Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы



бет2/6
Дата16.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#203546
1   2   3   4   5   6
4. Негізгі тұжырымдар
      Ескерту. 4-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында:
      1) азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуға;
      2) шығымдылықты елеулі өсіруге;
      3) егістік алқаптарын ұлғайтуға;
      4) жаңа технологияларды енгізуге;
      5) мал шаруашылығының жемшөп базасын әлемдік деңгейде құруға;
      6) жаппай өндіру ірі экспорт нарықтарын игеруге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерінің түрлерін айқындауға;
      7) елдің экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншылар қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, экологиялыққа баса назар аударумен бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құруға;
      8) ауыл шаруашылығында, оның ішінде қуаң өңірлерде жаңа технологияларды енгізуге;
      9) озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттемелерді көздейтін ашық баға қалыптастыру және инвестицияларды тарту қағидаттарында тиімді жер нарығын құруға;
      10) агробизнесті енгізуге, кооперация процесіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын кедергілерді жоюға;
      11) ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұзақ мерзімді қаржыландыруға және өткізу нарығына тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
      12) қарыздарды кепілдендірудің және сақтандырудың тиімді жүйесін құруға;
      13) ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, оның ішінде сынақтық ғылыми-инновациялық кластерлерді құруға және құрғақшылыққа төзімді гендік түрлендірілген өнімдер мәселесін зерделеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын.
      Республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатын белгілеу кезінде Мемлекет басшысының жоғарыда көрсетілген тапсырмалары мен сыртқы ортада және еліміздің АӨК-тегі ағымдағы жағдайлардың қалыптасқан түйінді үрдістері ескерілді:
      1) экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы орын алды, бұл азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуды қажет етеді;
      2) алдағы ДҰС-ға кіру және КО шеңберіндегі қызмет жағдайларында, халықаралық сауданы, көлік және коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауының өзгеруі кезінде бәсекеге қабілеттілігіне және онымен тікелей байланысты еңбек өнімділігі, АШТӨ-нің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен оның маркетингі мәселелеріне қойылатын талаптар бірінші кезекке қойылады;
      3) өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялауды қоса алғанда, саланы қаржылық сауықтыру, АШТӨ үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, жер қатынастары, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында АӨК салаларын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар жүйелі шаралар талап етіледі.
      Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың күш-жігерін мынадай бағыттарға жұмылдыру қажет.
      Өсімдік шаруашылығы.
      Өсімдік шаруашылығы саласын дамыту дақылдарды өңдеудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталатын болады.
      Бұл ретте егістік алаңдарын әртараптандыру жалғастырылатын болады, ол майлы, жемшөп, бақша сияқты және басқа басым ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған егіс алаңдарын ұлғайтуды болжайды.
      Егіс алаңдарын белгіленген ғылыми-негізделген ауыспалы егістерге сәйкес келтіру қажет.
      Өсімдік шаруашылығында өнімділікті арттыру мақсатында минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тұқымдар мен көшеттерді сатып алу кезіндегі шығындарды субсидиялау түрінде ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.
      Суармалы егіншілік салалардың қолайсыз табиғат жағдайларына тәуелділігін төмендетуге, тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты суармалы жер алаңдарын қалпына келтіру және су үнемдеу (тамшылатып және жаңбырлатып суару) технологияларын қолдану кезінде инвестициялық субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
      Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлеске ие. Элеваторлар мен астық тасығыштардың жетіспеушілігі проблемасын астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуатты құру және кеңейту есебінен шешу керек.
      Мал шаруашылығы.
      Мал шаруашылығы саласында ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру және АШТӨ-ні етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін асыл тұқым базасын дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмысты, оның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен жалғастыру қажет.
      Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданатын болады.
      Сондай-ақ шағын және орта фермаларды және отбасылық үлгідегі шаруашылықтарды құру бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
      Мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құру жөнінде бірқатар шаралар қабылданатын болады. АШТӨ-нің шахталы және құбырлы құдықтарды салу және қалпына келтіру кезінде жайылымдарды суландыруға; жемшөп дақылдарын өсіруге арналған суармалы жүйені сатып алу және енгізу кезінде; мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттілігін сапалы және құнарлы жемшөптермен қамтамасыз ету үшін жемшөп зауыттарын салуға салған инвестициялық салымдарының бір бөлігі өтелетін болады.
      Мал шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға, қуаң аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруды қамтамасыз ету үшін суды сақтау жүйесін енгізуге бағытталған заманауи технологиялар енгізілетін болады.
      Өңдеу өнеркәсібі.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы КО бойынша негізгі сауда әріптестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда.
      Осы арада, мемлекеттік органдардың стратегиялық құжаттарына техникалық реттеу, сауда, бәсекелестікті қорғау, ақпарат, кеден және шекара қызметтері мәселелерінде түзетулерді жүргізу қажет. Отандық тамақ және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ішкі нарығын ұлғайту және сыртқы нарығын кеңейту мақсатында мүдделі уәкілетті органдармен ынтымақтастықта ішкі нарықты импорттық тауарлардың жасырын демпингінен қорғау; техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту; отандық тамақ өнімдерін басым сатып алу бөлігінде заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; отандық өнімдерді сауда желілерінің сөрелеріне жеткізу тетігін жетілдіру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту; отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару; аралас салаларды дамыту; ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет.
      Ветеринария және фитосанитария.
      Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Жоспарланып отырған ДСҰ-ға кіру АШТӨ-ден азық-түлік қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық базаны жетілдіру мәселесін пысықтау қажет, малдардың аурулары қарсы күрес стратегиясын қайта қарап, ауруларға бақылау, қадағалау және мониторингтеу үшін ықпалдастырылған кеңейтілген ақпараттық жүйесі бар зертханалардың тармақталған желісін құру керек. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ауылдар деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Фитосанитария саласында аса қауіпті организмдермен күресудің заманауи қауіпсіз әдістерін енгізу жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізу қажет.
      Агробизнес жүргізуге, кооперация процесіне, тиімді жер пайдалануға бөгет болатын кедергілерді жою.
      Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру, оларға әкімшілік қысым көрсетуді азайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында мемлекет тарапынан жүргізілетін тексерістерді жоспарлауды жүйелендіру мен азайту жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
      Отандық инвесторлар үшін де және шетелдіктер үшін де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі пысықталатын болады.
      Мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.
      «Агробизнес-2020» бағдарламасының бағыттарын нақтылау АӨК басым бағыттарын дамыту жөніндегі шебер-жоспарларда көзделеді.
      Импортқа тәуелділікті азайту және отандық АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайту жөнінде Бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу шебер-жоспарларды іске асырудың негізгі мақсаты болып табылады. Шебер-жоспарлар Бағдарламаның жылдар бойынша және олардың мамандануын ескере отырып, өңірлер бөлісінде жоспарлы көрсеткіштерін (оның ішінде) жан-жақты бөлуді көздейтін болады.
      Жергілікті атқарушы органдардың шебер-жоспарларда бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізуін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақты негізде ресми сайтта тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жұртқа жеткізеді.
      Бұдан басқа табиғи-климаттық жағдайларды, өткізу нарығы мен өңірлердің даму әлеуетін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру енгізілетін болады. Өңiрлердi мамандандыруды енгізу ескерілген егіс алқаптарының жоспарлы құрылымы осы Бағдарламаға 1-қосымшада ұсынылған.
      Өңірлерді мамандандыру схемасы АӨК-те мемлекеттік саясатты сараланған түрде және неғұрлым тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын беру қағидалары өңірлерді мамандандыру схемасын ескере отырып, түзетіледі және өңірлерді мамандандыру схемасы шеңберінде ұсынылмайтын ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтатуды көздейтін болады.
      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар аудандар бөлінісінде өңірлерді мамандандыру схемасына сәйкес 2016 жылға дейін дайындау кезеңін көздейтін ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға; мамандандыру схемасының тиісті ұсынымдарына 50 %-ға сәйкес келетін ауыл шаруашылығы өндірісін 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін субсидиялауға, ал 2020 жылдан бастап толығымен өңірлерді мамандандыру схемасына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға кезең-кезеңмен ауысу жоспарларын әзірлеп, аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізетін болады.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен тетіктері әзірленетін болады.
      Озық технологияларды енгізуді ынталандыру және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар жеке дақылдарды тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп көшуді (кредиттер және лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, қаржы ұйымдары алдындағы АШТӨ қарыздарын кепілдендіру жүйесін және сақтандыру жүйесін енгізу), сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялауды көздеу қажет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тұрақсыздығын болдырмау және олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында аталған кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру қажет.
      Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында субсидиялау жүйесін жетілдіру қажет. ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ КО мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мүшелік аясында отандық АШТӨ-ге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қолдау деңгейін ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.     
4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы
индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Бағдарламаның негізгі мақсаты ҚР АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады:
      1. Қаржылық сауықтыру.
      2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
      3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту.
      4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.
      Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:
      1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
      2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы кемінде 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;
      3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемін 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін жеткізу;
      4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;
      5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы – 0,4 %;
      6) электрондық пішімге көшірілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлесі 2015 жылға қарай – 62 %.
       4.1 Қаржылық сауықтыру
      Ескерту. 4.1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
       АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкрот тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.
      7-кесте. АӨК-ні қаржылық сауықтыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша төлем мерзімдері ұзартылған міндеттемелердің сомасы, млрд. теңге

150

150







2.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау көлемі, млрд. теңге

7,9

14,7

13,0

11,3

9,6

7,9

6,3

4,6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет