Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы


Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту



бет4/6
Дата16.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#203546
1   2   3   4   5   6
4.3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
      Ескерту. 4.3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
      1) фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
      2) ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
       4.3.1. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту
      Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мониторингін уақтылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.
      Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту үшін өсімдіктер карантині және аумақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау процестерін біріздендіру мен стандарттауды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және қалыптасқан практикасын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды (бұдан әрі – ФТТ) жүргізу қажет. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ФТТ жүргізу функциялары тапсырыс негізінде жүзеге асырылады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің (Республикалық карантиндік зертхана, Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі және Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі) бар болуын ескере отырып, осы ұйымдарды біріктіру және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің функцияларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыра және еңбекақы төлеуді тиісінше көтере отырып, осы мемлекеттік мекемеге ғылыми-әдістемелік мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      Зиянкестерді, арамшөптерді және өсімдіктер ауруларын зерттеу зертханаларын заманауи, мысалға, амплификатор сияқты жабдықтармен жарақтау жөніндегі нормативтер әзірленетін болады.
      Өсімдік карантині бойынша іс-шараларды жүргізу және аса қауіпті зиянды организмдердің күтпеген жаппай таралуын жоюға арналған пестицидтер (ядохимикаттар) қорын сапалы және қауіпсіз сақтау мақсатында қажетті нормалар мен талаптарға сәйкес қойманы жобалау және кейіннен салу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      «Е-Agriculture» бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пысықталып, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен толықтырылатын болады.
      Ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу мақсатында мақта, көкөніс, жеміс, жүзім мен басқа дақылдардың қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күресу әдісін енгізуге арналған нормативтер әзірленетін болады.
      АШТӨ, өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігі және табиғи мекендеу орындары, сондай-ақ экожүйелер үшін карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерден төніп тұрған көптеген жерлердегі және күшейіп келе жатқан қатерлер республиканың өсімдіктерді қорғау және карантині қызметі үшін басты проблема болып қалуда. Жаңа зиянды организмдер тұрақты түрде өзгеруде немесе белгілі зиянды организмдер климаттағы өзгерістерге байланысты неғұрлым көп таралуда және залал келтіруде, сондықтан да карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы күресу жалғастырылатын болады.
      Елдің фитосанитариялық салауаттылығының күтілетін өзгерісін сипаттайтын негізгі индикативтік көрсеткіш карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу ауданының көрсеткіштері, химиялық өңдеулерді жүргізу ауданы және оның тиімділігі болып табылады.
      Химиялық өңдеу тиімділігін жыл сайын 0,2 %-ға арттыру кезінде карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88-ді құрайды.
      Сондай-ақ, фунгицидтерді сатып алуға арналған АШТӨ шығындарын ықтимал субсидиялау бөлігінде өсімдік ауруларына қарсы күреске бағытталған іс-шараларды қаржыландыру рәсімін қайта қарау мәселесін пысықтау қажет.
      24-кесте. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті

1,02

1,00

0,98

0,96

0,94

0,92

0,90

0,88

      4.3.2. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту


      Ескерту. 4.3.2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің негізгі басы жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және кооперативтік шаруашылықтарда шоғырланған қазіргі заманғы республиканың мал шаруашылығын дамыту жағдайларында инфекциялық және инвазивтік ауруларды жою проблемасының өзектілігі едәуір өсті.
      Ветеринариялық саланың проблемаларын толыққанды шешуге республика, өңірлер (соның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар) ауқымында жануарлардың инфекциялық және жаппай жұқпалы емес ауруларының алдын алу, профилактикасы және жою, сондай-ақ осы саладағы ветеринариялық бақылау мен қадағалауды күшейту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу ықпал етеді.
      Мемлекеттегі тұрақты эпизоотиялық ахуал республиканың ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамытудың негізі болып табылады. Сондықтан да ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың негізгі мақсаты ел аумағының орнықты ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету және түпкі тұтынушы, яғни адам үшін тамақ өнімінің қауіпсіздігі болып табылады.
      25-кесте. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Өндірісі халықаралық стандарт бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып, жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулер үлесі, %

7

20

65

80

80

80

80

80

2

Өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарты) бойынша сертификатталған жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы қолданылатын иммундық-профилактикалық ветеринариялық препараттар үлесі, %

25

30

40

67

70

70

70

70

3

Мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі, %


0,13

0,18

0,22

0,27

0,32

0,36

0,40

      Осы көрсеткіштерге қол жеткізуді жүйелі диагностикалық, емдеу-профилактикалық және жою іс-шараларын жүргізу есебінен, сол сияқты осы іс-шараларды жүргізу тиімділігін жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар және жалпы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.


      Қазіргі уақытта Халықаралық эпизоотиялық бюро (бұдан әрі – ХЭБ) мақұлдаған және келіскен ҚР ветеринариялық қызметін ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы әзірленді, оның шеңберінде ХЭБ ұсынымдарын ескере отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды өткізу стратегиясын қайта қарауға бағытталған іс-шаралар көзделген. Бұл үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (аусыл, бруцеллез, құтыру, эхинококкоз және басқалары) бақылау, алдын алу, жою жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленетін болады. Бұдан басқа, осы іс-шараларды жоспарлау ел аумағын аймақтауды ескере отырып, эпизоотиялық қадағалау жүйесін енгізумен, енжар және белсенді бақылауды, математикалық модельдеу мен болжауды (бұдан әрі – ГАЖ-бағдарлама) қосумен қатерлерді талдау, бағалау және басқару қағидаттарына негізделетін болады. Бұдан басқа, жануарлардың аса қауіпті ауруларына, соның ішінде бруцеллезге қарсы ерекше иммунитеттік алдын алуды пайдалану мүмкіндігі көзделетін болады. Аусылға қарсы вакцинациялау алдын алу шарасы ретінде іске асырылады және осы ауру таралған немесе көршілес қолайсыз елдерден әкелу қаупі болған жағдайда буферлік аймақты айқындау жолымен одан әрі таралуын алдын алуға бағытталатын болады. Сондай-ақ аумақ бойынша инфекция қоздырғышының айналымын айқындау үшін жалпы ел бойынша аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының болуына серологиялық мониторинг көзделген. Қажет болған жағдайда, вакцинациялаумен осы әкелуден бос аумақ мәртебесін алу үшін республиканың барлық өңірлерінде сезімтал жануарларды вакцинациялау жүргізілетін болады. Сондай-ақ осы стратегияның шеңберінде Орталық Азия өңірінде аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ үйлестіру орталығы және елдің бенефициарларына арналған вакциналар банкі құрылады.
      Зертханалық жүйеде ХЭБ ұсынатын зерттеу әдістеріне көше отырып, сынамаларды математикалық дұрыс іріктеу жүйесін енгізу және диагностикалық зерттеулерді жарақтандыруды және мамандарының біліктілігін ескере отырып аудандық деңгейде жүргізу есебінен диагностикалық зерттеулер санын оңтайландыру жүргізіледі.
      Бұдан басқа, алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігінің негізіне отандық биоөнеркәсіпті кезең-кезеңімен дамыта отырып, халықаралық, соның ішінде GMP/GLP стандарттарына сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық алдын алу препараттарын пайдалану жүйесі қаланады, оған әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілері қатысатын болады.
      Сондай-ақ, мамандандырылған инсинераторларды жергілікті деңгейде, әрбір аудан орталығында және ауылдық округте пайдалана отырып, биологиялық қалдықтарды, жануарлардың өлекселерін, ветеринариялық препараттарды және диагностикумдарды жоюдың халықаралық практикасы енгізіледі.
      Қосымша ветеринариялық-санитариялық профилактикалық, диагностикалық және жою іс-шараларын сәтті жүргізу үшін ветеринариялық ұйымдарды (мемлекеттік ветеринариялық зертханалар, эпизоотияға қарсы жасақтар, ветеринариялық станциялар және пункттер) материалдық-техникалық жабдықтау, сондай-ақ ветеринария саласындағы объектілерді салу (ветеринариялық зертханалар, ветеринария бойынша референттік орталық үшін зертханалық корпус, ветеринариялық препараттардың мемлекеттік қорын сақтау үшін арнайы қойма құрылыстары, виварийлер және басқалар) жоспарланып отыр.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін жолға қою, жануарлардан алынатын өнімнің мониторингін және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның жоқ болуына жануар иесінің жауапкершілігін арттыра отырып, мал иесіне рәсімді мемлекеттік қаражат есебінен ақысыз негізде жүргізу көзделеді. Бұдан басқа, бірдейлендіруге арналған бұйымдарды, құралдар мен атрибуттарды ICAR тіркелген АШТӨ-ден орталықтандырылған сатып алу жөніндегі функцияларды бекітіп беру жолымен процессингтік орталықтың рөлі күшейтіледі. Ақпараттық жүйелерді енгізумен ветеринариядағы процестерді тиімді басқару, өнімді «фермадан үстелге дейін» қағидатының негізінде өмірлік циклінің жалпы тізбегі бойынша бақылау және байқау мүмкін болады.
      ҚР Мемлекеттік шекарасында инспекциялық бақылауды күшейту
үшін мамандандырылған өткізу пункттерін (жануарларға арналған өткізу пункттері, жануарлардан алынған өнім мен шикізатқа арналған пункттер) айқындау және оларды материалдық-техникалық жарақтау талап етіледі.
Тамақ өнімдерін өндіру объектілерінде, мал шаруашылығы объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды қатерлерді айқындау тәсілдері мен әдістерін ескере отырып жүргізу талап етіледі. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалдық заттардың болуына тамақ өнімдерінің мониторингі жүргізілетін болады, бұл түпкі тұтынушы үшін мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін арттырады.
      Ветеринариялық ғылымдағы проблемаларды шешу үшін ХЭБ, ФАО және жалпы әлем бойынша жетекші ғылыми-зерттеу ветеринариялық орталықтарымен ынтымақтастық жөнге келтіріледі және ветеринариялық ғылыми ұйымдарды заманауи жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіледі.
      Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде ұлттық тізілімді құру, біліктікті жоғарылату курстарын, соның ішінде шетелде ұйымдастыру мүмкіндігімен ветеринариялық мамандарды даярлауға, халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқыту бағдарламаларын қайта қарауға және тренингтер мен экстенши-курстар үшін халықаралық сарапшыларды тартуға ерекше назар аударылады. Ветеринариялық қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жалақы деңгейін көбейту және ветеринариялық қызметкердің әлеуметтік мәртебесін көтеру бойынша жұмыс жүргізіледі.
      Ұлттық нормативтік блокты халықаралық талаптармен үйлестіру үшін ветеринариялық заңнаманы ХЭБ және ФАО ұсынымдарын ескере отырып жетілдіруге ерекше назар аударылады, онда өткізілетін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігі үшін кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін арттыру көзделеді. Осы жұмыс шеңберінде «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылау белгіленеді.
      Сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілердің орнын ауыстыру, зооантропозоондық аурулардың пайда болуы туралы және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы уақытылы ақпараттандыруды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен үйлестіру күшейтіледі.
      4.4. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
      Ескерту. 4.4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
      1) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
      1-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалау тиімділігін арттыру;
      2) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін
дамыту;
      3) ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
      4) АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
      5) ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
      6) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
      7) органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
      8) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту;
      9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыру.
      4.4.1. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және олардың құнарлылығын арттыру жолдарының бірі олардың агрохимиялық жай-күйін нақты бақылау болып табылады.
      Топырақты агрохимиялық байқап тексеру 2000 жылдан бастап жүргізілуде. 2000 – 2011 жылдары 19,1 млн. гектар немесе республиканың егістік жерлерінің ауданынан 78 % байқап тексерілді.
      Топырақтар құнарлылығының агрохимиялық жай-күйін бақылау үшін топырақты агрохимиялық байқап тексеруді белгілі циклмен жүргізу қажет, ол ҚР үшін суармалы егіншілік жағдайларында бес жылда бір рет және бағара (суарылмайтын) егіншілік жағдайларында жеті жылда бір рет жүргізуді құрайды.
      Мұндай циклдік байқап тексерудің бірінші турын аяқтауды жеделдетуге және құнарлылық деңгейі бойынша базалық көрсеткіштерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, агрохимиялық байқап тексерудің 1,5 млн. гектардан артық емес аудандағы қолданыстағы жыл сайынғы көлемі мұндай циклділікті сақтауға мүмкіндік бермейді.
      Көрсетілген циклділікке қол жеткізу үшін 3,5 млн. гектардан кем емес аудандағы топырақты жыл сайын агрохимиялық байқап тексеруді қамтамасыз ету қажет.
      26-кесте. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін  арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Егістік жерлерін агрохимиялық байқап тексеру ауданы, млн. га

3,5

3,5

3,5

3,5

3,5

3,5

3,5

3,5

      Топырақ құнарлылығының агрохимиялық мониторингін жүргізу критерийлерінің бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық дерекқорды жүргізу және егістік жерлердің гумуспен, қоректі заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуінің агрохимиялық картограммаларын құру болып табылады. Картограммалар негізінде минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.


      Дерекқор және агрохимиялық картограммалар топырақ құнарлылығының сақталуын 5-7 жылдан кейін қайталама тексеру кезінде бақылау негізі болып табылады.
      Алдағы уақытта топырақты агрохимиялық байқап тексеру жөніндегі қорытындыларды жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға беру жоспарлануда, олардың негізінде инспекторлар жер учаскесін топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуін туындайтындай пайдаланған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюға дейінгі әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайтын болады.
      4.4.1-1 Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалау тиімділігін арттыру
      Суармалы жерлердің өнімділігін арттыру және оларды ұтымды пайдалану үшін олардың жай-күйіне тұрақты мелиоративтік мониторинг қажет.
      Қазіргі уақытта суармалы жерлердің жалпы алаңының 70 %-ы мониторингпен қамтылған. Барлық суармалы жерлерді мелиоративтік мониторингпен қамти отырып зерттелетін жерлер алаңын кеңейту қажет.
      Суармалы жерлерді мониторингтеу нәтижесінде жерасты сулары деңгейінің орналасу тереңдігі, олардың минералдануы және жердің сорлану карталарын жасау болып табылады. Осы материалдардың негізінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін бағалау жүргізіледі және су мен жерді тиімді пайдалануды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.
      26-1-кесте. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалау тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Агромелиоративтік зерттеулермен қамтылған, суармалы жерлердің алаңы, мың га

1467

1467

1467

1467

1467

1624

1799

2094

      4.4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту


      Ескерту. 4.4.2-кіші бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      4.4.3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру
      Ескерту. 4.4.3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) басты міндеті ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құнды белгілері мен қасиеттерінің кешені бойынша ең жақсы сорттарын анықтай отырып, жаңа отандық және шетелдік селекция сорттарының шаруашылық пайдалығына мемлекеттік сынауды және патент қабілеттілігіне сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.
      Қазіргі сәтте республикада Мемлекеттік комиссияның құрамында 12 облыстық, 3 өңірлік инспектура, 3 мемлекеттік сорт станциясы және 73 сорт сынау учаскесі жұмыс істейді.
      Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің зертханалық, ауыл шаруашылығы (соның ішінде арнайы) техникасымен және жабдықтарымен жарақтануы проблема болып қалуда, ол қазіргі уақытта қажеттіліктен 46 % құрайды.
      Мемлекеттік сорт сынау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтауды және зертханалық жабдықты жақсарту сыналатын сорттарды шаруашылық пайдалыққа және патент қабілеттілікке сапалы бағалауды жүргізуге, жүргізілетін талдаулар бойынша шынайы деректер алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Сорт сынау процесінің техникалық жарақтануы оны тиімді дамытудың басты факторы болып табылады, аймақтық ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі ұсынған барлық агротехникалық жұмыстарды толық көлемде уақытылы орындау есебінен сорт сынауды жүргізу сапасын арттырады. Бұл өндіріске енгізу үшін жоғары өнімді сорттарды анықтауға мүмкіндік береді, ол өсімдік шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
      Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын, оның ішінде шетелде ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдерге іс-сапарларға қатысу мүмкіндігімен, сорттық сынау саласында мамандарды даярлауға ерекше назар аударылатын болады.
      28-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Неғұрлым өнімді және құнды сорттарды анықтау жөніндегі сорттық тәжірибелер саны, бірлік

6725

6725

6725

6725

6725

6725

6725

6725

      4.4.4. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту


      АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтер көрсету бойынша қызметін жандандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру
      Қазіргі заманда мемлекеттік билік органдары әлемде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кеңінен пайдалануда.
      Қазақстан аумағының үлкен екенін және ауылдық елді мекендер арасы қашық екенін ескере отырып, онда жаңа компьютерлік технологияларды қолдану АШТӨ-нің және ауыл тұрғындарының еңбек шығындарын төмендету үшін қажетті болып табылады.
      Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында тек екі қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл ҚР АШМ көрсететін барлық мемлекеттік қызметтерден 4 %-ды құрайды.
      Тиісінше, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету аясын кеңейтуді дамытудың Қазақстанда үлкен әлеуеті бар.
      29-кесте. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі, %

55 (20 қызмет)

28 (10 қызмет)

17 (6 қызмет)





      Мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру


      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі неғұрлым маңызды міндеттердің бірі билік өкілдерінің қызметтер алушылармен байланыстарын жою, сондай-ақ «жалғыз терезе» қағидатын пайдалана отырып, тұтынушы үшін қызметті алу процесін жеңілдету болып табылады.
      30-кесте. Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілген мемлекеттік қызметтердің үлесі, %

22 (8 қызмет)

14 (5 қызмет)






      4.4.5. Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту


      Ескерту. 4.4.5-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімнің қауіпсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске қысымды төмендету, нарыққа импорттық өнімнің түсуін шектеу мақсатында техникалық регламенттер қабылданған.
      Техникалық регламенттер тұтынушылар үшін тұтынылатын өнім қауіпсіздігінің кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің талаптарын толық қамтитын құжат болып табылады.
      КО-да ықпалдастыру процестерін тереңдету және жеделдету және бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мақсатында АӨК саласында КО 7 техникалық регламенті бекітілді, қосымша КО-ның тағы 6 техникалық регламентін әзірлеу қажет.
      КО техникалық регламенттері кеден аумағында тікелей қолданылады және олар барлық үш ел үшін бірыңғай талаптар белгілейді. КО техникалық регламенттерін қабылдаумен осы техникалық регламенттің талаптарын сақтай отырып өндірілген өнімнің КО аумағы бойынша қандай да бір шектеулерсіз, қосымша растамаларсыз және құжаттарды қайта ресімдеусіз орны ауыстырылуы мүмкін.
      Техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін АӨК өнімдерінің барлық түрлері үшін халықаралық немесе еуропалық стандарттармен үйлестірілген Бірыңғай экономикалық кеңістік стандарттарының бірыңғай тізбелері қалыптастырылды, олар алдағы уақытта мемлекетаралық стандарттар болып қайта пысықталатын болады.
      Сондай-ақ республикалық ветеринариялық зертханалардың сынау зертханаларын АӨК өнімдерін бірдейлендіру үшін қажетті жабдықтармен және қосалқы материалдармен жарақтауды жүргізу қажет.
      31-кесте. Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК өнімдерін
КО-ның техникалық регламенттеу жүйесімен қамту үлесі, %

58,3

75

83,3

91,7

100

-

-

-

      4.4.6. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру


      Мемлекет басшысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлерге АӨК-дегі мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді жоспарлауды жүйелендіру және олардың санын азайту бөлігінде әкімшілік қысымды төмендету мақсатында ҚР АШМ мыналарды жоспарлап отыр:
      Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру:
      1. алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру бұзушылықтарды анықтаған кезде бақылау – қадағалау жүйесінің акценттерін әкімшілік жазаларды салудан нұсқамалар беруге көшіруді көздейді.
      2. нұсқамаларды қолдану бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды нұсқамада белгіленген мерзімдерде уақытылы жоюға және тиісінше әкімшілік жаза салудан құтылуға мүмкіндік береді.
      32-кесте. Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі

85

87

88

89

90

91

92

95

2

ҚР ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі

86

88

89

90

91

92

93

96

      тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру


      Қазіргі уақытта тексерулер жоспары тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып жасалады, яғни тексерулерді жүргізу критерийлері айқындалған, бақылау және қадағалау субъектілері тәуекел топтары бойынша бөлінген, әрбір тәуекел тобы үшін тексерулер жүргізу кезеңділігі айқындалған.
      Сонымен бірге, қазіргі уақытта тексерулер жоспарларын қалыптастыру кезінде субъективті тәсілді қолдану ықтималдылығы бар. Жоспарларды қалыптастыру кезінде субъективизмді барынша болдырмау үшін бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізуді тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып автоматтандыру ұсынылады.
      33-кесте. Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %



50

60

70

80

90

100

2

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %



50

70

80

90

100

100

      4.4.7 Органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау


      Республикада органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту, сондай-ақ органикалық өнімнің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін органикалық өнімді өндіру және сертификаттау жүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажет.
      Органикалық өнімді өндіру мен өткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселесін зерделеу бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
      Органикалық ретінде таңбаланған тауарлар мен шикізатқа тұтынушылардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында органикалық өнімді өндірудің барлық кезеңдерінде бақылау жүйесін, органикалық өнім өндіруді, қайта өңдеуді инспекциялау және сертификаттау, өндіріс субъектілерін тіркеу рәсімдерін енгізу қажет.
      Органикалық өнімдер өндіруді мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу талап етіледі.
      4.4.8. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту.
      Ескерту. Бағдарлама 4.4.8-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Мемлекет басшысының кооперацияның дамуына бөгет жасайтын тосқауылдарды жоюға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында талдау жүргізілді және елдегі кооперация процесін тежейтін мынадай тосқауылдар анықталды:
      1) коммерциялық емес ұйымдар нысанында құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінде табысты бөлу мүмкіндігінің жоқтығы;
      2) нормативтік құқықтық базаның жетілмегені;
      3) кооперативтер қызметінің айқын болмауы, кооператив мүшелерінің бір-біріне сенімсіздігі;
      4) ішкі рәсімдердің шектен тыс реттелгені.
      Аталған тосқауылдарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының кооперацияны дамыту мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанады.
      Бұл ретте, АШТӨ-ні субсидиялау мәселелері фермерлерді кооперативтендіру міндетімен тығыз өзара байланыста балады.
      4.4.9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
      Ескерту. Бағдарлама 4.4.9-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы шетел мамандарын тарта отырып талдамалық зерттеулерді жүргізуді және ұсыныстарды әзірлеуді, озық шетел тәжірибесін зерттеуді және енгізуді, сондай-ақ шетел инвестицияларын тарту процесін жандандыруды және АӨК өнімін өткізудің жаңа шетел нарықтарын іздеуді көздейді.
      Осыған байланысты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық ерекше өзектілікке ие.
      Қазіргі уақытта Қазақстан ЭЫДҰ, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (бұдан әрі – ФАО), ХЭБ, Исламдық ынтымақтастық ұйымымен (бұдан әрі – ИЫҰ) белсенді ынтымақтастық жасауда.
      ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан әртараптандыру және тікелей шетел инвестицияларын ұлғайту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салаларының, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша консультациялар алуда.
      ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық бағыттарының бірі Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың шолуын әзірлеу болып табылады, оның ішіне инвестицияланған мемлекеттік ресурстардың тиімділігін бағалау үшін саланың егжей-тегжейлі талдауын жүргізу кіреді. 2011 жылы ЭЫДҰ-дың әдістемесі бойынша Қазақстанның аграрлық саясатының шолуы әзірленген болатын.
      Жүргізілген шолудың негізінде екі жыл сайын ЭЫДҰ әдістемесі бойынша ауыл шаруашылығы нарықтарындағы негізгі ойыншылар болып табылатын елдердің өндірушілерін қолдау деңгейін айқындайтын және түрлі елдерде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы сенімді және салыстырмалы сандық мәліметтердің жалғыз көзі болып табылатын Аграрлық саясаттың мониторингі жүргізіледі.
      ФАО-мен ынтымақтастық аграрлық саясатты әзірлеуде біліктілігі жоғары ауыл шаруашылығы мамандарынан жедел консультациялар алуға, АӨК басым бағыттарында техникалық және консультациялық көмекке, аграрлық саясатта болып жатқан өзгерістерге жылдам ден қоюға, ел үкіметтерімен бірге ұсыныстарды әзірлеуге және өңірдің мамандануын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дамуының басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қазақстандағы ФАО өкілеттігі трансшекаралық проблемаларды шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы қатысатын өңірлік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
      Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында жануарлар мен жануарлар әлеміндегі саулықты қамтамасыз ету мәселелерінде халықаралық стандарттарды, ХЭБ аясында әзірленген жарлықтар мен ұсынымдарды қолдану аса өзекті. ХЭБ-пен ынтымақтастық шеңберінде техникалық және әдіснамалық көмек көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ХЭБ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы туралы қол қойылған келісімді іске асыру бойынша жұмыс жүргізіледі, ветеринария жөніндегі референттік орталықтың жануарлар бруцеллезі бойынша ХЭБ референттік зертханасының мәртебесін алу бойынша көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Астана қаласында ашылған Орта Азиялық аймақ бойынша аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ қосалқы аймақтық реттеуші кеңсесі аусылды бақылауды күшейту, өңірлік деңгейдегі аусылға қарсы күрес бойынша бірыңғай тәсіл мен стратегияны әзірлеу, ХЭБ өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп, аусылға қарсы күрес бойынша Орта Азиялық өңірлік ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
      ИЫҰ шеңберінде штаб-пәтері Астана қаласында болатын Исламдық Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ұйымды құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған ұйымның құрылуы ИЫҰ кедей елдеріне халықаралық қаржы ұйымдары қаражаты есебінен қазақстандық астықты және азық-түліктің басқа түрлерін жеткізуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық астық нарығын өткізудің қосымша нарығын қамтамасыз етеді деп болжанады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және басқа да елдердегі инфрақұрылымдық жобалардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобалары іске асыруға ықпал етеді, ол экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Сонымен қатар, Қазақстанның шаруашылығы халықаралық ауыл шаруашылығы ғылыми орталықтарының әлемдегі ең ірі бірлестігі АШЗХКТ-ге кіруі жоспарланып отыр. АШЗХКТ-ге мүшелік ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорына, әлемдегі аса бай ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының аса маңызды түрлерінің топтамасына, сондай-ақ АШЗХКТ ақпараттық және ресурстық жүйелеріне, әзірлемелеріне, инновациялар мен технологияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. АШЗХКТ орталықтары мен ғалымдары әлемдік деңгейде сапалы консультациялық қызмет көрсете алады және коммерцияланатын және сатып алынатын технологиялардың, ғылыми-техникалық жобалардың сараптамасын (қайтарымсыз негізде) жүзеге асыратын болады, Қазақстанның биоқауіпсіздігінің халықаралық деңгейін қамтамасыз етуде жәрдемдесе алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет