ұсынылған болжамдардың тексеруi бойынша алдағы жұмыстың бағытын анықтау және әсерлердiң жоспарын құрастыруы.
2) 2010 жылдың 14 қазанында Комитеттiң БАТЖ-нің «Арнайы іс-жүргізу» iшкi жүйесiн жасау бойынша қызметтердiң мемлекеттiк сатып алулары туралы шарт жасаған.
Жабдықтаушы 2011 жылдың 10 ақпанының iстелiнген жұмыстарының қорытындылары бойынша Комитеттiң БАТЖ-нің «Арнайы іс-жүргізу» iшкi жүйесiн жасау бойынша жұмыстарын аяқтады, соның iшiнде: талаптарының спецификациясын өңдеуiн iске асырды, жобаның техникалық құжаттамаларын дайындады, БАТЖ-нің «Арнайы іс-жүргізу» iшкi жүйесiнің бағдарламалық қамтамасыз етуiн даярлады.
3) 2010 жылдың 14 қазанында Комитеттiң БАТЖ-нің «Сыртқы жүйелермен түйіндесу» iшкi жүйесiн жасау бойынша қызметтердiң мемлекеттiк сатып алулары туралы шарт жасаған.
2011 жылдың 31 наурызында жұмыс аяғының қорытындылары бойынша БАТЖ-нің «Сыртқы жүйелермен түйіндесу» iшкi жүйесiнің бағдарламалық қамтамасыз етуi алынған.
4) 2011 жылдағы Комитеттiң ақпараттық қауiпсiздiгi iшкi жүйесiнiң функционалдығын дамыту және кеңейтуге арналған шаралар шеңберiнде келесі электрондық мемлекеттiк сатып алулар жүргiзiлдi:
-
Рұқсат басқару жүйелерi;
-
Ішкi қауiпсiздiктiң қамтамасыз ету жүйелерi (Cisco NAC Server );
-
Тор аралық қорғайтын перде (Cisco WS-SVC-FWM-1 ).
Жабдықтың жеткізілуі 2011 жылдың ақпанында iске асырылған.
5) Сонымен бiрге, Комитет 2011 жылдың 6 мамырынды резервтi бағдарламалы-аппаратты кешеннiң жабдықтауын (кiлтке) шарт жасаған. Тауар жеткiзу 2011 жылдың тамыз айында күтiледi.
122-тармақ «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің функционалдығын дамыту және кеңейту, техникалық жабдықталуының қуатын күшейту» (орындаушы ҚР Қаржымині) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.
ҚРҮ 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1317 қаулысына сәйкес «ЭКО» ЖШС электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор ретінде айқындалды.
ЭКО ЖШС жасалған «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі 2011 жылғы 26 мамырдағы № 98 шартқа сәйкес функционалдықты дамыту және кеңейту іс-шаралар бекітілді.
ИААЖ ЭМС функционалдығын дамытуға және кеңейтуге байланысты іс-шаралар шеңберінде тұжырымдаманы, жеке техникалық тапсырманы, жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
123-тармақ «КААЖ» және «Электрондық кеден» кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту» (орындаушы ҚР Қаржымині) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.
1. «Электрондық Үкімет» құрамдасы ретінде «Электрондық кеден» АЖ-ны дамыту шеңберінде ҚР ҚМ КБК-да «Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web порталы мен шлюзі» құрамдасы әзірленуде.
2010 жылғы жұмыстар шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:
-
мынадай сервистар құрылды: Порталда «Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша өсімпұлды есептеу», Порталда «Лауазымды тұлғаларды аттестациядан өткізу», «кеден органдарының мұнайды шет елге шығаруға рұқсат етілген көлемі және сыртқы экономикалық қозғалысқа қатысушыларды ақпараттау кіші жүйесі» сервисін жетілдіру;
2) ҚР Қаржымині КБК-ның ақпараттық жүйелері мен кеден одағына мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелері арасында хабарламалармен алмасу үдерістерінің журналы.
3) мынадай бөлімдер құрылды: Порталда «Тауарларды сыныптау», «Кеден одағы НҚА базасы».
2011-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web порталы мен шлюзі» компонентін дамыту бар платформада жаңа және бар сервистерді жетілдіруді болжайды, ақпараттық және интерактивтік қызметтерді сыртқылар үшін (сыртқы экономикалық қозғалысқа қатысушылар, ұйымдар және басқалар), және сондай-ақ ішкілер үшін (ҚР Қаржымині КБК қызметкерлері) спектрді кеңейтуге рұқсат береді.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерін ақысыз негізде қалыптастыруға және Интернет желісі арқылы кез келген кеден органына жолдауға мүмкіндік беретін «Электрондық кеден» АЖ «Web-декларант» электрондық декларациялаудың бағдарламалық кешені әзірленді және тәжірибелік пайдалануға енгізілді.
Қазақстан Республикасының Кеден одағына енуімен және кедендік құжаттарды және олардың электрондық көшірмелерін біріздендіруге байланысты «WEB-декларант» КЭД дамыту бойынша жұмыстар Кеден одағы Кеден кодексінің және Кеден одағы комиссиясы шешімдерінің талаптарын ескере отырып барлық модульдерді қайта өңдеуге қайта бағытталды.
Осыған байланысты 2010 жылы мынадай:
1) кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің (бұдан әрі – ЖКД ЭК) құрылымы өзгертілді;
2) ТД деректерін, ТД мөрлерінің нысанын, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу механизмін, ЖКД ЭК жаңа құрылымына және кедендік құжаттарды (ТД) толтырудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес ЖКД ЭК қайта бағыттау модулін енгізу және редакциялау интерфейсін қайта өңдеу;
3) НАА пайдалану механизмін қайта өңдеу; ЖКД ЭК жаңа құрылымына және ТД толтырудың тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) механизмін қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді.
2011-2012 жылдары «WEB-декларант» КЭД функционалын қайта өңдеуді іске асыру және оны Кеден одағының тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың бірыңғай ережелер талаптарына келтіру жоспарланады.
3. «Электрондық кеден» АЖ құру және ҚР Қаржымині КБК тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды енгізу шеңберінде «Селективтік бақылау және тәуекелдерді басқару» (СБТБ) компоненті әзірленеді.
«Селективтік бақылау және тәуекелдерді басқару» компоненті ҚР Қаржымині КБК-ның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде пайдалану үшін кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату мақсатында кеден органдарының қызметкерлері шешім қабылдау рәсімдерін автоматтандыру үшін көзделген.
Жүйені іске асыру шеңберінде 2010 жылы кейіннен өндірістік ортаға бере отырып «Тәуекелдерді посткедендік талдау» модулін тәжірибеде пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.
2011 жылы Селективтік бақылау және тәуекелдерді басқару компонентінің «Тәуекелдерді стратегиялық басқару» және «Тәуекелдерді құқықтық басқару» екі модулін енгізу және әзірлеу жоспарланады.
124-тармақ «Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты салық органдарының ақпараттық жүйесін жаңғырту» (орындаушы ҚР Қаржымині) орындалу мерзімі 2010 – 2013 жылдар.
2011 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес БСАЖ, СЕӨС, ҚР Қаржымині СК БМҚ, ҚР Қаржымині СК WEB-порталы, «Салық төлеушінің кабинеті» Web- қосымшасы, ҚР Қаржымині СК Біріктірудің өнеркәсіптік платформасы, СжСОТ, ЕБМ, Акциз ақпараттық жүйелерін жаңартуы жалғасуда.
Бағдарламалық қамтамасыз етуінің күрделiгімен және мәлiметтердiң үлкен санына байланысты, сонымен бiрге мәліметтердің өңделіп шығуының ерекше маңыздылығы, ақпараттық жүйелерінің мәні стратегиялық сипаттама алды.
Жаңартылатың ақпараттық жүйелерін жұмысқа қабiлеттiлiктерi үшiн және Қазақстан Республикасының салық қызметiнiң органдарының функцияларын толық көлемде орындау үшiн I жарты жылдықта электрондық жарыстың әдiсiмен серверлiк жабдықтың мемлекеттiк сатып алулары жүргiзiлдi. ҚР БСАЖ және «ҚР Қаржымині СК БМҚ» АЖ үшін жабдықтың алуына шарт Қазынашылықта тіркелуде;
Қосымшалар және деректер қоры серверлердiң арасындағы ақпарат алмасу жылдамдығын ұлғайту үшiн, сондай-ақ БСАЖ, СЕӨС тағы басқа ақпараттық жүйелерден мәлiметтердi жүктеуiде БМҚ АЖ арналған (SAN свич) коммутаторды жабдықтауға шарт жасалған. Жабдықтың жеткізу мерзiмi 2011 жылдың қыркүйегiнде күтiлуде.
«Бурабай» СБ үшін БСАЖ АЖ сервері, СЕӨС АЖ үшін дискілік кеңістігін ұлғайту үшін жабдық, біріккен шина үшін сыртқы дискілік массиві, (SАN директор) коммутаторың МС өткізілді.
қазіргі уықытта принтерлер мен Call center үшін сатып алу шарттары қол қоюда.
Кондиционерлер мен маршрутизаторлардың техникалық ерекшеліктері келiскен және мемлекеттік сатып алуларың өткізу үшін жіберілген.
125-тармақ «е-Статистика» ИАЖ құру және дамыту (орындаушы ҚР СА) орындалу мерзімі 2010 – 2013 жылдар.
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту» бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық тапсырмасы әзірленіп, ҚР БАМ келісілді.
Қазіргі уақытта «е-Статистика» ИАЖ үздіксіз, сенімді жұмыс жасауы үшін қажетті жоғары өнімділікті, сондай-ақ Oracle желісінің бағдармалық қамсыздандыруы сатып алынды.
«е-Статистика» ИАЖ бағдарламалық қосымшалары мен модульдерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, статистикалық есептілікті жүргізуде әкімшілік деректерді алу бөлігінде бірқатар мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда.
126-тармақ «Қазақстандық мазмұн» Интернет-порталын дамыту» (орындаушы ҚР ИЖТМ) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.
Қазіргі уақытта ҚР ИЖТМ осы порталды ақпараттық қауіпсіздікке аттестиациялау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр. Аттестациялау аяқталғаннан кейін интернет-портал 2011 жылдың соңына таман пайдалануға ендірілуі жоспарланып отыр.
Толық ақпаратты 2011 жылдың екінші жартысында ұсынылатын болады.
131-тармақ «16 облыстық әкімдіктердің және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету үшін «ЭҮШ-тің ішкі жүйесі ретіндегі аймақтық шлюз» (бұдан әрі - АЖ) дамыту және жаңғырту. 20 электрондық қызмет ұсыну» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2011 – 2013 жылдар.
2011 жылы 2010 жылғы пилоттық аймақтағы 4- әкімдікте ЭҮШ ішкі жүйесі ретінде өңірлік шлюзі» АЖ (бұдан әрі - Е-әкімдік АЖ) сүйемелдеу және 2011 жылғы пилоттық аймақтағы 6 әкімдікте (Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары) тарату жөніндегі жұмыстар жоспарланған.
Сүйемелдеудің шеңберінде 2 қызмет бойынша базалардың импорты жөніндегі жұмыстар жүргізілді, оларда электрондық кезек іске асырылды, әкімдіктермен тәжірибелік пайдаланудың басталуы туралы қаулыға қол қойылды, пайдаланушылардың ұсыныстары бойынша жүйені жетілдіру және ЖАО қызметкерлерімен консультациялық қолдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Электрондық мемлекеттік қызметтерді заңдастырылуын жылдамдату мақсатында ҰАТ АҚ электрондық мемлекеттік қызметтерінің регламенттері әзірленді, олар әкімдіктерге келісуге жолданған болатын.
6 әкімдіктерде таратудың шеңберінде кіріс/шығыс нысандарында, мәртебелер мен әрекеттерде 20 қызметті көрсетудің әр түрлі бизнес-үдерістері анықтау мәніне сауалнама жолымен экспрес-зерттеу жүргізілді. Әкімдіктермен бір мезгілде техникалық жабдықтауға дайындық (серверлерді ЛБҚ, сатып алу, байланыс арналарын жүргізу) және электорндық мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын ЖАО қызметкерлерімен ЭЦҚ алу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
132-тармақ «Е-әкімдіктердің ақпараттық жүйелері мен инфрақұрылымын құру, сүйемелдеу және дамыту және олардың «электрондық үкіметтің» базалық құрамдауыштарымен интеграциялануы» (орындаушы ЖАО) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе облысының әкімдігі 2011 жылдың III тоқсанында «Е-әкімдік» АЖ-ін енгізу бойынша пилоттық аймағына кіреді.
Атырау облысы бойынша:
Атырау облысының әкімдігінде электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үшін 2010 жылы ҚР БАМ бірлесіп, ЖАО жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін 20 мемлекеттік қызмет іске асырылған «Электрондық әкімдік» ақпараттық жүйесі тәжірибелі пайдалануға енгізілді. Электронды мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық қызметкерлер жұмыс орындарымен қамтылған және қосылу нүктелері түгелдей қосылған. 20 мемлекеттік қызметтің ішіндегі 4 мемлекеттік қызметтің стандарттарына автоматтандыру нысаны енгізілгенгендіктен, 4 электрондық мемлекеттік қызметтің регламенттері келісілуде. ҚР ЭДСМ ҚРҮ 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне» (одан әрі – Тізілім) 20 қызметтердің ішіндегі Тізілімге енбей қалған қызметтерді Тізілімге енгізу, Тізілімдегі бір мемлекеттік қызметке толықтыру бойынша өзгерістерді енгізу ұсынылды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
1.Облыстық әкімдіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің бірыңғай электрондық құжат айналымының жүйесін сүйемелдеу: БЭҚАЖ жүйесінің жұмысына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады, 34 МО БЭҚАЖ енгізуге келісім-шарттар жасалған, барлығы 438 жұмыс орын.
2. Деректерді аудандық деңгейге дейін тапсыруды телекоммуникациялық қамтамасыз ету: «Қазақтелеком» АҚ аудандық деңгейге дейін БКО дамытуға келісім-шарт жасалды. Жұмыс жалғасуда.
3. ШҚО әкімінің тапсырмаларын есепке алу ақпараттық жүйесін модернизациялау және сүйемелдеу.
ШҚО әкімінің тапсырмаларын, пайдаланушыға ұсынылған құқықтық рұқсатқа сәйкес, қарауға енгізуге, тексеруге, іздеуге, жөндеуге және бақылауға мүмкіндік беретін «Тапсырмаларды есепке алу» Интернет-қосымшасы» бағдарламалық қамтамасыз етуін тұрақты сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Жүйеде 60 жұмыс орны жұмыс істейді.
4. Жеке тұлғаларды есепке алу АЖ (ЖТЕ-2). ЖТЕ-2.2 өзектеу бойынша жұмыс қамтамасыз етілді, 20 пайдаланушыны қолдау жүзеге асырылды. ҚР ІІМ дерекқоры бойынша негізгі іздеу мүмкіндіктері қосылды. ЖТЕ жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстық әкімдік29 кілтті берді, аудандық әкімдіктер 51 кілтті сатып алды.
5. SMS-шлюз АЖ сүйемелдеу.
АЖ сүйемелдеу, тағы 2 қызметті ұсынуға арналған модульдерді жөндеу, және тағы бір мобильді операторды қосу жүргізілуде.
6. Web-конференция өткізу жүйесін сүйемелдеу
Облыстық және аудандық әкімдіктер арасында тұрақты негізде өткізілетін бейнеконференцияның тұрақты жұмысы ұйымдастырылды.
7. «Деректер базасы» АЖ сүйемелдеу және БҚ лицензиясын инсталяциялау
«Құжаттардың бірыңғай базасының» құрылымы келісілді, облыс мемлекеттік мекемелерінің 80 қызметкеріне жұмыс орындарына «Құжаттардың бірыңғай базасы» базасына қолжетімдік орнатылды және парольдер берілді.
Қазіргі уақытта базаны жұмыс тәртібімен толықтыру жүргізілуде.
8. «Облыс әкімінің ахуал орталығы» веб-сайтын құру және қолдау
«ШҚО бойынша ситуациялық орталық» құруға конкурс өткізілді. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және облыс әкімдігінің серверінде орнату жүргізілуде.
Ахуал орталығының құрылымы өңделіп, оны «Бағалардың мониторингі» АЖ біріктіру жүргізілді. Экономика салаларының дамуын сипаттайтын көрсеткіштердің тізбесі, көрсеткіштерді ұсынуға жауапты орган, көрсеткіштерді ұсыну кезеңдігі мен күні өңделуде.
9. Ақпараттың және серверлік бөлмелердің ақпараттық қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету.
Серверлік үй-жайға қатынауды бақылауды орнату, ортаның жағдайын және серверлердің электр қуатын бақылау жүргізілуде.
10. Резервтік серверлік бөлмеге техникалық қызмет көрсету.
2011 жыл бойы облыстық әкімдіктің резервтік серверлік бөлмесінің жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау.
11. Облыс орталығы бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының (МО БКО) жергілікті байланыс арналарын қамту.
ШҚО мемлекеттік мекемелерінің БКО жыл бойы пайдалану қамтамасыз етілген. Барлығы 52 мемлекеттік орган.
12. ШҚО әкімдігінің қауіпсіздік және жергілікті есептеу желісін басқару деңгейін модернизациялау, арттыру.
Қолданыстағы желінің ақауын жою арқылы қауіпсіздік және жергілікті есептеу желісін басқару деңгейін модернизациялау, арттыру іс-шаралары жүргізілді.
13. Коммутация орталықтарын құру, Өскемен қ-сы. МО БКО пайдаланушыларын қолдау және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
Өскемен қ-сы. МО-нан облыстық әкімдікке дейін қорғалған арналарын жинау орталығынан деректерді тапсыру арналары ұйымдастырылды. Тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету, Өскемен қ-сы. МО БКО пайдаланушыларын техникалық қолдау.
14. Мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу жүйесін ұйымдастыру.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізудің электрондық жүйесін енгізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні қызметті жеткізушілермен келісім-шарт жасалды.
Жүйені құру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы артады, азаматтарда оған әсер ету мүмкіндігі туады. Жүйені енгізу бірегей болып келеді, ол мемлекеттік қызметтерге байланысы жоқ әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа тақырыптарға сауал жүргізуге мүмкіндік береді.
15. ШҚО әкімі порталының жаңа нұсқасын құру.
Бүгінгі күні ШҚО әкімі аппаратының стиліне жауап беретін порталдың негізгі бетінің дизайны әзірленген, құрудың нәтижесінде ШҚО Әкімінің порталы арқылы ақпараттық қызметтерді ұсыну сапасы айтарлықтай артуы, материалдарды жариялауданғы үлкен жылдамдықтың қамтамасыз етілуі, ШҚО мемлекеттік мекемелерінің ақпараттарының консолидациясы, ШҚО әкімдігі және оның құрылымдық бөлімшелері имиджінің артуы күтілуде.
16. Бес жаңа электрондық қызметтерді іске қосу.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің 2011 жылғы 10 қаңтардағы 2011 жылдың қыркүйегіне дейін электрондық қызметтердің санын 5 бірлікке арттыру туралы № 17-42 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігімен жаңа бес электрондық қызметтерді іске қосу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
2. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
4. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау
5. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды облысын 2015 жылға дейін дамыту бағдарламасының шеңберінде келесі іс-шаралар жоспарланды:
Электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің санын көбейту. Осы іс-шаралар аясында «ҰАТ» АҚ ҚР «Электрондық үкіметі» шлюзінің жүйешілігі ретінде аймақтық шлюз («Электрондық әкімдігі» ақпараттық жүйе)» жобаның менеджерлерімен 2011 жылда автоматтандыруға жататын әлеуметтік талап ететін қызметтердің тізімі белгіленді, оның ішіне «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу» қызметі енгізілді. Тізім 8 қызметтен құрылып, оның ішінде 5 – негізгі, 3 – қосымша. Жергілікті бюджеттен аталмыш жұмыстарды (қызметтерді) жүргізуге қаражат бөлінді. Жоғарыда көрсетілген тізімдегі 5 қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстарды (қызметтерді) жүргізуге техникалық анықтағышы әзірленді, жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу түрі анықталды. Қазіргі уақытта аталған жұмыстарды жүргізу жөнінде келісім-шарт әзірлеуі жүргізілуде.
ЭҮШ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет және әлеуметтік сервистерді көрсетуге бағытталған АЖ МДҚ қамтамасыз ету, МО КО және ҰКО қосу.
Жеке және заңды тұлғаларымен, «электрондық үкімет» компоненттерімен және басқа мемлекеттік органдардың АЖ қарым қатынасында ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ету.
ҚР БАМ бекітілген ақпараттық коомуникациялық технологиялар бойынша салалық ережелерді орындауын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік талап тілетін сервистер мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған интернет қорлар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін ЖАУ іші үдерістерін автоматтандыратын АЖ.
Қостанай облысы бойынша:
Іс-шараларға 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 368 облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Қостанай облысының аумағын дамытудың бағдарламасы, 2011 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө Қостанай облысы әкімінің өкімімен бекітілген Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, облыс әкімі аппаратының Стратегиялық жоспары енгізілді.
«ҰАТ» АҚ-мен бірлескен «Электрондық әкімдік» пилоттық жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанынан бастап Қостанай облысы әкімдігінің 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу және тираждауы жоспарланған.
Осылайша 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 17-42/007-949, 07-136 ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың қатысуымен ИТ-саласының дамуы мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар талап ететін 40 мемлекеттік қызметтің тізбесіне сәйкес 2011 жыл аяқталған соң ЖАО құзіретіне жататын 13 әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады (тізбе қоса беріледі).
Сонымен қатар, электрондық қызметтерді насихаттау және халықты «үкіметтің электорндық» порталымен пайдалану дағдыларына оқыту жөніндегі жұмыс жүргізілп отыр. Мәселен, 2011 жылдың 2 маусымында «ҰАТ» АҚ қатысуымен Қостанай қаласында республикалық және аймақтық бұқаралық ақпараттар құралдарына арналған пресс-жарысы өтті. 2011 жылдың 2 шілдесінен бастап Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында, Қарабалық және Жітіқара аудандарында 5375 адам көлемінде халықты электрондық қызметтерді қолдану дағдыларына оқытуы жоспарланды.
Қызылорда облысы бойынша:
2011 жылы Қызылорда облысының бірыңғай ықпалдастырылған платформа аясында «электрондық үкіметтің» базалық құрамдауыштары болып табылатын «Мекен-жай тіркелімі» мен «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығымен ықпалдастырылу көзделіп отыр. Қаралған қаржының көлемі – 9400,0 мың теңге.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Бүгінгі таңда, 14 мемлекеттік қызмет әзірленген. «Электронды үкіметтің» базалық құрамдас бөліктерімен, оның ішінде: МДҚ «Мекенжай тіркелімі», МДҚ «Жеке тұлға», МДҚ «Заңды тұлға» ақпараттық жүйелеріне қосу бойынша жұмыстар жоспарлануда.
2011 жылы 5 электрондық қызмет көрсету автоматтандырылған.
1. мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;
2. мүгедектерге шипажайларда ем алу үшін құжаттарды рәсімдеу;
3. ауылдық мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну;
4. қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру;
5. бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшiнiң және естiмейтiндiгi бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу.
Облыстық бюджеттен осы іс-шараға 20 000,0 мың теңге бөлінген.
Алматы қаласының Әкімшілігі бойынша:
Жұмыс жоспарына енгізілген және бірінші жарты жылдықта келесі қызметтер көрсетілген:
-
«Тұрғындар» ААЖ ілестіру;
-
ЭҚАБЖ Әкім аппараты мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің электрондық құжат айналымының корпоративтік АЖ ілестіру және ықпалдастыру (ЭҚКАЖ);
-
«Қызметкерлерді басқару» ААЖ ілестіру және дамыту;
-
«Сайлаушылардың электрондық тізімі» ААЖ ілестіру;
-
Байланыс арналарын ұйымдастыру. Сандық байланыс қызметін көрсету.
-
ХҚО үшін байланыс арналары;
-
«Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау» ААЖ пайдалану;
-
Қаланың бірыңғай ақпараттық жүйесі инфрақұрылымының бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер қорын ілестіру (БАЖ);
-
Қаланың бірыңғай ақпараттық жүйесі инфрақұрылымының техникалық құралдарының кешенін ілестіру (БАЖ);
-
«Бюджеттік жоспарлау» ААЖ ілестіру;
-
Алматы қаласы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздігін басқару, ІҚЖ мен әкімдіктің интернет торабын ілестіру;
-
Алматы қаласының геоақпараттық жүйесін ілестіру және дамыту;
-
ТҚК мен ІҚЖ қызметкерлеріне аудандық әкімдіктерінің сайттарын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі техникалық қызмет көрсету;
-
ЭҚКАЖ серификаттау және аттестациядан өткізу;
-
«Коммуналдық тұрғын үйге өтініш берушілер тізімінің мониторингі» ААЖ ілестіру және дамыту;
-
Е-әкімдік жүйесін мемлекеттік жүйлермен және деректер қорымен ықпалдастыру;
-
«Алматы қаласына уақытша (басқа қаладан) келген және шетел азамттарын тіркеу» ААЖ ілестіру және пайдалану;
Жабдықты алу және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
БҚО әкімдігінің электрондық құжат айналымы жүйесін, деректер берудің корпоративтік желісін (бұдан әрі – ДБКЖ) сүйемелдеу жүзеге асырылуда. Жүйелер мен желілердің профилактикалық жұмыстары мен мониторингілеу жүргізілуде. Сақталатын ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты серверлердің дискілік кеңістігі ұлғайтылды. 2011 жылға ДБКЖ модернизациялау, ДБКЖ-не қосылған бөлімшелердің санын 36-дан 100-ге дейін ұлғайту жоспарланған.
2011 жылы БҚО 20 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға мүмкіндік беретін Е-әкімдік ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық аймаққа енгізілді. Е-әкімдік ақпараттық жүйесінің қызметі үшін қажетті серверлер мен лицензиялық бағдарламалық қамтудың техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптарға сәйкес серверлерді, жинақтағыштар мен лицензиялық бағдарламалық қамтуды жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт бойынша жеткізу мерзімі – 2011 жылдың 29 шілдесі. Келісім-шарт сомасының 50% мөлшерінде алдын ала төлем жасалды.
Павлодар облысы бойынша:
Тек қоса жүргізу. «Павлодар облысы әкімдігінің электронды қызметтері» автоматтандырылған АЖ (әрі қарай – ПОӘ ЭҚ ААЖ) 2010 жылғы 10 желтоқсанда облыс әкімдігінде тәжірибелік пайдалануда. Сондай-ақ ПОӘ ЭҚ ААЖ «Электрондық әкімдігі» АЖ-мен бірге және ҚР БАМ ХҚО ИАҚ. Ү.ж. сәуірінде ПОӘ ЭҚ ААЖ «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар», «Мүлік тізімі» мемлекеттік берілгендер базасымен, ҚР ӘМ «Азаматтық жағдай актілерінің жазылуы» АЖ және «Зейнетақы беру бойынша мемлекеттік орталық» АЖ және ҚР Еңбекмині «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған АЖ ҚР БАМ «ЭҮШ жүйе асты сияқты, аймақтық шлюз» ақпараттық жүйесі арқылы интегралдау бойынша (қайталай) сұранымдар жолданды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
СҚО әкімдігінде мемлекеттік органдардың қызметтерін қамтамасыз ету үшін ведомстволық АЖ сүйемелдеу және даму үстінде: «СҚО әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілері» АЖ, «СҚО марапаттау» АЖ, «СҚО сайлаушылары» АЖ, «Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері» АЖ, «Тапсырмалар мониторингі» АЖ, «Интегро» ақпараттық-талдау жүйесі.
СҚО әкімі аппаратында іс жүргізуді автоматтандыру және шешімдер қабылдау үдерісін қолдауға арналған IBM «Lotus Notes» платформасында электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ) жұмыс істейді. 2010 жылы ЭҚЖға 6 облыстық басқарма қосылған.
Жамбыл облысы бойынша:
2011-2015 жж. АЖ құруға техникалық экономикалық негіздеме жасалды. Жаңа АЖ құруға қаржы 2011 жылдың II жартыжылдығында, бюджетті нақтылау барысында бөлінетін болады.
Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. ҚР ӘМ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорының интеграциялық бөлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылы ережесі бекітілді.
Маңғыстау облысы бойынша:
Маңғыстау облысында өңірдің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы ресурстарды басқаруға арналған жүйе ретінде, «E-region» бағдарламалық кешені әзірленіп, енгізілді. Жобаны іске асыру аясында, «Паспорттау» және «Электорат» екі кіші жүйесі әзірленді.
«Паспорттау» кіші жүйесі - E-Region модуль жүйесінің орталық модулі, ол паспорттау барысында жинақталған барлық ақпаратты, тек сақтап қана қоймай, сонымен қатар есепке алуға, және ең бастысы, объектінің әрбір түріне арналған арнайы әзірленген паспорты болуына мүмкіндік береді.
Паспортта, кейбір объектілерге арналған «тозу дәрежесі» тәрізділерінен бастап, оның әрекет ету жылдарында осы объектіге жұмсалған ақша көлеміне дейінгі сипаттамалардың 100-ден астам түрі тұрады.
Осы жүйенің арқасында 2010 жылдың 24 қарашасынан бастап 12 негізгі тіркелім мен объектілердің 36 тұрпаты бойынша облыстың бүкіл әлеуметтік-маңызды инфрақұрылымына толық паспорттау жүргізілді.
«Электорат» кіші жүйесі – бұл атқарушы билік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, сайлауды дайындау және өткізу кезіндегі жұмысын оңайлатуға арналған бағдарламалық модуль.
Жүйенің беретін негізгі мүмкіншілігі – бұл сайлаушылардың электрондық тізімдерін қалыптастыру, жеке тұлғалардың тіркелімін қалыптастыру және электораттың санын болжамдау.
Жүйеге 2011 жылдың 20 сәуіріне облыс бойынша 253 718 жеке тұлға енгізілді.
«E-region» АЖ «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік деректер базасымен ықпалдастырылған.
Алматы облысы бойынша:
Қазіргі уақытта Алматы облысында, облыстық бюджет қаржысына, ішкі бизнес үдерістерді жүйелендіру мен ақпараттарды жинақтауға бағытталған үш ақпараттық жүйелер енгізілуде.
Облыс әкімінің аппараты мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде «Электронды құжат айналымы» АЖ енгізіліп жұмыс істеуде, аталған ақпараттық жүйе «Электронды үкімет» порталымен ықпалдастырылып, жеке және заңды тұлғалардың «электронды үкімет» порталын пайдалану арқылы электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіне жолдаған электрондық өтініштерін қабылдау және өңдеу қызметі іске қосылған.
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының «Жетісу Су» су пайдаланудың тиімділігін реттеу және облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының «Алматы облысының ауыл тұрғындарының өмір сапасын анықтаудың деректер қорына автоматтандырылған ақпаратты шоғырландыру мен орталықтандырылған технологиялардың ақпараттық модулі» геоақпараттық жүйелері өндіріліп, өндірістік пайдалануға енгізілуде.
Астана қаласының Әкімшілігі:
2011 жылы Астана қаласы әкімінің аппаратымен келесі жүйелерді құру жоспарлануда:
-
«Электронды архив» ААЖ
-
«Бюджетті жоспарлау» ААЖ
Сонымен қатар, 2011 жылда келесі ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету және дамыту бойынша жұмыстар өткізілуде:
-
«Персоналды басқару» ААЖ
-
«Корпоративті интранет-портал» АЖ
-
«Электронды құжатайналым» ААЖ
-
«Тұрғындар дерек қоры» ААЖ
-
«Сайлаушылардың электрондық тізімдерін қалыптастыру» ААЖ
-
«Коммуналдық тұрғын үйге өтініш берушілер тізіміне мониторинг жүргізу» ААЖ
-
Астана қаласы әкімдігінің «Ахуалдық орталығы» ААЖ
-
Астана қаласы әкімдігінің «Байланыс орталығы» ААЖ
-
Астана қаласының геоақпараттық жүйесі
-
Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызмет» ішкі жүйесі
Сонымен бірге 2011 жылы Астана қаласы әкімі аппаратымен келесі «электронды үкімет» компоненттер базасымен ақпараттық жүйені интеграциялац жоспарлануда:
-
«Заңды тұлғалар» МДБ
-
«Жылжымайтын мүлік регистрі» МДБ
-
Электронды үкімет шлюзі
-
Электронды үкімет порталы
-
«ХҚКО» ИАЖ
-
«АХАЖ» АЖ
Ақмола облысы бойынша:
Ақмола облысы автоматтандырылған және электрондық түрде көрсетілетін 20 әлеуметтік-маңызы бар қызмет көрсету Е-әкімдік ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилотты жобаға енгізілді. Қызмет көрсетулерге алдын ала тексеру жобасы өткізілді.
133-тармақ «Жергілікті атқарушы органдардың Интернет-ресурстарын дамыту және сүйемелдеу» (орындаушы ЖАО) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.
Ақтөбе облысы бойынша:
Қазіргі таңда Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты www.akto.kz жұмыс істейді.
Аталған ресурста облыстық басқармалардың қызметі, мемлекеттік бағдарламалар туралы, нормативтік құжаттар және басқа да тиімді ақпараттар орналастырылады.
Атырау облысы бойынша:
Қазіргі уақытта 19 облыстық басқармалар мен 8 қала және аудандық әкімдіктерінің интернет ресурстары халыққа қызмет көрсетеді. Интернет-ресурстарда мемлекеттік органдар туралы мәліметтер, қажетті анықтамалық ақпараттар, күнделікті әкімдікте өтіп жатқан іс-шаралар, жиындар, т.б. жаңалықтар қамтылған. 2 облыстық басқарманың интернет ресурстары қаржы мәселесіне байланысты қосылмай тұрды, қазіргі уақытта қаржы мәселесі шешіліп, іске қосылды. Интернет-ресурстардағы ақпараттар, жаңалықтар мәліметтердің түсуіне байланысты жедел енгізіліп отырады. 2010 жылғы Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау бойынша Атырау облысы әкімдігінің www.e-atyrau.kz сайты жақсы баға алды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
1.Облыс әкімінің ресми сайты www.akimvko.gov.kz
Сайтта облыстың дамуы басым салаларының барлығы бойынша 37 тақырыптық айдар ұсынылған. Айдарлар бойынша толық ақпарат 90 кіші айдарларда ұсынылған.
2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша беттердің жалпы көлемі 39 008 құрайды, оның 2 954 - ақпараттық және 36 054 жаңалықтық беттер. «Қала, аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері» айдары жаңартылды. «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдау», «Мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарлары», «Аппарат құрылымы» айдарлары жаңартылды. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын ШҚО бойынша меморандум аясында бидай және ұнды мақсатты пайдалануы туралы ақпаратты жаңартып отырады. «Халықаралық сала» атты жаңа айдар құрылды, онда ШҚО әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы құжаттардың тізбесі, Меморандумдар және ынтымақтастық туралы келісімдер орналасқан.
Жаңалықтар күнделікті жаңартылады.
2. Облыс әкімінің блогы www.akim.blog.vko.gov.kz
Блог 2 тілде жұмыс істейді: мемлекеттік және орыс тілдерінде. Блогта 6 айдар ұсынылған: «Тіркеу», «Блог ережесі», «Барлық жазбалар», «Пікірлер», «Құттықтау», «Менің фотогалереям». Сондай-ақ, облыс әкімінің блогында «Блог бойынша іздеу» және «Келушілерді есептеу» модульдары жұмыс істейді. Блогта барлығы 82 мақала жарияланған
3. Электрондық қызметтер орталығы www.e-vko.gov.kz
Мемлекеттік органдардың 112 виртуалдық қабылдауының жұмысы ұйымдастырылған. Бүгінгі күні ЭҚО мемлекеттік органдардың виртуалдық қабылдауына 8846 өтініш келіп түскен.
4. облыс мемлекеттік органдарының веб-сайттары
Тоқсан сайын мемлекеттік органдар сайтының жұмысына мониторинг жүргізіледі. Курчатов қ-сы., Аягөз, Бородулиха және Бесқарағай аудандары әкімдерінің аппараттары, сондай-ақ облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы аталған тізбе бойынша 90 балдан артық жинады.
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды облысы әкімдігінің құрамына 48 ЖАО енеді. Барлық мекемелерде ресми веб-қорлары бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік және облыстар, республикалық маңызы бар қала, астананың ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарғысына сәйкес ҚР БАМ 2010 жылдың 27 желтоқсандағы № 360 бұйрығымен бекітілген Орталық мемлекеттік және облыстар, республикалық маңызы бар қала, астананың ЖАО ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесі әзірленді, осы Әдістемеде интернет-қорда «Ақпараттың толықтығы, сапасы және уақтылы орналастырылуы» көрсеткішінің бірі болады. Ақпараттың толықтығы және қолжетімділігі бойынша интернет-қорлардың мониторингі жүргізілуде.
Қостанай облысы бойынша:
Қостанай облысында 88 қол жеткізу пункті жұмыс істейді, оның ішінде 67 І – типті ҚҚП, 21 ІІ – типті ҚҚП, олар әлеуметтік-маңызы бар орындарда - ХҚКО, ҚР Қаржымині Салық комитетінің аумақтық бөлімшелерінде, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аумақтық бөлімшелерінде кітапханаларда және т.б. орнатылған. ҚР АБА тапсырмасы бойынша 2010 жылдан бастап жүйелі-техникалық қызмет көрсету және байланыс қызметінің төлемін қаржыландыру қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жергілікті бюджеттері есебінен жүргізіледі. Қазіргі таңда жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметі бойынша ҰАҚ АҚ Қостанай облыстық орталығымен 72 пункт бойынша келісім шарт жасалды (қалғандарына аудандық әкімдіктердің қызметкерлері қызмет көрсетеді), Қазақтелеком АҚ-мен 84 пункт бойынша байланыс қызметін көрсету келісім шарттары жасалды. Жеке және заңды тұлғалардың уәкілдеріне ҚҚП арқылы интерактивті электрондық қызмет көрсетуді алуға мүмкіндік беру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәләндіруші орталығы электрондық цифрлық қолтаңбаларды шығаруды жүзеге асырады. Осы жылдың 1 шілдесінде заңды тұлғаларға 2083 ЭЦҚ, жеке тұлғаларға 2019 ЭЦҚ берілді.
Қоғамдық қолжеткізу пункттері желісін кеңейтуге қаражат бөлуге қарастырылмаған.
Қызылорда облысы бойынша:
Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталы 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Биылғы жылы интернет-ресурстың функционалдық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 9030,0 мың теңге қарастырылды. Мемлекеттік мекемелердің жұмыс орындарын автоматтандыру аясында халыққа көрсететін төлем қызметтерін интернет-ресурс арқылы электронды жүргізу үшін банктердің төлем карточкаларын қолдану жоспарлануда.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
ОҚО әкімдігінің ресми www.ontustik.gov.kz веб-сайтын дамыту және сүйемелдеуге 21 000,0 мың теңге бөлінген.
Бүгінгі таңда ОҚО бойынша 20 облыстық басқарманың 9 басқармасында, 14 аудан әкімдіктерінің 13-де өз Интернет-ресурстары бар.
Алматы қаласы Әкімшілігі бойынша:
Жұмыс жоспарына енгізілді және I жарты жылдықта келесі қызметтер көрсетілді:
-
Алматы қаласы Әкімдігінің және қала аудандары әкімдері аппараттарының веб-порталдарын ақпараттық толтыру және ілестіру;
-
Әкімдіктің веб-серверіне қызмет көрсету;
-
«Қала әкімдігінің интернет-ресурсындағы базалық е-қызметтер» ААҚ-ін ілестіру және дамыту;
Әкімдіктің корпоративтік интранет-порталын пайдалану.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Жыл бойы БҚО әкімдігінің порталын техникалық және ақпараттық сүйемелдеу үнемі жүргізіліп отырады, интернет-ресурстың құрылымына жаңа бөлімдер, жаңа баннерлер қосылып, жаңа модульдер жасалып отырады. Күн сайын ақпараттық жаңарту жүргізіліп тұрады. Сайтта облыс әкімі блогы мен «Бизнесті қорғау» блогы құрылып, жұмыс істеуде. БҚО әкімдігінің ресми сайтын техникалық қолдау үнемі жүргізіліп отырады. Сайттың әкімшілері сайтты жұмыс жағдайында ұстау үшін жұмыстар атқаруда, сайтты пайдалану тиімділігін арттыратын, сайттың дизайнын, оның новигациясын жақсартатын кейбір бағдарламалық модульдер іске асырылды. Хостинг қызметтеріне ақы төленді. Сайттың W3C стандарттарына сәйкестігінің шығыс коды үнемі жаңартылып отырады.
Павлодар облысы бойынша:
Тек қана сүйемелдеу. ЖАО веб-сайттарына нормативтік-құқықтық құжаттардың сәйкестігіне сай мониторинг жүргізілді, веб-сайттарда сараптау, ұсыныстар және келешекте осал жерлерін жоюға көмектесу.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
СҚО ресми сайты жұмыс істейді. Ресми сайтта барлық мемлекеттік органдар туралы, облыс туралы ақпараттар бар, облыс әкімінің дербес блогы, азаматтардың өтініштері бойынша виртуалдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, облыс әкіміне кәсіпкерлер тікелей өтініш беруге арналған «Бизнесті қорғау» бөлімі жұмыс істейді. Барлық мемлекеттік мекемелердің және аудан әкімдіктерінің Интернет-ресурстары құрылды.
СҚО әкімдігімен облыстық атқарушы органдардың, аудандық, Петропавл қаласы әкімдіктері Интернет-ресурстарының тоқсан сайынғы мониторингі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, рейтингтік ұпайлар қойылады.
Жамбыл облысы бойынша:
Облыстағы барлық мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының құрылымдары мен домендік атауларын бірыңғай стандарттарға келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі блогына бүгінгі таңда 535 сұрақ келіп түсті олардың 518-іне жауап берілді.
Тараз қаласының электрондық картасын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың сайттарының контенттерін жаңаландыру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Маңғыстау облысы бойынша:
Маңғыстау облысының веб-сайттарының жұмыс істеуі бойынша жағдайлары қазіргі кезде мынадай:
-
Маңғыстау облысының әкімдігі – www.mangystau.kz;
-
Ақтау қаласының әкімдігі – www.aktauakimat.kz;
-
Жаңаөзен қаласының әкімдігі – веб-сайты жоқ;
-
Бейнеу ауданының әкімдігі – веб-сайты жоқ;
-
Қарақия ауданының әкімдігі – веб-сайты жоқ;
-
Маңғыстау ауданының әкімдігі - веб-сайты жоқ;
-
Түпқараған ауданының әкімдігі-веб-сайты жоқ;
-
Мұнайлы ауданының әкімдігі - www.akimat-munaily.kz.
Келтірілген ақпараттан, облыс әкімдігі мен Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының әкімдіктері өзіндік сайттарын әзірлеген, алайда олар ҚР БАМ 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 360 бұйрығымен бекітілген, Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңыздағы қалалар, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын, ЖАО, аудандардың ЖАО (облыстық маңыздағы қалалардың) қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесінің критерийлеріне толымды түрде сәйкес келмейтіндігі көрінеді.
Сонымен бірге, облыстың барлық сайттарының жұмысын үйлестіру қажеттілігі пісіп-жетілді. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы міндет облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөліміне жүктеледі.
Сондай-ақ қазіргі кезде Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік және орыс тілдерінде іске асырылған ішкі порталын http://intranet.portalmangistau.kz тәжірибелік пайдалануға берілгенін атап өту маңызды. Сонымен қатар, облыстың әрбір мемлекеттік органына арнап өзіндік веб-ресурстар әзірлеу үшін мүмкіндіктер іздестірілуде.
Алматы облысы бойынша:
Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 360 бұйрығымен бекітілген «Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау» әдістемесінің «Интернет-ресурстың қол жетімділігі мен ашықтығын бағалау» критериіне сәйкес ҚР ЭДСМ 2011 жылғы 17 мамырдағы № 20-4/1504-Д хатымен жолдаған бағалау нәтижесі туралы қорытындылар, облыс әкімдігі тарапынан зерделеніп, облыстың ресми Интернет-ресурстарында тиісті түзетулер мен толықтырулар жүргізілуде.
Астана қаласының Әкімшілігі:
Интернет-ресурс ты қамтамасыз ету және дамыту шегінде астана қаласы әкімдігінің www.astana.kz сайтының жаңа түрі іске қосылған, Астана қаласы әкімдігіне ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелерде екінші және үшінші деңгейлі доменді сайттар жұмыс істеуде, үнемі өзекті контенттермен сайтты толықтыру жүзеге асырылады.
Ақмола облысы бойынша:
Ақмола облысында Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № А-2/33 және 2008 жылғы 4 ақпандағы № А-1/27 қаулыларына сәйкес Ақмола облысы әкімінің ақпараттық портлаы құрылды www.akmo.kz.
Құрылған портал 32 бөлімнен тұрады, оған 200-ден асатын web-беттер мен кіші бөлімдер кіреді. Порталда облыс туралы, барлық ақпараттар орналастырылған, оған тарихи сәттер, географиялық жағынан орналасу, қонақ жайлылығы мен белгілі тұлғалар туралы ақпараттар кірген. Қазақстан Республикасының Президенті мен «электрондық үкіметтің» ресми сайттарының баннерлері орналасқан, мемлекеттік рәсміздер, облысы әкімі, бірінші басшылар туралы ақпараттарға, мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарға бөлек бөлімдерден орын берілген. Сонымен қатар, порталда қызметтің негізгі саласы болып табылатын әлеуметтік-экономикалық даму, инвесторлар мен бизнесмендерге арналған бөлімдер, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау объектілеріне қатысты халыққа қажетті ақпараттар бар.
Облыс әкімінің ресми блогы жұмыс істейді. Онда 1265 сұраққа жауап қайтарылған. Қосымша тексерулерді немесе ақпаратттарды жинауды талап ететін сұрақтарды қоспағандағы сұрақтарға қайтарылатын жауаптар 1-2 күннің ішінде орналастырлады. Облыс әкімінің жұмысы туралы ақпаратты халыққа толық хабардар ету үшін облыс әкімінің жұмыс жоспары мен оның сөйлеген сөздері блогта күн сайын орналастырылады..
2010-2011 жылдар ішінде мемлекеттік органдардың өздерінің дербес интернет-ресурстарын құру басталды және оларды қатары көбейе түсті.
Қазіргі кезде аудандар мен қала әкімдерінің 19 сайты, облыстық басқармадардың 17 сайты құрылды.
Ақмола облысында электрондық түрде қызмет көрсету мақсатында Ақмола облысы әкімінің мемлекеттік электрондық қызмет көрсету порталы құрылды. www.e.akmo.kz. Осы порталдың шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері айналысаиын қызметін қамтитын 200 асатын ақпарттық қызмет көрсетуді іске асырды..
Қызмет көрсетулер қызметттің барлық саласын қамтитын және адамдарға өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет болып табылатын 30 негізгі санаттқа бөлек-бөліп орналастырылды.
134-тармақ «Интернет ресурстарына ҚҚП кеңейту» (орындаушы ЖАО) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.
Ақтөбе облысы бойынша:
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының аумағында 67 ҚҚП жұмыс атқаруда. «Қазақтелеком» АОТД-мен байланысты қамтамасыз ету бойынша және «ҰАТ» АҚ ҚҚПды техникалық сүйемелдеу бойынша келісім-шарттар жасалды. Қазіргі кезде ҚҚПде сымсыз байланыс модемдерін (Wi-Fi) орнату бойынша жұмыстар басталды.
Атырау облысы бойынша:
30 ҚҚП тиімді жұмыс жасау қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, барлық ҚҚПне 1ГБ жедел жадыдан қондырылып, «Қазақтелеком» АҚ-мен 1-жылдық интернетке қосылуға келісім-шартқа келісілді. ҚҚПн қолданылуын ұлғайту мақсатында, Салық комитеті, Жол полициясы комитеті, «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Қазпошта» АҚ, ХҚКО ғимараттарына көшірілді. ҚҚПнің кейбір бөліктерінің тозу мерзімдері жеткендіктен, алмастыруларды қажет етеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
ШҚОбойынша 154 ҚҚП орнатылған. Барлық қалалар мен аудандар, Абай ауданынан баcқасы «ҰАТ» АҚ ҚҚП жүйелі-техникалық қызмет көрсетуге және «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация қызметін ұсынуға және Интернет-трафикті төлеуге келісім-шарт жасасты.
ҚҚП жаңалау және 1 ГБ қосымша оперативтік жадымен және модемдермен қайта жабдықтандыру іс-шаралары жүргізілді.
«Қазақтелеком» АҚ спутник байланысы қызметінің бағасының үлкен бағасына байланысты, спутник желісі бойынша жұмыс істеп тұрған 25 ҚҚП жербеті байланыс арналарына көшіру және қайта қосу іс-шаралары жүргізілді.
ҚР БАМ сынған және ескірген (тозуы 100% құрайтын) ҚҚП, қосалқы бөлшектердің қымбаттығына немесе олардың жоқтығына байланысты, оларды басқа ҚҚП қосалқы бөлшек ретінде қолдану үшін есептен алу мүмкіндігі туралы хат жолданған болатын. Бүгінгі күні облыс бойынша жұмыс істеп тұрған 153 ҚҚП 25 сынған, аналық платаны, мониторларды ауыстыру және жөндеу мүмкін болмай тұр.
Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында 2010 жылы облыстың барлық ҚҚП өз модемдерімен жабдықтандырылғанын, өйткені бұдан бұрын ҚҚП арналған модемдерді жалдау негізінде, бір ҚҚП ҚҚС ескерумен ай сайын 2 240, 00 теңге төлем шартымен «Қазақтелеком» АҚ ШҚ ОТД ұсынған.
Өскемен қаласында 28 ҚҚП WI-FI бар модемдерді сатып алу және қайта жабдықтау шаралары жүргізілді. WI-FI арқылы Интернет желісіне қолжетімдігі жоқ қоғамдық жерлерге жетекшілік ететін ұйымдарға байланыс операторларымен осы қызметті ұсынуға арналған келісім-шартты жасасу қажеттілігі жөнінде ұсыныс хат жолданды.
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды облысында 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін облыстың елді-мекендерінде 111 ҚҚП орнатылған, оның ішінде бірінші бейне бойынша 89 ҚҚП, екінші бейне бойынша - 22 ҚҚП.
Ай сайын ҚҚП халықпен қатысуы мониторингі өтеді. Қала және аудандардың әкімшіліктерімен кеңінен тарату және тыңдаушыларды жаппай қатыстыру үшін: ақпаратты фильмдер, мақалалар, телеарналармен радиостанцияларда «электрондық үкімет» туралы промо-роликтер, сырттай жарнамалары орнатылып жатыр.
Халықты ақпараттандыру мақсатында ҚҚП орналасқан жерлерін және олардың мағынасы, оларды пайдалану сілтемелері мен нұсқаулар пунктердің жанында орналасқан. Ақпараттық мақалалар аумақтардың баспасөз ақпараттарында жазылған. Сонымен қатар ҚҚП туралы ақпараттар қалалармен аудандардың ақпараттық порталдарында бар. Облыстың кейбір аумағында ақпараттар қосымша жарықдиод экранында орналасқан. Қажет кезінде пункттердін орналасқан әкімшіліктері уақытында ҚҚП бөлшектерін жөндеу немесе айырбастау жұмыстарын жергілікті бюджетің қаржысымен өткізеді.
Мысалы, Нұра ауданында бірінші бейне бойынша ҚҚП процессорын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Теміртау қаласында ҚҚП бірінші бейне бойынша сынған мониторын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
ҚҚП тиімділігін көтеру үшін ҚР БАМ бес ұсыныс жіберілген:
1. Ақпараттандыру мақсатында жарнама роликтерінде пункттердің мүмкүндігін жасау және орналастыру, пункттің мағынасымен адымдау нұсқауымен ҚҚП пайдалану туралы республикалық,аймақтық және жергілікті ақпараттарда, телеарналарда көрсету.
2. Пункттерді кең тарату үшін колледждердің студенттерін және мектептердің оқушыларын ҚҚП аралауын ұйымдастыру.
3. «Электрондық үкіметтің» порталында тіркеуді жеңілдету.
4. Мәзірдің бағыттауын жеңілдету.
5. Интернетке қосылу жылдамдығын 256 кб/с нан 512 кб/с дейін көбейту.
Қостанай облысы бойынша:
Қостанай облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.kostanay.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған. Облыстардың, республикалық маңыздағы қала – астананың орталық мемлекеттік және ЖАО ақпараттық технологияларды қолдану қызметін ҚР БАМ 2011 жылғы 14 маусымдағы № 168 бұйрығымен бекітілген бағалау Әдістемесіне сәйкес интернет-ресурс пайдаланушылар үшін 24х7 режимінде (тәулігінде 24 сағат, аптасына 7 күн бойы) қолжетімді, сайтқа сілтемелер халықаралық іздестіру жүйелерінің бірінші электрондық беттерінде орналастырылған (google, yandex, rambler, yahoo, altavista), берілген Әдістеме тізбесінің «Ақпараттың толықтығы, сапалылығы және уақытында орналастырылуы» көрсеткіші бойынша орналастырылады және жаңартылады.
Порталда 2 639 ақпараттық тарау (қазақша – 915, 1 724 - орысша) және 8 интерактивті қызмет бар, ақпараттық негіз 1 037 құжаттан, 5 141 суреттен, 78 бейнесюжеттен құралады.
Сайттың дизайны толығымен мемлекеттік мекеменің бірыңғай корпоративтік стиліне сәйкес келеді. Сайттың үш тілдегі нұсқалары әзірленді (ағылшын тіліндегі нұсқасы толық емес) және бұл нұсқалардың ақпараттары үнемі жаңартылуда.
Ресми порталда халықтан «кері байланыс» алу мүмкіндігі қарастырылған: Қостанай облысы әкімінің ресми блогына akim.kostanay.kz сілтемелер, интерактивті дауыс беру, «сұрақ-жауап», «редакцияға жазу» айдарлары. 2011 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысы әкімінің ресми блогына 3 148 өтініш келіп түсті.
2011 жылдың маусымында ресми порталға қатысушылар - 83 240 қарауды құрады. Күн сайын сайтқа 600 жуық пайдаланушылар кіріп шығады.
Қостанай облысы әкімі порталының әзірлеушілері мен редакциясының ақпараттық сәулетті жетілдіру, сайттың мағыналы толықтырмасын кеңейту, интернет-ресурсын оңтайландыру бойынша тұрақты жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар қалалар және аудандардың әкімдіктері (барлығы 20 сайт), облыстық басқармалар (11 сайт) интернет-ресурстарының дамуы бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде, қазіргі уақытта қалған 9 басқарманың сайттары әзірленуде, олар осы жылдың қыркүйегінде пайдалануға жіберудіге жоспарлауда.
Қызылорда облысы бойынша:
Қызылорда облысы бойынша 48 ҚҚП халықтың көп шоғырланатын жерлеріне орнатылған, оның ішінде 1-уінің негізгі қосалқы бөлшегі істен шыққан. Қазіргі таңда 47 ҚҚП жұмыс күйінде. ҚҚПдың техникалық сүйемелденуі мен байланыс желісіне облыстық бюджеттен 11836 мың теңге қарастырылды. «Қазақтелеком» АҚ-ның обылстық дирекциясына ҚҚПдың байланыс желісінің жылдамдығын 256 кб/с –дан 512 кб/с –ға дейін көтеру жөнінде ұсыныс берілді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Бүгінгі таңда ОҚО бойынша 107 ҚҚП тиімді жерлерге көшірілді.
Облыстың барлық аудан, қалалары бойынша жедел жадын 1 Гб дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатқа ЖАО қаражат бөлінген.
Ескертпе: 2010 жылғы 2011-2015 жылдарға арналған ОҚО дамыту Бағдарламасының ақпараттандыру бөліміне ҚР «ҰАТ» АҚ-мен бірге ұсыныстар әзірленді.
200-2011 жылдарға арналған ОҚО ақпараттандыру іс-шаралар жоспары бар болғандықтан жоғарыда айтылған бөлімге қаржы қарастырылмаған.
Іс-шаралар жоспарына 2011 жылы облыс бюджетінен 184,68 млн. теңге бөлінген.
Алматы қаласы Әкімшілігі бойынша:
Жұмыс жоспарына енгізілді және І жартыжылдықта келесі қызметтер көрсетілді:
-
Алматы қаласындағы ҚҚП ұстау және қызмет көрсету
Алматы қаласындағы ҚҚП байланыс арналарын қолдау.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Облыста 57 ҚҚП орнатылған және жұмыс істейді. 21 ҚҚП салық басқармаларының, жол полициясының, зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтардың ғимараттарына ауыстырылды. ҚҚП-тері аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің теңгеріміне берілген. Аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері «ҰАЖ» акционерлік қоғамымен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен Интернетке қол жетімділікті ұсынуға келісім-шарттарға отырған.
Павлодар облысы бойынша:
Тек қана сүйемелдеу. 2010 жылы облыс әкімдігі балансқа 66 ҚҚП, 7 қалпына келтіруге жарамайды, оларды жүйелі техникалық қызметпен қамтамасыз етуде.
2011 жылы ҚҚПды 1 Гб көлемінде жедел жадымен толық қамсыздандыру істелді, сонымен бірге басқа қосымша жабдықтармен жабдықталды.
ҚҚПды көшіру жүзеге асырылуда халықтың көп жиналатын орындарына көшіруді жүзеге асыру (ЗБМО, салық басқармалары, ХҚО және т.б.).
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Петропавл қ. және СҚО аудан орталықтарында 64 ҚҚП орнатылған (49 – 1 типті және 15 - 2 типті). ҚҚП құру «Салық комитеті» ММ, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ құрылымдарын, сондай-ақ ХҚКО, кітапханаларды, демалу орталықтарын қамтиды. ҚҚП тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚП 1 Гб-ға дейін қосымша жедел жадты сатып алу және толықтай жарақтаандыру жүзеге асырылды.
Жамбыл облысы бойынша:
Облыс, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері ҰАТ АҚ ҚҚП техникалық сүйемелдеуге және Қазақтелеком АҚ-мен интернет желілеріне қосуға келісім-шарттар жасалды. ҚҚП WiFi қолжетімділік нүктелерін орнату мүмкіндіктері қарастырылуда.
Маңғыстау облысы бойынша:
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 30 ҚҚП орнатылды, оның 25-і жұмыс істеуде. 5-уі бойынша оларды қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде.
2011 жылы Интернет ресурсына ҚҚП бірде біреуі орнатылған жоқ.
«Электрондық үкіметтің» ресурстарына және ҚҚП арқылы Интернет желісіне орташа айналымдылық аптасына 3-5 құрайды.
ҚҚПны дамыту үшін әкімшілікпен ҚҚП пайдалануын қарапайым, қолайлы және тегін болатын, және ең бастысы, олардың арнайы қарапайым адамдарға арналғанын көрсететін бейнероликтерді әзірлеу ұсынылған.
Осыдан кейін әзірленген роликті ҚҚП пайдалануды кеңінен әйгілеу мақсатында, жергілікті телеарналарда беру үшін ЖАО жолдануы қажет.
Алматы облысы бойынша:
Интернет ресурстарына ҚҚП желісін кеңейту туралы:
Облыс аумағында орналасқан 109 ҚҚП аудан мен қала әкімдіктерінің теңгерімінде болғандықтан, аталған құрылғылардың қалыпты жұмыс істеуі үшін Интернет желісіне қосу және жүйелі-техникалық сүйемелдеу қызметтеріне аудан мен қала әкімі аппараттарының бюджеттеріне «Қазақтелеком» АҚ мен «ҰАТ» АҚ-ның ағымдағы тарифтеріне сәйкес қаржы қарастырылып, аталған қызметтерге келісім-шарттар 2011 жылдың қаңтар айында жасалды.
ҚҚП тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар ҚР БАМ жолданған.
Астана қаласының Әкімшілігі:
2010 жылы барлық ҚКП ХҚКО ММ балансына берілген болатын, 2010 жыл бойы ҚКП-ларды модернизациялау, оларды жаппай қатысушылардың орнына ауыстыруды және Интернет желісіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын.
Ақмола облысы бойынша:
В2011 жылы ҚКП-ларды модернизациялау мен оларды интернет желілеріне қосуға 2,6 млн. теңге қаралған. Қазіргі кезде 63 ҚКП жұмыс істеуде, 12-сі жөндеуге берілді.
138-тармақ «Ақпараттық жүйелерді қауіпсіз пайдаландыңу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2011 – 2014 жылдар.
ҚР БАМ әр сайын МО Интернетке шығудың Бірыңғай нүктесінің құрал-жабдығын әкімшілендіру шеңберінде есеп жолдайды. Сонымен бірге, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес, мемлекеттік ақпараттық жүйені (бұдан әрі – МАЖ) пайдалануға енгізу оны ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігіне аттестациялау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты ҚР БАМ МО аттестаттау рәсім бойынша кеңес беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: