Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы


-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы



бет8/20
Дата09.09.2024
өлшемі141 Kb.
#503513
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
bala kugygy turaly

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегiн реттеудiң басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленедi.
4. Баланы оның денсаулығына қауiп төндiруi немесе бiлiм алуына кедергi келтiруi не оның денсаулығына және дене бiтiмi, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтiк жағынан дамуына нұқсан келтiруi мүмкiн кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
Әрбiр баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар.
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектiң мөлшерi және оны көрсетудiң шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.
3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбiр балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бiрдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет