті ауданының АҚ және ТЖ құрылымдарымен, кәсіпорындарымен және ұйымдарымен бірлесіп 2 штабтық жаттығу, 1 тактикалық-арнайы жаттығу, 1 республикалық-командалық штабтық «Көктем-2014» жаттығуын жүргізді.

2014 жылдың 1 тоқсанында АҚ саласында және өрт қауіпсіздігі саласында талаптардың орындалуы бойынша 14 тексеру жүргізілді. Мемлекеттік өрт бақылау желісі бойынша ТЖБ қызметкерлерімен 2014 жылдың 3 айында Көкпекті ауданындағы 11 нысанға ӨТТ жүргізілді (оның ішінде жоспарлы – 3, жоспардан тыс – 2, басқа тексерулер -6). Қорғаныс министрлігінің нысандарын тексеру ұйымдастырылып, тексерілді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 14 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 90748 теңге көлемінде 11 айыппұл салынды.

АҚ талаптарын сақтау бойынша 3 нысан тексерілді, ҚР ӘҚБК 504 бабы бойынша 40744 теңгеге 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

2014 жылдың 1 тоқсанында шұғыл әрекет ету жасағының су тасқыны салдарын жою бойынша 1 жаттығуы өткізілді. Аудандық күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына сәйкес, ТЖ болған жағдайда дабыл бойынша ТЖ жоюға қатысатын ұйымдардың күштері мен құралдарын дер кезінде жинау өткізілді.

2014 жылдың 1 тоқсанында Көккпекті аудандық ТЖБ және 58,35 ӨСБ жеке құрамымен тұрғын секторында адам өлімі мен өрттерді болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. ӨСБ жеке құрамымен кезекшіліктен тыс уақытта тұрғын секторында жадынамалар тарату жүргізілді,5237 адамды қамти отырып, 2319 жадынама таратылды. Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлері Көкпекті аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп тұрмысы төмен отбасылар бойынша 2 рейд жүргізді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпсіздігі және ТЖ тақырыптарында 4 мақала жарияланды.

Аудан Әкіміне, аудандық прокуратураға, ұйым басшыларына төтенше жағдайларды алдын алу туралы 8 ақпарат ұсынылды.

Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен 2014 жылдың 1 тоқсанында Көкпекті ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында 13 адамды қамти отырып, 6 нұсқаулық, 857 адамды қамти отырып, 35 дәріс өткізілді. Самар ауылының №35 ӨСБ-де Болғанбаева атындағы орта мектебінің оқушыларына экскурсия өткізілді және оқушыларға 2011жылыдың 11 наурызындағы Жапония мемлекетінде болған жер-сілкініс туралы фильм көрсетілді.



Көкпекті аудандық ТЖБ Көкпекті ауданының қоғамдық өміріне белсене қатысады. 2014 жылдың 1 тоқсанында Көкпекті аудандық ТЖБ және №58 ӨСБ «Нұр Отан» партиясының 15-жылдығына арналған көркемөнерпаздар ұжымының байқауына қатысып, «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттеріне 2014 жылы 23 наурызда №25 нөмірмен «Кең әсер қалдырды» атты мақала арқылы жақсы қырынан аталды. 2014 жылдың 22 наурызында Көкпекті аудандық ТЖБ және №58 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Наурыз» мерекесін тойлауға қатысып, орталық алаңда киіз үй құрып, «Үздік киіз үй», «Үздік салт дәстүр», «Үздік ұлттық дастархан» номинациялары бойынша сайысқа қатысып, Көкпекті аудандық әкімдігінің алғыс хатына және бағалы сыйлыққа ие болды.

Көкпекті аудандық ТЖБ-да штат бойынша 4 адам, 4 адам жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет