Ќазаќстан республикасы


-дәріс. Шаңғы аяқ киімдеріне гигиеналық талаптар



бет27/45
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450771
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Киім және аяқ киім гигиенасы лекция

26-дәріс. Шаңғы аяқ киімдеріне гигиеналық талаптар
Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:

1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;

2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;

4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;

5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.

Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет