Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесiлiлiгi нормаларын бекiту


IV-I тарау Оқу орындары курсанттарының киiм нысаны



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі286.5 Kb.
#2466
1   2   3   4   5

IV-I тарау
Оқу орындары курсанттарының киiм нысаны

      Ескерту. Сипаттама IV-I-тараумен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.

      а) Парадтық, парадтық-салтанатты киiм нысаны
      Парадтық-салтанатты киiм-кешектiң жазғы топтамасы:
      - басқа киiлетiн жерi қара қоңыр қорғаныш түстi, қара қоңыр қорғаныш түстi фуражка, кокарда, қайысы лактанған қара түстi;
      - төрт түймемен түймеленетiн, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгiсi бар ашық iлмелi өңiрлi жеңдiк белгiлерi бар қара қоңыр қорғаныш түстi китель;
      - жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
      - ақ түстi жейде;
      - қара түстi қонышсыз былғары бәтеңке;
      - қара түстi галстук;
      - ақ түстi парадтық белдiк;
      - «К» әрпi бар алтын түстес иық белгiлерi;
      (56-1-сурет)
      Парадтық-салтанатты киiм-кешектiң қысқы топтамасы:
      - алтын түстес кокардасы бар қара көк түстi құлақшын-бөрiк;
      - қара қоңыр қорғаныш түстi драптан тiгiлген, цигейкадан тiгiлген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетiн, екi жағында ойып тiгiлген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
      - төрт түймемен түймеленетiн, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгiсi бар ашық iлмелi өңiрлi жеңдiк белгiлерi бар қара қоңыр қорғаныш түстi китель;
      - жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
      - ақ түстi жейде;
      - қара түстi галстук;
      - ақ түстi мойыншалғы;
      - парадтық ақ түстi белдiк;
      - «К» әрпi бар алтын түстес иық белгiлерi;
      (56-2-сурет)

      б) Күнделiктi киiм нысаны


      Күнделiктi киетiн киiм-кешектiң жазғы топтамасы:
      - басқа киiлетiн жерi қара қоңыр қорғаныш түстi, қара қоңыр қорғаныш түстi фуражка, кокарда, қайысы лактанған кара түстi;
      - төрт түймемен түймеленетiн, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгiсi бар ашық iлмелi өңiрлi жеңдiк белгiлерi бар қара қоңыр қорғаныш түстi китель;
      - жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
      - қорғаныш түстi жейде;
      - қара түстi қонышсыз былғары бәтеңке;
      - қорғаныш түстi галстук;
      - «К» әрпi бар алтын түстес иық белгiлер;
      (56-3, 56-4-суреттер).
      Күнделiктi киетiн киiм-кешектiң кысқы топтамасы:
      - алтын түстес кокардасы бар қара көк түстi құлақшын-бөрiк;
      - қара қоңыр қорғаныш түстi драптан тiгiлген, цигейкадан тiгiлген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетiн, екi жағында ойып тiгiлген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
      - төрт түймемен түймеленетiн, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгiсi бар ашық iлмелi өңiрлi жеңдiк белгiлерi бар кара қоңыр қорғаныш түстi китель;
      - жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
      - қорғаныш түстi ұзын жеңдi жейде;
      - қорғаныш түстi галстук;
      - қара түстi жылы қолғап;
      - қара қоңыр қорғаныш түстi мойыншалғы;
      - «К» әрпi бар қорғаныш түстес иық белгiлер (56-5-сурет)

      в) Далалық киiм-кешек нысаны


      Далалық киiм-кешектiң жазғы топтамасы:
      - қорғаныш түстi кокардасы бар бүркеме түстi мақта-матадан тiгiлген далалық фуражка;
      - далалық күрте және бүркеме түстi мақта-матадан тiгiлген тiк пiшiмдi шалбар;
      - қара түстi қонышы биiк бәтеңке;
      - далалық құралдар (белдiк және баулар);
      - сержанттық далалық сөмке;
      - бүркеме түстi «К» әрпi бар алмалы-салмалы далалық иық белгiлер;
      (56-6-сурет).
      Далалық киiмдердiң қысқы топтамасы:
      - қара көк түстi цигейкадан тiгiлген құлақшын-бөрiк;
      - бүркеме түстi жеңдiк белгiлерiмен терiден тiгiлген алмалы-салмалы жағасы бар далалық жылы астарлы күрте және бүркеме түстi тiк пiшiмдi жылы шалбар;
      - қара түстi қонышы биiк жылы бәтеңке;
      - қара түстi жылы қолғап;
      - қара қоңыр қорғаныш түстi мойыншалғы;
      - қоңыр түстi белбеу;
      - бүркеме түстi «К» әрпi бар алмалы-салмалы далалық иық белгiлер;
      (56-7-сурет).
      г) Жұмысқа киетiн киiм-кешек нысаны Жазғы жұмысқа киетiн киiм-кешек нысаны:
      - қара қоңыр қорғаныш түстi мақта-матадан тiгiлген костюм (кепкесi бар күрте және балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар);
      - футболка;
      - қара түстi қонышы биiк бәтеңке (56-12-сурет).
      Қысқы жұмысқа киетiн киiм нысандары:
      - қара-кек түстi жасанды терiден тiгiлген алмалы-салмалы жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түстi мақта-матадан тiгiлген жылы күрте;
      - мақта-матадан тiгiлген қара қоңыр қорғаныш түстi жылы шалбар;
      - қара түстi қонышы биiк жылы бәтеңке (56-9-сурет).     

V тарау
Айырым белгiлерiнiң сипаттамасы

       Ескерту. V тараудың мәтiнiндегi "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      Айырым белгiлерi иық белгiлерден, кокардалардан нышандық белгiлерден (эмблемалардан), жеңдегi белгiлерден, бас киiмдердегi тiгiстерден тұрады және атағына әрi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына тиiстiлiгiн айқындау үшiн пайдаланылады.
      Иық белгiлерi парадтық, парадтық-салтанатты, күнделiктi және далалық болып белгiлендi.
      Иық белгiлерiнiң негiзiнде берiлген атаққа және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тиiстiлiгiне сәйкес бес бұрышты жұлдыз және жұлдызшалар бейнелерi орналасады, бүркiт, әрiптер бейнеленедi.
      Иық белгiлердiң өлшемi: жапсырма иық белгiлердiң ұзындығы - 13 сантиметр, енi - 5 сантиметр; алмалы-салмалы иық белгiлердiң - ұзындығы 10 сантиметр, төменгi шетi бойынша енi 5,8 сантиметр, жоғары енi бойынша 5,5 сантиметр.
      Жапсырма тiгiлген және алынып-салынатын иық белгiлерiнiң негiзi - ұлттық өрнекпен кестеленген тоқыма матадан жасалады.

Иық белгiлерiнiң сипаттамасы

       1. Жоғары басшы құрамының иық белгiлерi (генералдардың).

       а) Парадтық және парадтық-салтанатты иық белгiлер
      Генералдың иық белгiлерiнде диаметрi 22 мм жұлдызшалар алтындатылған 5 пайызы зер жiппен кестеленген, бүркiт пен бұлықтары бар. Иық белгiлерiнiң негiзi: парадтық алтын түстес, парадтық-салтанатты сұр түстес. Иық белгiлерiнiң сыртқы периметрi бойынша күрең түстi бұлықтары өтедi. Жұлдызшалар күрең түстi жiбекпен көмкерiлген. Парадтық-салтанатты мундирдiң иық белгiлерi қандай болса, сұр түстi пальтоның иық белгiлерi де осындай болып келедi.
      Ақ жейденiң иық белгiлерiнiң негiзi ақ түстi өрнегi алтын түстес (57-сурет);

      б) Күнделiктi иық белгiлер


      Иық белгiлерiнiң бұлықтары алтындаған зер жiппен кестеленген. Иық белгiлерiнiң негiзi-қорғаныш түстi тоқыма матадан тiгiлген, қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген (57-сурет).
      Алтын түстес өрнегi бар қызғылтым жейденiң иық белгiлерiнiң негiзi қорғаныш түстi (57-сурет).
      Қорғаныш түстi жемпiрдiң негiзi қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген (57-сурет).

      в) Далалық иық белгiлер


      Иық, белгiлерiнiң негiзi бүркеме түстi тоқыма матадан тiгiлген. Иық белгiлерiнде бүркiт пен жұлдызшалар бейнеленген. (58-сурет).

      2. Аға және орта басшы құрамның (офицерлердiң) иық белгiлерi

       а) Парадтық иық белгiлер
      Алтын түстес матадан тiгiлген, ұлттық өрнегiмен, бұлықтарымен бейнеленген және жолақтары (көлденең жолақтары) күрең түстi. Аға басшы құрамның иық белгiлерiнде диаметрi 20 мм жұлдызшалар орналасқан және екi көлденең жолақтар, орта басшы құрамның иық белгiлерiнде диаметрi 15 мм жұлдызшалар және бiр көлденең жолақ. Жұлдызшалар саны әскери атағына сәйкес келедi. Көлденең жолақтардың енi - 5 мм, ұзыны - 27 мм. Иық белгiлерiнiң жоғарғы жағында диаметрi - 14 мм алтын түстес нысанды түйме орналасады, түймеден төменiрек мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нышандық белгiсi (эмблемасы) орналасады (кительден басқа) (59-сурет).
      Ақ жейдедегi - иық белгiлерiнiң үстi ақ түстi тоқыма матадан. Бұлықтары, көлденең жолақтары, ұлттық өрнектерi, жұлдызшалары, түймелерi және нышандық белгiлерi салтанаттық киiмдердiң иық белгiлерiндей (59-сурет).

      б) Күнделiктi киетiн иық белгiлер


      Иық белгiлерiнiң үстi қорғаныш түстi тоқыма матадан тiгiлген. Алтын түстес сызығы бар қара-қорғаныш түстi өрнек. Бұлықтары мен көлденең жолақтары күрең түстес. Жұлдызшалары, түймелерi, нышандары парадтағы иық белгiлерiндей (60-сурет).
      Қорғаныш түстi жемпiрдiң негiзi қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген. Бұлықтары мен жолақтары күрең түстi (61-сурет).

      в) Далалық иық белгiлер


      Бүркеме түстес, муфта пiшiндi, иық белгiлерi тоқыма, өрнексiз және бұлықтарысыз жасалады. Иық белгiлерiнiң негiзiнде қара түстi жұлдызшалар мен көлденең жолақтар бейнеленедi (62-сурет).

      3. Кiшi басшы құрамның иық белгiлерi

      а) Парадтық иық белгiлер
      Иық белгiлерiнiң негiзi алтын түстес тоқыма матадан тiгiлген және бұлықтары аға және орта басшы құрамның иық белгiлерiндей. Ұлттық өрнегi алтын түстес.
      Иық белгiлерiнде диаметрi 14 мм алтын түстес нысанды түйме және диаметрi 15 мм алтын түстес жұлдызшалар немесе алтын түстес үшбұрыштар бейнелерi орналасады. Үшбұрыштар атағына сәйкес келедi. (63-64-суреттер). Жейденiң иық белгiлерi, офицерлiк иық белгiлерiндей (63-64-суреттер).

      б) Күнделiктi киетiн иық белгiлер


      Иық белгiлерiнiң негiзi қорғаныш түстi тоқыма матадан тiгiлген. Алтын түстес сызығы бар өрнек қара-қорғаныш түстi. Бұлықтары күрең түстi. Жұлдызшалары, түймелерi, нышандары парадтағы иық белгiлерiндей (63-64-суреттер).
      Қорғаныш түстi жемпiрдiң негiзi қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген. Бұлықтары күрең түстi және алтын түстес үшбұрыштар (65-сурет).

      в) Далалық иық белгiлер


      Бүркеме түстес, муфта пiшiндi, иық белгiлерi тоқыма, өрнексiз және бұлықтарысыз жасалады. Иық белгiлерiнiң үстiнде қара түстi жұлдызшалар немесе үшбұрыштар бейнеленедi (62-сурет).

      4. Оқу орындары курсанттарының иық белгiлерi

      а) Парадтық иық белгiлер
      Сары түстi иық белгiлерiнiң негiзi алтын түстi тоқыма матадан тiгiлген, «К» әрпiмен күрең түстi жолақтары бар сары түстi иық белгiлер, ұлттық өрнегi алтын түстес, иық белгiлерiнде алтын түстес диаметрi 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
      - старшиналарда - бiр жалпақ жапсырма және үстiнен бiр жiңiшке жапсырма;
      - аға сержанттарда - бiр жалпақ жапсырма;
      - сержанттарда - үш жiңiшке жапсырма;
      - кiшi сержанттарда - екi жiңiшке жапсырма.
      (74-сурет)
      Қатардағы курсанттардың иық белгiлерiнде атағы бойынша айыру белгiлерi көрсетiлмейдi.
      б) Ақ түстi жейдеге иық белгiлер
      Ақ түстi иық белгiлерiнiң негiзi ақ түстi тоқыма матадан тiгiлген, «К» әрпiмен күрең түстi жолақтары бар ақ түстi иық белгiлер, ұлттық өрнегi алтын түстес, иық белгiлерiнде алтын түстес диаметрi 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
      - старшиналарда - бiр ендi жапсырма және үстiнен бiр енсiз жапсырма;
      - аға сержанттарда - бiр ендi жапсырма;
      - сержанттарда - үш енсiз жапсырма;
      - кiшi сержанттарда - екi енсiз жапсырма (75-сурет).
      в) Күнделiктi киетiн иық белгiлер
      Иық белгiлерiнiң негiзi қара қоңыр қорғаныш түстi тоқыма матадан тiгiлген, «К» әрпiмен күрең түстi жолақтары бар иық белгiлер,  атағына сәйкес жапсырмалар парадтық иық белгiлерiндей. Алтын түстес сызығы бар ұлттық өрнегi қара қоңыр қорғаныш түстi. Иық белгiлерiнде алтын түстес диаметрi 14 мм нысандық түйме орналасады. Жапсырмаларды орналастыру парадтық иық белгiлерiндегi сияқты (7-сурет).
      г) Далалық иық белгiлер
      Иық белгiлерi тоқыма матадан, муфта сияқты, бүркеме түстi «К»  әрпi бар, жапсырмалар атағына сәйкес (76-сурет).
      Ескерту. V-тарау 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.

Жеңдiк белгiлердiң, бейдждердiң және
кеудедегi жапсырмалардың сипаттамасы

       a) жеңдiк белгiлер


      Жоғары, аға, орта және кiшi басшы құрамның, жеңдiк белгiлерi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қатыстылығын анықтау үшiн пайдаланады.
      Жеңдiк белгiлер геометриялық кескiндерi, көрсетiлген бейнелердi, мәтiн жобалары мен түрлердi қиыстыруды өзара ажырататын стандартты тоқыма матадан тiгiлген оқалы белгiлердi көрсетедi.
      Жеңдiк белгiлер мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысанды киiмдерiнiң бiр бөлiгi болып табылады және қыстық, жаздық, далалық, күнделiктi киетiн, салтанаттық, салтанатты-парадтық киiм нысандарының сол және оң жеңдерiнiң сыртқы жағында белгiленген орындарда орналасады.
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң жеңдiк белгiлерi қалқан түрiндегi тоқыма матадан тiгiлген оқалы белгiлердi көрсетедi және орталық бөлiгiнде көгiлдiр түстес жер шарының стильдi бейнесi бар.
      Жер шарының ортасында табиғат құбылысы, оның ортасында қызғылт сары iстес дөңгелек, оның iшiнде қара-көгiлдiр үшбұрыш бейнеленген. Жоғары бөлiгiнде - "ҚАЗАҚСТАН" жазуы бар, төменгi бөлiгiнде алтын түстес қалықтаған бүркiт бейнеленген, оның астында "ТЖА" жазуы бар. Парадтық нысанға арналған "ТЖА" жазуы жеңдiк белгiлерiнiң үстi барқын көгiлдiр түстес, күнделiк киетiн нысандағы киiмдерге арналғаны қара-қорғаныш түстес (67-сурет).
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң жеңдiк белгiлерi сол қолының сыртқы жағында болады.
      Жоғары, аға және орта басшы құрамның мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қатысы бар жеңдiк белгiлерi қалқан түрiндегi тоқыма матадан тiгiлген оқалы белгiнi көрсетедi және орталық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңба бейнесi бар. Елтаңбадан жоғары бөлiкте - "ҚАЗАҚСТАН" жазуы, жеңдiк белгiнiң төменгi бөлiгiнде "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТI" жазулары бар. Салтанаттық нысандағы киiмге арналған - "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТI" жеңдiк белгiсiнiң үстi көгiлдiр барқын түстес, күнделiктi киетiн нысаны қара-қорғаныш түстi (67-сурет).
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының жеңдiк белгiлерi оң қолының сыртқы жағында болады.
      Кiшi басшы құрамның және курсанттардың мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының жеңдiк белгiлерi қалқан түрiндегi тоқыма матадан тiгiлген оқалы белгiнi көрсетедi және орталық бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының үстiнде күн бейнесi мен қалқыған бүркiт, жеңдiк белгiнiң төменгi бөлiгiнде "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТI" бейнеленедi. Салтанаттық және күнделiктi киетiн нысанды киiмге арналған "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТI" жеңдiк белгiлерiнiң үстi қара-қорғаныш түстi (67-сурет).
      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының жеңдiк белгiлерi оң қолының сыртқы жағында болады.
      Ақ түстi жейденiң ақ түстi негiзiне "ТЖМ" және "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТI" жеңдiк белгiлерi жасалады. Қызғылтым түстi жейдеге - жеңдiк белгiнiң негiзi қорғаныш түстi. Далалық нысанға - бүркеме түстi (79-сурет). Жейдеге жеңдiк белгiлерiнiң орналастыру тәсiлi - алмалы-салмалы.
      Генералдар үшiн "ТЖМ" және "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТI" жеңдiк белгiлерiнiң бұлықтары сыртқы периметрi бойынша алтындатылған зер жiппен кестеленген (66-сурет).
      Оқу орындары курсанттарының жеңдiк белгiлерi қалқан түрiндегi тоқыма матадан тiгiлген оқалы белгiлердi көрсетедi және ортасында алтын түстес қалықтаған бүркiт бейнеленген, оның үстiнде алтын түстес балталар мен өрт каскасы бар. Жоғары бөлiгiнде - «Қазақстан» жазуы, төменгi бөлiгiнде «КТИ» әрiптерi бар. Жеңдiк белгi оң қолының сыртқы жағында болады. Парадтық және күнделiктi киетiн нысандағы киiмге жеңдiк белгiсiнiң үстi қара қоңыр қорғаныш түстi. Далалық нысандағы киiмге -бүркеме түстi (78-сурет).
      Оқу курстары бойынша жеңдiк белгiлер қара қоңыр қорғаныш түстi шұғадан жасалған сыртынан жабылатын жерiнде бұрышы төмен қарай орналасқан алтын түстес галуннан үшбұрыштар бейнелерiн көрсетедi. Оқу курсына сәйкес жеңдiк белгiлерде үшбұрыштар орналасады: бiр, екi, үш, төрт, бес, алты - тиiсiнше 1, 2, 3, 4, 5, 6 курстардың курсанттары үшiн. Галунның енi - 10 мм, ұзындығы - 75 мм. Үшбұрыштар арасындағы ара қашықтық 5 мм (79-сурет).
      Ескерту. а) тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.
      б) бейджилер мен кеудедегi жапсырмалар
      алмалы-салмалы төртбұрышты алтын немесе қою сары түстес аты-жөнi қара түстi латын әрпiмен көрсетiлген металлдан немесе пластмассадан жасалған, немесе тоқыма матадан тiгiлген және кительдiң, күнделiктi киетiн күрткенiң, жемпiрдiң, жейденiң кеудедегi оң жақ қалтаның жоғары жағында тағылады (78-сурет).
      "ҚАЗАҚСТАН", "ФАМИЛИЯ", "ҚАН ТОБЫ" кеудедегi жапсырмалар төрт бұрышты нысанды бүркеме түстi жапсырмалар алмалы-салмалы тоқыма матадан тiгiлген болып келедi және бүркеме киiмдерiнiң оң және сол жақ қалтаның жоғары жағында киiледi. Жазбалары латын әрпiмен жазылады (68-сурет).

Кокардалардың, нышандық белгiлердiң (эмблемалардың),
тiгiстердiң сипаттамасы

      Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нышандық белгiлерi алтын түстес түрлi-түстi металлдардың қоспаларынан жасалады және өрт сөндiрушiнiң каскасын қалықтаған бүркiттiң қанаттарымен құшақтаған, өрт сөндiретiн балтаның қиылысқаны бейнеленген (69-сурет).


      Нышандық белгiлер (эмблемалар) кительдiң, жазғы пальтоның, бүркеме күрткелердiң жағасының және жейденiң, пальтоның, күнделiктi киетiн күрткенiң иық белгiлерiнiң оң және сол жағының төменгi бөлiгiнде тағылады.
      Жоғары, аға, орта, кiшi басшы құрамның парадтық-салтанатты және күнделiктi киетiн фуражкаларының төбесi (тульясы) үшiн нышандық белгiлерiнде (эмблемаларында) Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, алтын түстес түрлi-түстi металлдардың қоспаларынан жасалынады (70-сурет).
      Парадтық-салтанатты және күнделiктi киетiн фуражканың, береттiң басқа киiлетiн жерi үшiн кокардада мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нышандық белгiсi (эмблемасы) бар ол көгiлдiр түстi дөңгелекшеде орналасқан, жиектерi алтын түстес сәулелерiмен дөңгелекшеге жиналған, алюминий қоспаларынан жасалынады. Кокардасы алтын түстес алты бұтақшаларымен жиектелiнген (70-сурет).
      Құлақшын, пилотка және құлақшын-бөрiк, кепкалар үшiн кокарда бұтақшаларысыз жиектелiнбей жасалынған. Бүркеме киiм-кешек үшiн кокарда қорғаныш түспен боялған (70-сурет).
      Жоғары, аға және орта басшы құрамы үшiн парадтық белдiк алтын түстес. Кiшi басшы құрамның белдiгi ақ түстес.
      Жоғары басшы құрамның парадтық белдiк тоғасының түрi дөңгелекше және алтын түстес түрлi-түстi металл қоспаларынан жасалынады. Тоғаның ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңба бейнесi бар. Дөңгелекшенiң сыртқы жағында ұлттық өрнек бейнеленген. Тоға биiктiгiнiң көлемi 50 мм, ал енi 43 мм (73-сурет).
      Аға және орта басшы құрамның парадтық белдiк тоғасының ортасында күн оның астында қалықтаған бүркiт бейнеленген. (73-сурет).
      Кiшi басшы құрамның және курсанттардың белдiгi үшiн шытырасының нысаны төртбұрыш, биiктiгiнiң көлемi 53 мм, ал енi 70 мм және алтын түстес түрлi-түстi металл қоспаларынан жасалынады. Шытырында мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нышандық белгiсi (эмблемасы) ойып салынған (73-сурет).
      Нысандық киiм-кешектерi түймелерiнiң диаметрлерi: үлкендерi - 24 мм (генералдар үшiн) және 22 мм (басқалар үшiн), кiшiлерi - 14 мм етiп жасалынады. Түймелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген (73-сурет).
      Парадтық, парадтық-салтанатты мундирдегi және күнделiктi киетiн кительде, парадтық, парадтық-салтанатты фуражкаларда және күнделiктi киетiн киiм-кешектiң тiгiстерi кестеленiп алтындатылған зер жiппен тiгiледi. Парадтық, парадтық-салтанатты мундирдiң жағасында және жеңдерiнде, күнделiктi киетiн кительдiң жағасында лавр жапырақтың және бұлықтары түрiнде кестеленiп тiгiледi (71, 72-суреттер).

Нысандық арнайы киiм кешектерiнiң
Суреттерi

      Ескерту. Бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.



1-сурет.
Генералдардың парадтық жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

2-сурет.
Генералдардың парадтық-салтанатты киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

3-сурет .
Генералдардың күнделiктi киетiн жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

4-сурет .
Генералдардың парадтық қысқы киiм нысандары.
Генералдардың парадтық-салтанатты қысқы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

5-сурет.
Генералдардың күнделiктi киетiн қысқы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

6-сурет.
Генералдардың фуражкадағы күнделiктi киетiн
қысқы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

7-сурет.
Генералдардың пальтодағы парадтық-салтанатты
жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

      Ескерту. 7-сурет алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.



8-сурет.
Генералдардың плащтағы парадтық-салтанатты
жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

9-сурет .
Генералдардың жазғы пальтодағы күнделiктi
киетiн киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

      Ескерту. 9-сурет алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.



10-сурет.
Генералдардың плащтағы күнделiктi киетiн
жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

11-сурет .
Генералдардың күртке мен фуражкедегi күнделiктi
киетiн жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

12-сурет.
Генералдардың жемпiрi мен пилоткедегi күнделiктi киетiн
жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

13-сурет.
Генералдардың қысқа жеңi бар жейдедегi күнделiктi
киетiн жазғы киiм нысандары (тропикаль).
(қағаз мәтiннен қараңыз)

14-сурет.
Генералдардың ұзын жеңi бар ақ жейдедегi
парадтық-салтанатты жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

      Ескерту. 14-сурет алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.



15-сурет.
Генералдардың қысқа жеңi бар ақ жейдедегi
парадтық-салтанатты жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

      Ескерту. 15-сурет алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.15 № 2116 Қаулысымен.



16-сурет.
Генералдардың ұзын жеңi бар жейдедегi
күнделiктi киетiн жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

17-сурет .
Генералдардың қысқа жеңi бар жейдедегi және пилоткедегi
күнделiктi киетiн жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

18-сурет.
Генералдардың далалық жазғы киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

19-сурет .
Генералдардың қысқы далалық киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)

20-сурет .
Офицерлердiң жазғы парадтық және
парадтық-салтанатты киiм нысандары.
(қағаз мәтiннен қараңыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет