Қазақстан Республикасында қүқықтық реформа қалыптасуының бірінші кезеңі аяқталып келеді; оның екінші кезеңінің бағдарламасы талқылануда



бет3/5
Дата14.06.2016
өлшемі398.5 Kb.
#136082
1   2   3   4   5

34

құқықтық шарттағы секілді, еңбек құқық қатынастарында еңбекке ақы төлеу — шарт бойынша ақшалай міндеттеменің орындалуы болып табылады. Алайда, оған табыс салығын салуды осындай табысты жоғалту арқылы келтірілген зиянды өндіріп алудың міндетті шарты деп есептеуге болмайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметтің 54 түрі салық патентінің негізінде жүзеге асырыла алады. Көрсетілген түжырымдама кэсіпкерлік қызметтің осы түрлерінің біреуін жүзеге асыру қабілетін жоғалту арқылы келтірілген зиянды өтеуге кедергі жасауы мүмкін. ҚР АК-нің 938-бабының 2-тармағында, сондай-ақ салық инспекциясының деректері негізінде кэсіпкерлік қызметтен түскен табыстың жоғалтылған табыстың (кірістің) қүрамына енгізілетіні көзделген. Бүл айтылғандарды ескере отырын, жоғалтылған табысты өзге де әдістермен, мысалы, касса чектерімен, шарттардың мәтіндерімен дэлелдеу, белгілі бір кәсіпкерлік қызметтің қалыптасқан орташа табыстылық көрсеткіштерінің негізінде оны анықтау мүмкіндігін мойындау керек.

Өтелуге тиісті жоғалтылған табыстың мөлшері жарақаттанғанға немесе өзге де денсаулықтың зақымдануына дейінгі немесе жәбірленушінің кәсіби еңбек қабілетінен айрылу дэрежесіне сай келетін еңбек қабілетінен айрылғанға дейінгі орташа айлық — табыстың (кірістің) пайызымен анықталады. Табыстың (кірістің) барлық түрлері салықтар үсталғанға дейін есептелген сомамен белгіленеді. Орташа айлық табыс (кіріс) денсаулық бұзылғанға дейінгі 12 жұмыс айындағы табыстың (кірістің) жалпы сомасын 12-ге бөлу жолымен есептеп шығарылады.

' Зиян келтірілетін сэтте жәбірленуші 12 айдан кем жүмыс істейтін жағдайда орташа айлық табыс (кіріс) оның денсаулығы бүзылғанға дейін іс жүзінде жүмыс істеген айлардағы табысының (кірісінің) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептеп шығарылады.

Егер зиян келтірілетін сэтте жэбірленуші жүмыс істемеген болса, оның тілегі бойынша ол жұмыстан босағанға дейінгі табысы ескеріледі. Жэбірленушінің келісімі бойынша жоғалтылған табысты анықтау үшін бұрынғы жұмысындағы табыстың орнына оның осы орындағы біліктілігі бойынша алатын сыйақысының әдеттегі мөлшері ескерілуі мүмкін, бірақ ол заң актілерінде белгіленген 10 айлық есептеу көрсеткішінен кем болмауы тиіс.

Егер жэбірленушінің жарақаттанғанға немесе денсаулығы өзгедей бүзылғанға дейінгі табысында (кірісінде) оның мүліктік жағдайын жақсартатын түрақты өзгерістер болса (жалақысы арттырылған, едәуір жоғары ақы төленетін жұмысқа ауыстырылған, оқу орнын аяқтаған соң жұмысқа орналасқан жене өзгерістің тұрақтылығы немесе жэбірленушінің еңбегіне төленетін ақыны өзгерту мүмкіндігі дэлелденетін басқа жағдайларда), оның орташа айлық табысын (кірісін) анықтауда оның тиісті өзгерістерден кейін алған немесе алуға тиісті табысы (кірісі) ғана ескеріледі.

Егер олар жэбірленушінің нақты алатын (алған) табысының (кірісінің) мөлшерін кеміту арқылы оның жағдайын нашарлататын болса, өтелуге тиісті келтірілген нормалардың мағынасына қарай денсаулыққа келтірілген зиянды есептеу эдістемесі қолдануға жарамайды [12. 81 б].

Бұған дейін атап көрсеткеніміздей, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуде шарт бойынша ол үшін көтеріңкі мөлшерде өтем алуға жол беріледі. Бү_л жағдайда біліктілікті жэне табысты есептеудің орташа көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік беріледі.

Дене жарақатының ауырлық дәрежесін сот-медициналық анықтау ережелеріне сэйкес, жеңіл дене жарақатын алудың жэбірленуші үшін түрліше салдары болуы мүмкін. ¥зақтығы 6 күннен аспайтын, болмашы, өткінші салдары бар зақымдану жеңіл дене жарақатының бір түрі болып табылады. Алайда, жеңіл дене жарақатының осындай түрінде де жэбірленуші белгілі дәрежеде еңбек қабілетінен айырылуы мүмкін. Науқас адам еңбек ете (оқи) алмайтындай жарақаттанған кезде немесе өзге де күйде, еңбек етуге болмайтын немесе жэбірленушінің емделуіне кедергі туса (егер ол өзіне әлеуметтік салық теленетін кез келген жүмыстан босай алмайтын болса), еңбекке жарамсыздық туралы қағаз берілуі мүмкін.

Еңбекке жарамсыздық туралы қағаз уакытша еңбекке жарамсыздығы үшін жэрдемақы алуға негіз болып табылады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақ республикалық кэсіподақтар кеңесінің 1984 жылғы 29 наурыздағы №121 Қаулысымен Қазақ КСР-нің аумағында КСРО Министрлер Кеңесі ВЦСПС-тің 1984 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік элеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақынен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының күші қосымша баянды етілді. Түрмыстық жарақат алған жағдайда еңбекке жарамсыздықтың 6-күнінен бастап жэрдемақы төленеді. Еңбек туралы заңдарда да көрсетілген кезең ішінде жалақыны сақтау жөнінде кепілдік жоқ.

Қылмыспен зиян келтірілетін жағдайда еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша еңбек ақының мүлде төленбеуі заңға негізделмеген тәртіп болып шығады, өйткені Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы еңбекке жарамсыздық қағаздары мен анықтамаларды беру тэртібі туралы Ережеде де, аталған жағдайларда да қылмыспен келтірілген жарақаттарға қатысты алып тастаулар айтылмаған. Қызметкер өзінің денсаулығына қасақана зиян келтіріп, уақытша еңбек қабілетінен айрылуға мэжбүр болатын жағдайда да жәрдемақы тағайындалады, бірақ мүнда ол жүмысты немесе өзге де міндеттерді атқарудан жалтару мақсатында зиян келтірмеген болуы тиіс.

Ертерек кезенде жоғалтылған табыс өтелмеген жэрдемақы бөлігінде еңбекке жарамсыздығы бойынша жэрдемақылар есебінен өтелетін, ол қылмыскерден өндіріп алынды. Мысалы, Қазақ КСР ҚК-нің 15-бабы, 101-бабының 1-бөлігі, 94-бабы бойынша сотталған К. деген азаматқа мүлік пен денсаулыққа келтірген зиянды өтеуді талап еткен азаматтық талапқа сэйкес сот 60 сом көлеміндегі жоғалтылған табысты өндіріп алу жөніндегі талапты қанағаттандырған. Бүл арада соттың шешімінде талапкер эйелдің тұрақты, одан соң амбулаториялық емдеуде болған кезеңінде оған табысының 80 пайызы көлемінде уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жэрдемақы төленгені көрсетілді. Соттың шешімімен оның табысы мен уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша берілетін жәрдемақы арасындағы айырмашылық өндіріп алынды.

Қазақ КСР АК-нің 455-бабы егер жэбірленуші үшін әлеуметтік салық жэне басқа бюджетке міндетті төлемдер төлеуге міндетті емес үйым немесе азамат адамды жарақаттаса немесе оның денсаулығына өзгедей зақым келтірсе, бүл үйым немесе азамат оның алатын жәрдемақысының сомасынан асатын бөлігін өтеуі тиіс деп көрсетеді. ҚР АК-нің 937-бабының 2-тармағына сәйкес төленген жэрдемақының сомасы өтелуге тиісті зиянды анықтауда өтеу есебіне қосылмайды. Бүл айтылғаннан баптың бүрынғы редакциясы элдеқайда сэттірек еді деген қорытынды жасауға болады.

Азаматтық-қүқықтық жауапкершілік қарымақы қызметін атқарады: бүл қызметтің мэнінен жэбірленушінің зиянды өтеу арқылы баюына жол берілмейтіндігі келіп шығады.

Егер еңбекке жарамсыздық үзіліссіз жалғаса беретін болса, ол бойынша жэрдемақы төлеу 4 айдан аспайтын мерзімде төленеді. Жэбірленуші зиян келтірушіге азаматтық талап қойғанда оның кәсіби және жалпы еңбекке жарамсыздық дэрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалуы тиіс. Бүл арада кэсіби еңбекке жарамсыздық дэрежесін анықтау үшін Медициналық-элеуметтік сараптама комиссияларының еңбек ету міндеттерін атқаруға байланысты жарақаттанған немесе өзгедей денсаулығы зақымданған қызметкерлерге кэсіби еңбекке жарамсыздық дәрежесін белгілеу тәртібі туралы Нүсқамалар қолданылуы мүмкін.

Практика қүқық қорғау органдары мен сот-медициналық сарапшылардың жэбірленушілердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу саласындағы қызметі жөнінде білікті эдістеме жасау қажеттігін көрсетеді. Онда соттарға, тергеу органдарына сарапшыларға адамның денсаулығына қылмыспен зиян келтірілетін барлық жағдайларда кәсіби немесе жалпы еңбекке жарамсыздық дэрежесі туралы мэселені қою туралы үсынымдар баянды етілуі тиіс.

Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге байланысты туған қосымша шығындарды бірден анықтаған жөн деп есептейміз. Еңбекке жарамсыздық дэрежесін анықтауда жарақаттың, үрыпсоғудың кейін туатын зардаптарын да ескеру қажет. Біздің мүндай жорамал жасауымыз, алдымен дене жарақатының ауырлығын, одан соң — денсаулыққа келтірілген зиянды анықтау үшін қайталап медициналық сараптама тағайындаудың орынсыздығына байланысты, өйткені бүл жәбірленуші үшін едәуір қолайсыздықтар, артық шығындар және сот былықтарын туғызады. Мысалы, Қазақ КСР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінде, 202-бабының 3-бөлігінде, 214-бабының 1-бөлігінде, 76-бабының 2-бөлігінің "а", "б", "г" тармақтарында, 15-бабында, 88-бабының 1-бөлігінің "а" тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыпталған Г. деген азаматтың, Қазақ КСР ҚК-нің 76-бабының 2-бөлігінің "а", "б", "г", 15-бабында, 88-бабының 1-бөлігінің "а" тармағында көзделген қылмыстары үшін Б. деген азаматтың қылмыстык ісінде жәбірленуші Н. талап қойған. Ол талабында өтпелі пышақ жаракатының ауыр зардаптарынан жапа шегіп жүргенін, таяуда операцияға жататынын көрсеткен. Оның жағдайы қиын, жаны ауырады, іс жүзінде еңбекке жарамсыз мүгедек болып қалған. Өзінің емделуіне орасан көп шығын шығарған. Үкімде

37

жәбірленуші Н.-ның материалдық залал ретінде Б. мен Г.-дан 404757 теңге өндіріп алу жөніндегі талабының қараусыз қалатыны көрсетілген, өйткені талапты негіздеуге тиісті қүжаттар тіркелмеген. Залалдың кейбір түрлері, мысалы, емделу шығындарын, егер оларды растайтын құжаттар дер кезінде жиналмаса, әрине, дэл анықтауға болмайды. Алайда бұл талапты сөзсіз қабылдамай тастау үшін негіз бола алмайды.

Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуде бұрынырақ үсынылған аралық шешімнің конструкциясы ең жақсы нүсқа болып көрінеді. Егер кейін жэбірленушінің денсаулығында белгілі бір ауытқушылықтар пайда болса, қылмыстың салдары ретінде ауру байқалса, сот қосымша медициналық қорытындының негізінде жеңілдетілген тэртіппен тиісті залалды өндіріп ала алады.

Адамның жеке басына жасаған қылмысы үшін сотталғандардың көпшілігінің жәбірленушінің жоғалтқан табысын өтеуге жеткілікті мүліктері болмайды. Көбіне өндіріп алуға түрған үй (пәтер), жер учаскесі, гараж, саяжай үйі (яғни бір реттік өндіріп алу) жүмсалады, ал жүйелі төлемді қамтамасыз ету іс жүзіңде мүмкін болмайды.

Бүл проблеманы шешу үшін ҚР Халықтык банкінің мекемелерінде немесе басқа банктерде арнайы депозит есепшоттарын ашуды көздеуді үсынамыз. Сотталғандардың мүліктерін өткізуден түсетін қаражатты осы есепшоттарға аудару қажет. Сот шешімінде көрсетілген мерзімділікте жэбірленушіге ақша қаржатын төлеуді көздейтін осындай есепшоттардың арнайы режимін сақтау қажет.

ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 103-бабына сәйкес сотталғаңдардың табысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан жэне өзге де кірістерінен міндетті сақтандыру қорларына алимент, салық, сақтандыру жарналары, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары жэне өзге де міндетті аударымдар үхталады. Одан соң іс жүзінде оларға берілген тағамдардың, заттай мүліктің жэне коммуналдық-түрмыстық қызметтің қүнына қарай оларды күтуге жұмсалған шығындар ұсталады.

Көрсетілген түжырымдама оны жасаушылардың әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек, салық, азаматтық-іс жүргізу қүқығы саласындағы маңызды қағидаларды ескермегенін көрсетеді, мүнымен келісу қиын. Міндетті сақтандыру аударымының, әлеуметтік салықтың сотталған адамның табысынан емес, еңбекке ақы төлеу қорынан төленетіні баршаға мэлім. Зейнетақы мен жэрдемақынан да ешқандай аударым жүргізілмейді. Егер сотталған адам авторлық сыйақы, қүнды қағаздардан табыс, мүлкін жалға беру арқылы кіріс жэне басқа табыс алатын болса, олардан табыс салығын төлейді. Жалақы беретін орын оған салық салады. Сонымен, аталған бапта көпшілігі сотталған адамның аударылатын ақшалай табысынан алынбайтын аударымдар аталған. Бүдан эрі, алименттер олардан атқару қағазы бойынша үсталым жасалатын төлемдерге жатады; бүл бапта алименттер жеке аталады және атқару қағаздары мен басқа да атқару қүжаттары бойынша қалған сомадан үстап қалу ҚР-ның зандарында көзделген тәртіппен жүргізілетіні туралы айтылады.

3 5

Көрсетілген норма адамның өмірі мен денсаулығына қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-қүқықтық жауапкершілікті жүзеге асыруды айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Оның жалпы атқару заңдарына жэне азаматтық қүқықтың нормаларына, атап айтқанда, ҚР АК-нің 51-бабына сэйкестікке келтірілуге тиістігі даусыз талап болып табылады, өйткені алиментті өндіріп алу жене адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бірінші кезекте жүзеге асырылуы тиіс.

Бүрынғы ғылыми заң әдебиеттерінде жүмысшылар мен қызметшілерге олар өндірістің мүдделерін корғау кезінде келтірілген зиянды өтеудің пікірсайыс мэселелері қарастырылды. Бүл мәселе қазіргі кезде де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Бұған қоса, қазіргі уақытта қызметкерлер мен жүмыс берушілердің өзара қарым-қатынасы өзгерді, жаңа лауазымдар (мысалы, қауіпсіздік қызметінде) пайда болды. Қылмыс өлемі кэсіпкерлік қүрылымның қызметіне теріс ынта туғызып келеді. Белгілі бір адамның заңсыз талаптарынан туатын жанжалдардың негізінде дүниеқоңыздықпен қылмыс жасалатын жағдайлар да баршылық. Мысалы, күзетші фирманың аумағына қорқытып алушыны өткізбей қойды. Ол кейін кек алу мақсатымен қызметтен тыс уақытта күзетшінің жеке басына қастандық жасауы мүмкін. Фирманың бүрынғы қызметкері тіпті еңбек қатынасын тоқтатқаннан кейін де оның коммерциялык қүпиясын жарияламайды, егер онымен шарт жасалмаған болса, ол мүны моральдық ойлау тұрғысынан өз бастамасы бойынша жасауы мүмкін. Қылмыскер өзіне керекті мағлүматтарды осы адамнан алуға болатынын білгендікген, оған қастандық жасауы ғажап емес.

Біз мысалға келтірген жағдайларда адам зиян келтірілетін сәтте қызмет -бабы міндеттерін атқармаған. Алайда оған зиян келтіру оның қызмет бабы міндеттерімен немесе ол сол үшін іс-әрекет ететін заңды түлғаның қызметімен тығыз байланыста болады.

ҚР-ның азаматтық заңдарында Ресей Федерациясының азаматтық заңдарындағыдай міндеттемелерін атқармағаны (немесе тиісінше атқармағаны) үшін кэсіпкерлік қызмет субъектісінің кінәсыз жауапкершілік қағидаты тамыр жайған. Бүл заңнамалық жаңалық, сірэ, азаматтық қүқық теориясында болған көзқарастардың ықпалымен пайда болса керек. Авторлардың көпшілігі кейбір жағдайларда азаматтық қүқықта кінэлы жэне кінәсыз жауапкершілік болуы мүмкін деп есептеп келді, бүл арада олардың кейбіреулері кінәлы жауапкершілікті ғана мойындаған. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар кэсіпорындар үшін кінэсыз жауапкершілікті енгізу үхынылды. Кінәсыз жауапкершілік туралы мэселеге қатысты сыни ескертпелер кейінгі кезде де айтылуда. Алайда, кәсіпкердің тэуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет секілді, кэсіпкерлік қызметтің заңнамалық анықтамасы пікірдің заң шығарушылардың кәсіпкерлердің міндеттемелерін атқармағаны үшін кінәсыз жауапкершілігі жағына ауын кетуіне себепші болды.

Кеңестік кезеңнің қүқығында зиян келтіруде заңды түлғаның кінэлы жауапкершілік доктринасы келіспеушілік туғызбады. Бүрын еңбек қатынастарының экономикалық негізі басқаша, еңбекке ақы төлеу иесіздік



ЭУ

сипатта болды. Күнкөрістің белгілі ең төменгі деңгейі, тегін медициналық қызмет баршаға кепілді болды. Осыған үқсас жағдайда, қылмыстан жэбірленушінің тірі қалуға ешқандай мүмкіндігі болмай қалатын кезде мэселе өзгеше, өйткені зейнетақымен қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру реформасы мүндай адамдардың күллі ең төменгі кепілдіктерін алып қойды. Сондықтан адамның жеке басына келтірілген зиянды өтеудің тиімділігін арттыру шараларының бірі ретінде заңды түлғаның қызметіне байланысты адамның жеке басына келтірілген зиян үшін кәсіпкерлік қызмет субъектісінің кінэсыз қосалқы жауапкершілігі туралы норманы енгізу орынды болып көрінеді. Алайда, кэсіпкер іс жүзінде толығымен қылмыскер үшін міндет атқаратын жағдайды қалыпты деуге болмайды. Сондықтан кэсіпкерге міндетті жүктеу кезінде қосалқы жауапкершіліктің орныққан ережелерінен біраз алшақтау керек. Мүндай жағдайларда кәсіпкер міндетінің көлемін ең төменгі түтыну қоржынының қүнымен шектеуге болады.

Әскери қызметшілер, қүқық қорғау органдарының, жеке күзет қүрылымдарының қызметкерлері де қылмыстық іс-эрекеттерімен адамның жеке басына зиян келтірді. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін көздейтін қағидалар ҚР АК-нің (ерекше бөлім) 922 жэне 923-баптарында баянды етілген.

Біздің осыған дейін атап өткен ресми түсініктемеміздің мағынасы бойынша, ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы, егер зиян қылмыстық процесті жүргізетін органдар қызметкерлерінің қылмыстық эрекеттерімен келтірілген болса, зиянды оның кінэсына қарамастан өндіруі мүмкін. Бү_л арада заңсыз соттау арқылы жеке түлғаға зиян келтіру, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бүлтартпау шарасы ретінде күзетке алу, үйде қамап үстау, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамауға алу немесе түзеу жұмыстарына жіберу түріндегі экімшілік жазаңы заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру — мемлекеттің зиянды өтеу туралы талабын қанағаттандырудың міндетті шарты болып табылады.

923-баптың 1-тармағында қамтылатын эрекеттердің тізбесін ұлғайту, сондай-ақ бүл норманы соттың түсіндіруі оның әрекеттерінің толық кепілдігін қамтамасыз ете алмайды. Зиянды өтеу, сірө, қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, бүлтартпау шараларын тандау туралы қаулы жэне басқа осы секілді тиісті ресми қылмыстық іс жүргізу қүжаттары арқылы жүзеге асырылатын болар. Алайда бу_л белгілі бір орган тарапынан жауапкершіліктен қүтылу мақсатында тапқырлық көрсетуге кең өріс қалдырады. Мүндай түжырым бүқаралық ақпарат қүралдарында жарияланатын материалдарға сүйенеді. Қүқық қорғау органдарының адамды заңсыз үстауы, өзге де тексеру эрекеттері барысында қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту нэтижесіндегіден кем түспейтін зиян келтірілу мүмкіндігі күмэнсыз. Келтірілген мысалдар заңдарды одан эрі жетілдіру, органдар қызметкерлерінің зиян келтіру әрекеттерінің заңсыздығын дэлелдеу тетіктерін ажарлау қажеттігін көрсетеді. Түтас алғанда. бүл салада әлі де қосымша зерттеуді талап ететін көптеген маңызды жэне шешуін таппаған мәселелер сақталып отыр.

Қарастырып отырған саладағы заңдарды дамытудың дүрыс үрдістері болатыны өзінен-өзі түсінікті. Зиян қүқық қорғау органдарының жогарыда аталғандардан өзгеше заңсыз әрекетімен келтірілген жағдайлардағы мемлекеттің қосалқы жауапкершілігі туралы жаңа ережені солардың біреуіне жатқызуға болады (ҚР АК-нің 923-бабының 2,3-тармақтары, 922-бабының 3-тармағы). Зиян келтірген органның қарауындағы оны болдырмайтын құралдар жетіспейтін жағдайларда мемлекет жауапты болады.

923-баптың 2-тармағы сілтеме жасайтын 922-баптың 3-тармағы зиян келтірушінің кінэлы жауаптылығы туралы жалпы ережеге сүйенеді (917-бап). Қүқық қорғау органдарының қызметкерлері зиян келтіретін жағдайларда органның өзінің кінэлылшын анықтаудың белгілі бір өлшемін жасау керек. Олар жеке күзет құрылымдарының зиян келтірудегі кінәлылығын анықтауда да қажет болады.

Аталған қүрылымдардың бэрінің қызметі қызметкерлерді психикалық, психологиялық, моральдық-ізгілік өлшемдер бойынша сұрыптап алуды көздейді. Кейде қүқық тәртібі органдарының қатарына ізгілік-психологиялық түрғыдан тұрлаусыз немесе соттылығы бар адамдардың өтіп кететіні құпия емес. Олар кейде тізімделетін қаруды иеленеді, өздеріне қызмет бабымен мэлім болған жэбірленушілердің өмірі туралы ақпаратты, сондай-ақ қылмыстың жасалуын жеңілдететін немесе оны жасыратын өзге де акпаратты пайдаланады. Жеке күзет фирмасының қызметкерін жүмысқа қабылдауда да осындай жағдай болуы мүмкін. Сонымен қатар, орган (фирма) басшылығының көзқарасы қызметкерлердің заңды бұзуына тікелей алғышарт туғызуы мүмкін. Тергеу органдарында бүл күдіктілерден жауап алудың заңсыз әдістерін үнсіз қолпаштау болуы мүмкін. Барлық қалған қүрылымдарда да осындай қүқык бүзушылықтар кездесуі ықтимал. Мэселен, Алматы қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік-күзет қызметінің милиционерлері екі кәмелетке толмағанды өлтіріп қойған. Істің мән-жайы қылмыстың арсыздықпен жасалғанын, қылмыскерлердің негізінен сұмпайылар екенін көрсетеді. Өлтірілгендердің аналары берген талап өтініштерінде жауапкер ретінде Алматы қалалық ішкі істер басқармасын жауапқа тартуды өтінді. Мысалы, А. Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ сараптама-криминалистика бөлімінің қызметкері бола тұрып, пэтерін иелену мақсатымен егде әйелді өлтірген. Оған жалған қүжат жасау жолымен қүқық беретін пэтер құжаттарын өзіне ресімдеп алудың сәті түскен. Аудандық ІІБ-нің лауазымды адамдарының тиісті құжаттардың бланкілерін сақтау мен есепке алуда салақтық көрсетуі де осыған жол ашқан. Келтірілген жағдайларда қылмыстан келген зиян өтелмеген, соған сәйкес ішкі істер органының азаматтық-қүқықтық жауаптылығы туралы меселе қойылмаған.

Қолданылып жүрген заң бойынша бірінші жағдайда ішкі істер органының жауаптылығы үшін негіз жоқ. Алайда, біздің пікірімізше, белгілі бір органның лауазымды адамының іс-эрекеттері жоғарыда көрсетілген себептермен қылмыс жасауға алғышарт болуы мүмкіндігін ескеру керек. Лауазымды адамдардың зиян келтіруінің нақты фактілері бар кінәсы, заңсыз мінез-қүлықтарының жанама себепсалдар байланысы болған түста тиісті

органға белгілі дэрежеде адамның жеке басына қылмыспен келтірген зияны үшін жауапкершілік жүктелуі тиіс. 14 жасқа жетпеген жэне табысы жоқ кэмелетке толмаған жарақаттанатын немесе денсаулығын бұзып алатын жағдайда зиян үшін жауапты адамдар денсаулықтың бұзылуына байланысты шығындарды өтеуге міндетті.

Жэбірленуші 14 жасқа жеткенде, сондай-ақ табысы (кірісі) жоқ 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға зиян келтірілетін жағдайда зиян үшін жауапты адамдар жәбірленушіге денсаулығының бұзылуына байланысты шығындардан басқа, оның еңбек қабілетінің жойылуына немесе азаюына байланысты зиянды заңдар актілері белгілеген айлық есептеу көрсеткішінің 10 еселенген мөлшерін басшылыққа ала отырып өтеуге міндетті [17. 33 б].

Егер денсаулығына зақым келетін сәтте кәмелетке толмағанның табысы болса, онда зиян осы табыстың көлеміне қарай өтеледі. Жэбірленуші еңбек қызметі басталған соң өзінің атқарып жүрген лауазымыңа немесе біліктілігіне сәйкес алуға тиісті табысты негізге ала отырып, зиянның өтелуін арттыруды талап етуге құқылы.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі "Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мэселелері туралы" Қаулысында кәмелетке толмаған зиян келтіруші болатын жағдайдағы жауапкершіліктің кейбір қырларына көңіл бөлінеді. Біз 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мүлікке зиян келтірген жағдайда ол үшін дербес жауапты болатынын атап көрсеткенбіз. Мүның адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілетін жағдайларға да толық көлемде қатысы бар.

14-тен 18 жасқа дейінгі кэмелетке толмағанның зиянды өтеуге жеткілікті мүлкі немесе өзге көздері болмаған жағдайда оны толығымен немесе жетіспейтін бөлігін өтеу міндеті олардың мінез-қүлқы кінэлы болатын реттерде оның ата-аналарына, бала асырап алушыларға немесе қорғаншыларға жүктеледі. Кінэлы мінез-қүлықтың өлшемдері Қаулының 20-тармағында келтіріледі. Кэмелетке толмағанды дүрыс тэрбиелеуді жүзеге асырмау немесе оны қараусыз қалдыру, оның заңсыз эрекеттерін қолпаштау осынарға жатқызылуы мүмкін.

Зиян келтіруші кэмелетке толғанда немесе оның зиянды өтеуге жеткілікті мүлкі немесе өзге де табысы пайда болғанда, ата-аналардың, бала асырап алушылардың, қорғаншылардың міндеті тоқтатылады. Сонымен, көрсетілген адамдардың міндеттемесі аз уақыттық сипатта болын, кәмелетке толмаған мүра, сыйға тарту шарты бойынша немесе басқа да негіздермен мүлікке ие болғанда тоқтатылуы мүмкін. Ол кез келген жағдайда 4 жылдан үзаққа созылмайды. Ата-аналар, бала асырап алушылар немесе қорғаншылар кәмелетке толмағанның келтірген зиянын өтейтін жағдайларда олардың кері талап қоюына жол берілмейді.

Егер кейін оның еңбек қабілеті төмендеп кетсе, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшері жоғалтылған табыс (кіріс) -бөлігінде арттырылуы мүмкін. Ол үшін еңбек қабілетінің төмендеуі денсаулыққа келтірілген зиянмен байланыста болуы қажет. Жэбірленуші

зиянды өтеу жүктелген азаматтың мүліктік жағдайы кейін жақсаратын жағдайда да зиянды өтеу мөлшерін арттыруды талап етуге қүқылы.

Зиян келтірушілердің көпшілігінің мүліктік жағдайы төмен болып келетінін жоғарыда атап өттік. Мэселен, 1998 жылдың қаңтар-ақпанында республика бойынша орташа жалақы 9026 теңге бодды. Оның үстіне, жалақының мүндай айтарлықтай жақсы мөлшері жүмыс істейтіндердің жоғары ақы алатын топтарының (мысалы, таукен өнеркэсібі қызметкерлерінің) табысын есепке алу есебінен қүралып отыр. Атаулы жалақының өсу индексі 1997 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 119,7 пайыз болған, нақты жалақының өсу индексі, 108,4 пайызға теңелген. 1998 жыл бойында жалақының мөлшері аз ғана өскен, оны арттыру мөлшері ҚР-ның "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында анықталған. 1999 жылға да жалақының шамалы есуі жоспарланған.

Еңбек табыстары халықтың ақшалай табыстарының негізгі көзі болып табылады. 1997 жылы олардың ақшалай табыстың жалпы көлеміндегі үлесі 74 пайыз болды. Ақшалай табыстың (сатудан және басқадан алынатын ағымдағы түсімдердің) қалған бөліктерінің меншікті салмағы 611 пайыз аралығында ауытқиды. 1998 жылдың наурыз айының соңындағы жағдай бойынша республикада 267,9 мың жұмыссыздар (сол жылдың ақпанындағыдан 5,4 мың адам көп) тіркелген. Тіркелмеген жұмыссыздардың саны да айтарлықтай болса керек.

Егер сот зиянды толық көлемде өтеуге үкім шығарса, онда іс жүзінде зиян келтірушіден үкім шығарылған соманы өндіріп алу мүмкін емес. Сондықтан зиян келтірушінің мүліктік жағдайы орнықсыз болатын реттерде зиянның ең аз мөлшерін өндіріп алу, ал сот шешімінде өндіріп алуға тиісті залалдың толық сомасын көрсету тиімді болып керінеді. Зиян келтірушінің мүліктік жағдайы жақсарғанда — берешегін өндіріп алу керек. Мүндай жағдайларда ақшалай міндеттеменің орындалуы сот шешімімен кейінге қалдырылған бөлігін орындамағаны үшін рұқсат беру қолданылмауға тиіс.

Егер жәбірленушінің еңбек қабілеті кейін қалпына келсе немесе зиян келтірушінің мүліктік жағдайы нашарлап кетсе, сот зиян келтірушінің талап етуі бойынша зиянды өтеу мөлшерін азайта алады.

Қылмыстан жэбірленушінің емдеуге жұмсалған қаражатты өтеуді талап ету құқығы бар. Жәбірленуші емдеуге қатысты жұмсалған барлық шығынды (тегін көрсетілген емдеуден басқаларын) зиян келтірушіден өндіріп алуы тиіс. Осымең қатар, жэбірленушіге қосымша тамақтануға, жасанды мүше салуға, бөгде адамның күтіп-бағуына, санаторийлік-курорттық емделуге, арнайы көлік қүралын сатып алуға, басқа мамандыққа дайындалуға және т.с.с жүмсалған шығындар өндіріп беріледі. Егер жэбірленуші тиісті жэрдемге немесе күтімге зэру болатын жэне оларды тегін алмайтын жағдайда осындай шығындар өтеледі. Шығындар медициналық сараптаманың қорытындысы негізінде белгіленген мерзімдерде болашақта да өтелуі мүмкін.

Зиянның көрсетілген түрлерін етеу жөніндегі сот практикасының тиімділігі жеткіліксіз екені шүбәсыз.

Еңбек жарақаты арқылы келтірілген зиянды өтеуде жәбірленушіні күтіп-бағуға жүмсалған қосымша шығындар оны кімнің жүзеге асырғанына және жалпы оның болған-болмағанына қарамастан, өндіріп алынады. Алайда қылмыспен келтірілген зиянды өтеуде сот практикасы накты жүмсалған шығындарды өндіріп алу көзқарасын қостайды. Барабар болмаса да, осыған үқсас қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге сілтемені дауды шешетін кез келген судья қабылдай алмайды. Жеке адамға қылмыспен келтірген зиян ұшін жауаптылықтың бу_л қыры да көрсетілген мэселеге арналған арнайы нормативтік актіде көрініс табуы тиіс. Егер медициналық қорытынды бойынша қосымша және тұрмыстық күтімнің қажеттігі анықталса, онда күтіп-бағуға қажетті шығындар өндіріп алынуы тиіс. Бүған қоса, егер жүмсалған шығындар бөгде адамның күтуіне белгіленген нормативтік өтемнен асын кетсе, жәбірленушінің іс жүзінде жүмсалған шығындарды өндіріп алу мүмкіндігі көзделуі тиіс.

Егер жэбірленуші көлік қүралына мүқтаж болса, онда ҚР-ның АК-нде (937-бап) белгіленген норманың мағынасы бойынша оған қызмет (еңбек) міндеттерін атқару кезінде жарақат алған жүмысшылар мен қызметшілер секілді, қолмен басқарылатын арнайы көлік қүралының (мотобесік-арбаның) қүны өтеледі.

Бүл мэселені сот практикасында шешуде Ресей Федерациясының көзқарасы назар аударуға түрады. Жәбірленуші физиологиялық ерекшеліктеріне (антропометриялық мэліметтеріне жэне т.с.с.) қарай мотобесік-арбаны пайдалана алмайтын жэне ол үшін бірден-бір арнайы жылжу қүралы белгілі бір үлгідегі автомобиль бола алатын ерекше жағдайларда сот зиянның өтелуге тиісті мөлшерін көрсетілген автомобильдің қүны көлемінде анықтауға қүқылы.

Қазақстанның заңнамасына сэйкес, азамат қайтыс болған жағдайда оның асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар немесе ол қайтыс болған күні одан көмек алуға қүқығы бар адамдар —қайтыс болған адамның ол өлген соң туған баласы, сондай-ақ ата-аналарының біреуі, жүбайы немесе еңбекке жарамсыздығына қарамастан, жүмыс істемейтін және қайтыс болған адамның асырауындағы 14-ке жетпеген балаларын, немерелерін, інілерін, қарындастарын күтумен айналысатын отбасының кез келген мүшесі немесе көрсетілген жасқа жеткенімен, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына қарай бөгде адамның күтуіне мұқтаж адамдар зиянның өтелуін талап етуге қүқыны.

Егер еңбекке жарамды адам қайтыс болған адамның асырауында түрған болса жэне ол өлген соң 5 жылдан кейін еңбекке жарамсыз болып қалса, ол да зиянның өтелуін талап етуге қүқылы.

Ата-аналарының біреуі, жүбайы немесе отбасының 14-ке жетпеген, жүмыс істемейтін және қайтыс болған адамның балаларын, немерелерін, інілерін, қарындастарын күтумен айналысатын кез келген мүшесі немесе осы жасқа жеткенімен, денсаулық жағдайына байланысты бөгде адамның күтуіне мүқтаж, күтіп-бағу кезеңінде еңбекке жарамсыз болып қалған кез келген

мүшесі осы адамдарды күтіп-бағуы аяқталған соң зиянның өтелуін талап ету қүқығын сақтайды.

Кэмелетке толмағандар 18 жасқа жеткенше, оқушылар күндізгі оку орындарындағы оқуын аяқтағанға дейін, бірақ тек 23 жасқа дейін; 58 жастан асқан эйелдерге және 63 жастан асқан еркектерге — өмір бойы; мүгедектерге — мүгедектік мерзімінде; ата-аналарының біреуіне, жүбайына немесе қайтыс болған адамның асырауындағы балаларын, немерелерін, інілерін, қарындастарын күтумен айналысқан отбасының басқа мүшесіне — ол 14 жасқа жеткенше немесе денсаулық жағдайы өзгергенге дейін келтірілген зиян өтеледі.

ҚР АК-нің (ерекше бөлімнің) 940-бабының мағынасы бойынша асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар кайтыс болған адамның отбасы мүшелері болуы тиіс (отбасының тәрбиелеуіне қабылданған балаларды да осылардың қатарына жатқызуға болады). Отбасының кэмелетке толмаған мүшелері қайтыс болған адамнан іс жүзінде көмек алғанына немесе алмағанына қарамастан, зиянның өтелуін талап етуге құқылы болуы тиіс. Қайтыс болған адамнан тірі кезіңде көмек алып түру қүқығының болуы зиянды етеу қүқығы сақталуының негізгі өлшемі болуы тиіс.

Асыраушысының өліміне байланысты зиянды өтеуге қүқығы бар адамдарға келтірілген зиян оның тірі кезінде алып түрған немесе алуға қүқығы болған қайтыс болған адам табысының (кірісінің) үлесі көлемінде өтеледі. Табысты есептеу тэртібі денсаулыққа зиян келтіргендегідей. Қайтыс болған адам кірісінің қүрамына табыспен қатар, оның тірі кезінде алып келген зейнетақысы, өмірлік жәрдемақысы және басқа төлемдері қосылады. ҚР Жоғарғы Соты Пленумдарының Қаулылары мүндай зиянды өтеудің қырларын карастырмайды. Заңнаманың мағынасы бойынша, екі ата-анасынан айырылған балаларға зиянды өтеу көлемін анықтауда қаза болғандар табысының жалпы сомасын негіз етіп алу керек.

Жэбірленушінің өліміне байланысты зиян үшін жауапты адамдар жерлеу шығындарын көтерген адамға осындай шығындарды өтеуге міндетті. Бүл жерлеу жоралғысына міндетті түрде қосылатын шығындардың өтелуге тиіс екенін білдіреді. Егер қажеттіліктен өзгеше, элдебір қосымша шығындар жұмсалатын болса (мысалы, бағалы тастан, металдан ескерткіш жасап және т.с.с), олардың өтелуі міндетті емес. Бүл арада заңнамада азаматтың өлімімен келтірілген зиянның осы түрін өтеу туралы шарт жасасуға да тыйым салынбаған. Артық шығындардың барлығы тараптардың келісімі бойынша зиянның өтелетін мөлшеріне қосылуы мүмкін.

Есі дүрыс емес деп танылған жене осыған орай қылмыстык жауаптылықтан босатылған адамдардың азаматтық-құқықтық жауаптылығы туралы мэселені шешу қылмыспен келтірілген зиянды етеу проблемаларының бірі болып табылады.

Қылмыс жасаған, бірақ кейіннен жан күйзелісі ауруына шалдыққан және осыған орай есі дүрыс емес деп танылған адамдар өздері келтірген залал үшін жалпы негіздер бойынша жауап береді.

чо

ҚР АК-нің (ерекше бөлімінің) 928-бабы эрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың келтірген зияны үшін жауапкершілігі мэселелерін реттейді. Еңгер эрекетке қабілетсіз зиян келтірушінің келтірген зиянды өтеуге жеткілікті қаражаты болса, ал қамқоршы кайтыс болса немесе оның зиянды өтеуге жеткілікті қаражаты болмаса, онда зиянды өтеу толығымен немесе ішінара зиян келтірушінің өзіне жүктелуі мүмкін. Бүл арада басқа мән-жайлар да, атап айтқанда, зиян келтірушінің эрекетке қабілеттілігінің қалпына келуі де назарға алынады.

Біздің пікірімізше, жәбірленушілердің асырауындағы еңбекке қабілетсіз адамның муліктік мүдделерін міндетті түрде ескеру қажет.

Бүрынырақтағы сот практикасы бү_л мэселеге жеткілікті көңіл бөлмей келді. Осымен бір мезгілде, қоғамда азаматтар қүқықтарының, әсіресе олардың денсаулығы мен өмірін қылмыспен зиян келгірілетін жағдайларда қорғалуы жағдайын нашарлататын келеңсіз үрдістер байқалды, бүл жайт та ғылыми заң эдебиеттерінде атап көрсетілген.

Қазіргі уақытта "қылмыстық істер бойынша тағайындалатын сот-психиатриялық сараптамалардың мөлшері жыл сайын 6-дан 10 пайызға дейін өсуде; соңы 10 жыл ішінде олар барлығы 34,6 пайызға артта. Сот-психиатриялық сараптамалардың негізгі бөлігі (65,8 пайызы) ауыр қылмыстар бойынша емес, өзге санаттағы істер бойынша жүргізіледі. Жүргізілген талдау көрсеткеніндей, адамның психикалық саулығына күмән келтіру үғымы практикада негізсіз кеңейте түсіндірілген". Мэселен, К. деген азамат мас күйінде көшеде бүрын танымайтын А.-ны кезіктіріп, онымен себепсіз керісіп қалады. Шатақ кезіңде К.-ның қатты дауысын естіген таныстары С. мен Н. оларға келіп, тыныштандырмақ болады. К. С.-ның өмірлік маңызды мүшесі қүрсағына пышақ сүғып алады, ол есіне келместен өліп кетеді. Сот К.-ны есі кіресілі-шығасылы күйде қылық жасады деген қорытындымен қылмыстық жауаптылықтан босатады. Осынау мүдде мағынасыз кісі өлтірудің нэтижесінде қаза тапқан адамның асырауындағы жандар қасірет шегіп қалған болар (оған тек жақсы мінездеме берілген), бірақ сот ешқандай қорытынды жасамаған.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі "Медициналык сипаттағы мэжбүрлеу шараларын қолданудың сот практикасы туралы" Қаулысында соттың істі қарауы барысында мынадай қылмыстың белгілері бар қылықты жасаған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігі көрсетілген: "сот азаматтық талаптың қанағаттандыруға жататыны, кімнің пайдасына және қаншалықты мөлшерде қанағаттандырылуы тиіс екені, сондай-ақ егер азаматтық талап қойылмаған болса, мүліктік зиянның өтелетіні немесе өтелмейтіні туралы; азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікпен не істеу керектігі туралы мэселені де анықтауы тиіс...". Көріп отырғанымыздай, келтірілген қүжатта азаматтық талапқа кеңіл бөлінген, бірақ қарастырып отырған проблемамызға қатысты айтсақ, ҚР АК-нің 928 жэне 930-баптарының мазмүны, сондай-ақ қолданылу тәртібі де қосымша түсіндіруді талап етеді. Ал өз іс-әрекеттерінің мәнін түсінуге қабілетсіздігі қысқа мерзімдік сипат алатын жағдайларда

жауапкершілік туралы мәселені шешу үшін ҚР АК-нің 930-бабының қағидаларын қолдануға болады.

Жалпы ереже мынадай: өз іс-эрекеттерінің мэнін пайымдай алмайтын немесе оларды тежей алмайтын осындай күйде зиян келтірген әрекетке қабілетсіз, сондай-ақ 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Алайда, егер жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген болса, сот (жэбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып) зиянды өтеу міндетін толығымен немесе ішінара зиян келтірушіге жүктей алады. Бұл арада зиян келтіруші спирт ішімдіктерін, есірткі заттарды пайдалану арқылы немесе өзгеше эдіспен өзін осындай күйге келтіргендіктен, жауапкершіліктен босатылмайды.

Жан күйзелісімен ауыратындықтан немесе ақылы кемдіктен өз іс-әрекеттерінің мэнін пайымдай алмайтын адам зиян келтірсе, бүл келтірілген зиянды етеу кепілдіктерінің бірі болып табылады, мүнда сот зиянды өтеу міндетін зиян келтірушінің осындай күйі туралы білгенімен, оны эрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоймаған осы адаммен бірге түратын, оның еңбекке жарамды зайыбына, ата-аналарына, кәмелетке толмаған балаларына және оған қамқоршы мекемелерге жүктей алады.

Соттың қателігі нәтижесінде жэбірленушілердің қүқықтары қорғалмай қалуынан сақтану үшін азаматтық қүқықтың жоғарыда көрсетілген нормаларын мүмкіндігінше кеңірек қолдану керек.

Адамның өмірі мен денсаулығына қылмыспен келтірілген зиянды өтеу проблемаларына жүргізілген талдау негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:

— адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі сот практикасы өте төмен деңгейде түр, оның үстіне төмен түрған соттар Жоғарғы Соттың қылмыспен келтірілген зиянды анықтау жөнінде өз бастамаларымен шаралар қолдану жөніндегі үсыныстарын орындамайды. Бүл қүбылыс себептерінің бірі іс жүргізу заңнамасының бүл мэселені реттемейтіндігінде болып табылады. Сот органдарының қазіргі практикасы азаматтар қүқықтарының қорғалуына ықпал ететін едэуір қатаң реттеушілікті талап етеді;

— заңнамада салық патентінің негізінде жүзеге асырылатын (бүл тізбеге кәсіпкерлік қызметтің 54 түрі кіреді) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты анықтау тәртібі туралы нүсқаулар көрсетілмеген. Азаматтық заңнамада кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты анықтау жэне салық декларациясынан басқа, атап айтқанда, шарттардың мэтіндерімен, салық патенттерінің негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің орташа табыстылығы туралы қорытындылармен анықтау мүмкіндігі көзделуі тиіс;

— азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүзеге асыруға ықпал ететін, сотталғандардың табысынан ұстап қалуды көздейтін қылмыстық-атқару қүқығы нормасына өзгеріс енгізу қажет. Өзіндік мүліктік емес игіліктерді — жэбірленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың басым бағыттылығы осыны талап етеді;

— мемлекеттік жэне жеке меншік нысандардағы ұйымдардың қызметкерлеріне (оның ішінде бұрынғы қызметкерлеріне де) олар өздерінің қызмет бабындағы (еңбек) міндеттерін жүзеге асырмай тұрған кезде де зиян келтірілуі мүмкін екенін ескеру қажет, алайда оларға зиян келтіру осы үйымдардың қызметімен тығыз байланыста болуы мүмкін;

— қу-қық қорғау органдары мен жеке күзет фирмалары қызметкерлердің өзіндік сапаларына арнайы талаптар қоюға міндетті. Мүндай құрылым қызметкерлерінің құқық бұзушылыққа тікелей немесе жанама жол беретін салақтығы мен өзге де іс-әрекеттері, қылмыскерлердің қызмет (жүмыс) бабындағы өз мүмкіндіктерін пайдалану арқылы алуан ақпараттарды, қару-жарақтарды, қозғалыс қү_ралдарын, арнайы таным белгілерін жэне т.с.с. пайдалануы осы түхта бүған құқық қорғау органының немесе жеке күзет қүрылымының кінәсы болса, кінэлы заңды түлғаның да жауапкершілігін туғызуы тиіс [21.36].

Аталған шаралардың бәрі адамның өмірі мен денсаулығына қылмыспен келтірілген зиянды өтеу деңгейінің өте төмендігінен туып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет