Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп астана қаласы 2010 жыл Мазмұны


Құрметпен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров



бет11/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#133852
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.24.04.
Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

міндетін атқарушы

Д.Р. Құсдәулетовке
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына ү.ж. 17 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ ЕС – 164/ 3 Мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың ата аналарынан 18 сотталушы дене мүшелеріне зақым келтіргені туралы хабарлап, жағдайдың мән жайын анықтау үшін көмек көрсетуді сұрайды.

Осыған байланысты ү.ж. 21 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезектен тыс отырысы жиналды (бұдан әрі Жұмыс тобы).

Отырыс барысында ӘМ ҚАЖК төрағасының , Бас прокуратура өкілдерінің , құқық қорғау ұйымдарының , сондай ақ оқиға орнында болған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерінің ақпараттары тыңдалды.

Жұмыс тобының отырысында оқиғаға себеп болған мән жайларды бағалау әртүрлі болса да пенитенциарлық салада осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде жүйелі және тиімді жұмыстың болмауы атап көрсетілді.

Отырыстың қорытындылары бойынша Жұмыс тобы мыналарды ҰСЫНАДЫ:


  1. ӘМ ҚАЖК :

ЕС – 164/ 3 Мекемесінде төтенше жағдайдың себептерін талдау мақсатында көшпелі отырыс өткізсін және осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде кешенді шаралар қабылдасын.

Сотталушылардың туыстары үшін колониядағы тәртіп пен сотталушыларды ұстау ережелері туралы түсіндіру брошюраларын әзірлесін.



  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ колония қызметкерлерінің, олардың білімдерінің сотталушылармен қарым қатынас жасаудың халықаралық нормалары мен ұлттық стандарттарға сәйкестігіне кезектен тыс аттестаттау жргізуді қоса, кәсіптік даярлық пен құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде шара қолдансын.

ЕС – 164/ 3 Мекемесінің әкім мүшесіне зақым келтірілген белгілері бар сотталушыларды куәландыру жөнінде дереу шара қолдансын:

Оқиғаға байланысты зардап шеккен сотталушылардың денсаулық жағдайларына ерекше назар аударсын:

Сотталушылардың туыстарын сотталушылардың денсаулық жағдайы туралы және төтенше жағдай кезінде колониядағы ахуал туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдірсін:

Қоғамдық қадағалау комиссиясының мүшелеріне колония аумағына кедергісіз кіруді қамтамасыз ету жөнінде шара қолдансын.



  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық қадағалау комиссиясы колония әкімшілігімен өзара әрекеттесу жүйесін жетілдіру жөнінде шара қолдансын, сондай ақ колония қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқан адамдар арасындасотталушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың нормаларын түсіндіру жөнінде жұмысты ұйымдастырсын.



Жұмыс тобының жетекшісі А. Шәкіров

2009.24.04.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

Бірінші орынбасары

Ө.Е. Шөкеевке
ҮНДЕУ
Құрметті Өмірзақ Естайұлы!
Жылжымалы мүлік нарығындағы мәселелерді шешу Үкімет, Ұлттыө банк және Қаржылық қадағалау агенттігі Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөнінде бірлескен іс шаралардың 2009-2010 жылдарға арналған жоспарының (бұдан әрі Жоспар) мақсатына қол жеткізу үшін маңызды бағыттардың бірі деп белгілеген.

Аталған жоспарды іске асыру кезінде азаматтардың баспанаға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін белгілі бір құқықтық және ұйымдастыру техникалық мәселелер туындады. Маған келіп түскен шағымдардың талдауы көрсеткендей, мыналар негізгілері болып табылады:

Екінші деңгейдегі банктердің басқа несиелеуші үйымдардан алынған ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудан бас тартуы, олар бұны Үкімет қарыздарды қайта қаржыландыру үшін белгіленген он банктің қарыз алушылары болып табылмайтынымен негіздейді;

Банктердің қарыз алушылардың 3-4 жыл бұрын алған ипотекалық несиелерін қайтар қаржыландыруға жататындар тізімінен алып тастау үрдісінің өсуі;

Банктердің ай сайынғы төлемдер мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта қаржыландырудан бас тартуы;мемлекеттік уәкілетті органның қайта қаржыландыру үшін банктерге ұсынатын құжаттар тізімінің бекітілмеуі, бұл осы процеске қатысуға ниет білдірген қарыз алушылар үшін қосымша кедергі тудырады.

Жоғарыда аталғандармен бірге көбінесе банктер мен несие алушылар арасында жасалған келісімдердің шарттарымен байланысты басқа да мәселелер туындар отыр:

Несие төлеуді кейінге қалдыру мерзімі өткеннен кейін кейбір бнктер

Ай айынғы төлем сомаларын өсіретіні, шағымданушылар онымен мүлдем келіспейді;

Банктердің несие алушыларға құқықтық салдаларға әкеп соққан жағдайлардан шығу жолдарын іздеуден бас тартуы (ысалы Казкомбанк жесір қалған әйелге қайтқан зайыбының несие алу туралы шартын өз атына қайта ресімдеуден бас тартқан);

несие алушылардың тәуекелдерін сақтандырған сақтандыру компаниялардың сақтандыру жағдайлары туындаған кезде өздерінің міндеттерін орындау жөніндегі төрешілдік кедергілері.

Жоғарыда аталған Жоспарды одан әрі іске асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу, азаматтардың баспанаға конституциялық құқығын іс ке асыруын қолдауға бағытталған банктік шаралардың жеделдігін, тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, құрметті Өмірзақ Естайұлы, Сізден тиісті мемлекеттік органдарға мынадай ұсыныстардың тиімділігін зерттеуді тапсыруды сұрар едім.:


  1. Несие алушылардың арыздарын жеке, азаматтардың қаржылық экономикалық және әлеуметтік жағдайын ескере отырып қарау.

  2. Қоғамның әлеуметтік қауқарсыз мүшелерін – жас отбасылар, жалғаз аналар, асырауында еңбекке жарамсых адамдар – мүгедектер және қарттар бар отбасыларына қатысты жеңілдіктер, кейінге қалдыру ұсынуды немесе басқа да шараларды қабылдау;

  3. Банктерге ұсынатын құжаттардың нақты тізімін бекіту.

  4. Сақтандыру компаниялардың несие беруші банктермен қосылуымен байланысты мәселені шешу.

  5. Дағдарысқа қарсы шараларды жедел іске асыру, ипотекалық несиеге байланысты банктік мәселелерді шешу қажеттігі туралы Мемлекет Басшысы үстіміздегі жылғы сәуірде өткен Астана қаласының даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткен.

Қарауды сұраймын.

Құрметпен,

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.27.04.
Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

Ж.А. Досқалиевқа
ҰСЫНЫС
Құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы!

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес Алматы қаласында 2008 жылы вирустық 635 адам вирустық гепатитке шалдыққан, сондай ақ вирустық гепатиттің дифференциалдық емес түріне шалдыққан адамдардың саны екі есе өсуі байқалады. Үкіметтің 2000 жылғы 30 наурыздағы №468 қаулысына, сондай ақ Тегін медициналық қызметтің кепілді көлемінің 2008- 2009 жылдарға арналған тізіміне сәйкес айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп келтіретін ауруларды тексеру тегін жүзеге асырылуы тиіс.

Ал, Алматы қаласында вирустық гепатитке шалдыққан ауруларға гепатит вирусын анықтау үшін тегін иммунологиялық және генетикалық тексеру жөніндегі қызмет көрсетуден бас тартылып отыр.

Аталған жағдай ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, біздегі деректер бойынша бұл тек Алматыда ғана, себебі Қазақстанның басқа қалаларында вирустық гепатитпен ауратындар диагностика мен емдеу жөнінде қажетті қызметтермен тегін қамтамасыз етілген.

Осыған байланысты, менің атыма Алматы қаласының тұрғыны вирустық гепатитпен ауыратын С.А. Бирюков хат жолдаған., ол тегін тексеруе өту мен емделуге көмектесуді сұрайды, себебі қалалық денсаулық сақтау органдары ақылы қызмет көрсететін қалалық денсаулық мекемелерінде тексерілуді ұсынады. Бұдан бұрын шағымданушы тек қалалық денсаулық сақтау басқармасына ғана емес, Денсаулық сақтау министрлігіне де шағымданғанын атап өткен жөн.

Денсаулық сақтау министрлігі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және Бирюковтың өзінің сұратуларына берген жауаптарында Аматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының жоғарыда аталған әрекеттері заңсыз деп келіскен болатын.

Медициналық қызмет көрсету саласында бақылау жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің ақпараты бойынша С гепатитімен ауыратындардың басқа да күрделі мәселесі оларды дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады. Дәрі дәрмек тек стационарлық ауруларға тегін беріледі, ал ан шыққаннан кейін вирусқа қарсы емдеумен қамтамасыз етілмейді, себебі дәрілер қымбат.

Осылайша, Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша дәрілер мен арнайы емдік тамақ тегін және жеңілдікпен берілетін ауру түрлері мен халықтың жеке санаттарының тізімінде вирустық гепатит пен оны емдеуге арналған дәрі дәрмектер көзделмеген.

Бұл ретте гепатит Айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп келтіретін аурулардың тізіміне кіреді, сондықтан онымен ауыратындар емдеу кезінде мемлекеттен қолдау табуға құқылы.

Осылайша Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы осыны біле тұра, бұл ретте Денсаулық сақтау министрінің жоғарыда аталған бұйрығына негізді түрде сүйене отырып, гепатитпен ауыратындарға денсаулығын сақтау құқығын іске асыруға көмектесуден бас тартып отыр. Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 12-бабына сәйкес Қазақстан әр адамның денсаулықтың барынша қол жетімді деңгейіне құқығын мойындаған. Осы құқықты толық жүзеге асыру үшін қолданылуы тиіс шаралар аурулардың алдын алуды, емдеуді және онымен күрес жүргізуді қамтамасыз етуді, сондай ақ ауырған жағдайда қажетті медициналық көмек пен медициналық күтімге кепілдік беретін жағдай жасауды қамтиды.

Осы ереже Мемлекет басшысының «Еуропаға жол» бағдарламасында бекітілген, ол еліміздің халқын еуропа стандарттарына сай сапалы медициналық көмек қызметтерімен қамтамасыз ету, соның ішінде арасына гепатит көрсетілген аурулардың диагностикасы мен емдеу және алдын алу сапасын жақсарту аса маңызды бағыты болып белгіленген.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы, Сізден Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығын сақтау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарын жоғарыда аталған мәселелерді шешу арқылы қажетті шаралар қабылдауды тапсыруды сұраймын.

Қосымша: С.А. Бирюковтың хатының көшірмесі 3 бетте;

Денсаулық сақтау министрлігінің және Медициналық қызмет көрсету саласында бақылау жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің хаттарының көшірмелері 4 бетте


Құрметпен,

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.14.05

Қазақстан Республикасының

Премьер –Министрі

К.Қ.Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

2009 жылдың екінші жартыжылдығында БҰҰ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің 43-ші сессиясында Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің аясында Қазақстан Республикасының қабылдаған міндеттемелерін орындау туралы алғашқы баяндамасы қаралады.

Осыған байланысты, үстіміздегі жылы Қазақстанға БҰҰдың жеткілікті тұрғын үй мәселесі бойынша арнайы баяндаушысы Ракель Рольниктің сапармен келеді деп күтілуі белгілі түрде өзекті мәселеге айналып отыр.

Бірқатар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар осы іс-шараға алдын ала дайындықты бастаған. Атап айтқанда, БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша өкілі Д. Шалев 2008 жылғы қарашада Қазақстанда болып, ҮЕҰ өкілдерімен тақырыптық кездесу өткізді.

Қазіргі уақытта АҚЖКБ Қазақстанда мәжбүрлеп үйден шығару мәселесін кешенді түрде зерттеу жобасын іске асыруда. АҚЖКБ осы мәселе бойынша ү.ж. наурызда Бішкек қаласында халықаралық семинар өткізді, онда тұрғын үй мәселелері бойынша ұлттық кеңесшілердің, солардың ішінде Қазақстаннан екі тәуелсіз кеңесші құрастырған шолуларының тұсаукесері өтті. Соңғылардың шолуларында билік органдарының қазақстандықтардың тұрғын үй құқықтарын бұзуы фактілері басым орын алған.

Жоғарыда мазмұндалғанның мағынасында, осы іс шараға байланысты мәселелерді қарастыру мақсатында Р. Рольниктің сапарына дайындық үшін жауапты үйлестіруші органды белгілеу қажет деп санаймыз, ұсынылып отырғанның орындылығы Қазақстанға ү.ж. 5-13 мамырда БҰҰ азаптаулар мәселелері бойынша арнайы баяндаушысының осындай сапары тәжірибесімен расталады.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес БҰҰ құрылымдарына Қазақстанда адам құқықтарын қорғау және қолдау мәселелерінің жағдайы туралы конвенциялық халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарынан түсетін ақпаратты 2010 жылғы ақпанда Қазақстанның жалпы мерзімдік шолу аясындағы ұлттық есебін қорғауы кезінде пайдаланатын болады.

Мазмұндалғанды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға және аймақтардың басшыларына БҰҰ арнайы баяндаушысының аталған сапарына дайындық жөнінде уақытылы тиісті шаралар қабылдауы туралы тиісті тапсырма беру орынды болар деп ойлаймыз.

Қарауды сұраймын.
Құрметпен,

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.21.05.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Қ.Ә. Мәмиге
Құрметті Қайрат Әбдразақұлы!
Қазіргі уақытта Қазақстанда арнайы мемлекеттік төлемақы алатын 40 484 ақталған азаматтар бар, олардың 70% жаппай саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер.

«Жаппай саяси құғын сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 22-тармағына сәйкес ақталған азаматтар ақшалай өтемақы алуға да құқылы.

Сонымен бірге, Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері заңнамаға сәйкес саяси құғын сүргіннен зардап шеккен болып танылған ақталғандарға өтемақы тлеуен бас тартады. Осылай, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа осындай сипатта В.А. Папстан әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының бұзылуы туралы шағым келіп түсті.

Заңның 1-тармағы ақталған деп адамды саяси қуғын сүргін құрбаны немесе саяси қуғын сүргіннен зардап шеккен деп тануды білдіреді.

Заңның 22- бабы қуғын сүргінге шалдыққандар санынан не құрбандарды, не зардап шеккендерді бөлмейтіндей мазмұндалған, ал Заңның 26-бабына келсек, 18-19-баптардың қолданысы осы Заң күшіне енгенге дейін ақталған саяси қуғын сүргін құрбандарына таралады.

Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтік қорғау органдары аталған Заңның 26-бабын басшылыққа ала отырып, өтемақыға тек жаппай саяси қуғын сүргін құрбандары болып танылған адамдар ғана құқылы деп санайды.

Осы жаңдай ақталған азаматтар олар саяси қуғын сүргін құрбандары емес, зардап шеккендер болып табылғандықтан өтемақыға құқылы емес деп қорытынды жасауға мүмкіндік бермейтіні анық.

Осылайша, арнайы мемлекеттік төлемақы алғанына қарамастан, саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер Заң олардың өтемақыға құқығын бекітеді, оны мемлекеттік органдар мойындамайды деп санайды.

«Прокуратура органдары туралы» Заңға сәйкес прокуратура Республика аумағында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай және нақты қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болып табылады және кезкелген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шара қолданады, Конституцияға және Республика заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да нормативтік актілерге наразылық білдіреді.

Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып, Сізден , құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер болып танылған азаматтар санаты құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шара қолдану орындылығы мәселесін қарауды тапсыруды, не Заңның 22- бабын еркін түсінуге жол бермеу мақсатында аталған бапқа қажетті түзетулерге бастама жасауды сұраймын.

Қосымша: 1. В.А. Папстың хаты 1 бетте;

2. Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті хатының көшірмесі 1 бетте.



Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.14.07.

Алматы қаласының әкімі

А.С. Есімовке
ҰСЫНЫС
Құрметті Ахметжан Смағұлұлы!
Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласының дамуына байланысты халықты баспанамен, инженерлік коммуникациялармен, жолдармен, сумен, жылумен, электр қуатымен, газбен, экологиямен және тұру қауіпсіздігімен қамтамасыз ету өзекті мәселелерге айналып отырғаны баршаға мәлім.

Оңтүстік астананың маңындағы шағын аудандар , солардың ішінде өзіндік пайда болған ауылдар, оның күрделі мәселеге айналып отырған нүктелерінің бірі болып табылады. 15 жылда қала айналасында қажетті әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары жоқ тұрғын үй алабы қалыптасты. Кейбір қала маңындағы кенттерде бұл мәселелер ішінара шешілген, сонда да бұл осы туындап отырған мәселелерді шешу үшін жүйелі іс шаралардың нәтижесі болып табылмайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ күрделі мәселе тудырып отырған қала маңындағы шағын аудандардың бірі 1990 жылы Алматы қаласының шекарасына кірген «Алтын бесік» шағын ауданы. Бірақ ол бұл күндердің өзінде шалғайда қалған ауылға ұқсайды.

Аталған шағын ауданда жол, көше жарығы, газ, ыстық су және кәріз су құбырлары жоқ. Суық су үнемі тоқтап қалады, электр желілерінде қуат жетіспейді. Шағын аудан құрамына 200 үй кірсе де, онда не мектеп не бала бақша жоқ.

Қарапайым коммуналдық қызметтердің болмауы туралы мәселелер Мемлекет басшысы алдында ү.ж. 13 қарашада өткізген «Халықпен тікелей байланыс» аясында қойылған.

Жуырда, маған Казречка көшесінде орналасқан 14 үйің тұрғындары атынан азаматша А.М. Шукебаева хат жолдаған.

Хатқа сүйенсек, Жарбұлақ өзеннің үстінен өтетін Шығыс айналыс жол жүйесіне кіретін көпір құрылысы төтенше жағдайға әкеп соғу қаупін төндіреді, оның нәтижесінде тұрғындардың өміріне, денсаулығына , олардың үйлеріне залал келтіру қауіпі бар, себебі үйлердің көпшілігі ескі.

Электрондық БАҚта орналастырылған осындай мазмұндағы хаттарға келсек, (Қазақстан Республикасы Премьер министрінің блогында 2009 жылғы 27 маусымдағы № 14005 сұрақ ) қалыптасқан ахуал Казречка көшесі тұрғындарының лайықты өмір сүру құқын бұзады. Шағымданушылар мен олардың отбасылары басынан кешіп отырған қиындықтар жер қабатының күн сайын құлап жатқанымен, жолдың, мектеп пен № 5 ауруханаға баратын жолдың жоқтығымен күрделене түседі.

Алматы қаласының әкімі аппараты басшысының қарауына енгізілгені туралы жауап келген (қоса беріледі).

Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқашев бұл мәселенің шешілуі Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық департамент арқылы қаралып жатыр деп хабарлады (қоса беріледі).

Аталған органдардың ақпараттары бойынша мүдделі қалалық қызметтер өкілдерінен тұратын комиссия екі рет ү.ж. 26 мамыр және 12 тамызда Казречка көшесіндегі үйлердің техникалық жағдайын көздерімен көріп қайтты, олар бір ауыздан Көктебе тау бөктерінің құлауы ықтималдығы мен көшкін болу мүмкіндігінен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп бар деген қорытынды шығарды. Соңғы қарау нәтижесі бойынша Алматы әкімдігіне, аталған үйлер автожолдар құрылысын салу аймағынан тыс болғандықтан мемлекеттің мұқтажы үшін сатып алуға жатпайтынына қарамастан, 16 үй иесінен үйлерді сатып алу үшін қаржы қарастыру туралы ұсыныс берілді (Алматы қаласы әкімінің 2009 ж. 14 мамырдағы № 4/322 қаулысы).

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің 2007 ж. 22 қаңтардағы № 1/111 қаулысына сәйкес бұл үйлер мен жер телімдері алғашқыда Шығыс айналма жолын салуға байланысты мемлекет қажеттігіне сатып алынуға жататын, бірақ кейін жобалау сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты алып тасталған.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес жергілікті өкілді және атқару органдары тиісті аумақта табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың алдын алуға және жоюға жауапты. Алдын ала кешенді іс шаралар жүргізу төтенше жағдайдың пайда болу тәуекелін төмендетеді, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға, залалдың және материалдық шығын мөлшерін кемітуге мүмкіндік береді.

Бұрын Казречка көшесі тұрғындарының мәселелеріне үстірт қарау мерзімсіз аштық жариялау мен басқа да жаппай акцияларға әкеп соққан.

Қазақстанның Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 11- тармағына сәйкес міндеттемелеріне сүйеніп мемлекет «әркімнің өзіне және оның отбасына деген, баспананы қоса алғанда, лайықты өмір сүру деңгейіне құқығын» мойындайды. Бұл жағдайда «Алтын бесік» шағын ауданы және Казречка көшесі тұрғындарының аталған құқығы іске асырылмайды.

Жоғарыда мазмұндалғанға, сондай ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес, құрметті Ахметжан Смағұлұлы Сізден жоғарыда аталған тұрғындардың мәселелерін шешу үшін қажетті шара қолдануды және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ықпал етуді тапсыруды сұраймын.


Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.13.11.
Қазақстан Республикасы

Премьер –Министрі

Кеңсесінің Басшысы

Ғ.Р. Әбдірахымовқа
ҰСЫНЫС
Құрметті Ғабидолла Рахматуллаұлы!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 16-тармағына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз құзыры шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен хаттар негізінде, сондай ақ, егер бұл бұзушылықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса өз бастамасы бойынша да тексереді.

Осылайша, соңғы кездерде, бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің оқу мекемелерінде хиджаб кию мәселесі бойынша үлкен дикуссия болып жатыр.

Қазақстандықтарды алаңдатып отырған бұл тақырып ү.ж. 13 қарашада «Халықпен тікелей арнада» Мемлекет басшысына ең көп қойылған сұрақтар қатарына енді.

Одан басқа, менің атымаосы мәселе бойынша , атап айтқанда адвокат Апахаевадан Н.Нұрбекова КК,Әмірқұлова Б.К., Г. Жаманова мүддесіне хиджаб киюге тыйым салынуы туралы шағым түсті.

Оның мазмұнына келсек, К.К. Нұрбекованың Жамбыл облысы Мерке ауданында орналасқан Трубицин атындағы №17 мектепке бару мүмкіндігі жоқ, себебі осы мектептің директоры бұл баланың ата анасынан хиджаб киюге аудандық білім бөлімінің рұқсатын ұсынуды талап етеді. Аудандық инстанцияға жазған хаты осы киім бұйымын киюге тыйым салумен аяқталды.

Хатта Тараз қаласының орта мектептерінде орын алып отырған тағы да осындай бірнеше мысалдар келтіріледі.

Хаттың басқа бөлігі Ақтау қаласының мектеп мұғалімдері мен қаланың жоғары оқу орындарындағы студенттерінің хиджаб кию мәселесіне қатысты.

Ақтау қаласының №12 мектеп мұғалімі Г. Жаманованың хатына келсек, оны мектеп директоры кемсітіп қорлық көрсетеді, ол аталған себеп бойынша мұғалімді осы себеп бойынша жұмыстан кетуге мәжбүрлейді.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) және ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиісті сұрату жіберілген.

Біздің сұратуымызға Комитет төрағасы А. Досжанның жауабына сүйенсек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес әркім өзінің сенім бостандығына құқылы. Аталған құқықты іске асыру мемлекет алдында жалпы адами және азаматтық құқықтарға байланысты немесе оларды шектеуге тиіс емес. Одан басқа, оның пікірінше, не ҚР «Білім туралы» заңында, не өзге де нормативтік құқықтық ктілерде орамал мен хиджаб киюге тыйым салатын нормалар жоқ. Ал бұндай киім бұйымын мұғалімдердің киюіне қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әркімнің өзінің еңбек саласындағы құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.

Ешкім өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде дінге қатысты қандай да бір кемсітушілікке тап болмауы тиіс.

Орта білім департаментінің директоры Н.Аршабековтың мазмұндауында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы , «Діни наным және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңының 5-бабына сәйкес республикамызда мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зиялы сипатта. «Білім туралы» ҚР Заңының 43-бабына және 47-бабының 14-тармағына сәйкес білім ұйымы оқу және тәрбие процестерін дербес жүзеге асыруға құқылы, оқушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім мен тәрбие алуға , ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

Осыған байланысты дінді білімнен бөлу және орта мектептерде бірыңғай мектеп формасының болуы діни сенім бостандығына құқықтарды бұзу болып табылмайды, себебі форма оқушы қандай да бір дінді тұтуына қарамастан оқушылар үшін міндетті болып табылады.

Осылайша, қазіргі уақытта қоғамда осындай пікірталас тудырған мәселе бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың ұстанымдары сәйкес келмейтін жағдай қалыптасып отыр.

Қазақстан әлемде хиджаб кию мәселесі күрделі болып отырған жалғыз зиялы ел емес екені анық.

Мысалы, 2008 жылы Турция Конституциясына елдің жоғары оқу орындарында хиджаб киюге тыйым салудың күшін жоятын түзетулер енгізілген.

Сонымен қатар, бельгияда билік шешімімен келесі оқу жылы мектептерге хиджаб пен келуге тыйым салынатын болады, тек оларға доктриналдық және философиялық оқу орындары жатпайды.

Еуропа елдері арасында 2004 жылы Франция хиджаб киюге толық тыйым салған, оның нәтижесінде елде баршаға белгілі кең ауқымды тәртіпсіздік орын алған.

Осындай тийым салу заңдары Германияның 8 федералды аймақтарында қолданылады.

Мектептерде діни киім киюге, сондай ақ Өзбекстан мен Қырғызстанда тыйым салынған.

Қазақстан этникааралық және конфессияаралық келісімнің өнегесі болып табылады, оның негізінде ұлттық және діни шыдамдық пен толеранттық жатыр. 2003 жылдан бастап елімізде әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының құрылтайы өтуде, 2011 жылы республика Ислам конференциясы ұйымын басқаратын болады. Сонымен бірге 2010 жылы Қазақстан ЕЫҚҰ төрағалық етеді, осыған байланысты қаралып отырған мәселені ойланып шешкен қажет.

Бұл мәселе уақытылы шара қолданбаған жағдайда күрделі әлеуметтік сипатқа ие болуы, қоғамда белгілі бір қарсылық тудыруы мүмкін, бұл болмауы тиіс.

Мазмұндалғанды ескере отырып, және өзара қолайлы ұстанымды әзірлеу мақсатында құрметті Ғабидолла Рахматоллаұлы, Сізден осы қалыптасқан жағдайды шешу жөнінде ведомствоаралық деңгейде қажетті шара қолдануды сұраймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет