6. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел валютасымен
операциялар жүргізу тәртібі
40. Айырбастау пункттері бағамдарды белгілеу туралы өкімнің негізінде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүргізеді.
Бағамдарды белгілеу туралы өкімде айырбастау пункті олармен жұмыс істейтін валюталардың барлық түрлеріне арналған сатып алу, сату бағамдары және өкімнің қолданыс мерзіміне нұсқау болады.
Бағамдарды белгілеу туралы өкімнің қолданылу кезеңі айырбастау пунктінің сағатпен және минутпен айқындалатын жұмыс күні уақытының кезеңі, айырбастау пунктінің жұмыс күні немесе айырбастау пунктінің бірнеше кейінгі жұмыс күндері ретінде көрсетіледі.
Бағамдарды белгілеу туралы бір өкімде жүргізілетін айырбастау операцияларының сомасына байланысты бір мезгілде әр түрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі.
41. Бағамдарды белгілеу туралы өкімді міндетті түрде нөмірін, датасын және шығару уақытын көрсете отырып, айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) басшысы немесе осындай өкілеттіктер берілген өзге тұлға шығарады.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) әр түрлі айырбастау пункттерінде әр түрлі бағамдарды белгілеуге рұқсат етіледі.
Бір жұмыс күні ішінде белгіленген бағамдардың бірнеше кейінгі қолданыс кезеңдерін көрсете отырып бағамдарды белгілеу туралы өкімді шығаруға рұқсат етіледі.
42. Бағамдарды белгілеу туралы өкім қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) төмендегілерді көздейтін компьютерлік жүйені пайдаланған жағдайда электрондық түрде (бұдан әрі – электрондық өкім) шығарылады:
айырбастау пункттеріне бағамдарды белгілеу туралы электрондық өкімді орталықтандыра жіберу;
электрондық өкімді шығарған тұлғаны сәйкестендіру және оның электрондық цифрлық қолын тексеру мүмкіндігі;
осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде электрондық өкімдерді сақтау.
Бағамдарды белгілеу туралы өкім қағаз нысанда айырбастау пункті қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) орналасқан жерде орналасқан жағдайда бір дана етіп шығарылады. Өзге жағдайларда бағамдарды белгілеу туралы өкімнің бір данасы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғада (оның филиалында) қалады және осындай өкім шығарылған әр айырбастау пунктіне өкімнің бір-бір данасы жіберіледі.
Өкімдердің көрсетілген даналары үш жыл бойы сақталады.
43. Айырбастау пунктінің жұмыс күні ішінде шетел валютасын сатып алу және сату бағамының өзгеруі бағамдарды белгілеу туралы қолданыстағы өкімдер немесе бағамдарды белгілеу туралы жаңа өкімді шығару негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте бағамдарды белгілеу туралы жаңа өкімнің қолданысы басталғаннан бастап алдыңғы өкімнің қолданысы жойылады.
Егер бағамдарды белгілеу туралы өкім айырбастау пункті айырбастау операцияларын жүргізетін валюталардың жекелеген түрлері бойынша сатып алу және сату бағамдарын өзгерту мақсатында шығарылса, онда бағамдарды белгілеу туралы шығарылатын өкімде сатып алу мен сатудың өзгертілген бағамдары бойынша, сол сияқты айырбастау пункті үшін сатып алу және сатудың басқа қолданыстағы бағамдары бойынша ақпарат болуға тиіс.
44. Валюталардың бағамдары клиенттерге арналған ақпараттық стендте айырбастау пункті сатып алу және сату операцияларын жүргізетін валюталардың барлық түрлері бойынша бағамдарды белгілеу туралы өкімнің бүкіл қолданылу кезеңі ішінде орналастырылады.
45. Айырбастау пунктіне айналыстағы ақша белгілерін қабылдау кезінде номиналы және эмиссия жылдары бойынша шектеулер қоюына, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде жеке тұлғаларға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартуға жол берілмейді.
Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол ұлттық немесе қолма-қол шетел валютасының болмауы себебінен айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған жағдайда, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талап етуі бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрін және сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.
46. Айырбастау пункті (оның ішінде автоматтандырылған) айырбастау операциясының жүргізілгенін Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес бақылау чегін бере отырып растайды.
47. Эмитенттің елінде заңды төлем құралы болып табылатын қолма-қол шетел валютасы Қағидаларда белгіленген тәртіпте комиссиялық сыйақы алынбастан, сатып алуға, сатуға, айырбастауға жатады.
Ұлттық Банк айырбастаудың ерекше тәртібін белгілейтін жағдайларды қоспағанда, бұрынғы жылдары шығарылған шетел валютасын кейінгі жылдардағыға айырбастау үшін комиссиялық сыйақы алынбайды.
48. Заңды төлем құралының негізгі белгілеріне банкнотта эмиссиялаған банк атауының, нөмірі мен сериясының, цифрлармен және жазумен номиналының, алдыңғы және сыртқы жақтарының негізгі суреттің (портреттер және тағы басқа), сондай-ақ қолдан жасаудан қорғау элементтерінің (сутамғы белгі, магниттік белгілер, ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетіндерді қоса алғанда, қағазға енгізілген түрлі-түсті талшықтар, конфетти, қорғаныш жіптері, микромәтін, люминестейтін суреттер және тағы басқалары) болуы жатады.
Валютаның эмитент елі шығарылған банкноттарға өзге не қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға, (оның филиалы) банкноттардың түпнұсқалығын және төлем жасауға қабілеттігін анықтау жөніндегі анықтамалық және ақпараттық материалдарды осы өнім түрін көбейтумен айналысатын тұлғалардан дербес сатып алады.
Сондай-ақ мынадай бүлінулері бар:
1) қырылған және ласталған;
2) желімделген жыртық бұрыштары немесе бөлігі бар (көлемі 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын) егер жыртылған бөліктері сөзсіз осы банкноттікі болса;
3) желімделген жыртықтары бар, егер олар банкнот енінің (ұзындығының) төрттен бір бөлігінен аспаса;
4) ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы бар (банкноттың өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабандардан басқа), егер олар банкноттардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі жасамаған және осы тармақта көрсетілген айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін едәуір дәрежеде (50 пайыздан астам) жаппаса;
5) диаметрі 0,5 миллиметрден аспайтын тесіктері бар банкноттар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады.
49. Егер банкноттар Қағидалардың 48-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе және (немесе) мынадай бүлінулері бар болса олар айналысқа жарамсыз болып танылады:
1) бөлшектеліп жыртылған және желімделген;
2) бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен;
3) жанған немесе күйдірілген;
4) тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірінің 50 пайыздан астамы) бояу, сия, май төгілген;
5) химиялық реактивтердің, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде қағаздың жалтырауына әкеп соғатын реактивтердің әсеріне ұшыраған;
6) қасақана сипаттағы едәуір бүлінген (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың суреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін);
7) баспадан кеткен анық ақауы бар банкнот (сутамғы белгілердің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе бұлыңғыр болуы);
8) геометриялық өлшемдердің азаюы жағына, сол сияқты ұлғаюы жағына 3 (үш) миллиметрден артық өзгеруі.
Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі жариялаған күнінен кейін айналыстан шығарылған банкноттар төлемге жарамайтын деп танылады.
50. Төлемге жарамайтын, сонда-ақ айналысқа жарамсыз банкноттарды сатып алуды және ауыстыруды тиісті шетел валюталарының эмитент банктерімен (шетел банктерімен) корреспонденттік қатынастары және (немесе) инкассалық операцияларды жүзеге асыру жөніндегі шарттық қатынастары бар уәкілетті банктер жүзеге асырады.
Уәкілетті банктер ауыстыру тәртібімен сатып алған және қабылдаған төлемге жарамайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноттарды клиенттерге сатуға болмайды және олар эмитент банктерге (шетел банктеріне) инкассоға жіберілуге немесе оларға қызмет көрсететін банктер арқылы инкассоға тапсырылуға тиіс.
Төлемге жарамайтын немесе айналысқа жарамсыз шетел валютасының банкноттарын инкассоға қабылдау Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті банктер клиенттерге комиссиялық сыйақының мөлшері (клиенттің барлық шығыстары кіретін) және эмитент банктердің көрсетілген банкноттарды айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі, сондай-ақ клиенттен инкассоның талаптарына жазбаша келісім алу туралы ескертеді. Эмитент банк (шетел банкі) жіберілген шетел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті банктер клиентке тиісті растайтын құжаттарды ұсынады.
Төлемге жарамайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноттарды айырбастағаны, сатып алғаны, инкассоға қабылдағаны үшін комиссиялық сыйақыны уәкілетті банктер дербес белгілейді, бірақ ол айырбастауға (сатып алуға, инкассоға қабылдауға) ұсынылатын банкноттардың номиналдық құнының он пайызынан аспауға тиіс.
51. Айырбастау пункттерінде жүргізілетін қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар Қағидалардың
11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған және сатылған
қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) көрсетіледі.
Тізілімдер журналы айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында және әрбір автоматтандырылған айырбастау пунктінде жеке жүргізіледі.
Қағаз нысанындағы тізілімдер журналында қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар әрбір операцияны жүргізу аяқталғаннан кейін көрсетіледі.
Электрондық түрдегі тізілімдер журналын компьютерлік жүйе шеңберінде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункті жүргізеді және ол мынадай талаптар ескеріле отырып қалыптастырылады:
1) тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуі күн сайынғы түзетілмейтін тіркеуді және жасалған айырбастау операциялар жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелді болмайтын сақталуын қамтамасыз етеді;
2) электрондық түрдегі тізілімдер журналының нысаны Қағидалардың
11-қосымшасында белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің журналында белгіленген барлық деректемелерді қамтиды;
3) бір күн ішінде жүргізілген барлық айырбастау операциялары туралы есептілікті қалыптастыру және беру Қағидалардың талаптары ескеріле отырып, күн сайын жүзеге асырылады.
52. Бір күн ішінде бағам өзгерген жағдайда тізілімдер журналында
қолма-қол шетел валютасын жаңа бағам бойынша сатып алу немесе сату операцияларын жүргізу басталғанға дейін сатып алынған және сатылған валютаның көлемдері бойынша аралық қорытынды жасалады. Айырбастау пунктінің жұмыс күні аяқталғаннан кейін бір күн ішінде жүргізілген операциялар бойынша тізілімдер журналында қорытындылар көрсетіледі және ақша қалдығы шығарылады. Қағаз нысанындағы тізілімдер журналында аралық қорытындылар және жұмыс күнінің аяқталуы бойынша қорытындылар кассирдің қолымен расталады.
Тізілімдер журналында тазартуға және өзге түзетулерге жол берілмейді. Қағаз нысанындағы тізілімдер журналында қате деректер сызылып тасталады және кассирдің қолымен расталған «№ __ жазба түзетілген» деген жазба жасалады, одан кейін дұрыс жазба жасалады.
53. Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша екі миллион теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында мыналар көрсетіледі:
клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса). Бұл ретте аты мен әкесінің атын әріппен көрсетуге жол берілмейді;
оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың түрі, құжаттың нөмірі, кім және қашан берді);
клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).
Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операцияның сомасы айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша екі миллион теңге баламасынан аспауға тиіс.
54. Қағаз нысанындағы тізілімдер журналы:
нөмірленеді, тігіледі және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) және Ұлттық Банк филиалының мөрімен бекітіледі;
кемінде отыз парақ болады, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының, бас бухгалтерінің, Ұлттық Банктің филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының қолымен расталады.
Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) қағаз нысанындағы тізілімдер журналын ресімдеу үшін айырбастау пункті орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды. Ұлттық Банктің филиалы тізілімдер журналының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресімдейді. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір айырбастау пункті үшін бір мезгілде бірнеше тізілімдер журналын ресімдеуге жол беріледі.
Аяқталған қағаз нысанындағы тізілімдер журналдары қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) олар аяқталған күнінен бастап үш жыл бойы сақталады.
55. Уәкілетті банктер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Қағидалардың
12-қосымшасында белгіленген нысан бойынша айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп береді.
Есеп уәкілетті банктің әр филиалы бойынша жеке қалыптастырылады және Ұлттық Банктің тиісті филиалына дербес ұсынылады.
56. Уәкілетті ұйымдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Қағидалардың
13-қосымшасына сәйкес шетел валютасының қозғалысы туралы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп береді.
Уәкілетті ұйымның әрбір филиалы есепті дербес қалыптастырады және өзі орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына ұсынады.
57. Бір шетел валютасын басқаға айырбастау тізілімдер журналында және Қағидаларда көзделген есептілік нысандарын жасаған кезде екі операция түрінде көрсетіледі:
айырбастау пунктінің бір шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валютаның түрін сатып алу бағамы бойынша теңгемен сатып алуы
айырбастау пунктінің басқа шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валютаның түрін сату бағамы бойынша теңгемен сатуы.
58. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға шет мемлекеттерінің (мемлекеттер тобының) монеталарын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізу жөніндегі шешімді дербес қабылдайды.
8. Ауыспалы ережелер
59. Қағидалар қолданысқа енгізілген күнінен бастап уәкілетті ұйымға бұрын шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензия Рұқсаттар туралы заңы 33-бабының 6-тармағында көзделген негіздеме бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі лицензияға қайта ресімделуі тиіс. Лицензияға тиісті қосымшаларды беру Қағидалар қолданысқа енгізілген күні Ұлттық Банктің филиалында бар құжаттардың негізінде айырбастау пунктін тіркеу куәлігі бар айырбастау пунктері үшін жүзеге асырылады.
Уәкілетті ұйым Қағидалар қолданысқа енгізілген күнінен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия берілген жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Егер Қағидалар қолданысқа енгізілген күні уәкілетті ұйымының айырбастау пункті болмаса, онда бұрын шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензия қайта ресімделуге жатпайды және Қағидалар қолданысқа енгізілген күнінен бастап күшін жояды.
60. Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін айырбастау пункттерін тіркеген уәкілетті банктер (олардың филиалдары) айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы хабарлама жіберген болып саналады.
Бұл ретте Ұлттық Банктің филиалдары уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігін Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде береді.
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы
мәліметтер
______________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
1. Жеке тұлғалар:
Р/с№
|
Тегі, аты және, бар болса, әкесінің аты
|
Туылған күні
|
Жеке басын куәландыра-тын құжаттың
деректері
деректері
|
ЖСН* (рези-денттер үшін)
|
Тұратын жері
|
Жарғылық капиталдағы үлесі
|
%-бен
|
сома-сы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Заңды тұлғалар:
РР/с№
|
Заңды тұлғаның атауы
|
Ұйымдық
құқықтық
нысаны
|
БСН** (рези-денттер үшін)
|
Орналасқан жері
|
Жарғылық капиталдағы үлесі
|
%-бен
|
сома-сы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
|
Осы арқылы уәкілетті ұйым құрылтайшыларының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетіні расталады.
-
Басшы
|
__________________
|
Мөр орны
|
|
(қолы)
|
|
* Жеке сәйкестендіру нөмірі
** Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензияны және оның қосымшаларын алуға арналған
өтініш
_______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, БСН, орналасқан жері)
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия және мына мекенжайда орналасқан айырбастау пунктін ашу үшін лицензияның қосымшасын беруді сұраймын:
_______________________________________________________________
(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, сондай-ақ қабат, сектор, блок және басқалар (бар болса))
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
…
Электрондық почта ____________________________________________
Телефондар ___________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Теңгедегі банк шоты ____________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы)
Осы арқылы мыналар расталады:
көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияның қосымшасын беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпараттың бағыттары үшін ресми байланыстары болып табылады;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салған;
қоса берілген барлық құжат/мәліметтер заңды/жарамды болып табылады.
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
________________ __________________________ _____________
(лауазымы) (тегі және инициалдары) (қолы)
20__ жылғы «__» ___________ Мөр орны
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» ___________ № _____
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға арналған
лицензия
Лицензиат: _____________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркелген жері, БСН)
Лицензиар: _______ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің __________ филиалы уәкілетті ұйымға валюталық бақылау агентінің функциясын жүктейді.
Осы лицензия шектелмеген мерзімге бір данамен беріледі және басқа тұлғаларға берілмейді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі аумақтық филиалының
басшысы ________________________________ _____________
(қағаз нысандағы лицензияларға арналған қол) (тегі және инициалдары)
Мөр орны
(қағаз нысандағы лицензиялар үшін)
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» ___________ № _____
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға арналған
лицензияға
20___ жылғы «___» ___________ № _____ қосымша
Лицензиат: ____________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркелген жері, БСН)
Лицензиаттың филиалы*:_________________________________________
(филиалдың атауы, филиал орналасқан жер, БСН)
Айырбастау пунктінің орналасқан жері: ____________________________
____________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, көше, үй, қабат, сектор, блок)
Лицензиар: _______ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы
Осы лицензия қосымшасы осы айырбастау пунктінің жұмыс істеуі үшін негіз болып табылады.
Осы айырбастау пунктінің қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ______________ филиалы бақылайды.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі аумақтық филиалының
басшысы ________________________________ _____________
(қағаз нысандағы лицензияларға арналған қол) (тегі және инициалдары)
Мөр орны
(қағаз нысандағы лицензиялар үшін)
* лицензиат орналасқан жердің аймағынан тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)
________________________________________
(басшының тегі және инициалдары)
Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолданыстағы
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияға қосымша алуға арналған
өтініш
Лицензиат:
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркелген жері, БСН)
Лицензиаттың филиалы*: _________________________________________
(филиалдың атауы, филиал орналасқан жер, БСН)
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның нөмірі және күні: _________________________________________________________
Мына мекенжайда орналасқан айырбастау пунктіне қолданыстағы
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияға қосымша беруді сұраймын **:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
……….
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
________________ __________________________ _____________
(лауазымы) (тегі және инициалдары) (қолы)
20__ жылғы «__» ___________
Мөр орны
* лицензиат орналасқан жердің аймағынан тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі
** айырбастау пункті көп функциялы мақсаттағы үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда орталықтарында) орналастырылған жағдайда айырбастау пункті орналастырылған жерді (мысалы, қабат, сектор, блок) нақтылайтын деректерді көрсете отырып айырбастау пункті орналастырылатын мекенжай
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)
________________________________________
(басшының тегі және инициалдары)
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның қосымшасын
қайта ресімдеуге арналған өтініш
Лицензиат:
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркелген жері, БСН)
Лицензиаттың филиалы*: ________________________________________________
(филиалдың атауы, филиал орналасқан жер, БСН)
Мына мекенжайда орналасқан айырбастау пунктіне _______ жылғы № _______ лицензияны және (немесе) _______ жылғы № _______ лицензияның _______ жылғы № _______ қосымшасын қайта ресімдеуді сұраймын **:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қайта ресімдеу негіздемесі: __________________________________
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
……….
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
________________ __________________________ _____________
(лауазымы) (тегі және инициалдары) (қолы)
20__ «__» ___________
Мөр орны
* лицензиат орналасқан жердің аймағынан тыс орналасқан айырбастау пунктіне арналған лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу туралы өтініш берген кезде көрсетіледі
** айырбастау пункті көп функциялы мақсаттағы үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда орталықтарында) орналастырылған жағдайда айырбастау пункті орналастырылған жерді (мысалы, қабат, сектор, блок) нақтылайтын деректерді көрсете отырып айырбастау пункті орналастырылатын мекенжай
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
__________ қаласы ______ күні
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға
арналған лицензиядан және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның қосымшасынан
айыру/қолданылуын тоқтата тұру туралы
(қабылданған шешімге байланысты көрсетіледі)
ШЕШІМ
_______________________________________________________________,
(талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің нормаларын көрсету керек)
көзделген талаптарды бұзғаны үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ________ филиалы ШЕШТІ:
1. «__________» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) берілген, _______ жылғы № ______ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан/лицензиясының (бұдан әрі – Лицензия) және (немесе) _______ жылғы № ______ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның қосымшасынан/лицензия қосымшасының (бұдан әрі – Лицензияның қосымшасы) _________________ мерзімге айырылсын/қолданылуы тоқтатыла тұрсын (қабылданған шешімге байланысты көрсетіледі).
Көрсетілген мерзім осы шешімнің көшірмесін ЖШС алған күннен бастап есептеледі.*
2. ________________ бөлімі (бөлім басшысының тегі және инициалдары) осы шешімнің көшірмесін орындау үшін ЖШС-қа жіберсін (тапсырсын).
3. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
аумақтық филиалының
басшысы ____________ _____________
(қолы) (тегі және инициалдары)
Мөр орны
* лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда көрсетіледі
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан
________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)
20___ жылғы «___» ______ №____
Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны
немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы/ашылуы туралы ____
Айырбастау пунктінің қызметін тоқтату туралы/жабу туралы____
Деректерді өзгерту туралы ____
2. Уәкілетті банктің/уәкілетті банк филиалының атауы ____________________________________________________________________
3. Уәкілетті банктің/уәкілетті банк филиалының орналасқан жері ____________________________________________________________________
4. Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге арналған лицензияның нөмірі мен күні
____________________________________________________________________
5. Уәкілетті банктің/уәкілетті банк филиалының БСН _________________
6. Айырбастау пунктінің түрі _____________________________________
(автоматтандырылған/автоматтандырылмаған)
7. Айырбастау пунктінің орналасқан жері ____________________________________________________________________
8. Уәкілетті банктің айырбастау пунктіндегі операциялық кассалардың саны ________________
9. Уәкілетті банктің айырбастау пункті куәлігінің нөмірі мен күні ________________________________
10. Уәкілетті банк/уәкілетті банктің филиалы осы хабарлама арқылы __________________ мекенжайында орналасқан айырбастау пункті Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.
Хабарлаушының уәкілетті тұлғасы:
________________ __________________________ _____________
(қызметі) (тегі және инициалдары) (қолы)
20__ жылғы «__» ___________
Мөр орны
(қағаз нысанындағы хабарламалар үшін)
8-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
Уәкілетті банктің айырбастау пункті ашылған кезде 9-тармақты қоспағанда 8-қосымшаның барлық тармақтарын толтыра отырып, айырбастау пунктінің қызметінің басталуы туралы хабарлама жіберіледі.
Уәкілетті банктің айырбастау пункті жабылған кезде 8-қосымшаның
1-9 тармақтарын толтыра отырып уәкілетті банктің қызметін тоқтату туралы хабарлама жіберіледі.
Айырбастау пункті қызметінің басталуы туралы бұрын берілген хабарламада міндетті түрде толтыру үшін көрсетілген мәліметтер немесе деректер өзгерген кезде, 9-тармақты, сондай-ақ ақпараты өзгерген тармақтарды міндетті түрде толтыра отырып деректердің өзгергені туралы хабарлама жіберіледі.
7-тармақта айырбастау пункті көпфнукционалды мақсаттағы үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде теміржол вокзалдарында, әуежайларында, іскерлік және сауда орталықтарында) орналастырылған жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан жерін нақтылайтын деректерді (мысалы, қабаты, секторы, блогы) көрсетіле отырып айырбастау пунктінің үйі орналасатын мекенжай көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Уәкілетті банктің айырбастау пунктінің куәлігі
№ _____ ___ жылғы «____» ________
_______________________________________________________________
(уәкілетті банктің/уәкілетті банктің филиалының атауы)
Достарыңызбен бөлісу: |