Ќазаќстан республикасы


,14-дәріс. Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигиеналық талаптар



бет14/45
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Киім және аяқ киім гигиенасы лекция

13,14-дәріс. Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигиеналық талаптар
Гигиена(грек. hygіeіnos – дені сау) – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым дегенді білдіреді. Адам денесінің 80% киім жауып, өміріндегі ең маңызды функциялардың бірі – қорғаныштық қызмет атқаратындықтан, оған қойылатын гигиеналық талаптардың да қатаң болатыны айдан анық. Оның ең маңызды талаптарына суыққа төзімділік, ішкі қабаттың ылғал сыйымдылығы, пішінінің ыңғайлылығы, жеңілдігі жатады. Киім тігілген матасына да аса мән беріледі.

Киім тағайындалуы, қызметі сияқты критерийлерге байланысты әр түрлі топтарға бөлінеді. Соның бірі – киім пакеті. Ол бірнеше қабаттарға бөлінеді. Қазіргі таңда негізгі компоненттері ретінде келесі қабаттары қарастырылады: 1 қабат – іш киім; 2 қабат – костюмдер мен көйлектер; 3 қабат – сырт киім.

Киім пакетінің компоненттері әр түрлі қызмет атқаратындықтан, олардың тігілетін маталарына да түрлі гигиеналық талаптар қойылады. Бұл өздік жұмысымда осы киім пакетін компоненттерінің қандай қызмет атқаратынын және де оған қойылатын гигиеналық талаптарды қарастырамын.

Киім пакетінің түрлі компоненттері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар

Киім пакетінің бірінші қабаты – іш киім. Бұл қабаттың негізгі физиолого-гигиеналық қызметі – тер мен дененің басқа да бөлінулерін жұту, дененің демалуын қамтамассыз ету. Сондықтан іш киім жасалатын маталардың гигроскопиялық қасиеттері жоғары, гидрофильді, ауа және буөткізгіш болуы керек. Бұл талаптарға табиғи маталар мінсіз сай келеді.

Киімнің екінші қабаты(костюмдер мен көйлектер) жергілікті киімасты климатының оңтайлылығын қамтамассыз ету, іш киімдегі булану мен ауаны жоюға жәрдемдесу және орындалатын жұмыстың бағытына жауап беру. Гигиеналық тұрғыдан алғанда киімнің екінші қабатына қойылатын ең негізгі талап – жоғары буөткізгіштігі. Костюмдердің, жалпы екінші қабат киімдерін өндіруде табиғи да, синтетикалық та материалдарды қолдануға болады. Мата таңдауда сіңіру қасиеттері жетілдірілген, электрленуі төмен, өте жоғары, жылуөткізгіштігі төмен, буөткізгіштік қасиетіне аралас маталарды қолданған(мысалы, жүн мен лавсан араласы) абзал.



Үшінші қабаттың(сырт киім) негізгі функционалдық тағайындалуына – суықтан, желден, ауа райының жағымсыз критерийлерінен қорғау. Бұл қабаттың маталарының жылуөткізгіштігі төмен, желге төзімділігі жоғары, ылғалөткізгіштігі(гигроскопиялығы) төмен, тозуға төзімді болуы керек. Бұл талаптарға табиғи немесе синтетикалық үлбірлер сай келеді. Киім қабаттарына арналған кейбір маталарға ұсынылатын көрсеткіштер келесі кестеде көрсетілген
Киімнің әртүрлі қабатына арналған материалдарға ұсынылатын гигиеналық сипаттамалар



Параметр

Киімнің әртүрлі қабаттарына арналған параметр өлшемі

I

II

III

Табиғи жағдайда біркелкі 45-65% ылылғалдылықтағы гигроскопиялық, %

4-9

3-7

2,5-5

Максималды ылғалсыйымдылық, г

2

1,5-2

1

Капиллярность, мм/сағ

60-130

40-120

30-100

Буөркізгіштік, мг/(см2*сағ)

4,5

3,5-4

3-3,5

Электростатикалық өрістің тығыздығы, Кв/м

20-25

30

30-35

Термиялық қарсыласу Вт/(м2*єС)

0,08-0,1

0,12-0,16

0,2-0,52

Ауа өткізгіштік, мл/(см2*с), мұндағы Р=4,12 Па

10-20

3-5

1-1,5

Химиялық талшықтардың құрамы, %

Полиамидті және ацетатты – 30-дан көп емес;
Полиэфирлі – 25-тен көп емес

Полиакрилонитрильді, табиғи талшықты полиэфирлі – 40-45

______

Поливинхлоридті (емдік ішкиімнен басқасы) – 5-10-нан көп емес

Полиакрилонитрильді, жасанды талшықты(вискоза) полиэфирлі – 55-60

Синтетикалық(барлық түрі) – 100-ге дейін

Бұрынырақта трикотаждан емдік іш киімдерді өндіруде хлоринді штапельді талшықтар кеңінен қолданылған. Хлоринді ішкиім жоғары жылусақтағыш қасиетке ие және де трибоэлектрлік әсері(материалдың денемен үйкелісі нәтижесінде электростатикалық зарядтың жиналуы) арқасында ревматизм, радикулитпен ауыратындарға жағымды әсер етеді.

Қазіргі таңда қарапайым өмірді киімсіз елестету мүлдем мүмкін емес. Барлық іс-әрекет автоматтандырылған түрде іске асырылатын кезде, киімнің негізгі қызметін барлығы білгенімен, міндеттері туралы көп ойлана бермейді. Онымен қоса киімнің негізгі қызметі – қорғаныштық аз ескеріліп, көп жағдайда сәндік қызметіне көп назар аударылады.

Бұл жұмысымда өмірде қарапайым көрінетін, бәріне таныс зат – киімнің негізгі қызметі және оған қойылатын талаптары жайлы қозғадым. Киім пакетіні, үш қабаттан тұратындығы, және де олардың әрбірінің өз қызметі, тағайындалуы бар екендігі айтылады. Сол қызметіне байланысты, өзің қасиеттеріне қарай материалдың дұрыс таңдалуы керектігі жайында жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет